Қазақтардың этникалық тарихының деректері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Елтай А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В020300 - «Тарих» мамандығы бойынша

Астана 2015

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі,

т. ғ. д., профессор

Мусабалина Г. Т.

«___» 2015 ж.

Қазақтардың этногенезі: теориялық-тарихи талдау

тақырыбына арналған

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В020300 - «Тарих» мамандығы бойынша

Орындаған: Елтай А. Б.

Ғылыми жетекшісі:

философ. ғ. к., профессор Искакова К. И.

Жоспар

Кіріспе . . .

1 Тақырыптың теориялық және методологиялық мәселелері

1. 1 Этногенездің теориялық қырлары

1. 2 Қазақтардың этникалық тарихының деректері

1. 3 Қазақ халқы этногенезінің тарихнамасы

2 Қазақ этносының қалыптасу тарихы: кезеңдері мен этникалық құрылымы

2. 1 «Қазақ» этнонимі мәселелері

2. 2 Қазақ этносының қалыптасуының кезеңдері

2. 3 Қазақ жүздерінің пайда болуы және этникалық құрамы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тарихты таптық тұрғыдан қараған Кеңес кезінде толық ашылмай келген тақырыптың бірі - қазақ этносы мен Қазақ хандығы тарихы. Қазіргі ХХІ ғасырда Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық тарихымыздың бастау көзі болып табылатын этникалық тарихымыз, әдет-ғұрып, салт -дәстүрлерімізді жаңғырту негізінде мемлекеттелік тарихымызды жаңа методологиялық тұрғыдан зерделеп-зерттеу маңызды болып отыр. Кеңес дәуірінде Қазақ халқының тарихын Ресей империясының отарлық мүдделеріне сәйкестендіруге тырысып оның автохондығын жоққа шығаруға, бергі кезеңде ғана құралғандығы, ежелгі сақ, ғұн, үйсін тайпаларымен байланысының жоқтығы, оның үстіне этникалық нышандары толық пісіп-жетілмегендігі жөніндегі идеяларды дәлелдеуге тырысты. Әрине халық таптар пайда болған кезде құралады деген қағида көшпелілер өркениетінің төлтума болмысын анықтауға шарасысыздық танытқаны баршаған мәлім еді. Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы «қазақ» терминінің шығуын түсіндіруге және оның мәнін ашуға әрекет жасап келеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың: «Қазақстан - сөз жоқ, органикалық тұтастық. Қазақ ұлысы, бір жағынан, тұрғылықты этнос болып табылды. Бұл оның этногенезі мен тұрақты тарихи өмір сүріп келе жатқан мекені» [1, 197б. ] . Сондықтан, «Қазақтың саны-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы - тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет» - деген еді [1, 285б. ] .

Этногенез - үздіксіз үдеріс. Ол барлық мемлекеттер тарихында ұлт кезеңі жетістігіне келуімен аяқталмайды, үнемі жаңарту, жаңғырту үстінде болатын тарихи оқиға. Қазіргі кезде этникалық тарихымызды қалпына келтіру қолға алынып отыр. Соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда, «қазақ» терминіне ден қою едәуір арта түсті. Биылғы мерейлі, мерекелі «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын» және сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетін жылы: «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие», - деп Елбасы Назарбаев Н. Ә. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетті [2] .

Осыған орай, зерттеушілер алдында қазақ ұлтының дүниеге келу үдерісі, оның қалыптасу кезеңдері, соған қоса қазақ ұлтының мәнін тану жолдары жан-жақты талдау, ұрпақтан-ұрпаққа таралатын барлық аспектілер (табиғи жағдайлар, экономикалық, саяси, мәдени, тарихи, психологиялық) архетиптер түрінде, қазіргі қазақ ұлтының ділінде бейнелеп көрсету міндеті тұр. Мың жылдан астам тарихы бар Қазақ елінің, оның халқының тарихи жолын зерттеу тарих факультеті студенттерінің азаматтық парызы.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазақтың тұңғыш тарихшы-ғалымы, этнографы Ш. Ш. Уәлиханов (1835-1865) қазақ ұлтының төл деректері ғылыми негізделген ой айтқан қазақ ғалымдарының алғашқысы болды. Ол Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан тарихының мәселелерін, түркі халықтарының тарихын қазақтардың этногенезінің, жүздер құрылуының, қазақтардың рулық-тайпалық құрамының, орналуының мәселелерін зерттеді. Ол қазақтар мен ноғайлардың этникалық жақындығы туралы пікір айтты. «Жоңғария очерктерінде», «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының аңыз-әңгімелері» деп аталатын еңбектерінде Ұлы Жүз қазақтарына тарихи-этнографиялық сипаттама берілген, ол қазақ хандарының генеологиясы, Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасының тарихын жазды. Ш. Уәлиханов қазақтарға байланысты этногенетикалық мәселелерге байланысты таптырмайтын дерек ретінде этнография мен фольклор мәліметтерін, қазақ аңыз-әңгімелерін жоғары бағалайды [3] . ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ этногенезіне қатысты алғашқы ғылыми зерттеулер дүниеге келе бастады. Олар: М. Тынышпаев, Ш. Құдайбердіұлы және т. б. Авторлардың зерттеу нысанасы төмендегідей мәселелерді қамтиды: қазақтың тегі және қашаннан бері жұрт, яғни қалыптаса бастағандығы мәселесі; қазақ жеріндегі ежелгі түркілік, тайпалық одақтардың және мемлекеттердің қазақ ұлтын қалыптастырудағы ролі. 1925 жылы М. Тынышпаевтың «Қырғыз-қайсақ халқының тарихы жөніндегі материалдар» деген еңбегі жарық көрді [4] . «Материалдарда» қазақ жүздерінің этникалық құрамы, қазақтардың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер, қазақ руларының таңбалары мен ұрандары берілген, әрбір тайпаның тарихын сипаттау үшін тарихи материал іріктеліп алынған. Алайда ол ғылыми емес әдістерді қолданып, қателіктер жіберді: географиялық атаулардың, тарихи есімдердің лингвистикалық үндестігін қазақ халқы тайпаларының ежелден келе жатқанының айғағы деп қабылдайды. 1911 жылы жарық көрген Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм шежіресі» [5] деп аталатын еңбегіне арнаған рецензиясында: «Шәкәрімнің бұл кітабы қазақ шежіресінің тұңғышы» - деп, бұл еңбектің қазақтың төл дерегінің бірі - шежірені жариялаудағы орнын, автордың объективті қиыншылықтарға қарамай тындырған еңбегін жоғары бағалайды .

ХХ ғасырдың 50-70 жылдарында белігілі қазақ этнографтарының қазақ этногезіне қатысты біршама еңбектері дүниеге келді. Бұл тақырыпқа қалам тартқан В. Востров пен М. Мұқанов, Х. Арғынбаев этникалық аумақтар мен ру-тайпалық құрылымдарды зерттеді [6, 22б. ] . Мәселен, қазақ тайпалары мен руларының шығу тегінің мәселері жөніндегі әртүрлі деректемелер арқылы қазақ халқының генетикасы қарастырылады. М. С. Мұқановтың тағы бір елеулі еңбегі Орта Жүз қазақтарының [7, 53-58-б. ] және қазақтың үш жүзінің этникалық тарихы мен орналасуына арналған [8, 80б. ] Шығыстың жазбаша деректемелері, сондай-ақ мұрағат материалдары негізінде ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ тайпаларының этникалық тарихы мен орналасуы зерттеледі.

Түркі халықтарына арнаған еңбектердің авторы Л. Н. Гумилевтің еңбектерінің құндылығы зор болып табылады. Ол хунну державасы мен ежелгі түріктердің тарихына, географиялық орналасуына тоқталады [9, 440-441-б. ] .

Қазақ халқының этногенезін зерттеген ғалымдардың бірі, әрі бірегейі Ақынжанов Мұсатай Бекболатұлы болатын. Мұсатай Ақынжанов (1905-1986 жж. ) - тарих ғылымының докторы, профессор, драматург, әдебиет пен өнер зерттеушісі. М. Ақынжанов былай дейді: «Қазақ халқының, тегі туралы осы уақытқа дейін тарихшылар әртүрлі пікірлер айтып келді. Қайсы бір тарихшылар қазақ халқының арғы тегі өте ілгеріден келе жатқан антропологиялық жағынан Оңтүстік-Сібір, Қазақстан мен Орта Азияның автохтондық (байырғы) халықтарының бірі десе, енді біреулері байырғы халық емес, басқа жақтан ауысқан халық және бір тектен құралған халық емес, әртекті, әр жұрттан құралған халық деп келді және тағы біреулері қазақ халқы сонша ежелгі халық емес, осыдан 400-500 жылдар бұрын XV-XVI ғасырлар шамасында өзбек халқынан бөлінген жаңа халық деп санады», - деп жазды өзінің қазақ халқының этногенезіне арналған «Қазақтың тегі туралы (қысқаша шолу) » атты басты еңбегінде [10, 3б. ] .

ХХғғ. 60-80жж. белгілі қазақстандық шығыстанушы-ғалым В. П. Юдин (1928-1983) арнайы түрде Қазақ хандығын зерттемесе де, оның әртүрлі мәселелерін жан-жақты меңгерген ғалым екенін көрсететін «Центральная Азия в XV- ХVІІІ веках глазами востоковеда» атты еңбек шығарды [11] . Ал В. П. Юдиннің оқушысы Абусеитова Меруерт 1985ж. «Казахское ханство во второй половине ХVІ века» атты еңбек жазды [12] . В. П. Юдин мен М. Х. Абусеитованың еңбектері диплом жұмысын жазуда септігі тиді.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен Елбасы - Қазақстан Республикасы Президенті тарихқа, Отан тарихына зор ықылас танытып, үлкен үміт артты. Н. Ә. Назарбаев тарихқа қатысты көптеген ғылыми еңбектер жазды. Нұрсұлтан Әбішұлы «Тарих толқынында» атты «Атамұра» баспасынан 2003жылы шыққан кітабында автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. Кітапта: «Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың «табын» сезінгендігімде деп білемін»-деп түсіндіреді [1, 4 б. ] . Аталған кітапта: «Тарих тек-тамырыңның тереңнен бастау алғанын танып-түсіну, ата-бабаның шапағаты мол шабытты істерін заңды мақтаныш ету, тоталитарлы кезеңнің зардаптарынан арылу, сөйтіп тарихи сананы уақыт талабына сай қалпына келтіру ұлттық тұтастануға тегеурінді серпін беруге тиіс», - деген Президенттің ұлағатты сөздері бар [1, 59б. ] . Демек, Н. Назарбаевты тарихқа «алып келген» тарих сабақтастығы, «бүгінгі күннің оқиғалары» сырына тарих арқылы тереңірек үңілудің қажеттілігі. Қарапайым да мәңгілік сұрақтар - біз кімбіз және бізді тарихтың жолы қайда алып барады? Осы сұрақтарға жауап береді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша 2013 жылы Мемлекеттік хатшы болып тұрған (қазіргі Ресей Федерациясындағы Қазақстанның елшісі) М. М. Тәжиннің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері талқыланды. Жиында жақсы бір бастама - «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы жарияланып, Марат Тәжин: «ұлттық қадір-қасиетті білу, ұлттық тарихты білуден басталады», - деген өте ұлағатты сөз айтты. Шындығында, төл тарихымыздың зерттелмеген қатпарлары, ашылмаған тұстары жетерлік. Тіпті, Қазақ хандығын қалыптастырған тайпалардың ХV-ші ғасырда пайда болғаны ақиқатқа айналғанымен, бүгінгі күнге дейін даулы талас туғызып келеді. Бұл мәселеге тарихшылармен бас қосқан жиында М. М. Тәжин де екпін түсіріп, «қазақ этносының қалыптасуы талай мыңжылдықтарға созылған үдеріс, өкінішке орай, ол жеткілікті деңгейде зерттелмегенін» қадап айтты. «Біз сақ мәдениетін, әсіресе, Арал бойын мекендеген массагеттерді, Жетісу жеріндегі тиграхауда сақтарын, Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы аримпастарды тереңінен зерттеуге тиіспіз. Бұл жерде классикалық кезеңдегі еуропалық авторларды оқып, пайымдап қана қою жеткіліксіз», - деп еді алқалы жиында М. М. Тәжин [13] .

Тәуелсіздік жылдары шыққан М. Қани дайындаған «Қазақтың көне тарихы» [14], Қожабек-Албани Байұзақ Рахымұлының «Мұхамед Хайдар Дулати» [15], Аяған Б. Ғ., Әбжанов Х. М., Исин А. И. құралған авторлық ұжымның «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы» [16], Аяған Бүркітбайдың « Рассветы и сумерки казахской степи» [17], Б. Б. Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы: Монография» [18], К. И. Искакованың «Л. Н. Гумилев: этногенез теориясы (оқу құралы) » [19] . атты еңбектерінде қазақ хандығы мен қазақ этногенезіне қатысты құнды методологиялық, фактологиялық мәліметтер диплом жұмысын жазуда көп көмек тигізді.

Қазақстан тарихшы, этнолог ғалымдарының тақырыпқа қатысты мақалалары ғылыми журналдар мен ғылыми-теориялық конференция материалдарында жарияланып тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында қолданылған мақалалар ішінен: Ж. Артықбаевтың «Қазақтың этникалық құрылымының бастаулары» [20], К. Ақышевтың «Қазақ мемлекеті: эволюциясының басталуы мен даму кезеңдері. Сақтар мен үйсіндер мемлекеті» [21] Ш. Әмірбековтың «Қазақ жүздерінің пайда болуы туралы» [22] атты мақалаларды атауға тұрарлық.

Қазақтардың этногенез тарихын зерттеуге үлес қосып жүрген тарихшы К. И. Искакова. Оның осы тақырыпқа арналған мақалалары: «Л. Н. Гумилев: роль кочевников в истории Евразии» [23], «Л. Н. Гумилев қазақтардың этногенезі жөнінде» [24], «Л. Н. Гумилев об этногензе хуннов (гуннов) » [25], «Л. Н. Гумилев: к вопросу о происхождении казахов» [26], «В. И. Вернадский, Л. Н. Гумилев и Г. М. Шалахметов: созвучность идей о биосфере, этногенезе и ноосфере» [27], «Мұсатай Ақынжанов - қазақ халқы этногенезін зерттеуші ғалым» [28] .

Дипломдық жұмыстың деректік негіздері. Диплом жұмысын жазу барысында тарихи деректер ретінде араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ. ) «Китаб ат-танбих ва-ль-ишраф», кім жазғаны белгісіз парсы тілді «Худуд әл-алам» деген географиялық еңбегі (Х ғ. ), араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи «Китаб әл- футух» тарихи шығармасы (IX ғасырдың аяғы-X ғасырдың басы), Фирдоусидің (935-1020 жж. ) «Шахнама», Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын «Вақфнаме» деген жазбаша құжаттары туралы мәліметтер «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) » төрт томдықтың І томында берілген [29, 31-45бб. ] .

Қазақ хандығы тақырыбының негізгі дерегі ретінде - М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегін атау қажет [30] . Еңбек салыстырмалы талдау әдісіне негізделген. Орталық Азиядағы тарихи құбылыстар көршілес аймақтардағы оқиғалармен, жаңалықтармен әлемдік тарихи процеспен байланыста зерделенеді. М. Х. Дулати: «Әлем халықтарының тарихы сақталуы үшін олар шындықты жазу керек. Қандай топтан болса да бұл адам болашақта - жазылғандарды нақыл сөздер деп түсініп, жамандықтан немесе жақсылықтан не күту керектігін түсінеді және неліктен бұл адам туралы жазғанын ойланады. Мүмкін осы нақыл сөздерді оқығаннан кейін бұл адам жақсылық жасап, жамандықтан арылатын шығар. Яғни, ертең мені де жақсы істерім үшін еске түсірсін дегендей» [30, 126б. ] . «Мұхаммед Хайдар Дулати тек қана кәсіби тарихшы емес, ол оның теоретигі - ғылыми негізін салушылардың бірі. Ол тарихи, ғылыми объективтік, диалектикалық байланыс, салыстырмалы, кешенді, концептуальды зерттеу принциптерінің негізін қалаған ұлы тарихшы. Сондықтан да ол жазған «Тарих-и Рашиди» тарихи классикалық туынды», - деп түйіндейді академик М. Қозыбаев [31, 125-127бб. ] . ХVІ ғасырдың атақты тарихшысының бірі - М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі мәліметтері, сөз жоқ, қазақ хандығының құрылымы мен оның ХV-ХVІ ғ. саяси тарихы туралы, әрі этникалық тархынан мәліметтер алуға болатын, баға жетпес, аса құнды дүние болып табылады.

Дерек көзі ретінде С. И. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдиндердің құрастырған «Материалы по истории Казахских ханств XV- ХVІІІ веков (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) » деген жинағын ерекше атап өткен жөн [32] .

Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты болып қазақ этногенезі мен этникалық тарихын соңғы кезде пайда болған тарихи деректер мен зерттеу жұмыстары негізінде зерделеу. Кешенді түрде қазақ этносының этногенетикалық дамуының ерекшеліктері мен спецификасын зерттеу. Осыған байланысты зерттеу жұмысының негізгі міндеттері анықталды:

1. Қазақ этногенезін зерттеудің теориялық және методологиялық мәселелерін ашу;

2. Қазақ халқы этногенезінің деректері мен тарихнамасын қарастыру;

3. «Қазақ» этнонимі мәселелерін талдау;

4. Қазақ этносының қалыптасу және даму кезеңдерін зерттеу;

5. Қазақ жүздерінің пайда болуы және этникалық құрамын байымдау;

6. Қазақ этносының этникалық құрылымын зерттеу.

Диплом жұмысының жаңалығы: Зерттеу барысында көтерілетін келелі мәселелердің өзектілігі және жаңалығымен айқындалады, сонымен бірге, этноұлттық үдерістерідің реттелуі, ұлттық саясатының қалыптасуы кезінде қарастырылатын және зерттелетін негізгі ғылыми нәтижелерімен, қорытындыларымен негізделеді. Қазақтың этногенез тарихы Қазақ этносының дүниеге келу үдерісі, оның қалыптасу кезеңдері сияқты этногенездің үздіксіз үдерісі жан-жақты талданды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы - зерттеуді кешенді тәсіл арқылы жүзеге асыруында. Зерттелген мәселе бойынша тарих, этнология, философия, этнография сияқты ғылымдарының жаңа пайымдаулары қолданылды.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Диплом жұмысының негізгі әдіс-тәсілдері - қажетті мәліметтерді жинақтап, оларды саралау, ұғымдарды жинақтау, баяндау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда талдау. Сондай-ақ, ғылыми салыстыру арқылы тарихи талдау жасау басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері . Жалпы қазақ халқының этногенезі тарихы (халықтың пайда болуы мен қалыптасуы) Қазақстан территориясындағы ежелгі тайпалардан бастап, қазақ хандығының құрылу процесінің аяқталуына дейінгі этногенездің үздіксіз үдерісі кезеңдерін қамтиды. Диплом жұмысының тақырыбы негізінен теориялық сипатта болуына байланысты және онда қойылған нақты мақсат, міндеттерге сай диплом жұмысының хронологиялық шеңберіне тікелей этникалық үрдістер анықталған ХІІІ - ХV ғасырдың басы мен орта шені алынды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы . Жұмыстағы тұжырымдамалардың жалпы тарихшы мамандарға, мектеп, колледждерде және жоғарғы оқу орындарының ізденушілері, магистранттары мен студенттеріне, тарих факультетінде дәріс алатын болашақ зерттеушілерге арнайы курстар мен семинар сабақтарында, сондай-ақ өздік жұмысы ретінде саралауға мүмкіндік бере отырып, қазақтың этногенез тарихынан білімдерін кеңейтеді.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, алты тараушадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. І тарауда қазақ этногенезінің тарихы мен оны теориялық - методологиялық тұрғыдағы зерттелуі талданылады. Осыған байланысты әр кезеңде қазақ этногенезін зерттеген тарихшы ғалымдардың еңбектері қарастырылады. ІІ тарауда қазақ этносының қалыптасу тарихы мен этникалық құрылымы зерделенеді. Бұл бөлімде этногенез мәселелері ежелгі тайпалардан бастап, қазақ хандығының құрылу процесінің аяқталуына дейінгі кезеңдерді қамтиды. Осы тақырыптағы қамтылған мәселелерді түйіндеу үшін қорытынды жасалады.

1 Тақырыптың теориялық және методологиялық мәселелері

1. 1 Этногенездің теориялық мəселелері

Қазақ халқының этногенезі мәселері әлі күнге дейін аз зерттелген немесе тарихты таптық тұрғыдан түсіндірілген кеңестік дәуірде бұрмаланып зерттелген тақырыптардың бірі. Осы көзқарастардың кемшіліктерін ғалым тарихшы, этнолог М. Ақынжанов былай деп түсіндірді: «Біріншіден, қазақ халқының қайдан шығуын жалаң алып зерттелгендігінде; екіншіден, зерттеліп отырған халықтың өндіргіш күшінің, өндірістік қатынасының тарихын елемей өткендігінде; үшіншіден, қазақ халқының тегін сөз еткенде онымен көрші және туыс халықтардың қырғыз, қарақалпак, өзбек, түркмен, т. б. халықтардың тегімен ешбір байланыссыз, жеке алып сөз етуінде деп санады. Осыдан келіп, қазақ халқының тегін ашуға көмектесетін көптеген тарихи, этнографиялық, әсіресе материалдық мәдениет тарихының тамтықтары елеусіз қалды. Ең соңында зерттеліп отырған байырғы халықтың тарихынан гөрі, бұлар осы халыққа сырттан келіп қосылған басқыншы топтар мен олардың жергілікті үстем ортамен араласу, дидарласу тарихына көбірек назар аударды. Соның салдарынан көп ретте байырғы халықтың тарихы келімсек чиновниктер тарихына, басқыншылар мен олардың жергілікті қошеметшілерінің тарихына айналды» [10, 17б. ] . Осыған байланысты этногенез теориясы мен тарихын бүгінгі күні зерделеп-зерттеу өте маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
В. П. Юдин еңбектері Қазақстан тарихының деректік негіздері
Қазақ халқының қалыптасуы туралы
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР (ҮІ-ХУІІ ғ.ғ)
Қазақ этнонимінің синонимі
Қазақ этнонимінің мәніне тарихи талдау
Қазақ-қырғыз қатынасының этно-мәдени мәселелері
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz