Алаштың аруағы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе. Алаш десем, сан ғасырлар бойы халқымыздың бойында жинақталған айбынды рух пен еркіндікті аңсаған елімнің ерік-жігері елестейді. Ұлы мұраттың ұмтылысы болған Алаш қозғалысы ел тарихындағы елеулі мәселелердің негізгі өзегіне айналған болатын. Алаш қозғалысының тағылымы мен Алаш қайраткерлері мұрасының қазақтың рухани-мәдени өміріндегі алатын орны ерекше. Ежелден келе жатқан Керегеміз-ағаш, ұранымыз-алаш деген қанатты сөзді басшылыққа алған қазақ зиялылары Алаш партиясы құрылған Бірінші жалпықазақ съездінде: Партия ұраны десек, бабамыздың Алаш ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сөйтіп қазақ саяси партиясының атын Алаш қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп отыр дей келе, осы бір сөздің исі қазақ үшін ардақты ұғым, бағалы түсінік екендігін дөп басып айтып кеткен болатын. Халық жанашыры, қоғам қайраткері Әлімхан Ермеков: Алаш партиясын құрудағы басты мақсат ол қазақ халқының болашақ тағдыры мен әлемнің озық мәдениетті елдерімен терезесі тең мемлекет құру болатын деп, Алаш Орда партиясының алға қойған негізгі мақсаттарын айқындап берген еді.
Алаш идеясы ұлттық идеяның темір қазығы іспетті, ол озық ойлы, көзі ашық зиялылардың басын біріктірген ортақ ұран. Алаш қайраткерлері қазақ ұлтының бостандығы жолында өз бастарын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың берік бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асыл азамматтар еді. Сұлтанмахмұт Торайғырұлының:
Алаш туы астында,
Біз Алаштың баласы.
Күніміз туып, көгерді
Сарыарқаның даласы...
Алаш туы астында,
Куә болсын арымыз.
Көркейтуге Алашты,
Құрбандық біздің жанымыз!
Былай тұрсын малымыз,
Алаш деген ел үшін,
Сарыарқаның жері үшін,
Бостандық берген ер үшін,
Төгілсін біздің қанымыз!
Аялмасын жанымыз!...
Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің Алашты
Қорлығына бермейміз...
Жасайды Алаш, өлмейміз!
Жасасын, Алаш, жасасын!-деп кектене жазған осынау өлеңі соның анық дәлелі болмақ. Сол кездегі елін сүйген, елі үшін ештеңеден сескенбеген әрбір ер жүрек қазақтың әнұранына айналған бұл өлең. Ал Жүсіпбек Аймауытов болса, Ұран өлеңінде:
Ұраным, қорғаным, сен Алаш!
Жолыңа құрмалдық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ап,
Аллалап алға бас, ал Алаш!-деп халқын жырымен жігерлендірсе, Әскер өлеңінде:
Алаштың аруағы
Жебесін, қолдасын!
Ақсақал тілей көр,
Сапарды оңдасын!
Жасаған жар болып,
Қазақтың еліне,
Жасатсын, сақтасын,
Алаштың ордасын!-деп, туған халқына Алладан демеу сұрайды, еліне Тәңірден мерей тілейді.
Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейхановтың: Мен тірімін, дем аламын, туған елімнің ауыр жүгін арқалап өмір сүремін және мен үшін отанымның жарқын болашағынан асқан бақыт жоқ... Оны ойлағанда түн ұйқым төрт бөлінеді деген осынау сөздерінен әркімнің бойынан табыла бермес елге деген шексіз сүйіспеншілік, халқына деген ыстық ықыласты аңғаруға болады. Саналы ғұмырын күрескерлікпен өткерген ақынның келесі бір Жолдастарыма жұрт һәм Отан игілігіне еткен жұмыстарына өнім, береке берсін деп тілеймін. Қайда жүрсем де, бар күшімді Отанның бағы һәм еркі жолында сарп етпекпін деген сөздерінен оның Отанына деген адалдығын, ұлтын ұлықтау жолындағы ұстанымының беріктігін аңғара аламыз. Біздің басты мақсатымыз - елімізді өз тағдырын өзі таңдай алатын жағдайға жеткізу. Тек автономия алған жағдайда ғана халқымыз өз тізгінін өз қолына алады деп тағы бір Алашшыл азамат Жаханша Досмұхамедов те халқына азаттық туын табыстауды арман етіп кеткен болатын.
Алаш қайраткерлерінің қай-қайсысының болмасын жүрегі қазақ деп соғып, қазақ деп тоқтаған. Олардың қай-қайсысы болмасын туған елінің қамын жеп, туған елінің жоғын жоқтаған азамматтар еді.
Мен осы дипломдық жұмысымда Алаш қайраткерлері аңсап өткен, сол жолда өздерін құрбан еткен асқақ мұратты, олардың шығармаларындағы зобалаң жылдар келбетін және Алаш азаматтарының еліміздің еркіндікке қол жеткізу жолындағы атқарған ерен еңбегін ашып көрсете отырып, олардың ұлт болашағы үшін маңызына тоқталмақпын. Сондай-ақ осы жұмысымда Алаш қайраткерлері көтерген мәселелердің қазіргі замандағы көкейкестілігін көрсете отырып, сол біртуар тұлғалардың бүгінгі заман әдебиетіндегі бейнесін суреттеген ақындардың жырларына талдау жасамақпын.
1.1. Алаш қайраткерлерінің саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат ұлттық келбетімізді айқындап, елдігімізді қайтару болды. Сол келелі істің аясында ел-жер мәселесі, елдіктің тірегі болған тіл мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлері халықтың ұлттық санасын ояту жолында, қазақтың мемлекеттігін қайтару жолында аянбай тер төкті. Олар өз халқын азаттықта көруді армандап өтті.
Белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай: Қазақ үшін Алаш идеясынан және оның бес ұлы нысанынан артық мүдде болуы тиіс емес. Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын жойған жоқ. Қайта тәуелсіздіктің тамыры тереңге кеткен сайын, алдымызға сұрақ болып шығып отыр, - дей келе, Алаш идеясындағы негізгі ұстанымдарды атап көрсетеді:
Бірінші ұстаным: Жерсіз Отан жоқ. Сондықтан елдігімізді қайтару үшін, алдымен, жерімізді қайтаруымыз қажет. Оны қайтарып қана қоймай, ел игілігі үшін және болашағымыздың жарқын болуы мақсатында жерімізді мейлінше жоғары дәрежеде игеріп, қолданысқа салуымыз қажет. Осы тұрғыда Әлихан Бөкейханов: Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді -деп тұжырымдаған.
Екінші ұстаным бойынша, жердің астындағы барлық қазба байлықтар да, жер үстіндегі барлық игіліктер де қазақ еліне қызмет етуі керек. Әлихан Бөкейханов бұл тұрғыда да: Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек -деген еді.
Үшінші ұстаным: Қазақ мемлекеті толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс. Әлихан Бөкейхановтың айтуы бойынша, Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек.
Төртінші ұстаным: мемлекет құру үшін елдіктің негізі болатын ұлттық тіл, дін, діл үстемдігі болуы қажет.
Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.

Алаш қайраткерлерінің қайсысы болмасын тіл мәселесіне соншалықты маңыз бере отырып, тілдің саяси, қоғамдық және рухани саладағы орасан зор күш, ұлтты біріктіруші қуатты құрал екендігін жақсы ұғынды. Осы орайда әр алуан еңбектер жазылып, бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.
Солардың негізгілеріне тоқталып өтсем, Алаш азаматтары алғаш болып қазақ ғылымының төл саласы - тілтану ғылымының іргетасын қалады. Ондағы мақсат ұлттық ерекшеліктердің ішінен халықтың болмысы, өткені мен бүгінін танытатын тіл сияқты аса келелі құбылысты жан-жақты зерттеп, жүйелеп, бір арнаға салу болды. Осы тұрғыда, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Телжан Шонанұлы, Елдес Омарұлы сияқты ғалымдардың тіл саласындағы еңбектері жарық көріп, халықты сауаттандыруға, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуға арналды. Атап айтсақ, Ахмет Байтұрсынұлының Оқу құралдары, Тіл құралдары, Телжан Шонанұлының Оқу құралдары, Елдес Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары осы мұратты көздейді. Сондай-ақ, осы орайда тіліміздің жазба емлесінің қалыптасуында 1924 жылы Орынбор қаласында өткен бірқатар Алаш зиялылары қатысқан қазақ білімпаздарының тұңғыш съезді маңызды орынға ие болды. Осы алқалы жиында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Елдес Омарұлы, Телжан Шонанұлының баяндамалары тілтану ғылымының күрделі мәселелерін шешуге бағытталып, негізінен, әліппе, жазу ережелері сияқты тақырыптарға арналды.
Алаш зиялылары қалыптастырған тіл білімі Ахмет Байтұрсынұлының тілдік мектебін қалыптастырды. Бұл мектеп кейін бірқатар ойы озық, халықшыл тілтанушыларды өсірді, Ахаңның көзін көріп, өнегесін алған біршама ғалымдарды қалыптастырды.
Сондай-ақ, Алаш қайраткерлері ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасқан жазба әдебиетімізді жанрлық және стильдік тұрғыдан дамытып, одан әрі байытты. Ахмет Байтұрсынұлы, Ғұмар Қараш, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыровтардың реалистік шығармалары, романтикалық сарындағы Мағжан Жұмабаев, Бернияз Күлеев поэзиясы, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің үздік үлгілері болды. Әдебиетіміз әңгіме, повесть, роман, драма, поэма, баллада сияқты түрлі жанрда гүлденіп, осы аталған әдебиет саңлақтарының арқасында жаңа бір сатыға көтерілді. Алаш әдебиеті арқылы ұлттық сөз өнеріміз биікке қарыштап, тіліміздің байлығы мен көркемділігі , мағыналылығы мен оралымдылығы секілді қасиеттерінің мол екендігін паш етті. Алаш әдебиетінің рухы ұлы қаламгерлердің шығармашылығына шабыт беріп, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Ілияс Есенберлин, Мұхтар Мағауин секілді қаншама қазақтың ұлылары жас ұрпақты Отанды сүю мен Отанға қызмет етудің жоралы дәстүріне баулыды.
Ресей отаршылдығының саяси қысымын ғана емес, рухани өктемдігін көрген Алаш зиялылары тілді ұлтты сақтап қалатын бірден бір қуатты құрал деп таныды, оған риясыз сенді. Яғни, қазақ тілі қалың қазақ жұртының тілі ретінде сақтала тұрып, ұлттың ұлттығын да сақтап тұруы тиіс деп бағаланды. Ахмет Байтұрсынұлы: Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл - деп ұлттық рухтың, болмыстың тірегі тіл екендігін анық аңғартты. Ахмет Байтұрсынұлының осы сөзіне ұқсас пікірлерді Алаш қайраткерлерінің бірқатары білдірді. Атап айтсақ, Ғұмар Қараш: Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз , Мұстафа Шоқай: Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдарды шығару құқығымыз жоқ болатын, ал Халел Досмұхамедұлы: Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш; ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл - күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру зор қәте. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек, Мағжан Жұмабаев: Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болу деген пікірлер айтты. Егер бүгінгі күнде мемлекеттік тіліміздің өзінің мәртебелі тұғырына толық қонбай жатқанын ескерсек, Алаш зиялылары өсиетінің бағасы еселеп артатындығына көзімізді жеткізуге болады. Бұл бағыттағы Ғұмар Қараштың Ұлт һәм туған тіл, Мәннан Тұрғанбаевтың Қазақ тілін іске асыру мақалаларынан айрықша аңғарылады. Осылайша ұлттық руханияттың өзегі ана тіл екендігін алғаш білдіргендер алаштықтар болды. Олар ана тілін ұлттық болмысымыздың басты бөлшегі ретінде қарастырып, әсіресе, оның жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орнына ерекше назар аударды. Сондықтан да өз ана тілінде сөйлеу, өз ана тілін білу - ұлттық іргелі мәселе екендігін Алаш зиялылары сол кезеңнің өзінде-ақ жақсы ұғынғанын олардың еңбектерінен байқай аламыз. Қазіргі кезде ана тіліміз - қазақ тілі туралы әдеби шығармалар өрісті тақырыптардың біріне айналып отырса, олардың алғашқы үлгілерін дүниеге келтірген де Алаш қаламгерлері болатын. Ахмет Байтұрсынұлының Туған тілім, Мағжан Жұмабаевтың Қазақ тілі, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Туған тіліме өлеңдері - жалпы қазақ әдебиетіндегі тіл тақырыбында жазылған тұңғыш көркем туындылар еді. Алаш қайраткерлерінің тіл турасында айтқан осы көкейкесті ойлары, рухани күресі азаттық алған бүгінгі қазаққа да жолбасшылық етуде.
Алаш қозғалысы тұсында ұлттық мазмұндағы қазақ баспасөзі қалыптасты. Осы тұста Қазақ газеті сияқты ұлттық басылымының жұмыс жасай бастауы публицистикалық стильдің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Қазақ газетінде жарияланған сан алуан мақалалар сол кезеңнің тынысын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар әдеби тіліміздің де өсуін қарыштатты. Бұл туралы Мұхтар Әуезов: Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын - Қазақ газеті. Қазақ газетінің мезгілі әдебиетке ұлтшылдық туын көтерген мезгілімен тұстас. Ол уақыт қазақ жұрты 1905-ші жылдың өзгерісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытына келеді деген еді. Міржақып Дулатовтың Тарихи жыл мақаласы, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатовтар жарияланған Алаш ұлына атты үндеу-мақала, Имам Әлімбековтің Қазақ халқының тұңғыш сиезі, Әлихан Бөкейханның Қазақ сиезі, Алаштың талапты азаматына, Алаш партиясы сияқты публицистикалық туындылары да ұлттық баспасөз деңгейінің артқандығын байқатады. Алаш көсемі Ахаңның еңбегімен дүниеге келген Қазақ газетімен бірге, Түркістан көсемі Мұстафа Шоқай шығарған Бірлік туы және Алаштың астанасы саналатын Семей қаласында Райымжан Мәрсеков, Халел Ғаббасовтар басшылығымен жарық көрген Сарыарқа газеттері де публицистикалық тіліміздің дамуына айрықша үлестерін қосты.
Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми стилі де
қалыптастырды. Айталық, Әлихан Бөкейхановтың тарих, фольклортану, әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармалары, Ахмет Байтұрсынұлының оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми мақалалары, Халел Досмұхамедұлының медицина, биология, тілтану саласындағы ғылыми еңбектері, Мұхамеджан Тынышпаевтың тарихи зерттеулері, Міржақып Дулатовтың тілтану, әдебиеттану, математика саласындағы ғылыми шығармалары, Жүсіпбек Аймауытовтың психология, әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістері, Мағжан Жұмабаевтың педагогика, әдебиетану саласындағы еңбектері, Телжан Шонанұлының тілтану, әдістемелік оқу құралдары мен зерттеулері, сондай-ақ Әлімхан Ермековтің, Мәннан Тұрғанбаевтың, Елдес Омарұлының, Санжар Асфендияровтың, Қошмұхамбет Кемеңгерұлының, Смағұл Сәдуақасовтың ғылыми еңбектері қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуында биік белес болды. Қазақ тілінің әліпбиін, емлесін жасаумен бірге Алаш зиялылары тіліміздің тазалығы мен мәдениеті үшін де күресті. Халел Досмұхамедұлының Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы, Міржақып Дулатовтың Қазақ тілінің мұңы, Нәзір Төреқұлұлының Ауропа сөздері және тағы басқа еңбектерінде тіліміздің орфоэпиялық, орфографиялық ережелерінің сақталуы, басқа тілдердің әсері, тіл табиғатының бұзылмауы, сөзжасам т.с.с. мәселелер қарастырылып, қазақ тілінің табиғилығын сақтау, тіл тазалығы, сөз мәдениеті тақырыбында бүгінге дейін өзектілігін жоймаған пікірлер өрістетілді.
Алаш қайраткерлерінің аударма саласындағы сан алуан еңбектерінің арқасында қазақ аудармасының негізі қаланды. Бұл салада Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Қошмұхамбет Кемеңгерұлы және тағы басқа да қаламгерлер жасаған көркем аудармалар, Халел Досмұхамедұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Телжан Шонанұлы және тағы басқалар жасаған ғылыми аудармалар, сондай-ақ әлеуметтану, саясаттану, философия салаларында орындалған аудармалар осының дәлелі.

1.2. Алаш қайраткерлері ұлттық сана-сезімді мемлекеттік деңгейге көтере білді. Алаш партиясы сол отаршылық езгіден еңсесі түсіп, қараңғы қапаста жатқан қазаққа тығырықтан шығудың тың шешімдерін ұсынған қазақ дала - сын - дағы алғашқы саяси ұйым еді. Алашшылардың негізгі ұраны бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалт - па - ған елдің береке-бірлігі болды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тарих толқынында атты кітабында: ХХ ғасырдың басындағы ұлттың зиялылары қазақтың ұлттық идеясын құрастыру міндетін өз мойнына алып, ұлттық бірігу идеясын ұсынды. Бүгінгі таңда біздің отандық тарихымыздағы ұлттық саяси ұйымдардың құрылу құбылысы толығымен ұғынып қабыл - дан - ған жоқ. Өз кезінде Алаш пар - тия - сы - ның жетекшілері ұсынған көп - теген ережелер, бүгінгі күнде де өз маңыз - дылығын жойған жоқ. Ол қазақ қоғамының біртіндеп трансформациялануын және қазіргі заман ағымына бейімделуін мақсат еткен отандық ұйым болған деп баға берді. Сондай - - - - - -ақ ол осы кітапта: Ұлттық мүддеге қызмет етудің тарихи ұлы үлгілерін шын мәнінде көрсетіп берген әйгілі тарихи қайраткерлердің, мемлекет басқарушыларының тұтас легі біздің көз алдымызда. Олар қазақ мемлекеттігінің даму нысанасын жиырмасыншы ғасырдың бас кезеңінде-ақ көрсетіп берген болатын. Біз асқақ сезімге бөлене отырып, ұлтшыл әрекетшілдігімізге қатысты ғасыр басында Алаш қайраткерлері бастап берген жолнұсқалар ғасыр соңында жалғасын тапты деп айта аламыз деген болатын.
Қазіргі таңдағы тәуелсіздік жағдайында, біз өткен ғасырдағы қазақ зиялыларының идея - лары - мен бүгінгінің арасындағы өзара сабақ - тас - тық - ты көріп отырмыз. 1990-шы жылдардың басында елбасымыз өз сөздерінде Орта - лықазиялық одақ бірлігі идеясын алғаш көтерген Мұстафа Шоқай екендігін атап өткен болатын. Бабаларымыздың түркі халықтарының бірлігі идеясы бүгінде 2009 жылы құрылған Түркі тілдес мемлекеттер кеңесі қызметі аясында көрініс табуда. Алаш зиялылары көзі ашық, көкірегі ояу, білімді ұлт болуымызды армандаған еді. Бүгінде сол идеяны негізге алып жиырма жыл төңірегінде Болашақ бағдарламасында іске асуда.
Қазақ зиялылары әрдайым ұлттың ұлттық тілі туралы, мәдени ғана емес, сондай-ақ саяси ерекшелігі ретінд мән беріп,оған аса қамқорлық жасаған болатын. Бүгінде, мемлекеттік тіл мәселесі жүз жыл бұрынғыдай тәуелсіз Қазақстан үшін маңызды мәселе болып қалуда. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: Біздің алдымызда қырғыз (қазақ ) халқының дербес өмір сүруі мәселесі туындауда. Өз дербестігімізді сақтап қалу үшін біз бар күшімізді ағартуға және жалпы мәдениетке салуымыз қажет; ол үшін біз алдымен, туған тілдегі әдебиетті дамытумен айналысуымыз қажет. Біз ешқашан мынаны естен шығармауымыз керек, дербес өмірге тек өз тілінде сөйлейтін және әдебиеті бар халық қана таласа алады деп айтып кеткен болатын. Ахмет Байтұрсынов та осы орайда: Орыс мектептері мен татар медреселерінде білім алған, сол кездегі қырғыз интеллигенциясының қырғыз тілін менсінбей бастауы, орыс және татар тілдерінде өзара тілдесуі, хат алмасуы қатты алаңдатты. ... Егер біз бұны қаламасақ, бұл мәселені түбірімен шешуіміз қажет, және осы кезден қырғыз тілі мен әдебиетін жетілдіруге көшуіміз керек -деп, тіл болашағы үшін қатты алаңдаған еді.
Бүгінгі күнде де Алаш интелли - ген - циясының мемлекеттік басқару кадрларына қойған ар-намыс және міндет принциптері талап етілуде. Шоқай - дың аппарат қызметкері, шенеу - нікке байланысты айтылған мына ойлары әлі де болса өз маңызын жойған жоқ: Ұлттық кадр, біз үшін ең алдымен, ұлттық борышын біреудің бұйрықтары бойынша емес, керісінше, өз ар-ожданы алдында орындайтын ұлттың қызметшісі. Қазіргі таңдағы қазақстандық мемлекеттік қызмет өзекті мәселелерінің бірі меритократия (еңбегіне қарай көтермелеу) принциптерін бекіту болып табылады. Осы орайда, қазіргі бас - қару - шы буынға алаш интеллигенциясы тарихынан келесі ғибратты мысалды айтпай кету мүмкін болмас.
Алда атап өтілген, Х.Дос - мұха - ме - довтың Г.Бер - диевке жазған хатында далада орын алып отырған қоғамдық әділетсіздік пен - заң - сыз - дық - тар туралы мәліметтер келтіріледі. Студент Х.Досмұхамедов өз досына жазған хатында дала етек алған қиянатшылық, тонаушылардың теріс қылықтары, парақорлар мен түрлі алаяқтардың, өз халқына адамгершіліксіз, жүрексіз және қатал, алауыздық пен келіспеушілік тудырып, қолы - ның сұғы бар шенеуніктер туралы, олардың бүкіл жерде жасап жүрген бассыздығы жөнінде жан күйінішпен жазады. Хат авторы бұйрық арқылы, қайырымдылық мақсатында Қызыл крест үшін байлардан 1 қой, жарлылардан 1 рубль жинауды ұйымдастырып, жиналған сомадан басшылыққа 100 рубль қалдырған осындай әкімшілерді сынға алады. Х.Досмұхамедов осындай оқиғалардың сайлауда да орын алатынын атап өтеді. Ол досымен екеуіне де туған округ болып табылатын болыс басшыларының кандидатуралары жөнінде ақыл - дасып, халыққа жексұрын Гадучев компаниясының саясатын жүр - гізу - шісі Жұмақұлдың орнына басқа балама кандидатты қарастырды. Жұмақұл Халелге туыс болып келді. Бұл туралы қазіргі зерттеушілер қазақ газеттерінің беттерінде бірнеше рет жазған. Бұл мысалдан біз, Халел Досмұхамедовтың студенттік кездің өзінде қарапайым халықтың құқықтары мен қызығу - шы - лық - та - ры - ның қорғаушысы, туысқандыққа қарамастан, ешқашан да ақиқат пен әділеттілік принциптерінен бас тартпайтын толыққанды азаматтық ұстанымын көрсеткенін байқаймыз.
Жас буынға тарихтағы өз халқына шынайы қызмет ету мысалдары туралы үздіксіз айтып отыру керек. Алаш қайраткерлері туралы қанша ұзақ есте сақтасақ, сонша әділеттілікке, аяушылыққа, рақымшылыққа деген құлшыныстағы түңілудің ащы дәмін сирек татып, әрқайсымыз өз айналамызда болып жатқан оқиғаларға жеке жауапкершілікпен қарап, жалғанға, парақорлыққа қарсы тұрып, басқалар есебінен баюға, пайдакүнемдік пен ашкөздікке берілуге ұшырауға негіз болмайды. Алаш қозғалысының оның қайраткерлерінің өнегеге толы тарихын ұғыну бізді рухтандырып, биік, игі сезімдермен толтырады.
ХХ ғ. басында дүниеге келген алаш идеясы Тәуелсіз Қазақстанның мүдделеріне қызмет етуде. Уақыт өтіп, жаңа ұрпақ келіп, Алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары, рухани тәжірибесі жылдар өте, ғасырлар өте тарих толқынындағы қазақ ұлтын демеп тұрары сөзсіз...

2.1. Алаш қозғалысының басты мақсаты - мемлекеттік басқару жүйесін құру, елдің даму жолын таңдауда ұлттық болмысқа ден қою, Ресейдің ішкі губернияларынан қазақ жеріне шаруаларды жаппай қоныстандыруды доғару, әлемдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып қазақ қоғамын жаңғырту болды.
Шын мәнінде, қазақ интелли - ген - ция - сының көшбасшылары сталиндік идеология түсіндіргендей, өз халқына қарсы қастандық ойлаған емес, кері - сін - ше, қарапайым халықтың жағ - дайын жеңілдетуге тырысты. Алаш интеллигенциясының басты игі мақсаты - халыққа қызмет қылу туралы - 1929 жылы қаңтарда Бутырка түрмесінен жазған Ұрпаққа хат атты хатында Міржақып Дулатов былай дейді: Мен құлға айналған, қаналған халқыма бұл құлдық жағ - дай - дан құтылуға көмектесуді өз боры - шым деп білдім... Қазіргі кезде саясат саласында кеңестік билікке қарсы күрес ретінде көрсетіліп жүрген оқиға - лард - ы алдын ала болжап білдім деп айта алмаспын, менің бар қалауым - қазақ ұлтының дербес, тәуелсіз, бақытты болғаны.

Қорытынды. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлт зиялыларының қоғам алдындағы жауапкершілігі, отансүйгіштігі мен биік мақсаттары - бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Олар біз үшін халық алдындағы адалдықтың, рухани кемелдіктің, ұлтжандылықтың үлгісі іспетті. Алаш зиялыларының қазақ тіліне жасаған зор, тіпті ұлы еңбектері қай жағынан алсаңыз да тарихи миссия. Оның серпіні бүгінгі біздің күнделікті еңбектеріміздің екпініне ұласуы қажет һәм міндетті деп ойлаймыз. Бізге Алаш зиялыларының тілдік мұрасы осыны үндейді. Ол ұланғайыр мұрамен танысу, білу, біздің ойымызша, бастапқы қадам ғана. Алаштың аяулы азаматтарының еңбегіне лайықты баға беріп қана қоймай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаштың алдаспаны
ҚАБДЕШ ЖҰМӘДІЛОВТЫҢ ДАРАБОЗ РОМАН-ДИАЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер
Шығармадан Бауыржан атамыздың адамгершілік дәрежесінің көрсеткіші екендігіне көз жеткізу
Мүсірәлі баба – қазақ елінің рухани қайраткері
XIX ғасыр өлең жырларындағы абылайхан
Жазушы Шерхан Мұртазаның еңбектері
Аққозы қажы және ұрпақтары
«Мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны
Пәндер