Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды деп, Елбасы Н. Назарбаевтың Рухани жаңғыру бағдарламасы мақаласында атап көрсетілді [1] .
Әр азаматтың кәсіби қызметінде экологиялық зардаптардың салдарынан табиғи құндылықтарымызды жойып алмау мақсатында тәрбиелі, жан-жақты біліммен қаруланған, өз ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрін, кәсіби ойлау көзқарасы дамыған маман тәрбиелеу маңыздылығына жеке тоқталады.
Жоғарыда айтылғандарға бейнелеу өнері мамандарының экодизайн технологиялары арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру үдерісі толықтай жауап береді. Себебі, экодизайн технологиялары қазақ халқының ерте заманнан сәндік қолөнер бұйымдарын жасаудың түрлері мен жолдарынан, бұйымдар дайындаудағы шебер орындалған кестелеу, өру, өрнектеу, басылған, тоқылған сияқты өңдеу тәсілдері, бұйымдар материалдарының күміс, тері, ағаш, мақта, жүн, зығыр, қыш, сазбалшық және т. б., қоршаған ортамен байланысты болғанынан хабар береді. Сәндік қолөнер бұйымдарын таза, табиғи материалдармен жасаудағы композиция, конструкция, технологиялық бірізділігін орындау әдістері жоғары шеберлікті қажет етеді. Ал, оны экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарына үйрету дәстүрлі қолөнерге, оның дәстүрлі технологияларын меңгеруге, табиғи материалдарды пайдалану мүмкіндіктерін түсінуге, кәсіби білімге, кәсібіне, шеберлікке, кәсіби әрекеттерінің дамуына ықпал етеді. Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігінің қалыптасуының маңызын кеңейтеді.
Көптеген зерттеулерде педагогтар мен психологтар, өнертанушылар мен философтар, әлеуметттанушылар мен экологтар еңбектерінде аталған мәселелер жан-жақты қарастырылып келеді.
Авторлар, болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығы мен теориялық-әдіснамалық негіздерін және олардың ерекшеліктері мен функцияларын көрсеткен педагог-ғалымдар: С. И. Архангельский [2], Ю. К. Бабанский [3], политехникалық білім беру үдерісіндегі кәсіби қызығушылықты қалыптастыру мәселесін П. Р. Атутов [4], С. Я. Батышев [5], Ю. К. Васильев [6] және т. б.
Бірқатар отандық ғалымдар да өз еңбектерінде болашақ маманның кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселелеріне арнаған. Педагог-мамандардың кәсіби даярлығын білім беру мен оқыту мәселелерін Ә. И. Ысқақ [7], Ұ. Ж. Қонақбаева [8], студенттердің технологиялық шеберлікке бағыттылығын Е. А. Байбатшаева [9], педагогикалық кәсіби бағыттылығын И. А. Балабаева [10], оқушылардың кәсіби құндылық бағдарын қалыптастыруын Ү. З. Адильшинова [11], сынды ғалымдар зерттеген. Л. Х. Мәжитова [12] инженерлік-техникалық білім беруде кәсіби қызығушылықты қалыптастыруды терең зерттеген. Айтылғанерттеулер негізінде Ресей елініңде, кәсіби шеберлікке толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргізген психолог және педаго-ғалымдар: Э. К. Карпенко [13], В. В. Пучков [14], Г. Ф. Привалова [15], А. К. Кульбекова [16], О. И. Радомская [17], Е. В. Дорофеева [18], Л. З. Жемухова [19], И. В. Романец [20], Е. Г. Вотинова [21], Т. С. Рожок [22] .
Бейнелеу өнері және сызу, сәндік қолөнері пәндерінің негізінде эстетикалық тәрбие беру мен эстетикалық қызығушылығы мәселелерін: Б. А. Әлмұхамбетов [23], Т. К. Мусалимов [24], Қ. О. Жеделов [25], Ә. Қамақ [26], Ж. Балкенов [27], Қ. Болатбаев [28], Ф. Н. Жұмабекова [29], А. Қ. Ералин [30] зерттесе; сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылар мен студенттерге тәрбие беру мәселелерін зерттеген педагогтар Ұ. М. Әбдіғапбарова [31], А. А. Сағымбаев [32], Ш. З. Айдарова [33], П. А. Абашев [34], Р. Х. Қанапьянова [35], К. І. Құдабаева [36], Ж. Б. Мунашова [37], Б. А. Айдарбек [38], Ө. Займоғлу [39] және т. б.
Өнер мамандарын кәсіби даярлауда диверсификациялау мәселесін көтерген Т. Ә. Қышқашбаев [40], болашақ өнертану мамандарының кәсіби даярлау жүйесін зерттеген педагог-ғалым Г. А. Мұратбаева [41] .
Біз зерттеу жұмысымызда экодизайн бағытына арналған алыс және жақын шетел мен отандық ғалымдар еңбектеріне де тоқталдық.
Олар, экологиялық дизайнның көркем жобалау үдерісін зерттеу тәжірибесіне үлкен мән берген А. В. Уваров [42], заманауи экодизайн костюмдерінде Якут елінің ұлттық киімдеріндегі дәстүрлі элементтерін қолдану тәжірибесімен бөліскен З. М. Забалоцкая [43], экологиялық мәдениет пен құзырлылық тұстарын зерттеген А. О. Глазачева [44], Е. Н. Голованова [45] .
Сонымен қатар, отандық ғалымдар зерттеулері болашақ маманның экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды қолдану Ж. С. Сихынбаева [46], мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға Н. С. Сайлауова [47], оқу жобалық іс-әрекет процесінде болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін Э. Ө. Сағындықова [48], К. Ш. Бакирова [49] қарастырған.
Бейнелеу өнері және сызу, графика, сәндік қолөнер пәндерін оқытудың әдістемесі бойынша І. С Сманов [50], Қ. Ералин [51], М. Ж. Тәңірбергенов [52], Д. А. Кемешов [53], С. К. Бейсенбеков [54], С. Е. Асылханов [55], Б. Е. Оспанов [56], Ж. Н. Шайгозова [57], Т. М. Қожағұлов [58], Е. Т. Кісімісов [59] және т. б.
Сондай-ақ, болашақ технология пәні мұғалімдерін (көркем еңбек) даярлаудың оқу-тәрбие үдерісі мәселелерін қарастырған: К. Ә. Дүйсенбаев [60], М. Ж. Қозыбақов [61], К. Өстеміров [62], С. А. Жолдасбекова [63], Д. Үркінбаева [64], Б. Ж. Жиентаева [65], Н. Б. Рахметова [66], Р. А. Дәрменова [67], А. Д. Райымқұлова [68], Г. Қ. Шырынбаева [69], А. С. Сманова [70] және т. б. болашақ маманның кәсіби біліктілігін қалыптастыруда мүсін және қыш материалдарынан бұйымдарын пайдалану мәселесіне арнаған Б. А. Мұхаметжанов [71] .
Қазақстан сәндік қолөнерінің дамуы мен оның түрлеріне, өнертанымдық көзқарастарын С. А. Шкляева [72], С. М. Қырықбаева [73] білдірсе, өнертанушы М. Э. Султанова [74], қазақ бейнелеу өнерінің теориясын таза өнер контексінде зерттеген.
Сонымен аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау күні бүгінге дейін экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыру проблемасының ғылыми-теориялық тұрғыда жеткілікті негізделмегенін дәлелдейді. Демек, болашақ бейнелеу өнері мамандарының экодизайн технологиялары арқылы кәсіби шеберлігі қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыру мүмкіндіктерінің жоғарылығы мен оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешенінің жоқтығы мен экодизайн технологияларының ерекшеліктерінің жеткілікті қамтамасыз етілмеуі арасында; болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда қарама -қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыру» , - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты : экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны - жоғары оқу орнында болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыру.
Зерттеудің пәні - экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, болашақ бейнелеу өнері мамандарының экодизайн технологиялары арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастырудың теориялық негіздері анықталса, экодизайн технологиялары арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру ерекшеліктері айқындалса, болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін қалыптастырудың моделі және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие үдерісіне ендірілсе, онда экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың оқу-тәрбие үдерісінде кәсіби білімі, кәсіби әрекеті, дағдысы, шеберлігі артады.
Мұндай оқу-тәрбие үдерісі экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда негіз болады.
Зерттеудің міндеттері:
- экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктерін негіздеу;
- экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың моделін жасау, өлшемдерін, көрсеткіш деңгейлерін айқындау;
- экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың әдістемесін жасау және тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Жетекші идея. Болашақ бейнелеу өнері мамандарын даярлаудың оқу-тәрбие үдерісінде дәстүрлі қолданбалы өнердің (киіз басу) кешенді жұмыс бірізділігін меңгерту арқылы кәсіби білімі, кәсіби әрекеті, дағдылары, шеберлігі артады. Сондай-ақ, болашақ бейнелеу өнері мамандарына, сәнді бұйымдарды экодизайн технологиялары арқылы жасау кәсіби шеберлігінің қалыптасуына ықпал етеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып өнертанушылық, философиялық, экологиялық, тарихи, әлеуметтанушылық, этнографиялық, педагогикалық, психологиялық, этнопедагогикалық ғылым салалары бойынша теориялық талдаулар; дәстүрлі өнер, заманауи өнердегі экодизайн технологиялары; болашақ маманды дамытудағы кәсіби білім, кәсіби әрекет, шеберлік теориялары; біртұтас педагогикалық үдеріс; жүннен бұйымдар дайындаудың теориялық және практикалық негіздері.
Зерттеудің көздері. Рухани жаңғыру бағдарламасы, Қазақстан - 2030” Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттары (Заңдары, қаулы-қарарлары), Білім және ғылым министрлігінің ұлттық мәдени мұраны оқу-тәрбие процесіне ендіруге байланысты тұжырымдамалары мен бағдарламалары, оқу құжаттары, ғалымдардың (тарихшылар, этнографтар, философтар, өнертанушылар, психологтар, педагогтар) еңбектері, ұлттық мәдени мұралар, педагогика ғылымының озық тәжірибелері мен жетістіктері, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі саналады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық, технологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орнының оқу құжаттарына (мемлекеттік стандарт, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар), педагогтардың озық тәжірибелеріне талдау; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудiң теориялық маңызымен ғылыми жаңалығы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz