Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытудың табиғи алғышарттары



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытудың табиғи
алғышарттары
1.1 Қарағанды облысының жер бедерінің туризм мен демалысты
дамытудағы алатын орыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қарағанды облысының жер бедерінің туризм мен демалысты д
амытудағы рольі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Қарағанды облысының климатының туризм мен демалысты
дамытудағы алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.4 Қарағанды облысының ішкі суларын туристік- рекреациялық мақсатта пайдалану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

2. Қарағанды облысында табиғи және антропогендік ресурстарын
рекреациялық тұргыдан бағалау
2.1 Қарағанды облысының аумағында туризмді дамытудың тарихи
және әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
2.2 Қарағанды облысының туристік шаруашылығына талдау ... ... ... ... ... ... ... . 48

2.3 Жетісу Алатауының бальнеологиялық маңызы бар
гидротермальды минералды су көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...85

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..146

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 54

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Елімізде рекреакциялық жағынан негізінен толы зерттелмеген аймақ Қарағанды облысы болып табылады. Қарағанды облысы табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығы мен экстримальды қолайсыз жағдайлары рекреациялық іс- әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін туризмнің барлық барлық салаларын қамтуға мүмкіндік береді. Халық жиі қоныстанған ауыр өнеркәсіп салалары қарқынды дамыған Қарағанды облысының рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асырып, облыс халқын жұмыспен қамтамассыз ете отырып, шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді.
Бітіру тау-кен, қара-түсті металлургия ауыр машина жасау, жеңі және тамақ өнеркәсібі, егіншілік пен мал шаруашылығы қатар дамыған Қарағанды облысының жазықтары мен аласа таулы бөліктеріндегі тұрғындардың қажеттіліктерін өтеу үшін рекреациялық ресурстарының қуатын анықтап, ескі туристік оралықтарды қайта жаңғыртып жаңа демалыс аудандарын игеруді көздеуімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытуға әсер ететін табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен факторлардың маңызын анықтау, рекреациялық ресурстарын бағалап, оларға талдау жасау арқылы, аумақтық ұйыымдастру мәселелерін қарастыру.
Бітіру жұмысыың міндеттері:
1. Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытуға мүмкіндік беретін табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарына талдаужасауй отырып, оның аймақтың экономикасындағы алатын орынын ашып көрсету;
2. Қарағанды облысының табиғи рекреациялық ресурстарының тартымдылығын бағалау ;
3. Қарағанды облысының табиғи ландшафтларының тартымдылығы мен антропогеді ресурстарымен қанығуын ескере отырып, туристік-рекреациялық тұрғыдан аудандастыру негізінде аймақтың туристік-рекреациялық ресурстарының үйлесімділігін айқындау;
4. Қарағанды облысында туризм мен демалысты аумақтық ұйымдастырылуының қазіргі жағдайына тлдаужасау;
Бітіру жұмысыың нысаны ретінде Қарағанды облысының туристік-рекреациялық ресурстарын,
Бітіру жұмысыың құралы-ретінде Қарағанды облысының туристік-рекреациялық ресурстарын бағалау мен рекреациялық аудандастыру, туризм мен демалысты аумақтық ұйымдастыруды алды. .
Жұмыстың әдіснамалық негі ретінде туризм мен демалысты ұйымдастырдың аумақтық жүйелерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған авторладың ғылыми әдебиеттердегі жазба дерек көздері, салыстырмалы талдау, логикалық үлгілеу, анықтамалық-талдау, синтездеу, картографиялық , статистикалық, тарихи әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың практкалық маңызы Бітіру жұмысын жазу барысында жасалған қорытындыларды студенттер мен туристік фирмалар маңызды дерек көздері ретінде туризмді аймақтық деңгейде дамыту мақсатында қолдана алады
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы мен прпктикалық маңызы құрылып, диссертацияны қорғаудың құрылымымен пәні анықталған.
Бірінші тарауда Қарағанды облысында туризмді дамытуға мүмкіндік беретін табиғи рекреациялық ресурстарына талдау жасалған.
Екінші тарауда Жетісу Алатауында туризмді дамытудың әлеуметтік-экономикалық алғышарттары мен түйінді мәселелеріне жүйелілік талдау жасалған.

1. Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытудың табиғи алғышарттары
1.1 Қарағанды облысының жер бедерінің туризм мен демалысты дамытудағы алатын орыны
Қарағанды облысында туризмді дамытудың табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Қарағанды облысында туризмді дамытудың табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарына сипаттама беру аймақтағы шаруашылықтың жеке салаларының бірі ретіндегі туризмнің дамуын жүзеге асырып, оның жақын болашақтағы экономикалық маңызын арттыруға мүмкіндік беретін көптеген факторлармен жағдайларға талдау жасау қажет етеді. Халық біршама тығыз қоныстанған Жетісу Алатауының бөктерінде көлік пен коммуникация торларының біршама жақсы дамуы, табиғи-рекреациялық ресурстардың мол қорының болуы және аймақтың өндірістік-экономикалық қуаты болашақта туризмнің өркендеуіне мүмкіндік береді.
Аумақтың табиғи-рекреациялық қуатының сипаты көп жағдайда халықтың сұранысын қамтамасыз ететін туризм мен демалыстың негізгі формалары мен жеке түрлерін дамытып, туристік орталықтар мен кешендерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Туризмді дамытудың алғышарттары өз кезегінде аумақтың физикалық-географиялық жағдайын ғана емес, жер бедерінің сипатын, климатының маусымдық ерекшеліктерін, гидрологиялық және органикалық байлықтарын жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Ішкі эндогендік күштердің әсерінен түзіліп, экзогендік үрдістердің бұзушы әрекетінен өзгеріске ұшыраған ерекш эстетикалық тартымдылығымен көзге түсетін табиғат ескрткіштерінің, ұсақ шоқылардың өзен торлары мен көлдердің жеткілікті болуы Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытуға мүмкіндік береді.
Гелогиялық құрылысының ерекшелігәне сай мыс, темір-марганец полиметалл, көмір кенінің болуына байланысты қара және түсті металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, отын өнеркәсібі қарқынды дамыған Жезқазған-Сәтбаев, Балқаш-Саяқ, Қарағанды-Теміртау өнеркәсіпті аудандары туризм мен демалысты дамытуға қолайлы жағдай тудырады. Өнеркәсібі жақсы дамыған Қарағанды облысы Республикада өндіретін өнеркәсіп өнімінің 15-26% береді. Облыстың шаруашылық кешенінде қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі машина жасау сыяқты ауыр индустрия жетекші орын алады.Мұнда Республикадағы болар прокаттары мен құбырларының, тазартылған мыстың, кокстелетін көмірдің 100%, күмістің 60% жуығы, цементтің 30%, электр энергиясының 20% астамы өндіріледі. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібінің үлесі 3,6%, тоқыма және тігін өнеркәсібінікі 1% машина жасау өнеркәсібі өнімінің республика көлеміндегі үлес салмағы 4,5% құрайды 1.
Облыс аумағы арқылы өтетін Транс Қазақстан теміржолы, Алматы-Астана-Петропавл автомобил жолы Өзбекстанға, Қырғызстанға, Қытаймен Ресейге шығуға мүмкіндік береді.
Транс Қазақстан теміржолы мен Алматы-Астана тас жолы арқылы қозғалатын жолаушы айналымының артуы Қарағанды облысында халықаралық туризмді дамытуға қолайлы жағдай тудырады. Облыстың көліктік географиялық жағдайы Батыс Европадан, Ресейден, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін және Орталық қазақстаннан аталған елдерге баратын туристерге транзиттік қызымет көрсетуге мүмкіндік береді. Қарағанды,Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалалары мен аудан орталықтарында төсек қоры 1400, 780 орынды 30 жеке меншік қонақ үй, Қарқаралы ұлттық табиғат бағы мен қорықшаларда 12 Аңшылар үйі, Балқаш көлінің жағасында 10 демалыс лагерлері мен пансионаттар, 8 туристік база,бар. Соңғы жылдар Облыс және аудан орталықтарында жастарға, туристер мен қонақтарға қызымет көрсететін мәдедени-сауықтық және боулинг орталықтары, спорттық кешендер, аквобақтар іске қосылған 2.
Қарағанды облысының алуан түрлі гидрогеологиялық жағдайының ерекшеліктеріне сай гидрокорбонатты-сульфатты-кальцилі- натрилі, сульфатты-хлорлы-натрилі радонды ыстық бұлақтар мен емдік саздардың көптеген кен орындары бар. Облыс аумағындағы шипажаылар мен демалыс үйлерінің саны 20. Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Теміртау қалаларында жастарға, туристер мен қонақтарға қызымет көрсететін демалыс орындарғыфнда заман талаптарына сай келетін аквобақтар, боулинг орталықтары бар.
Өндірістің қарқынды дамыуна байланысты Қарқаралы ауданындағы „Қарқаралы", „Барыс", „Сараарқа", Балқаш қаласының маңындағы Бектау атадағы „Сараарқа" демалыс үйінің бөлімшесі қайта қалпына келтірілді.
Қарағанды облысында туризмді дамытуға әсер ететін көліктік-экономикалық фактор. Халық жиі қоныстанған Қарағанды облысының өнеркәсіптік қалалары мен Транс Қазақстан теміржолының бойында кліктік-коммуникация торы қалыптасуы Орталық Азия мен Қазақстанды Қытаймен Батыс Европа, Ресей, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін туристерге транзиттік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Туризмді дамытуға әсер ететін демографиялық фактор. Рекреакциялық іс-әрекетті дамытуға әсер ететін фактордың бірі - демографиялық фактор. Қарағанды облысында аумағындағы халқы тығыз қоныстанған аталғар таулы аймақтағы туристердің басым бөлігі 25-45 жас аралығындағы адамдар құрайды. Халықтың 45 жастан асқан бөлігі жеке демалысты, тау туризмін, балық аулауды, аңшылықты қалайды. Ой еңбегімен айналысатын қызыметкерлер негізінен шипажайларда немесе демалыс үйлерінде уақыттарын өткізгенді жөн көреді. Ауыл тұрғындары мен зейнеткерлердің рекреациялық қарқындылығы баяу болуына байланысты олар ең соңғы орында тұрады . Ірі өнеркәсіп орындары мен жоғарғы оқу орындары өздерінің жеке меншік сауықтыру орындары мен мектеп жасындағы балаларға арналған демалыс орталықтарын Нұра, Сарысу, Кеңгір, өзендерінің аңғарларында, Жезқазған, Балқаш, Теміртау Қарқаралы қалаларында және көрікті тау шатқалдарында салған. Қарағанды облысының демографиялық жағдайына талдау жасай отырып, аймақтың жаңа рекреакциялық жүйедегі кешендерін салуға болжам жасауға болады 3.
Туризмді дамытуға әсер ететін тарихи-мәдени факторлар. Қарағанды облысының туристік-рекреакциялық ресурстарда ерекше орын алатын тарихи-мәдени ескерткіштердің қатарына қола,ерте темір сақ-ғұн, кезеңдерінің қоныстары мен қорғандары, ерте орта ғасырдың қалалары, түркі-қыпшақ заманының балбал тастары, тарих қалдырған құнды жәдігерлер болып табылады.
Ә. Марғулан атындағы археология институтының ғалымдары 1950-1990 жылдар аралығында облыс аумағында қолаола, сақ, кезеңдерінің қорғандарының толық тізімін жасап, картаға түсірді. Олар халқымыздың өткен тарихынан сыр шертетін рухани материялдық мұра ретінде ғылыми-танмдық және экологиялық туризмді дамыту мақсатында пайдаланылуда. Сонымен қатар аса жоғары орындалу шеберлігімен ерекше көзге түсетін Ұлытаудағы Суреттас кешенінің аң бейнелі суреттері Сарыарқаны мекендеген халқтардың тұрмыс салтын ғана емес, көркем өнердің эволюциялық дамуын ашып көрсететін рекреациялық маңызы бар рухани-материалдық құндылықтардың қатарына жатады.
Сонымен қатар Жезқазған мен Ұлытауда,ғы қола кезеңінің металл балқытатын пештері сақталған Бегазы-Дандыбай қонысының, Талды қонысындағы (Арғанаты, Басқырым тауларындағы) Алаша хан, Домбауыл, Жошы хан сыяқты алтын орда кезеңінің сәулет ескерткіштерінің туристік-рекреациялық маңызы зор 3.

1.2 Қарағанды облысының жер бедерінің туризм мен демалысты дамытудағы рольі
Қарағанды облысы республиканың орталық бөлiгiнде. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Аумуағы -- 428 мың шаршы шақырым. Халқы 1410,2 мың адам. 1997 жылы Қарағанды облысына Жезқазған облысы қосылды. Қарағанды облысы Сарыарқаның орта тұсында орналасқан. Жер бедерi негiзiнен ұсақ, шоқылы, төбелi, белестi жазық болып келедi
Ежелгі қатпарлы аймақ болып табылатын Қарағанды облысының аумағындағы ұсақ шоқылары ұзақ уақыт денудатцияға ұшырағандықтан негізінен аласа таулар басым. Аласа таулар негізінен ежелгі полезойға дейінгі және полезойлық антиклинорилерде шоғырланған олардың қатарына тартымдылығымен ерекшеленетін Қарқаралы, Шыңғыстау, Қызыларай, Кент, Ұлытау тауларын жатқызуға болады. Ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 1565 метр биіктікте орналасқан Ақсорын тауы. Облыс аумағының жер бедерін туристік-рекреациялық тұрғыдан көтерінкі аласа таулы алқаптары мен оларлың аралығын бөліп тұрған тектоникалық иіндерге бөлуге болады. Жер бедері 200 метрден биік ойыстармен аласа таулы ұсақ шоқылы болып келуімен ерекшелінеді 4.
Эпиполезойлық платформаның қалқаны болып табылатын аласа таулы шоқылы Ұлытау үстірттерімен олардың бөліп тұрған теңіз - Қорғалжын ойыстары шоқылы жалды аласа таулы, аридті - денудатциялық аласа таулы жер бедері кең көлемді аумақты алып жатыр. Аталған аумақтағы тартымдылығымен ерекшеленетін бірегей табиғат ескерткіштері ғылыми-тьанымдық, экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін маңызды нысандардың қатарына жатады. - Қорғалжың ойысымен шығысында Ертіс бойы синиклизасымен шектеседі.
Туристік-рекреациялық маңызы бар табиғат ескерткіштерінің басым бөлігі ұсақ шоқылар гранитті таулы алқаптардың маңында шоғырланған. Морфо құрылымдық тұрғыдан шоқылардың биіктігі 25 - 30 метрден аспайтын аласа, биіктігі 500 - 100 метрден асатын орташа биік және 100 - 200 метрден асатын биік болып үш топқа бөлінеді..
Аласа таулы ұсақ шоқылы эрозиялық тектоникалық Ұлытау үстірті Қазақтың ұсақ шоқыларының батыс бөлігін алып жатқан аласа тауларға каледон қатпарлығында түзілген Ұлытау антиклинориіне жататын Арғанаты таулы алқабы жатады. Бұл үстірттің бойлық бағытқа созылған құрылымы кембриге дейін түзілген. Ежелгі таулы алқап болып табылады. Тау түзілу үрдісі ерте аяқталғандықтан Ұлытау мезозойдың өзінде пенепленденген. Пенепленнің бөлшектенуі көтерілулер жүрген төменгі полеогенде басталды. Миоценде Ұлытаудың 100 метрге дейінгі биіктікте сазды жыныстар жатты. Плейстоценде жүрген көтерілулер нәтижесінде Ұлытау мен Арғанатының батыс беткейлерінде баспалдақ тәрізді құрылымдар мен тік беткейлі Каньон тәрізді өзен аңғарлары түзілді. Шығыс беткейі біртіндеп аласаратындықтаң көлбеу болып келеді. Шығысында ол Сарысу-Теңіз үстіртіне ұласады.
Батысында Ұлытау үстірті кең көлемді құрлымдық аккмулятивтік Торғай Қолатымен ойысымен шектеледі. 500-600 метр биіктікте орналасқан денудацйалық жазықтықтардан Ұлытау (1131 м), Едіге (1064м), Айыртау (850м), Арғанат (757м) сияқты изометриялық қалдық таулар көтеріліп тұрады. Ұлытау үстіртінің қазіргі жер бедері экзогендік және эндогендік күштердің әсерінен қалыптасқан. Олардың қатарына аласа таулар денудациялық және аккмулятивтік жазықтар жатады. Ұлытаудың аласа таулы бөлігіндегі жер бетіне шығып жатқан гранитойдтардың аридті денудациялық әсерінен түзілген жер бедерінің ерекше пішіндері Қотыртастар - түзілген. Олар әсіресе Ұлытау мен Едігенің үшкір шыңдарында кең таралған. Белесті жолда Қыштау, жақсы Арғанаты сияқты аласа таулар девонның қызыл түсті шөгінділерімен кембриге дейінгі тақта тастардан тұрады. Ұсақ шоқылардың биіктігі аумақтың көтерілуіне сай 200 - ден 600 - 700 мертге дейінгі биіктік аралығында ауытқиды. Жондар мен жалдардың салыстырмалы биіктігі 30 - 40 метрге жетеді 5.
Ұлытау мен жақсы Арғанатының шығысында полеозойға дейінгі метоморфты жыныстарынан девонның қызыл түсті құмтастармен эффузифті жыныстарында жер бедерінің конус тәрізді шоқылар таралған өсімдік өспеген кейбір жалаңаш шоқылардың биіктігі 100 - 130 метрге дейін жетеді. Өзен анғарларына жақын маңда эрозиялық - денудациялық ұсақ шоқылар дамыған олардың салыстырмалы биіктігі 50 метрге дейін жетеді. Олар денудациялық үстірттерді өзен суларының шаю нәтижесінде түзіледі. Ұлытаудың батыс беткейі мен Есіл - Сарысу өзендерініңаралығының оңтүстік беткейлерінде 360 - 400 метр биіктік аралығында үгілу қабатының қалыңдығы 10 метрге дейін жететін денудациялық жазықтар түзілген. Жер бедерінің тегістелуі жазықтың, эрозиясының және ұсақ шоқылар мен аласа таулардан үгілген бос жыныстардың екінші рет шгуінен түзілген. Жазықтың беті сирек жағдайда тік беткейлі шоқылармен күрделенеді.
Ұлытаудың оңтүстік шығыс шетімен сарысудың оң жақ жағалауында 400 - 500 метр биіктіктегі геометриялық белгілердің шегінде тегіс немесе әлсіз толқынды қабатты жазықтар.
Пролювияльды, эелювияльды, пролювильды-аккумулятивті жазықтар Ұлытаудың тау алды бөліктерімен Сарысу, Терісаққан Құланөтпес, Кеңгір, Қараторғай, Сарыторғай, Ұлы жыланшық өзендерінің аңғарларында таралған олар сазды әртүрлі түйіршікті құмды шөгінділерден тұрады 6.
Көлдік делювиальдық жазықтар Сарысу, Торғай өзендеріне жақын маңдағы тұйық дефляциялық ойыстардан таралған. әлсіз еңіс көлбеу болып келетін Қазақтың ұсақ шоқыларының қабатты жазықтары эрозиялық және сорлы - дифлициялық ойыстармен күрделенген. Бір кезеңде палеоклиматтық жағдайдың қазіргідей аридті емес гумидті болғаны айғақтайтын ежелгі Есіл өзен аңғарлары Ұлатау аласа таулы алқабында кең таралған оларда жайылма үсті текшелері бар. Олардың қатарына Ұлытаудың батыс беткейінен бастауалған ежелгі жақсы Қайыңды, және Қараторғай шығыс беткейінен бастау алатын Қара кңгір, Сары кеңгір, Терісаққан, Қыпшақ өзендерінің ескі арналарын жатқызуға болады.
Сарысу - теңіз суайрығы. Ұлытаудың шығысы мен Көкшетау үстіртінің аралығында созылып жатыр. Биіктігі 600 - 800 метр аралығында ауытқитын үстірт солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа субендік бағытта созылып жатыр.
Ол ұзақ уақыт құрлықтық жағдайда дамығандықтан жекелеген көтерінкі үстірттермен ұсақ шоқылармен күрделенген. Көтерінкі денудациялық жазық болып табылады. Теңіз бен Жезқазған ойыстарын бөліп тұрған ең бастысы су айрығы болып табылады. Сарысу-Теңіз су айрығы Қарағанды облысының солтүстігінде орналасқан субендік бағытта созылып жатқан үстірт. Оның солтүыстік-шығысында серуендік-сауықтыру, аңшылық, ғылыми-танымдық және экологиялық туризмді дамытуға қолайлы Теңіз-Қорғалжың ойысы орналасқан. Оның кристаллды ірге тасын 2000 - 2500 метр тереңдікте жатыр Сарысу-Теңіз су айрығының оңтүстік-батысында Жезқазған ойысы бар. Ойыстардың қазіргі жер бедері төрттік дәуірдегі жаңа тектоникалық қозғалыстармен экзогендік үрдістердің әсерінен түзілген 7.
Теңіз ойысының солтүстік және шығыс бөлігін 135 - 450 метрге дейінгі оңтүстігінде 250, батысынды 350 метрге дейінгі биіктік белгілерінің аралығында көлдік - алювиальды жазықтар таралған. Тегіс жазықты көл қазан шұңқырлары мен ойыстар күрделендіреді. Қазіргі кезеңдегі көлдік алювильды жазықтар Құланөтпес өзенінің аңғарында таралған. Теңіз көлінің оңтүстік- батысы мен Қыпшақ көлінің солтүстігіндн, Есіл, Нұра өзендерінің аңғарларындағы 300 - 360, 400 - 450 метр биіктік белгілерінің шегінде алювильды жазықтар таралған.Теңіз ойысының орталық бөлігін қоршап жатқан 350-450 метрге деиінгі гипсометрялық белгілердің аралығында денудацйалық жазықтар таралған олар Палезойдың қатпарлы негізінің денудация-лануының нәтижесінде түзілген. Нұра, құлан өтпес өзендерінің аңғарымен ойыстың оңтүстік - батыс бөлігінде 300 - 350 метр биіктік белгілері аралығында құрылымдық қабатты жазықтар таралған. Өзен аңғарлары мен көл жағалауының ландшафтлары бұқаралық сипаттағы демалыс пен саяжайлық рекреацияны дамытуға қолайлы.
Қарағанды облысының орталық және оңтүстік бөлігін алып жатқан ұсақ шоқылары аласа таулы белдеу кристаллды ірге тасы кембриге дейін және калидон, герцин қатпарларында түзіліп мезозой мен кайнозой эраларында денудацияланған жекелеген аласа таулы алқаптардан тұрады олардың қатарына Бұғылы (1187 м), Жақсытағалы (1041 м), Қызылтас (1327 м), Қарқаралы (1403 м), Қызыларай (1565 м), Кент (1469 м), Көшүбай (1559 м), Қоңыр темірші (1369 жатады, олардың басым бөлігі субендік бағытқа созылып жатар. Олар 700 метр биіктіктегі денудациялық деңгейден көтеріліп тұратындықтан айқын байқалады. Аласа таулар белдеудің шегіндегі негізгі су айрықтар ендік бағытта созылып жатыр. Олардың абсолюттік биіктігі 100 - 1200 метрден асады. Қазақтың ұсақ шоқыларының орталық бөлігінде денудациялық үстірттерден көтеріліп жатқан ірі кристаллды гранидті алқаптарда болып табылатын Қызылтас, Қарқаралы, Қызыларай, Кент, Қосыбай, Қоңыртемерші таулары орналасқан олардың аралығын денудуциялық үстірттер бөліп жатыр. Сарыарқаның ұсақ шоқылы белдеуінің солтүстігімен оңтүстігі біртіндеп бірнеше деңгейде тұратын баспалдақ тәрізді денудуциялық жазықтарға ұласады. Олардың басым бөлігі ірі кристаллды гранитті жыныстардан тұратындықтан Шайтанкөл, Қара батыр (Қарқаралы тауы)сыяқты бірегей табиғат ескерткіштері мен хош иісті эфир майларына бай қарағайлы орман шоқтары туризмді дамытуға қолайлы әсер ететіндіктен Қарқаралы ұлттық табиғат бағының аумағында облыстағы маңызды туристік инфрақұрылымдық нысандар шоғырланған.
Нұра, Шерубай тоқырауын өзендері бастау алатын Қызылтас тауының солтүстік шығысында Есіл мен Нұра өзендерімен су айрығы болып табылатын субендік бағытқа созылған Няз (833 м), Желтау (169 м). Солтүстік батыстан оңтүстік батысқа суббоилық бағытта созылып жатқан Қызылтау (1055 м), Арқалық (871 м), Мұжық (969 м) таулары бар.Олардың көпшілігі екінші қатардағы су айрықты құрайды (Баянауыл, Қызылтау). Орта биіктіктегі деңгейде субендік бағытта созылған тауаралық Қарасор сияқты тұйық ойыстар бар (650м) 8.
Сарыарқаның орталығымен шығыс бөлігін қамтитын аласа таулы белдеу ежелгі геторогенді құрылым болып табылады олардың басым бөлігі негізіненполезойдың шөгінді эффузивті, метоморфті жыныстан тұратын эпигерциндік плотформаның қатпарлы құрылымы болып табылады. Аласа таулы белдеудуң шегіндегі ірі тектоникалық депрессиялардың бірі Қарағанды. Онда жоғарға полезойдың шөгінді қабаттарының қалыңдығы 3000 метрге жетеді. Сарыарқаның орталығымен шығысбөлігін қамтитын аласа таулы белдеу генетикалық тұрғыдан эрозиялық тектоникалық денудатциялық және эрозиялық жер бедеріне бөлінеді. Денудациялық ұсақ шоқылар әктасты, лавалы, жанартаулық күлді, тақтатасты, құмтасты және гранитойды жыныстардан тұратын жер бедерінің Қырқалы жанды типтерінде шоғырланған. Эрозиялық ұқсас шоқылар өзен анғарлары мен көл қазан - шұңқырларының маңында шоғырланған. Шоқы аралық және тауаралы қойыстардағы шағын алқапты денудациялық және аккумулятивтік жазықтар алып жатыр. Денудациялық жазықтар полезойдың эффузивті - шөгінді қабаттарында түзілген. Полеогенмен неогеннің құрылықтық шөгінді қабаттарынан тұратын Сарыарқаның солтүстік - шығыс бөлігінде қабатты жазықтар таралған 9.
Шерубай, Нұра, Сарысу, Мойынты, Шәмші, Талды басқада өзендердіңаңғарларында алювиальды жазықтар таралған. Сарыарқаның орталығымен шығыс бөлігінде көл қазан - шұңқырлары онша көп емес. Генетикалық тұрғыдан олар ескі арналы аңғарлық суфозиялық және бөгемелі көлдерге жатады. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес аласа таулардың теңіз деңгейінен 600-800 метр аралығындағы биіктікте таудың сұр топырағында өсетін жусанды-астық тұқымдас шөлейт, 800-1300 метр биіктік аралығында ашық қызғылт-қоңыр топырақты бетегелі-бозды құрғақ дала таралған. 1-кесте. Қарағанды облысының жер бедерінің сипаты мен әртүрлі биіктіктік белдеулердегі текреациялық іс-әрекеттердің типтері.(В.И.Поповтың жіктеуі бойынша)

Битік зоналардың
аты
Қамтылатын абсолют биіктіктер

Тау беткейлерінің көлбеулігі
Биіктік айырмасы метр есебімен

Рекреациялық
іс-екеттің типтері

Туристік іс-әрекеттердің түрлері
Аласа таулы бұталы
1000
1600
м
200
200-
250
Бұқаралық сипаттағы сауықтыру серуендік
Емдік-сауықтыру:шипажайлық емделу, емдік серуендер, климаттық терапия, күн және ауа ванналарын қабылдау.
Спорттық сауықтыру:тауда және жазықта шаңғы тебу, шанамен сырғанау, емдік шомылу, таза ауада серуенп, спорттық ойындар ойнау
Тау велосипеті,атпен серуендеу туризмі, Жартасқа өрмелеу, жабайы өсімдіктерді жинау, дельтапланеризм, конькмен жүгіру спорты.
Саяжайлық рекреация: Саяжайда демалу, бағбандық және бал арасын өсіру.
Мәдени-танымдық:(барлық зоналар үшін) Саяхаттар, экотуризм, өнер фестивальдары спорттықжарыстар, т.б.

1300-1600 метр аралығындағы биіктікте күңгірт қызғылт-қоңыр топырақты астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдікті дала, орташа биік таулы белдеумен шектесетін сай-салар мен шатқалдарда таудың қоңыр топырағында аршалы-көктеректі тоғайлар мен бұталы шалғындар қалыптасқан 10.
Қазіргі кезде аласа таулы белдеу спорттық-сауықтыру туризмі, курорттық-шипажайлық жән саяжайлық рекреация толық дәрежеде дамыған жақсы игерілген аумақтар болып табылады. Болашақта дельтапланеризм, ат туризмі, тау велосипеді сыяқты туризмнің жаңа салалары дамуы мүмкін.
Қарағанды, Теміртау, Жезқазған сияқты ірі өндіріс орталықтары шоғырланған Нұра, Кенгір, Сарысу өзендерінің алабында бұқаралық сипаттағы жазғы демалыс орындарын салу көздеуде. 1-кестеде Қарағанды облысының жер бедерінің сипатына сәйкес табиғи рекряциялық кешендерін кең көлемді туристік іс-әрекет дамыту бағытында пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген.

1.3 Қарағанды облысының климатының туризм мен демалысты дамытудағы алатын орны

Қазіргі кезеңде туристік-рекряциялық іс-әрекеттің қарқынды дамуына байланысты бұқаралық сипаттағы демалыс пен туризмді дамытуда климаттық факторлардың рөлі бір шама артты.
Ландшафтның құрамдас бөлігі болып табылатын жер бедері, ішкі сулар, топырақ пен өсімдіктер жамылғысы, гидроминералдық және тарихи мәдени ескерткіштермен қатар Қарағанды облысының рекреациялық қуатын климат қалыптастырады. Климат ресурстарының қолайлы және қолайсыз кезеңдерінің ұзақтығы демалысқа жағымды әсеретіп, адамның далада таза ауада тынығуын шектейді. Қоршаған ортаның кешенді әсері мен ағзаның жылу тиімділігі рекреацияның температура реттеушілері арқылы реттелген жағдайда метеорологиялық жағдай қолайлы болып есептелінеді. Қоршаған ортаның қолайлы жағдайы суынып немесе шектен тыс ысыған жағдайда ағзаның температурасының тұрақтылығының тете-теңдігін қамтамасызететін физиологиялық жүйені шиеленістіріп жібереді. Бірінші жағдайда ағзаның температурасының төмендеу қаупі төнсе, екінші жағдайда ағзаның шектен тыс қзыуына әкеп соқтырады. Климат жағдайларын рекряциялық мақсатта бағалаудың маңызды міндеттерінің бірі- басқа табиғи факторлармен қатар кең көлемді рекряциялық іс-әрекеттерді дамытуға мүмкіндік беретін тартымды аудандарды анықтау болып табылады 11.
Бағалау барысында туризм мен демалыстың жағдайын сипаттайтын климаттың кеңістіктік-уақыттық параметрлерінің ерекшеліктерін ғана емес, оның атмосфера циркуляциясына тәуелділігі мен үйлесімділігін, эквивалентті-нәтижелі температураның сапалық көрсеткіштеріне баса назар аудару керек. Белгілі бір аумақта демалыс нысандарын жобалап туристік бағыттарды құру барысында сол аумақтың климатының қасиеттері мен белгілі бір уақыттағы ауа райының негізгі элементтері болып табылатын метеорологиялық фактордың үйлесімділігіне адам ағзасының физеологиялық жағдайының тәуелділігін ескеру қажет.
Қарастырылатын Қарағанды облысы аумағының ауа райының режимі туралы метеорологиялық дерек көздерінің аз болуына байланысты осы ендікке тән атмосфера циркуляциясының жалпы заңдылықтары жиі қолданылады. Аумақты климаттық-рекряциялық бағалаудың қазіргі кезеңдегі тәжірибесі жекелеген метеорологиялық элементтерді ғана емес, олардың адам ағзасына кешенді әсерін де ескереді. Ашық күнді, қоңыржай жылы, жартылай ылғалды ауа райы көптеген рекряциялық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Адам өмірі мен қызметіне атмосфера циркуляциясы мен оған байланысты туындайтын климаттың жалпы атмосфералық құбылыстар, ауа райының типтерінің өзгеруімен қатар метеорологиялық элементтердің әрекеттері әсер етеді. Әсіресе қыста демалатын орынды таңдап, дұрыс шешім қабылдауда олар ерекше орын алады 12.
Қазақстанның орталығында орналасқан Қарағанды облысындағы ұсақ шоқылар солтүстіктен енетін ауа массалары мен Сібір антициклонының ықпалы басқа аумақтарға қарағанда анағұрлым жоғары. Аймаққа Ресейдің Европалық бөлігі мен Оралдың үстінде қалыптасатын антициклонның әсерінен желтоқсанда солтүстік-батыстан суық ауа массалары енеді. Осы мерзімде құрлықтың бетінің күрт суынуына байланысты Сібір антициклоны батысқа қарай ығысатындықтан оның ықпалы артып, бұлтсыз аязды ашық ауа райы қалыптасады.
Көп жылдық метеорологиялық бақылаулар мен синоптиклық карталардың деректеріне жасалған талдаулардың көрсеткіштеріне сәйкес көршілес жатқан Ақмола, Павлодар,облыстаындағы жазықтарда антициклондық алаңдардың жиі пайдаболуына байланысты аязды, желсіз ашық ауа райы қалыптасады. Аумақтың климатының рекряциялық іс-әрекетті жүзеге асыруға қолайлылығын оқып үйренуде желдің маңызы зор. Қарағанды облысының көп бөлігінде батыс румбтың желдері басым болып келеді. Жылдың суық кезеңінде аймақта желдің күшінің біршама жоғары болуына байланысты орташа айлық көрсеткіші 4-5 мсек дейін жетеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын жер бедерінің тілімделуінің артуы мен тау аралық ойыстардың ауасының ерекшеліктеріне байланысты 900-1000 метр биіктікте желдің күші 2,5-3 мсек дейінт жетеді. Көршілес жатқан Солтүстік Қазақстан Ертіс бойы, Құлынды жазықтарында антициклондық жағдайдың қалыптасуына байланысты қыста күшті желдер сирек соғады. Қаңтардағы желдің жылдамдығының ең жоғарғы көрсеткіші 4-9 мсек аспайды 13.
2-кесте. Қарағанды облысының аумағындағы желдің орташа айлық және жылдық көрсеткіштері (А.С. Өтешевтің деректері бойынша)
Метеорологиялық бекеттер
Теңіз деңгейінен биіктігі

Желдің орташа айлық жылдамдығы мсек есебімен
Жылдық орташа
көрсеткіші мсек

1

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Қарағанды
550
0,4
0,4
0,5
1,0
1,3
1,1
1,1
1,2
1,2
0,8
0,5
0,5
0,8
Жезқазғанн
612
2,0
2,0
2,6
3,3
3,3
2,7
2,4
2,2
2,3
2,3
2,1
1,6
2,4
Балқаш
342
1,6
2,
2,6
3,3
3,3
2,0
2,4
2,2
2,3
2,3
2,1
1,6

Осакаровка
530
1,9
2,1
2,1
2,6
2,7
2,3
2,1
2,4
2,5
2,3
2,1
1,9
2,2
Қарқаралы
800
3,0
3,0
2,9
3,0
3,1
2,8
2,9
2,9
2,6
2,5
2,8
2,8
2,8

Бұл айда күшті желдер 0,1-0,3 күннен артпайды. Қыста солтүстік-шығыс желдері басым болатындықтан олардың қайталануы 37-39%-ді құрайды. Желдер тау беткейлеріндегі қар қорының таралуына, сонымен қатар теріскей беткейлерде қар көшкінінің қарқындылығына белгілі дәрежеде әсер етеді. Көктемде теріс радияциялық баланстың оң радияциялық балансқа ауысуына орай, Сібір антициклоны мен Арктикалық циркуляцияның әлсіреуіне байланысты солтүстік-шығыс желдерінің қайталануы 26-30 % дейін кеміп, батыс тасмалының ықпалының артуынан циклон әрекеті күшейіп, құбылмалы жауын-шашынды ауа-райы қалыптасады. Бұл маусымда қысқа қарағанда желдің жылдамдығы артып сәуірде 1,7мсек жетеді. Циклон әрекетінің ықпалының артуына байланысты күшті желдің бір айдағы саны 1-4 күнге дейін көтеріледі. Жазда циркуляцияның қарқындылығының кемуіне байланысты желдің де жылдамдығы төмендегейді. Жылы ауа массаларының енуінен циклон әрекеті жүріп, жауын-шашынды құбылмалы ауа райы қалыптасады 14.
Аймақтың аумағының бір шама ірілігіне жиынтық күн радиациясының таралу ерекшелігіне байланысты солтүстігімен оңтүстігінің, батысымен шығысының арасында бір қатар айырмашылықтар бар олар әсіресе қыста сібір максимумының ықпалы басым болғанда айқын байқалады. Жиынтық күн радиациясының жылдық орташа мөлшері оңтүстігінде 140 ккалсм солтүстігінде 110 ккалсм аралығынды ауытқиды. Тура радиация шашыранды радиациядан әсіресе жылдың жылы кезеңдерінде осыған орай күн сәулесінің түсу ұзақтығы 2000 - 3000 сағатқа дейін жетеді. Жылдық радиациялық баланс солтүстіктен ооңтүстікке 146538 - ден 188406 ДЖсм аралығында ауытқиды.
Аймақта жыл бойы қоңыржай ендіктердің құрлықтың ауа массалары басым болады сонымен қатар арктикалық және құрылықтықтропиктік ауа массалары сырттан енеді. Батыстан трансформацияланған атлант мұхитының үстінде қалыптасқан ауа жергілікті ауа массалсрымен әрекеттескенде сирек жағдайда цимон әрекеті күшейді. Ауаның құрамында ылғалдың аз болуына жыл бойы антициклон әректі басым болуына байланысты. Жауын - шашын аз туседі. Жылдық басым бөлігінде әсіресе қыстс 50º солтүстік ендіктен арктикалық антициклонықпал етеді. Қарағанды облысының жер бедерінің еркшелігіне сай атмосфера церкуляциясы екі бағытта жүретіні айқын байқалады. Бойлық бағыттағы церкуляция солтүстіктен суық арктикалық оңтүстіктен жылы ауа ағынының енуіне мүмкіндік береді. Бірақ тропиктік жылы ауа ағыны қыста аймыққа енуі баяу байқалады. Әсіресе жазда тронсформацияланған жергілікті ауа массалары басым болады.
Жылдың суық кезеңінде Қарағанды облысының аумағында Сібір антициклонының батысаралығының ықпалы күшейді. Аймақтың солтүстік - шығысында қыстың 70%тұрақты түрде антициклондық жағдай сақталады. Сібір аңтициклонының әсері күшейген кей жылдары Облыс аумағын толық қамтып көршілес жатқан тұран ойпатымен оңтүстігіндегі Балқаш - Алакөл, Жетісу, Алатауына дейін жетіп барып әлсірейді. Жылдың жылы кезінде Қарағанды облысының оңтүстік бөлігін температураның көтерілуінен туатын барлық депрецияның ықпалында болып жауын - шашансыз ашық бұлтсыз ауа райы қалыптасады. Иран таулы қыртында жазда түзілетін депрецияның солтүстік шығыс шетінде немесе жергілікті жерде түзіледі.
Құрлықтың орталық бөлігіндегі физикалық географиялық орнының еркшелігіне сай цимон әрекеті солтүстігінде жазда оңтүстігінде қыста жие байқалады. Климаттың шұғыл контенентті болуына, күннің түсу бұрышының біртіндеп төмендеуіне сай қаңтардың көп жылдық орташа температурасы Солтүстігінде -11ºс, шілденің солтүстігінде 79ºс, оңтүстігінде 26ºс аралығында ауытқиды. Екі жағдайда изотерма орташа ендікте көрсеткішке жақын, таулы аудаңдарда биіктік белдеулік байқалады. Қыста обсолюдт минемум - 45 тен-43º с дейн. Жазда абсолюты максиму +40º... +45º с дейін жетеді. Температура аутқуының жылдық амплетудасы 85 - 90 ºс. Қыста цимон жүргенде он түстік пен онтүстік - батыстан енетін ауа азвекциясынын әсерінен температура +5 ...7ºс дейн. Аязсыз жылы кезеңнін ұзақты солтүстікгінде 100 Оңтүстігінде 150 күнге дейін созылады 15.
Ендік зоналық жауын - шашының режимімен таралуына әсер етеді. Жауын шашын солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 150 метрге дейін кемиді. Цикон әрекеті күшеюіне байланысты жауын-шашынның басым бөлігі солтүстігінде жазда, оңтүстігінде қыста түседі. Күннің түсу бұрышының төмендеуіне температураның таралы ерекшелігіне сай булану солтүстігінде 500 м.м - ден оңтүстігінде 1000 м.м дейін артады. Ылғалджың түсетін мөлшері мен оның шығынын жаздың ортасымен сонда байқалатын құрғақшылық кезеңде айқын байқалады. Қазақстанға белгілі климатолг ғалымдар Л. А. Чубаковпен А.С. Өтешевтің зерттеулеріне қарағанда құрғақшылық ауа райының қайталануы солтүстігінде 25%, оңтүстігінде 80% құрайды. Жылдың жылы кезеңінде отмосфералық құрғақшылықты күндер жергілікті жердің жағдайына сай ылғалды жылдары 13 күннен құрғақшылық байқалатын жылдары 130 күнге дейін созылады. Жазғы құрғақшылықты батыстық тасмалды бұзатын Арктикалық ауа массаларының енуінен қалыптасатын антициклондар тудырады 16.
Қарағанды облысында жазда ауаның құрғауына жыртылған егістікпен сирек өсімдікті шөлиттердің бетіндегі борпылдақ тау жыныстары желдің ұшырауынан туатын шаңды дауылдар мен тропиктік ауаның енуінен болатын ыстық желдер әсер етеді. Жекелеген жылдары шанды дауылдардың қайталануы 50 күнге дейін жетеді. Қыста аймақа жылдық жауын шашының 20-30% түсетін діктен қардың қалындығы Солтүстігінде 20 - 25 сантиметрден оңтүстігінде 10-15 сантиметрден аспайды. Қар жамылғысына қыста соғатын желдер мен Орта Азядан енетін ауа масаларынын әсерінен болатың жылынулар әсер етеді. Қарлы боранды күндердін қайталануы 40 - 60 күнге дейін созылады. Қыста температураның күрт көтерілуінен болатын жылынулар қардын еріп кетуіне онша көп әсер етпегенімен оның тығыздалуына мүмкіндік береді. Қардын беті мұзданып қалуы қысқы мал жайылымына орасан зор нұқсат келтіреді. Қардын жұқа болуына температуранын төмендігіне байланысты солтүстігінде 90 - 140, оңтүстігінде 50 - 60 сантиметрге дейінгі терендіктегі жердін беткі қабаты қатып қалады.Қыста малды жайылымға шығаруға қолайсыз күндердін ұзақтығы Солтүстігінде 100, Оңтүстігінде 350 күнге дейін созылады. Көктем өте қысқа инсоляцианын артуына байланысты жұқа қар жылдам еріп буланып кетедіде ауаны жылтады. Қыста жауған қардын жұқа болуына байланысты ерігенде топырақтын беткі қабатын ылғалымен жеткілікті дәрйжеде қамтамасыз етеалмайды.
Көктемнің басында ауа райының жағдайы жылдам өзгеріп әлде сақталған сібір антициклонының батыс тармағына батыстан және оңтүстіктен адвенциялық ауа ағыны енеді де қар жылдам ери бастайды. Жер бедерінің бір шама тегіс болуына байланысты. Солтустіктен ең суық арктикалық ауа массаларының енуіне мумкіндік береді. Арктикалық ауа массалары енгенде температура күрт төмендеп қарлы боран соғып үсік жүрді. Қазақтың ұсақ шоқыларында көктемгі үсік жүру құбылысы 10 - 20 мамырға деиін байқалады. Қарағанды облысының оңтүстігінде көктемде қардың еруі тәуліктік орташа температура 0ºс артатын наурыздың екінші жартысында басталса солтүстігінде сәуірдің ортасында басталады. Теріс радиациялық баланстың оң радиациялықбалансқа ауысу әлі толық аяқталмағандықтан температура ауытқуының тәуліктік амплетудасы 16 - 20ºС жетеді. Көктемде суық және жылы ауа массаларының араласуына байланысты цимон әрекеті күшейіп құбылмалы жауын - шашынды ауа райы қалыптасады. Көктемде аймақта жауын - шашынның 20 - 25% түседі. Үсік жүреді Қардың жұқалығына байланысты топырақтың беткі қабаты жеткілікті дәрежеде ылғалданбайды. Жазды жердің беті қатты жылынып ашық бұлтсыз ауа райының қалыптасуына байланысты жауын - шашын аз түседі. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде +19..+20ºС оңтүстігінде +20..+26ºС аралығында ауытқиды. Таулы алқаптардың көтеріңкі бөліктерінде биіктік артқан сайын температураның төмендеуі байқалады. Ең жоғарғы температура 40 - 42º С дан 44ºС дейін жетеді температураның ауытқуының тәуліктік амплетудасы 12 - 15 артпайды 17. Жазғы жауын шашынның негізінен қоңыржай құрлықтық және жергілікті Орта Азиялық (Тұран) тропиктік ауаны бөліп тұрған фронттар зонасындағы циклон әрекетінен түзіледі. Жауын шашынның басым бөлігі теріс радивциялық байланысқа ауысатын көктемнің сонымен жаздың басында жауады. Оңтүстік бөлігінде мамырда, солтүстігінде маусымда түседі. Жазда құрғақшылық ауа райының әсерінен буланудың жоғарғы болуы, ылғалдың жоғалуы Солтүстігінде 25-30 %, оңтүстігінде 75-80% құрайды. Буланудың жоғары болуына байланысты ылғалдың жетіспеуі Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде айқын байқалады. Осыған орай шөлді-шөлейтті климат қалыптасады. Топырақта ылғалдың жетіспеуі байқалып аридтілігі артады. Жыл кезеңдегі күн сәулесінің ұзақтығы 1500-1800 сағатты құрайды.
Қарағанды облысының жаздан қысқа өтпелі кезең күз қыркүйекте басталады. Күннің түсу бұрышының төмендеуіне байланысты температура біртіндеп төмендейді. Жауын-шашынның мөлшері біршама аз болғанымен оң радиациялық баланстың теріс радиациылық байланысқа ауысуына байланысты циклон әрекеті қыркүйек, қазан айларында күшейеді. Осыған орай күзде жылдық жауын-шашынның 10-15% түседі.
Қарағанды облысының климат ресурстары көптен бері емдік- сауықтыру мақсатында қолданылады. Нұра, Кеңгір, Сарысу өзендерінің бойында климат негізгі емдік фактор болып табылатын курорттық-шипажайлық сауықтыру орындарының торлары қалыптасқан. Ауа райының адам ағзасына толық әсер ететіндіктен климатты бағалау кезінде кешенді климаттық әдіс қолданылады. Климаттың ауа райындағы құрылымы оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ тау климатының өзгерткіштігі теңіз деңгейінен биіктігіне, беткейлерінің көлбеулігі мен кеңістіктегі бағытына, жер бедерінің пішініне және беткі жабын қабатына тәуелді 18.
Климатологтар мен шипажайтанушылар климатты бағалау барысында ауа райының физикалық қана емес, оның эмоционалдық жақтарынада мән береді.
Кешенді бағалау әдісінде шартты (нәтижелі) температура жүйесі пайдаланылады. Онда метеоролгиялық элементтердің кешенді әсері сипатталады. Температура мен ылғалдылықтың әсерін сипаттайтын кешенді көрсеткіші-нәтижелі температура (НТ); температураның, ылғалдылық пен желдің жылдамдығын -эквиволентті-нәтижелі температура (ЭНТ); температураның, ылғалдылықтың, желдің жылдамдығы мен күн радиациясын - радиациялық-эквиволентті температура (РЭТ); деп аталады.
Шартты температурамен 17 мен 230С аралығын қамтитын қолайлы аймақтар түсінігі тығыз байланысты. Оның шегінің сыртында суыну немесе қызу сезіледі. Қарқынды рекреанттар үшін қолайлы аймақ 12-160 шегіндегі ЭНТ жатады.

1-кесте. Адамның физиологиялық күйі мен ауа райының типінің арасындағы өз ара байланысы.

Терінің өлшен
ген орташа темперасы, 0С
Жылуды
сезіну
Тердің бөлінуі
Мгсағат
Түсірілетін жылу реттегіш салмақ
Ауа райы-
ның сыныбы
19
Данилова бойынша ауа райын бағалау 20
34

34
34
өте ыстық

ыстық
өте жылы
750

750-400
400-250
шектен тыс
үлкен
қалыпты
4-Ж

3-Ж
2-Ж
қолайсыз ыстық
34-33
жылы
250-150
әлсіз
1-Ж
ыстық

субқолайлы
32,9-31,0
қолайлы
100
төмен
Қ
қолайлы
30,9-29,0
салқын

әлсіз
1-С
салқын

ішінара салқын

қолайсыз
28,9-27,0
26,9-27
23
Суық
өте суық
шұғыл суық
100

100
100
Қалыпты
шектен тыс
үлкен

2-С

3-С
4-С
қолайсыз
суық

Физиологтар климатты ыстық қолайсыз, ыстық субқолайлы, қолайлы, салқын субқолайлы, суық қолайсыз бағалау санаттарына бөлінген 9 типке топтастырды. Ыстықты да, суықтыда сезінбейтін температура жағдайы демалушылар үшін ең қолайл болып табылады. Бұл терінің орташа өлшенген 31-330С температурасы мен оған сәйкес келетін ауа-райының типінде (қалыпты) байқалады. Біршама жоғары немесе төмен температуралы ауа райында терінің температурасы мен жылу реттелуге түсетін салмақта артады.
Ауа райының Ж (жылы) және С (суық) типтерінде температураның көтерілуі немесе төмен түсуі барысында ауа райы адам ағзасына қолайсыз әсер етеді. Ауа райының 2-Ж, және 2-С сыныбы жаттыққан және спортпен шұғылданатын адамдар үшін туристік-рекреациялық іс-әрекеттерді жүргізуге болады. Ауа райының 4-Ж, және 4-С сыныбында ағзаның ауырлығы әр түрлі дәрежедегі созылмалы ауруларының әрекеті байқалуы мүмкін болатындықтан туристік-рекреациялық іс-әрекеттерді жүргізуге болмайды 19.
Климат жағдайлары мен адам ағзасының күйінің арасындағы өз ара байланыс 1-кестеде анық көрсетілген. Қолайлылығы жоғары ауа райында туризмнің барлық түрлерін жүргізуге болады. Ауа райының қолайлылығы орташа (субқолайлы) болған жағдайда туризммен айналысу белгілі дәрежеде шектелуі мүмкін. Қолайсыз ауа райы демалыстың барлық түрлерін шектейді.
Жергілікті жердің климаттық жағдайын оқып-үйрену үшін тек ағзаның жылу жағдайын зерттеумен ғана шектелумей жеклеген метеорологиялық жығдайларды да бағалау қажет. Желдің жылдамдығы 6 мсек. Жоғары болып, жаун-шашын 3 мм асқанда және ұзақ тұманды болған кез-келген ауа райы қолайсыз болып саналады 20.
Қарағанды облысының табиғи рекряциялық ресурстарын талдау жасау тау алды жазықтарынан таулы-орманды белдеуге дейінгі барлық биіктік ланшафтылық зоналарда жүргізіледі. Атап айтсақ, жылдың жылы мерзімінде Нұра аңғарында туристік рекряциялық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қолайлы метеорологиялық жағдайдың ұзақтығы 5-6 ай. Қолайлы кезеңдегі салыстырмалы ылғалдылық 40-60% аралығында ауытқиды. Аталған ауданда жауын-шашынның ең көп мөлшері сәуір мамыр, қазан, қараша айларында жауады. Күн сәулесінің түсуінің орташа ұзақтығы желтоқсанда 100 сағаттан, шілдеде 300 сағатқа дейін артуы, жылдың жылы мерзімінде әр түрлі мақсаттағы туристік-рекряциялық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға климатының қолайлы екенін көрсетеді. Қыста қардың біршама жұқа болып, қаңтар, ақпан айларында 20-25 сантиметрден аспауы, жылынудың жиі байқалуы қарды пайдаланудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытуға әсер ететін табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен факторлардың маңызын анықтау
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Weekend турлары
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Қазақстан Республикасының емдік-сауықтыру орындарына баға беру
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Экологиялық туризм ұғымы
Қостанай облысының туризмі
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Пәндер