Қазақ Ғылым Академиясының ашылуының Қазақстанға әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
"Астана Медицина Университеті" АҚ
Қазақстан тарихы және философия кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы

Орындаған:Усен Ж

Топ:103-ЖМ

Тексерген:Камзаев Б.К

Астана 2018

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті.
2.Қазақ Ғылым Академиясының ашылуының Қазақстанға әсері.
3.Қазақ Ғылым Академиясының ашылғаннан кейінгі институттардың ашылуы.
4.Бүгінгі таңдағы Ұлттық Ғылым Академиясы.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе .

Ұлттық ғылымның өркендеуі, ұлт мәдениеті деңгейінің көтерілуі ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің биік бір белесі Ғылым академиясының ашылуымен байланысты десек те болады. Сан-салалы ғылымның басын қосып, зерттеу жұмыстарының нәтижесін тиімді түрде іске асыру, елде көптеген өндіріс ошақтарының ашылуы халықтың әл-ауқатын арттыруға, жұмыс орындарының көптеп ашылуына септігін тигізді.
Бірақ бұл оңайлықпен іске асырыла салған шаруа емес еді.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі елдің жағдайы тұралап тұрған уақытта Ғылым академиясын ашуға бел буу мемлекетке оңайға да, арзанға да түспегені анық. Оның үстіне қырғын соғыстың зардабынан есін енді ғана жия бастаған қазақ халқында мамандар тіпті тапшы болатын. Нағыз білім мен ғылымды жандандырады деген марқасқаларымызды қанды репрессия қиып түсті, одан қалса, Ұлы Отан соғысы жалмады. Мұндай үлкен ұжымды басқаруға өзіне-өзі сенімді, ерік-жігері мықты азамат қажет болды. Екіншіден, тұрып қалған экономиканы көтеру, халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін Ғылым академиясының көмегі ауадай қажет еді.
Республикалық академияның қалыптасу тарихы 1932 ж. 8 наурызында Кеңес Одағы Ғылым академиясының президиумы Базалар және филиалдар жөніндегі комиссияның ұсынымын қарастырып, зоология және ботаника секторларынан тұратын КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасын ашу туралы шешім қабылдаған күннен басталады. Базаның төрағасы болып академик А.Н. Самойлович, Президиум мүшелері - академик Б.А. Келлер, профессор С.Ж. Асфендияров, М.Н. Төлепов бекітілді. 1938 ж. қарашасында база құрамында 100-ге жуық ғылыми қызметкер - үш ғылым докторы, 14 ғылым кандидаты қызмет ететін республикадағы ең ірі ғылыми мекеме - КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылады. Филиалдың қызметі ел үшін ауыр кезең - Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келді. Табиғи қорларға бай Қазақстан майданды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуде ерекше рөлге ие болды. Ұлы Отан соғысының жеңісті аяқталуына қарай Қазақстанда республикалық Ғылым академиясын ұйымдастыруға барлық қажетті жағдай жасалды.
Қазақстанның Ғылым академиясының құрылуы оның тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаевтың КСРО ҒА Қазақ филиалын басқарып тұрған жылдардағы атқарған жұмыстарының нәтижесі еді. Бұл істе сонымен қатар соғыс жылдарында Қазақстанға Мәскеу, Ленинград және т.б. қалалардан уақытша қоныс аударған ғалымдардың көмегін де атап өткен жөн. Олармен бірге жоғары білікті ғылыми қызметкерлер - қазақтар арасынан ғылым докторларын дайындау шаралары жасалды; негізгі мекемемер анықталып, ғылыми бағыттар бойынша аспирантура ұйымдастырылды. Жас ғалым-қазақтардың тобы КСРО Ғылым академиясына докторантураға, өндіріс саласының мамандары аспирантураға жіберілді. Қазақстан КП ОК және Халық комиссарлар кеңесінің 1944 ж. 18 тамыздағы Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырылуына дайындық іс-шаралары туралы қаулысында республикадағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және мәдениеттің жедел дамуы ең алдымен бір орталықтан ұйымдастырылып, үйлестіріліп отыратын ғылым деңгейіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарының қарқынды өркендеуіне байланысты болғандықтан, Қазақстанның республикалық Ғылым академиясының
құрылуына мұқтаждығы атап көрсетілген. Осы қаулы негізінде Ғылым академиясын құру бойынша жұмыстарды басқару мақсатында Үкіметтік комиссия құрылып, оның төрағасы болып Н. Оңдасынов және орынбасарлары ретінде Н.А. Скворцов, Ж. Шаяхметов, А.П. Заговельев және Қ.И. Сәтбаев бекітіледі. Комиссия ғылыми мекемелердің құрылымын айқындап, штатты қарастырып, Қазақстан ғылымының жетістіктері көрмесін және Академияның салтанатты ғылыми сессиясын дайындау керек болды.
1945 ж. 1 наурызында Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Н.Д. Оңдасынов пен КСРО ҒА президенті В.Л. Комаров ...Қазақстандағы ғылымның нақты орталығы 1932 ж. құрылған және Ұлы Отан соғысы жылдарында өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қарқынды кеңейткен КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы болып табылады. КСРО ҒА Қазақ филиалының ғылыми-зерттеу институттарында 40-тан астам доктор мен профессор, 100-ден аса ғылым кандидаты мен доцент (ғылыми дәрежесі мен атағы бар Алматы қаласының 389 ғылыми қызметкерінің ішінде) жұмыс істейді. Қазақ КСР-нің экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жетістіктері биылғы Кеңестік Қазақстанның 25 жылдық мерейтойын Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырылумен байланыстыруға болады деп жазған еді.
1945 ж. 26 қазанда КСРО Халық комиссарлар кеңесінің Қазақстанда Ғылым академиясын ұйымдастыру туралы қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес 1946 ж. 1 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы, Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП ОК-нің біріккен қаулысымен КСРО Ғылым академиясының филиалы негізінде Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылады.

Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті.

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, КСРО және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Кеңестер Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еліміздегі ғылым тарихында алатын орны зор. Советтік Қазақстанда дербес Ғылым академиясы құрылғанға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі жұмыс істеген болатын. Қаныш Имантайұлы Сатпаев сол кездерде геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары еді. Кейіннен өзі ұйымдастырған Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. Бұдан басқа ғалымның мәдениет саласы мен тарих ғылымына да қосқан үлесі зор.
Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды.
Ғылым академиясын ашуда Сәтбаевты толғандырған кадр мәселесі болды. Әсіресе техникалық кадрлардың, білікті инженерлердің аздығы көреген тұлғаны тығырыққа тірегені рас. Әйтсе де шешімін таппайтын мәселе жоқ. Біраз жыл Мәскеудің Ғылым орталығында филиал басқарған ғалым сол жақтағы әріптестері мен сыйлас достарына иек артты. Яғни, Қазақстанның Ғылым академиясына қажетті кадрларды сырттан тартуға тура келді. Әрқайсымен жеке-жеке сөйлесіп, байыппен сыр тартып, Қазақстанға әкелу жағын Қ.Сәтбаев өзі тікелей қолға алды. Жылы орнын суытып, дұрыс танып, білмейтін сырт елге кім оңайлықпен келе қойсын. Демек, оларды қызықтырып, материалдық тұрғыда ынталандыру керек болды. Әрқайсының тұрғын үй мәселесін шешіп, үстеме ақымен қамтамасыз ету шаралары қарастырылды. Қ.Сәтбаев осы мәселелерді шешкеннен кейін, одақтас республикалардан ғалымдар легі Алматыға ағыла бастады.
Істің оңға басып, Қазақ Ғылым академиясының аяғынан тік тұрып кетуіне кеңестік атақты ғалымдар В.Л.Комаров, С.И.Вавилов, И.И. Мещаников, И.П. Бордин, А.Л.Бойков, А.А.Архангельский, Г.М.Кржижановский, В.А.Обручев, Д.В. Наливкин, т.б. өлшеусіз үлес қосты.
Қ.И.Сәтбаев алғашқы күннен бастап Қазақстан ғылымын дамытуға үлкен мән берді. Мұнда басты мәселелер мыналар деп саналды:
- ғылымның практика және өндіріспен өмірлік маңызы зор ғылыми-техникалық мәселелерді шешу кезінде шығармашылық байланысы, өндіріс, ауыл шаруашылығы қажеттіліктерін есепке алу, соның негізінде мамандардың біліктілігін өндірісте ғана емес, ғылыми мекемелерде де жүргізу, оның жетістіктерін халық шаруашылығына енгізу;
- ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы ғалымдардың жеке жоспарлары бар өндіріс мамандарымен ұжымдасып еңбек етуі ортақ жеңіске әкелетіні ескерілуі қажет;
- ғылыммен айналысатын мамандарды мықтап қолға алу, жаңа ғылыми күштерді сан жағынан ғана емес, ең бастысы сапалы түрде өсіру қажет;
- жұмыстардың тиімділігін, сапасын арттыру үшін басқа мемлекеттердің ғылыми мекемелерімен байланысты күшейту;
- ғылым мен техниканың жетістіктерін қалың көпшілік арасында кең тарату, оларды өндіріске ендіру қажет. Практик-жаңашылдарға көп көңіл бөлу, практикалық сұранысты ескере отырып, олардың жұмысын ғылыми мекемелерде зерттеу;
- ғылымның жеке фактілерден жинақталуы, оларды терең талдау және жалпыландыру, бұл өз кезегінде ірі ғылыми нәтижелерге, мысалы, металлогендік болжам карталарын жасауға әкеледі. Фактілермен бекітілмеген жалаң теорияларға бой ұрмау, босқа шығындалмау керек;
- іргелі-іргелі теориялық ғылымды дамыту. Үлкен теория саласында бізге Қазақстанның мәртебесін көтеретін кең көлемдегі ғылыми жұмыстар қажет;
- ғылымды дамыту үшін ғылыми-зерттеу институттарын алдыңғы қатарлы аппаратурамен, құрал-жабдықтармен, аспаптармен, саймандармен қамтамасыз ету арқылы материалдық база жасау, оны жедел дамыту қажет;
- білімі терең ғалымдардың, ғылым саласындағы тәжірибесі мол аға буын мамандар мен жас ғалымдардың күшін үйлестіру. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттырып, нәтижелі болуына үлкен септігін тигізеді. Ғылым академиясының аймақтарда, ірі кәсіпорындарда көшпелі сессияларын жиі ұйымдастырып отыру, кәсіпорындардың қызметкерлері мен қаржыларын қатыстыра отырып жүргізілетін зерттеулерді кең көлемде жүргізу (мысалы, Балқаштағы циклонды балқыту) керек.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев-қазақ ғылымының жанашыры болды.Ол Ғылым академиясының басшылығында болған кезінде ғылымға байланысты әр саланы мұқият қарап, оны орындалуын қадағалап отырды. Мысалы, 1950 жылы №134 хат бойынша Қазақстан КП(б) ОК хатшысы Ж. Шаяхметовке Абай Құнанбаевты мәңгілік есте қалдыру туралы ұлы ақынның 1954 жылы дүниеден өткеніне 50 жыл толуына байланысты Абайдың кітаптары сұраныста екенін, қалған шығармаларын да шығару керектігін айтып, еске алу шараларын өткізуді күн тәртібіне кіргізу керектігін дәлелдеп, іске асырды. Бұл өз елінің тұлғаларын дәріптеп, олардың еңбегін елге таныстыру ісіндегі ғалымның атқарған қызметі еді. 1958 жылы Қаныш Имантайұлы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бесінші сессиясының депутаты болып сайланды. 1959 жылы КОКП XXI съезінде делегат, 1961 жылы - КОКП XXII съезінде делегат, КСРО ҒА Президиумының мүшесі болып сайланады. 1962 жылы Сәтбаев Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңесінің алтыншы шақырылған сессиясында депутат және төраға орынбасары болып сайланады. 1963 жылы Қаныш Имантайұлы геология ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Ленин орденімен 4-ші рет марапатталды. Қ.И. Сәтбаевтың құнды да бай дәлелдерінің арқасында ашылған Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелерінде 1946-1960 жылдары аралығында 82 ғылым докторы мен 800-ден астам ғылым кандидаты қорғап шықты. 1970 жылы Қазақ КСР ҒА ғылыми мекемелерінде 114 ғылым докторлары, 1060 ғылым канди- даттары қызмет атқарды. Бұл көрсеткіш 1946 жылмен салыстырғанда ғылым орталығында академиктер 4 есе, корреспонденттар 4 есе, ғылым докторлары 2 есе, ғылым кандидат- тары 5,9 есеге өскендігін көрсетеді. Ғылыми зерттеу мекемелеріндегі қызметкерлердің көбісі қазақтар болды. Қарқынды жұмыстардың нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым академиясының геологтары, металлургтері, энергетика саласының маман- дары, кеншілері, химиктері, тарихшылары мен тілшілері, экономистері өздерінің ғылыми жұмыстарын халық шаруашылығының мамандарымен бірлесе отырып жүргізді. Нәтижесінде сол кездегі басты сыйлықтар Ленин және Сталин атындағы марапаттау- лармен немесе еңбегі сіңген ғылым қайраткері деген атақтар алды. Бұл Ғылым академиясының табанды еңбегі мен жетістіктерінің көрсеткіші еді. Қазақ ғалымдарының бірегейі Қ.И. Сәтбаевтың Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесі зор. Мәселен, Қарағандыда металлургиялық зауыттың өмірге келуі, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін игеру және Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді.
1950-1980 жж. Қазақстан экономикасы жалпы Одақ бойынша жоғары қарқында дамыды. Бұл үрдіс ғылыми-техникалық бағытта да алға басулармен қатар жүрді. Республикада бұл жылдары бірқатар жаңа ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдар құрылды, оның ішінде Ғылым академиясының құрамында 6 институт ашылды. 1980 жж. басына қарай Қазақстанда 21,1 мың адам жұмыс істейтін 140 ғылыми мекеме болды. Негізігі ғылыми күштер Ғылым академиясында шоғырланды - мұнда 31 ғылыми мекеме, оның ішінде 24 ғылыми-зерттеу институты орналасты. Ғылым академиясының ғалымдары ғылым мен экономиканың барлық бағыттары бойынша зерттеулермен айналысты.

Қазақ Ғылым Академиясының ашылуының Қазақстанға әсері.

Ғылым Академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы және мәдениетінің зерттелуіне, оның табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы зерттелуіне жол ашты. Кейін Ғылым Академиясы халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Республика көлеміндегі ғылыми орталық құрылды, ғалымдар мемлекеттік бесжылдық жоспарларды жүзеге асырды. Жылдан-жылға республикалық Ғылым Академиясының маңыздылығы арта түскен. Ол іргелі зерттеулердің орталығына айналып кетті.Заман талабына сай Қазақ КСР Ғылым академиясының ашқан жаңалықтары мен табысы Қазақстандағы ғылымның дамуына орасан зор ықпал етті. Сонымен қатар негізгі қаржының жартысынан көбі ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде қара және түсті металлургияны, химия мен отын өнеркәсіптерін, энергетиканы жедел дамытуға бағытталды. Осындай тапсырмалармен тығыз байланыста болған ғылым академиясы Кеңес Одағының негізгі ғылыми зерттеу мекемелерімен байланысып, келісіп отырды. Осындай қарқынды жұмыстардың нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым академиясының геологтары, металлургтері, энергетика саласының мамандары, кеншілері, химиктері, тарихшылары мен тілшілері, экономистері өздерінің ғылыми жұмыстарын халық шаруашы- лығының мамандарымен бірлесе отырып жүргізді
Нәтижесінде сол кездегі басты сыйлықтар Ленин және Сталин атындағы марапаттаулармен немесе еңбегі сіңген ғылым қайраткері деген атақтар алды. Бұл Ғылым академиясының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Ақтөбе өңіріндегі жалпы білім беру мәселелерінің көтерілуі
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы
Маңғыстау мұнай қауымдастығы
ИОГҚ мұражайының басшылары
Шоқан Уәлиханов - ғалым, саяхатшы
Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылар
Пәндер