Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

1 МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 БӨЛІМ. ҚОҒАМДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР РӨЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Миграция процестерін теориялық талдау . . . 1. 2 «Миграция» түсінігі мен пайда болу тарихы . . . 1. 3 Қазіргі көші-қон процестерінің мәселелері . . .

2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 Қазақстандағы әлеуметтік көші-қонды реттеу жұмыстарының мазмұны . . . 2. 2 Көші-қон үрдісіне әсер ететін факторлар мен көші-қон үрдісінің халықтың әлеуметтік жағдайына әсері . . . 2. 3 Қазақстан Республиксының көші қон үрдісінің динамикасы . . .

3 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАНДА КӨШІ-ҚОННЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

3. 1 Қазақстанда көші-қон мәселелерін зерттеудің құқықтық негіздері . . . 3. 2 Қазақстанда көші-қонның жүзеге асырылуы . . . 3. 3 Қазақстандағы көші-қон үдерістерін басқаруды жетілдіру . . .

БӨЛІМ ҚОҒАМДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР РӨЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Миграция процестерін теориялық талдау Халық қоғамның өндірістік күшінің негізгі қайнар көзі болып табылады. Тұрғындардың саны, жыныстық, ұлттық құрамы, білім деңгейі және шаруашылығы туралы мәліметтерді дұрыс білмей, елде дұрыс демографиялық саясатты жүргізе алмаймыз. Қазіргі Қазақстанда демографиялық процестерді зерттеу тек қана ғылыми жағынан өзекті емес, сонымен қатар тәжірибелік жағынан да маңызды. Көші-қон мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік - демографиялық құрылымды талдау - қазақстандық ғалымдардың толық кешенді маңызды тапсырмасы. Республикадағы демографиялық жағдайды талдау барысында Қазақстанның даму ерекшеліктерін ескеретін эффективті демографиялық саясатты жүзеге асыруда және өңдеуде қалыптасқан мәселелер қатарына назар аудармауға болмайды. Демографиялық зерттеулер қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-демографиялық жағдайға тікелей және жанама әсер етеді. Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы әлі зерттелмеген немесе тарих ғылымдарында орын алмаған көптеген нақты тарихи мәселелерді тапты. Бұл ішкі республикалық көші-қон және басқа да ТМД едеріндегі көші-қонның өсуі, денсаулық сақтаудағы жағымсыз жағдайлар, халықтың біліміне қатысты жағымсыз жағдайлар, жұмыссыздық. Сонымен, ғалымдардың алдында тезірек шешілуі керек мәселелер қатары қалыптасты. Қазақстан Республикасының тұрғындарының саны, құрамы және орналасуы туралы сұрақтар зерттеушілердің назарына бұрыннан ілікті. Демек, мемлекеттердегі көші-қон үрдістерін, жалпы жаңадан пайда болған қоғамдардағы көші-қонның аяқ алысы мен даму ерекшеліктерін зерттеу ісі, бірінші кезекте, бірқатар осы заманғы батыс ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқаны белгілі. Шетелдік саяси ой шеңберінде көші-қон, демография сияқты әлеуметтік феномен мен саясат арасындағы байланысқа алғаш рет ден қойған Т. Мальтус және У. Петти сияқты ғалымдар еді. Олардан басқа көші-қон феноменінің қауіпсіздік мәселесімен байланысын жүйелік талдаудан өткізген Е. Ротшилд, С. Линкольн, С. Гиртс, ал көші-қон меселесінің әдістемелік астарын ашқан Л. Анри, А. Блюм сынды зерттеушілерді алға тартуға болады. Сонымен бірге көші-қон мәселесінің концептуалды түрде негізделуіне ресейлік ғалымдардың да қосқан үлесі аз емес. Бұл Ресейдің ұлан-ғайыр территориясында, оның геосаяси ерекшелігі арқасында орын алған көші-қон үрдістерінің күрделілігімен байланысты болса керек. Бұл ретте Л. Н. Гумилев, Л. В. Андриченко, В. А. Ионцев және басқа да ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерін алға тартқан жөн. Шын мәнінде ресей ғалымдарының көпшілігі көші-қон мәселесін этноәлеуметтік феномен ауқымында қарастырады. Мәселен, С. Панарин, О. Г. Буховец, Ж. А. Зайончковская сынды зерттеушілердің еңбектерінде көші-қон үрдісінің әлеуметтік астары қамтылса, Н. В. Алисов, О. И. Брусина, О. Д. Воробьевалардың зерттеулерінде оның этносаяси аспектілері қарастырылған. Ал енді отандық саяси ой саласына келер болсақ, көші-қон, демография мәселелерінің маңызды мәнге біз ойлағаннан көп бұрын ие болғанын көреміз. Бұл ретте Қазақстанда алғаш рет көші-қон мәселесіне орай арнайы зерттеулер жүргізгендер Ә. Бөкейханов пен М. Тынышпаев деп айтуға толық негіз бар. Олардың еңбектерінен қазақ ұлтының демографиялық хал-ахуалына деген көзқарастар мен оны түзету туралы ұсыныстарды көруге болады. Қалай десек те, осы заманғы отандық саяси ғылым шеңберінде көші-қон, демография саласын зерттеудің негізін қалаушылар болып М. Б. Тәтімов, Н. В. Алексеенко, Ә. Б. Ғали аталады. Сонымен қатар, Қазақстандағы заңсыз көші-қон үрдістері туралы зерттеуші Е. Ю. Садовскаяның, көші-қонның ұлттық, этникалық астарын ашатын Б. Әбдіғалиевтің, ішкі миграция, яғни Қазақстандағы ауыл мен қала арасындағы көші-қон меселесіне арналған А. Забированың еңбектерін атап өткен жөн. Бұдан басқа көші-қон меселесін тиімді жүргізудің ұлттық идеяны қалыптастырудағы маңызы туралы С. Мұсатаевтың, тіл саясатын қалыптастырудағы ролі туралы Г. А. Базарбаеваның, маргинализмнің Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңғыруындағы орны туралы, А. А. Әмірованың, ТМД елдерінен кеткен интеллектуалды мигранттар туралы А. М. Садықовтың, көшпенділік феноменін талдаған Б. А. Тлеповтың диссертациялық жұмыстарында қарастырылғандығын атап өткен жөн. Ал енді жалпылай алғанда, отандық ғылым өкілдерінен аталмыш мәселе Қазақстанның белгілі ғалымдары мен зерттеушілері Р. Б. Абсаттаровтың, Е. М. Ишмұхамедовтың, Қ. Е. Нарматовтың, Н. В. Романованың, Т. С. Садықовтың, И. С. Сәрсенбаевтың, К. Л. Сыроежкиннің еңбектерінде қарастырылады. Кеңес Одағы кезінде еліміздің халқының орналасуының мәселелері туралы ең бірінші еңбек деп Л. Дубровскийдің «Кеңес Одағы халқының орналасуы» (бүкілодақтық 1939 жылғы халық санағы бойынша) брошюрасын жатқызуға болады. Халықтың орналасуы жөніндегі ғылыми әдебиеттер соңғы қырық жылда едәуір көбейді. Бұл А. Исуповтың «КСРО халқының ұлттық құрамы», А. И. Гозлувтың, М. Г. Григорянцтың «КСРО халқының орналасуы» (тығыздықтың, санның, құрамның статистикалық зерттелуі), В. И. Козловтың «КСРО-ның ұлттылығы», «Этнодемографиялық бейнелеу», «Этникалық демография», С. И. Бруктың «КСРО-дағы этнографиялық процесстер», А. С. Московскийдің, В. А. Юсуповтың «Сібір қалалаындағы халықтың құрылуы», онда Қазақстан халқының ұлттық құрамы және санының динамикасы туралы статистикалық мағлұматтар берілген. Екінші топқа халықтың орналасуы бойынша қазақстандық ғалымдар жатады. Алғашқы жұмыс ретінде 1926 жылдағы аймақтың халық санағымен шектелген А. Доничтің «Қазақстан тұрғындары» атты мақаласы жатады. Осы мақаладан кейін 70 жылдарға дейін аймақтың тарихи әдебиетінде бұл мәселе талқыланбады. 1961 жылы Г. Макимовтың халықтың орналасуының мәселесін өңдеуді кеңестік ғалымдар аз қарастырған. 70-80 жылдары Қазақстанның революцияға дейінгі демография мәселелерін қарастырған жұмыстар тізбесі пайда болды. Н. Е. Бекмахановтың «Қазақстандағы және Солтүстік Қырғызстандағы көпұлтты халықтың құрылуы (XVIII ғасырдың 60 жылдары - XIX ғасырдың басы) », «Капитализм эпохасындағы Қазақстан мен Қырғызстанның көпұлтты халқы (ХІХғ. 60 - 1917 ж. ) », Н. В. Алексеенконың «Революцияға дейінгі Қазақстанның халқы (1830-1914 жж. саны, құрамы, құрылымы) », А. Ғалиевтің «Қайтақұрылым» кезеңінің соңында Қазақстан тұрғындары: саны, ұлттық және әлеуметтік-кәсіби құралы» атты Декларациясында, 1926 жылғы тұрғындардың Бүкілодақтық санағының материалдарының негізінде, мұрағатты және әдеби қайнар көздермен халықтың құрамы үш аспектіде қарастырылады: этнографиялық, тұрғындардың мінездемесі және әлеуметтік-кәсіби деңгейі. Автордың айтуынша, Қазақстан тұрғындарының динамикасы тарих, шаруашылық-тұрмыстық, табиғи-климаттық, этно-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби және тағы басқа факторлардың өзара әрекеттесуі мен қиын саяси және экономикалық жағдайд қалыптасқан. А. Ғалиев басты назарын қазақ және орыс тұрғындарының жастық-жыныстық құылымын зерттеуге бөледі. Қазақтардың отбасы құрылымына, тұрғындардың географиясына, әлеуметтік құрылымына және кәсіби құрамына талдау жасаған. Көші-қон мәселесін зерттеу қиын және ол көптеген философтардың, экономистердің, социологтардың, демографтардың бірігіп жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан авторлар өздеріне төмендегідей міндеттерді қойды. - Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты екендігін көрсету; - халықаралық және ішкі республикалық миграцияның қала және ауыл халқына әсерін байқау; - тұрғындардың сапалық мінездемесі қалай өзгеретінін көрсету, яғни оның әлеуметтік, кәсіби құралы, білім деңгейі; - миграциялық тұрғындардың ұлттық құрылымның өзгеруіне ықпалын көрсету; - халықтың денсаулығына және біліміне назар аудару; өнеркәсіптің химиялық және ядролық өндірістің экологиялық жағдайға әсер етуі. Жұмысты жүргізуде маңызды кайнаркөздер болып, Қазақстан Үкіметінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және демографиялық жылнамалары, мұражайлық құжаттар мен мерзімдік басылымдар табылады. Негізінде біз үшін маңызды құжаттар ол демографиялық жылнамалар, статистикалық жинақтар. Бұл басылымдарда Қазақстан және облыстар бойынша тұрғындардың нақты саны, нақты қозғалысы, миграция, туу мен өлу, неке мен ажырасу туралы мәліметтер беріледі. Көптеген мәліметтер алдыңғы көрсеткіштермен салыстырылады. Статистикалық материалдар - мәліметті талдау үшін маңызды қайнар көз болып табылады. Бірақ та мұнда статистикалық қате кетуі мүмкін. Бұл статистикалық зерттеулер аймақтың бөлек территорияларында келушілердің, кетушілердің, туу санының санағының дұрыс жүргізілмеуіне байланысты. Қазақстан Республикасында көші-қон және демография мәселелеріне қызығушылық танытатын ғалымдар қатары төмендегідей: Ж. Н. Асылбекова, И. С. Қуандықова, С. Б. Ғалиев, А. Ш. Айтаев, М. Б. Тәтімов, Ю. И. Романов, Т. С. Кулаев. Қазақстанда ХХ ғасырдың соңында күрделі өзгерістер болды. 1991 жылдан бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Соның бірі Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Себебі көші-қон үрдістері елдегі мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық жағдайларға әсерін тигізеді. Ал қазіргі кездегі көші-қон үрдістерінің негізі кеңестік дәуірде қалыптасқан көші-қондық үдерістермен тығыз байланысты. Сондықтан кеңес кезеңіндегі көші-қон саясатының ерекшелігі, мемлекеттік деңгейде жүргізілген қоныстандыру үдерістері мен оның нәтижелерін зерттеу қазіргі мемлекеттік көші-қон саясатын жүргізу үшін де қажетті. Қоғамның дамуына теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық жағдайларды шешудің бір бағыты - қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосу. Сондықтан біздің жас мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта демократиялық бағытта дамушы ел деп танылуымен бұл мәселенің өзектілігі арта түсуде. Кеңестік мемлекеті ыдырап, тәуелсіз Қазақстан республикасының қалыптасуы кеңес дәуіріндегі тарихи процестерді саралауға, оның ішінде қоныстандыру мен көші-қон мәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашты. Кеңес дәуіріндегі қоныстандыру мен көші-қон үрдістерінің демографиялық қана емес біртұтас мемлекеттік билік тарапынан жасалынған іс-шаралар екендігі айқындала түсті. Себебі қоныстандыру үрдісінің жүргізілуі халықтардың көші-қонына әкелетіндігі заңдылық еді. Ал көші-қон қозғалысының халықтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, психологиялық ахуалына әсері болады. Соңғы кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеуге, көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр. Себебi ұлттық еркiндiктi сақтап қалу, тәуелсіздік тұғырын нығайту үшiн ең нәзiк те маңызды мәселелер қолға алынуда. ХХ ғасырдың соңына қарай еліміздегі көші-қон, әлеуметтік-демографиялық мәселелер мемлекеттік дәрежеде қарастырыла бастады. Қазақстан Республикасындағы көші-қон үрдісі аумағындағы мәселелерді шешу мемлекеттік саясаттың басты бағыттырының бірі болып отыр. Жалпы көші-қон процестері мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, қоғамдағы күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен тығыз байланысты екендігі белгілі. Біздің еліміздегі халықтың миграциясын зерттеу мәселесіне келер болсақ, ол мынандай үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-шы жылдарын құрайды. Бұл кезеңде мынандай еңбектер жарық көреді, олар: И. Л. Ямзиннің «Шаруалардың босау кезінен бастап Ресейдегі қоныс аударулар» (Киев, 1912), В. В. Оболенскидің «Соғысқа дейінгі Ресей мен КСРО-ғы халықаралық және континент аралық миграциялар» (Москва, 1928) және т. б. Екінші кезеңде (1930-1950 жж. ) миграцияны зерттеу, басқа да ғылымдар мен бағыттарды зерттеу тәрізді оңдаған жылдарға дейін зерттелмей қалады. Бұл кезеңде социализм дәуірінде миграция жоспарлы түрде жүргізіледі, сондықтан да оны зерттеудің қажеттілігі жоқ деген түсінік қалыптасады. Осыған байланысты 1939 және 1959 жылдардағы жүргізілген халық санағының санақ парақтарына миграция туралы сұрақтар да енгізілмейді. Үшінші кезең 1960-шы жылдардан бастау алады, бұл кезеңнен бастап халықтың миграциясын зерттеудің жаңа дәуірі басталды. Миграцияның әр түрлі аспектілеріне арнаған, алдыңғы қатарлы демограф ғалымдардың еңбектері жарияланды, олар В. И. Медков, А. Я. Кваша, В. А. Ионцев, Г. С. Витковская, Н. М. Римашевская, т. б. Н. В. Романованың «Этнополитические процессы в РК» атты еңбегінде Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік процестер саяси аспектіде қарастырылады. Мұнда Қазақстандағы этносаралық сенімді бұзбау керектігіне, келісім, өзара көмек қажет екендігі және қоғамдағы бірлесуге миграциялық мінез - құлық басты ықпал ететін факторлардың бірі болып табылатындығы атап өтіледі. Г. М. Меңдіқұлованың «Исторические судьбы казахской диаспоры на протяжении ХVІ-ХХ вв. и современное ее состояние» деген тарихнамалық еңбегінде қазақ диаспорасының т. б. әлем елдеріне таралуы, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің еңбек миграциясы, 1990 жылдардағы қазақтарды репатриациялау және қазақ диаспорасының этникалық бірегейлігінің сақталуы проблемасы зерттелген.

Е. Ю. Садовскаяның «Миграция в Казахстане на рубеже ХХІ века: основные тенденции и перспективы» атты еңбегінде Қазақстандағы 1990-шы жылдардағы миграциялық процестер жан-жақты талданып, миграцияның Қазақстандағы жаңа типтері атап өтіледі. Миграцияның көлемінің Қазақстандағы ұлғаюына, демографиялық жағдайды талдауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді зерттеуге К. Л. Сыроежкиннің, А. И. Лұқпановтың, А. Т. Тилесовтің мақалалары арналған. 1997 жылы миграциялық процестердің саяси-құқықтық мәселесіне арналған зерттеу жұмысы жарық көрді. Бұл М. Б. Тәтімов пен М. А. Ақшалованың «Формирование самостоятельной демографической и миграционной политики РК», мұнда егеменді Қазақстандағы тиімді миграциялық саясатты жүзеге асыру тәсілдері әзірленген. Қалай десек те, осы заманғы отандық саяси ғылым шеңберінде көші-қон, демография саласын зерттеудің негізін қалаушылар болып М. Б. Тәтімов, Н. В. Алексеенко, Ә. Б. Ғали аталады. Сонымен қатар, Қазақстандағы заңсыз көші-қон үрдістері туралы зерттеуші Е. Ю. Садовскаяның, көші-қонның ұлттық, этникалық астарын ашатын Б. Әбдіғалиевтің, ішкі миграция, яғни Қазақстандағы ауыл мен қала арасындағы көші-қон мәселесіне арналған А. Забированың еңбектерін атап өткен жөн. Бұдан басқа көші-қон мәселесін тиімді жүргізудің ұлттық идеяны қалыптастырудағы маңызы туралы С. Мұсатаевтың, тіл саясатын қалыптастырудағы ролі туралы Г. А. Базарбаеваның, маргинализмнің Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңғыруындағы орны туралы, А. А. Әмірованың, ТМД елдерінен кеткен интеллектуалды мигранттар туралы А. М. Садықовтың, көшпенділік феноменін талдаған Б. А. Тлеповтың диссертациялық жұмыстарында қарастырылғандығын атап өткен жөн.

Қазіргі кезде қоғамдағы көші-қон жағдайының сипаты мен шиеленісу дәрежесі көбіне алыс шет елдерден қоныс аударудың даму тенденциясымен анықталады. Көші-қонның бұл түрі жағдайында сыртқы және ішкі саяси мәселелер қиындық көздеріне айналады.

1. 2 «Миграция» және «еңбек миграциясы» түсінігі мен пайда болу тарихы Көп уақыт "миграция" ұғымын адамдар әр түрлі түсінген, бірақ барлығы бір ұғым туралы ойлаған. Егер осы ұғымды жан-жақты карастырсақ, халықтың территориалды қозғалысының үш түрін көруге болады. Біріншіден, миграция ұғымымен біз адамдардың мақсат-міндеттеріне қарамай олардың кеңістіктегі қозғалысын көреміз. Бұған кіретіндер: бір жерден екінші жерге көшу, күнделікті қозғалыстар (жұмысқа, сабаққа бару), уақытша немесе маусымдық жұмыстарға, командировкаға бару, демалыс куроттарына бару, т. б. жатады. Көп ғалымдар бір тұрғылықты аймақтағы қозғалыстарды миграция деп есептемейді. Екінші, басқа қалаға қонакқа бару, күн сайын екі жақты қозғалыс (жұмыс, оқу) процесі есепке алынбайды. Сондықтан, біз осыны миграцияға жатқыза алмаймыз. Үшінші және осы ең басты миграция деп айтуға болады. Ол мемлекетаралық немесе континетаралық миграция. Уақытша болсын, маусымдық болсын осындай миграция локалды емес, глобалды болады. Тарихқа көз салсақ, миграция адамдар пайда болғаннан басталғанын көреміз. Адам адам болғалы, өмір сүруіне байланысты, бір жерден екінші жерге көшуге мәжбүр болған. Тамақ іздеп, жауларынан қашып, климат жағдайына байланысты адамдар көшуі болған. Басында 5-10 адам болып көшсе, уақыт өте келе тайпамен, румен, елмен және бүкіл халықпен көшуге дейін болған. Осыған мысал ретінде: Ғұндар қоныс аударуы, құдіретті Аттила бүкіл ғұн тайпаларын батысқа алып кетуі, ұлы қоныс аударуын бастаған. Олар соғысып отырып батысқа кетіп, сол жерде жергілікті халықпен ассимиляцияға ұшырап, қазіргі Венгр халқының ата-бабалары болып отыр. Миграция қай уақытта болмасын халық құрамының өзгеруіне өте күшті әсер етуші фактор болып табылады. Осыған сүйене отырып «Ұлы қоныс аудару» процесі жер бетіндегі барлық халықтардың қалыптасуына өз үлесін тигізген. Келесі бір мысал: Қазіргі замандағы ең күшті, ең экономикасы дамыған, жер бетіндегі алдыңғы катарлы ел Америка Құрама Штаттары халқының қалыптасуына миграция ең басты рөл атқарған. Барлығымыз білетіндей Америка ашылғаннан кейін Еуропадан мигранттар, уақыт өте келе бүкіл дүние жүзінен мигранттар ағылған. Қазіргі заманда да Америка Құрама Штаттарына мигранттар толқыны толастамай отыр. Сонау орта ғасырлардан бастап ағылған мигранттар жалғыз Америка Құрама Штаттарына емес, батыс жарты шарындағы Оңтүстік және Солтүстік Америка материктеріне де келіп жатыр. Осы материктердегі халықтардың қалыптасуына өз әсерін тигізді. Оған, Бразилияға португалдықтардың, Аргентинаға испандықтардың, Венесуэлаға италяндықтардың, француздықтардың ағылуы бүкіл материктегі халықтың құрамына айтарлықтай өзгеріс енгізді. Осы айтылып кеткен елдер қазіргі күні мигранттар ағылған елдердің тілдерінде сөйлейді, мәдениеттері бір. Былай айтқанда планетамыздың батыс жарты шары мигранттар елі деуге болады. Тарихта негізінен миграция басқьншылық соғыс ретінде жүрген. Басқыншылар басып алған жерлерінде қалып қойып отырған және сол жердегі жергілікті халықпен ассимиляцияға үшыраған. Келесі бір мысал, Африкадағы Оңтүстік Африка Республикасы. Осы ел қазір Африканың ең дамыған елі болып отыр. Осы елге де мигранттар басқыншылар ретінде келген. Осы мигранттар арқасында Оңтүстік Африка Республикасы Африка мемлекетерінін арасынан дамуы бойынша оқ бойы ұзап кетті. Тағы да бір мысал, миграцияға ұшыраған ел, материк - Австралия. Джеймс Кук осы материкті ашқаннан соң, жолдың алыстығына қарамай мигранттар ағыла бастады. Әрине Америкаға сияқты көлемде емес, біртіндеп келе бастады. 2-3 ғасырға созылған Австралияға қоныстану процесі, қазіргі күнде 16-17 миллионға жетті. Басында Ұлыбритания сотталғандарды апарып отырған, кейіннен баска да адамдар Австралияға келе бастады. Уақыт өте келе өздері бір мемлкет болып Ұлыбритания королдығының достастығына кірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамуы күшті болып, қазірге дейін сол темпті ұстап, бүгінгі күні дамыған капиталистік елдер қатарына қосылып отыр. Халқының 93% еуропалықтар, қалған пайызын жергілікті тұрғындар, яғни, аборигендер құрайды. Өзіміз көріп отырғандай миграция толық бір материкті өзгерткен. Осы мысалдарға қарай отырып, біз мигранттардың елдер мен мемлекеттердің қалыптасуына қандай рөлі зор екенін көреміз. Сонау орта ғасырлардың өзінде королдықтар және мемлекеттер мигранттардан қорыққан және күрес жүргізген. Мигранттар келгенде елдегі ішкі тұрақтылык бұзылуы мүмкін. Мигранттар дегеніміз ол басқа ұлт, басқа мәдениет, басқа тіл,

басқа салт - дәстүрлер. Міне осылар елдегі тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін.

Мысалы: Америка материгінде мигранттар сол жерде мыңдаған

қалыптасқан мәдениетті бұзып, қиратып, өз мәдениеттерін енгізген. Бірақ ол әрқашанда осылай бола бермейді. Кейбірде ол мәдениеттер бірігіп,

бірін-бірі толықтырып, қатар өмір сүре алады, оған біздің ел мысал бола

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қазіргі миграциялық үрдістер
Миграциялық процестердің Қазақстан Республикасының демографиялық эволюциялық дамуға әсері
1970 – 1990 жылдардағы Қазақстандағы көші – қон процестерінің тарихы
Қазақстан Республикасында көші-қон қатынастарын реттеудің мемлекеттік-құқықтық негізі
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Зерттеудің деректік негізі
Урбанизация туралы
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Қазақстанда қалуына жағдай жасау
Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz