Ақпараттық сайт


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
ЖШС «ҚазҰу технопаркі» 2019 жылдың 27 мамыр мен 29 маусым аралығындағы іс- тәжірибе бойынша есеп беру.
Практика жетекшісі : Кубаев К
Орындаған: Сейтжаппар Н. АЖ 17-6
Алматы 2019
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Өндірістік тәжірбиеден өту орны
1. 1 ЖШС «ҚазҰу технопаркі» . . . 4
1. 2 Өндірістік тәжірибеден өту барысында пайдаланылған тілдер . . . 6
1. 3 Өндірістік тәжірибеден өту барысында пайдаланылған деректер қорлары
. 11
1. 4 Өндірістік тәжірибеден өту барысында пайдаланылған бағдарламалар мен графикалық редакторлар . . . 13
1. 5 Өндірістік тәжірбие барысында жасалған сайт және мобильді қосымша сыртқы көріністері . . . 17
1. 6 Сайтта қолданылған элементтердің сипаттамасы . . . 21
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-сайт жасау ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-сайтты жасау негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады.
Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар: Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Сайт (ағыл. website: web - "шырмауық, желі" және site - "орын", шын мәнінде "желідегі бір орын") - белгілі бір адамның немесе компанияның электронды құжаттарының белгілі бір адрес (домен) бойынша жиналған орны.
Интернет-сайттардың ресми классификациясы жоқ. Дегенмен, веб студиялардың көпшілігі оларды келесідей топтарға жіктейді:
1 - Ақпараттық сайт . Яғни адамдарды ақпараттармен қамтамасыз етіп отыратың сайттар. Көбінесе осындай сайттар жаңалық сайттары болып табылады.
2 - Көңіл-көтеру сайты . Осы секілді сайттарда адамдар тіркеліп, бір-бірімен сөйлесе алады немесе қызықты оқиғаларды оқып біле алады. Бұл секілді сайттар - социалды желілер (Mail. Ru, Vk. Com, Skype. com, Nur. kz) және анекдоттар сайттары жатады.
3 - Визитка-сайт . Бұл белгілі бір адамның интернеттегі визитка сайты болып табылады. Олар көбінесе бір беттік болып келеді. Адамның аты-тегі, суреті болады.
4 - Web-сайт . Бұлар мобильді сайттар, яғни телефонға арналған сайттар. Мысалы: pux. su. Осындай web-сайттар тағыда белгілі үлкен порталдарда да қолданылады. Мысалы: m. mail. ru немесе m. yandex. kz.
Өндірістік тәжірибеде ЖШС «ҚазҰу технопаркі» маған қойған мақсаты - компания жұмыскерлерінің қалай жұмыс істейтінін көріп, солардың берген ақпараттары арқылы үйреніп, солар қатарлы жұмыс істейтіндей деңгейге жету және сайттардың дизайн үлгілерін дұрыс жасай білу және оның кодын жазу.
1 Өндірістік тәжірбиеден өту орны
- ЖШС «ҚазҰу технопаркі»
ЖШС «ҚазҰу технопаркі» - бұл бизнес үшін комплексті шешім. Компания көрнекті өнімдерді жасаумен айналысады. Компаниясының сайт құрудың артықшылықтары - уақытты үнемдеу, жанкүйерлер мен қолданушыларды ұстап қалу және компанияның web-ресурстары экономикалық -техникалық мінсіздікті қалыптастырады. Компанияға деген бетбұрыста сенімді болу керек, себебі компанияда сайттарды жасауда бірнеше білікті мамандар жұмыс жасайды, атап айтсақ маркетологтар командасы, дизайнерлер, бағдарламалаушылар, жоба менеджерлері және де тағы басқа мамандар. Сіздің болашақтағы сайтыңыздың нақты және дәл болуы үшін компания егжей-тегжейлі назар аударады.
Бұл компания корпоративті сайт жасаудан басқа CRM және мобилдік қосымша жасаумен айналысады.
" ANSAR GSA ЖШС" негізгі жұмыс жасау бағыттары:
- Автоматтандырылған жүйелерді жасау;
- Сайттарға арналған виджеттер;
- Интернет-маркетинг;
Соған байланысты компания қызметкерлері келесідей бөлімдерге бөлінген:
- ANSAR GSA компаниясындағы веб бағдарламалаушылар бөлімі, 4 адамнан тұратын ең үлкен бөлім, сайттардың кез келген түрін жасауға дайын.
- IOS және Android бағдарламалаушылар, 3 адам, керекті платформаға мобильдік қосымшаны орнатуға дайын.
- Дизайнерлер бөлімі, 2 адам, осы веб сайттар мен мобильдік қосымшалардың дизайның дайындайды.
- Сонымен қатар дизайнерлер логотип, фирманың стилін, баннерлер және т. б. жасаумен айналысады. Үлкен жоба болған кезде әр бөлімнен алып, уақытша жаңа бөлім құрылады. Өндірістік тәжірибеден өту барысында пайдаланылған тілдер
- С#
- HTML
- CSS
- PHP
- JavaScript
Hyper Text Markup Language (HTML) - гипермәтінді белгілеу тілі - World Wide Web ортасында жарияланатын гипермәтіндік құжаттарды жазуға арналған тіл.
HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады [1] .
Web парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен HTML тілі мәтін ісі пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлер пайдаланады. Сол себептен ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесін жұмыс істей алатын браузері бар болса екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOC жүйесінде жұмыс істейтін ескі браузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандыктан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі.
Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларында және әр түрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің аткаратын кызметін анықтап, соларды әрбір түтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжат функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады .
Cascading Style Sheets (CSS) (Стильдердің сатылы кестелері) - гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан бөліп орындауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Форматтау атрибуттары тобына бірден барлығына бір әрекетті қолдану арқасында стильдер НТМL кодын айтарлықтай ықшамдайды. Стильдер көмегімен мысалға, барлық тақырып жолының түрін өзгертуге болады. Бірақ үш тәсілмен тақырып жолын форматтамаудың орнына яғни, оның өлшемі басында берілсе, кейін қаріп берілсе және ең соңында орталық бойынша түзету болса, оны бір уақытта анықталған тәгке стильді қолдану арқылы тура соны іске асыруға болады [3] .
JavaScript - браузерге түсінікті программалау тілі. Браузер бұл тілдегі командаларды орындай алады, яғни оның ішкі интерпретаторы бар.
JavaScript - динамикалық парақтар құратын мүмкіндік болып табылады. JavaScript программасы скрипт немесе сценарий деп аталады, ол HTML-коды ішінде орналаса береді не жеке файлға да жазылады. Ондай файлды да браузер оқып алады (арнайы команда бойынша) .
JavaScript коды HTML тілін толықтырып, оны көрнекті етеді. JavaScript тілі арқылы гипермәтіндер жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
Элементтер қасиеттеріне рұқсат және олардың веб-парақтағы динамикалық басқарылуы HTML құжатымен байланысқан программа арқылы іске асады. Мұндай программаларды скриптілер деп атайды немесе басқа әдебиеттерде кездесетіндей - сценарийлер деп атауға болады. Скриптілер Script тәгі арқылы сипатталады, яғни оның құрамында программаға немесе анықталған тілдегі оның мәтініне сілтемесі бар. Негізгі екі программалау тілдері қолданылады - JavaScript және VB Script.
Скриптілер бірнеше түрмен құрылады. Солардың ішіндегі ең кең тарағанының ерекшелігі - бұл Script контейнерінің ішінде программаның орналасуы. Осы тег сыртқы файлға сілтей алады немесе өзінің ішкі құрамында программаны қамтиды [4] .
PHP (ол мына сөз акронимі: "PHP: Hypertext Preprocessor/Гипермәтіндік Препроцессор", алғашқыда - Personal Home Page сөзінен шыққан) - HTML ортасына енгізілген сценарийлерді жазу тілі. Тілдің мақсаты - Web-программалаушыларға жеңіл әрі жылдам өзгертуге болатын динамикалық түрдегі ықшам html-парақтар құру мүмкіндіктерін беру. PHP тілінің бір ерекшелігі - мәліметтер базаларымен бірігуінің жоғары деңгейде болуы. Қазіргі кезде бұл тіл бірсыпыра мәліметтер базаларын сүйемелдей алады, олар: Oracle, Adabas D, Sybase, FilePro, mSQL, Velocis, MySQL, Informix, Solid, dBase, ODBC, Unix dbm, PostgreSQL. Қазір РНР - жылдам дамып келе жатқан программалау ортасы, ол Интернеттегі көптеген серверлерде жұмыс істейді. РНР-де жасалған файлдар серверлердің барлығында да сақталып, өңделе береді. РНР тілінің артықшылығы оны HTML-парақтың кез-келген жеріне қосып, түрлендіруге болады. Оған қоса тілдің синтаксисі, құрылуы, ережелері де онша қиын емес.
C# (дыбысталуы си-шарп) - Объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі. 1998-2001 жылдары Microsoft компаниясында Андерс Хейлсбергтің басшылығымен бір топ инженерлермен Microsoft . NET Framework платформасына қосымшаларды ққрастырушы тіл ретінде жасалған.
С# тілін («Си-шарп» деп айтылады, мұнда Бетховеннің «Ай сонатасындағы» музыкалық нотация - до-диез таңбасы (#) пайдаланылған; ағылшындар оны «си-шарп» деп оқиды) Microsoft компаниясының маманы Андерс Хейлзберг (Anders Hejlsberg) жаңа объектіге бағытталға программалау тілі ретінде С, C++, Java және BASIC тілдерінің негізінде жасап шығарған. Бұл пәнде осы тілдің негізгі элемент-тері қарастырылады.
С # тілі Microsoft фирмасының . NET (дот-нет) архитектурасы үшін программалар жазуға арналған тілі. . NET - программалау технологиясындағы жаңа платформа, ол желіге қосыл-ған компьютерлерге арналып жасалған.
. NET көмегімен шағын мобильді компьютер-лерде орындалатын программалар жазу ыңғай-лы деп есептеледі. Бұл технология Visual Studio. NET деп аталады да, бұл ортада Visual Basic, басқарылатын С++ және С # тілдерінде программалар жасау қарастырылған, бірақ ол осылармен ғана шектеліп қалмайды.
С # тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады. С# тілін сүйемелдейтін . NET платформасының программа жасау ортасы бастапқы программаны бірден машиналық кодқа емес, MicroSoft Intermediate Language (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, ком-пьютер типінен тәуелсіз командалардан тұра-ды да, бірден орындалмай, тілдің жалпы орындалу ортасы Common Language Runtime - CLR деп аталатын жүйе арқылы атқары-лады. CLR ортасы кез келген ОЖ-да орында-ла береді. Программаны орындау кезінде, CLR JIT-компиляторын (just in time - дер кезінде) шақырады. Компилятор программаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы сәтте керек бөлігін ғана орындайды.
- Өндірістік тәжірибеден өту барысында пайдаланылған деректер қорлары
- SQLite
- MS SQL SERVER
SQLite - компактті ендірілетін деректер қоры. Шығыстағы библиотека коды қоғамға берілді. 2005 жылы Google-O’Reilly Open Source Awards марапатын алды. “Ендірілетін” сөзі SQLite-тің клиент-серверлі архитектураны қолданбайтынын білдіреді. Бұл дегеніміз, SQLite-тің движогі библиотека ретінде болады және программамен бірге жинақталып, құрылады. Байланыс протоколы ретінде SQLite-тің API функциялары қолданылады. Бұл программаның ресурсты аз қажет ететінін, және программаны қарапайым қылатынын білдіреді. SQLite деректер қорын программа орындалып жатқан құрылғыда, стандартты файл ретінде сақтайды. Қолдану қарапайымдылығы келесіде: транзакция басында деректер қоры сақталған файл бұғатталады.
SQLite динамикалық типтегі деректер қорын сақтайды, келесі типтегі өрістер болуы мүмкін: INTEGER, REAL, TEXT, BLOB.
Microsoft SQL Server - реляциялық деректер қорын басқару жүйесі болып табылады. Microsoft SQL Server жүйесін Microsoft компаниясы шығарған. Сұраныстар тілі ретінде Microsoft пен Sybase құрған Transact-SQL қолданылады. Microsoft SQL ASI/INSO стандартының жүзеге асырылуы болып табылады. Өте ірі және күрделі деректер қорымен жұмыс істеу үшін қолданылады және осы нарықта басқа СУБД-лармен бәсекеге түседі.
SQL Server-дің алғашқы түрлерінде кодтық аттары болды, соңғы түрлерінде олардан бас тартылды.
Бағдарламаның мәліметтер қорының диаграммасы.
1. 4 Өндірістік тәжірибеден өту барысында пайдаланылған бағдарламалар мен графикалық редакторлар
- Visual Studio
- Sublime text
Microsoft Visual Studio - Майкрософт компаниясының өнімдер тізбегі, құрамына біріктірілген өңдеу ортасы бағдарламалық жасақтамасы және басқа да аспаптық (инструменталды) құралдар кіреді. Аталған өнімдер консольдік қосымшалармен қатар қолданбалы бағдарламалық жасақтамалары да кіреді, мысалы қолданушының графикалық интерфейсі жасақтамасы, сонымен қатар Windows Forms технологиясын қолдану арқылы да, және веб-сайт, веб-жасақтамалар, веб-қызметтер Машинелік кодында және басқа Басқарылатын код арқылы да Microsoft Windows, Windows Mobile, Windows CE, . NET Framework, . NET Compact Framework и Microsoft Silverlight қолданатын барлық платформаларға.
Sublime text - Windows операциялық жүйесіне арналған мәтіндік редактор. Бұл бағдарлама STL кітапханасын пайдаланып C++ бағдарлау тілінде жазылған, негізгі құраласы - Scintilla өңдеу модулі. Мәтін өңдеуіші өздігенен бөлектеп бірталай бағдарлау телдері мен белгілеу жүйелерін қолдайды. Бағдарламаның негізгі жетелігі кеңейтімдер (plugins) арқылы, не сыртқы модулдер арқылы кеңейте алынады. Блокнотқа әр-түрлі кодтарды жазу үшін осы мәтіндік редакторды пайдаландым.
Сайт құруға арналған платформалардың түрлері көп. Олар: AMPSS, AppServ, Denwer, EasyPHP, EleanorServ, Nimp, Open Server, Server2Go, UniformServe, USBWebserver, Vertrigo, Wampserver, Winginx және Xampp.
- Өндірістік тәжірбие барысында жасалған сайт және мобильді қосымша сыртқы көріністері
Entglobus. kz( http://entapp-001-site1. itempurl. com )
Сайт
Мобильді қосымша(Ent globus)
1. 6 Сайтта қолданылған элементтердің сипаттамасы
Өндірістік тәжірбиедегі жұмысымда HTML, Javascript, CSS, PHP тілінің тәгтері пайдаланылған.
Бұл жұмыс негізі кестелерден тұрады. Кесте тұрғызу <TABLE> және </TABLE> тәгтері көмегімен орындалады, оның әрбір жолын анықтау - <TR> және </TR> тәгтері арқылы, ал сол жолдағы бағаналар - <TD> және </TD> немесе <TH> және </TH> тәгтері арқылы анықталады. Web-парақтардың басқа Web-парақтарға қатысты сілтемелерінің болуы - WWW жүйесінің ең тартымды ерекшеліктерінің бірі. HTML құжаттарында гипермәтіндік сілтемелерді құру өте жеңіл. Курстық жұмыстағы кез келген парақтан басқа кез келген қосымша параққа жеңіл өтуге болады. Олар HTML тілінің <А> . . . </А> тәгтері арқылы жасалған. Гиперсілтемелерді құрған кезде HREF= ” . . . ” атрибуты міндетті түрде қажет. Оның мәні сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе оның Интернеттегі URL-адресінен тұрады. Сілтеме мәтін <A> мен </A> тәгтерінің арасына орналасады.
Cілтемелерді ұйымдастыруСілтемені қалай жасауға болады?
Сілтемені құру үшін браузерге, сілтеме деген не?, сілтеме жасайтын құжат адресін көрсетіп, хабарландыруы керек. Екі әрекеттер де, жалғыз қажет href параметрі бар тәгі А көмегімен орындалады. Мағынасының орнына (URL) документінің адресі қолданылады. Сілтемені адресі абсолютті және қатысты болуы мүмкін. Абсолютті адрестер, веб-беттері немесе сайт атына байланыссыз, сілтеме жазылған жерде және барлық жерде жұмыс істейді.
Сілтемелерді ұйымдастыру төмендегі кодта жасалады.
<a href="about. html">Компания туралы</a>
<a href="product. html">Өнiм</a>
Бейне суреттермен жұмыс істеуФотосуреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды роль атқарады. Сол үшін де курстық жұмыстың кез келген парағынан фотосуреттерді көруге болады. Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <IMG …> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тәгті қолданылған Сонымен қатар, суреттің үстіне тышқанды алып барсаңыз, жиһаздың атын шығарады. Суреттерді екі жолмен қоюға болады бірі index. php файлы және style. css
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz