Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Совет Мақпал Жасұланқызы
Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Алматы 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Хаттама № __ « » 2019 ж.
Кафедра меңгерушісі,
ф. ғ. д., проф. Ермекова Т. Н.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы : Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасы
5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»мамандығы бойынша
Орындаған 4-курс студенті Совет М. Ж.
Ғылыми жетекші Қанабекова М. Қ.
Алматы 2019
РЕФЕРАТ
Жұмыс көлемі - 63 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер саны - 44.
Қосымша - 4
Тірек сөздер: тіл, таным, тілдік тұлға, ұлттық тұлға, концепт, прагматика, дискурс, мәтін, адресант/адресат, когнитивтік лигвистика, ұлттық тіл, мәдениет, этномәдени атау, ғаламның тілдік бейнесі, стиль, концептуалдану, лингвокогнитивтік деңгей, вербалды-семантикалық деңгей, прагматикалық деңгей, ұлттық құндылық, когнитивтік талдау, семантикалық өріс, сөздік портрет, т. т.
Мақсаты: жазушы Б. Соқпақбаевтың тілдік тұлғасын тіл біліміндегі жаңа бағыттарымен сабақтастықта алып қарастыру, оның зерттелу аспектілерін айқындау; жазушы тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейін анықтау, мәтін жүйесіндегі концептілердің танымдық мәнін ашып көрсету.
Міндеттері:
- қазіргі тіл білімі ғылымындағы «тілдік тұлғаны» зерттеуге бағытталған теориялық, әдістемелік тұжырымдарды сараптау, зерделеу;
- жазушы тілдік тұлғасын вербалды-семантикалық аспектіде анықтау;
- жазушы тілдік тұлғасын лингвокогнитивтік аспектіде сипаттау;
- Б. Соқпақбаев шығармалары негізінде жазушы көзқарасын, прагматикалық ұстанымын анықтау;
- жазушының тілдік тұлғасын сипаттайтын концептілердің танымдық мәнін ашып көрсету.
Қолданылған әдістер: саралау, сипаттау, лексика-семантикалық талдау, когнитивтік-концептуалдық талдау әдістері қолданылды.
Нәтиже: қазіргі тіл біліміндегі «тілдік тұлға» теориясына қатысты еңбектердің зерттелу аспектілері сипатталып, Б. Соқпақбаев дискурсы «тілдік тұлға» теориясы аясында жаңа бағыттармен сабақтастықта алғаш рет зерттеуге алынды; жазушы шығармашылығы вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік деңгейде қарастырылып, тілдік тұлғасын айқындайтын концептілердің танымдық мәні ашып көрсетілді.
Практикалық қолданысы: зерттеу нәтижелерін жеке тілдік тұлға шығармашылығының тілін талдауға бағытталған арнайы курстар мен семинарларда, практикалық сабақтарда пайдалануға болады. Практикалық тұрғыдан жазушының тілдік тұлғасын зерттеу оның туындыларының мәтінін тереңірек түсінуге көмектесіп, диплом материалдарын сөздік құрастыру барысында пайдалануға болады.
МAЗМҰНЫ
КIPICПЕ . . . 5
1 Б. Соқпақбаев шығармашылығын тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастықта зерттеу . . . 8
1. 1 Қaзipгi тіл біліміндегі тiлдiк тұлғa теориясының зерттелуі . . . 8
1. 2 Б. Соқпақбаев тілдік тұлғacының веpбaлды-cемaнтикaлық сипаты . . . 11
2 Б. СОҚПАҚБАЕВ ТIЛДIК ТҰЛҒACЫН ДЕҢГЕЙЛІК ҚҰРЫЛЫМДА СИПАТТАУ . . . 24
2. 1 Б. Соқпақбаев тілдік тұлғасының когнитивтік деңгейі . . . 24
2. 2 Б. Соқпақбаев тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі . . . 31
ҚOPЫТЫНДЫ . . . 57
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕP ТIЗIМI . . . 59
ҚОСЫМША . . . 61
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының сипаттамасы . Соңғы уақыттарға дейін көркем шығарма тілі лингвостилистика аясында қарастырылып, біршама зерттеліп келді. Лингвостилистика шеңберінде көркем шығармаға, оны жасаушы автор тіліне, автордың шеберлігіне стилистикалық талдау жасалса, жаңа бағыт аясында көркем шығарма тіліне танымдық тұрғыдан талдау жасалады. Кез келген халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, танымы, білімі, ойы, психологиясы, талғамы, наным-сенімі, болмыс-бітімі, тарихы барлығы да көркем шығармада бейнеленіп, тіл арқылы сақталып, ұлттық құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратыны осы бағыттағы зерттеулерде анықталып отыр. Зерттеушілер тіл біліміне «тілдік тұлға» категориясының енгізілуі жалпы «тұлға» ұғымының жаңа мазмұнмен толығуына мүмкіндік жасап, тілді зерттеудің құрылымдық-функционалдық аспектісі аясынан шығып, адамның санасы, ойы мен рухани қызметімен тығыз байланысты антропологиялық тіл біліміне айналуына негіз жасалғандығын, соның әсерімен тіл ғылымында тілді тұтынушы адамға, шығармашылық тұлғаға деген қызығушылық артып, қазіргі таңда жаңаша зерттеулердің өзегіне айналғандығын атап өтеді. Демек, «көркем шығарма тілі» мәселесін тіл білімінің жаңа бағыттары аясында зерттеудің мәні өте зор.
