Дизайн технологиялары арқылы болашақ мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 111 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыр у болмайды деп, Елбасы Н.Назарбаевтың Рухани жаңғыру бағдарламасы мақаласында атап көрсетілді [1].
Әр азаматтың кәсіби қызметінде экологиялық зардаптардың салдарынан табиғи құндылықтарымызды жойып алмау мақсатында тәрбиелі, жан-жақты біліммен қаруланған, өз ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрін, кәсіби ойлау көзқарасы дамыған маман тәрбиелеу маңыздылығына жеке тоқталады.
Жоғарыда айтылғандарға бейнелеу өнері мамандарының экодизайн технологиялары арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру үдерісі толықтай жауап береді. Себебі, экодизайн технологиялары қазақ халқының ерте заманнан сәндік қолөнер бұйымдарын жасаудың түрлері мен жолдарынан, бұйымдар дайындаудағы шебер орындалған кестелеу, өру, өрнектеу, басылған, тоқылған сияқты өңдеу тәсілдері, бұйымдар материалдарының күміс, тері, ағаш, мақта, жүн, зығыр, қыш, сазбалшық және т.б., қоршаған ортамен байланысты болғанынан хабар береді. Сәндік қол өнер бұйымдарын таза, табиғи материалдармен жасаудағы композиция, конструкция, технологиялық бірізділігін орындау әдістері жоғары шеберлікті қажет етеді. Ал, оны экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарына үйрету дәстүрлі қолөнерге, оның дәстүрлі технологияларын меңгеруге, табиғи материалдарды пайдалану мүмкіндіктерін түсінуге, кәсіби білімге, кәсібіне, шеберлікке, кәсіби әрекеттерінің дамуына ықпал етеді. Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігінің қалыптасуының маңызын кеңейтеді.
Көптеген зерттеулерде педагогтар мен психологтар, өнертанушылар мен философтар, әлеуметттанушылар мен э кологтар еңбектерінде аталған мәселелер жан-жақты қарастырылып келеді.
Авторлар, болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығы мен теориялық-әдіснамалық негіздерін және олардың ерекшеліктері мен функцияларын көрсеткен педагог-ғалымдар: С.И. Архангельский [2], Ю.К. Бабанский [3], политехникалық білім беру үдерісіндегі кәсіби қызығушылықты қалыптастыру мәселесін П.Р.Атутов [4], С.Я.Батышев [5], Ю.К.Васильев [6] және т.б.
Бірқатар отандық ғалымдар да өз еңбектерінде болашақ маманның кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселелеріне арнаған. Педагог-мамандардың кәсіби даярлығын білім беру мен оқыту мәселелерін Ә.И.Ысқақ [7], Ұ.Ж.Қонақбаева [8], студенттердің технологиялық шеберлікке бағыттылығын Е.А.Байбатшаева [9], педагогикалық кәсіби бағыттылығын И.А.Балабаева [10], оқушылардың кәсіби құндылық бағдарын қалыптастыруын Ү.З.Адильшинова [11], сынды ғалымдар зерттеген. Л.Х.Мәжитова [12] инженерлік-техникалық білім беруде кәсіби қызығушылықты қалыптастыруды терең зерттеген. Айтылғанерттеулер негізінде Ресей елініңде, кәсіби шеберлікке толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргізген психолог және педаго-ғалымдар: Э.К.Карпенко [13], В.В. Пучков [14], Г.Ф. Привалова [15], А.К. Кульбекова [16], О.И.Радомская [17], Е.В.Дорофеева [18], Л.З. Жемухова [19], И.В. Романец [20], Е.Г.Вотинова [21], Т.С.Рожок [22].
Бейнелеу өнері және сызу, сәндік қолөнері пәндерінің негізінде эстетикалық тәрбие беру мен эстетикалық қызығушылығы мәселелерін: Б.А.Әлмұхамбетов [23], Т.К.Мусалимов [24], Қ.О.Жеделов [25], Ә.Қамақ [26], Ж.Балкенов [27], Қ.Болатбаев [28], Ф.Н.Жұмабекова [29], А.Қ.Ералин [30] зерттесе; сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылар мен студенттерге тәрбие беру мәселелерін зерттеген педагогт ар Ұ.М. Әбдіғапбарова [31], А.А.Сағымбаев [32], Ш.З.Айдарова [33], П.А.Абашев [34], Р.Х. Қанапьянова [35], К.І.Құдабаева [36], Ж.Б.Мунашова [37], Б.А. Айдарбек [38], Ө. Займоғлу [39] және т.б.
Өнер мамандарын кәсіби даярлауда ди версификациялау мәселесін көтерген Т.Ә. Қышқашбаев [40], болашақ өнертану мамандарының кәсіби даярлау жүйесін зерттеген педагог-ғалым Г.А. Мұратбаева [41].
Біз зерттеу жұмысымызда экодизайн бағытына арналған алыс және жақын шетел мен отандық ғалымдар еңбектеріне де тоқталдық.
Олар, экологиялық дизайнның көркем жобалау үдерісін зерттеу тәжірибесіне үлкен мән берген А.В. Уваров [42], заманауи экодизайн костюмдерінде Якут елінің ұлттық киімдеріндегі дәстүрлі элементтерін қолдану тәжірибесімен бөліскен З.М. Забалоцкая [43], экологиялық мәдениет пен құзырлылық тұстарын зерттеген А.О.Глазачева [44], Е.Н. Голованова [45].
Сонымен қатар, отандық ғалымдар зерттеулері болашақ маманның экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды қолдану Ж.С. Сихынбаева [46], мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға Н.С. Сайлауова [47], оқу жобалық іс-әрекет процесінде болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін Э.Ө. Сағындықова [48], К.Ш. Бакирова [49] қарастырған.
Бейнелеу өнері және сызу, графика, сәндік қолөнер пәндерін оқытудың әдістемесі бойынша І.С Сманов [50], Қ. Ералин [51], М.Ж.Тәңірбергенов [52], Д.А.Кемешов [53], С.К.Бейсенбеков [54], С.Е. Асылханов [55], Б.Е. Оспанов [56], Ж.Н. Шайгозова [57], Т.М. Қожағұлов [58], Е.Т. Кісімісов [59] және т.б.
Сондай-ақ, болашақ технология пәні мұғалімдерін (көркем еңбек) даярлаудың оқу-тәрбие үдерісі мәселелерін қарастырған: К.Ә.Дүйсенбаев [60], М.Ж.Қозыбақов [61], К.Өстеміров [62], С.А.Жолдасбекова [63], Д.Үркінбаева [64], Б.Ж.Жиентаева [65], Н.Б.Рахме това [66], Р.А.Дәрменова [67], А.Д.Райымқұлова [68], Г.Қ.Шырынбаева [69], А.С. Сманова [70] және т.б. болашақ маманның кәсіби біліктілігін қалыптастыруда мүсін және қыш материалдарынан бұйымдарын пайдалан у мәселесіне арнаған Б.А. Мұхаметжанов [71].
Қазақстан сәндік қолөнерінің дамуы мен оның түрлеріне, өнертанымдық көзқарастарын С.А.Шкляева [72], С.М. Қырықбаева [73] білдірсе, өнертанушы М.Э. Султанова [74], қазақ бейнелеу өнерінің теориясын таза өнер контексінде зерттеген.
Сонымен аталған ғылыми зерттеулер м ен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау күні бүгінге дейін экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыру проблемасын ың ғылыми-теориялық тұрғыда жеткілікті негізделмегенін дәлелдейді. Демек, болашақ бейнелеу өнері мамандарының экодизайн технологиялары арқылы кәсіби шеберлігі қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыру мүмкіндіктерінің жоғарылығы мен оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешенінің жоқтығы мен экодизайн технологияларының ерекшеліктерінің жеткілікті қамтамасыз етілмеуі арасында; болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда қарама -қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыру, - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: экодизайн техно логиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны - жоғары оқу орнында болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыру.
Зерттеудің пәні - экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, болашақ бейнелеу өнері мамандарының экодизайн технологиялары арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастырудың теориялық негіздері анықталса, экодизайн технологиялары арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру ерекшеліктері айқындалса, болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін қалыптастырудың моделі және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие үдерісіне ендірілсе, онда экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың оқу-тәрбие үдерісінде кәсіби білімі, кәсіби әрекеті, дағдысы, шеберлігі артады.
Мұндай оқу-тәрбие үдерісі экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда негіз болады.
Зерттеудің міндеттері:
- экодизайн технологиялары арқылы б олашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- экодизайн технологиялары арқылы б олашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктерін негіздеу;
- экодизайн технологиялары арқылы б олашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың моделін жасау, өлшемдерін, көрсеткіш деңгейлерін айқындау;
- экодизайн технологиялары арқылы б олашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың әдістемесін жасау және тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Жетекші идея. Болашақ бейнелеу өнері мамандарын даярлаудың оқу-тәрбие үдерісінде дәстүрлі қолданбалы өнердің (киіз басу) кешенді жұмыс бірізділігін меңгерту арқылы кәсіби білімі, кәсіби әрекеті, дағдылары, шеберлігі артады. Сондай-ақ, болашақ бейнелеу өнері мамандарына, сәнді бұйымдарды экодизайн технологиялары арқылы жасау кәсіби шеберлігінің қалыптасуына ықпал етеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамал ық негіздері болып өнертанушылық, философиялық, экологиялық, тарихи, әлеуметтанушылық, этнографиялық, педагогикалық, психологиялық, этнопедагогикалық ғылым салалары бойынша теориялық талдаулар; дәстүрлі өнер, заманауи өнердегі экодизайн технологиялары; болашақ маманды дамытудағы кәсіби білім, кәсіби әрекет, шеберлік теориялары; біртұтас педагогикалық үдеріс; жүннен бұйымдар дайындаудың теориялық және практикалық негіздері.
Зерттеудің көздері. Рухани жаңғыру бағдарламасы, Қазақстан - 2030" Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттары (Заңдары, қаулы-қарарлары), Білім және ғылым министрлігінің ұлттық мәдени мұраны оқу-тәрбие процесіне ендіруге байла нысты тұжырымдамалары мен бағдарламалары, оқу құжаттары, ғалымдардың (тарихшылар, этнографтар, философтар, өнертанушылар, психологтар, педагогтар) еңбектері, ұлттық мәдени мұралар, педагогика ғылымының озық тәжірибелері мен жетістіктері, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі саналады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, өнертану, психологиялық, педагогика лық, технологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орнының оқу құжаттарына (мемлекеттік стандарт, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар), педагогтардың озық тәжірибелеріне талдау; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудiң теориялық маңызымен ғылыми жаңалығы:
- экодизайн технологиялары арқылы б олашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
- экодизайн технологиялары арқылы б олашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері негізделді;
- экодизайн технологиялары арқылы б олашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіш деңгейлері анықталды;
- экодизайн технологиялары арқылы б олашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ә дістемесі жасалып,тиімділігі эксперимент жүзінде дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәні: болашақ бейнелеу өнері мамандарына арнап: Дизайн негіздері, Сәндік қолөнер негіздері, Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәндері бағдарламалар мазмұнына қосымшалар; Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәніне арналған белсенді үлестірмелі материал; Экодизайн және технология атты болашақ бейнелеу өнері және сызу мамандарына арналған оқу-әдістемелік құралы дайындалды; осы оқу-әдістемелік құралы негізінде Дизайн және технология атты элективті курс бағдарламасы жасалды. Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалы птастырудың шеберханада және шеберханадан тыс оқыту әдістемелері көрсетілді.
Зерттеу материалдарын арнаулы және жоғары оқу орындарының бейнелеу өнері және сызу, көркем еңбек, көркемсурет және графика, дизайн, сондай-ақ, мамандардың біліктілігін қайта жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдіснамалық не гіздерімен дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, экспериментке қатысушы болашақ бейнелеу өнері мамандар санының жеткілікті болуымен, теориялық қағидалар мен зерттеу нәтижелерін өңдеуде математикалық статистикалық тексеруден өтілуімен анықталады.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу кезеңдері, зерттеу көздері, әдістері, зерттеу базасы, қорғауға ұсынылатын қағидалары анықталды.
1.1 Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың теориялық негіздері атты бірінші тарауда зерттеу проблемасының теориялық негіздері экодизайн технологияларының арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мәні, ерекшеліктері мен моделі, көрсеткіш деңгейлері мен компоненттері жасалды.
1.2 Болашақ бейнелеу өнері мамандарын экодизайн технологиялары арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастырудың әдістемесі атты екінші тарауында жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде кәсіптендірілген пәндерді оқыту мен экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері, әдістемесі берілді; эксперимент жұмысының: анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдеріндегі білім деңгейлері диаграмма түрінде көрсетіліп, нәтижесі мазмұндалды.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізг і қағидалары, нәтижелері тұжырымдалды, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қосымшада зерттеудің бастапқы және нәтижелік тәжірибелік материалдары тіркелді.

1 ЭКОДИЗАЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДИЗАЙН МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дизайн технологиялары арқылы болашақ мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мәні

Заманауи қоғамның ұстанатын жаңа саясаты - білім беру жүйесінің жаңаша бағыттарын жаңа идеялармен толықтыру қажет. Осыған орай кәсіби білім берудің мақсаты, мазмұны және оның білім беру үдерісінде қолданылатын технологияларын жетілдіру, кәсіби білім беру жүйесін реттеудегі ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты зерттелуінде тиімді шешімдерді іздестіруді талап етуде.
Жоғары білім беру жүйесінің басты міндеті - болашақ маман даярлауда ұлттық сана мен ұлттық құндылықтар маңызын түсіндіруде ғылым мен білім, өнер мен өмір тәжірибе жетістіктерін өз кәсіби шеберлігінде, адами болмысында тиімді пайдалануға бағыттау.
Бірқатар отандық педагог ғалымдар мен өнертанушылар еңбектерінде қарастырылған проблемаларды жинақтайтын болсақ, олар:
-студенттердің компьютерлік технологияны іс-әрекет жағдайында кәсіби тұрғыда, оқу процессінде қолданудың бүгінгі жағдайы мен оны пайдалану перспективасы (Исабек Н.Е.) [75];
-болашақ өнертану мамандарын кәсіби даярлау жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер арқылы студенттердің шығармашылық, технологиялық, қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру мәселесі (Г.А. Муратбаева) [41];
-болашақ мамандардың өнердің белгілі бір саласы бойынша көркем шығармашылықпен кәсіби деңгейде айн алысу жағдайында білімі мен іскерлігінің ұштасуы, этнокөркемдік білімі бар адамның жоғары деңгейде бағалануы, этномәдени талғамының артуы арқылы кәсіби даярлықтың басты бағыттары мен алғышарттарын қарастыру (Ә.И. Ысқақ) [7];
-өнер, ғылым мен техника салалары бойынша білім алушының меңгеруге қажетті кәсіби даярлаудың өнімі болатын студенттерге мотивациялық-еріктік пен функционалды-коммуникативтік және рефлексивтік құралдардың негізін алға тарту (Ұ.Ж. Қонақбаева) [8];
-студенттердің кәсіби біліктілігін мүсін және қыш пәнінде тереңірек оқыту барысында теориялық білімдеріне сүйене отырып, практикада жетілдіру, өнер порцесінде жаңа технологиялардың әдістемесін оқыту, сабақтан тыс жұмыс формалары арқылы қалыптастыру шарттары мен жолдарын ұсынады Б.А. Мұхаметжанов [71], А.И. Балабаева [10], Б.Т. Барсай [76], Т. Ш. Маханов [77].
Сонымен қатар, алыс жақын шет елдерде кәсіби шеберлік мәселесін жан-жақты қарастырғаны да байқалады. Ресейлік ғалымдардан бастау алған зерттеулерді ашып қарастыратын болсақ, олар:
- білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қалыптастыруды, шеберлікпен бағалау мен өзін-өзін бағалау мәселелері (Карпенко Э.К.) [13];
-мамандардың кәсіби шеберлігін гуманитарлы ЖОО-ғы әлеуметтік жұмыстарды атқарудың құрылымы мен ерекшеліктерін, даму тенденцияларын және технологиялық деңгейін қарастыру (Дорофеева Е.В.) [18];
-болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін қалыптастыруда педагогикалық технологиялар қолдану негізін ала отырып, тәрбие оқыту процесінде жүзеге асыру (Вотинова Е.Г.) [21];
-шеберлік ұғымын ашып көрсетуде жек е адамның қасиеттерінің жиынтығы, жеке ұжымда кәсіби қызметін жоғары дәрежеде қамтамасыз етуі деп түсіндіреді (И.А. Зязюн 1989 ж.) [78];
-шебер мамандардың өзіндік жеке қызметтік стилі болады (тәсілі, іс-қимылы, қабылдауы), яғни олардың жеке - психологиялық ерекшеліктері мінезі, қабілеттілігі, темпераменті) және айналадағы, өзіндік танымы мен эмоциясы. Мамандық жағынан алған білімін ақылмен, жаңашылдылығымен іс-тәжірибеде қолданылуы және қызметінде жоғары дәрежеде болуы [10, 23 б.];
-профессионализм ұғымын ғылымда және тәжірибеде шығармашылық, шеберлік деген тіркестермен байланыстырып, мұғалімнің іс-әрекетінен білім мен біліктілік жүйесінің тұрақты орын алуы, кәсібінің шыңынан танылуы - профессионализімін, ал оған жетудегі ізденісі, өмір талабының танылатынын айқындайды [10, 25 б.];
- ...педагогикалық міндеттерді шешу ге көмектесетін білімдер, икемділіктер, дағды, психологиялық процесстер мен қасиеттер жүйесі, деп шеберлік ұғымын ашып береді [79];
-шеберлік - қандайда бір саладағы жоғары өнер түрі ретінде айқындалады, ал шебер - бұл өз ісінде жоғары өнерге жеткен маман [10, 41 б.].
Жоғарыда берілген анықтамалар кәсіб и шеберлік ұғымы болашақ мамандардың құзыреттілігін ашуда маңыздылығы жоғары екенін дәлелдей түседі. Себебі, қайсыбір өнерді үйренуде шығармашылыққа жетіп, табысты еңбек жасау жолында болашақ мамандар өздерінің шеберліктерін сынап, әртүрлі жағдайларды түсінеді. Олай болса, бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін жетілдіруде жаңартылған білім беру бағдарламасы мектепте осы аталған пән мұғалімдерінің өз кәсіби деңгейлерін ғылым мен өнер байланысы ретінде қарастырып, теориялық біліммен, ғылыми-әдістемелік даярлықтарын қамтамасыз етуін қажетсінеді. Себебі, жаңартылған мазмұн сабақ үлгісі мен тақырыптық жоспарлардың жаңаша талапта құрылуы, кәсіби шеберлігін жаңаша деңгейде қалыптастыруды алға тартады.
Сонымен, жалпы орта білім беру мектептерінде болып жатқан жаңартулар, жоғары көркемдік білім беру ісінде жаңашаландыруға әкелуде. Дегенмен де, тек қана болашақ мамандар даярлауда ғана емес, бейнелеу өнері және сызу, технология пәндері мұғалімдерінің де, өздерінің өзгермелі жаңалықтарға қайта даярлау мен бейімділіктерін бұру қажетті болып отыр. Себебі, жаңартылған көркем еңбек пәні мазмұнында қойылған мақсаттар мен әдістемелік бағыттар ғылым мен өнер байланысы негізінде құрылып, берілген. Бейнелеу өнері пәні мұғалімдері практикалық бағытта өз біліктілігін айғақтай алатынын ескерген жағдайда, әдістемелік даярлық деңгейінің ғылыми тұрғыдан негізделуін талап
етілетінін атап өтуіміз қажет. Тек қана сурет нұсқасын қойып қана, бейнелеу өнерін оқушыға үйрету әдістемесі бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша құзіреттіліктерге жауап бере алмайды. Яғни, мұғалімнің ғылыми-әдістемелік даярлығы мен өнертанымдық білімін жетілдіруі аса маңызды. Осы орайда, жаңартылған білім беру бағдарламалары негізінде осы күнге дейін болашақ бейнелу өнері маманның кәсіби шеберлігінің сұранысы мен қажеттілігі бүгінгі қоғам дамуында аса маңызды.
Міне осындай жаңаша бағыттар мен өзгерістер маман дайындаудың талаптарын күшейтуде, сол себепті де бейнелеу өнері пәні мұғалімінің өнертанымдық білімінің маңызы да арта түседі. Мектепте тек қана бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мен сызуды оқыту әдістемесін шебер меңгерумен қатар, өнертанымдық білімі мен әдістемелік даярлығының маңызы арта түсуде. Заман ағымы мен ғылыми-техникалық дамулар әр кезде, өнерге өзіндік бір әсерін тигізіп отырды. Өнер пәндерінің кіріктірлуі, өнер пәні мұғалімі деп айтылуы жалпы орта мектептерде қазақ өнерінің қай түрі, қай саласы болмасын бірдей, жалпылама өнерден білімді талап етеді. Осыған байланысты, тұжырым жасауға болады. Осы күнге дейінгі бейнелеу өнері пәні мұғаліміне арнайы пән, арнайы біліктілік беріліп келе жатқан мамандардың келешегіне қайта кәсіби даярлығына қажетті білімдер мен біліктерді меңгеруді міндеттейді. Орта буын аға мұғалімдер үшін жаңаша талаптарды меңгеру, оны әрі қарай жүзеге асыру үдерісі көптеген дайындықты қажетсінеді. Бейнелеу өнері мамандары, педагогикалық тұрғыда өздерінің кәсіби шеберліктері мен әдістемелік даярлықтарын қайта қарау мүмкіндіктеріне ие болуда. Себебі, тек қана бейнелеу өнерінде сурет салуды ғана практикалық тұрғыда үйретпей, оны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің жолдары арқылы жаңаша шешімдерін іздестіретіні айғақ. Сурет салуды оқушыға үйретудің әдістемесіне де, жаңаша бетбұрыстар келуде. Сурет салғанға дейін оқушыны өзіндік іздену әрекетіне, оқу-әдістемелік материалдарымен таныстырып, тапсырмалар беріліп, тек қана мектептегі сыныпта ғана емес, сыртта, мұражайда, галлереялар да іске асыруға болады. Бұл жаңаша бастама, өзіндік бағытымен, шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынуда.
Сондықтан да, біз зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне сәйкес ең алдымен кәсіптік білім беру, кәсіби бейімделу, кәсібилену, кәсіби шеберлік, кәсіби құзыреттілік ұғымдарына түсінік беруді көздедік.
Кәсіптік білім беру - жеке тұлғаның кәсіби білім, білік және дағдыларын типтік үлгідегі әлеуметтік және кәсіби мәні бар қасиеттеріне қарай бағыттау арқылы жетілдіру.
Кәсіби бейімделу - өз бетінше кәсіби бағдар айқындауда игеруі тиіс әлеуметтік жаңа бағыт, яғни кәсіби қызмет дағдыларын үйренуге өз бетінше тәжірибе жинақтау.
Кәсібилену - кәсіби ұстанымды қалыптастыру, маңызды кәсіби қасиеттер мен дағдыларды ұштастыра білу, кәсіби қызметті жоғары біліктілікпен атқара алу.
Кәсіби шеберлік - жеке тұлғаның кәсіби қызметін жоғары шеберлік деңгейіне жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілетімен ұштастыруы. Осы орайда, біз ғылыми еңбектерге жасаған талдау ресейлік және отандық ғалымдардың берген анықтамаларын былайша топтастыруға болатынына көз жеткіздік:
- кәсіби шеберлік - жеке тұлғаның кәсіби қызметін жоғары шеберлік деңгейіне жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілетімен ұштастыруы.
Авторлық қызмет жүйесіне ену. Осы аталған кәсіби біліктіліктердің ең жоғарғы шегі - кәсіпті игерудің түпкі мақсаты - кәсіби шеберлік деңгейіне жетіп, өз ісінің маманы атану ( Э. Ф. Зеер) [80];
- кәсіби шеберлік құрылымы: тұлға аралық - ұжымдық жұмыс жасау процесіндегі қарым-қатынас пен өзара әрекеттесудегі іскерлік пен дағдылар; кәсіби қызығушылық пен мотивтерге байланысты тұлғаның кәсіби-маңызы қасиеттері және тұлғаның жеке және бірігіп шешім қабылдауға байланысты қабілеттері, оның осы өмірдегі орнын түсіну және қоғамдық құндылықтарға, кәсіби ұжымның бағыттарына, жалпы қоғамға жауапкершілікпен қарау деп қарастырады [81, 55 б.];
- шеберлік пен білімді меңгеру деңгейі (білім саласы), шеберлік пен білімнің кеңдігі және диапазоны, ар найы тапсырмаларды орындауға қабілеттілік; түрлі жағдайларда өз білімін, шеберлігін қолдана білуге қабілеттілігі (техника, технология, еңбек ұйымдастыру мен оның шарттары өзгерген жағдайда, тез бейімделу) [82, 4 б.];
- шеберлік іс-әрекет атқаруға қабілеттілікті, белгілі бір әлеуметтік кәсіби мәртебесі бар адамдарға қатысты қолданылады, оның орындайтын міндеттері мен шешетін күрделі проблемаларының нақты деңгейіне сай білім мен іскерлігінің сәйкесті бөлігін анықтайды [83, 35 б.];
...кәсіби біліктіліктердің ең жоғарғы шегі - кәсіпті игерудің түпкі мақсаты - кәсіби шеберлік деңгейіне жетіп, өз ісінің маманы атану [77, 32 б.];
- кәсіби шеберлік - бұл кәсіби іс-әрекеттегі тиімді технологиялар жүйесін меңгеру (білім және іскерлік деңгейде). Осындай меңгеру процесі тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттеріне байланысты болады [76, 85 б.]
- кәсіби құзырлылық - бұл атқарған қызметі бойынша міндеті мен борышын орындауға еңбек субьектісі ретінде қабілеттілігі мен әзірлілігі. Сондықтан кәсіби құзырлылық еңбек нарығының талаптарына сай негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады [11, 39 б.];
- кәсіби құзыреттілік - бұл адамның іскерлігі мен қабілеттері, оның кәсіби маңыздылығы бар және жеке тұлғалық қабілеттері, жоғары деңгейлі технологиялылықтың, мәдениеттің және шеберліктің, қызметті ұйымдастыруға шығармашылықпен қараудың, өзін-өзі дамытуға үнемі дайын болудың жинақталған, біріктірілген түбегейлі білімнің жиынтығы - деп Б.Кенжебеков айтқан [84].
Жоғарыда біз жан-жақты зерделеген кәсіби шеберлік түсінігіне берген сипаттамалар біздің зерттеу нысанын ашуда, ең алдымен болашақ бейнелеу өнері маманының атқаратын кәсіби қызмет салаларын анықтауға себеп болды.
Болашақ бейнелеу өнері мамандарын дайындаудың жалпыға міндетті білім беру стандарттарында және мамандықтың білім беру бағдарламаларында болашақ маманның игеретін құзіреттіліктерін ескере отырып, олардың кәсіби іс-әрекеттері де ауқымды көрсетілген. Болашақ бейнелеу өнері мамандарының мектептегі сурет пәні мұғалімі тұрғысынан ғана қарау, бүгінгі жаңартылған бағдарлама мазмұндары аясына сәйкес келмейді. Себебі, пән атауы мен мазмұны бойынша жаңартылған пән бағ дарламасы Көркем еңбек болғандықтан, мамандықтың кәсіби білімі мен кәсіби біліктіліктеріне қосымша толықтырулармен қайта енгізіледі.
Болашақ бейнелеу өнері маманының қызмет ету салалары бойынша да, кәсіби шеберлік қабілеттері де ерекшеленеді. Себебі, еркін суретші болып өзінің қолтаңбасымен кәсіби шебер маман болып қалыптасып жатқанда суретшілер бар. Тек қана шығармашылық бағытта дәстүрлі өнерімізді әлемге танытып, қазақ бейнелеу өнері жанрларын көрсетіп, атақты сыйлықтар иегерлері болып жүрген жеке тұлғалар бар. Осыған орай, болашақ бейнелеу өнері маманының кәсіби қызмет түрлерін негізге ала отырып, жоғарыда берілген зерттеушілер анықтамаларын талдай келе, бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың көркем білім берудегі үш кезеңін анықтауға мүмкіндік болды. Бірінші, кәсіби білімі (кәсіби қызмет саласынан; өнертанымдық білімі, экодизайн тарихы мен дамуы; экодизайн материалдары; экодизайн технологиялары) бойынша ғылым мен өнер байланысын теориялық негіздеуі болса; екінші жағы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіпті меңгерудегі бейнелеу өнері түрлерін іс-қимылда меңгерудің көркем-өндірістік үдерісі жауап береді, үшінші кәсіби біліктіліктерді (сурет салу; бояу түстерін; композиция заңдылықтарын; әртүрлі материалдарда жұмыс жасау дағдыларын; экодизайн материалдарын; экодизайн технологияларын және т.б) меңгеруі, өз кәсібінде шыңдалып, шеберлікті меңгеруі; болашақ бейнелеу өнері мамандарының өз білімдерін сынақтан өткізіп, мамандықтың қырсырын түсініп (шебер суретші, шебер әдіскер, шебер қолөнерші) дағдыларын қалыптастыру арқылы ғылыми, әдістемелік, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Осы негізде, болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігі дегенімізді бейнелеу өнері пәнінде кәсіби білімі мен кәсіби іс-қимылдары (шебер суретші, шебер әдіскер, шебер қолөнерші) дағдылары мен қабілеттерін жетік меңгерген тұлға деп, тұжырымдап, болашақ бейнелеу өнері маманының кәсіби шеберлігін қалыптастыруға мынадай анықтама береміз.
Болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігі - кәсіби қызмет дағдыларын меңгеруде өз білімі мен шеберлігін жоғары деңгейде қолдана білу қабілеттілігі, өз ісінің авторлық қолтаңбасын қалыптастырушы жеке тұлға.
Енді, біздің зерттеу жұмысымыздың пәнін ашып көрсетуде экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыру үдерісін негізге алғандықтан, экодизайн технологияларын тиімді, әрі мазмұнды пайдалану ерекшеліктеріне сипаттама берудің қажеттігі туындады. Жаңа технологиялар қандай да бір ақпарат беруді
білдірмейді, ол білім алушылардың қ исынды ойлау, бағдарламалық материалдың ең бастысын таба білу қабілеттіліктерін қалыптастырып, материалды неғұрлым терең меңгеруін қамтамасыз етеді. Жоғары мектепте жаңа технологиялар білім алушының іс-әрекетінде шеберлік пен біліктілік қызметінің нәтижелерін береді.
Біз зерттеу жұмысымызда экодизайн технологияларын заманауи қоғамда даму деңгейін қарастыруды негізге алдық. Жалпы табиғат туындылар көрінісінде адам өмірі экодизайн технологияларымен тығыз байланыста дамып келеді. Олай болса, ең алдымен экология және дизайн ұғымының байланысына тоқталамыз.
Экодизайн мәні мен мазмұнына талдау жасау бүгінгі қоғам өміріндегі талаптарға сай зерттелу жағдайын ашып көрсету міндеті тұр.Ол үшін экодизайн терминіне түсінік беруде алдымен дизайн ұғымына тоқталуды жөн көрдік.
Дизайн теориясының қалыптасуына арналған көптеген еңбектер бар. Негізінен дизайн анықтамасын беруде біздің байқауымызша, бұл термин Еуропа елдерінде бастауын алады.
Неміс ғалымдарының көркем құрылымы мен құрылыстың жоғары мектебінің негізін қалаушы әйгілі п рофессор Баухауз (Bauhaus) өз шәкірттерімен дизайнның жаңа стилін енгізуді ұсынды. Өз кезегінде атақты суретшілер мен архитекторлар дизайн ұғымының қалыптасуына өз үлестерін қосты. Айталық, Пауль Клее (Paul Klee, 1879 - 1940 гг.), Пит Мондриан (Pieter (Piet) Mondrian, 1872 - 1944 гг.), Василий Кандинский (1866 - 1944 гг.), Лионель Фенингер (Lyonel Feininger, 1871 - 1956 гг.), Мис ван дер Роэ (Ludwig Mies van der Rohe, 1886 - 1969 гг.), Ханнес Майер (Hannes Meyer, 1889 - 1954 гг.), Марсель Брейер (Marcel Breuer, 1902 - 1981 гг.), Вальтер Гропиус (Walter Gropius, 1883 - 1969 гг.) бұл енгізген жаңа құрылымды қолдады. Сонымен бірге, В.О. Пигулевский дизайнның жаңа стилі декорсыз қабылданғанын еске салады. Бұл ұсынған жобаның қызметі мақсатты түрде заттың шынайы бағалануында. Функционализм мектебінің негізін салушы Вальтер Гропиус дизайнның негізгі бағытын былайша пайымдайды: Өнер мен техника - жаңаша бірізділік [85].
Дизайн сөзінің өз мағынасы оның этимологиясымен анықталады. Бұл орайдалатын тілінен аударғанда италияндық және ағылшын түсініктеріне тоқталуға болады. Ол латын тілінен designare - анықтау, белгілеу сөзінен шыққан. Италияндық desegno сөзі Ренессанс уақыттарынан бері жобалар, суреттер, негізін қалаушы идеялар мағынасын береді. Англияда design сөзі жобалау, сызу, ойлап шығару деген мағынада қолданды [86, 5 б.].
Сонымен қатар осы саладағы Ресей ғалымдарының еңбектерінде дизайн ұғымына сипаттама беруге жол салған. XX-шы ғасырдың басында Ресей ғалымдарының бірі В.Ю.Медведев дизайн мәдениетін қалыптастырудағы маңыздылығын өз еңбегінде ашып көрс етеді [87, 20 б.]. Зерттеуші дизайнұғымына нақты анықтама беруде дизайн жүйесін ашып, оның мүмкіндіктері мен адам капиталын өрістеуде қажеттілігін баса айтады.
Дизайн тарихын зерттеген отандық ғалымдар Б.Т. Байешев және Б.Б. Байешев [86, 5 б.] өз еңбектерінде көптеген ғасырлар бойы адамның заттық кеңістіктік ортасында қолөнерді жоғары бағалай келе, адамды қоршаған заттар қолөнер шеберлерінің қиын да ұзақ еңбегінің нәтижесі деген түсініктермен толықтырып, шебер затты өңдеу процесінде өзінің өмірі жайлы түсініктерінің арқасында зат шынайы көрініс алатынын дәлелдей түседі.
Қазіргі әлемде дизайн ұғымының даму және зерттелу жағдайы қоршаған ортамен байланысы жиі тоғысып келеді. Бүгінде біз қоршаған орта объектілеріне тигізетін әсері жайлы, оған қатысты мәселелерді, түрлі жобаларды дизайн обьектісі ретінде көреміз. Көп жағдайда, заттардың атаулары эко сөзімен байланыстыру негізінде экологиялық сипатқа ие.
Бүгінгі таңда экологиялық дизайн ұғымы экологиялық құбылыс ретінде қабылданады. Экологиялық тұрғыдан байланысатын барлық салалар көрініс алады.
Енді тікелей экология ұғымының ғылыми еңбектерде пайымдау тұстарына тоқталамыз. Оларды төмендегідей қарастырамыз:
-табиғаттағы адамның іс-әрекеті, оған дегеніс жүзіндегі қарым-қатынасы (Н.Г. Васильев, М.С. Коган, С.Н.Кравченко, А.И. Кочергин, Ю.Г.Марков и др.);
- экологиялық қатынастар жүйесiнiң моральдық және ғылыми құралдарын реттеудiң тәсiлi ретiнде, терiс ойды оңқатынасқаөзгерту (Н.Н.Киселев, И.Д. Лаптев, К.И. Шилин и др.);
-Табиғатпен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-тарихи ортада қоғамдық өзара әрекеттесудің сипаты ретінде (О.С. Маркарян и др.);
-әлеуметтік-табиғи құндылықтардың жиынтығын сақтау, жаңғырту және дамыту процесі (А.Ф.Лиходиевский, Е.Н. Никонорова, Н.Н.Храменков и др.);
-адамның белгілі бір экология білім і мен сенімі, қызметке дегендайындығы, сондай-ақ нақты практикалық әрекеттері (И.Т. Суравегина);
-өзінің қызметінде көрінетін адамның маңызды күштерін - табиғатқа іс жүзіндегі қарым-қатынасты ашып көрсету шарасы ретінде Коган Л.Н.;
-табиғат пен адамның арасындағы үйлесім ретінде (Г.В.Мухин, М.Т. Фролов и др.);
-табиғаттың материалды-практикалық және рухани-теориялық дамуында және оның тұтастығын қамтамасыз етуде адамның әлеуметтік күштерін дамытудың және жүзеге асырудың шарасы мен тәсілі ретінде А.Г.Масляева;
-Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты тереңдетілген білімді біріктіретін адамның жалпылама сипаттамасы ретінде (Г.Н.Любарский, А.А. Меркумова) [46, 19 б.].
Бұл тұжырымдар негізінен экологиялық мәселелердің адам өмірінің табиғатпен тығыз байланысты тұстарын көрсетумен қатар, әлеуметтік-табиғи құндылықтардың сақталуына үлкен маңызы зор екенін байқатады.
Қазақстан өнертану саласында зерттеу жүргізген ғалымдар да дизайн өнерінің дамуына үлес қосқан.
Нарықтық сұранысты қанағаттандыруға қабілетті өнімдердің өндірілуін кең ауқымды шарттарда өндіру үшін жоба құру қажет. Жобалау (бұл ұғым XX ғ. 3-тен бір жартысына дейін қолданылған) - бұл өнімнің өзінің өндірілуін
алдын-алатын және оны таңбалау түрінде (сызбалар, макеттер, модельдер және т.с.с.) модельдейтін ерекше бір процесс [86, 8 б.].
Кез-келген жаңа бұйымның жобалауына кірісу кезінде дизайнер осы бұйымды қолданатын адамды үнемі ескеруі қажет. Адам туралы ойымен, ол туралы қамқорлығымен, елестер байлығын, технология білімін және қолдық шеберлігін қолдана отырып, дизайнер әрқашанда жаңалық, одан да прогрессивті шешім таба алады [86, 9 б.].
Өзекті мысалды айта отырып, экологиялық жағдайдың сын көтермей тұрғанын әрбір саналы азаматтың түсінетін кезі келді [88, 52 б.].
Біздің зерттеу жұмысымызда экодизайн технологияларының даму үдерісін зерттеуде, дизайн мен сәулеттің табиғатпен үйлесімділігін айта кету қажет. Бұл үрдіс экодизайн деп аталады. Бұл ұғымның шеңберінде жоспарға азық-түліктің мол мөлшерін қысқарту, сонымен қатар материал мен технологияны, қажеттіліктің жаңа құрылымын түбегейлі қайта қарастыру енеді. Адамның физикалық және психикалық денсаулығы арасындағы байланысты ешкім де жоққа шығара алмайды.
Экодизайнның пайда болуы қоршаған ортаның бүгінгі қоғам өмірінде табиғатпен байланыс дағдарысына жауап тапты. Экодизайнның сәулетшіге және дизайнерге қоятын негізгі талабы: бұйымды қауіпсіз пайдалану, денсаулыққа зиян келтірмеуі, шу, тербеліс, шығарулар, сәулеленудің аз мөлшері, экологиялық зиянды болдырмау. Міне, осыдан экодизайнның дамуында мынаталаптар ескерілуі қажет. Олар: материалдардың шығу тегіне, жобалау, жасау, қолдану және пайдалану кезінде қорларды үнемдеу,қоршаған ортаны қорғаудан бастап, жануарларға да дұрыс қарым-қатынас жасау, адам құқығын қорғаумен аяқталады. Экологиялық дизайн мен сәулеттің дамуы біздің әрқайсымызға аса қажет. Экодизайн - адамға жайлы, әрі ыңғайлы, әрі үйлесімді болатын қоршаған ортаны қорғауға баса назар аудартатындизайндағы және сәулеттегі ағым. Әдемі және ыңғайлылығы ғана емес, сонымен қатар жобалау, жасау, қолдану және пайдалану кезінде қолданылатын материалдардың сипаттамасы [89, 169 б.].
Сонымен, экодизайн адам тұрған жерді табиғатпен байланыстырады және қоршаған ортамен оңтайлы үйлестірілген адам жаратылысындағы ішкі көріністі береді. Адам экологиялық жайда өзін жақсы сезініп, экодизайн немесе табиғат сипатындағы табиғи материалдар мен түстідұрыс құрастыруғабет алады. Осы орайда, экодизайнның негізгі элементтері: негізгі материалдар -ағаш, тас, балшық, шыны, табиғи ма териалдан жасалған маталарды үйлестіру. Негізінде адам өз жаратылысында мынадай табиғи түстерді ашық қоңыр, қоңыр, ақ (қара немесе қарақошқыл ағаш), нәзік түрлі-түсті қолдануға бейімделіп тұрады. Мұнымен қатар, тұрмыс-тіршілігінде адам шынайы энергетика беретін жүннен жасалған кілем, алаша, жапқыштар, шыттан перделер, жиһазды қаптайтын мата, мақта маталары да экодизайнның бір бөлігін пайдалануға ыңғайлы деп есептейді. Күнделікті тіршілікте жиі қолданылатын экодизайндегі заттарды да адам өз өмірінде қажеттілігіне жаратады. Мәселен, шыныдан немесе балшықтан жасалған гүл салғыштар,
өрілген себеттер, сандықтар, ағаш бұтақтары, кептірілген жапырақтар табиғатпен ұштасып, біркелкі жұмсақ түсте болуын қадағалайды. Адам мен табиғат бірізділігінде керамикадан жасалған ыдыстар, ағаштан жасалған қасық, табақ, мақта сүлгілер, жез, күміс, қалайы сынды табиғаттың жер асты байлықтарынан жасалған ыдыстар да өз қажеттілігіне қарай пайдаланады [89, 170 б.].
Қазіргі таңда жас ұрпақты өнерге баулу, өнердің көркемдік даму ерекшеліктерін қайта жандандыру мәселелері қойылып отыр. Болашақ ұрпақтың рухани азығының негізі осында деп пайымдаймыз. В.А.Алексеева еңбегіне сүйенсек, ұрпақты тәрбиелеуде өнер арқылы әр азаматтың негізгі борышын орындауға, яғни еңбек етуде өнердің ойлау қабілетін қалыптастыруда маңызды екендігін атап өтеміз [90, 44 б.].
Дизайн мен экология байланысын атап өтудегі үрдістегі ендігі бір бөлігін атайтын болсақ, ол өсімдік компоненттерінің байланысы. Бұл тұжырымды өз кезегінде ең алғаш ұсынған дизайнер Линда Лаудермик болды. Өз еңбектерінде дизайнер 2002 жылы бамбук, теңіз балдырларынан және басқа да өсімдік компоненттерінен стандартты емес материалдардан көйлек бұйымдарын жасап шығарды. Осы бағытты көптеген дизайнерлер өз ұсыныстарын беріп, адам өміріне өажетті материалдарының құндылығын атап өтеді. Яғни, жаңаша эко-стильде орындалған эко-маталар өте ыңғайлы және пайдалы. Мұндай топтамаларды ұсынған дизайнерлерді атап өтуімізге болады, олар: Стелла Маккартни, сонымен қатар танымал (Nike, H&M, Gap) маркалары арнайы жасалған киім өнімдерін шығарады, О.М.Санникова жазғы киім дизайнын жасайды [91, 2 б.].
Көшпенді өмір сүрген, мал өнімімен айналысқан қазақ халқы экодизайн материалдарын баяғы заманнан қолданылып келеді. Тек қана Қазақ халқына тән киіз үй көрінісін көшпенді жағдайында қолдануға тиімділігі жоғары болған. Жалпы киіз үйдің құрылымы қойдың күзем жүнінен басылғаны мәлім. Үй тұрмысында мұндай құрылымдағы бұйым адам денсаулығына да өте пайдалы екендігін атап өтуіміз керек. Киіз үйдегі жиһаз, ыдыс, адамға қажет тұрмыс-тіршіліктің бәрі табиғи материалдардан жасалынып кеңінен қолданылған. Бұл көріністер ежелден қазақ халқының адам мен табиғат тылмысын зерделей келе, экодизайн шынайы материалдарын тиімді қажеттілігіне жаратуға бейімді екендігін дәлелдей түседі [89, 171 б.].
Ерте заманда ата-бабаларымыз табиғатты, ондағы тіршілік иелерінің ортамен байланысын жақсы біліп, сауатты пайдалана білген. Олар өздерінің табиғат қорларына, табиғатың тылсым жағдайына тәуелді екенін білген. Ата-бабаларымыз өзін табиғаттың бір бөлшегі, табиғатпен айырылмастай байланыстамыз деп түсініп, жазу, сызу сауаты болмаса да табиғат кітабын оқи біліп, жинақталған білімді ұрпақтарына беріп отырған. Халықтық педагогика алғашқыдан бастап еңбекке, табиғатқа ұқыпты көзқарас, жоғары адамгершілік қатынастар, адамға халық даналығын тасымалдаушы, беруші деп сыйласымдылықпен қарау сияқты тұғырлы негіздерден тұрған. Өкінішке осындай халықтық мәдениеттің көпшілік қырлары жойылып кеткен. Сондықтан
халықтың тұрмыс-салтындағы, әдет-ғұрпындағы табиғат-Ананың орнын қайта жаңғырту бүгінгі күнгі педагогика ғылымы мен практикасының аса маңызды даигілікті міндеті болып табылады [89, 217 б.].
Жоғарыда айтылған пайымдауларға сүйене отырып, біз экодизайн дамуы бүгінгі таңда қоғам қажеттілігіне қарай маңызды мәселе болып келетінін дәлелді деректер келтірдік. Сондықтан да, бүгінгі қоғамның экодизайн мәселесіне келуінің себебі ресурстарда экологиялық тұрғыдан таза күйінде қолдану алдыңғы шекте тұртыны сөзсіз.
Экологиялық дағдарыс жағдайында экодизайн технологияларын тиімді пайдалану арқылы адам өз өмірінде қолданатын заттар мен киім үлгілерін табиғатпен байланыстырады. Әрине, ол өнімнің сәндік қолданбалы құрылысын тиімді пайдалануда анықталғаны айғақ. Дамыған елдерде экодизайн табиғи ресурстарда сауатты да тиімді пайдаланумен өлшенеді. Сондықтан да бүгінгі таңда экодизайн теориялық негіздерін айқындау, тәжірибеде экодизайн аспектілерін қаратыруда талдау, қоғамда адамның табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға пікірін өзгертуге негіз бар деуге болады. Бүгінгі таңда, Қазақстанның 30 дамыған елдерге кіруі бірден бір жетістіктері, ол экологиялық білімі дамыған қоғамды қалыптастыру мәселесі алдағы уақытта шешімін іздестіретін күрделі және қажетті үдеріс деп танимыз.
Экологиялық тұрғыда экология маңызын қарастыра отыра адам мен табиғаттың тығыз байланысын беруде адам өміріне қажетті дәстүрлі табиғилылық көріністерді береді.
Австрия суретшісі Хундертвассер Фриденсрайхөз кезегінде экологиялық құрылымда үй архитектурасын салуда ғылыми және жаңашыл тұрғыдан бионикалық жүйені қолданды. Бұл жүйе адамның тұратын жерін көгалдандыру деген бағытта үй құрылымы мен адамныңң іс-әрекетін физикалық байланысын беруде, ежелден ұлт болмысын сақтауға, оның тарихи, мәдени дәстүрін қастерлеуге бағыт беретінімен құнды. 20 ғасырдың 80 жылдары нарықтық экономикада жасыл жобалардың философиялық, көркемдік шешімдерін іздестіруде жаңа материалдар қолданысқа енеді [42, 217 б.].
Адам қолданысында түрлі континентте пайда болған материалдар мен технологиялар өз дамуында жаңаша бағытта өрістей бастайды. Ертедегі аңыз әңгімелердегі баяндалған табиғи таза тастар, ыдыстар, ағаш қыш, былғары заттары экологиялық тұрғыдан өңдеу тұстары жүйелі өзгерістерге ұшырап, формаларын өзгерте бастайды. Тіпті киім үлгілері мен тұрмыста қажетті заттардың барлығын жаңа материалдар арқылы өңдеп, әлемдік деңгейде түрлі салада қолданысы жастарды өз өмірін табиғатпен үйлесімді байланыстыруға жетелейді [92, 206 б.]. Дәстүрлі шығармашылыққа тән көптеген әдістер заманауи дизайнға көшті. Мысалға келтіретін болсақ, Хансом Копердің керамикадан табиғилылықпен орындалған жұмысы табиғи текстураның көрнекі қабылдауына ғана емес, сонымен қатар қайта өңдеуге ұшырамаған жерлері одан бетер әсерін күшейтіп қана қоймай, материалдың табиғилылығын барынша анық көрсете білген [42, 50 б.]. Мұнда заманауи дизайн әдістері адамның психологиялық ойлауы мен қабылдауы тығыз байланыста болғанын дәлелдей түседі.
Көптеген ғылыми еңбектерде экодизайн заманауи қоғамда даму көрінісін беруде ғалымдар мен зерттеушілер бірнеше ғылымның байланысында қарастырады. Философия мен экология ның, өнертану мен педагогика ғылымдарының даму үдерісінде логикалық байланысы н көрсетеді. Философиялық талдауда біз өз жұмысымызда философиялық тұрғыдан дизайн мен экодизайнды қарастыратын болсақ, Ресей ғалымдарының еңбектерін айтуымызға болады. Біз экодизайнның басқа ғылым салаларымен байланысын көрсетуде Сурет 1 арқылы бердік.

ДИЗАЙН

Сурет 1- Экодизайнның басқа ғылым салаларымен байланысы

Дизайнның философия мен экологиямен қатынасы тікелей байланысты. Зерттеп отырған тақырыбымыз экологи я болғандықтан оның тікелей байланысы онсызда түсінікті, ал философиялық жағын айтатын болсақ, табиғат сұлулығын, оның айналасындағы құбылыстарды түсінудің өзі философиялық ой мен түсінікті қажет етеді. Яғни, философиялық көзқарас арқылы адамзат өзін табиғатпен етене байаланысын түсініп, экологиялық мәдениеттің қалыптастыруға итермелейді. Экологиялық мәдениеті дамыған тұлға, өзі өмір сүріп жүрген ортасын жақсартуға, әрі зиян келтірмейтін әрекеттер барынша жасауға тырысады.
Экодизайн технологиялары мен материалдарын тарих ғылымдары арқылы адам баласының өткен дәуірдегі қолданысында болған құралдары мен күнделікті тіршіліктегі өмір салтын археологиялық қазбалар негізінде ашып көрсете алатын, бізге нақты табылған заттық дәйектерменкөрсете білсе,
өнертану - сол заттық қазба деректерді әдебиет тілімен, яғни тіл мәдениетімен көркемдеп жеткізуді мақсат етеді. Соныен, өткен тарихқа шолу жасап, өнерді тану арқылы қазіргі таңда заман талыбына сай және әлеуметтік ортаның сұранысы бойынша заманауи экологиялық ортаны құруға бағытталған түрлі экологиялық жобалар атқарылып жатыр.
Ал, экодизайнды көркем білім берудегі процесстер арқылы, көрнекілік қорытынды бұйымдар, не болмаса мұражайлардағы экспонаттарды білім алушылар қауымына педагогикалық тұрғыдан жеткізіп, сол экодизайн материалдарынан жасалған бұйымдардың табиғи түстері адамға қаншалықты әсер ететінін психологиялық тұрғыдан байқауға болады. Қоршаған ортадан алынғантабиғи түстеді бұйым жасауда қолданса, сол аталмыш бұйымды өмір салтында қолданған жағдайда адам баласы өзін табиғат аясында сезініп қана қоймай, оның денсаулығына жақсы әсер беріп, ішкі дүниесіне деген тыныштық сезімін беретіні сөзсіз. Сол себептен, ғылымның алты саласы экодизайн аясында қарастыратын болсақ,бір-бірінен алшақ кетпейтіні айдан анық.
Жоғарыда аталған пайымдаулар бізге экодизайнның басқа ғылым аясымен тығыз байланысын береді. Атап айтатын болсақ, экодизайн философия мен экология, педагогика мен психология, өнертану мен тарих ғылымдарымен байланысы көрініс алатынын дәлелдед ік. Отандық ғалымдарымыздың Э.Ө.Сағындықова [48], Н.С.Сайлауова лардың [47], К.Ш.Бакирова [49], еңбекетрінде олар, экологиялық мәдениет тақырыптарын қозғайды. Ал Ж.С.Сихынбаева [46] болса, студенттердің экологиялық білімін иннавациялық технологияларда пайдалану жолдары қарастырылған. Ж.К.Тлешова [93] болашақ мұғалімдердің экологиялық дайындығын Қазақстан мен АҚШ жоғары білім беру орындарын салыстыру негізінде педагогикалық шарттар мен екі елдің кемшіліктері мен артықшылықтарын айтып кеткен. Н.С.Сайлауованың [47] еңбегінде экологиялық мәдениет балабақшадағы мектепалды топтардан басталу керектігі айтылған, яғни, баланың кішкентайынан экологиялық мәдениеті мен білімін бойларына сіңіріп, болашақ алдағы өмірге деген көзқарастарын қалыптастырып, қоршаған ортамызға немқұрайлы қарамайтын болашақ жастарды тәрбиелеу негізінде табиғатымыздың бұндай экологиялық мәдениеті бар өскелен жастардың болашақ өмірлерінің жарқын болатынына сенім деген сөз.
80-ші жылдарға қарай нарықта жетістікке қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар жасыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
ЭКОДИЗАЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДИЗАЙН МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
Киіз басу технологиясының жетістіктері
Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдану арқылы болашақ мамандардың даярлау
Көркем еңбекке баулудың теориялық негіздері мен практикумы
Жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру мамандықтары студенттерінің шығармашылық қабілетін дамыту үздіксіз үрдістің жалғасы
Бейнелеу өнеріндегі көркемдік дәстүр жалғастығы мен жаңа бағыттар
Білім алушыларды визуалды өнерге үйрету әдістемесі
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Пәндер