Халықтың көші - қоны


Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Елбасымыз 2012 жылғы халыққа Жолдауында 2020 жылға қарай республика халқының саны 10 пайызға өсуі үшін мемлекет барлық мүмкіндіктерді жасайды деп, қазіргі кезеңдегі еліміздің дамуының басымдылық бағытына ерекше көңіл бөлді. Табиғи өсіммен бірге көші-қон мәселесінің сабырлы саясаттың, тұрақты экономиканың, құқықтық қатынастардың, ұлтаралық достық пен келісімнің негізгі тіректерінің бірі ретіндегі рөлі көтерілуде. Еліміздегі демографиялық ахуалда оң өзгерістерге қол жеткізу үшін көші-қон мәселесіне басымдылық беріп, табиғи өсімді ынталандыру - мемлекетіміздің демографиялық саясатындағы басты бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстанның егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолы жеңіл бола қойған жоқ. Демографиялық ахуалға кезінде кері әсерін тигізген әлеуметтік-экономикалық дағдарыс еліміздің негізгі байлығы болып табылатын - адамдар ресурстары жағдайында көрініс тапты. Жеке дербес мемлекет болып қалыптасып, дамып, өз саясатын жүргізе бастаған Қазақстанға алғашқы күннен бастап-ақ терең тарихы бар көші-қон мәселелеріне қатысты өз бағытын айқындауға тура келді. Егеменді Қазақстанның көші-қондық қозғалысына жиырма жыл, оның өзіндік тарихы бар, оны өзіндік «кезеңдерге» бөліп, динамикасын, бағыттары мен көлемін талдау қажет.
Қазақстан Республикасындағы көші-қонның себептері мен нәтижелері қандай, көші-қонның, кеңірек алсақ, демографиялық және әлеуметтік дамудың болашағы нені меңзейді? Осы сұрақтарға жауап алмайынша, тиімді де сенімді мемлекеттік саясат жүргізу мүмкін емес. Сондықтан да өзара байланыста болатын көші-қон мен демографиялық жағдайлардың арақатынасының соңғы кеңестік санақ кезінен бергі барысын көрсете отырып, негізгі заңдылықтары мен үрдісін анықтау сонымен қатар, халықтың әлеуметтік-демографиялық даму деңгейі оның мекендеген ортасы, географиялық орналасқан жері, өмір сүретін елінің мәртебесі мен саяси-экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік-мәдени ахуалы, әлеуметтік-құқықтық қамсыздандырылуы және тағы басқа тыныс-тіршілігінің барлық салаларымен өзара тығыз байланысты. Осындай кешенді фактор көші-қонның себептеріне, көлеміне, бағыттары мен салдарларына әсер етсе, көші-қон, керісінше сол факторлардың туындауы мен кез-келген мемлекеттің ішкі және халықаралық көлемдегі даму деңгейінің өзгерістеріне ықпал етеді. Жаһандану кең қанат жайған кезеңде Қазақстанда көші-қон үдерісінің жаңа түрлері пайда болып, көлемі, мәні, барысы, маңызы және салдарлары күрделенген сайын көші-қон мәселесін зерттеудің қажеттілігі мен өзектілігі күшейе түсуде.
Дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты - Қазақстан Республикасындағы көші-қон жағдайын және олардың өзгеру үрдістерін теориялық жағынан негіздеп, қазіргі жағдайды талдау арқылы көші-қон үдерісін жетілдіру жолдарын кешенді зерттеу.
Осыған орай дипломдық жұмысты зерттеуде төмендегi мiндеттердi жүзеге асыру көзделдi:
- Қазіргі әдістемелік қағидалар тұрғысынан Қазақстандағы көші-қон процестері мәселесін зерттеушiлердiң тарихи және әлеуметтік-саяси негiздегi еңбектеріндегі зерттелу деңгейін нақтылау;
- Қазақстандағы көші-қон процестері динамикасына әсер ететін негізгі факторларын талдау;
- Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін реттеуге байланысты ұсыныстар беру.
Зерттелу нысанасы - Қазақстан Республикасына көшіп келушілер мен көшіп кетушілер.
Зерттеу пәні - ҚР көші-қон жағдайын және өзгеру үрдістерін кешенді зерттеу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігіне тоқталып, мақсаты мен міндеттері анықталады және зерттеу жұмысының нысаны мен пәні айқындалады. Негізгі бөлімде көші-қон қон мәселесінің ғылыми зерттелуі қарастырылып, олардың өзгеру үрдістері талданылады. Көші-қон мәселесінің даму тенденциялары көрсетіледі. Қорытындыда негізгі бөлімдегі айтылған пікірлерге тұжырымдама жасалынады.
- БӨЛІМ ҚОҒАМДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР РӨЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Миграция процестерін теориялық талдауХалық қоғамның өндірістік күшінің негізгі қайнар көзі болып табылады. Тұрғындардың саны, жыныстық, ұлттық құрамы, білім деңгейі және шаруашылығы туралы мәліметтерді дұрыс білмей, елде дұрыс демографиялық саясатты жүргізе алмаймыз. Қазіргі Қазақстанда демографиялық процестерді зерттеу тек қана ғылыми жағынан өзекті емес, сонымен қатар тәжірибелік жағынан да маңызды. Көші-қон мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік - демографиялық құрылымды талдау - қазақстандық ғалымдардың толық кешенді маңызды тапсырмасы. Республикадағы демографиялық жағдайды талдау барысында Қазақстанның даму ерекшеліктерін ескеретін эффективті демографиялық саясатты жүзеге асыруда және өңдеуде қалыптасқан мәселелер қатарына назар аудармауға болмайды. Демографиялық зерттеулер қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-демографиялық жағдайға тікелей және жанама әсер етеді. Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы әлі зерттелмеген немесе тарих ғылымдарында орын алмаған көптеген нақты тарихи мәселелерді тапты. Бұл ішкі республикалық көші-қон және басқа да ТМД едеріндегі көші-қонның өсуі, денсаулық сақтаудағы жағымсыз жағдайлар, халықтың біліміне қатысты жағымсыз жағдайлар, жұмыссыздық. Сонымен, ғалымдардың алдында тезірек шешілуі керек мәселелер қатары қалыптасты. Қазақстан Республикасының тұрғындарының саны, құрамы және орналасуы туралы сұрақтар зерттеушілердің назарына бұрыннан ілікті. Демек, мемлекеттердегі көші-қон үрдістерін, жалпы жаңадан пайда болған қоғамдардағы көші-қонның аяқ алысы мен даму ерекшеліктерін зерттеу ісі, бірінші кезекте, бірқатар осы заманғы батыс ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқаны белгілі. Шетелдік саяси ой шеңберінде көші-қон, демография сияқты әлеуметтік феномен мен саясат арасындағы байланысқа алғаш рет ден қойған Т. Мальтус және У. Петти сияқты ғалымдар еді. Олардан басқа көші-қон феноменінің қауіпсіздік мәселесімен байланысын жүйелік талдаудан өткізген Е. Ротшилд, С. Линкольн, С. Гиртс, ал көші-қон меселесінің әдістемелік астарын ашқан Л. Анри, А. Блюм сынды зерттеушілерді алға тартуға болады. Сонымен бірге көші-қон мәселесінің концептуалды түрде негізделуіне ресейлік ғалымдардың да қосқан үлесі аз емес. Бұл Ресейдің ұлан-ғайыр территориясында, оның геосаяси ерекшелігі арқасында орын алған көші-қон үрдістерінің күрделілігімен байланысты болса керек. Бұл ретте Л. Н. Гумилев, Л. В. Андриченко, В. А. Ионцев және басқа да ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерін алға тартқан жөн. Шын мәнінде ресей ғалымдарының көпшілігі көші-қон мәселесін этноәлеуметтік феномен ауқымында қарастырады. Мәселен, С. Панарин, О. Г. Буховец, Ж. А. Зайончковская сынды зерттеушілердің еңбектерінде көші-қон үрдісінің әлеуметтік астары қамтылса, Н. В. Алисов, О. И. Брусина, О. Д. Воробьевалардың зерттеулерінде оның этносаяси аспектілері қарастырылған. Ал енді отандық саяси ой саласына келер болсақ, көші-қон, демография мәселелерінің маңызды мәнге біз ойлағаннан көп бұрын ие болғанын көреміз. Бұл ретте Қазақстанда алғаш рет көші-қон мәселесіне орай арнайы зерттеулер жүргізгендер Ә. Бөкейханов пен М. Тынышпаев деп айтуға толық негіз бар. Олардың еңбектерінен қазақ ұлтының демографиялық хал-ахуалына деген көзқарастар мен оны түзету туралы ұсыныстарды көруге болады. Қалай десек те, осы заманғы отандық саяси ғылым шеңберінде көші-қон, демография саласын зерттеудің негізін қалаушылар болып М. Б. Тәтімов, Н. В. Алексеенко, Ә. Б. Ғали аталады. Сонымен қатар, Қазақстандағы заңсыз көші-қон үрдістері туралы зерттеуші Е. Ю. Садовскаяның, көші-қонның ұлттық, этникалық астарын ашатын Б. Әбдіғалиевтің, ішкі миграция, яғни Қазақстандағы ауыл мен қала арасындағы көші-қон меселесіне арналған А. Забированың еңбектерін атап өткен жөн. Бұдан басқа көші-қон меселесін тиімді жүргізудің ұлттық идеяны қалыптастырудағы маңызы туралы С. Мұсатаевтың, тіл саясатын қалыптастырудағы ролі туралы Г. А. Базарбаеваның, маргинализмнің Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңғыруындағы орны туралы, А. А. Әмірованың, ТМД елдерінен кеткен интеллектуалды мигранттар туралы А. М. Садықовтың, көшпенділік феноменін талдаған Б. А. Тлеповтың диссертациялық жұмыстарында қарастырылғандығын атап өткен жөн. Ал енді жалпылай алғанда, отандық ғылым өкілдерінен аталмыш мәселе Қазақстанның белгілі ғалымдары мен зерттеушілері Р. Б. Абсаттаровтың, Е. М. Ишмұхамедовтың, Қ. Е. Нарматовтың, Н. В. Романованың, Т. С. Садықовтың, И. С. Сәрсенбаевтың, К. Л. Сыроежкиннің еңбектерінде қарастырылады. Кеңес Одағы кезінде еліміздің халқының орналасуының мәселелері туралы ең бірінші еңбек деп Л. Дубровскийдің «Кеңес Одағы халқының орналасуы» (бүкілодақтық 1939 жылғы халық санағы бойынша) брошюрасын жатқызуға болады. Халықтың орналасуы жөніндегі ғылыми әдебиеттер соңғы қырық жылда едәуір көбейді. Бұл А. Исуповтың «КСРО халқының ұлттық құрамы», А. И. Гозлувтың, М. Г. Григорянцтың «КСРО халқының орналасуы» (тығыздықтың, санның, құрамның статистикалық зерттелуі), В. И. Козловтың «КСРО-ның ұлттылығы», «Этнодемографиялық бейнелеу», «Этникалық демография», С. И. Бруктың «КСРО-дағы этнографиялық процесстер», А. С. Московскийдің, В. А. Юсуповтың «Сібір қалалаындағы халықтың құрылуы», онда Қазақстан халқының ұлттық құрамы және санының динамикасы туралы статистикалық мағлұматтар берілген. Екінші топқа халықтың орналасуы бойынша қазақстандық ғалымдар жатады. Алғашқы жұмыс ретінде 1926 жылдағы аймақтың халық санағымен шектелген А. Доничтің «Қазақстан тұрғындары» атты мақаласы жатады. Осы мақаладан кейін 70 жылдарға дейін аймақтың тарихи әдебиетінде бұл мәселе талқыланбады. 1961 жылы Г. Макимовтың халықтың орналасуының мәселесін өңдеуді кеңестік ғалымдар аз қарастырған. 70-80 жылдары Қазақстанның революцияға дейінгі демография мәселелерін қарастырған жұмыстар тізбесі пайда болды. Н. Е. Бекмахановтың «Қазақстандағы және Солтүстік Қырғызстандағы көпұлтты халықтың құрылуы (XVIII ғасырдың 60 жылдары - XIX ғасырдың басы) », «Капитализм эпохасындағы Қазақстан мен Қырғызстанның көпұлтты халқы (ХІХғ. 60 - 1917 ж. ) », Н. В. Алексеенконың «Революцияға дейінгі Қазақстанның халқы (1830-1914 жж. саны, құрамы, құрылымы) », А. Ғалиевтің «Қайтақұрылым» кезеңінің соңында Қазақстан тұрғындары: саны, ұлттық және әлеуметтік-кәсіби құралы» атты Декларациясында, 1926 жылғы тұрғындардың Бүкілодақтық санағының материалдарының негізінде, мұрағатты және әдеби қайнар көздермен халықтың құрамы үш аспектіде қарастырылады: этнографиялық, тұрғындардың мінездемесі және әлеуметтік-кәсіби деңгейі. Автордың айтуынша, Қазақстан тұрғындарының динамикасы тарих, шаруашылық-тұрмыстық, табиғи-климаттық, этно-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби және тағы басқа факторлардың өзара әрекеттесуі мен қиын саяси және экономикалық жағдайд қалыптасқан. А. Ғалиев басты назарын қазақ және орыс тұрғындарының жастық-жыныстық құылымын зерттеуге бөледі. Қазақтардың отбасы құрылымына, тұрғындардың географиясына, әлеуметтік құрылымына және кәсіби құрамына талдау жасаған. Көші-қон мәселесін зерттеу қиын және ол көптеген философтардың, экономистердің, социологтардың, демографтардың бірігіп жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан авторлар өздеріне төмендегідей міндеттерді қойды- Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты екендігін көрсету; - халықаралық және ішкі республикалық миграцияның қала және ауыл халқына әсерін байқау; - тұрғындардың сапалық мінездемесі қалай өзгеретінін көрсету, яғни оның әлеуметтік, кәсіби құралы, білім деңгейі; - миграциялық тұрғындардың ұлттық құрылымның өзгеруіне ықпалын көрсету; - халықтың денсаулығына және біліміне назар аудару; өнеркәсіптің химиялық және ядролық өндірістің экологиялық жағдайға әсер етуі. Жұмысты жүргізуде маңызды кайнаркөздер болып, Қазақстан Үкіметінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және демографиялық жылнамалары, мұражайлық құжаттар мен мерзімдік басылымдар табылады. Негізінде біз үшін маңызды құжаттар ол демографиялық жылнамалар, статистикалық жинақтар. Бұл басылымдарда Қазақстан және облыстар бойынша тұрғындардың нақты саны, нақты қозғалысы, миграция, туу мен өлу, неке мен ажырасу туралы мәліметтер беріледі. Көптеген мәліметтер алдыңғы көрсеткіштермен салыстырылады. Статистикалық материалдар - мәліметті талдау үшін маңызды қайнар көз болып табылады. Бірақ та мұнда статистикалық қате кетуі мүмкін. Бұл статистикалық зерттеулер аймақтың бөлек территорияларында келушілердің, кетушілердің, туу санының санағының дұрыс жүргізілмеуіне байланысты. Қазақстан Республикасында көші-қон және демография мәселелеріне қызығушылық танытатын ғалымдар қатары төмендегідей: Ж. Н. Асылбекова, И. С. Қуандықова, С. Б. Ғалиев, А. Ш. Айтаев, М. Б. Тәтімов, Ю. И. Романов, Т. С. Кулаев. Қазақстанда ХХ ғасырдың соңында күрделі өзгерістер болды. 1991 жылдан бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Соның бірі Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Себебі көші-қон үрдістері елдегі мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық жағдайларға әсерін тигізеді. Ал қазіргі кездегі көші-қон үрдістерінің негізі кеңестік дәуірде қалыптасқан көші-қондық үдерістермен тығыз байланысты. Сондықтан кеңес кезеңіндегі көші-қон саясатының ерекшелігі, мемлекеттік деңгейде жүргізілген қоныстандыру үдерістері мен оның нәтижелерін зерттеу қазіргі мемлекеттік көші-қон саясатын жүргізу үшін де қажетті. Қоғамның дамуына теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық жағдайларды шешудің бір бағыты - қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосу. Сондықтан біздің жас мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта демократиялық бағытта дамушы ел деп танылуымен бұл мәселенің өзектілігі арта түсуде. Кеңестік мемлекеті ыдырап, тәуелсіз Қазақстан республикасының қалыптасуы кеңес дәуіріндегі тарихи процестерді саралауға, оның ішінде қоныстандыру мен көші-қон мәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашты. Кеңес дәуіріндегі қоныстандыру мен көші-қон үрдістерінің демографиялық қана емес біртұтас мемлекеттік билік тарапынан жасалынған іс-шаралар екендігі айқындала түсті. Себебі қоныстандыру үрдісінің жүргізілуі халықтардың көші-қонына әкелетіндігі заңдылық еді. Ал көші-қон қозғалысының халықтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, психологиялық ахуалына әсері болады. Соңғы кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеуге, көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр. Себебi ұлттық еркiндiктi сақтап қалу, тәуелсіздік тұғырын нығайту үшiн ең нәзiк те маңызды мәселелер қолға алынуда. ХХ ғасырдың соңына қарай еліміздегі көші-қон, әлеуметтік-демографиялық мәселелер мемлекеттік дәрежеде қарастырыла бастады. Қазақстан Республикасындағы көші-қон үрдісі аумағындағы мәселелерді шешу мемлекеттік саясаттың басты бағыттырының бірі болып отыр. Жалпы көші-қон процестері мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, қоғамдағы күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен тығыз байланысты екендігі белгілі. Біздің еліміздегі халықтың миграциясын зерттеу мәселесіне келер болсақ, ол мынандай үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-шы жылдарын құрайды. Бұл кезеңде мынандай еңбектер жарық көреді, олар: И. Л. Ямзиннің «Шаруалардың босау кезінен бастап Ресейдегі қоныс аударулар» (Киев, 1912), В. В. Оболенскидің «Соғысқа дейінгі Ресей мен КСРО-ғы халықаралық және континент аралық миграциялар» (Москва, 1928) және т. б. Екінші кезеңде (1930-1950 жж. ) миграцияны зерттеу, басқа да ғылымдар мен бағыттарды зерттеу тәрізді оңдаған жылдарға дейін зерттелмей қалады. Бұл кезеңде социализм дәуірінде миграция жоспарлы түрде жүргізіледі, сондықтан да оны зерттеудің қажеттілігі жоқ деген түсінік қалыптасады. Осыған байланысты 1939 және 1959 жылдардағы жүргізілген халық санағының санақ парақтарына миграция туралы сұрақтар да енгізілмейді. Үшінші кезең 1960-шы жылдардан бастау алады, бұл кезеңнен бастап халықтың миграциясын зерттеудің жаңа дәуірі басталды. Миграцияның әр түрлі аспектілеріне арнаған, алдыңғы қатарлы демограф ғалымдардың еңбектері жарияланды, олар В. И. Медков, А. Я. Кваша, В. А. Ионцев, Г. С. Витковская, Н. М. Римашевская, т. б. Н. В. Романованың «Этнополитические процессы в РК» атты еңбегінде Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік процестер саяси аспектіде қарастырылады. Мұнда Қазақстандағы этносаралық сенімді бұзбау керектігіне, келісім, өзара көмек қажет екендігі және қоғамдағы бірлесуге миграциялық мінез - құлық басты ықпал ететін факторлардың бірі болып табылатындығы атап өтіледі. Г. М. Меңдіқұлованың «Исторические судьбы казахской диаспоры на протяжении ХVІ-ХХ вв. и современное ее состояние» деген тарихнамалық еңбегінде қазақ диаспорасының т. б. әлем елдеріне таралуы, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің еңбек миграциясы, 1990 жылдардағы қазақтарды репатриациялау және қазақ диаспорасының этникалық бірегейлігінің сақталуы проблемасы зерттелген.
Е. Ю. Садовскаяның «Миграция в Казахстане на рубеже ХХІ века: основные тенденции и перспективы» атты еңбегінде Қазақстандағы 1990-шы жылдардағы миграциялық процестер жан-жақты талданып, миграцияның Қазақстандағы жаңа типтері атап өтіледі. Миграцияның көлемінің Қазақстандағы ұлғаюына, демографиялық жағдайды талдауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді зерттеуге К. Л. Сыроежкиннің, А. И. Лұқпановтың, А. Т. Тилесовтің мақалалары арналған. 1997 жылы миграциялық процестердің саяси-құқықтық мәселесіне арналған зерттеу жұмысы жарық көрді. Бұл М. Б. Тәтімов пен М. А. Ақшалованың «Формирование самостоятельной демографической и миграционной политики РК», мұнда егеменді Қазақстандағы тиімді миграциялық саясатты жүзеге асыру тәсілдері әзірленген. Қалай десек те, осы заманғы отандық саяси ғылым шеңберінде көші-қон, демография саласын зерттеудің негізін қалаушылар болып М. Б. Тәтімов, Н. В. Алексеенко, Ә. Б. Ғали аталады. Сонымен қатар, Қазақстандағы заңсыз көші-қон үрдістері туралы зерттеуші Е. Ю. Садовскаяның, көші-қонның ұлттық, этникалық астарын ашатын Б. Әбдіғалиевтің, ішкі миграция, яғни Қазақстандағы ауыл мен қала арасындағы көші-қон мәселесіне арналған А. Забированың еңбектерін атап өткен жөн. Бұдан басқа көші-қон мәселесін тиімді жүргізудің ұлттық идеяны қалыптастырудағы маңызы туралы С. Мұсатаевтың, тіл саясатын қалыптастырудағы ролі туралы Г. А. Базарбаеваның, маргинализмнің Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңғыруындағы орны туралы, А. А. Әмірованың, ТМД елдерінен кеткен интеллектуалды мигранттар туралы А. М. Садықовтың, көшпенділік феноменін талдаған Б. А. Тлеповтың диссертациялық жұмыстарында қарастырылғандығын атап өткен жөн.
Қазіргі кезде қоғамдағы көші-қон жағдайының сипаты мен шиеленісу дәрежесі көбіне алыс шет елдерден қоныс аударудың даму тенденциясымен анықталады. Көші-қонның бұл түрі жағдайында сыртқы және ішкі саяси мәселелер қиындық көздеріне айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz