Қазақша ырымдар



Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп тыйым салған.
Нанның қиқымын жесе – бай боласың дейді.
Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.
Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.
Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.
Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды.
Сәби көзін ашып ұйықтаса – жары сұлу болады.
Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса – болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі.
Баланың желкесі шұқыр болса, немесе желкесінен сүйсе кесір болып өседі.
Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
Тіл ұшын жесе, сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Таңдай жесе, шешен болады.
Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады деген ырым бар.
Сәбиге көз тимес үшін күйе жағып қояды.
Жастың басы ауырса «басыңа бас қосылады» деп ырымдаған.
Жұма күні кір жума – әруақтар ренжиді.
Ақты (сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді.
Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.
Егер киіз үй сыртына ит сарып кетсе, құт келеді деп жақсылыққа телиді.
Адам құлағы шуылдаса, жанындағы кісіден «қай құлағым шуылдады?» деп сұрайды. Ол дәл тапса, «мені біреу мақтап жатыр екен» дейді. Таба алмаса, «жамандап жатыр екен» дейді.
Жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. Мұны көргендер атпен, көлікпен қатты жүріп келмейді. Қатты келсе, бота шошып өліп қалады деп ойлаған.
Қазақ сейсенбіде жолға шықпайды, іс, жұмыс бастамайды, көшіп-қонбайды.
Жолаушыға «қайда барасың» демейді, «жол болсын» дейді.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп тыйым салған.
Нанның қиқымын жесе - бай боласың дейді.
Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.
Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.
Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.
Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды.
Сәби көзін ашып ұйықтаса - жары сұлу болады.
Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса - болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі.
Баланың желкесі шұқыр болса, немесе желкесінен сүйсе кесір болып өседі.
Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
Тіл ұшын жесе, сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Таңдай жесе, шешен болады.
Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады деген ырым бар.
Сәбиге көз тимес үшін күйе жағып қояды.
Жастың басы ауырса басыңа бас қосылады деп ырымдаған.
Жұма күні кір жума - әруақтар ренжиді.
Ақты (сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді.
Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.
Егер киіз үй сыртына ит сарып кетсе, құт келеді деп жақсылыққа телиді.
Адам құлағы шуылдаса, жанындағы кісіден қай құлағым шуылдады? деп сұрайды. Ол дәл тапса, мені біреу мақтап жатыр екен дейді. Таба алмаса, жамандап жатыр екен дейді.
Жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. Мұны көргендер атпен, көлікпен қатты жүріп келмейді. Қатты келсе, бота шошып өліп қалады деп ойлаған.
Қазақ сейсенбіде жолға шықпайды, іс, жұмыс бастамайды, көшіп-қонбайды.
Жолаушыға қайда барасың демейді, жол болсын дейді.
Тамақ үстіне келген адамға үй иесі мақтап жүреді екенсің деп риза боп қалады. Дастархан жиналып жатқанда келгенге бізді жамандап жүреді екенсің деп ескерту жасайды.
Дастархан үстіне келген адамға дәм ауыз тигізеді, әйтпесе күйеуің немесе әйелің тастап кетеді дейді.
Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді деп ырымдайды.
Мал төлдеп жатқанда ешкімге мал бермейді, сатпайды және айырбастамайды.
Жақын адамдарға пышақ, ит сыйламайды.
Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлап немесе сатып алады.
Ауыл ішіне атпен шауып келген жаман ырым.
Егер сүйінші сұраса шауып келуге болады. Бірақ сүйінші, сүйінші деп айқайлап келуге тиіс.
Қайғылы, қазалы хабарды есірткенде немесе жаназаға шақырғанда ғана атпен шауып келіп шеткі үйге хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабарлауы тиіс.
Үйге кешке немесе түнде келген адам кеш жарық деп кіреді. Үйге келген қонақ адам болсын-болмасын ассалаумағалейкум деп сәлем беру керек.
Екіқабат әйел арқан аттамайды, аттаса баланың кіндігі мойнына оралып қалады дейді.
Біреу әңгіме айтып отырғанда сәби түшкіріп қалса, шын айтқаны деп ойлайды.
Аты сүріншек болады деп балаға төстің сүріншегін жегізбейді.
Қазақ сәтті күн деп істі сәрсенбі күні бастайды.
Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.
Мысыққа тамақ бергенде ертең ұмытып кетесің деп маңдайынан шертіп береді.
Тауық мезгілсіз шақырса - жаман ырым.
Иегің қышыса бір жерден дәм татасың.
Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы үйіп қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды.
Егер өздері әкелген сыбаға немесе тамақтан жесе, ол үйдің әйелі қыз табады дейді.
Бейуақытта ұйықтаған, жылаған жаман болады.
Қолды жуғаннан кейін оның суын сілікпейді, орамалмен сүртеді.
Бала қаспақ жесе, оның үйлену тойында жаңбыр жауады.
Баласы шымыр болсын деп екіқабат әйелге сағыз шайнатады.
Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп қояды.
Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде Жер Ана қуат бер деп жалаңаяқ жүргізеді.
Жас босанған немесе аяғы ауыр әйел түнде суға бармайды.
Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса мерзімінен бұрын босанады деген ырым бар.
Баласы кіндігіне оралып қалады деп екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпайды.
Бала ортан жіліктің майын жесе, ата-анаға мейірімсіз болады.
Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады деседі.
Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.
Жас келіннің төсі, малдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың салт-дәстүрлері, рәсімдер, ырымдар мен тыйымдар
Тыйым сөздердің жалпы сипаты, олардың ерекшеліктері
Ертегінің ішкі жанырлары мен поэтикасы
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
Қазақ салт - дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу
Отбасы - әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйретуші және ұйымдастырушы
Қазақы ырым-тыйымдардың – діни-философиялық астарлары
Ұлттық киімдердің түрлері
Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны
Өркениет және ұлттық тәрбие
Пәндер