ДСҰ мен Қазақстанның болашақтағы потенциалы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: ДСҰ кіру Қазақстан үшін қандай мүмкіншіліктер мен игіліктірге әкеледі?

Мазмұны

Кіріспе 2

Негізгі бөлім4

А) Зерттеу сұрақтары4

B) Зерттеу әдісі 5

С) Зерттеу қортындысы10

D) Бағалау11

Қорытынды бөлім17

Пайдаланылған ресурстар тізімі:18

Кіріспе

Қазақстан барған сайын жаһандану үрдісіне көптеп қатысуда - біз демократиялық қоғам құруды, либералды экономикалық жүйесін қалыптастыруды көздейміз және әлемнің көптеген елдерімен кең қарым-қатынас орнатуға ұмтылудамыз. Бір қаржыгер айтқандай халықаралық сауда - өте орынды сауда, одан көп пайда түседі. Ол әлемдік экономикаға серпін береді және жаһанданудың барлық аспектілерін тартады. Осылайша, соңғы жарты ғасырдың өзінде әлемдік сауда көлемі 17 есеге өсті. Сауда дамыған және дамушы елдердегі экономикалық өсудің маңызды факторына айналды. Бұл құбылыстардың бәрі әлемдік сауданың экономикаға әсер етуінің арқасында орын алып жатыр. Жалпы соңғы онжылдықта әлемдік сауда жылдық өсу қарқыны 6, 5% -ды құрады, ал ЖІӨ тек 2, 0% -ға өсті.

Менің бұл тақырыпқа тоқталуыма бірнеше себептер әсер етті. Біріншіден, мені қызықтырған аталмыш ұйымның әлем елдеріне арнап туғызған қолайлы жағдайы және оған мүше елдердің қатарына енуге деген Қазақстанның ұмтылысы. Еліміз осы ұйымнан көптеген пайда табатындықтан оған кіруге бар күшін салды. Демек, осы ақпарат жайлы әрбір Қазақстанның азаматы білуі тиіс және ізденуі қажет деп ойладым. Сонымен қатар, еліміздің алып жатқан жері де осы тақырыптың таңдалуына әсер етті. Себебі, Еуропа мен Азия арасында жүргізілетін сауданың бәрі бізге де қатысты болады, ал ол өз кезегіңде біздің сыртқы саясатымызға ықпал етеді.

Қазақстан 2015 жылдың қараша айының соңынан бері Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ресми мүшесі болып табылады. Осы нәтижеге жету үшін елде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Бизнестің рәсімдерін жеңілдету және жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының 50-ден астам заңнамалық актілері, оның ішінде техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар енгізілді.

Таңдалынған тақырып өзінің қазіргі таңда алып жатқан орнымен және өзектілігімен өзгешеленеді. Сарапшылардың айтуына сүйенсек, елдің ДСҰ-ға мүшелік етуі қарқынды экономикалық өсумен қатар, жаңа шетелдік толқынды өзімен әкелді. ДСҰ-ға кіру, Қазақстанның өзінің 2050 жаңа стратегиясын іске асыра алады деген тұжырымдаманы белгілейді, өйткені оның негізгі мақсаттарының бірі әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру. Бұл уақытта «Жібек Жолын» Еуропа мен Азияның ортасынан өтетін ең ірі және заманауи жолдардың құрылысы басталған еді, олар арқылы еліміз басты сауда орталығы болып есептеледі. Демек елдің даму үрдісі мен сауда-саттықта орын алып жатқан әрбір өзгеріс халықты алаңдатуы қажет. Сол себепті, жасалған зерттеу жұмысы өзекті тақырыпқа арналған.

Менің зерттеу жұмысым мына жоспарда негізделген:

  • Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені халыққа қалай әсер ететіні туралы сауалнама арқылы жауап беру;
  • Еліміздің ДСҰ-ға кіруі экономикаға қандай пайда әкелгені жайлы ақпарат табу;
  • Аталмыш ұйымның өзектілігі мен алатын орны жайлы мәліметтерді Қазақстан елінің тұрғындарының арасында таралуы жайлы ақпарат жинау;
  • ДСҰ мен Қазақстанның болашақтағы потенциалы.

Негізгі бөлім

А) Зерттеу сұрақтары

Қазақстан жаһандану үдерісіне жақындаған сайын бірқалыпты дамып келеді - біз ашық демократиялық қоғам құрып, либералдық экономикалық жүйені қалыптастырып, әлемдегі көптеген елдермен тығыз байланыстар орнатудамыз. Сауда дүниежүзілік экономикаға серпін беретін, өмірге әкелетін және жаһанданудың барлық басқа аспектілерін өз еркіне салады. Осылайша, соңғы жарты ғасырда өнеркәсіптік өнімдердегі әлемдік сауданың көлемі 17 есе өсті, әлемдік өндірістің көлемі 6 есеге өскен. Сауда дамыған және дамушы елдердің экономикалық өсуінің маңызды факторы болып есептеледі, және бұл экономиканың дамуына әсер етеді. Соңғы онжылдықта әлемдік сауданың жылдық өсу қарқыны 6, 5% жетті, ал жалпы ЖІӨ-нің өсімі 2, 0% ғана.

Ұйымға қосылу туралы келіссөздер 19 жыл бойы жалғасты, ұйымға қосылмас бұрынғы соңғы 12 жылда қарқынды келіссөздер жүргізілді. Соңғы 10 жылда заңдар мен халықаралық келісімдерге жүйелі өзгерістер енгізілді. 2010 жылдан бастап Қазақстан Кедендік одақтың мүшесі болып табылады, 2015 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болғаннан бастап еліміздің сыртқы саудасының да ережелері ұйымның шарттарына қарай өзгерді. Бұл ДСҰ-ға өтудің сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушылары үшін біртіндеп және ауыр болатындығын қамтамасыз ету үшін жасалған.

Халықаралық сарапшылар ұйымға қосылуды үлкен мүмкіндік ретінде қарастырды. ДСҰ-ға кіру алдында Қазақстан Кеден одағының мүшесі болып қойған еді. ДСҰ-ға мүше елдер Кеден одағын қалыптастырады. Бізде басқа жағдай болды. Қазақстан алдымен Кеден одағына мүше болды, содан кейін ДСҰ-ға кірді. Бұл түбегейлі айырмашылық, себебі КО-ның бөлігі ретінде ел сыртқы сауда қызметіне қатысты міндеттемелер қабылдады. ДСҰ аясында мемлекет сауда қызметін реттейтін міндеттемелерді өзіне алады және екі жақ жанжалдаспайды, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне дейін соңғы үш жылда қарқынды үйлестіру және үйлестіру жұмыстары жүргізілді. Жұмысты ДСҰ хатшылығы мен ұйымның жетекші мүше елдерімен бірлесіп жүргізді.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі отандық өндірушілер үшін үлкен перспективалар ашады. Айта кету керек, бұл іс-шара ел экономикасы үшін жоғары құндылыққа ие, өйткені Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының 90% -дан астамы ДСҰ-ға мүше елдермен жүргізілетін сауда болып табылады. Бұл отандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындар үшін өте маңызды, себебі халықаралық нарықтарға шығуға ешқандай кедергі болмайды. Қазіргі таңда экспорт бойынша деңгейі жоғары елдердің барлығы ДСҰ-ға кіреді. 2017 жылғы рейтинг бойынша бірінші ондыққа кіретін елдерді төменнен оқуға болады.

Елдің атауы
Экспорт(млн $)
№: 1
Елдің атауы: Қытай
Экспорт(млн $): 2 157 000
№: 2
Елдің атауы: Германия
Экспорт(млн $): 1 576 000
№: 3
Елдің атауы: АҚШ
Экспорт(млн $): 1 401 000
№: 4
Елдің атауы: Жапония
Экспорт(млн $): 683 300
№: 5
Елдің атауы: Оңтүстік Корея
Экспорт(млн $): 552 000
№: 6
Елдің атауы: Франция
Экспорт(млн $): 541 400
№: 7
Елдің атауы: Гонконг
Экспорт(млн $): 540 000
№: 8
Елдің атауы: Нидерланды
Экспорт(млн $): 526 100
№: 9
Елдің атауы: Италия
Экспорт(млн $): 499 100
№: 10
Елдің атауы: Ұлыбритания
Экспорт(млн $): 436 100

ДСҰ-ға мүше болу еліміздің экспортын дамуына мүмкіндік береді, себебі ол қазақстандық тауарларға қатысты кемсітушілік қатынастарды жойып, сыртқы нарыққа еркін түрде шығуға жол ашады. Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы арқылы сыртқы қаржы институттары мен құнды қағаздар нарығын дамытуда ішкі нарыққа қол жеткізуді жеңілдетті, ел имиджін көтеруге ықпал етеді, заңнамалық базаны жалпы жетілдіреді деген сияқты факторлар еліміздің экономикасына шетел инвестицияларының ағынын құрады. Инвестициялық ағындар өнеркәсіптік өндірістің, экспорттың өсуіне, жаңа технологияларды тарту және жұмыс орындарын өсу мен жаңғыртуға үлес, және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруда, өндірістің және экономикалық өсудің жаңартуда қуатты көзі ретінде қызмет ететін болады, яғни отандық өндірістің дамуына әкеледі.

В) Зерттеу әдісі

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғанынан қандай мүмкіншіліктірге ие болатының білу үшін зерттеу әдісітерін қолдану арқылы курстық жұмыс жазылады. Зерттеу әдістері арқылы жобада қаралатын проблеманы тек шешімдерін ғана ұсынудан бөлек дәлелденген мәліметтер мен фактілер беріледі. Курстық жұмысты жазу барысында үш түрлі зерттеу әдісі қолданылды. Олардың қатарына саулнама, сұхбаттасу және ғаламтормен жұмыс жатады.

Еліміз зайырлы бағытты ұстанғандықтан және демократиялық саясатты қолдағандықтан, сауалнама басты зерттеу әдісі болып саналады. Қазақстан ДСҰ-ға мүше болып кіргені жайлы халық біле ме, ұйымның қандай мақсатпен құрылғаны жайлы және одан елімізге келіп-кетер пайдасын біле ме деген мәселелік сұрақтарға жауап іздеуде халықтың көмегі зор болмақ. Егер, пайда шынымен де бар болса, қарапайым адамдар ол туралы барлық жерден естиді. Сондықтан, бірінші мезетте сауалнама құрылды және әр-түрлі жас кезеңдердегі 100 адамнан басты тақырыпқа қатысты 8 сұраққа жауап алынды. Жоба үшін арнайы 100 адамға сұрақтар қойылды, себебі жүз санын жүз пайыз ретінде алуға болады, одан бөлек диаграммаларды жазуда және оған қорытынды жасауда 100 деген сан ыңғайлы болып табылады. Бірінші үш сұрақ жауап беруші жайлы қысқаша ақпарат алу мақсатында қойылған, яғни оның жасы, жынысы және қоғамда алатын орны жайлы сұрақтар қойылады. Аталмыш жауаптарды қорытынды жасауда аргумент ретінде қолдануға болады, ал қалған 5 сұрақ тақырыптың өзектілігің анықтауға көмектеседі. Қойылған сұрақтардың жауаптарын төмендегі диаграммалардан көруге болады.

Сауалнамаға қатысқан адамдардың басым бөлігі ДСҰ жайлы нақты және басты ақпаратты біледі. Оның Қазақстанға қалай әсер еткенің және болашақта қандай маңызы бар екені жайлы түсіндіре алады. Аталған ұйымға кіру арқылы біздің еліміздің экономикасы дамитыны жайлы және оның ықпалы арқылы болашақта үздік 30 елдің санына кіре алу ықтималдылығының жоғары екеніне де сенімді. Демек, зерттеу жұмысының басында қойылған мақсаттардың бірі жетілді. Қазақстан елінің тұрғындары аталмыш ұйым мен Қазақстанның арасындағы серіктестік жайлы біледі.

Ғаламтордан ақпарат іздеу де маңызды әдістердің бірі болып табылады, өйткені әрбір адамның ғаламторға шығатын мүмкіндігі бар. Одан бөлек, Қазақстан ДСҰ-ға мүшелік етуді қаншама жылдар бойы күткеннен кейін бұл жаңалық көп БАҚ қызметкерлері мен экономика мамандарына жақсы тақырып болды және ғаламтордың журналисттік және ресми парақшаларда ол туралы жарыса жазылды. Қазіргі таңда аталмыш тақырып жайлы мәлімет жинау аса қатты қиындық тудырмады, бірақ барлық парақшаларда асыра сілтеп, мақтап жазғаның байқауға болады. Мен ақпаратты тек тексерілген, ресми мемлекеттік парақшалардан ғана алдым, себебі ол жақта жанамалы әңгімелерді жазбайды, тек дәлелдерде тұрғызылған жазбалар.

Үшінші зерттеу әдісі ретінде арнайы маманмен сұхбаттасу жүргізілді. (Маманның аты-жөні) . Төменде сұхбаттасудың үзіндісін оқуға болады.

  • ДСҰ-ға Қазақстанның кіргелі бері 3 жыл өтті. Ғаламторға кірсек те, басқа да ақпарат көздеріне сүйенсек тек мүшеліктің жақсы жақтары оқи аламыз. Сонымен, ұйымға кіргеннен тек ғана пайда түсе бере ме, әлде қауіп-қатер де бар ма?
  • Бүгінгі күні біздің еліміз негізінен неғұрлым табысы көп, экономикасы дамыған елдерге шикізатты терең өңдеу өнеркәсібінің өнімдеріне сатады немесе жоғары қосылған құнына айырбастайды. Сонымен қатар, салалар мен өндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі төмен. Еліміздің экспортының тауарлық ассортиментін ескере отырып, Қазақстан ДСҰ-ға кіргенінен экономикалық артықшылықтарына қарағанда кемшіліктерді табу оңай болады. Бұл ұйымнан пайда табу үшін, шикізат саласынан экономикалық жағынан пайдасы көбірек саланы дамытуға көшу керек. Себебі, қазіргі уақытта көп дамыған елдер теххнология, киім, тағам шығару арқылы пайда тауып жатыр және одан шынымен де жақсы кіріс кіреді, ал біздің жағдай да бір күні таусылатын қара алтынды және басқа да пайдалы қазбаларды арзан бағада сату тиімсіз болып табылады. АҚШ, Ресей секілді дамыған мемлекеттердің мысалына қарасақ та, олар қазір шикізатты болашаққа қалдырып, экономиканың басқа секторларын дамыту арқылы мемлекетті бірқалыпты етіп ұстауда.

С) Зерттеу қорытындысы

Зерттеу әдістерін қорытындылау мақсатында және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргенінен түсетін пайда мен беретін мүмкіндіктер жайлы онлайн-сауалнама жасалып, маманмен сұхбаттасу жүргізіліп және ғаламтордан ақпарат жиналды. Зерттеу әдістерінің бәрі ортақ бір шешімге әкелді.

Сауалнамада қатысқан жауап берушілердің басым бөлігі жастар болды, ал зейнетке шыққан адамдар тым аз болса, орта жастағы адамдар орта нәтижені иемденді. Көбінесе ер адам қатысты, ал әлеуметтік жағдайға қарағанда орта дәулетті адамдар көп болды, кейін ауқатты адамдар және аз ғана кедей адамдар сауалнамаға жауап берді. Бұл сандар келесі сұрақтардың жауаптарына әсер етеді. Мысалы, жауап берушілердің жартысы Қазақстанның ДСҰ-ға қай жылдан бері мүшелік етіп келе жатқанын білмейді.

Қарапайым халықтың ойынша болашақта ұйымның маңызы зор болады және оның көмегі арқылы Қазақстан жақын уақытта дамыған 30 елдің қатарына кіреді. Одан бөлек, көптеген жауап берушілердің ойынша, аталған ұйым Қазақстанға көптеген пайда әкелді. Еліміздің экономикасы жаңа деңгейге көтерілді, импорт және экспортпен көптеген проблемалар шешіліп, ережелер жеңілдеді.

Сұхбаттасу мен ғаламтордан тапқан ақпарат бойынша мынадай қорытынды жасадым. Интеграция, ДСҰ, жаһандану секілді ұғымдарды екі жақтан қарап, талдауға болады. Бір жағынан, экономика мен нарықты дамыту перспективасы, оның өзіндік жаңалығы, негізгі қажеттілігі мен тартымдылығы бар. ДСҰ енді еркін саудамен шектелмейді, сондықтан тауар бағасы оның құны, яғни өнім бағасына негізделетін фактіге бақыланады.

Қазіргі уақытта Қазақстан үшін экономикалық жақтан өсудің өзектілігі мәселе болып табылады, себебі республика өз азаматтарының экономикалық әл-ауқатын арттырыру және шикізатты өндіру мен экспорттау көлемін ұлғайту басты мақсаттардың біріне айналуда. Сонымен бірге, мұндай модель республиканың экономикасын дамыған ретінде жіктеуге мүмкіндік бермейді және экономикалық өсу бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне негізделген тұрақты деп атала алмайды. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің экономикалық артықшылықтарын және оларды пайдалану мүмкіндігін талдайық. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің негізгі оң аспектілері келесідей болады.

Біріншіден, Қазақстан әлемдік экономикаға және оның дамуына жәрдемдесетін әлемдік құрылымдарға біріктірілген ашық нарықтық экономикасы бар ел ретінде танылатынына қарамастан, ол ұйымға мүше барлық елдермен қарым-қатынаста автоматты түрде ең қолайлы ұлттық режимді алады.

Екіншіден, республиканың мұнайға, мұнай өнімдеріне, табиғи газға, электр энергиясына және көмірге үлкен қатысуы салдарынан әлемдік экспорттауға ДСҰ мүшелері арасында сауда-саттықты кемсітпейтін негізде жүргізу үшін елеулі шарты болады. ДСҰ-ға кіру Қазақстанға экспорттық лицензиялау, стандарттар, демпингке қарсы және өтемақы баждарын қолдану саласында бірқатар артықшылықтар береді және тұтастай алғанда мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің өсуіне ықпал етеді.

Үшіншіден, ассортимент нарығында неғұрлым тиімді бәсекелестікке байланысты тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасы нығая түсетіндіктен, олардың бағасын төмендету тарапынан қазақстандық тұтынушылар ұтады. Бағалардың төмендеуі дайын импорттық тауарлар мен қызметтерге ғана емес, сондай-ақ өндіріске импортталатын компоненттерді қолданатын отандық тауарларға да қатысты болады. Сонымен бірге дамыған елдердің стандарттарына жақындатылатын тұтыну көлемі мен құрылымында тиісті өзгерістер болады. Тиімді сұраныстың өсуі өндірістің өсуіне оң әсерін тигізеді, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту туралы куәландырады.

Саудадағы одан әрі ырықтандыру, жаһандық конъюнктураның Қазақстан экономикасына ықпалын біртіндеп нығайтады және жаһандық экономикалық тұрақсыздық кезеңдерінде экономикалық тәуекелдердің артуына алып келеді. Осы сынды тәуекелдер әлемдік нарықтың оңтайлы даму кезеңінде жағымды әсерімен өтелуі мүмкін - жаһандық үдерістерге ырықтандыру және енгізу автоматты түрде дамымаған дамыған елдердің құрылымдық кемшіліктерін түзетуге әкелмейді. Әлемдік нарықтың теріс ықпалы кейде нарыққа қол жеткізуді ырықтандырудың артықшылықтарын елеулі түрде төмендетуі мүмкін.

ДСҰ-ға кіру кезінде оның әсері күшейтетін ең маңызды теріс факторлардың бірі жеке отандық өндірушілер қатаң халықаралық бәсекелестікке дайын болмауы мүмкін. Бүгінде Қазақстан бәсекеге қабілеттілік потенциалы бойынша халықаралық критерийлер бойынша төмен. Сонымен қатар, мұндай жағымсыз әсерді барлығын қамтитын деп санауға негіз жоқ. ДСҰ-ға кірудің әсері экономиканың әртүрлі салалары үшін әртүрлі болады. Алайда, отандық сарапшылардың пікірінше, бұл теріс әсер уақыт өте келе төмендейді. ДСҰ-ға кіруге үміткерлерден бүгінгі күні қызмет секторындағы міндеттемелерді қалыптастыруға деген көзқарасты қатайтуды талап етеді - бұл міндеттемелердің ауқымы мен олардың орындалуына қатысты өтпелі ережелерді қолданудағы шектеулерге қатысты. Дегенмен, көптеген қызмет көрсету салалары, негізінен, тауарларды өндіруге қатысты халықаралық бәсекелестік факторларына қарағанда әлсіз болып табылады. Жергілікті қызмет көрсетушілер жергілікті тұтынушыларды, жергілікті дәстүрлерді, заңнамалық және әкімшілік реттеуді, жақсы қарым-қатынас орнатқан, тілдік тосқауылдың жетіспеушілігін түсінуіне байланысты шетелден артықшылықтарға ие. Қызмет көрсету секторының әлі де қалыптасып келе жатқан және оларды дамытуға қолдау және қорғауды қажет ететін көптеген секторларында Қазақстан ешқандай міндеттемелерді қабылдай алмайды. Оларды либералдандыру жағдайында, оларды одан әрі дамытуды анықтамай, осы қызметтердің нарығын жоғалту қаупі бар.

D) Бағалау

Қажетті ақпаратты жинағаннан кейін қойылған мәселеге баға беру қажет, себебі бағалау арқылы тақырыптың өзектілігің анықтауға болады. Зерттеу жұмысының осы кезеңінде PEST-анализін қолдандым. PEST деген ұғымды анықтайтын болсақ, P- саяси жағынан, Е- экономикалық жағынан, S- әлеуметтік жағынан, Т- технологиялық жағынан проблемаға баға беру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
Экономикалық қауіпсіздік элементтері
Экономикалық қауіпсіздік жайлы
Қазіргі кездегі сыртқы экономикалық факторлардың ұлттық экономиканың дамуындағы ролін көрсету және Қазақстанның қазіргі кездегі интеграциялық тенденцияларын анықтау
Банктың операциялық қызметтері
Халықаралық сауда саясатының мәні мен рөлі
Қазақстан Республиксының дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Сыртқы және халықаралық сауда саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz