Парламенттік бақылау функциячы
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі
СӨЖ
Тақырыбы: "Мемлекеттік бақылауды жүргізетін лауазымды адамдардың функциялары мен құқықтары "
Орындаған: Өскімбай Ж.
Тексерген: Довлетова М.К
Ақтау қаласы 2019жыл
Жоспар
Кіріспе
I ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау
1.1.Ішкі және сыртқы бақылау\
1.2.Мемлекеттік бақылау және қадалаудың жалпы ережелері
II.Мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындайтын мемлекеттік бақылау
2.1Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар
2.2.Парламенттік бақылау функциячы
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер
Кіріпе
Билік тармақтарының қалыпты жұмыс істеуі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы, конститу-цияның жоғарылығы мен сақталуы конституциялық қадағалау институты арқылы қамтамасыз етіледі деуге болады. Консти-туциялық қадағалау - бұл заңдар мен өзге актілердің Конститу-цияға сәйкестігін тексеруді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жоғары деңгейде қорғауды, билікті бөлу қағидасын орындауды қамтамасыз ететін демократиялық институт. Басқаша айтқанда, конституциялық қадағалау - бұл әдетте сот органдары немесе арнайы құрылған мемлекеттік орган жүзеге асыратын, заңдардың және өзге нормативтік құқықтық актілердің Конституция ережелеріне сәйкес келуін бақылау. Конституциялық қадағалау билік бөлінісі мен саяси және идеологиялық әралуандылық орын алған және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары кепілдендірілген құқықтық, демократиялық мемлекет үшін тән институт болып саналады. ҚР Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес конституциялық қадағалауды жүзеге асырады. Конституциялық қадағалау органдарының тағайымы мемлекет пен қоғамның Негізгі заңын қорғауда болып табылады. Конституциялық қада-ғалау органдары конституциялық заңдылық демократияның және оның саяси мәдениетінің табиғи элементі болып табылауына жәрдем жасау үшін құрылған деп айтуға болады. Жалпы алғанда Конституцияны қорғау өзге мемлекеттік органдармен де жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ құқықтың басты қайнар көзі ретінде оның жоғарылығын қамтамасыз ету - конституциялық қадағалау органдарының айрықша құзыры болып табылады.
Конституциялық қадағалау доктринасын алғаш рет Джон Маршаллдың басшылығымен АҚШ Жоғары Соты қалыптас-тырып, қолданды. 1803 жылы АҚШ Жоғары Соты "Сот құры-лысы туралы" заңның 13 бөлімін АҚШ Конституциясына қайшы келеді деп танып, оның қолданылуына тыйым салды. Бұл конс-титуциялық қадағалау жүйесінің өмірде қалыптасуының алғашқы қадамы еді. Осылайша АҚШ Жоғары Соты конституциялық қадағалау органдарын қалыптастыру қажеттігіне бастамашылық жасады.
Конституциялық қадағалаудың жүйесі туралы айтсақ, қазіргі жағдайда конституцияны қорғауды жүзеге асыратын органдар-дың үш үлгісін көрсетуге болады:
біріншісі - конституциялық қадағалауды жалпы юрисдик-циялық соттардың жүзеге асыруы - соңғы инстанциясы Жоғарғы Сот болып табылады;
екіншісі - еуропалық үлгі - арнайы құрылған сот органдары жүзеге асырады (конституциялық соттар);
үшіншісі - сот жүйесіне жатпайтын арнайы құрылған органдар жүзеге асырады (мысалы, ҚР-да Конституциялық Кеңес), бұл органдарды "квазисот" органдары деп те атайды.
Жалпы соттар жүзеге асыратын конституциялық қадағалау негізінен англосаксондық құқық елдерінде тараған - АҚШ, Дания, Австралия, Бразилия т.б. (Ұлыбританияның өзі бұған кірмейді деп есептеледі). Мысалы, АҚШ Конституциясының 1 тарауының 3 бабына сәйкес сот билігі Жоғарғы Сотқа және төменгі соттарға берілген. АҚШ соты қылмыстық немесе аза-маттық істі қарап жатқан кезде кез келген тарап оған процесте қолданылудағы заңның конституциялық еместігі туралы арыз-дануы мүмкін.
І.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
ҚР-да бақылау мен қадағалау ҚР Конституциясының 4 бабына негiзделедi отырып, сонымен қатар басқа да нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Прокурорлық бақылаудың мәні прокуратура мәртебесімен, мемлекеттегі орны және рөлімен анықталады. Оның ең толық анықтамасы "ҚР-сы прокуратурасы туралы" заң күші бар Президенттің жарлығында берілген: Прокуратура органдарының максаттары болып:
· заңның жоғарғылығын қамтамасыз ету;
· заңдылықтың бірыңғайлығы мен нығайтылуын қамтамасыз ету;
· адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарынын қорғауын қамтамасыз ету;
· заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүдделері қорғалуын қамтамасыз ету.
Аталған мақсаттарға жету үшін прокуратураның негізгі іс-әрекеті төмендегілерден кұрылады:
· төрт бағытқа бөлінген прокурорлық бақылаудан;
· қылмыстық қудалаудан;
· қылмыспен күрестегі құқық қорғау органдарының іс-әрекетін сәйкестендіруден (координациялаудан);
· сотта іс қарауға катысу;
· құкық шығару іс-әрекетке қатысу.
Прокурорлық бақылаудың мақсаттарымен салыстырғанда оның міндеттері нақты. Оларды шешу прокурорлық бакылаудың мақсаттарына жетуді камтамасыз етеді.
Прокурорлық бақылау міндеттерін 3 топқа бөлеміз: жалпы, арнайы және жеке (накты) міндеттерге. Олар, әрине, өзара байланысты болады: жеке (нақты) міндеттерді шешу бакылаудың арнайы міндеттер шешілуін ескереді. Өз кезегінде, арнайы міндеттерді шешу ең жоғары денгейдегі міндеттер -бақылаудың жалпы міндеттері - шешілуін ескереді.
Прокурорлық бақылаудың жалпы міндеттері болып төмендегілерден тұрады:
· Конституциямен бекітілген қоғамдық және мемлекеттік кұрылысты
· Конституциямен кепілденген саяси, еңбекті жай және басқа да жеке мүліктік құқықтары мен заңмен қорғалатын ҚР-сы азаматтарының мүдделерін;
· Меншік нысанынан тәуелсіз түрде мемлекеттік мекемелердің, серіктес және басқа қоғамдық ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін корғау.
Прокурорлық бақылаудың арнайы міндеттері оның нақты бағыттары алдында тұрған міндеттерді белгілейді. Мысал ретінде, құқық субъектілерінің заңға қайшы актілерін анықтауды, заң бұзушыларды анықтау міндетін айтуға болады.
Прокурорлық бақылаудың жалпы және арнайы міндеттерінің шешілуі бақылаудың құқықтық кұралдарын прокурорлармен пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Осы құралдарды пайдалану кезінде прокурор қайсы бір нақты жеке міндеттерді белгілеп, оларды шешеді. Мұндай міндеттер жеке (нақты) деп аталады.
Олар прокурорлық бақылаудың қай бағытына тиістілігімен ажыратылады. Мысал, заң бұзылу фактісі бойынша мәліметтемені талап ету, заңдылығын тексеру үшін құқықтық актіні талап ету, соттардың заңсыз өкімдеріне наразылық келтіру, т.б сол сияқтыларды айтамыз.
Ал ҚР ратификациялаған халықаралық шартта қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру барысында мынадай қатынастарды реттейді:
· бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібі
· бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргізу кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі
· тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар
· бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері белгіленеді.
Жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда, прокуратура мынадай қызметтерді жүзеге асырады, яғни жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы бақылау және қадағалауды, сот әділдігі мен жедел-іздестіру қызметін. Атап, айтатын болсақ бақылаудың және қадағалаудың қағидалары мен міндеттері төмендегідей:
· заңдылық;
· бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;
· жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;
· жариялылық
· бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі;
· мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;
· бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;
· жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы; қажеттілік пен жеткіліктілік;
· мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;
· адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;
· тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру;
· мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы;
· тәуелсіздік;
· объективтілік және турашылдық;
· дәйектілік қағидаттарына негізделеді
Демек, бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, ҚР ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады
1.1 Ішкі және сыртқы бақылау
Құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау және қадағалау іс-шараларын жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық қудалау, әкімшілік іс жүргізу және құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын іске асыру шеңберінде ғана жүргізілетіндіктен, бақылауды ішкі және сыртқы бақылау болып екіге бөледі.
Ішкі бақылау деп - мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ ҚР заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау болғандықтан, Үкіметтің жүргізетін бақылауы заңға сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау қолданылмайды.
Сыртқы бақылау деп - бақылау мен қадағалау органы тексерілетін субъектілер талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау. Соның нәтижесінде сыртқы бақылау бойынша мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасап, шараларды қабылдайды.
Ішкі бақылау кезінде:
· құқықтық актілердің орындалуын бақылайды (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиіс іс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;
· ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылайтындықтан, ішкі бақылаудың мынадай түрлері бар (1-кесте).
Кесте 1
Ішкі бақылау
құжаттамалық тексерудің
орындалуы туралы есептерді, баяндамаларды тыңдау, талқылау
ревизия және қажетті ақпаратты талап ету
заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі
жергілікті жерлерге шыға отырып, тексерулер
Ішкі бақылау мынадай өлшемдерді жүргізеді:
· құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметінің олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі;
· орындаудың уақтылығы және толықтығы;
· орындау кезінде заңнама талаптарын сақтау бойынша.
Ішкі бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түскен ақпараттарды талдау кезінде:
· құқықтық актінің деңгейін және орындалу сапасын;
· құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шараларды белгілеуді;
· бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін;
· құқықтық актіні орындамағаны үшін нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін.
Демек, ақпаратты талдаудағы қорытындылар бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады, содан кейін ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушылары қабылданған шешім туралы хабарлама жіберіледі.
Прокуратура органдарындағы қолданылатын құқықтық актілер бойынша көрсетілген іс-шаралардың орындалуын бақылау және мерзімдерін ұзартуды жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалған тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша түрінде ескерту жібереді. Ішкі бақылауды ұйымдастырып, оны жүзеге асыруды жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындайды.
Қадағалау тікелей қауіп төнген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтін шараларын анықтап, мемлекеттік органдар тексеретін субъектінің қызметі, тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қолданады.
1.2 Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жалпы ережесі
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау және қадағалау органдары - тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан байқауды және тексеруді жүзеге асыратын, орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары және аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар;
2) жедел ден қою шаралары - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін субъектілерге қоғамдық қауіпті салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және тексерулердің нәтижелері бойынша қолданылатын ықпал ету тәсілдері;
3) мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - бақылау) - тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау және қадағалау органының тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқықтық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
4) мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі - қадағалау) - тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау және қадағалау органының тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
4-1) реттеуші мемлекеттік органдар - мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
5) тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері - тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
6-1) тәуекелдерді бағалау жүйесі - тексерулерді тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
6-2) тексерілетін объектілер - бақылауға және қадағалауға жататын, тексерілетін субъектіде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде болатын мүлік;
7) тексерілетін субъектілер - қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

ҚР-ның стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы, азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қаматамасыз ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық және ақпараттық сәйкестік, өзара алмасылымдық, өлшеу мен таңбалаудың бірыңғайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады.
Бақылау мен қадағалау түсінігі ұқсас. Айырмашалағы тек өкілеттілігінде: қадағалау жұмысын сол объектіге ұйымдық бағыныштылығы жоқ мекеме жүргізеді. Қадағлау жұмысы заңнамалық талаптарды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.
Бақылау жұмыстары мем стандарттың міндетті талаптарының орындалуын тексеру, салалық және өндірістік стандарт, техникалық құжаттарды әзірлеу, пайдалану кезінде жүргізіледі.
Мем қадағалау мен бақылау жұмыстары мемстандарттың міндетті шарт, талаптарына қатысты іс қызметтің барлық салаларында жүргізіледі. Сонымен қатар арнайы бағыттағы мем.басқару орындары мем.қадағалау және бақылау өкілеттігін иемдене алады. Мысалы:
:: санитарлық-эпидемиялық қызмет;
:: мал дәрігерлік қызмет;
:: фитобақылау;
:: экологиялық қызмет;
:: атом өндірісін қадағалау;
:: көлікті бақылау;
:: дәрі-дәрмекті бақылау;
:: кедендік бақылау;
Мемстандарттау және жоғарыдағы бақылау орындары облыс, қала аймақтарға өз өкілеттіліктерін бөлісетін өздеренің аумақтық орындарын құрады.
Мембақылау және қадағалау жұмыстарын тек қана лауазымды адамдар жүргізеді. Қадағалау жұмыстарын ҚР Мем стандарттың мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылау мем стандарттар органдары және жоғарыда аталған ұйымдар мен мекемелердің өкілетті тұлғалары жүргізеді.
Қадағалау және бақылау жұмыстары арнайы нұсқау, ереже нормалар негізінде реттеліп жүргізіледі.
Қадағалау, бақылау жұмыстарының нәтижесінде тиісті құжаттар даярланып, кемшілік орын алған жағдайда қылмыстық, әкімшілік және материалдық шаралар белгіленеді.
Мемқадағалау, бақылау жұмыстары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды.
Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем құралдары және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қадағалау жүйесінің мақсаты:
:: өнім, жұмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар мен мемлекеттік мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
:: өнімнің сапасын талдау жұмыстарын дамыту;
:: өлшем құралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету;
:: сертификатталған өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау;
:: сапасыз өнім шығару фактілерінің жолын кесу, ақаудың пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану;
:: аккредиттелген сынақ зертханалары мен сертификатталған өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу;
Стандарт талаптарын орындау, өлшем құралдары мен сертификаттау жұмыстарын мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты және аумақтық ұйымдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қадағалау ұйымының негізін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стнадартының аумақтық ұйымдарының мамандары құрайды.
Мемлекеттік қадағалау жүргізетін мамандар мемлекеттік инспекторлар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты белгілеген тәртіп бойынша аттестациядан өтеді.
Мемлекеттік қадағалау объектілері мыналар:
:: стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және техникалық құжаттау;
:: өнім, үрдіс, қызмет және мемлекеттік қадағалау туралы заңнамаларға сәйкес басқа да нысандар;
Мемлекеттік қадағалау төменгі формаларды пайлдалану арқылы жүргізіледі:
:: кезеңді;
:: қарқынды;
:: бақылаудың ерекше тәртібі;
:: жетекші сынақ және сертификаттау орталықтарындағы тұрақты өкілдік;
:: сертификатталған өнім шығаратын кәсіпорындардағы мемлекеттік инспекциялық қадағалау;
Мемлекеттік қадағалау ұйымдары:
:: Республика үкіметі мен жергілікті атқарушы билік органдары, тиісті министрліктер мен мекемелерге стандарт, өлшеу құралдары және өнімді сертификаттау жұмыстарын мемлекеттік қадағлау нәтижесі туралы ақпарат жұйелі түрде беріп отырады;
Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың міндетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz