Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазіргі кездегі экономикалық даму ұлттық экономикалардың елдер арасындағы аймақтық және бірлескен шаруааралық кешенге интеграциялаудың айқын көрінетін тенденциямен, сондай-ақ кең еркін сауда аумағын құруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді айырбастау, қаржылық ресурстардың қозғалуы бойынша халықаралық келісімдер маңыздылығын арттыруға ұмтылумен сипатталады. Материалдық құндылықтар мен қаржы құралдарының айналымын реттейтін жалпыға ортақ ережелері бар қаржы нарығы қалыптасып келеді. Барлық елдерде ұлттық экономика біршама ашық бола келе, әлемдік еңбек бөлінісі мен халықаралық бәсекелестікке қосылуда.
Сыртқы экономикалық байланыстар объективті шартталған болып, экономикалық өсудің ең маңызды факторына айналды. Көптеген елдерде міне осылар ұлттық экономиканың жағдайын анықтайды, және де бұл беталыс болашақта өседі.
Ең серпінді дамитын, сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларына уақтылы қызмет көрсететін кеден қызметі сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік басқару органдары жүйесінде ерекше орын алады. Бұл сыртқы экономикалық байланыстар масштабының кеңеюімен шартталған.
Сонымен қатар кедендік жүйе атқаратын қызметтің маңыздылығы - Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсетін табыс бөлігінің ең тұрақты көзі кедендік салықтар мен жиналымдар болып табылады.
Кеден жүйесінің қызметін ұйымдастырудың негізгі элементтері кеден қызметінің тиімді құрылымын және оның органдарын Қазақстан Республикасы аймағында орналастыру нұсқасын таңдау болып табылады.
Кеден органдарының бірыңғай жүйесінің қағидалары кеден ісін, бірыңғай кеден саясатын, бірыңғай кеден аумағын, бірыңғай кеден заңдылығын, бірыңғай тарифтік реттеу мен оның экономикалық саясат шараларымен үйлесуін ұйымдастыру және жүзеге асыруға негізделген біртекті қағидалармен тығыз байланысты.
Алғашқы кезекте кеден қызметі мемлекеттік шекараны кесіп өтіушілерге бағытталды. Өйткені, алдымен жалпы қоғамның мүддесін, содан кейін әрбір жекелеген азаматтардың, олардың жай-күйі мен қауіпсіздігін қорғауға тиісті болды. КСРО кезінде кеден тек мемлекеттік шекараны кесіп өтушілер үшін ішкі сауда қызметін шектеуді сақтауға, тауарлар мен мүліктерді бақылауды жүзеге асыруға жауапты орган ретінде ғана жұмыс істейтін. Бұл міндет әрқашанда екінші кезекте қалып отыратын.
Бүгінде біз өткенге көз сала отырып, Казақстанның кеден қызметінің қалыптасу кезендеріндегі қиыншылық жылдарды іштей еске аламыз. Алайда, біз сол қиыншылықтарды жеңіп шығып, он жыл ішінде көп тер төктік, зияндар мен табыстар да болды, нәтижесінде жаңа саланы көтеріп, әлемдік деңгейде де өз орнымызды таптық.
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Республикасының жас кеден қызметі жылдан жылға өзінің саласын кеңейте отырып, мемлекетіміздің экономикалық мүддесін қорғауға, өзінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға барынша үлесін қосып келеді.
Сонымен қатар кеден органдары үшін жоғары білікті кадрлар дайындауға да зор көңіл бөлініп, мыңдаған мамандар тәуелсіз мемлекетіміздің шекарасындағы сенімді калқан болып қалыптасты.
Дипломдық жұмысымның тақырыбын таңдаған себебім - бұл кеден қызметін ұйымдастыру мен дамытудың негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді ішкі және шекаралық кеден бақылауын жүзеге асырудың тиісті шараларын анықтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тақырып тікелей тауар өндірушілер, жөнелтушілер мен қабылдаушыларға максималды жақын орналасқан кедендік рәсімдеу орындарының жаңа тұжырымдамасын енгізумен тығыз байланысты. Бұл ішкі кедендердің әкелінетін (әкетілетін) тауарлар мен көлік құралдарын жалпы көлемін өңдеудегі үлесін көбейту және шекарадағы өткізу пунктерінің жүктеулілігін азайту жолымен қамтамасыз етіледі[1,31].
Кедендік рәсімдеу - бұл Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты Қазақстан Республикасының кеден органдары мен тұлғалар жүзеге асыратын әрекеттер мен процедуралар жиынтығы.
Сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы сауда ең алдымен заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы алып өтуімен байланысты. Мұндай тауарлар мен көлік құралдары міндетті түрде кедендік бақылаудан өтеді.
Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілерінде сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесі кеден органдарының атқаратын ролі мен орны анықталып, олардың мақсаттары мен функциялары құрылды.
Кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау кеден органдарының маңызды функцияларының бірі болып табылады. Өйткені кеден органдарының лауазымды тұлғалары тауарлар мен көлік құралдарының құжаттарын, ҚР кеден шекарасы арқылы өткен жүктерді, көліктерді кедендік қарау, тексеруден өткізеді, шектеу шаралары қолданылған тауарлардың өтуін қадағалап отырады, шектеу қойылған тауарлардың шекарадан кіру немесе шығуын тоқтатуды қамтамасыз етеді (есірткі, қару-жарақ, психотроптық заттар).
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты кедендік саясатты іске асыруда мемлекетіміздің кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүргізудің маңыздылығын ашып қарастыру, жүзеге асыру тәртібін анық көрсету, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау механизмін зерттеу және оны жетілдірудің жолдарын, әдістерін ұсыну болып табылады.
Дипломдық жұмысымның бірінші тарауында ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауда қолданылатын түсініктерді, жүргізу тәртібін, нысандарын ашып көрсетіп, мәселенің нормативтік-құқықтық негізін анықтадым.
Екінші тарауда ҚР кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүргізудегі алатын орнын, негізгі мақсаттары мен міндеттерін, механизмін, атқаратын функцияларын Солтүстік облысының кеден органдары үлгісінде қарастырдым; республика бойынша өткен жылдары істеген қызметінің қорытындыларын талдап, жеткен жетістіктерін кестелер, диаграммалар арқылы көрсеттім; қазіргі кездегі кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырудың өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын, әдістерін табу қажеттілігін белгіледім.
Үшінші тарау ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процедураларын жеңілдету әдістерін, оған кететін уақытты қысқарту және кеден төлемдері мен алымдарын өндіріп алудың ең тиімді жолдарын, жетілдірудің кейбір аспектілерін қарастырады. Сонымен қатар Қазақстанның әр түрлі интеграциялық қауымдастықтарға кіруде, халықаралық келісім-шарттар жасасуға қатысатын елдер арасында кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процедураларын жүргізудің оңайлатылған, жеңілдетілген тәртібін қолдануды енгізу, тауарларды тасымалдау кезінде СЭҚ қатысушыларының қақтығысып қалатын кедендік бөгеттерді жою сияқты мәселелерді шешу үшін шаралар қолдану, ол шаралардың іске асырылуын қадағалап, халықаралық кедендік қызметтесуді жетілдірудің ұсыныстары жасалды.
Казақстан Республикасының тәуелсіздікке бет бұруы шетелдермен тікелей сыртқы экономикалық қатынастарды дамытуға үлкен септігін тигізді. Бұл ретте мемлекеттің сыртқы қатынастарынан мемлекеттің бюджетіне өте қомақты қаржы түсіріп, осының жүзеге асырылуын реттеп, бақылап отыратын кеден ісін органдарының рөлі ерекше. Кеден органдарына жүктелетін функциялардың қатары біршама кең, сол фукнциялардың арасында басқа мемлекеттерден кіргізілетін тауарларға тексерулер жүргізу мен құқықбұзушылықтардың алдын алу қызметімен қатар тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізудің де маңызы зор.
Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асырудың мемлекеттің экономикасы үшін ғана емес, жалпы қылмыстылықтың алдын алудағы да маңызы зор. Кеден органдарының мәліметтеріне сәйкес, бір жылдың өзінде тауарлар мен көлік құралдарын шекарадан өткізу кезінде көптеген құқықбұзушылықтар мен қылмыстар анықталып жатады. Бұл ретте кеден ісі саласындағы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне айрықша жауапкершіліктер жүктеледі.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезден бастап және шартты түрде жіберуді қоспағанда, еркін айналыс үшін шығарылғанға, жойылғанға, мемлекеттің пайдасы үшін тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттік меншікке айналдырғанға, тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейін кедендік бақылауда болады.
Қазақстандық тауарлар мен көлік құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуді жүзеге асыруға тікелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткенге дейін кедендік бақылауда болады. Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлік құралдарын не оларды қайта өңдеу өнімдерін Кеден кодексінде айқындалған тәртіппен кедендік режимдердің талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы міндеттемелерін орындауына кедендік бақылауды жүзеге асырады. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кедендік бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандармен шектеледі.

1. Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібінің теориялық негіздері

1.1. Тауарлар мен көлік құралдарын Кеден кодексіндегі кедендік рәсімдеу түсінігі, мазмұны, тәртібі

Сыртқы экономикалық қызмет және ең алдымен сыртқы сауда елдің кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын өткізуімен тығыз байланысты. Сонымен қатар тауарлар мен көлік құралдары кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудан өткізіледі. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу механизмі мен мәнін түсіну үшін осы процестермен байланысты негізгі терминдер мен түсініктердің мағынасын ескерген жөн:
Қазақстан Республикасының кедендік аймағын құрлық аймағы, аймақтық сулар (теңіз) мен ішкі сулар, оның үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік шельфінде орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар және кеден ісі аймағындағы Қазақстан Республикасының ерекше заңнамасы бар басқа да объектілер құрайды.
Кедендік шекара - бұл Қазақстан Республикасының кедендік аймағының шектерін айқындайтын түзу және оның үстімен өтетін вертикальды кеңістік. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасының, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлерінің шектері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады[2,33].
Тауар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін заттар, соның ішінде ақпарат тасушылар, валюта құндылықтары, электр, жылу және тағы басқа энергия түрлері, көлік құралдары.
Көлік құралдары - халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолданылатын теңіз, ішкі сулар, әуе кемелері, механикалық көлік құралы және де сол көлік құралдарымен бірге тасымалданатын олардың техникалық паспорты немесе техникалық формулярында көрсетілген қосалқы бөлшектері, керек-жарақтары мен жабдықтары, құятын сиымдылықтардағы жанармай материалдары мен суытатын сұйықтықтар.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу - Қазақстан Республикасының кедендік аймағына кез-келген әдістермен тауарлар мен көлік құралдарын әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан әкету әрекеттерін жүзеге асыру, сонымен қатар халықаралық пошта жөнелтулері, құбыр көлігін және электр тасымалдауын қолдану.
Қазақстандық тауар - Қазақстан Республикасында толықтай жасалған, Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеу шарттарға сәйкес қайта өңделген, Қазақстан Республикасының аймағына еркін айналым үшін шығарылған, Кеден кодексіне сай мемлекет меншігіне айналған тауар.
Шетелдік тауар - қазақстандық емес тауар.
Тауар тасымалдаушы тұлға - өз атынан немесе басқа бір адамның нұсқауымен сыртқы экономикалық келісім-шарт жасайтын адам; егер Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарды өткізу қазақстандық тұлға сыртқы экономикалық келісім-шартты жасамай жүзеге асырса, кедендік бақылаудан өтіп жатқан тауарды Қазақстан Республикасы аумағында пайдалану және иелену құқығы бар адам болып табылады.
Мәлімдеуші - тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін тұлға немесе тауарлар мен көлік құралдарын өз атынан мәлімдейтін, ұсынатын өкілді кеден брокері.
Сыртқы экономикалық қызмет немесе сыртқы сауданы жүзеге асыру кезінде пайда болатын жағдайлар, қатынастар мен байланыстардың көптүрлілігі әр түрлі тауарлар, тұлғалардың құқықтық мәртебесін, олардың өзара, мемлекетпен, оның органдарымен, соның ішінде кеден органдарымен қатынасының тәртібін айқындайтын заңдылықтар мен нормативтік актармен реттеледі.
СЭҚ арқасында мемлекеттің бюджетке табыс түсіру, қажетті құрал-жабдықтар, шикізат, материалдар, алдыңғы қатарлы технологиялар мен өз экономикасын қайта құру үшін, халықты қамсыздандыру үшін басқа да тауарларды сатып алу, өз тауарларын экспорттау, өз қызметтерінің басқа да бағыттарымен келістіре отырып өзінің сыртқы саясатын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.
Сондықтан да мемлекеттің СЭҚ белгіленген тәртіпке сай жүзеге асырылуында қызығушылығы бар.
СЭҚ заңды сақтайтын қатысушылар оны жүзеге асырудың белгіленген тәртібін біле тұра, оны орындап жүруі міндетті. Ең алдымен бұл кедендік бақылау пәні болып табылатын және тауарлар мен көлік құралдарын дұрыс кедендік рәсімдеу үшін қажетті мәселелерге қатысты:
шаруашылық субъект ретінде сәйкес мемлекеттік органдарда тіркелу жолымен СЭҚ айналысуға рұқсат алу;
тауарды өндіру, сатып алу, сату туралы, тауар айырбастау (бартерлік) операциялар туралы, тасымалдау, тиеу-түсіру, сақтандыру және тауарларды сақтау, сараптаумен, т.с.с. байланысты басқа да операциялар туралы келісім-шарттар, соның ішінде халықаралық контрактілер жасасу;
белгілібір тауар түрін импорты немесе экспортына сәйкес лицензиялар, белгілібір тауар санын немесе белгілібір (сандық немесе құндық квоталардың) сомасын әкетуге немесе әкелуге, яғни экономикалық саясат шараларын орындауға рұқсат алу;
ТМД СЭҚ ТН сай тауардың атауына, сапасына, санына, жіктелуіне, құнына, оның құрамдық элементтеріне, жеткізу, сақтандыру, тасымалдау және т.с.с. шарттарға қарай бүкіл қажетті мәселелерді көрсететін тауармен бірге жүретін, көліктік және тағы басқа құжаттарды рәсімдеу;
тиісті салықтар, кедендік баждар мен жиналымдарды төлеу немесе оның кепілдігін ұсыну;
тауарлар мен құжаттарды келісілген жерге және уақытында жеткізу;
кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыру үшін кеден органдарына тауарларды мәлімдеу;
тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына немесе кедендік бақылау аймағының басқа орындарына, сол кезеңдегі сақтау, тасымалдау, айналым және т.с.с. орындарға орналастыру;
тауаларды еркін айналымға шығарғаннан кейін немесе басқа кедендік режимге орналастырғаннан кейін тауарларды билік ету және т.с.с.
Кедендік режим - бұл Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не оның шекарасынан тыс жерде тасымалдау, қолдану мақсатына байланысты тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде кеден ісі аймағындағы мәртебесін айқындайтын Кеден кодексінде белгіленген нормалар жиынтығы.
Белгіленген тәртіпті орындаған кезде тауарлар мен көлік құралдары кеден шекарасынан кедергісіз өте алады[3,31].
Бірақ тәжірибе көрсеткендей, СЭҚ жүзеге асыру тәртібіне қатысты мемлекет белгілеген талаптарын адал орындауға СЭҚ қатысушыларының көбісі ұмтылғанымен, олардың бір бөлігі әдейі немесе білмегендікпен қателіктер жіберіп, нормалар мен ережелерді орындамайды. Бұл республикалық кірістерді жоғалтуға, кеден органдары мен басқа да республикалық ведомстволар жұмысының ұйымдаспаушылығына және т.б. әкеліп соғады.
Мемлекет сыртқы, ішкі, экономикалық, қаржы, салық, сыртқы сауда, кедендік, әскери саясатты, сондай-ақ мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа қауіпсіздік түрін қамтамасыз ету аймағындағы саясатты жүзеге асыруға ұмтылғандықтан, ол кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыратын кеден органдарының көмегімен СЭҚ барлық қатысушыларының құқықтарын қорғау ғана емес, оларға жүктелген міндеттерді адал орындауын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
Кедендік рәсімдеу - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының кеден органдары мен тұлғалар жүзеге асыратын әрекеттер мен процедуралар жиынтығы[1,63].
Кедендік рәсімдеу СЭҚ қатысушыларының барлық тауарлар мен көлік құралдарын міндетті түрде мәлімдеу (кеден органдарына мәліметтерді ұсыну) туралы заңдылығының талаптарын орындауға негізделеді. Мәлімдеу ауызша, электрондық немесе жазбаша түрдегі кедендік мәлімдемесін, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау үшін қажетті басқа да құжаттар мен мәліметтерді ұсыну болып табылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу, әкету және транзиті кезінде мәлімдеушілердің әр түрлі жағдайлармен қақтығысуына байланысты нысаны, мазмұны, уақыт аралығы және т.б. бойынша, соның ішінде мәлімдеуші таңдаған кедендік режим түріне байланысты мәлімдеу процесінің қатты өзгешілігі болуы мүмкін. Сәйкесінше кедендік рәсімдеу процесі де әрбір нақты жағдайда ерекше болады, бірақ та жалпы алғанда оның маңызы өзгермей қалады - тауар жөнінде мәліметтерді, оны кеден шекарасы арқылы өткізу туралы қабылданған шешімдерді, оны әрі қарай бақылау процедурасы немесе еркін айналымға шығаруды құжаттық бекіту.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мына әрекеттерді қамтиды:
мәлімдеушіден ауызша арызды алу және оны бекіту, тауарлар мен көлік құралдарының кедендік мақсаттар үшін қажетті барлық өлшемдері мен оларды тасымалдау (көліктік, тауармен қоса жүретін, басқа да коммерциялық құжаттар, жүк кеден мәлімдемесі немесе қысқаша мәлімдеме), оларды қолданудың мәлімдеуші таңдаған кедендік режим жөнінде мәліметтері бар құжатарды не олардың электрондық көшірмесінің есебін жүргізу мен тіркеу;
әрбір кедендік режим үшін белгіленген тәртіпке сай белгілібір мәліметтерді кедендік мәлімдемеге және басқа да құжаттарға енгізу, сол мәліметтерді кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және оның жеке нөмірлік мөрімен бекіту;
түрлі құжаттарды құру (жеткізуді бақылау құжаттары және т.б.);
қабылдауды рәсімдеу, тауарлады УСҚ әкелу мен берудің есебін жүргізу;
тауарлар мен көлік құралдарын УСҚ уақытша сақтауы кезінде сынамалар мен үлгілерді алу туралы құжаттарды рәсімдеу;
тауарлар мен көлік құралдарына қатысты шешімдерді қабылдау және оларды бекіту;
тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді аяқтау фактісін құжаттарда растау.
Кедендiк рәсiмдеудiң тәртiбi. Кедендiк рәсiмдеу процедурасы алдын-ала операциялар мен негiзгi кедендiк рәсiмдеуден тұрады.
Алдын-ала операциялар. Алдын-ала операциялардың мақсаты тауарлар мен көлiк құралдарын негiзгi кедендiк рәсiмдеудi тездету және оларды белгiлi бiр режимге орналастыруды жеңiлдету болып табылады.
Алдын-ала кедендiк рәсiмдеу кезiнде лауазымды тұлғалар:
- Қазақстан Республикасы кедендiк аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын әкелу кезiнде кеден шекарасынан өтуi туралы хабарламаны қабылдайды;
- Қазақстан Республикасы кедендiк аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуi туралы хабарламаны қабылдайды;
- кедендiк бақылаумен тауарларды жеткiзу ережелерiне сай тауарларды жеткiзудi рәсiмдейді;
- тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзу орнынан келуi жөнiнде хабарламаны қабылдайды;
- тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймасына орналастыруды рәсiмдейді және оны бақылайды;
- қысқаша декларацияны қабылдайды;
- тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алады;
- тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнында, уақытша сақтау қоймасында орналасу шарттарының сақталуын бақылау және есебiн жүргiзуi;
- негiзгi кедендiк рәсiмдеудi жүзеге асырушы лауазымды тұлғаларға рәсiмделген құжаттар мен мәлiметтердi бередi.
Тауарларды автомобильдi көлiкпен әкелу кезiнде шекаралық және көлiктiк бақылауды жүзеге асырғаннан кейiн және тасымалдаушының Қазақстан Республиканың кеден шекарасынан өтуі жөнiнде хабар бергенiнен кейiн алдын-ала операцияларға жататын бiрқатар қажеттi iс-әрекет iске асырылады:
- кедендiк мақсатта қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының шекарасында тексеру мен рәсiмдеу;
- Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес тауарларды әкелуге рұқсат (лицензия) бойынша жүзеге асырылатын болмаса және оны шекарада ұсыну қажет болмаса, Қазақстан Республикасына сондай тауарларды әкелуге рұқсаттарды (лицензияларды) ұсыну;
- кеден органы қызметкерiнiң тауар жеткiзу құжаттарында белгiлер қою арқылы әрбiр көлiк құралда тасымалданатын әр тауардың атауын, салмағын, көлемiн, фактуралық құнын бекiту;
- көлiк құралдарын тексерiп қарау, ал кейбiр жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексеру;
- кедендiк бақылау үшiн қажеттi тауар мен көлiк құралдарының жүк және басқа да операциялары;
- Қазақстан Республикасының кеден заңдылығында белгiленген тәртiпке сай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу.
Негiзгi кедендiк рәсiмдеу. Негiзгi кедендiк рәсiмдеудiң мақсаты тауарлар мен көлiк құралдарын белгiлi бiр режимге орналастыру, сол режим талаптарына сәйкес тауарларды шығару және сол режимнiң әрекет етуiн аяқтау болып табылады.
Кедендiк режимдi мәлiмдеу үшiн ақырғы мерзiм - тауарлардың келуi туралы хабарламаны қабылдау мезетiнен 15 күн ішінде.
Негiзгi кедендiк рәсiмдеу тауар қабылдаушы және жiберушiсi тiркелген кеденде, я болмаса әрекет ету аймағының кеденi рұқсатымен басқа да жерлерде жүзеге асырылады. Негiзгi кедендiк рәсiмдеу кезiнде тауар кедендiк бақылау аймағында орналасуы қажет.
Тауарлар мен көлік құралдарының негiзгi кедендiк рәсiмделуі бес кезеңдi қамтиды (схема 1):
1. Кедендiк декларацияларды қабылдау, тiркеу және есебiн жүргiзу кезеңi.
2. ТМД СЭҚ ТН сай тауар кодын және шығу елiн анықтау дұрыстығын, сондай-ақ бейтарифтiк реттеу шараларының орындалуын бақылау кезеңi.
3. Валюталық бақылау мен кеден құнын бақылау кезеңi.
4. Кеден төлемдерiн бақылау кезеңi.
5. Тексеру және шығару кезеңi.

Кеден төлемдерiн бақылау кезеңi
Тексеру және шығару кезеңi
Кедендiк декларацияларды қабылдау, тiркеу және есебiн жүргiзу кезеңi
Валюталық бақылау мен кеден құнын бақылау кезеңi
ТМД СЭҚ ТН сай тауар кодын және шығу елiн анықтау дұрыстығын, сондай-ақ бейтарифтiк реттеу шараларының орындалуын бақылау кезеңi
Негiзгi кедендiк рәсiмделуідің кезеңдері
Схема 1. Негізгі кедендік рәсімдеудің кезеңдері.

1-кезең. Кедендiк декрацияларды қабылдау, тiркеу және есебiн жүргiзу. Кедендiк декларацияларды қабылдау, тiркеу және есебiн жүргiзу кезеңiнде кедендiк декларация мен ҚР кеден органына мiндеттi түрде ұсынылуға тиiстi басқа да құжаттарды, сондай-ақ кедендiк декларацияның электронды көшiрмесiн қабылдау, кедендiк декларация мен оның электронды көшiрмесiнiң жалпы тексерілуi мен оған нөмiрдi бекiту жүзеге асырылады.
2-кезең. Тауарлардың кодын анықтау дұрыстығы мен бейтарифтiк реттеу шараларының орындалуын бақылау.
Бұл кезеңде ТМД СЭҚ ТН сәйкес тауар кодын, шығу елiн анықтаудың дұрыстығын, бейтарифтiк реттеу шараларының орындалуын бақылау, сонымен қатар:
- уәкiлеттi кеден органдарының тауарларды алдын-ала жiктелуiн iске асырған жағдайда ТМД СЭҚ ТН сәйкес тауардың алдын-ала жiктелуi жөнiнде құжаттарды тексеру;
- тауарлардың шығу тегiн растайтын құжаттар мен мәлiметтердi тексеру және осыған байланысты тарифтiк жеңiлдiктер мен преференцияларды ұсыну;
- тауарларды сәйкес кеден режимiне орналастыру шарттарының орындалуын бақылау (кеден құнын анықтау мен кеден төлемдерiн төлеуден басқа) жүзеге асырылады.
3-кезең. Валюталық бақылау мен кеден құнын бақылау. Бұл кезеңде:
- сыртқы сауда келісiм-шарттары мен басқа да құжаттар шарттарының әрекет етушi валюталық заңдылық талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
- валюталық бақылауды iске асыру үшiн ұсынылған кедендiк декларациядағы мәлiметтердiң құжаттардағы ақпаратқа сәйкестiгiн тексеру;
- тауарлардың кеден құнын таңдалған кеден құнын анықтау әдiсiне сәйкес мәлiмделуiнiң дұрыстығын тексеру, қажеттi жағдайда кедендiк рәсiмдеу кезiнде кеден құнын және кеден төлемдерiн түзеу;
- тауарларды уақытша (шартты) бағалау жүзеге асырылады.
4-кезең. Кеден төлемдерiн бақылау. Бұл кезеңде мыналарды тексередi:
- кеден төлемдерiн төлеуге тиiстi тұлғаның кеден төлемдерiн төлеу бойынша қарызының болуы;
- мәлiмделген тарифтiк және салықтық жеңiлдiктер мен преференциялардың негiзделуi;
- кеден декларациясын беру мерзiмiн декларанттың сақтауы (кеден декларациясын беру мерзiмiн бұзған жағдайда кеден төлемдерiн төлеудi созғаны үшiн өсiмпұл есептеледi);
- кеден төлемдерiнiң дұрыс есептелуi.
5-кезең. Тауарларды тексеру және шығару. Бұл кезеңде:
- жүктi тексеру тапсырмасы негiзiнде тексермелеу (оның iшiнде идентификациялық);
- тексермелеу нәтижесi кедендiк тексермелеу актiнде және, қажет болса, кедендiк тексермелеу актiсінiң қосымша бетiнде бекiтiледi;
- тауарлар мен көлiк құралдарын шығару туралы немесе оларды шығармау туралы шешiм қабылдау арқылы кедендiк рәсiмдеудi аяқтау.
Тексермелеу қажеттiлiгi туралы шешiм кедендiк рәсiмдеудің алдыңғы кезеңдерiнде де қабылдана бередi. Бұл жағдайда лауазымды тұлға кеден декларациясының терiс жағында "ТЕКСЕРМЕЛЕУМЕН" жазуын жазып, мұндай шешiмнiң қысқаша негiзделуiн көрсетедi. Сонымен қатар тексермелеуге тапсырма беретiн, шығару үшiн жауапты лауазымды тұлғаға хабарлайды.
Кеден органы кеден декларациясын, құжаттарды тексерудi , тауарларды тексермелеуді кеден декларациясын қабылдаған мезеттен үш күннен кеш емес жүзеге асырады. Берілген мерзімді кеден декларациясын қабылдаған мезеттен он күнге дейiн созу кеден органы бастығының рұқсатымен ғана жасалады. Тауарларды шығару туралы шешiм қабылданғанда, КЖД мен көлiктiк құжатта "ШЫҒАРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ" деген жазу қойылады.
Егер рәсiмдеу процесiнің бiр кезеңінде лауазымды тұлға тауарларды шығару мүмкiн еместiгi айқындалса, онда "ТЕКСЕРІЛДІ" жазуының орнына "ШЫҒАРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ" деген жазу жазылып, шығарудың iске аспауының себебi қысқаша көрсетiледi.
Тауарларды шығармау туралы шешiм кедендiк рәсiмдеу мен бақылау бөлiмшесiнiң бастығымен немесе оны алмастырушы тұлғамен ғана қабылданады.
Тауарларды шығармау туралы шешiм қабылданған кезде, кеден декларациясында және көлiктiк құжаттарда "ШЫҒАРУҒА ТИЫМ САЛЫНҒАН" штампы қойылады.
Уақытша сақтаудың ақырғы мерзiмi өткен соң, тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдаушы тұлға тауарлар мен көлiк құралдарын басқа кедендік режимге орналастыра алады. Бұл кезде кедендiк рәсiмдеу үшiн кеден алымдары қайтарылмайды.

1.2. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау принциптері, нысандары мен тәртібі

Кеден заңдылығына сәйкес кедендік бақылау - бұл Қазақстан Республикасының кеден және Қазақстан Республикасының кеден органдарының бақылауына жүктелген басқа да заңдылығын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын шараларының жиынтығы.
Кеден ісі мәнінен шыға келе, кедендік бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Кедендік кодексі мен басқа да қазақстандық заңды актілер және заңды нормативтік құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан қосылған сыртқы сауда, сыртқы экономикалық қызметті реттеу мәселесі бойынша халықаралық келісім-шарт нормаларын сақтау, сонымен қатар кеден органдары қызметкерлері өзінің негізгі функцияларын жүзеге асырғанда кезігетін көптеген басқа мәселелерді шешуді қамтамасыз ету болып табылады.
Кедендік бақылау объектілері мыналар: Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары; олар жөнінде құжаттар мен мәліметтер; осы тауарларға қатысы бар жеке және заңды тұлғалар - тауар иелері не олардың тапсыруымен жұмыс істейтін тұлғалар - кеден брокерлері, мәлімдеушілер, кедендік тасымалдаушылар және т.б., олардың құжаттары; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекара арқылы өткізудің іс жүзіндегі жағдайдың белгіленген тәртіпке сәйкестігі; тауарлар мен көлік құралдарын кеден органдарының келісімімен мәлімдеуші таңдаған кедендік режимді ұсыну және сақтау мүмкіндігі[4,431].
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау Қазақстан Республикасының бүкіл кедендік аймағында, ең алдымен кедендік бақылау аумағында, сонымен қатар еркін аймақтар мен еркін қоймаларда ұйымдастырылып жүзеге асырылады.
Кедендік бақылау тауарды өндіру, сақтау, сатып алу, сату, тиеу, түсіру, қораптау, тасымалдау, сақтандыру, пайдалану және т.с.с. тауар қозғалысының кезеңдеріне қатысты. Бұны тауардың шығу тегі, кедендік құны, сапасы, СЭҚ ТН сай жіктелуінің дұрыстығы, саны және т.б. жөніндегі мәліметтерді тексеру кезінде көруге болады. Қазақстанның заңдары мен халықаралық келісім-шарттарды, орнатылған кедендік режимдерді сақтау туралы немесе оларды тауар өндіру, оны кедендік шекара арқылы тасымалдау не оны шығарғаннан кейін пайдалану кезінде тауар иелері я болмаса басқа да тұлғалардың бұзуы туралы мәселелерді шешу үшін жоғарыда айтылған мәліметтерді білу қажет.
Кедендік бақылау субъектілері Қазақстанның кеден органдары жүйесі, тауарлар мен қызмет көрсетулерді, сондай-ақ кеден шекарасын кесіп өтетін және жеке заттарын өткізетін басқа да тұлғалардың көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы тасымалдауымен байланысты СЭҚ қатысушыларымен өзара қарым-қатынастарында билік өкілдері функциясын орындайтын лауазымдық тұлғалары болып табылады.
Кедендік бақылаудың субъектілеріне кеден заңдылығының талаптарын СЭҚ қатысушылары мен басқа да тұлғалардың орындауын тексеру, сол тексеру процесінде белгіленген фактілер бойынша шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру үшін ақпараттық негізді дайындаумен байланысты нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру ға деген белгілібір құзыреті (құқық, міндет және жүргізу пәнінің жиынтығы) берілген.
Кедендік бақылау субъектілері қызметіне, яғни кедендік бақылауға, бақылау объектілерін қадағалау, кедендік нормалар мен ережелерді нақты орындалуын тексеру және кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуге қатысы бар бақыланушы тұлғалардың белгіленген құқықтық және құқықтық емес әрекеттілігі мен әрекетсіздігіне әсер ету шараларының жиынтығы кіреді. Бұл шаралар жиынтығы нақты жағдайларға тәуелді, бірақ жалпы түрде белгілібір объектілерді кедендік бақылауын ұйымдастыру мен жүзеге асыру, оларды басқвру туралы заңдар мен тағы басқа нормативтік актілерді жүзеге асырумен байланысты ұйымдастырушылық- басқарушылық шараларды қамтиды. Ұйымдастырушылық-басқарушылық шараларды жүзеге асыру құқық қорғаушылық шараларды (әкімшілік-құқықтық, әкімшілік-процесуалдық, қылмыстық-процесуалдық, қылмыстық-құқықтық, әскери, жедел іздестіру және т.б.) іске асыруды ұйымдастыруға жол береді. Бұл шаралар құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын-алу, ашу және жолын кесуқамтамасыз етеді. Сонымен қатар кедендік төлемдерді есептеу мен жинау, оларды мемлекеттік бюджетке аударудан тұратын фискалдық шараларды іске асыруға мүмкін етеді.
Кедендік бақылауды жүргізу мыналарды қамтамасыз етеді:
1) сыртқы экономикалық айналымды жылдамдатуға көмектесетін жағдайлар жасау;
2) кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің рұқсаттық тәртібін;
3) контрабандамен, кедендік ережелерді және салық заңдылығын бұзушылығымен күрес жүргізу, сонымен қатар есірткі құралдары, қару-жарақтары, жарылғыш заттар, халықтың көркем өнер, тарихи және археологиялық құндылықтарының кеден шекарасы арқылы заңсыз айналымының жолын кесу;
4) кедендік төлемдер, салықтар мен басқа да кеден төлемдерін уақытында және толықтай жинап алу;
5) сыртқы сауданың кедендік статистикасы мен Қазақстанның арнайы кедендік статистикасын жүргізу;
6) кеден органдарының құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
7) Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасын жүргізу және т.с.с.
Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және ҚР кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандармен шектеледі[2].
Кедендiк бақылау нысандары. Кеден заңдылығы кеден бақылауын келесi негiзгi нысандарда жүргiзудi қарастырады:
ауызша пiкiр сұрау;
түсiндiрмелер алу;
кедендiк қадағалау;
тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру;
тауарлар мен көлiк құралдарын тексерiп қарау;
жеке тексеру;
тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау немесе Кеден кодексiнде және Қазақстан Республиканың салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға бiрдейлендiру белгiлерiн соғу;
тауарлар мен көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру;
тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу;
үй-жайлар мен аумақтарды тексеру.
Кедендiк декларацияны, кедендiк мақсаттарда қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi тексеру құжаттарды зерттеу, олардың рәсiмделуi мен толтырылуы белгiленген ережелер мен нормаларға сәйкестiгiн тексерудi қамтиды. Кедендiк бақылаудың бұл нысаны кедендiк бақылаудың басқа нысандарының (тексерiп қарау, тексеру, есепке алу және т.б.) алдында жүргiзiлуi мүмкiн. Бiрақ кейбiр жағдайларда кедендiк бақылау құжаттарды тексерумен ғана шектелуi де мүмкiн.
Өзiнiң тағайындалуы бойынша кедендiк мақсаттарда қажеттi құжаттар, әдеттiгiдей, келесі топтарға бөлiнедi: көлiктiк; сауда; кедендiк; басқа құжаттар.
Көлiктiк құжаттарға: накладнойлар, коносаменттер, манифестер, жол ведомостерi, жеткiзу ведомостерi, жүк квитанциясы және т.б. жатады.
Сауда құжаттарына: контракт, келесiм-шарт, шот, фактура, арнайы, инвойс, кораптау қағазы және т.б. жатады.
Кедендiк құжаттарға кеден органдары беретiн немесе олардың қатысумен толтырылатын құжаттар, мысалы: кедендiк қойманы, уақытша сақтау қоймасын (УСҚ), бажсыз сауда дүкенiн ашуға лицензия; кедендiк рәсiмдеу маманының квалификациялық аттестаты; жеткiзудi бақылау құжаты (ЖБҚ), кеден құны декларациясы (КҚД); кедендiк жүк декларациясы (КЖД); кедендiк бақылаумен тасымалдау үшiн көлiк құралдарын (контейнерлердi) жiберу туралы куәлiк және т.б. жатады.
Басқа құжаттарға тұлғалардың сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыруға құқықтарын растайтын құрылымдық құжаттар, әр түрлi мемлекеттiк органдардың рұқсаттары, мысалы: ветеринарлық және фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыратын органдар рұқсаты, Мәдениет министрлiгiнің рұқсаты және т.б. жатады.
Қарастырылып жатқан кедендiк бақылау нысанының мысалы ретiнде кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзетiн тұлғалардың, кеден брокерлерiнiң, я болмаса бақылауы кеден органына жүктелген қызметтi жүзеге асырушы басқа да тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметiн тексеру болып табылады. Сонымен бiрге кеден органының лауазымды тұлғалары сыртқы экономикалық және басқа да кеден iсiне қатысы бар шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға қатысты кез-келген құжаттар (банк құжаттарын қоса) мен ақпаратты ұсынуды талап етуге құқығы бар[5,37].
Жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғалардан ауызша пiкiр сұрау. Кедендiк бақылаудың бұл нысаны, мысалға, кеден шекарасын кесiп өтетiн азаматтардың заттарын бақылау үшiн кеден органы қызметкерлерi әкелугеәкетуге тиым салынған заттарды, валютаны және т.с.с. айқындау мақсатында пiкiр сұрау жүргiзгенде қолданылады.
Түсiндiрмелер алу деп кеден органдары лауазымды тұлғаларының декларанттардан және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн маңызы бар мән-жайлар туралы мәлiметтердi бiлетiн өзге де адамдардан кеден iсi саласындағы қажеттi ақпараттарды алуын айтамыз. Түсiндiрмелер жазбаша нысанда рәсiмделедi.
Кедендiк қадағалау - кеден органдары лауазымды тұлғаларының кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдауын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның iшiнде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру кеден органы лауазымды тұлғаларының тауарлар мен көлiк құралдарын, оның iшiнде халықаралық пошта жөнелтiмдерiн, жеке тұлғалардың қол жүгін қарауы кедендiк бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жерi, жай-күйi, мөлшерi туралы, тауарларда, көлiк құралдарында және олардың жүк тиелетiн бөлiктерiнде кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және басқа да қондырылған бiрдейлендiру құралдарының бар екендiгi туралы мәлiметтердi растау үшiн жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлiк құралының жүк тиелетiн бөлiктерiн не ыдыстарды, контейнерлердi және тауар бар немесе болуы мүмкiн өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты iс-әрекетi.
Жеке тексерiп қарау кедендiк бақылаудың ерекше нысаны ретiнде кеден шекарасы арқылы өтетiн не кедендiк бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Казақстан Республикасының заңдарын бұзу объектiлерi болып табылатын тауарларды өзiнде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жазбаша шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау, оларға бiрдейлендiру белгiлерiн қою. Казақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кеден органдары кедендiк бақылауды тауарларда (олардың орамаларында) арнаулы таңбалардың, бiрдейлендiру белгiлерiнiң немесе оларды Казақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелудiң заңдылығын растау үшiн пайдаланылатын тауарларды белгiлеудiң өзге де тәсiлдерiнiң болуын тексеру жолымен жүзеге асырады.
Кедендiк бақылаудың нысаны ретiндегi тауарлардың және көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру мынадай жағдайларда: тұлға Кеден кодексi ережелерiне сәйкес кедендiк рәсiмдеудiң оңайлатылған рәсiмдерiн қолдану тұралы мәлiмдеген кезде, Казақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен есепке алынуға тиiс тауарларды шартты түрде шығарған кезде; кеден брокерлерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi қызметтi жүзеге асыратын, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдер шеңберiнде, және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты, кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тексеру кезiнде қолданылады.
Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын, тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шаралары белгiленген тауарларды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары Коден Кодексiне сәйкес кедендiк рәсiмдеу мен кедендiк бақылау кезiнде тұлғалар беретiн мәлiметтер негiзiнде, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандарда кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзедi.
Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру. Кеден бақылауын жүргiзу мақсатында кеден органының лауазымды адамдары қызметтiк куәлiгiн және кеден органының басшысы қол қойған нұсқаманы көрсеткен кезде, кедендiк бақылауға жататын тауарлар мен көлiк құралдары, кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар болатын, не болуы мүмкiн, не кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты қызмет жүзеге асырылатын аумақ пен үй-жайларға (тексерiп қарау мен тiнту жүргiзу құқығынсыз) кiруге құқығы бар.
Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатуы Кеден кодексінде белгіленген:
Қазақстан Республикасы Президентінің және онымен бірге жүретін оның отбасы мүшелерінің жеке қол жүгі кедендік тексеріп қарауға жатпайды;
егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты өтетін болса, аталған тұлғалардың жеке қол жүгі кедендік тексеріп қараудан босатылады;
егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өз жүрісімен бара жатқан шетелдік әскери кемелер, әскери әуе кемелері және әскери техника кедендік тексеріп қараудан босатылады.
Кедендiк бақылау принциптері. Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары, әдетте, әрекеттегi заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi бақылау болып табылатын нысындарын колданады. Кедендiк бақылау нысандарының таңдаулылығы мен жеткiлiктiлiгi оны ұйымдастырудың принциптерi болып табылады.
Мысалы, дипломатиялық жеңiлдiктер туралы Вена конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасында шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлеттiктерi басшылары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар кеден шекарасынан қызметi бойынша өтетiн болса, кедендiк тексермелеудiң барлық түрiнен, оның iшiнде жеке тексеруден босатылады. Бұл жағдайда құжаттарды тексеру нысанындағы бақылау ғана жүзеге асырылады.
Кедендiк бақылау нысанын таңдау кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың сипаты мен құнына, оларды орналастырған кедендiк режим түрiне тәуелдi болады.
Осылай, ҚР кеден аумағына әкелiнетiн және еркiн айналым үшiн шығару, реимпорт, кедендiк қойма режимдерiне орналастырылған тауарлар осындай тауарлардың кедендiк рәсiмделуiн жүргiзетiн кеден органына ұсынылуы тиiс. Сонымен қатар сәйкестендiрушiлiк тексермелеудiң орнына мына жағдайда бүкiл ұсынылған тауар санынан әрбiр атаудың 50% тауарынан кем емес тексермелеу iске асырылады:
- әр түрлi тауармен жүретiн және кедендiк құжаттардағы тауардың сипаттамасы жәненемесе коды, сонымен қатар шығу елi ерекшеленетiн болса;
- бiр партия құрамында кедендiк салық салудың жоғары деңгейлi (егер тауарларға қатысты төленуге тиiстi кеден бажы, салықтары, ҚҚС қоспағанда сомасы тауарлардың кеден құнының 15%-нан асатын болса) және кедендiк салық салудың төмен деңгейлi (егер тауарларға қатысты төленуге тиiстi кеден бажы, салықтары , ҚҚС қоспағанда сомасы тауарлардың кеден құнының 15%-нан аспайтын болса) тауарларды әкелу жүзеге асырылса.
Сонымен қатар, егер әкелiнетiн тауарларға кеден баждары мен салықтары салынбайтын болса, онда мұндай тауарлардың тек сәйкестендiру тексермелеуi жүргiзiледi.
Егер кедендiк бақылаудың бiр нысанының жеткiлiктi принципi берiлген нақты жағдай бойынша нормативтiк құжаттарда анықтамалған болса, кедендiк бақылау нысанының жеткiлiктiлiгi туралы мәселенi кеден органының лауазымды тұлғасы өз қарауы бойынша шешедi.
Кеден органдары елге қару-жарақты, есiрткi мен психотроптық заттарды, фашизмдi насихаттауға, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық және дiни айырмашылықтарды қоздыруға бағытталған баспа өнiмдерiн, кино-, фото-, аудио- мен видеоматериалдарды әкелудi бақылауға ерекше көңiл бөледi. Бұл мәселенi шешу үшiн кеден органдары әуе кемелерiн және олармен келетiн жолаушыларды, қол жүгiн және багаждарын оқтын-оқтын 100%-дық тексеруiн ұйымдастырады.
Барлық әуе кемелерi мен жолаушыларды 100%-дық тексерудi iске асыру физикалық жағдайдан мүмкiн емес. Сондықтан да мұндай тексерулер, әдетте, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден органдарының кедендік рәсімдеумен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары
Жүкті кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік режимінің аяқталуы
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Кеден органдарының қызметінде бақылау функциясы
Кедендік рәсімдеудің басы
Қазақстан заңнамасындағы кедендік бақылаудың рөлі
Пәндер