Жұмыстың өзектілігі . Жазушы тілін «тілдік тұлға» теориясы тұрғысынан зерттеу мәселесінің өзектілік сипаты айқындала түсуде. Зерттеушілер мәтін түзушіні (авторды) «тілдік тұлға» ретінде қарастыруда. Кез келген қаламгердің дүние шындығын қабылдауы, әлем туралы түсінігі тілдік тұлғасы арқылы көрінеді. Бұл жұмыста балалар әдебиетінің классигі Б. Соқпақбаев дискурсы «тілдік тұлға» теориясы аясында жаңа бағыттармен сабақтастықта алғаш рет зерттеуге алынды. Жазушы шығармаларына когнитологиялық тұрғыдан талдау жасап, көркем мәтіндегі балалар әлемінің тілдік бейнесіндегі лингвоконцептілік бірліктерді айқындау ұлттық таным мен ұлттық мәдениет мәселелерін кеңінен қарастыруға әрі қаламгердің тілдік тұлғасын тануға мүмкіндік жасайды. Бұл - жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді.
Б. Соқпақбаевтың тілдік тұлғасын және жазушы шығармаларының көркемдік мәтінін концептілік жүйеде талдау қаламгер образының әлем жөніндегі біртұтас тұжырымын, білімін, өмірлік тәжірибесін анықтайды. Б. Соқпақбаев туындыларында қолданылған авторлық ерекшеліктер - қаламгердің даралық сипатының қолтаңбасы ғана емес, тілдік тұлғасына тән ой-танымының, көркемдік әлемінің көрінісі. Жазушы шығармаларындағы балалар танымын сипаттайтын тірек мағыналарды концептуалдық үлгіде анықтауға болады.
Бұл диплом жұмысында жазушы әлеміне үңіле отырып, қаламгердің тілдік тұлғасын тануға ұмтылдық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты : Б. Соқпақбаев шығармашылығын «тілдік тұлға» теориясы аясында зерделеу. Жазушы тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейін, автордың прагматикалық ұстанымын анықтау болып табылады.
Зерттеу мақсатына мына міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады:
- Б. Соқпақбаевтың тілдік тұлғасының деңгейлік ұйымдасуын вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейде айқындау;
- жазушы тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейінде өзіндік сөз қолданыстары, эпитет, теңеу, метафора мен метонимия, синонимдер мен қайталаулардың стильдік ерекшелігін, семантикалық өрісін ашып көрсету;
- концептуалды метафораның тілдік тұлғаның жеке әлемінің бейнесін айқындаудағы когнитивтік сипатына талдау жасау;
- тілдік тұлға дискурсында қолданылу жиілігі жоғары бірліктерді концептуалды деңгейде жүйелеп, когнитивтік мәнін сипаттау;
- тілдік тұлға қолданысындағы сөз-символдардың мәні мен мағынасын ашып көрсету;
- фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің лингвокогнитивтік деңгейін айқындау;
- жазушы тілінің прагматикалық мақсат-уәжін анықтау.
Жұмыстың нысаны. Б. Соқпақбаев шығармашылығындағы тілдік бірліктердің лингвокогнитивтік, прагматикалық деңгейі.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Жұмыстың ғылыми негізі ретінде шетел ғалымдары В. фон Гумбольдт, Ю. Н. Караулов, еңбектерімен бірге, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұмалиев, М. Балақаев, Е. Жанпейісов, Ш. Сарыбаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Н. Уәли, Ж. Манкеева, Х. Нұрмұқанов, Г. Мұратова, А. Ислам, Қ. Жаманбаева, Э. Оразалиева, Ш. Ниятова, Ф. Қожахметова, Г. Имашева, Ж. Ермекова, Ж. Саткенова, т. б. зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды.
Жұмыстың нәтижесі:
- жазушы Б. Соқпақбаев тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейлерден тұратын біртұтас құрылымдық жүйесі қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа зерттеу бағыттарының ғылыми тұжырымдарына негізделді;
- жазушы шығармалары тілі когнитивтік лингвистика аясында қарастырылып, қаламгердің тілдік тұлғасы лингвокогнитивтік деңгейде талдауға түсті;
- тілдік тұлғаның поэтикалық ойлау жүйесі мен өзіндік тілдік әлемін айшықтайтын көріктеу құралдарының қызметі мен концептуалды метафораның когнитивтік сипатына талдау жасалынды;
- жазушы тілдік тұлғасын сипаттайтын концептілердің танымдық мәні ашып көрсетілді;
- тілдік тұлға қолданысындағы сөз-символдардың мән-мағынасы анықталды;
- фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің лингвокогнитивтік деңгейі айқындалды.
- жазушы туындыларындағы тілдік бірліктердің прагматикалық сипаты арқылы да жазушының тілдік тұлғасы көрсетілді, осыған орай ауыспалы мәнге ие болған сөздердің уәждік деңгейі анықталып, бірнеше топқа бөліп қарастырылды.
Диплом жұмысының құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
1 Жазушы Б. Соқпақбаев шығармашылығын тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастықта зерттеу
- Тіл біліміндегі «тілдік тұлға» теориясының зерттелуі
Қазіргі таңда қазақ тіл білімі жаңа бағыттардың (когнитологиялық, антропоөзектік, психолингвистикалық, т. б. ) дүниеге келуіне байланысты әр түрлі аспектіде, концептуалдық жүйеде зерттеліне бастады. Көркем шығарма тілінің шұрайын тіл мен таным бірлігінде зерттеу лингвокогнитологиялық бағыттың мүддесімен сабақтасып, өзекті мәселелер ретінде бой көтеріп келеді. Осыған орай бүгінде ұлттық мүдденің сипатын бейнелейтін көркем шығармалардың тілін «тіл мен таным сабақтастығы» негізінде біртұтас жүйеде қарастырудың маңызы өте зор. Зерттеушілер ұсынған көркем шығармадағы тұтастық «мәтін түзуші - мәтін - қабылдаушы» тұтастығы арқылы жүзеге асады, «әлемнің тілдік бейнесі» осы тұтастық негізінде бейнеленеді. Осыған байланысты таным мен тіл сабақтастық түзеді, сол арқылы көркем шығарманың «көркемдік әлемі» мен «көркем тілі» қалыптасады.
Зерттеушілер мәтін түзуші авторды «тілдік тұлға» ретінде қарастырып келеді. Кез келген қаламгердің дүние шындығын қабылдауы, әлем туралы түсінігі тілдік тұлғасы арқылы көрінеді. «Тіл біліміне «тілдік тұлға» категориясының енгізілуі жалпы «тұлға» ұғымының жаңа мазмұнмен толығуына мүмкіндік жасап, тілді зерттеудің құрылымдық-функционалдық аспектісі аясынан шығып, адамның санасы, ойы мен рухани қызметімен тығыз байланыстағы антропологиялық тіл біліміне айналуына негіз жасалды. Соның әсерімен тіл ғылымында тілді тұтынушы адамға, шығармашылық тұлғаға деген қызығушылық күшейіп, қазіргі таңда жаңаша зерттеулердің өзегіне айналған» [1, 9 б. ] .
Зерттеушілердің көрсетуінше, тілдік тұлға мәселесінің көркем шығарма аясында қарастырылуы В. В. Виноградов есімімен тікелей байланысты. В. В. Виноградовтың пікірінше, тілдік тұлға - «автор образы». Сонымен қатар қазіргі тіл білімінде «тілдік тұлға» мәселесі әртүрлі аспектілерде қарастырылып, түрліше бағытта талданып келеді. Көркем шығармадағы тілдік тұлға мазмұнын тұтас бір құрылымға жинақтап, үш деңгейлік түрін Ю. Н. Караулов айқындаған. Ю. Н. Караулов концепциясының жалпыға ортақ теориялық ұстанымдары бойынша тілдік тұлға - «мәтіндерді өзі жасауға және түсінуге қабілетті адам». Оның пікірінше, «тілді жасаушы, ұстанушы, пайдаланушы адамға назар аудармай, тілдің шегарасынан аспай, тілдің өзін тану мүмкін емес» [2, 245 б. ] екендігі айтылған. Академик Ю. Н. Караулов «Русский язык и языковая личность» еңбегінде тілдік тұлға теориясына қатысты тілді зерттеуге байланысты ғылыми тәсілдерді жинақтап, В. В. Виноградов, Г. И. Богин сынды зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған «тілдік тұлға» ұғымын толықтырады, мазмұнын кеңейтеді.
Көркем әдебиет тілін зерттей отырып, ғалым тілдік тұлға мәселесін жан-жақты тануға ерекше назар аударады. Өйткені «тілдік тұлға - тілде (мәтіндерде) және тіл арқылы көрініс тапқан тұлға. Оның негізгі белгілері тілдік құралдар негізінде реконструкцияланады». Әрбір мәтіннің ар жағында тұлға, яғни оның авторы тұрады.
Ал тілдік тұлғаның мазмұнын дүниетанымдық компонент, яғни құндылықтар жүйесі тұрғысынан зерттеуші В. А. Маслова: «мәдени компонент: ұлттық мәдениетті меңгеру дәрежесі және жеке адамның өзіндік дара тұлғасы ретіндегі компонентті құрайды» - дейді [3, 55 б. ] . Бірқатар шетел зерттеушілері тілдік тұлғаны - «ғаламның тілдік көрінісі» негізінде анықтаса, енді бірі тілдік тұлғаға «суреткердің әлем үлгісі» деген анықтама береді [4, 190 б. ] .
Қазақ зерттеушілерінен Қ. Жаманбаева «тілдік тұлғаны» «дара тұлға» концепциясы тұрғысынан қарастырса [5, 11 б. ], Қ. Жұмалиев «ақын - ақынның өз образы» [6, 66 б. ] деп есептейді. А. Ислам «ұлттық тұлға» деп атауды ұсынады. Себебі, «тілдік тұлға» деген ұғымның табиғаты жеке тұлғаның ұлттық мәдени сипаттамаларымен ұштасатындығына назар аударады [7, 75-76 бб. ] .
Ал Ф. Қожахметова: «әрбір ақынның тілдік тұлға ретіндегі табиғаты, ақындық құдіреті оның суреткерлік болмысына сай тілдік өрнектермен айшықталуында» деп көрсетеді. Көркем шығарманың лексикалық, грамматикалық, тілдік бірліктерінің бір арнаға тоғысуы үшін белгілі бір ортақ стилистикалық жүйеге келтіруші категорияның болуы қажет. Кез келген қаламгер өз туындыларында тілдік тұлға ретінде тілдің байлығын, бейнелі сөздің мәйегін пайдаланып, тілімізді жаңа сөз өрнектері арқылы байытып, көркейтіп отырады. Бұның барлығы автордың бейнесі арқылы сипатталады, яғни «көркем шығарманың коммуникативтік-прагматикалық компоненті ретінде оқырман мен автордың жеке сана-сезімінің арасындағы маңызды коммуникативтік байланысты қолдайды» [8, 134-135 бб. ] .
Соңғы кездері тілдік тұлғаны түсіндіруге бірнеше бағытта келу үрдісі қалыптасқандығын байқауға болады:
1) тілдік тұлға болып табылатын жеке адам қалыптасуының негізгі жүйелерін анықтау (тегі, өмір сүрген ортасы, әдеби және тілдік, ұлттық-мәдени ықпал және т. б. ) ;
2) жеке адамның тілдік тұлғалық болмысын құрайтын жеке қасиеттерін танытатын ерекшеліктерді көрсету, яғни оны өз бетінше білім алу, өзін-өзі жетілдіру, тәрбиелеу, өз тілдік тәжірибесін ұрпақтарына мұра етіп қалдыруда жеке жауапкершілігін сезіну, білім дағдыларын игеру, шеберлік дағдыларын меңгеру, игерген білімдері мен тәжірибесін болмысты өзгерту үшін қолдану, т. б. қасиеттерден тұратын күрделі, көпсатылы зерттеу нысаны ретінде оның тілінің ассоциативтік-вербалдық, лингвокогнитивтік, прагматикалық деңгейлерін сипаттаудан тұратын деңгейлік талдау арқылы қарастыру қажет екені айқындалды [1, 9 б. ] .
Жеке тұлғаның ұлттық болмысын ашудың маңыздылығы туралы ғалым Ж. А. Манкееваның пікірлеріне жүгінсек: «аталған деңгейлердің дамуының белгілі бір тілдік тұлғада көрініс табуы әртүрлі дәрежеде өрістеп, түрлі сипатта көрінеді. Оның шығармашылық танымдық мазмұны дүниетанымдық, мәдени құндылықтар жүйесінен тұрады. Сондықтан тілдік тұлғаны алдымен ұлттық тілдік тұлға ретінде түсінеміз. Себебі тілдік тұлға табиғаты тұлғаның ұлттық мәдени сатысымен тікелей байланысты» [9, 256-264 б. ], - деген пікірін басшылықа ала отырып, жазушы Б. Соқпақбаев тілдік тұлғасын ұлттық тілдік тұлға ретінде қарастыруға толық негіз бар деп түсінеміз.
Диплом жұмысымызда «тілдік тұлға» мәселесі Б. Соқпақбаевтың шығармасындағы басты кейіпкерлер бейнесі арқылы сипатталады. Себебі жазушы шығармаларындағы Қожа, Беркен, Еркін сияқты басты кейіпкерлер жазушының өз образын сомдайтын бейнелер. Бұл жөнінде қаламгердің өзі былай деген еді: «Бір сөзбен айтам, сол өзін жазатын жазушы - менмін. «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсаңқырайды. Жасымда қой аузынан шөп алмас момын едім деп, сірә, айта алмасам керек» десе, «Өлгендер қайтып келмейді» романындағы бас кейіпкер Еркін жайында «Еркін образының тоқсан пайызы өзім» [10, 264 б. ] .
Әлемнің тілдік бейнесін, сондай-ақ қоршаған ортаның көркем бейнесін суреттеу жазушының жеке сөздік қоры, көркемдік-эстетикалық танымы, «мені» негізінде жүзеге асады. Осы арқылы қаламгердің шеберлігі танылады. Бұл құбылыстың көрінісін жазушы тілдік тәсілдерді пайдалану арқылы ғана өзгеге жеткізеді. Жазушының жеке сөздік қоры, көркемдік-эстетикалық танымы негізінде жүзеге асады. Осы арқылы қаламгердің шеберлік қырларын байқауға болады.
Қазақ әдебиетіне жиырмасыншы ғасырдың 50-60 жылдары өз биігімен, өзіндік белесімен келген жазушы қазақ балалар әдебиетіне қалам тартты. Балалар прозасында аты әлемге әйгілі жазушы шығармашылық қадамын ең алдымен поэзиядан бастағаны белгілі. Осыған орай қаламгердің балаларға арнап жазған бірнеше өлеңдері жинақталып, «Бұлақ» атты өлеңдер кітабында басылып шықты. Дегенмен, жазушы өз талантын проза әлемінде айқын танытып, шыңдай түсті. Қазақ әдебиетіне алғаш жасаған қадамынан-ақ жазушы өз оқырмандарын бірден баурап алды. Осы кезеңде жарық көрген «Өзім туралы» повесі, кейіннен «Менің атым Қожа» (1957) болып өзгерген шығармасы кішкентай қазақ оқырмандарының жүрегінен жол таба білді. Бұл шығарма тек қазақ балаларының ғана көңілінен шыққан жоқ, бұл повеске әлем балалары қызығушылық танытты. Оған бұл повестің орыс, украин, француз, литван, латыш, өзбек тілдеріне аударылып жарық көруі дәлел бола алады. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы сол кітап бойынша жазылған кино-сценарийді экранға шығарды. Ол фильм француздың 1967 жылы Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар Мәскеуде қаламгер шығармаларының «Менің атым Қожа» повесінің (1958-1960), «Аяжан» повесінің (1965), «Өлгендер қайтып келмейді» романының (1969) орыс тілдеріне аударылып, қайта-қайта данасының көбейіп басылуы жазушының қазақ әдебиетіне үлкен серпіліспен келгендігін көрсетеді.
Қаламгер шығармашылығы жайында ғалым Р. Нұрғалиев: «Қазақ прозасының соңғы жиырма жылдағы көркемдік деңгейінің өскендігін, реалистік қуатының күшейгендігін, бір сөзбен профессионалдық мәдениетінің артуын айтқан кезде тиянақ болар дәлелдің бірі - белгілі қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың творчествосы. Бұл қаламгердің алдымен өмір шындығын пір тұтуы, көрген, сезген, бойына етене объектіні ғана туындысына арқау етуі, адам характерлерін даралап алуы, әсіресе бала, бозбала психологиясын жетік білуі, көркемдік құралдарды пайдаланудағы өзіне ғана тән ықшамдылық, жинақылықты ықтияттайтын шеберлігі оның шығармаларын басқа ұлт оқырмандарына да қымбат етіп отыр» [11], - деуі жазушы шығармашылығына берілген әділ баға деп түсінеміз.
Біздің пайымдауымызша, тыңдаушысына дискурстық әлеуеті зор, дүниетаным көкжиегі кең, рухани-мәдени өресі биік , өзінің «көркемдік әлемін» қалыптастыруда шеберлік үлгісін таныта алған «тіл тұтынушысын» ғана тілдік тұлға дәрежесінде қабылдауға болады. Осы тұрғыдан жазушы Б. Соқпақбаев та ұлт тарихында орны бар тұлға, қазақ көркем әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қарымды қаламгер.
- Б. Соқпақбаев тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
Ю. Н. Караулов ұсынған тілдік тұлғаны танудың үш деңгейлік үлгісі бүгінгі қазақ тіл білімінде де басшылыққа алынып келеді. Көркем шығармадағы автордың «менін» тануға бағыттайтын бұл деңгей «вербалды-семантикалық деңгей (нөлдік деңгей, аялық білім көрінісі, «когнитивті (тезаурусты) деңгей» және «прагматикалық (уәждік) деңгей» деп аталады. Диплом жұмысымызда автор шығармаларының, жоғарыда айтып өткеніміздей, тілдік тұлғасы туындылардағы баяншы кейіпкерлер атынан танылатындықтан, кейіпкер тіліндегі деңгейлік үлгіні талдауды жөн көрдік.
Тілдік тұлғаны танудың алғашқы деңгейі «вербалды-семантикалық деңгей» деп аталады. Бұл - оқырманның көркем туындыны оқу барысында автор қолданған образдардың, бейнелі сөздердің, тілдік тәсілдердің, көріктеу амалдардың мағынасын түсініп отыруы. Тағы да бір ескере кететін жайт, біздің зерттеуімізге негіз болып отырған тілдік тұлғаның бейнесін сипаттайтын балалар болғандықтан, «нөлдік деңгейдің» негізін қалайтын образдар, бейнелі сөздер, тілдік тәсілдер, көріктеу амалдарының барлығы да балалар танымына, қабылдауына лайықты таңдалып алынған.
Б. Соқпақбаев шығармаларындағы көркемдеу амалдарына сөз қолданудың бейнелілігі, дәлдігі тән. Жазушының тіліндегі бала түсінігімен алынған табиғи көркемдеу амалдары өз ерекшеліктерімен де оқырман назарын аударады.
Көркем шығармада аталған ойлау әрекеттері троптар мен көркемдік айшықтаулар арқылы жүзеге асады. Яғни метафора, метонимия, эпитет, теңеу, айшықтау, т. б. когнитивтік білім әрекетін қалыптастырады. Себебі бұлардың құрамында бейне, таңба, символ, белгі негіздері жатады. Ал белгілі бір зат не құбылысқа когнитивтік ой қалыптастырып, жан-жақты сипаттама беру үшін оның белгілері мен қасиеттері, бейнеленетін таңбасы мен символы көмекке келеді. Аталған заттар мен құбылыстардың белгілері, қасиеттерінің ауыспалы мәндегі сөздермен келуі, яғни троптардың сөз астарындағы мағынасы оқырманға аялық білім негізінде түсінікті болып отырады.
Көркемдеу амалдарынан Б. Соқпақбаев шығармаларында көбірек кездесетіні, біздің байқауымызша, теңеу, эпитет, кейіптеу, метонимия, метафора, синекдоха , т. б. Бұлар балалар танымындағы «әлемнің тілдік бейнесінің» сипатталуын көздейді.
Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы көркем шығарманың мазмұнын нәрлендіріп, пішінін көркейтетін көркемдеу құралдарының бірі - теңеу . Мұнда жазушы заттың не құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеп, сол арқылы бала танымының терең қабаттарынан мәлімет береді, әрі көркем туындының эстетикалық әсерін күшейтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz