Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . …. 3

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІ-

ЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………. .

1. 1 Оқушылардың оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары мен

себептері . …. 9

1. 2 Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру жұмысының мақсаты мен

міндеттері . . . 21

1. 3. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері…… . . . ……31

2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУДА

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР . . .

2. 1. Зейінді дамыту мен тәрбиелеудегі педагог-психологтың рөлі . . . 44

2. 2. Оқушыларды оқытудың тиімділігін қалыптастыруға ықпал ететін

факторлар . . . 54

2. 3. Оқуға деген ынталылықты дамыту және оқушы бойындағы

алаңдаушылықты болдырмау тәсілдері . . . 63

ҚОРЫТЫНДЫ …. . . . . … . . . ……80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……. . . …83

ҚОСЫМША. ……86

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі . Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өрке-ниетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім». Ендеше өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді болып шығуы үшін әр педагогқа жүктелер жүк аз еместігі айқын бай-қалынады. Білімді болудың басты шарты - ол баланың оқу іс-әрекетінде аса зейінді болуы десек болады [1, 12б. ] .

Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қой-май, оқушыларды креативті ойлауға, ізденімпаздық, шығармашылық қабілет-терін дамыта отырып, әр оқушыға өзін көрсетуге және өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауға дағдыландыруы болып табыла-ды. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі, баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Зейіннің алаңдаушылығы - бұл зейіннің бір нысаннан екіншісіне ырық-сыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс тітіркендіргіш əсерлердің ықпал етуінен туындайды. Алаңдау сыртқы жəне ішкі болып бөлінеді. Сыртқы алаңдаушылық субъектке тысқы, қоршаған орта жағдайларының əсер етіп, ырықты зейіннің ырықсыз зейінге ауысуынан болады. Əсіресе адамды алаңдататын жағдайлар заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып, күшті өзгермелі əрі жедел əсер етуіне байланысты. Сондықтан оқушылардың сабақ дайындау барысында оларды негізгі ісінен алаңдататын заттар мен əсерлерді болдырмауға тырысу қажет.

Зейіннің аударылуы деп 6ip объектіден eкінші объектіге назарымызды көшіруді айтады . Физио­логиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудын ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгер-мелігіне байланысты. Kейбip адамдар бip жұмыстың түрінен eкінші 6ip жұм-ысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні керісінше, баска объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез-кел-ген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зей-інді тез аудара білу қасиеті жөнінді жетілмеген бол­са, олардың жұмыста түр-лі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмін. Мектеп жағдайында балалардың зейіннің 6ip пәннен екінші пәнге, бағдарламаның 6ip бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың 6ip түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түрне (жаңа сабақты тыңдау кез) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушы-ның epiк сапалары 6ipaз дамыған кезде, әcipece оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай eтіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, 6ip ізбен жақсы түсіндіруі, өткен матер-иалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т. б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.

Зейіннің ішкі алаңдауы көңілкүй, толғаныс нəтижесінде туындайды, орындалатын іске қызықпаудан, жауапкершілікті сезінбеуден келіп шығады. Шəкірт өзінің оқу жұмысымен байыпты əрі тиімді шұғылдануы үшін оның болмысындағы сабақтан алаңдататын көңіл күйзелістерін (ашу, ыза, қорқу ж. т. б. ) басып отыру керек. Сонымен бірге оқушыларда алаңдаушылықты кеміту үшін оларда білімге, оны игеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты тəрбиелеп бару өте маңызды қызмет.

«Жас шыбықты қалай ексең, солай өседі» дейді дана халқымыз. Түсін-ген жанға бұл сөздердің қадірі биік, маңзы зор. «Ата-ана» деген абыройлы атқа ие болған жандар үшін бала тәрбиелеу қашанда қасиетті парыз болған. Ана көңілі балада болмайынша, қоғамның азып-тозатынын бала қолымен жа-салып жатқан қылмыстар күн сайын дәлейдей түсуде. Осындайда, ата-анаға бала тәрбиесінде тізгінді берік ұстау үшін не кедергі, бұл сұрақ бүгінгі қоғам-дағы қордалып қалған, көп талқыланатын сұрақ.

Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қой-май, оқушыларды креативті ойлауға, ізденімпаздық, шығармашылық қабілет-терін дамыта отырып, әр оқушыға өзін көрсетуге және өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен ин-теллектуалды тапсырмаларды орындауға дағдыландыруы болып табылады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі, баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үл-герім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Зейін дегеніміз - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақ-талуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз ай-наладағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әре-кетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпімен жақсы көрі-неді. Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оны бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң басқа сабақты қарауға көшеді. Осы көріністердің бәрінен де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектіге бағыт алып және сон-да азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәти-желі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасының қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам санасының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Зейінді дамытудың жолы - жаттығу және берілген тапсырманы орында-ту. К. Д. Ушинский: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындау-ды талап ету керек» деген. Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тап-сырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін. Зейінді дамытуда сыртқы жағдай-дың маңызын ескеру дұрыс. Шу, баланың сабағына қатысы жоқ радио, қа-жетсіз әңгімелер т. б. болмауы керек. Жарық, таза ауа қажет.

Сабақ басталар алдында өтілетін тақырыптың мақсатын айтқан пайда-лы. Балалар өздерінің міндеттерін түсініп, немен айналысатынын біліп отыру керек. Бұл іске жұмылдыру болады, зейінді шоғырландыруға көмектеседі. Материалдың оқудағы, өмірдегі маңыздылығын айтқан жөн. Ырықты зейін осылай қалыптасады. Ырықсыз зейінді ырықтыға аудару үшін: жарқын, эмо-цияға толы, нақтылы деректер мен мысалдарға құрылған мұғалімнің қызық-ты әңгімесі, көрнекті құралдар, иллюстрациялар қажет. Баланы өзін-өзі қада-ғалай білуіне үйреткен жөн.

Оқушыларды сабаққа деген ынтасын арттыру үшін ең алдымен әр бала-ға жеке көңіл бөлу керек, яғни индивид деп қарау керек. Өйткені, әр баланың зейіні мен білім деңгейі әртүрлі. Сол үшін деңгейлеп оқыту керек. Сонымен қоса сабақты жаңа әдістермен оқыту керек. Мысалы, бұрынғылар сияқты ке-ле салып үй тапсырмасын сұрап, одан соң жаттығулар жаздыртып өткенше, үй тапсырмасын ойын немесе жарыс түрінде сұраса балаларға әлдеқайда қыз-ық болады. Бұл әдіс оқушыларға ұнайды. Сабаққа барлық балаларды тарту керек. Бұрын бізде жақсы оқитын оқушылардан ғана сабақ сұрап, қалған-дарына бәрібір білмейсіндер деп сұрамайтын ды. Олардан сұрағанмен бәрі-бір білмейді, оданша жақсы оқитын оқушылардан сұрай берейік дейтін. Ал ол балалар да отыра береді “сен тимесең мен тимеймін” деп.

Тағы бір әдіс - сабақты пікір талас ретінде өткізу. Әр оқушының пікір-ін тыңдау. Бұдан да басқа әдістерді қолдану үшін ұстаздар әрдайым ізденісте болу керек. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынта-сын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жа-сайды. Мұғалім - мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ беруін-дегі бір ерекшелігі - ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қол-дана отырып, іскелік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады.

Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың ты-ғырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, болжау, Автор орындығы, топтастыру, т. б, страте-гияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Бастауыш сынып оқушыларының таным-дық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағды-ларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығар-машылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. «Дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды [2, 7б. ] .

Бүгінгі күні оқушыларға білім берудің мақсаты тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін жағдай жасау; әрбір баланың бойында адамгершілік, мей-ірімділік, азаматтық, еңбекке деген шығармашылық қатынас және барлық әлемге ұқыпты қарау, жетістікке ұмтылу, өз халқының мәдениетін қорғау сияқты жетекші құндылықтарды тәрбиелеу болып табылады.

Зейінді психологиялық феномен ретінде ХІХ ғ. аяғында ХХ ғ. басында бір топ зерттеушілер қарастырды. В. В. Петухов, Л. М. Веккер, Т. Рибо, Н. Н. Ланге, А. А. Ухтомский, С. Л. Рубинштейн, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев т. б. өз еңбектерінде зейінге әр түрлі сипаттамалар берді. Дәстүр бойынша, зейін дәл сол сәтте қандай бір объектіге, бейнеге, оқиғаға адам санасының бағытталуы және шоғырлануы ретінде сипатталады.

Қазіргі кезде бүл мәселемен Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р. М. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева, В. П. Карибжанова, Г. К. Шолпанқұлова, К. Т. Әтешова, ал бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі мәселесі-мен Т. Жүндібаева, К. Тілеубергенова, С. Нашарипова сынды озық тәжірибе-лі педагогтар айналысуда.

Бүгінгі мектеп - бұл тәрбиелеу мен оқыту маңызды құрамдас элемент-тері болып саналатын күрделі жүйе.

Балалармен жұмыс жасау барысында біз оқу-тәрбие процесінің бірлігіне сүйенеміз.

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың қазақстандық тәжірибесі көрсеткендей, мектептер өздерінің тәрбие жұмысында сабақтан тыс қызметке ерекше көңіл бөледі.

Сабақтан тыс жұмыс - бұл тәрбиелеуші ұйымдардың тіршілік әрекетін сыныптық-топтық ұйымдастырудан бөлек жүзеге асыратын әлеуметтік тәрбиені ұйымдастыру формасы.

Сабақтан тыс қызмет оқушылардың сабақ барысындағы әрекеті сияқты негізгі білім беру бағдарламаларын игеру нәтижесіне қол жеткізуге бағыт-талған. Алайда, бірінші кезекте - бұл тұлғалық нәтижелерге қол жеткізу. Бұл сабақтан тыс қызметтің ерекшелігін анықтап беру барысында оқушылардың өзін-өзі дамыту дайындығы мен қабілетін, оқу мен таным уәждемелерін, оқушылардың құндылық бағдарларын, әлеуметтік біліктіліктерін қалып-тастырады. Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын-ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі. Сондықтан педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, диссертациялық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “ Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары” деп атадық.

Зерттеу мақсаты. Оқушы бойындағы зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту. Баланың зейін қасиеттерін жетілдіру арқылы сабаққа деген қызығу-шылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Зерттеу нысанасы. Жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру процесі.

Зерттеу жұмысының пәні. Оқушыларға зейіннің маңыздылығын және олардың зейінін оқу материалдарына аудартып, олардың неғұрлым жақсы түсініп, сабақта зейінін сала отырып жұмыс істеуіне үйрету.

Зерттеудің ғылыми болжамы : Мұғалім тарапынан болатын зейін-нің дамуын ұйымдастыру жүйесі зейіннің негізгі қасиеттердің дамуына және тұлға мен топтардың құрылымдарының компоненттеріне зор әсерін тигізіп, оқушылардың мектепке бейімделуге қабілеттендіреді.

Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:

  • Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәрбиелеудің жолдарын көрсету;
  • балалардың жан-жақты дамып, алған білімдерін іске қолдана білуге үйрету;
  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;
  • мұғалімнің материалды жүйелі етіп түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа матер-иалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі болып В. В. Петухов, Л. М. Веккер, Т. Рибо, Н. Н. Ланге, А. А. Ухтомский, С. Л. Рубинштейн, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев т. б. және Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р. М. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева, В. П. Карибжанова, Г. К. Шолпанқұлова, К. Т. Әтешова т. б., құнды еңбектері табылады.

Зерттеу әдістері : зерттеу тақырыбы бойынша сұрақ-жауап, бақылау, байқау, әңгімелесу әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі - Баланың кабілетін, зейінін, қызығу-шылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру. Сабақты дидактикалық материалдарды техни-калық құралдарды мейлінше молынан пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдалану.

Зерттеу практикалық маңыздылығы - Біздің жұмысымыздан алын-ған нәтижелер мен жасалынған қорытындылар арқылы баланың кабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру. Сабақты дидактикалық материал-дарды техникалық құралдарды мейлінше молынан пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдалану.

Зeрттey ғылыми маңыздылығы: Педагог әрбір баланың зейінінің дара ерекшеліктерін білуі керек. Әрбір баланың немесе бүкіл топ кемшілік-терін жою туралы белгілі міндеттер қоюға болады. Зейіннің кемшіліктерін тудырған себептерді білу қажет және тек қана сол уақытта кемшіліктерді жойып, зейінді тәрбиелеуге болады. Педагог әр уақытта да зейінді болуы қажет және өз үлгісінде балаларды үйрету керек. Педагогтің зейінді тәрбие-леу туралы бір жүйелі жұмысы әр уақытта да жағымды нәтиже береді; бала-лармен кез-келген жұмысы зейін салып орындау әдетін дамытады.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 80 бет.

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу үлгермеушілігін

болдырмаудың педагогикалық негіздері.

1. 1. Оқушылардың оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары

мен себептері

ҚР «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технология-ларын тандауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім беру мекемелері мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын таңдап алуға мүмкіндік береді. Білім беру саласындағы әрбір мұғалімнің алдында қабілеті әр түрлі деңгей-дегі бала отырады. Олардың арасында үлгерімі төмен, қабілеттілігі жоғары да оқушылар анықталады. Олармен жұмыс жүргізуде қандай жолдарды таңдау тиімді болар еді деген сауал әрбір мұғалімді толғандырары сөзсіз

Білім жүйесіндегі басым міндеттердің бірі - тұлғаның шығармашылық және рухани қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салты құндылықтарының берік негіздерін қалыптастыру, сондай-ақ, жеке даралықты жетілдіруге жағ-дайлар жасау жолымен сана-сезімді байыту болып табылады [3, 29б. ] .

Қазіргі жағдайда рухани жағынан жан-жақты дамыған тұлғаны қалып-тастыру жолында жалпы орта білім беретін мектептердегі білім алушылар-дың үлгерімі нашарлығы мәселесін шешу қажет.

Білім жүйесіндегі оңды жетістіктер мен реформаларға, оқу-тәрбие ісіне заманауи білім беру технологияларының (активті және интерактивті әдістер) енгізілгеніне, мұғалім мен оқушының арасында «субъект-субъектілі» прин-ципі бойынша қарым-қатынастардың қалыптасқанына қарамастан жоғарыда көтерілген мәселенің білім ұяларында әлі шешіле қоймаған күрделі мәселе екенін естен шығармағанымыз жөн.

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлге-рімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес.

Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы мектеп табалдырығын ат-тауда әлі де болса, жаңа білімдерді қабылдауға зейін қою, естеріне сақтау және ойлау процестері баяу өтеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушылары-ның оқу үлгеріміндегі танымдық мотивациялық қызығушылықтарын арт-тыру, олардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету - бүгінгі таңда мектеп-тегі басты мәселенің бірі болып табылады.

Мектептегі үлгермеушіліктің негізі - бір ғана себеп емес, көбінесе бір-неше себептердің жинақталған әсері болып табылады. Солардың ішінен негізгілері ретінде: оқыту әдістерінің жетілдірілмеуі, оқушылардың таным-дық іс-әрекетін дамытудағы кемшіліктер, әсіресе ойлау қабілетінің қалыптас-пауы, оқушы мен оқытушы арасындағы жағымды қатынастың болмауы, басқалармен салыстырғанда жақсы оқушы болудың қорқынышы, және т. б.

Үлгермеушіліктің мәнін толық түсіну үшін үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктерін анықтап, қарастыруымыз қажет.

Ғалымдар үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізуді зерттеп, өз тұжырымдарын айқындап көрсеткен. Солардың бірі, психолог ғалым А. М. Гельмонт үлгермеушілікті 3 түрге және категорияларға бөліп көрсеткен:

1. Жалпы және тұрақты үлгермеушілік - ұзақ уақыт бойы барлық немесе көп-теген пәннен үлгермеу.

2. Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік - бұл бір немесе екі үш қиын пәндерден үлгермеу.

3. Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік - бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейін туралы түсінік, оның түрлері
Зейіннің негізгі қасиеттері
Баланың үлгерімін жақсартуда мұғалім мен ата-ананың іс-әрекеті
Оқушылардың зейінінің тәрбиелеудің теориялық және психикалық негіздері
Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары
Зейін туралы жалпы түсінік
Оқушыларды зейінділікке баулудағы ұстаз әрекеті және зейіннің бала өмірінде алатын орны
Үлгермеуші балалардың педагогикалық - психологиялық аспектілері
Зейіннің психологиялық және физиологиялық мазмұны
Бастауыш мектеп оқушыларының зейінін тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz