Жеке адамның дамуы және қалыптасуы



Мазмұны:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жеке адамның дамуы және қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2. Жеке адамның дамуының факторлары. Орта және тәрбие ... ..11
2.3. Жеке адамның дамуының факторы. Тұқымқуалаушылық ... 15
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Адамның даму жеке қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Сондықтан олардың пікірлері бойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы болып туатын сияқты.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі — преформистер. Преформизм — ХVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформнстер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің организмінде болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы дәл қарастырады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жеке адамның дамуы және
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...4
2.2. Жеке адамның дамуының факторлары. Орта және тәрбие ... ..11
2.3. Жеке адамның дамуының факторы. Тұқымқуалаушылық ... 15
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...17

Кіріспе
Адамның даму жеке қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі
пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді. Атақты грек
философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр
белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл
болушылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Сондықтан олардың
пікірлері бойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы болып
туатын сияқты.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі —
преформистер. Преформизм — ХVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен,
адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформнстер
ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы
сәбидің организмінде болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет
ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы дәл
қарастырады.

ІІ. Жеке адамның дамуы және қалыптасуы
2.1. Көптеген ғалымдар жеке адамның дамуында тұқым қуалаушылық
факторын жетекші роль атқарады деп таниды. Америка психологы Эдуард
Торндайк (1874-1919) баланың дамуы геналарға байланысты, бала геналардың
ерекше батареясы, ондаты гена саймандары өзгермейді, олар баланың
дене қасиеттерін, ақыл-ой ерекшеліктерін және қабілетін белгілейді, деп
өз ойын дәелдейді. Ол адам санасы да өзінің шыққан тегіне байланысты деп
тұжырымдайды.
Америка философы, педагогы Джон Дьюи (1858-1952) өзінің даму теориясын
балада туа пайда болатын инстинкт және қабілеттермен дәлелдейді. Дьюндік
пікірі бойынша, адамда туысымен-ақ дайын талаптар мен қабілеттер және
эмоциялар болады. Сондықтан Дьюи адам табиғатын тәрбие арқылы өзгерту
мүмкін емес дейді. Австрия дәрігері Знгмунд Фрей адам мінез-құлқының
қозғаушы күштері оның биологиялық тегіне бай-ланысты деп түсіндіреді.
Прагматиктік педагогика апологеттері және осы уақыттағы түрлі
философиялық ағымдар экзистенциализм, неотомизм т.б. жоғарыда айтылған
көзқарастарды қуаттай келіп, адамды әлеуметтік жағдайдан бөліп жеке
қарастырады. Экзнстсициализм жеке адамның дамуын, оның өзін-өзі
жетілдіруі, бұғаи әлеуметтік ортаның қатысы жоқ деп түсіндірсе, ал
неотомизм даму процесін діни идеалистік тұрғыдан, демек, құдай жаратқан
адам жанының дамуы діни тәрбиенің ықпалымен аяқталады деп сендіреді.
Сонымен, жоғарыда аталған және басқа да философтар мен педагогтар жеке
адамның дамуы мен қалыптасуындағы қоғамның ролін теріске шығарады.
Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екендігін
XVI және XVIІ ғғ. алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас
Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі—жалпыға
бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу балаларға ғылымның әр
түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп
өзінің бұл пікірін Утопия кітабында сипаттайды. Кампанелла адам баласының
дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты,
сондықтан тәрбие процесінде балалардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін
игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.
XIX ғасырдың басында қиялшыл социализмнің ілімін жасаушылар Ш.
Фурье, Роберт Оуэн және Сен-Симон балаларды жан -жақты қабілетті дамыту,
яғни, оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге
байланысты деп түсінді. Олар капиталистік қоғамды, ондағы тәрбие жүйесін
батыл сынап, жеке адамның жан-жақты дамуына толық жағдай жасау үшін,
халыққа білім және тәрбие арқылы таптық қоғамды бейбітшілік жолмен жаңа
қоғамға айналдыруды арман етті.
Алғашқы гуманистер және социал-қиялшылдар адамды жан-жақты, жарасымды
етіп дамыту өндіріс құралдары мен жабдықтарына жеке меншіктік және адамды
—адам қанау жойылғанда ғана қамтамасыз етіледі деп тұжырымдады.
Жеке адамды жан-жақты дамыту және тәрбиелеу жайлы мәселелерді ең
алғашқы рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К- Маркс, Ф, Энгельс болды. Олар
қоғамның даму заңдарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға
басунның мақсаты — бзқытты өмір сүріп, жан-жақты дамуына игілікті жағдай
жасайтын жаңа қоғамды орнату керек деген қорытындыға келді.
Даму-жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі.
Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ
немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік
және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның
өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді. Баланың дамуы
және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан
оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен қасиеттер пайда болады.
Мектеп балаларға терең және сапалы білім береді. Оларды жоғары идеядық
адамгершілік көзқарас рухында тәрбиелеп, жан-жақты жетілдіреді, осының
нәтижесінде балаларда Отанға сүйіспеншілік, адал ниетпен оқып, еңбек ету,
ұжымдық сияқты болымды қасиеттер қалыптасады.
Даму және тәрбне процесінде түрлі өзгерістер болып отырады.
Баланың организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер
арқылы дамиды. Оларға организмнің өсіп-жетілуі, ақыл-ойының дамуы,
мінез-құлқының қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи
және әлеуметтік ортнның, тәрбне мен өзін-езі тәрбнелеудің ықпал етуіне
байланысын. Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді.
Өйткені, баланың сыртқы әсерді қабылдауы, оның ішкі сезіміне санасына
байланысты. Сондықтан қабылдау процесінде баланың санасында ішкі қайшылық
туады. Бұл дамудың қозғаушы күші.
И. П. Парловтың, ілімі бойынша, даму ішкі нерв жүйесі қызметінің және
сыртқы жағдайлардың өзара факторларға әрекеттесуі шындықтың адамға ықпал
етуі.
Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс-әрекеті болады. Мұндай іс-
әрекеті өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен
сипатталады. Жетекші іс-әрекеті — өсуші индивидтің мұқтаждарын
қанағаттандыру мен таным немесе психикалық процестерін қалыптастыруға
бағытталған іс-әрекеті.
Таным іс-әрекеттерінің процесінде жаңа мотивтер (ықылас, тілек және т.
б.) туады, баланың түсінігі мен ұғымы, білімі мен тәжірибесі артады, ойлау
операциясы да (талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, жинақтау,
классификация) жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесінде бала ойлау
операциясы арқылы объективтік шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай
білуге, адам баласының бай тәжірибесін үйреніп, игеруге талаптанады.
Әрине, бала өз бетінше жаңалық ашпайды, ол мұғалімнің тәрбиешінің
көмегімен белгілі, зерттелген ғылымн мәліметтерді бағдарлама, оқулық және
басқа да әдебиеттер арқылы қабылдап, меңгереді.
Ойлау әрекеті негізінде мектеп жасындағы балалардың дүниеге көзқарасы
қалыптаса бастайды, нақты ойлаудан (кіші мектеп жасындағы баллларга
тән, (абстракті ойлауға) жоғары сынып оқушылары көшеді. Сөйтіп, олардың
ой-өрісі кеңйді.
Таным психикалық процестерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу
т. б.) дамуымен бірге баланың психикалык, қасиеттері де (қабілет,
бейімділік, мінез) қалылтаса бастайды. Осығай байланысты ойлаудың
қабылдағыштық, бақылағыштық, білуге құмарлық, тапқырлық, ізденімпаздық
сияқты болымды жақтары да жетіле түседі.
Іс-әрекеті процесінде әр түрлі қиыншылықтарды жеңу үшін жеке адамда
шешімділік, өзін ұстай білу, батылдық, табандылық, төзімділік сияқты ерік
қасиеттері пайда болады. Ал ерік дегеніміз — адамның белгілі бір мақсатқа
ұмтылуы мен белсенді қимылы.
Отан соғысы жылдары (1941-1945) халқымызға үлгі мыңдаған, жүз мыңдаған
совет азаматтарының (генерал Д. М. Карбышев, қазақ қыздары М.
Мәметова, Ә. Молдағұлова, татар жазушысы Мұса Жәлинь, грузин партизаны Фере
Мсулишвили т. б.) өшпес есімі тарихта мәңгілік болып қалды. Олар Отан үшін
соғыста, фашистер лагерінде асқан ерлік, төзімділік, шеішмділік,
табандылық, көрсеткен халық батырлары. Совет Армиясының генералы, әскери
ғылымдардың докторы Дмитрий Михайлович Карбышевті 1941 жылы ауыр жаралы,
ессіз қалыпта Гитлер әскері тұтқынға алды. Неміс генералдары Термания
фашистері үшін қызмет етсеніз барлық жағдайды жасаймыз деп Карбашевке айла-
шарғы әрекет жасады, жалған уәде берді. Бірақ, батыр генерал фашистерге
сөзбен соққы беріп, олардың ұсыныстарын қабылдаудан бас тартты. Неміс
фашистері Д. М. Карбышевті бірнеше жыл концентрациядық лагерьде ұстап,
аюандыкқен азап көрсетті. 1945 жылы ақпан айының 18-күнінің, орасан суық
түнінде Маутхаузен коңцлагерінің қорасында өзінің көзқарасынан қайтпаған 64
жастағы совет генералы Д.М. Карбышевты фашист қанішерлері қыс айында үстіне
суық су құйып, қатырып өлтірді. Карбышев секілді көптеген жауынгерлер
тұтқында да үлкен ерліктік үлгісін, табандылық және төзімділік қасиеттерін
көрсетті. Шешімділік деп өз ойын тез қорытып, адамның бірден шешім
қабылдауын айтады. Табандылық дегеніміз адамның қандай қиыншылық кездессе
де қажымай жеңіп, өзін-өзі билей білу, соның нәтижесінде негізгі мақсатына
жетуі болып табылады.
Отанымыздың өндіріс саласындағы, ауыл шаруашылығындағы, ғылым мен
техника, әдебиет пен өнер майдандарындағы еңбек ерлері, жаналық ашып
отырған адамдар — жоғары моральдық касиеттері қалыптасқан еңбеккерлер.
Бұлардың моральдық қасиеттерін іс-әрекеттерінің нәтижелерінен байқауға
болады.
Жеке адамның психикалық дамуы — бұл оның іс-әрекеті мен мінез-
құлқындағы саналығының өсіп жетілуі. Сананың дамуы мен адамның қоршаған
дүниені жете түсінуін, яғни оның табиғи, әлеуметтік ортаға көзқарасы мен
қатынасын айтады. Ал сана дегеніміз — объективтік шыңдықтың бейнелеуінің
жоғары формасы.
Сана адамның іс-әрекеті барысында пайда болады. Еңбек және қоғамдық
қатынастың нәтижесінде адам өзіне және өзінің іс-әрекетіне қоршаған ортаға
жете түсінеді. Оның сана-сезімі дамиды. Дамудың нәтижесінде адамның сыртқы
көрністері байқалады. Оларға өзін-өзі бақылау мен бағалау, намыс, өз
қадірін сезу, өздігінен жетілуге талаптану т. б. жатады. Сана-сезімнің
осындай сыртқы көріністерін мұғалім оқыту және тәр-бие беру ісінде-
психология мәліметтеріне сүйеніп, еске алып отыруы қажет. Өйткені, сана мен
өзіндік сананың дамуы қоғамдық қатынастардың жүйесіндегі (үйелменде балалар
тәрбие және білім алатын кекемелерде, өндіріс орындарында т. б.) адам
баласының белгілі орын алып тәрбиеленіп, өсіп-жетілуінің қажетті шартты
жағдайларының бірі.
Балалар ойын процесінде геологтардың рөлін атқару үшін өздерінің
ойларын іске асыруға тырысады. Олар ойынның негізгі мазмұнын геологтардың
іс-әрекеттермен байланыстыры көз алдына былай елестетеді: бір топ геологтар
Отанымыздың Каспий теңізі аймағына барып, жайғасты. Олар, табиғат күшіне
төтеп беріп, ауа райы аумалы-төкпелі брлестерден өтіп, жергілікті
көліктерді пайдаланып, қазба жер байлықтарын іздезтіруде. Геологтар
палаткаларда тұрып, түрлі қиыншлықтарды кездестіреді, мысалы, маса, шыбын-
шіркейлермен күреседі. Балалар алға қойған мақсатын орындап, ойынды
аяқтайды. Мұндай, қиыншылықтарға мойымайтын төзімділік, батылдық,
табандылық сияқты тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Ақыл-ой және спорт ойындары да баланы дамытудың басты себептерінің
бірі. Ақыл-ой ойындары балалардың аңғарымпаздығын, ұғымталдығын, зеректігін
дамытады, ойлау теориясына (салыстыру, ажырату, жинақтау т. б)
жаттықтырады. Спорт ойындары балалардың қайраттылық, шешімділік, өзін -өзі
билеу, батылдык, ерлік, төзімділік сияқты моральдық қасиеттерін
қалыптастырады, денесін шынықтырады.
Мектеп жасындағы балалардың жан-жақты, үйлесімді дамуының негізгі
кездері оқу, қоғамдық пайдалы жұмыс, көркем-өнер және спорттық іс-
әрекеттері деп жоғарыда айтып кеттік. Оқушылар іс-әрекеттерінің ең басты
және жетекші түрі — оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама
бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып оты-рылады.
Сондықтан оқу басқа іс-әрекеттеріне қарағанда оқушылардың таным қабілетін
дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады.
Оқудың барысында сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушының ой-өрісі кеңеді,
білімі терендейді, жауапкершілігі артып, ол алдына қойған мақсаттарын
орындауға талпынады. Оқушы он бір жылдың ішінде бірінші сыныптан он бірінші
сыныпқа дейін даму жолынан өтіп, нақты білім, саналы тәрбие алады. Міне,
осының нәтижесінде еңбек етуге, ізденушілікке, келешекте арнаулы оқу
орындарына түсуге қабілетті болып шығады.
Адамның рухани дамуының көзі — еңбек. Ф. Энгельс еңбектің тарихи
рөлін қарастыра келіп, белгілі жағдайда адамды жаратқан еңбек деген
қорытындыға келді. Олай болса, еңбексіз даму жоқ, еңбексіз кері кетушілікке
ұшырауға болады. Еңбек — адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда
қабілетіне қарай еңбек ету әрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік
қажетіне айналады. Еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне,
қоғзмдық әл-ауқатын арттыруға, қажетті нәрселерді жасауға тиіс.
Жастарды еңбек сүйгіштікке, Отанның игілігі үшін жан— тәнімен
еңбек ете білуге тәрбиелеп өеіру—халық мұғалімдерінің жауапты міндеті
Педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыратын, жоспарлы түрде жүргізілетін еңбек —
баланы жан-жақты дамытып, қалыптастырудың күшті құралы. Бала жастайынан
еңбек етуге талпынады. Она еңбек дағдыларына үйрету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топ және оның жеке адамға әсері
Психологияда тұлға мәселесі
Тұлғаның дамуы және қалыптасуы
Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары туралы мағлұмат
Тұлга психологиясы
Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары
Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар жайлы
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуы
Жеке тұлғаның мәдениетінің қалыптасуы – қазіргі педагогиканың негізгі міндеті
Пәндер