Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдану арқылы болашақ мамандардың даярлау


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   

АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК - ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 371. 13:745/749 Қолжазба құқығында

Столяр Жанна Пернебаевна

ЗАМАНУИ КИІМ ҮЛГІЛЕРІН ҚҰРАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ

6M012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша

Кәсіптік оқыту магистрі академиялық

дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік

ДИССЕРТАЦИЯ

Ғылыми жетекші

п. ғ. к., профессор Кемешев Д.

Шымкент, 2015

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .
: 1
КІРІСПЕ . . .: Ақпараттық технология көздері бойынша қазіргі заманау кәсіби мамандарды даярлау
:
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Ақпараттық технолгияларды қолдану арқылы оқытушының ақпараттық құзырлығын арттыру жолдары . . .
:
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Қазіргі заман талабымен оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеру . . .
:
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Кәсіптік және техникалық білім беруде жаңа инновациялық технологиялары қолдану . . .
:
: 1. 4
КІРІСПЕ . . .: Ақпараттық технолгияларды қолдану арқылы заманауи киім үлгілерін жасау . . .
:
: 2
КІРІСПЕ . . .: Заманауи үлгіде ақпараттық технологияларды қолданудың шарттары және оларды эксперименттік зерттеулер
:
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдану арқылы болашақ мамандардың даярлау . . .
:
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды дамытудағы тұжырымдамалық көзқарастар . . .
:
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .: Оқыту жүйесінде ақпараттық технологиялардың қолданылуын ғылыми тұрғыдан эксперименттік зерттеу жасау . . .
:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
:
:
КІРІСПЕ . . .:
:
:
КІРІСПЕ . . .:
:

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы». Заңы

Өзгерістер мен толықтыруларымен 09. 01. 2012 ж.

-“Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - магистратура. Негізгі ережелер”

ҚР МЖМБС № 108023. 08. 2012 ж.

-АӘИУ-УЕ-01/03 - Магистрлік диссертация әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар

АНЫҚТАМАЛАР

Магистрлік диссертация - Ұсталымды қалыпта орындалған, магистранттың өз бетінше ғылыми және зерттеу жұмыстарының белгілі пәнді біліктілік саласындағы нәтижесінің қорытындысы.

Инновациялық оқыту - дәстүрлі, нормативті оқытуға қарағанда білім игерудің ерекше, баламалы үлгісі, педагогтің жеке басының позициясын демократияландыру және бірлескен, өнімді шығармашылық іс - әрекетке жұмылдыру арқылы педагог пен студенттің жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін процесс.

Педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі;

Жобалау - технологиялық процестерді (бөлшектерді өңдеу, құрастыру, т. б. ) құрастыру ойластырылған (болжанған) тапсырмалар;

Технологиялық іскерлік - материалдық игіліктер өндірудің тікелей процесінде, адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті;

Практикалық біліктілік - еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі, белгілі бір ережеге және оны накты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.

Компьютерлік бағдарлама - компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;

Компьютердің көмегімен бағалау - өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;

Компьютерлік коммуникация - білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Әрбір елдің мәдени - экономикалық дамуы қайсы бір тарихи кезеңде болмасын ондағы кәсіптік білім беру жүйесімен байласынты. Қазіргі өнім өндіру қызметі жаңа технологияға негізделген экономикалық жүйеге ұмтылуда. Кәсіптік білім алудың әлемдік, көкейкесті мәселері Қазақстан Республикасына ортақ. ХХІ ғасыр табалдырығына адамзат қоғамы ақпараттық техникамен қаруланып, өзінің еңбек дәстүрлеріне үлкен өзгкерістер енгізуде. Техника арқылы адам ақпаратты, құнды тауарға айналдыра бастады. Соған байланысты кәсіптің жаңа түрлері пайда бола бастады. Сондықтан жаңашыл жалпы білім беретін бағдарламаға кәсіпті игеруге қатысты басқа да білім аясымен байласыну қажет. Жеке бас пен табиғатқа қатысты барлық проблемаларды қамту керек.

Бәсекелестік экономикалық жағдайында колледж студенттерін және жалпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке даярлау, еңбек салтын үйрену және әр кезде ұрпақтарға берілуінің көп ғасырлық тарихын, мәдениетін технология пәнін оқыту барысында жүзеге асыруға болады.

Солай бола тұрса да, соңғы кезде еңбекке және кәсіпке даярлау мәселесін базалық кәсіпорындармен тығыз байланыстырып шешуде кәсіпорындар экономикалық тәуелсіздік алдық деген ұранмен еңбек тәрбиесінде оқу - өндірістік комбинаттардың жағдайы соңғы жылдары қайтадан қалыпқа келіп жатқандығын байқауға болады [1, 2, 3, 4, 5] .

Қазіргі кезде нарықтық оқу - материалдық жағдайында жастарды мамандық алуға даярлаудың негізгі бағыттары алдымен жалпы білім беретін мектептерде, кейін оны оқу - өндірістік комбинаттарда, кәсіптік мектептерде жалғастырғанын есепке алып анықтаудың үлкен пратикалық маңызы бар. Осындай мақсаттарды жүзеге асыруды оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау мәселесін біршама зерттеп, жаңа әлеуметтік - экономикалық кезеңде, нарықтық экономика жағдайында технология пәнін дұрыс оқытып, бұл мәселені ойдағыдай іске асыруға байланысты экономиканы түпкілікті өзгертуге орай жаңаша ойлай білетін, шығармашылық қабілтеі жоғары, өзіне жауапкершілікпен қарайтын жастарды дайындау қажеттігін айта отырып, қазіргі кезде оқушылардың келешекте қандай жұмыстар істеу керектігі жөнінде әдістемелік жағынан нұсқаулар беріліп отырылуы қажет.

Елімізде жаңа экономикалық арнаға көшу мәселесі қолға алынып, көптеген өзгерістер болып жатқанда, мектеп өмірінде көп бастама, жаңа түр, жаңа мазмұн, жаңаша еңбекті ұйымдастырудың, әсіресе, нарық жағдайында оқушыны еңбекке даярлаудың әдіс - тәсілдерін анықтау мүмкіншілктерін пайдалану керек.

Студенттердің кәсіптік еңбекке даярлау процесі заңымен үйлестіре отырылып, күрделі өзгерістер негізінде яғни, концептуальдық деңгейде жүргізілуі тиіс. Концепцияны жасауда тек өзінің жетістігімен шектеліп қан қоймай, өзге елдің теориялық біліммен мол қаруланып, олардың практикалық іс - әрекет барысында кемшіліктерден сақтануға көмектеседі.

Білім алушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай даярлау, баспасөз құралдары, жүздесулер, пікір таласулар, қазіргі ақпараттар мен көне мұраларды зерттеу арқылы байытылып отырылады. Сондай - ақ, нормативті заңдар, теориялар мен концепциялар, білім беру мекемелері мен қоғам құныдылықтары. Салыстырмалы түрде жүргізілетін педагогикалық зерттеулер мәдениетті байытудың ең тиімді әдісі болып саналады. Олар материалдарды іріктеу мен сұрыптау, ұғындыру мен ойға түю және алынған нәтижелерді бір -бірімен салыстыру және даярлау жүйесі болып бөлінеді. Аталмыш үлгі оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау процесіндегі оң және теріс тенденцияларды анықтау, олардың шығу себептерін білу арқылы жүзеге асырылады.

Студенттерді еңбекке және кәсіпке даярлау жүйесінде талдау жасау, жаңа жүйенің қайта жаңғырту, қалыптасу кезеңдері де болады. Ал, еңбекке және кәсіпке даярлау процесі қазіргі заман мәдениетіне сай болып келуі үшін алдымен оған жан - жақты талдау жасауы оның дамуын айқындап, жаңа үлгілер мен жобаларды жасауға негіз қалайды. Сұраныс пен материалдық жағдай, сондай - ақ студенттердің еңбекке және кәсіпке даярлаудың міндеттері, мазмұны, тәсілдері мен ұйымдастыру түрлернің әр кезеңге тән өзіндік ерекшіліктері болады. Бұл орайда ғылыми - техникалық революция және осыдан туындайтын барлық әлеуметтік - экономикалық өзгерістер алдыңғы орынға шығады. Студентерді еңбекке және кәсіпке даярлаудың ерекшеліктері мен табиғаты сол елдің жағрапиялық жағдайы мен саяси құрылымына, ғылымы мен дініне және ұлттық дәстүрлеріне байланысты болып келеді де, заң артілерімен бекітіледі. Ал, оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың алға қойған мақсаты оқушының қабілет - қарымы, дағдысы, бейімділігі және маман болып қалыптасуға деген құлшынысымен өлшенеді. Жалпы оқушыларды кәсіпке даярлау құрылымы кісіпке даярлық, кәсіптік бағдар, үйірмелерге қатысу т. б. болып жалғаса береді.

Білім саласы ғылыми - жаратылыс, гуманитарлық - технологиялық, жалпы адамдық және мәдениеттік мәселелерді қарастыруға қолайлы келеді. Себебі, жалпы мектептерде оқытылатын интегративті пәндерде оқушыларды өмір сүру рамкасында белсенділігін арттыруға даярлау дың мүмкіндігін тудырады. Қазіргі заманауи мәдениетің екі жақта қарастыруға болады. Біріншісі - материалдық, екіншісі - рухани. Бірақ талап бойынша " білім саласында адам өміріне қажетті болашақтық технология жайында ақыл - ой, сезімдік әркеттері жүйесін қалыптастыру; жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті таныстыру; қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету әдістерімен таныстыру; студенттердің өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуін дамыту; нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг салаларына қатысты негізіг ұғымдарды меңгеру және оларды өз өнімдерін іске асыру мен қызмет көрсетуде қолдануға мүмкіндік беру; бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және сәндік қолданбалы өнер негіздерін кәсіпке оқыту мазмұнын ескеру қажет болып саналады. Себебі мұнда кәсіптік оқытуға байланысты "Киім тарихы", "Киім композициясы", "Ақпаратты технологиялық тігін машиналары", "Тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі емес әдістері", "Тігін бұйымдарын сәндеу технологиясы", "Адам тұлғасын тану", "Түстану", т. б. тарауларына аз көңіл бөлінген. Осы мәселелерді оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда жүзеге асыру мақсатында біз диплом жұмысымыздың тақырыбын "Қазіргі мәдениет талабына сай оқушыларды кәсіпке даярлау мүмкіндіктері" деп таңдап алуға мұрындық болды.

Мәдениет - халықтың шығармашылығы. Мәдениет дегеніміз - адамның өзін, қоғамды, әлеуметтік қатынастарды жасау процесі. Адамдық әрекет шеңберіне қамтылған қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға айналып біздің тіршіліміздің тіректері болады. Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда педагогикалық әдебиеттерді зерделеу арқылы оқушыларды ыждаһатты, жігерлі және жан - жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу және оқыту үрдісі барысында оқушылар даярлығының қолданбалы экономикалық жағын күшейту мәселелері ескеріледі. Қазіргі уақытта әлеуметтік және қоғамдық өмірде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты бұл тақырып әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді. Соның бірі, жастарды тіршілік иесі ретінде сыртқы сұлулықа тәнті болып қана қоймай, оның ішкі мазмұнына ерекше мән адам тұрғысының барлық жағына қатысы бар мәселелер және біз, зерттеу жұмысымызда ҚР елбасы Н. Назарбаевтың 5 - сәуірде Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей "Жастарды өз халқының тарихи мұраларын сақтау және оларды оқу - тәрбие үрдісінде септігін тигізетін білім мазмұныда ескеріп отыру қажет" - жолдауы да ескерілді. Себебі, ертеден - ақ данагөй қариялар жас ұрпаққа ата - баба дәстүрін қасиетті танымдары мен сенідерін баян етті.

Жалпы студенттерді кәсіпке үйрету барысында имандылық, адамгершілік тәрбиелерде бірқатар педагог - ғалымдардың еңбектерін зерделеуде байқауға болады. Атап айтқанда: М. Қоянбаев [6], С. Әбдіғаппарова [7, 8, 9], К. Қожахметова [10], Ғаббасов С [11] . Себебі, халық дәстүрлері жастар тәрбиесінде негізгі орын алады. Оқытудың жаңа технологиялары бойынша Қ. Қабдықайырұлы [12], кәсіпке оқыту Д. Қоңыратбай [13] .

Қазіргі заман мәдениеті талабына сай бұйым әзірлеу технологиясын жүзеге асыруда келесі арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды: киімге қолданылатын маталар бойынша А. Байбатшаева [14], киімді көркемдеп сәндеу С. Жолдасбекова [15] толығымен өңдеудің жалпы кезеңдерін қамтитын және оларға қолданылатын тігін машиналарының түрлері туралы мағлұматтарға Зюзин А. И., Исаев И. К., Осипова [16], Бернина Артиста [17], балалар және әйелдер киімдерін сәндеу Бағжаева А., сырт киімдерді әзірлеуде Литвина В /25/. Киімді конструкциялау және модельдеу бойынша Махмутова К [18] . Ал, стильдерді қазіргі заман талабына сай таңдауға Гофман А. Б. "Мода и люди" /10/, киімдерді жобалау Коробцева К [19] т. б. "Тігін бұйымдарының техникасы мен технологиясы" Ұзақова А [20] .

Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.

Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.

Мемлекеттікті нығайту және ұлттық қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде ақпараттық технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен қажеттілік туындап отыр.

Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.

Қазіргі заман мәдениеті стиліндегі киім үлгілерін пайдалануға, "Технология" интегративті білім саласы, "Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу", "Қолөнер және дизайн", "Тұрмыста қызмет көрсету еңбегі" тағы да басқа киімді пішіп тігу технологиясы бойынша көптеген кітаптар арқылы оқушылардың ептілігі мен дағдысын, білімі мен іскерлігін қалыптастыру, киімді өз беттінше піше және тіге білуге қызығушылығын арттырып оқушылардың шеберлігін шыңдай түсуіне көмектеседі. Сонымен аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау күні бүгінге дейін ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы оқушылардың еңбекке қызығушылығын қалыптастыру проблемасының ғылыми тұрғыда жеткілікті негізделмегенін дәлелдейді, зерттелсе де бізге жетпегендігін ескере отырып, осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Замануи киім үлгілерін құрастыруда ақпараттық құралдарды қолдану» , - деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Замануи киім үлгілерін құрастыруда ақпараттық құралдарды қолдану және студенттерге тігін бұйымдарын әзірлеуге технологиялық іскерлігін қалыптастыру мүмкіндіктерін педагогикалық, әдістемелік тұрғада зерделеу [21, 85-95 бб. ] .

Зерттеу жұмысының нысаны : Замануи киім үлгілерін құрастыруда ақпараттық құралдарды қолдану технологиясын пайдалануды дамыту процессі.

Зерттеу жұмысының пәні : Ақпараттық технологиялар арқылы оқытуды ұйымдастыру. Замануи киім үлгілерін құрастыруда ақпараттық құралдарды қолдану дамытуды ғылыми негізде оқыту әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: колледждерде, орта арнаулы мектептерде кәсіптік оқыту дәрістерінде студенттердің шығармашылық қабілеті дамуы арта түседі, егер:

- заманауи киім үлгілерін құрастыруда ақпараттық технологиясын пайдалануды дамытудың ғылыми - әдістемелік негізі жасалса;

- заманауи киім үлгілерін құрастыруда жаңа технологиялық дамудың мазмұны мен механизмдері жүзеге асырылса;

- заманауи киім үлгілерін құрастыруда ақпараттық инновациялық құралдарды пайдаланса.

Зерттеу міндеттері:

- кәсіптік оқыту дәрістерінде студенттердің шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену;

- кәсіптік оқыту дәрістерінде студенттердің шығармашылық қабілетін дамытудың критерийлері мен деңгейлерін анықтау;

- кәсіптік оқыту дәрістерінде студенттердің шығармашылық қабілетін дамытудың жүйесін жетілдірудің жиынтығын негіздеу;

- кәсіптік оқыту дәрістерінде студенттердің шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемесін тәжірибелік тұрғыда дәлелдеу.

Зерттеудің жетекші идеясы: колледж және орта арнаулы мектептер кәсіптік оқыту дәрістерінде студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуды ғылыми-теориялық негізде оқыту басты идеяға алынды.

Зерттеудің әдіснамалық негіздеріне: кәсіп иесі болып қалыптасуы мен дамуын мен дамуының бірыңғай үрдісіндегі орны туралы психологиялық-педагогикалық ілімдер; тұжырымдамалық негіздері; әдіснамасы; студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту жөніндегі тарихи мағлұматтар; инновациялық оқуды пайдаланудың мәнін айқындайтын тұжырымдамалар; жаңа ақпарат көздерін пайдалану тәсілдері.

Зерттеу көздері: психологтар, педагогтар, этнографтар, тарихшылар, өнертанушылар және т. б. зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері; ойшыл-ғұламалардың педагогикалық ой-пікірлері; үкіметтің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, баяндамалар т. б. ) ; ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қазіргі білім беру тәжірибесінде педагогикалық идеялар бойынша ғылыми тәжірибесі [22, 256 б. ] .

Зерттеу әдістері: дерек көздеріне нақтылы және салыстырмалық талдау жасау, этнопедагогикалық, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; психологиялық-педагогикалық бақылау әдістерін пайдалану; этнопедагогикалық материалдарды жинақтау және өңдеу, әдістемелік құралдарын пайдаланудың озық педагогикалық тәжірибелерін оқып-үйрену; оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың инновациялық әдістерін талдау мен оны ғылыми негізінде зерделеу, бағалау; тәжірибелік жұмыс негізінде зерттеу мен оның нәтижелерін анықтау.

Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: Түркістан қаласындаға Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде - зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) қалыптасты, базалы ұғымдар нақтыланды.

Екінші кезеңде - оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттар жүйесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша қалыптастырушы эксперимент өткізілді, алынған эксперимент берінділері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, ғылыми-зерттеу материалдары рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі :

- заманауи киім үлгілерін жасауда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы тәжірбиелер жасау;

- заманауи киім үлгілерін жасауда ақпараттық технологияларды пайдалану дамытудың критерийлері мен деңгейлері анықталды;

- қазіргі заманауи мәдениетің талабына сай студенттерді кәсіпке даярлауда жаңа ақпараттық технологиялық тігін машиналары мен оларда әзірленетін сәндік элементтерін киім үлгілерінде қолдану ескерілді;

- ақпараттық технологиялық тігін машиналарына мәлімет берілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Колледж студенттеі еңбекке және кәсіпке даярлау барысында қазіргі заманауи мәдениетке сай ұсыныстар, олардың танымдық ой - өрісі мен іс - әрекетінің өсуіне мүмкіндік береді. Зерттеуде қамтылған теориялық қағидалар, технология сабақтарында студенттердің заманауи киімдерді жаңаша үлгіде пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Оның авторы тарапынан әзірленген «Заманауи киім үлгілерін жасауда модельдеу технологиясын пайдалануды» атты ғылыми мақалалар дайындалған, сонымен қатар зерттеу жұмысында алынған нәтижелер жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесінде, оқыту жоспарлау педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінде қолданыс табуы мүмкін [23, 208-214 бб. ] .

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Замануи киім үлгілерін құрастыруда ақпараттық құралдарды қолдану дамытудың теориялық -практикалық әдістерінің жиынтығы.

2. Студенттердің шығармашылық қабілетін дамытудың деңгейі мен критерийлері.

3. Студенттердің шығармашылық қабілетін дамытудың үдерісінде инновациялық оқытуды ендіру.

4. Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу нәтижелері әдіснамалық негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге жасалған жан-жақты талдауымен және оларды зерттеу барысында негізге алынуымен, мәселені талдауға сәйкес келетін кешенді әдіс-тәсілдерді пайдаланумен; ғылыми әдістеменің тиімділігі тәжірибелік жұмыс барысында тексеріліп, нәтижесі қамтамасыз етілген.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми баяндама түрінде, Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда оқылды.

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

1. Халықаралық ғылыми журнал Шымкент, №5 (45) 2014, 221б.

2. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Шымкент, 2014ж., 109б.

1 Ақпараттық технология көздері бойынша қазіргі заманау кәсіби мамандарды даярлау

1. 1 Ақпараттық технолгияларды қолдану арқылы оқытушының ақпараттық құзырлығын арттыру жолдары

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады”, - деп атап көрсетілген.

Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Білім беру жүйесін жаңа әдістік технологиямен қамтамасыздандыру
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Ақпараттық технологиялардың классификациясы
Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz