ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Бердібекова Айнұр Бердібекқызы

Қазақ тілі сабақтарында етістіктерді меңгертудің тиімді әдістері
(7-сынып)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық: 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Алматы, 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Қазақ тіл білімі теориясы мен әдістемесі
кафедрасының
меңгерушісі, профессор
Т.Н.Ермекова __________
__ _________2019 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында етістікті оқытудың тиімді әдістері
(7-сынып)

Мамандық: 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

Орындаған: Бердібекова А.Б.

Ғылыми жетекші
п.ғ.д., профессор Сүлейменова Ж.Н.

Алматы, 2019

Реферат
Жұмыстың көлемі: 77 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 40.
Тірек сөздер: етістік, етістік категориялары, орыс тілінде оқитын мектеп, әдістер, білім беру мазмұнын жаңғырту, қазақ тілі
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты - 7-сынып оқушыларының білімін етістікті оқыту арқылы арттыру, етістіктің тілде қолданылуын меңгерту.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
oo Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына шолу жасау;
oo Қазақ тіліндегі етістіктерді зерттеудің тарихын зерделеу;
oo етістік сөз табының теориялық зерттелуін қарастыру;
oo етістіктің категорияларын оқыту;
oo жаттығулар жүйесін жасау;
oo сөздік жұмысын жүргізу болып т табылады.
Қолданылған зерттеу әдістері: жинау, түсіндіру, статистикалық талдау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, саралау қорытындылау, тұжырым жасау, тәжірибе жасау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні: Етістікті оқыту жүйесін анықтау дидактикада, оқыту әдістемесінде теориялық (теория) және тәжірибелік зерттеулер үшін маңызды. Теориялық жағынан зерттеу қазақ тілін оқыту әдістемесі теориясын жетілдіруге үлес қосады. Жұмыстың практикалық материалдарын жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту, қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары теориясын оқытуда пайдалануға болады. Тәжірибе көрсеткендей, тіл үйрету сабақтарында үйірмелерде де пайдалануда тиімділігі бар.
Нәтиже: Қазақ тілі сабағында етістіктерді дұрыс та тиімді меңгерту оқушылардың білімінің сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді. Етістікті меңгерту жүйесі орта мектепте қазақ тілінен білім мазмұнын игерудің негізгі құралы болып табылады. Себебі етістіктің функционалдық қызметі күрделі және оны игеру сөйлеудің негізі болып табылады.
Білім сапасы оқушының өмірге, қоғамға бейімділігін қалыптастырады, олардың функционалдық сауаттылығын арттырады. Қазақ тілі сабағында 7-сынып оқушыларының білімін қазақ тіліндегі етістіктерді меңгерту арқылы арттыру әдістемесінің маңыздылығы сөйлеуді меңгеруге негіз болатындығында.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1 ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына қысқаша шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
0.2 . Қазақ тілі етістіктерінің жалпы сипаты және етістіктің қазақ тілінде
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3. Етістікті оқытудың дидактикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..17

2 ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1.Қазақ тілінен етістіктерді меңгерту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Етістік категорияларын оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2. Етістік бойынша жүргізілетін сөздік жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...67

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Тіл мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл - елдің барлық аумағында және түрлі өмір салаларында қолданылуы баршаға міндетті болып табылатын, ресми жағдайы мемлекеттік дәрежеде белгіленген, белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті [1]. Еліміздегі барлық азаматы Қазақстан жерінің тарихын, мәдениетін, мемлекеттік тілді білуі керек. Болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіштерінің бірі мемлекеттік тілді толық меңгеру.
Қазақ тiлi - дамыған‚ сөз байлығы аса мол‚ қазақ халқының ұлттық тiлi‚ Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк тiлi.
Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының негізгі мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық халықтың тілдерін сақтай отырып, ұлт мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік салаларда жан-жақты қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың қажеттілігіне айналдыру. Құжатта Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін айқындайды делінген [2].
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да қазақ тілінің дамуына ерекше мән берілген. Осы бағдарламада Қазіргі уақытта Қазақстанда
мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлінуде. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда, республика өңірлеріндегі жоғары оқу орындары жанынан қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту енгізілді деп, атқарылған істердің ауқымы мол екенін көрсеткен [3].
Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілін оқытудың ғылыми негіздері оқыту заңдылықтары мен қағидаттарына, тиімді әдіс-тәсілдері мен, оқытуды жаңаша ұйымдастыруға байланысты.
1987 жылы Республикада қазақ тілін оқытуды дамыту туралы үкімет
Қаулысынан соң, 1990 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан кейін қазақ тілін оқыту мәселелесі көтеріле бастады.
Етістік - мағынасы мен құрылысы жағынан, өзінің күрделілігімен қазақ тілінде өте жиі әрі көп зерттелген сөз табының бірі. Етістікті сөз табы ретінде А.Байтұрсынұлы алғаш анықтап, грамматикалық категорияларын белгілеп көрсетіп берді. Етістік сөз табы осы ғалымнан бастап бүгінгі күнге дейін бірнеше ғалымның зерттеуінен өтті. Түркітанушы ғалымдармен қатар, қазақ тілі ғалымдары өз ой-пікірлерін нақтылап көрсетіп, қазіргі күндегі грамматикалық сипатын грамматикалық қызметін жүйелеп берді. Мысалы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, Ы.Маманов, Н.Т.Сауранбаев, Т.Қордабаев, т.б. ірі ғалымдар етістікке қатысты өз зерттеулерін жазды.
Тілдің кейбір жүйелі топтары мен грамматикалық категорияларын меңгерудің әдіс-тәсілдерін қарастырмай тұрып, қазақ тілін бұл типті мектептерде оқытудың әдістемелік жүйесін жасау мүмкін де емес.
Тілдің грамматикалық құрылысының бір саласы - морфология. Морфологияның қарастыратын мәселелерінің бірі - сөз таптары. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделісі- етістік сөз табы. Етістік - лексика-грамматикалық жағынан күрделі, грамматикалық категорияларға бай сөз табы. Мектеп курсында етістікті оқыту қазақ тілі әдістемесінің негізгі мәселелерінің біріне жатады.
Әрине, қазақ тіліндегі етістік сөз табын, оның алуан түрлі лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты бар топтары мен грамматикалық категорияларын, тұлғаларын қазақ мектебі мен орыс мектебінде оқытып, үйретудің әдіс-тәсілдері де, деңгейлері мен көлемі де, аясы мен мазмұны да бірдей, біркелкі емес, тіпті салыстыруға да болмайды.
Ең көне заманның өзінде тіл білімінде алдымен етістік пен есім сөздер танылған. Оның ішінде етістік қай тілде болсын, басқа сөз таптарынан жігі анық бөлінген сөз табы болып саналады. Орта мектепте етістікті оқыту-өзекті мәселе болып табылады. Қазақ тілін қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқытудың негізгі өзекті мәселелерінің бірі, етістік сөз табы болғандықтан, оны оқыту арнайы қарастырылып, жан-жақты зерттеліп-зерделенуі керек. Оқушылардың қазақ тіліндегі етістіктерді түсінуде қиындықтар көп кездеседі. Оның түрлену жүйесінің күрделігі, жіктелу жүйесінің күрделілігі тілді игеруде біршама қиындықтарға алып келеді. Сондықтан арнайы зерттеу тақырыбы етіп таңдап алдық.
Диплом жұмысының нысанасына 7-сыныпта қазақ тіліндегі етістік сөз табының өзі және оның теориялық белгілерінің сипатталу ерекшелігі, оның түрленімдік жүйесі мен қолданыстық сипаты және орта мектепте оқыту үдерісі.
Диплом жұмысының мақсаты - қазақ тіліндегі етістік сөз табын орта мектептің 7-сыныбында оқыту әдістемесі.
Дипломдық жұмысының міндеті аталған тақырыпта диплом жұмысының мазмұнын ашып, мақсатқа жету үшін
oo етістік сөз табының теориялық зерттелуін қарастыру;
oo етістіктің категорияларын оқыту;
oo жаттығулар жүйесін жасау;
oo сөздік жұмысын жүргізу болып т табылады.
Диплом жұмысының жаңалықтары:
oo қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуы зерделенді;
oo етістік сөз табының теориялық мәселелері қарастырылды;
oo етістіктің категорияларын оқытудың тиімді әдістері сараланды;
oo жаттығулар жүйесі жасалды;
oo сөздік жұмысын жүргізу әдістемесінің мазмұны анықталды.
Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні: Етістікті оқыту жүйесін анықтау дидактикада, оқыту әдістемесінде теориялық (теория) және тәжірибелік зерттеулер үшін маңызды. Теориялық жағынан зерттеу қазақ тілін оқыту әдістемесі теориясын жетілдіруге үлес қосады. Жұмыстың практикалық материалдарын жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту, қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары теориясын оқытуда пайдалануға болады. Тәжірибе көрсеткендей, тіл үйрету сабақтарында үйірмелерде де пайдалануда тиімділігі бар.
Зерттеу жұмыстың дерек көздері - Қазақ тілі біліміндегі етістікке, оны оқыту әдістемесіне қатысты зерттеулік еңбектер мен тұжырымдар, тілдік мысалдар.
Қолданылған зерттеу әдістері: жинау, түсіндіру, статистикалық талдау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, саралау қорытындылау, тұжырым жасау, тәжірибе жасау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми тұжырымы. Диплом жұмысының тақырыптық мазмұнын ашуда төмендегі тұжырымдар ұсынылды:
* Қазақ тілінде Етістік сөз табы барлық сөз табының ішінде дамулық тұрғыдан ең алғашқы және ең күрделі болып табылатыны;
* Етістіктің жеке түрлену жүйесі болатыны;
* Етістікті оқыту әдістемесі бойынша жасалған жүйе оқушы тілін дамытуға, қазақша сөйлеуге мүмкіндік беретіні.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

1 ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына қысқаша шолу

Қазақстанда жалпы мектеп жүйесінің түбегейлі өзгеруі Ұлы Қазан төңкерісінен соң басталды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ Қазақстанда тіл туралы ресми құжаттар дүниеге келе бастады. Солардың алғашқыларының бірі - 1920 жылы қабылданған Қазақ АССР-і еңбекшілері правосының декларациясы. Онда еліміздегі барлық тілдердің теңқұқықты қолданылатындығы жарияланса, іле 1921 жылы Қазақ АССР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің Республикадағы мемлекеттік мекемелерде қазақ, орыс тілдерін қолдану жөніндегі Декретте қоғамдық салаларда қазақ және сонымен қатар орыс тілдерін қолдану міндеті көзделді. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесі тұңғыш рет 1926 жылы Қазақ АССР-ң Орталық Атқару Комитеті президиумының Аппаратты тұрақтандыру жөніндегі қаулысында қаралады. [4].
Мұнда ересектер үшін курстар ұйымдастыру (ерікті түрде) ал екінші басқышты мектептердегі жавропалықтардың балаларын қазақ тіліне міндетті түрде оқыту қажеттігі атап көрсетілді. Осы жылдары өзге ұлт өкілдері үшін алғаш бағдарлама, оқулық жарық көрді. Олар: Жавропалықтар үшін қазақ тілінің бағдарламасы (1926 ж.), К.Кемеңгеровтің Жавропалықтар үшін екі жылдық оқу құралың (1928 ж.).
ВКП (б) ОК-ның 1932 жылғы Оқу бағдарламалары мен бастауыш, орта мектеп режимі туралы қаулысының шешімдерін орындау барысында өзге ұлт оқушылары үшін жүйелі қазақ тілі оқулықтары жазыла бастады. Солардың бірі-Т.Шонаұлының 1931, 1933 жылдары шаққан Орыс үшін қазақша әліппесің мен Қазақ тілінің оқу құралың.
1934 жылы ҮШ Қазақстандық өлкелік партия конференциясы өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуін жеделдетуді барлық партия ұйымдарына міндеттеді. [5,6].
Бұл орыс мектебіне арналған қазақ тілі оқулықтарының шығуына жедел қарқын берді. Осы жылдары шыққан оқулықтар: Т.Ахметовтің 5-6 сыныпқа арналған Орыс мектептері үшін оқу құралың (1934), С.Жиенбаевтың 6-7 сыныпқа арналған Қазақ тілің оқулығы (1938), І.Кеңесбаевтың 8-10 сыныптар үшін Қазақ тілің оқулығы (1939), С.Жиенбаевтың 7- сынып оқулығы (1940).
Осылармен қатар сол кездері шығып тұрған педагогикалық журналдар мен газет беттерінде қазақ әдістемесінің көрнекті өкілдері Ш.Х.Сарыбаев,
С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев секілді әдіскер ғалымдардың ұлттық мектептегі қазақ тілін оқыту жайындағы ірілі- кішілі мақалалары жарық көре бастады.
Солардың алғашқыларының бірі - С.Жиенбаевтың Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту методикасың атты мақаласы. 6 Ол бұл мақаласында қазақ тілін оқытуда шет тілін оқытудың әдістемесін қолданудың тиімділігін айта келіп, алдымен оқушыны ауызша сөйлеуге үйретудің қажеттілігіне тоқталады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға әсіресе етістік сөздерінің ерекше орын алатынын, сондықтан оған сабақ барысында көбірек көңіл бөлу керектігін атап көрсетеді.
Осы тұста жарық көрген дүниелердің ішінен ғылым Ш.Х.Сарыбаевтың еңбегін ерекше атап өту керек. Ол-осы салада алғаш құнды мақалалар жариялап, кейіннен көз майын тауыса зерттеген тақырыптар аясында тұңғыш диссертациялық жұмыс жазған адам. [7].
Ғалым грамматиканы оқытуда теориялық материалдардың ең керектілерін іріктеп, оны практикалық қажеттілікке қарай жүйелеп орналастыру тәртібінің тілді үйренуде маңызды роль атқаратынына тоқталады. Автордың бірнеше ұқсас, мазмұны бір-біріне жақын тақырыптарды біріктіріп ұсынуы-қазіргі кезеңдегі сабақты тиімді өткізудің әдісі- блокпен оқытуға сәйкес келеді. Оқушыларға грамматикалық және лексикалық материалды игертуде араға уақыт салып оқитын қайталап отырудың тиімділігіне назар аударады. Морфология мен синтаксис элементтерін оқытуда өзінің санәдісін ұсынады.
1952, 1954 жылдары жарық көрген Орыс оқушыларына етіс категориясын оқыту [8,47-51], Етістікті оқыту [9, 42-48 ] мақалаларында етіс категориясын орыс мектебі түгілі, қазақ мектебі оқушыларына меңгертудің қиын мәселе екендігін, оның бір төркінінің бұл жөніндегі әдістемелік еңбектердің жоқтығында екендігін баяндайды. Ол етіс тақырыбын түсіндіруде үйретілген етістіктердің мағыналық жағынан ұқсас болуы, көрнекі түсіндірілуі деген тәрізді екі түрлі қағидатты тұтқа етіп ұстауды ұсынады. Осыған байланысты етістіктер оқушының тікелей іс-әрекеттері (өздері жасаған) арқылы түсіндіріледі. Қимылды білдіретін сөздерді оқушылардың көз алдындағы заттардың қозғалысы арқылы түсіндірудің тиімділігін нақтылы мысалдармен дәлелдеп, етістікті меңгертуде санәдісін қолданудың жолдарын көрсетеді. Етістік шақтарын меңгерту үшін оларды үнемі бір-бірімен салыстыра оқытудың және жіктелуін жіктеу есімдіктерімен байланыстыра өтудің маңызы зор екенін айтады. Сөз таптарының ішіндегі күрделі де көлемдісі - етістік. Ғалымның етістік тақырыбына қайта-қайта оралып, осы бағытта дүркін-дүркін мақалалар жазуы-автордың орыс мектебіндегі қазақ тілін оқыту әдістемесін жетік білетіндігін аңғартады. Себебі оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда етістіктің алатын орна ерекше. Автор осы ерекшеліктерді тап басып талдап көрсетеді. 1940 жылы жазылған М.Лапатухиннің еңбегі орыс мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған. Мұнда етістік сөздерді негізінен көрнекі түсіндіру әдіс арқылы меңгерту қажеттілігін басым айтады да, етістік бойынша меңгерілуге тиісті грамматикалық материалды атап кетеді. 1941 жылы жарық көрген жинаққа [11] ғылым Ш.Х.Сарыбаев пен Т.Әбішевтің көлемді мақалалары енді. Ш.Х.Сарыбаев өзінің "Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту мәселелері" атты мақаласында орыс тілді оқушылармен жүргізілетін алғашқы сабақтардың үлгісін көрсетеді. Мұнда ол грамматикалық материалдарды игеріп, оны тілде дұрыс қолдануға үйретудің жолдарын, етістік бойынша бұйрық рай, ауыспалы осы шақты меңгертудің әдістемесі сөз еткен. Бұл материалдарды жеңіл игертуде өзінің кейіннен диссертациясында сөз ететін "санәдісін" қолданудың тиімділігін атай келе, оны көрнекі көрсетеді. Еңбектің соңында бақылау жұмысын жүргізудің әдістемесіне тоқтаған.
1980 жылдары жарық көрген көлемді еңбектердің бірі- Ы.Мамановтың "Орыс мектебіндегі қазақ тілін оқыту" әдістемелік оқу құралы. Автор бұл еңбегінде фонетика, морфология, синтаксисті оқытуды әдіс-тәсілдеріне және етістік формаларын үйретудің жолдарына арнайы тоқталған. Сөздердің бір-бірімен байланысын, сөз тіркесін құрауда грамматикалық формалардың басты роль атқаратындығын, ендеше, грамматикасыз тіл үйрету мүмкін емес екендігін, соның ішіндегі етістік сөздерінің атқаратын ролін айта келіп, оқушының міндетті түрде білуге тиісті төмендегі етістік формаларын атап көрсетеді: жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ, нақ осы шақ, бұйрық рай, өткен шақ есімше, тұйық етістік, өткен шақ көсемше, қалау рай, көмекші етістіктер (еді, екен, ет, де). 1987 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің "Республикада қазақ тілін оқып, үйретуді жетілдіру" қаулысын кейін, іле Республикада қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған соң (1989), Егеменді еліміздің Жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып заңдастырылып, қазақ тілін өркендетудің бағыт-бағдары анықталды. Міне, осы тарихи құжаттар республикада тұратын жергілікті ұлт пен өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйрену қажеттілігін туғызды. Осыған байланысты ересектерге арналған "Қазақ тілі", жоғары оқу орындары үшін "Қазақ тілі" оқулықтары, мектепке арналған оқу құралдары көптеп шыға бастады. Атап айтқанда, Х.Қожахметованың "Қазақ тілінің 40 сабағы" Н.Оралбаева т.б. "Біз қазақ тілін үйренеміз", Ш.Бектұров, А.Бектұрованың "Қазақ тілі" оқулығы, Б.Құлмағамбетова, Ж.Елемісованың "Қазақ тілі" көмекші құралы, Ә.Сәдуақасованың "Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері", Т.Аяпованың "Қазақ тілі" оқулығы, Қ.Молдабековтің "Қазақ тілін үйренушілерге оқу құралы", Э.Сүлейменова және бірнеше автордың қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретумен байланысты жарық көрген Тіл ұстарту, Анықтағыш, Сұхбат, Бейнежазба, Үнжария оқу кешені,
Осылармен бірге ұлттық мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тұңғыш оқулық "Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесін" ерекше атауға болады. Оның авторлары - көрнекті ғалым Н.Оралбаева және К.Жақсылықова. [13]. Мұнда орыс мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері, бағдарламалар мен оқулықтар, қазақ тілін оқытудың әдістері, қазақ тілі сабақтары, оқушылардың қазақша тілін дамыту мәселелері және тіл салаларын оқытудың теориясы мен практикасы толық қамтылған.
Осы еңбекпен байланысты 1999 жылы А.Қасабек, А.Күзембаеваның "Орыс мектебіндегі қазақ тілін оқыту әдістемесінің практикалық және зертханалық жұмыстары" [14] оқу құралын атауға болады. Сонымен бірге орыс мектептеріне арналған жаңа бағдарламалар, Кеңес дәуірінде бірінші рет жарық көрген - 1 сынып суретті оқулығы. 50-жылдардан бері қарай алғаш рет шыққан 9, 10, 11 сынып оқулықтары "Атамұра" баспасынан шығып жатқан "Жаңа буын" оқулықтары - айтқанымызға дәлел.
Сонымен, көптеген мәселелері шешімін күтіп отырған ана тілімізді орыс мектептерінде оқыту мәселесі жөніндегі бұл еңбектердің қай жағынан алып қарағанда да маңызы зор.
Ж.Сүлейменова "Оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілінде етістікті оқыту" (1993) атты диссертация қорғады. Бұл еңбек 1943 жылы Ш.Сарыбаевтың диссертациясынан кейінгі 50 жылдан кейін қорғалған алғашқы жұмыстардың бірі болды [15].
Ғылыми зерттеу еңбегінде 7-сыныпта қазақ тілі сабақтарында етістікті орыс тілді оқушыларға оқып-үйрету негізінде оқушылардың қазақша тілін дамытуға байланысты жүргізілетін жұмыстар әдістемесі қарастырылған. Еңбекте етістікті оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері анықталып, психологиялық, физиологиялық ерекшеліктер белгіленіп, оқытудың ұтымды-оңтайлы әдіс-тәсілдері, сөздік жұмысын жүргізудің лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік жолдары, ғылыми ұстанымдары көрсетіліп, анықталған. Орыс мектебінің оқулықтарының даму тарихы, оқулықтар мазмұны, бірізділік, онымен жұмыс жасаудың әр түрлі әдістері, көрсетілген.
А.Сатбекова "Қазақ тіліндегі септіктерді орыс мектебінің 6-класында оқыту" [16] диссертациясын қорғады. Автор бұл еңбегінде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда маңызды жайттрадың бірі тілде функционалдық қызметі тұрғысынан ең жиі қолданылатын Қазақ тілін үйренудегі күрмеуі күрделі тілдік категориялардың бірі - есім сөз таптары ішінен зат есімнің септік жалғаулары категориясын оқытып-үйретудің ғылыми-әдістемелік, практикалық жақтары жан-жақты, толық қарастырылған, осылармен бірге септік жалғаулары категориясын оқытудың тәжірибедегі тиімді , оңтайлы, ұтымды жолдарын баяндаған, тілді үйренуге қажетті грамматикалық-лексикалық материалды минимум ретінде жинақтап берудің ғылыми қағидаттары мен болашақ мұғалімдер мен мұғалімдер үшін әртүрлі жақсы жасалған сабақ үлгілері, көрнекіліктері, кестелері, суреттері айқындалған. Бұл-қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытып-үйрету әдістемесіне қосылған қомақты үлес.
К.Өмірбаева "Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-сынып оқушыларының сөйлеу тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту" атты диссертация қорғады. Автор еңбегінде орыс мектебінде оқитын 5-сынып оқушыларының қазақша сөйлеу тілін дамытуда әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы оқытып-үйретудің амалдары мен әдіс-тәсілдері, жолдары, деңгейлік тапсырмалар құрудың (міндетті деңгей, орта деңгей, шығармашылық деңгей) ерекшеліктері, ғылыми қағидалары, деңгейлер бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалардың үлгілері, оқушы білімін бақылауға арналған деңгейлік тестер, үйде орындайтын жаттығулар, әртүрлі сабақ үлгілері ұсынылады [17].
А.Күзембаеваның "Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі 5-сынып оқушыларының қазақша тілін дамыту әдістемесі" (1994) атты диссертациялық еңбегінің орыс мектебінде оқитын оқушылар үшін пайдасы мол. [18] Еңбекте қазақ тілін оқытуда оқушылардың жазбаша, ауызша сөйле тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен жаттығулар жүйесі қарастырылған. Сабақ үлгілері, тапсырмалар үлгісі, көрнекіліктер жүйесі сабақ жүргізуде мұғалімдер үшін қуатты күшті оқу құралдары.
Р.Исманованың "Орыс тілді оқушылардың қазақша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі (5-6-сыныптар)" атты еңбегінің балалардың тілін дамытуда маңызы зор. Мұнда орыс тілді оқушылардың ортада қазақша ауызекі сөйлесу дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер теориялық тұрғыдан тұжырымдалмаған. Ауызша тілді дамытудағы мәтін теориясы мен онымен жұмыс істеудің әдістемелік қырлары жан-жақты баяндалады. [19].
К.Ақбаеваның "Оқу орыс тілінде жүретін мектептің бастауыш сыныбында оқушының сөздік қорын байыту жолдары" атты еңбектердің орыс тілді оқушылылардың қазақша сөйлену тілін дамытуда маңызы зор.

1.2 Қазақ тілі етістіктерінің жалпы сипаты және етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Етістік - тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Етістік күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика - семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық тұлғаларымен, синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.
Етістіктің лексикалық-семантикалық сипатының мейлінше өрісті болуының себебі оның семантикасы тек субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, неше алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты үдерістерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай семантикасы, оның грамматикалық түрлері мезгіл я шақ ұғымымен ұштасады.
Етістіктің лексика-грамматикалық тұлғаларының бай болуы олардың амал-әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін және олардың өту сипатын, яғни бағыты, қарқынына байланысты, демек, етістік тұлғалары осы және олардан өзге әр түрлі құбылыстардың көрсеткіштері есебінде қызмет етеді. Бұлардан тыс етістіктен етістік тудыратын, есімнен етістік тудыратын синтетикалық, аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі-нұсқаларын қоссақ, етістік деп аталатын сөз табы тұлға жағынан орасан бай категория екені ашыла түседі. Тұлға байлығы жағынан етістікке өзге бірде-бір сөз табы, солардың ішінде тұлғасы ең бай саналатын зат есімнің өзі тең түсе алмайды. Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы мен тұлғаларының байлығы оның өзіне тән әр алуан лексикалық-семантикалық, лексикалық-грамматикалық және таза грамматикалық категорияларынан тіпті айқын көрінеді. Мысалы, етістіктің өзіне лайық сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы тұлғаларымен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін де тұлғалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу (өту) сипаты сияқты жүйе-жүйе категориялар - етістіктің семантикалық жағынан ең бай тұлғалары, сондай-ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық тұлғаларынан мазмұндары да, тұрпат-түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар - етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін тұлғалар, айрықша қызметі бар категориялар. Олардың тұлғаларына өзгеріс енгізіп отыратын болымдылықболымсыздық, сабақтылықсалттылық категориялары етістіктің нағыз грамматикалық сипаттарының белгілі көрсеткіштері деп саналады.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары, синтаксистік қызметі оның өзге тұлғаларымен және өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым-қатынасқа түскенде айқындала түседі. Етістіктің кейбір тұлғаларының тек қана баяндауыш болуы, кейбір тұлғаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде қолданылуы сияқты грамматикалық ерекшеліктер сөйлем ішінде, сөз тіркесі аясында ғана танылып көрінеді. Сонымен бірге, етістіктің семантикасы, тұлғасы, қызметі өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Етістіктің семантикасы сол сөздің құрамы мен құрылысына астасып жатса, керісінше, қызметі оның семантикасы мен тұлғасына ұштасып отырады.
Морфологияда сөздердің грамматикалық құрылысын зерттейтін сөздердің тұлға тұрпаты, құрамдық бөлшектері қарастырылады.
Қазақ кеңестік тіл білімінің негізі отызыншы жылдары қалыптасты. Қазақ тіл білімінің грамматика саласын зерттеуші ғалымдар етістікке қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп, еңбектер жариялады.
Қазақ тіліндегі етістік сөздерінің әдеби қалыптағы теориялық негізін, зерттеулік көзін қарапайым тілмен түсіндірген, қазақ тіл білімінің негізін салып, терминдерін қалыптастырушы ғалым А.Байтұрсыновтан бастап айта аламыз.
Ғалымның етістіктерге: Етістік дегеніміз - заттардың істерін көрсететін сөздер - деп сипаттама берген. [21]. Ғалым етістіктерді жалпы алып қарап, оларды әрекеттің болу-болмауына байланысты ең алдымен болымдыболымсыз деп бөледі. Содан соң мұнан басқа түрі екі түрі бар деп көсемше мен есімшені атайды. Сондай-ақ ғалым етістіктің 10 етіс түрін танытқан. Етістіктің қазіргі түрінен өзге (қазір - төртеу) тағы 6 түрін атап беруі ғалымның етістіктердің мағынасына қарай топтауына және салтсабақты етістікті қосып көрсетуіне байланысты туындаған деп ойлаймыз. Яғни ғалым сабақтысалт етістікті етіс түрі деп көрсеткен: сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс. Сонымен бірге мұнда қазіргі тілде қолданылмайтыны - беделді етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс түрлері.
Беделді етіс деп қазіргі өзгелік етісте қолданылатын екінші жұрнақ түрі -дыр-дір, -тыр-тір қосымшасынының қатысымен жасалатын етістіктерді атаған: айттыру, салдыру, т.б. Шығыс етіс деп ортақ етіс арқылы жасалып, зат есімге айналған сөздерге тағы да біз айтып жүрген өзгелік етіс -дыр-дір, -тыр-тір жұрнағының жалғануы арқылы жасалған етістіктерді атайды. Мысалы: күрес-тір-дім, жарыс-тыр-дым, соғыс-тыр-дым, табыс-тыр-дым, т.б.
Дүркінді етіс деп -қыла-ғыла, -кіле-гіле күшейткіш жұрнақтары арқылы етістіктен келесі бір тұлғалы етістіктің жасалуын атаған: жұлқылау, атқылау, ұрғылау, т.б.
Өсіңкі етіске қимылдың күшейгенін білдіретін етістіктерді көрсетеді: жүріңкіреу, ұйықтаңқырау, таңырқау, т.б., яғни кейінгі ғалымдар Ы.Маманов, С.Исаев күшейткіш етістікке жатқызып жүрген -ыңқыра-іңкіре, -ңқыра-ңкіре жұрнақтары арқылы жасалған қазіргі күшейткіш етістіктер көрсетіледі.
А. Байтұрсынұлы етіс түрінен басқа етістіктің қазіргі грамматикалық категория түрі болып табылатын рай түрін де сипаттап жазған. Ғалым етістіктің 14 рай түрін негіздеген: 1) тұйық рай, 2) билік рай, 3) ашық рай,
4) шартты рай, 5) ереуіл рай, 6) реніш рай, 7) қалау рай, 8) сенімді рай, 9) сенімсіз рай, 10) мұң рай, 11) көніс рай, 12) қайрау рай,13) азалы рай, 14) теріс рай. А. Байтұрсынов тұйық рай деп -мақ-мек деген есімшенің жұрнағымен келген етістіктерді атайды: жүрмек, көрмек, т.б.
Билік рай деп қазір айтылып жүрген бұйрық райлы етістіктерді келтіреді: айтайын, жазба, жуын, т.б.
Ереуіл рай деп шартты райлы етістіктен кейін даде демеулік шылауын тіркесіп келгендегі түрін сипаттайды. Мысалы: келсең де, жүрсең де, айтсаң да, т.б. Сондай-ақ ғалым реніш райға да сипат береді: Реніш рай дейміз - істеген-істемеген істерге реніш еткенде айтылатын сөз түрін. Мәселен: Шақырғанда барсамшы!, Көрдім деп айтсамшы!. Қазір мұндай сөйлем ішінде кездесетін етістіктер шартты райға енгізіледі, өйткені мұндағы етістіктерде де шартты рай жұрнағы қолданылып, ең алдымен шарттылық мағына түсініледі, сонан кейін -шы жұрнағы арқылы реніш не өкініш мағынасы үстелгенін аңғаруға болады.
Ғалымның еңбегінде сенімді райға қазіргі қалау райдағы етістіктің -ғай-гей жұрнақты түрі, сенімсіз райға етістік +-ар-ер-р маме екен тұлғасы; болжал райға етістік +-ар-ер-р + еді тұлғасы; мұң райға етістік + -ар-ер-р + маме +еді тұлғасы енгізіліп қаралған. Аталған тұлғалар да кейінгі кеңес дәуірі кезіндегі ғалымдардың сұрыптауынан өтіп, қазіргі уақытқа дейін қалау рай түрлеріне жатқызылып жүргені белгілі. Бірақ, көріп отырғанымыздай, етістіктің теориялық негізінің бастауы ғалым А. Байтұрсынов зерттеуінен таралғанын аңғарамыз.
Ғалымның еңбегінен етістіктің көніс райын ерекшелеп өтуге болды. Өйткені қазір күнге дейін бұл рай түріне жатқызылған етістік түрі бөлек қаралған емес. Еңбекте көніс райға да жеке анықтама беріледі: Көніс рай дейміз - іске көнгенде, мойындағанда айтылатын сөз түрін. Мысалға ғалым барамын да, келемін де, айтады да, т.б.түріндегі етістік пен демеулік шылау тіркесіндегі тұлғаларды келтіреді.
Қайрау райға барайыншы, баршы, барсыншы, т.б. тұлғасындағы етістіктер алынып, оларды қайрай сөйлейтін сөз түрі (рай түрі) деп түсіндіреді. Ал азалы рай деп қайрау райдың азамен айтылатын түрі келтіріп, қалсайшы, барсайшы, барсана, тұрсана, т.б. деген мысалдарды береді.
Теріс рай деп іске айтылатын сөздің теріс түрі деп түсініктеме жасап, жүрмесе игі еді,алса игі еді, т.б. деген мысалдарды атайды.
Қайрау мен азалы рай қазіргі бұйрық рай мен шартты райға енгізілгені белгілі. Теріс рай қазіргі қалау райдың ішкі бір түрі болып табылады.
Ғалымның еңбегінде көсемше түрі үш түрлі аталып қаралған: үнемді (-а-е,-й тұлғасындағы), үнемсіз (-ып-іп-п тұлғасындағы), ниетті (-ға-гелі тұлғалы етістік көсемше).Сонымен бірге ғалымда есімше түрі де қазіргі тұлғасымен көрсетіледі. Мұнда ғалым есімшелердің шақтық қызмет атқаратынын, есім сөздердің орнында жүретінін атап көрсетеді.
Қ.Жұбановтың лекциялар жинағында Е етістігі туралы қысқаша түсінік беріледі. Еңбекте е етістігінің бұрын ер тұлғасында болғаны жайында айтылып оның ер болу етістігінен туындағаны айтылады. Етті дегендегі е де осы е - болдырды деген мағынада. Мұндағы т - өзгелік етіс деп түсінік береді ғалым. [22]. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбановтың көрсетіп кеткен ілімімен Кеңес дәуірі кезіндегі ғалымдардан етістікті нақты қарастырған ғалымдар А.Қалыбаева, Ы.Е.Маманов, С.Исаев, А.Ысқақов,Н.Оралбаева,Ө.Төлеуов, т.б. зерттеушілер болып табылады.
М.Оразов 1983 жылы Семантика казахского глагола тақырыбында докторлық диссертациясында етістіктің жалпы мағыналық ерекшелігін зерттеп қарастыра келе, оның 12 лексика-семантикалық тобын көрсетеді. Ғалым етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде сөйлесу етістіктерін семантикалық жағынан бөлумен қатар морфологиялық белгілерін де негізге алып отырады. [23].
А.Ысқақов оқулығында етістіктер лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық, сөзжасамдық құрылымы тұрғысынан жанжақты сипатталады. Етістіктердің күрделі түрінің жасалымдық ерекшеліктері, көмекші етістіктердің сипаты талданады. [24].
Ы.Маманов қазақ тіліндегі етістік тұлғаларын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, ең алдымен, негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөліп, одан кейін негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және модификациялық етістіктерге ажыратып, түбір етістіктерге етістіктің лексикалық мағынасына ие болатын сөздерді, модификациялық етістіктерге белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік тұлғаларын жатқызады. Ғалымның етістік түбіріне байланысты айтқан ой-пікірлері күрделі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп қана қоймай, кейбір пікірлерге өзгеше қырынан үңіліп, тереңірек зерттеуге көмегін тигізеді.
Ы.Маманов және осы ғалымның ізімен С.Исаев етістік түбірінің тұлғалық қызметі мен сипатын ерекше атап өтті. Олар етістік түбірі мен етістіктің 2-жақ бұйрық райлы түрі екі тұлға екенін дәлелдеп түсіндіреді. Сондай дәлелдің бірі - бұйрық райдың екінші жағының көне тұлғасының -ың,-ің,-ғыл,-ғын тұлғасында болуы. Мысалы: барың, келің, алың, барғын, т.б. Қазақтың сөйлеу тілінде мұндай қолданыс жиі кездесіп отырады. Ендеше етістік категориясының жіктелу жүйесінің 2-жақ жекеше тұлғасы мен түбір етістік өзара омотұлғалық сипатта келеді. [25,9].
Ы.Маманов негізгі зерттеулерін етістік сөз табына арнай отырып, морфологияның өзекті әрі қиын мәселелеріне де назар аударған. Оның 1973 жылы жарық көрген Лекциялар курсында қосымшаларды жіктеу, кейбір қосымшалардың (даулы болып танылып жүрген) сөзжасам мен тұлға тудыруға қатысты тілдік жүйе, заңдылықтар тұрғысынан қарастырып, тың пікірлер айтылған. Ғалымның етістікке қатысты зерттеулері кейінгі ғалымдарға негіз зерттеу болды. Ы.Маманов - қазақ тілінде етістікті лексика-семантикалық топтарға жіктеп көрсеткен ғалымдардың бірі. Осы ғалымның еңбегін негізге алып, етістіктің жекелеген ерекшеліктерін арнайы қарастырған зерттеулік еңбектерді кездестіруге болады. Мәселен, К. Аханов, А.Қалыбаева, А.Ысқақов, Н.Оралбаева, Б. Бибеков, Қ. Мұхамади, т.б.
Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаевтардың авторлығымен жарыққа шыққан Қазіргі қазақ тілі оқулығында, сонымен қатар бұл еңбектерге дейін жарық көрген Қ.Жұбанов (1936),С.Аманжолов (1938), І.Кеңесбаев пен Жиенбаевтың Грамматикаларында (1942) етістік мәселесі сабақты етістік пен салт етістік, болымды және болымсыз етістік, етіс категориясы, рай, шақ, жақ категориялары, есімше мен көсемше деген сипатта танытылып, бір жүйеде көрсетіледі. Осыған қарап, зерттеулердегі кейбір толықтырулар мен атаулар тиянақталып, өзгерістер енгізіліп отырса да, етістік сөз табына қатысты теориялық белгілі бір дәстүрлі жүйе берік сақталып келеді деуге болады.
Профессор І.Кеңесбаев орыс сыныптарына арналған оқулығында сабақты, салт етістіктерді де етіс категориясы деп қараса, профессор С.Аманжолов міндетті келер шақ деген атау, профессор І.Кеңесбаев пен С.Жиенбаев мақсатты келер шақ деп қолданған, лингвистикалық атауларды бұл тәрізді өзгертіп қолдану Н. Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтің педучилище оқушыларына арнап шығарған оқулығында да ұшырайды. Мұнда авторлар өздік етіс - өзіндік деп, өзгелік етісті өздік деп, болжалдық келер шақты шексіз келер шақ деп, өткен шақ түрлерін ескі өткен шақ, алыс өткен шақ, тиянақты өткен шақ деп атайды.
Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев авторлығымен жарыққа шыққан (үш бөлімді лексика, фонетика, грамматика) Қазіргі қазақ тіліне дейін 20 жыл ішінде етістік категорияларының арнайы зерттеулерінде өзіндік тарихы, белгілі кезеңі бар. Өйткені, бұл дәуірде көлемі бір-екі беттен аспайтын шағын мақалалардан бастап, етістіктің жеке грамматикалық категорияларына арналған монографиялық зерттеулер жарыққа шықты. Мәселен, барлық етістік түбірінен бір төбе болып ерекше тұратын отыр, жатыр, жүр, тұр сөздері нақтылы осы шақ жасауда дара тұрып (отыр-мын, жатыр-сыз, жүрсің-дер болып жіктеліп), күрделі етістіктер құрамында (келе жатырсыздар, ол сөйлеп тұр, оқып жүрміз, т.б.) көмекші етістік қызметін атқарады Мұнда зерттеушілер көсемшелермен тіркесіп, күрделі етістік жасайын төрт етістіктің нақ осы шақ мәнінде қолданылуын дәлелдеп көрсетеді. Бұған жалғас Ш. Сарыбаев тұр, жүр, отыр, жатыр етістіктеріне арнап мақала жариялады. Онда автор бұлардың жіктелу ерекшеліктері мен құрылымдық мәнін арнайы сөз етті. Бұл төрт етістік күрделі етістіктердің көмекші компоненті болып келуімен байланысты өздерінің грамматикалық мағынасын өзгертеді.
Етістік сөз табына қатысты қазақ тіл білімінде толыққанды шешімін таппай келе жатқан мәселе - етістіктің көрініс (вид) категориясы - тұлғалары ретінде көрсетіліп жүрген бір топ қосымшалардың тілдік сипатымен байланысты. Аталған категорияларға енгізіліп жүрген -қыла-кіле,-ғыла-гіле,-мала-меле ,-ымсыра-імсіре жұрнақтары туралы түрлі пікір бар. Бұл қосымшаларды И.Ұйықбаев, А.Ысқақов т.б. ғалымдар сөз түрлендіретін тұлға ретінде таныса, Б.Құлмағанбетова, С.Хасанов, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев, Ы.Мамановтар сөз тудырушы жұрнақтар ретінде қарайды.
Күрделі етістіктерді арнайы қарастырып, оларды басқа күрделі сөздермен салыстыра қарастырып, олардың аналитикалық жасалымын жан-жақты қарастырған - ғалым Б.Қасым. Ғалым күрделі етістіктердің бір ұғымды білдіретін ерекшеліктерін атап өтеді.
Сонымен, етістік қазақ тілі білімінде жеткілікті түрде зерттелген. Біз оқыту әдістемесінде осы жетістіктерді пайдаланамыз.

1.3. Етістікті оқытудың дидактикалық негіздері

Етістікті оқытудың дидактикалық ұстанымдарын төмендегідей белгіледі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының бір саласы. Қазақ тілін ана тіл ретінде оқыту мен өзге тіл ретінде оқыту әдістемесінің арасында елеулі айырмашылықтар бар. Осы айырмашылықтарды ескере отырып, өзге ұлт оқушыларына қазақ тілін үйретудің әдіс-тәсілдерін анықтау, берілетін білім көлемі мен мазмұнын белгілеу оқытудың педагогикалық негізіне сүйегенде дұрыс іске асады. Оқытуды тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін жасаумен педагогиканың дидактика деп аталатын арнаулы саласы шұғылданады. Дидактиканың қарастырылатын мәселелері - білім мазмұнының көлемін анықтау, оқыту ұстанымдары мен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін белгілеу. Қазақ тілінің әдістемесі лингводидактиканың бір саласы ретінде педагогикалық ілімнің жалпыдидактикалық ұстанымдарына сүйенеді. Дидактикада белгіленген осы оқу ұстанымдарының негізгі ұлттық мектептерде қазақ тілі пәнін оқытуда негізгі тұтқа болып табылады.
1. Оқытудың дамытулық, тәрбиелік ұстанымы - оқу материалдарын қамтитын жұмыстардың оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыруды, ой белсенділігін арттыруды, өзге ұлттың мәдениеті, әдебиетіне, әдет-ғұрпына, дәстүріне сүйішпеншілікпен қарауға үйретуді көздейді.
Бұл әсіресе жаттығулар жүйесін жасауда оған енетін тілдік, тіл дамыту материалдарының осы ұстаным негізінде іріктелуін қамтиды.
Оқушылардың шынайы өмірінен алынған қызықты әңгіме, мәтін, диалог, Қазақстан жеріндегі халықтардың әдет-ғұрпындағы ерекшеліктер, халықтық педагогика элементтерін қамтитын материалдар, өмірімізде болып жатқан саяси оқиғалардан қызықты үзінділер оқушының ой белсенділігін арттырумен бірге танымдық ой өрісін кеңейтеді. Олардың қатарына "Наурыз", "Тұңғыш қазақ ғарышкері", "Қожанасыр хикаялары", қазақ халқының ертегілері, еліміздің тұңғыш Президенті, "Егеменді ел", қазақ жазушыларының балаларға арналған шығармаларын жатқызуға болады.
2. Оқытудың көрнекілік ұстанымы әртүрлі грамматикалық кесте, сызба, үлгі, сурет, картина, техникалық құралдардың, сұлба, макеттердің болуын көздейді. Етістік сөз таптарының ішінде дерексіз грамматикалық категорияларға бай. Осыған сәйкес дерексіз категориялық ұғымдарды оқушылар ауыр қабылдайды. Осы ретте етістікті оқытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше.
Етістіктің лексикасын, оның түрлену жүйесін, тіркесу қабілетін үйретуге сәйкес мазмұнды картина, суреттердің, сөйлеу моделінің схемасы, перфокарталар, грамматикалық жинақ кестелер мен схемалар, эпидиаскоп, диафильм, кинофильм, таспа жазуларының тиімділігін оқыту тәжірибесі дәлелдеп берді.
3. Орыс мектебінде қазақ тілі сабақтарында етістікті оқытудың саналылық пен белсенділік ұстанымының алатын орны ерекше. Көрнекті орыс психологі С.Выготский оқушылардың ана тілі мен өзге тілді меңгеру психологиясы туралы айтқанда, олардың ана тілін меңгеруі практикадан теорияға қарай жүрсе, өзге тілді оқыту саналы теориялық білімнен практикада қолдануға көшу арқылы жүзеге асатындығын айтқан еді. Сондықтан қазақ тілінде сөйлеуге үйрету жүйесіз, шашыраңқы болмай, сөйлеу үлгісін теориялық жағынан саналы түрде қабылдау негізінде дағдыларды қалыптастыру арқылы жүргізіледі. Оқушылардың білімді саналы игеруі дегеніміз сөйлеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Мектепте етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Етістік шақтарының тіл білімінде зерттелуі
Етістікті мектепте оқыту
Етістік формалары және оны оқытудың әдістері
Етістіктің морфологиялық сипаттары
Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың лингвистикалық негізі
Сыни ойлау технологиясымен етістікті оқыту
Пәндер