Мектептің оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті

ӘОЖ 373. 1. 013:39 (043. 3)

Қол жазба құқығында

Асанова Ғанижамал Сейдрахымқызы

Халық педагогикасындағы салт-дәстүрлер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

6N 0103 - Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

ШЫМКЕНТ, 2017


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

1. 1 Мектеп оқушыларын оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары . . . 8

1. 2 Халық дәстүрлері арқылы адамгершілікке тәрбиелеу . . . 21

1. 3 Халық педагогикасында салт-дәстүрдің алатын орны . . . 28

2. СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ДӘСТҮРЛЕРІ

2. 1 Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні . . . 34

2. 2 Ойын және әдептілік тәрбиесі . . . 69

2. 3 Оқушыларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу . . . 72

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 80

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 82

ҚОСЫМША . . . 84

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірде болмасын қоғам мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді.

Еліміз тәуелсіздігіміздің іргесін бекітіп, өркениет өресін кеңейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан - жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерінен егжей - тегжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.

Ұлттық тұрмыс - тіршілікпен жалпыазаматтық мәселелер бүгінгі таңда әртүрлі халықтардың этнопедагогикасын зерттеушілерді де толғандыруда. Бұл орайда халықтық педагогиканың ұлттық ерекшеліктерін ұлттың қазіргісімен және өткен тарихи кезеңдерімен салыстыра отырып қарастыру дәстүрге айналып келеді. Ұлттың тарихын, демек ұлттың даму кезеңдерін терең білмейінше, біз өзімізді - өзіміз айқындай алмаймыз. Ұлт ретінде қазіргі кезеңде нақты өмір шындығына сәйкес алға қарай қадам басу жөнінде әңгімелеп отырудың өзі артық. Еңбегіміздің бұл бөлімінде осы проблемаға басты назар аударуға әрекет жасап отыруымыздың өзі сондықтан.

Қазақ халқының этнопедагогикасындағы ұлттық және жалпыазаматтық мәселелердің ара жігін ажыратуға қадам жасай отырып, біз бұл проблемалардың жалпы философиялық және методологиялық негіздеріне зер салуға тырыстық.

Оның басты себебі сол, ұлттық және жалпыазаматтық проблемаларды бір-біріне қарама - қарсы қоюға болмайды. Керісінше, олар диалектикалық тығыз бірлікте қарастырылады, «жалпыадамзаттық» деген ұғым астарына терең үңіліп, нақты талдау жасай бастағаннан - ақ оның «ұлттық», «ерекше» мәндері айқындала түседі.

Кез - келген халық тарихы даму барысында өзінің ұлттық ерекшеліктерін, өзінің бет - бейнесін, өзінің тұрмыс - тіршілігін сақтап қалуға трысады. Сонымен бір кезде олар жалпыадазаттық мәдениетке, оның ішінде құрамдас бөлігі педагогика болып табылатын педагогикалық мәдениетке өздерінің лайықты үлесін қосады.

Кез - келген халықтың этникалық жүйесін зерттеу, тәбиенің ұлттық дәстүрлерін, формаларын, құралдары мен әдістерін айқындау, сонан соң оны ұлттар қауымдастығының тиісті шеңберінде пайдалану нақты жағдайда әңгіме арқауына айналып отырған әңгіме жөнінде халықтың өскелең ұрпақтарының жалпыазаматтық моральдік құндылықтарының негіздерін барынша тезірек әрі жақсы меңгеруге мүмкіндік туғызады.

Аталмыш идеяларды зерттеу тұтас халықтардың, сол сияқты жекелеген адамдардың өміріне обьективті түрде әсер ететін тәрбие дәстүрлерінің күшті қырларын айқындайды.

Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар - намысын, ожданын алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектеп алдына бала алғаш мектеп табалдырығынан аттаған күннен бастап оның бойына адамгершілік, имандылық, саналық қасиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетеді [1] .

Кеңес Одағы аталып келген алып империяның ыдырауы оны мекендеген халықтардың мәңгүрттіктен құтылуына, өзінің ата - бабалары салып кеткен ұлттық тәрбиенеі көне жолдарын қайырылып қарауға мүмкіншілік береді. Әрине, бұл өздігінен бола салатын оп - оңай жұмыс емес. Бұл ғасырлар бойы өз еркінен айырылып, тәуелсіздікке әбден мойынсынып алған халықтың бүгінгі сана - сезімі мен әлеуметтік ахуалына айтарлықтай әсерін тигізгені анық. Жан-жүйедегі мұндай жарақаттарды емдеп жазуға да уақыт керек. Алайда, бүгінгі жағдай жайбарақаттықты да, тым асығыс үстірттікті де көтермейді. Кез - келеген елдің негізі - сол елдің халқының сынына екшеліп, сұрыпталып өткен өзіндік салт - дәстүрі болуға тиіс. Өйткені, ол - сол халқының ата - бабаларының сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, тіршілік тезінен өткізіп, қаттап, қалыптастырып, ұрпағына жеткізген асыл мұрасы, алтын қазынасы. Қазынасынан айырылған ел қайыршылыққа ұшырамақ. Халықтық салт - дәстүрді сол халықтың бүтін болмысы, бүкіл өмір сүру заңдылығы деп ұғынуымыз керек. Халықтық әдет - ғұрп, салт - дәстүр ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан кез - келген халықтын өзіне тән сипатын айқындай түсетін асыл қасиеттер болып табылады. Халық педагогикасы осы әдет - ғұрптар мен салт - дәстүрлерде мәңгі қалаған педагогикалық мағұлматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Этнопедагогика мен халық педагогикасының зерттеуші ғылымдары Е. Л. Христова [2], Г. С. Виноградов [3], Г. Н. Волков [4], тағы басқа ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет - ғұрптар мен дәстүрлерге, мәдени ойлау процесінің эмпирикалық негіздерінің озық үлгілеріне айрықша мән бере отырып, олардың жас ұрпақты адамгершілік, имандылық рухына тәрбиелеудегі рөлін негізге алады.

Академик А. К. Кон өзінің этикалық сөздігінде «әдет - ғұрп дегеніміз белгілі бір қоғамда не ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі. Ол әлеуметтік өмірдің әртүрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайында адамдар біркелкі әрекет етуін қалайды. Яғни, бір қоғам ішіндегі адамдардың еңбек ету тәсілдері мен әдістерінің жалпыға ортақ болуын, олардың саяси - қоғамдық іс - әрекетінің және күнделікті тұрмыстағы қарым - қатынасында немесе көзқарасында бірыңғайлық әрекеттің болуын талап етеді. Осының бәрі әдет - ғұрыптың, салттың жиынтық көрінісі болып табылады», - деп тұжырымдай келе «дәстүр дегенімі - әдет - ғұрыптың өмірдегі өсіп жетілген әртүрлі формасы. Ол адамдардың белгілі бір бағыттардағы тұрақты іс - әрекеті мен мінез - құлқының ұрпақтан - ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі», - деген анықтама береді [5] . Қазақтың әдет - ғұрып, салт - дәстүрінің элементтері халық педагогикасының негіздерін құрады. Оның тәлім - тәрбиеде кеңінен пайдалануының маңызы өте үлкен.

Осы ретте академик В. Г. Волков «Дәстүрлер тәрбиеленушілердің психологиясына әсер ету нәтижелері тұрғысынан келгенде әрекет, іс - қызмет логикасынан да күшті» . . . деп нақты айқындай түседі [6] .

Тарихшылар мен этнографтардың зерттеулері қазақ халқының жас ұрпақ, болашақ отбасының тәрбиесіне тікелей қатысы бар салт - дәстүрлерді Қазан төңкерісіне дейін толық сақтап келгенін дәлелдейді. Кез - келген халықтың өкілі солардың арасынан өзіне таныс немесе етне жақын салт - дәстүрлерді, ырым - жоралғыларды, т. б. таба алар еді. Олар ішіне көбіне - көп түркі халықтарына ортақ болып келетін қыз ұзату, келін түсіру деген салттардың кейбір жекелеген ерекшеліктері күні бүгінге дейін сабақтастықтың мәнін жойған жоқ.

Көшпелілердің барлық болмысы табиғи ортамен гормониялық қарым - қатынастар түзу ортасында пайда болған тұтас дүние. Тіршілік дүниені жаратушы деп Тәңірге, жер, суға табыну көшпелілердің бертінге дейін өмір сүрген іргелі сенімі. Олар табиғатпен бірге біте қайнасып, өз дәстүр - салтын сақтап, табиғаттың тепе - теңдік заңына сәйкес өмір кешкен. Күлтегін кітабының үлкен жазуында бабаларымыз биік тауды, биік ағаштарды да Тәңірі деген. Білімдар адамды ғұлама, оқымысты демей, Тәңіркен деп атаған. Мәселен, «Қарағым, биік тауға қара» - көңілің өседі, көңілің өссе немереңнің өрісі биік болады, «Кең, жазық далаға қара» - жан сарайың кеңиді, сонда немерең кең пейілді болады, «Бұлақтың көзін аш» - бала қайырымды болады деген секілді ұлағатты тәлім беріп, табиғат арқылы тәрбиелеген. Тарих сахнасында үш мың жылдай өмір сүрген көшпелілерден тыс адамзат тарихын танып - түсіну мүмкін емес. Ең бастысы ұлы дала төсінде қалыптасқан көшпелі өмірге сай мәдениет қалыптасты, таза өнер туындады, құндылықтарды шарықтайтын салт - дәстүр орнықты. Бұлардың бәрі қосылып өзіндік болмыс - бітімі бар көшпелілер мемлекетінің берік негізін құрады.

Әдеп - белгілі бір халықтың әдет - ғұрпына тұрақтанып, қалыптасқан этникалық тәрбие. Әдет тәрбиесі - жас ұрпақты ізеттілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа тәрбиелейді. Бұл бағдарлама - табиғи ортаны қорғау, өмір сүре алатын қабілет қалыптастыру, халықтық салт - сана, әдет - ғұрпты, дәстүрді үйрету арқылы жас ұрпақты ары таза, рухани байлығы мол, ізетті не инабатты, сегіз қырлы, бір сырлы азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған.

Ал әдеп тәрбиесінің басты мақсаты халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіріп, оқушылардың мінез - құлқын қалыптастыру. Ал негізгі міндеті - инабатты, ізетті, әдепті, сыпайы ұлттық қасиеттерді бойына терең сіңірген азамат тәрбиелеу.

Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы болып табылады, ол оның ата - анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш сынып, оқушысының бойында Отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белсенді көзқарасын қалыптастырады.

Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолына да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адагершілікті тәрбиелеуге тиіс. Сондықтан диссератация жұмысының тақырыбын «Халық педагогикасындағы салт-дәстүрлер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» деп тұжырымдадық.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясын негіздеп, әдістемесін ұсыну.

Зерттеу пәні: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін пайдалану.

Зерттеу жұмысының объектісі. Мектептің оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, халық педагогикасының құндылықтары оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде іс-шара ұйымдастырғанда айқындылық, олардың мазмұны мен әдіс-тәсілдері толық жүзеге асырылса, онда оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық, саналық қасиеттері қалыптасады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мазмұнын талдау;
  • Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық дәстүрлер көрсеткіштерін айқындау;
  • Мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде халық педагогикасының маңызын дәлелдеу;
  • Мұғалімдерге адамгершілік тәрбиесінің әдістемелік нұсқау ұсыну.

Жетекші идея: оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасының ұлтқа тән дәстүрлерін қолдану мектеп оқушыларының адамгершілік қасиетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Диссертациялық зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері: жеке тұлғаның даму және тәрбиелеу теориясы, кіші және жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен өзіндік тұлғалық теориялары (Ж. Пиаже, Л. С. Выготский, П. М. Якобсон, И. С. Кан, Н. Н. Болдырев, Л. Н. Новикова, В. А. Сухомлинский, В. И. Ильин, А. Х. Мухамбаева, С. А. Ұзақбаева т. б. ) оқу-тәрбиелеу барысында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде бағыт беру негіздерін басшылыққа алу.

Диссертация жұмысының орындалу кезеңдері:

Бірінші кезең - (2013-2014ж. ж. ) теориялық ізденіс, халық педагогикасын және психологиялық әдебиеттерді талдап отырып, зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын айқындау және зерттеу жұмысының бағдарламасын анықтап, ізденіс жұмысының жоспарын құру.

Екінші кезең - (2014-2015ж. ж. ) зерттелу жұмысының барысында өткізілген іс-тәжірибе бойынша жасөспірімдер мен жұмыс жүргізіледі. Ғылыми ізденіс барысында жинақталған нақты материалға талдау жасау арқылы оның халық педагогикасының, дәстүрлі нәтижесін қорытындылап, диссертация жұмысы дайындалды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • мектептің оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу жүйесі анықталды;
  • тәрбие процесінде халық педагогикасының құндылығын қалыптастыру белгіленді;
  • оқушыларды халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты тәрбиелеуге бағдарлама жасалынды;
  • сынып тәлімгерлеріне оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге нұсқау ұсынылды.

Теориялық маңыздылығы: зерттеу жұмысындағы теориялық білім нәтижелерін және жеке тұлғалардың психологиялық түсінігін байытып, оның мазмұны мен деңгейін сипаттамаларымен байланыстыра отырып ғылыми негізінің маңыздылығын дәлелдеу.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- халық педагогикасындағы оқушылардың адамгершілік қасиеті мен талғамын қалыптастырудың теориялық мәні мен мазмұнын негіздейтін анықтамалар;

- халық педагогикасының салт-дәстүрлері арқылы мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің негізгі өлшемдері мен көрсеткіштері сипатталады;

- оқушыларға қазақ халық педагогикасының құндылықтары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы баяндалады;

- мектептің тәлімгерлері мен пән мұғалімдеріне әдістемелік нұсқаудың мазмұны ұсынылады.

Зерттеу жұмысының базасы: Шымкаент қаласы Жүсіпбек Аймаутов атындағы №64- гимназия мектебінің мұғалімдер мен оқушылар ұжымы.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диссертация жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

.

  1. МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

1. 1 Мектеп оқушыларын оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары

Халқымыздың перзенті М. Жұмабаев тәрбиені төрт түрге: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі деп бөле келе «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны», - дейді [7] .

Соның ішінде адамгершілік тәрбиесіне тоқталатын болсақ адамның моральдік бейнесі оның бүкіл өмірі мен іс - әрекетінде дами береді, бірақ адамгершіліктің негізгі бейнелері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік кезде қалыптасады. Одан әрі қарай жаңа адамгершілік қалыптың пайда болуынан гөрі, бойындағы бұрынғы бары дамиды немесе тәрбиедегі кемістік жөнделеді.

Ата-аналар: «Ең бастысы ұлың немесе қызың қандай маман болғандығында емес, ең маңыздысы олардың нағыз адам болуында», - деген сөзді жиі айтады. Ата-аналардың бұл сөздерінен өз балаларының адамгершілік бейнесі жөнінде қамқорлық жасайтынынан көрінеді.

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдік қасиеттер адамдардың қимыл - әрекеттерінен, қарым - қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, құлық пен адалдық, зұлымдық пен махаббат, борыш пен намыс, ар мен намыс адамның адамның іс - әрекетімен өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан, мінез - құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Ал осыны ойлаған ата - ана жастарды отбасына кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылыққа, инадылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойды.

Адамгершілік - қоғамдық өмірдің тарихи әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым - қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болатын қауымдық, әлеуметтік, халықтың игі іс - әрекеттер, мінез - құлықтағы имандылық, инабаттылық көрсететін терең мәнді ұғым.

Адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан сақтауды, сыпайыгершілікті, әдептілікті, достықты уағыздай отырып, тамаша қасиеттерді қарама - қарсы адамдарды аздыратын өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жаман әдет, жат мінездерден сақтандырады. Адамгершіліктің ең жоғары түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу [8] .

Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен - ақ бірінші сыныптықтардың оршаған орта туралы әр түрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы ұғымдары да, қырлары мен әдеттері де әр басқа екендігі анықталады. Мектепке ілтипаттары да әр түрлі. Кейбір балалар құрбыларымен тату - тәтті ойнайды. Керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері сырттап жүреді, өзімшіл болады.

Балалардың моральдік сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мінез - құлықтағы дағдылары мен әдеттерінің дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершілік тәрбиесі барысында мектеп түзету керек.

Мектеп білімі едәуір өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір әсер етеді. Адамгершілік тәрбиесі белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шындай түседі немесе түзейді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы тиіс.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері - оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларын атқарушыға жол бермеулі қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды пайдалы, өнімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты [9] .

Саналы еңбек тәртібі, тапсырылған іс үшін, орындалу мерзімдері үшін, аспаптар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуі үшін жауапкершілікке тәрбиелеу баланың мектепке барған алғашқы күндерінен - ақ жүргізе беруге тиісті. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындау кезінде игеріледі. Оқу барысында оқушылардың таным - білім әрекеті мен еңбек әрекеті ұштасып жатады. Оқу бала үшін қауырт еңбек. Дүниетану, кең көлемде жаңа білім алу процесінің өзі, сөз жоқ қиыншылықтарымен, табыстарымен және сәтсіздіктерімен алмасып келіп отырады.

Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның тұрған кезінен - ақ басталады. Мектепке дейінгі жаста балаларды бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдар, адамшылық мінез - құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Мектепте бұл жұмыс он бір жыл бойына мұғалімдердің басшылығымен жүйелі түрде, көзделген мақсатқа сай жүргізіледі. Баланың мектеп жасына дейінгі кезде қалыптасқан мінез - құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы - құрдастармен қатынастарының формалары, адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде бастауыш сыныптарды адамгершілік көзқарастардың, мінез - құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады. Бұдан бұрынғы тәрбие мен алдынғы тәрбиенің арасында диалектикалық өзара байланыс бар.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыртқы ықпалды тез қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына, адамгершілік нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келетінін, бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөніндегі ымырысыздығымен, мінез-құлықтары epкіндігімeн ерекшеленетін психологтар анықтаған. Бұл ерекшеліктер бастауыш сыныптағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбиеленетіндігінің кепілі болып табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілкке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады. Адамгершілкке тәрбиелеуде балалардың онда адамгершілік тәжірибесі шешуші маңызға ие. Тәрбиенің ісі ең алдымен баланың күнделікті өмірінде өтіп жатады, мұнда ол адамгершілік ережелеріне, нормаларына, принциптеріне дағдыланады және олардың қажеттілігіне көз жетеді. Мектеп оқушыларының қандай да болсын қызметі айналадағылардың қоғамдық мүдделерімен, қоғам өмірімен белгілі бір дәрежеде байланысты болса, ол оның адамгершілік қызметі болып табылады. Сөйтіп, адамгершілік бастама баланың бүкіл сан қырлы практикалық қызметіне, оның сезімдік және интеллектуальдық сфераларына өзек болады. Балалар мейлі мектеп ауласында ойнап жүрсін, мейлі еңбек етіп жатсын, солардың бәрінде де олардың қызметінен адамгершілікке тән немесе оған қайшы қасиеттер көрінеді. Осыдан келіп, адамгершілік тәрбиелеуді тәрбие жұмысының айрықша бір тарауы деп те, тәрбие жұмысының кез-келген басқа тарауының бір жағы деп те қарау керек деген қорытынды туады. Мұғалім балалардың oқyын, еңбегін, ойының ұйымдастырғанда, олардьң адамгершілік тұрғыдан жетілуіне ықпал етуге мүмкіндік алады [10] .

Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің, формаларының және оның тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан қалыптасқан дағдыларды жоғары жаңа талаптар негізінде қайта құру әрқашан қиындықпен іске асады.

Адамгершілік тәрбие процесінде мектеп оқушыларының мұраттары мен, моральдық тәрбиелілік дәрежесі арасындағы қайшылықты есепке алудың мәні зор.

Бала үлкендердің талап-тілегін жай ғана орындай салмай, ықыласпен өзі қалаған жағдайда адамгершілік тәрбие оқушының адамгершілік тұрғыдан өсуін бағыттай алатыны мәлім. Бұл тіпті кішкентайлардың адамгершілік тәрбиесінде жетекші роль атқаратын еліктеу барысында көрініс табады. Егер бұл жақсы өнегеге еліктесе, оның дамуы жемістірек болады. Мұғалімдердің бәрі бірдей көтерлемелеп, қанағаттандырып отырмайды. Балалардың көптеген тілегіне жауап тіпті оларға тыйым салу. Жазаланудан қорыққан бала өз  тілегінен уақытша бас тартуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен қайшылық жойыпмайды. Жаза сейілгенде, бала өзінің тілегін қанағаттандыруға көшеді. Үлкендердің өз тілек-мүддесіне қатынасын сезген тәрбиеленуші енді қулы ққа, екі жүзділікке салады. Ол үлкендерге былай деп жауап берсе, ал іс жүзінде басқаша істейтін болады. Сөйтіп бірте-бірте өзінің төңірегіндегілерді алдаута үйренеді. Мұндай мінез-құлық кейде тәрбиеленушілердің моральдық бейнесінде ауыр кемшіліктерге әкеліп соғуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Биологияны оқытудағы тәрбие элементтері
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік дамуының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz