Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени байланыстары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

Алмабаева А. М.

Қазақстан Республикасының ТМД-ғы рөлі мен жағдайы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011400 - «Тарих» мамандығы

Қарағанды 2019

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Археология, этнология және

Отан тарихы кафедрасының

меңгерушісі т. ғ. к., доцент

Ускембаев Қ. С.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының ТМД-ғы рөлі мен жағдайы»

5В011400 - «Тарих» мамандығы

Орындаған: Алмабаева А. М.

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Бодеев К. Т.

Қарағанды 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 6

1 ТМД-ның құрылуы және экономикалық қарым-қатынас

1. 1 ТМД-ның құрылуы және дамуының негізгі кезеңдері . . . 13

1. 2 Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен сауда-экономикалық қатынастары: қазіргі жағдайы, келешегі . . . 23

2 Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен мәдени байланысы және гуманитарлық ынтымақтастық

2. 1 Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени

байланыстары . . . 33

2. 2 Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде . . . 46

3 Аймақтық ұйымдар шеңберіндегі Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты мәселелері

3. 1 Қазақстанның ТМД шеңберіндегі қауіпсіздік әріптестігі . . . 53

3. 2 Қазақстанның ШЫҰ аясындағы Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік қызметі . . . 64

Қорытынды . . . 72

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 77

Қосымшалар . . . 82

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялап, қоғамдық өмірдің барлық салалары бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субьектісіне айналды.

Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие, Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орынды алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының тек Азия аймағы емес бүкіл әлемде бейбітшілік пен

тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі - бұрынғы кеңестік республикалармен және Орталық Азиямен интеграциялық үдерісті дамыту болды.

Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, бұл жағдай бір жағынан, аймақгағы ұлттык мемлекетгердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жагынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы локализмді жандандырды. Fаламдық қауымдастықтың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да мұхиттық - континентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай туғызды. Ең бастысы осы коммуникацияларды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т. б. ) табу арқылы байланысты кеңейтуге мүмкіндік берді.

Исламдық дүниеге байланысты және жаһаңданудың ықпалымен Орталық Азияның мұхиттық-континентальдық байланыстарға тартылуы қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда фундаментализмді, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді.

Басқа мемлекеттер сияқты мұндай жағдайда Қазақстанның да рөлі, оның қауіпсіздік проблемасын шешуі, технологиялық өзгерістердің жаңа толқынына

ілесуі жақын және алыс шетелдермен өзара тиімді саяси, шаруашылық, мәдени қарым-қатынас орнату деңгейіне байланысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей «біздің алдымызда таңдау тұр: бірі - әлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық шылауы болып қалу, екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның барынша интеграциялануына қарай қадам жасау. Мен осының соңғысын ұсынамын. Бұдан былайғы интеграциялануымыз - біздің өңіріміздің тұрақтылығына, прогреске, экономикалық және әскери, саяси тәуелсіздікке апаратын жол.

Әрбір егеменді мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуропадағы кауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) сияқты ұйымдардың мүшесі бола отырып Қазақстан Республикасы өзінің тең дәрежелі келіссөздер жүргізе алатындығын дәлелдеді. Бірақ бұл ұйымдарға мүше болу Қазақстан Республикасына міндеттемелер жүктейді.

Мұндай жағдайда әрине, геосаяси иерархия жойылмайды, бұрынғыдан да күрделі, көпсатылы, көпқырлы түрге енеді, Әр елдің ресурстарына, мүмкіндіктеріне, өзіндік идентификациясының деңгейіне байланысты шынайы егемендігін жүзеге асырудың өз үлгісі бар. ТМД-ның барлық елдері үшін өзекті мәселенің бірі - өзіндік идентификация.

Бұл елдерде бір жағынан, ортақ мұра, ортақ қиындықтар болса, екінші жағынан, халықтар игілігі үшін бірлесе отырып, өзара құрмет жағдайында шешуге болатындай зор мүмкіндіктер де бар. Бұл қауымдастық ғаламдық, геосаяси, аймақтық даму өлшемдері мен қазіргі дәуірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа сапалық деңгейдегі бірлескен іс әрекетке және интеграцияны дамытуға қажетті жағымды негіз құрайды. Дегенмен өзіндік идентификация проблемасының өткірлігі, ТМД елдерінің экономикалық, саяси - құқықтық жүйелері жағдайының транзиттік сипаты, жаңару үдерістерінің түрлі серпіні, бағыты және тереңдігі, осы процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар өмірлік қажетті интеграцияны жүзеге асырудағы қиындықтарды анықтайды.

Қазақстан көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысында орналасқан. Сондықтан да оған интеграциялық үдерістердің деңгейімен және жағымды нәтижелерімен органикалық ұштасқан саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім және аймақтағы қауіпсіздік ауадай қажет. Сонымен қатар, дәл Қазақстан ғана XX ғасырдың аяғында басталған қайта құрулардағы ішкі табыстарына байланысты интеграцияның басты қозғаушысы әрі көшбасшысы рөлін атқара алды. Осы жағдай халықаралық ғылыми және саяси-практикалық тұрғыдан таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. ТМД-ның құрылуын және өмір сүруін тарихи көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы және оны реформалау деңгейіндегі айырмашылықтар, әлеуметтік - экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы өзгешеліктер елдердің әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси өзара әрекеттерінің үлгісін анықтайды.

1990 жылдардың басында Достастық мемлекеттері арасында негізінен екі жақты экономикалық қарым-қатынастар орын алса, одан кейінгі уақыттарда да ТМД шеңберінде жеке мемлекеттердің әртүрлі бірлестіктері (одақтар, әріптестіктер, альянстар т. б. ) : Белорусь пен Ресей Одағы- «екілік»; Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Орта Азиялық Экономикалық Қауымдастығы - «төрттік»; Белорусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік Одағы - «бестік»; Грузия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Молдова альянсы (ГУӘӨМ) т. б. байланыс қатынастар орын алуда.

Осы аталған «әртүрлі өлшемдегі» және «әртүрлі қарқындағы» қарым-қатынастық үдерістер бұрынғы КСРО республикаларындағы көшбасшылардың және қалыптасып келе жатқан ұлттық-саяси элитаның Орта Азиялық «төрттікте» біркелкі экономикалық кеңістік құрудан бастап, «бестікте» Кедендік одақ кұру, «екілікте» мемлекеттердің бірігуіне дейінгі мүдделерін бейнелейтін реальды жағдайдың көрінісін береді. Қайта құру жылдары осы тұрғыда жаһандану барысында түрлі жобалардағы Қазақстанның дүниежүзілік тарихи үдерістегі орны мен рөлін талдаушы көптеген еңбектер жарық көрді [1] . Бұл еңбектердің авторлары «Қазақстан - көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысына орналасуы себепті де конструктивті интеграцияға айрықша мүдделі. Дәл ҚР-сы XX ғасырдың аяғында басталған қайта құрулардың объективті жағдайлары мен ішкі табыстарына байланысты өзара қарым-қатынастың басты күшіне айналып отыр» деген пікірге сүйенеді.

Соңғы жылдары ғалымдар ТМД елдерінің кеңестік өткен кезеңді қайта қарастыруда, оған жаңаша баға беруде көптеген қосымша зерттеулер жүргізіп, КСРО кезіндегі қалыптасқан байланыстарды - қазіргі қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларындағы өзара қатынастарындағы қол жеткен табыстардың объективті негізі деп алады. Мысалы, Н. Е. Бекмаханова [2] қазақ және орыс халықтарының әлеуметтік құқьқтары үшін жүргізілген бірлескен күрестеріне, 1812 жылғы Отан соғысына бірге қатынасуы, екі халықтың да XIX ғасырдың көрнекті саяси және мәдени қайраткерлерінің шығармашылық байланыстарына тоқталып, одан әрі тереңірек зерттеуді қажет ететін жаңа тақырыптар мен проблемаларды ұсынады.

Тақырыпты жазу барысында біз Қазақстанның интеграциялық үдерістер ауқымынан өзіндік орнын алып келе жатқанын да назардан тыс қалдырмай, осы сарында жазылған еңбектер қатарын қарыстырғанын атап өтуге болады. Мысалы, Еуразия мемлекеттері мен халықтары арасындағы ынтымақтастық пен интеграция үдерісінің тарихи аспектілеріне арналған еңбектердің үлкен қоры жинақталған [3] . Бұл еңбектер кезеңдердегі әртүрлі салалардағы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының екі жақты қарым-қатынастары мысалы, қазақ және өзбек, казак және армян, қазақ және қырғыз әсіресе қазақ және орыс халықтарының арасындағы ұлтаралық қатынастарының сипатты белгілері, сан түрлі экономикалық, мәдени-әлеуметтік өзара қатынастары көпұлтты қазақ өркениетінің қалыптасуы және дамуы мысалында қарастырылады. Сонымен қатар Батыс пен Шығыс катынастары негізінде қазақ өркениеті дүниежүзілік тарихи тұрғыда, Түркістан халықтарының рухани байланысына ислам дінінің әсері зерттелді. Қазақстан мен Ресей мемлекеттері қоғамдарының тарихи трансформациясы мен қазіргі үдерістеріне, соның ішінде эволюциясы мен ұлтаралық қатынастарына салыстырмалы талдау жасаудың зерттеу жұмысын жазу үшін көп көмегі болды. Еуразия халықтарының конструктивтік және комплиментарлық бірге өмір сүруінің тарихи қалыптасқан дәстүрлерін одан әрі дамыту қажеттілігі - жоғарыда аталған еңбектердің ортақ қорытындысы.

Қазіргі тарихнаманьң негізгі ғимаратын әрине посткеңестік кеңістікті дамыту проблемалары мен нақты сюжеттерге және оған кіруші елдер, олардың арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, аймақтағы сыртқы саяси ахуалдың ерекшеліктері мәселелеріне арналған еңбектер құрайды. Көптеген зерттеулерде ТМД елдеріндегі жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өзгерістер мәселелерінің кең эмпириялық материалдары салыстырмалы талдаулармен бірге беріліп, тарихи тәжірибені дұрыс түсіндіруге және ұзаққа созылған қоғамдар эволюциясының тенденцияларын ашуға бағытталған мазмұнды қорытындылар жасалған. Ғалымдардың посткеңестік елдер арасындағы ынтымақтастықтың тиімді түрлерін іздестіруге қарай ұмтылысы Еуропадағы осыған ұқсас интеграциялар тәжірибесін зерттеуге деген заңды қызығушылығын туғызды [4] .

М. В. Стрежневаның зерттеулері әлеуметтік мәдени тұрғыдан алғанда Еуропалық Одақ пен ТМД арасындағы салыстырмалылыққа құрылған. Автор, проблемаға тарихи-философиялық кең шолу жасай отырып, аймақтық бірлестіктердің кұрылуын, ұйымдастырушылық түрлері мен қызметін қарастырады. ТМД елдерінің экономикалық және саяси қарым-қатынасының келешегі, институционалдық жүйелерінің ортақ белгілері мәселелеріне тоқталады [5] . КСРО кезеңінде қалыптасқан біркелкі экономикалық біртұтастықтың ыдырауының себебінен туған дағдарыс салдарларын жою жолдары, ТМД - ның барлық елдері үшін өте маңызды болып есептелетін экономикалық ынтымақтастық проблемалары бірқатар еңбектерде жинақталған. Бұл еңбектер интеграцияның халықаралық тәжірибесін салыстырмалы түрде зерттейді.

ТМД-ның құрылуы, ұйымдастырылуы және құқықтық қалыптасуы, қызметі механизмдері мен қызметіндегі сәтсіздіктер себептері тарихына арналған қомақты еңбектер тобын атауымызға болады. Зерттеушілер негізінен Достастық елдерінің экономикалык өзара байланыстары динамикасын, саяси-құқықтық базасындағы өзгерістерді, оның дамуының ағымдағы, соның ішінде - мәдениет, әлеуметтік, қауіпсіздік салаларындағы проблемаларға назар аударады. Бұл еңбектерде Қазақстанның халықаралық байланыс үдерістеріндегі рөлі фрагментті ғана беріледі. Көптеген авторлар Достастықты бұрынғы кеңестік республикалардың «өркениетті ажырасуының» құралы ретінде ғана көріп, бұл саладағы табыстарды баяндай отырып, ТМД шеңберіндегі қалыптасқан өзара байланыстың тәжірибесін тиімсіз деген пікірге келеді.

Интеграцияның әртүрлі деңгейдегі формаларын ұйымдық бекіту динамикасы ғалымдар назарын Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) және Біртұтас экономикалык кеңістік (БЭК) сияқты болашағы зор ұйымдар тәжірибесін және мемлекетаралық өзара әрекеттің экономикалық аспектілерін зерттеуге қарай ауыстырады [6] . Сол сияқты ЕурАзЭҚ-ғы экономикалық әріптестіктің басты бағыттарын, Еуропалық Одақ (ЕО), Солтүстік-Америкалық еркін сауда аймағы (НАФТА), Латынамерикалық жалпы рынок (МЕРКОСУР), Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақ-тастық форумы (АТМЭЫФ) т. б. осындай кооперациялар мен ынтымақтастық шеңберіндегі негізгі интеграциялық бірлестіктердің жемісті тәжірибелерін басты қозғаушысы әрі көшбасшысы рөлін атқара алады.

Жалпы тақырыптың тарихнамасында салыстырмалы түрде алғанда 1992-2005 жылдарда ТМД елдері арасындағы байланыс мәселелерін зерттеуде ғалымдардың жиі назар аударған саласы экономикалық сала болып қала береді және бұл көбінесе Қазақстан мен Ресей арасында карастырылады. Сондықтан диплом жұмысымындағы тараулардың басым көпшілігінде Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынастарына көбірек назар аударылды. Сол сияқты, ТМД елдері арасындағы халықаралық қауіпсіздікті қорғаудағы бірлескен күрес, өзара ықпалдастықтың ұйымдық-құқықтық базасын жетілдіру т. т. проблемалар талдауына да біраз еңбектер арналған. Мысалы, С. Л. Ткаченко мен С. Петерманн [8] КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі ТМД елдері арасындағы әскери саладағы қатынастарына, оған Солтүстік Атлантикалық Альянстың ықпалына тоқталады. 1992 жылғы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне қол қою тарихы мен оның, жүзеге асырылуына, Келісімнің әскери одаққа трансформациясына, 2000 жылдан кейінгі кезеңдердегі Ресей Федерациясының сыртқы және қауіпсіздік саясатындағы өзгерістерге назар аударылады. Мәдениетаралық өзара байланыстарды қарастыруда достастықты нығайтудың мемлекетаралық түрлері мен құралдарына, ғылыми, шығармашылық, білім мекемелерінің мемлекеттік емес, жеке құрылымдарынан гөрі кәсіби мемлекеттік жағына ғана көбірек көңіл бөлінеді. Оның ішінде де ең жиі зерттеу тақырыбына айналған мәселе - білім беру үдерісін дамыту саласындағы ынтымақтастық [9] .

Көптеген авторлар, Қазақстанның жалпы сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің әртүрлі бағыттарына, жекелеген сюжеттеріне, аспектілеріне, экономикалық әсіресе энергоресурстар саласындағы ынтымақтастыққа, көбіне Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара әрекет өлшемдеріне тоқталады. Аталған бағыттағы жұмыстар қатарына А. Е Есенбаевтың, Е. Б. Жатқанбаевтың, Б. Сомжуректің, Т. А. Толеубаевтың, Н. Исингарин мен С. Масакованың, А. Иваситаның т. б. еңбектерін [10] атауға болады.

Отандық ғылым жақын арада А. Шайхутдинов пен С. Абдулпаттаевтың Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелеріне арналған Қазақстан Президенті Қоры жанындағы дүниежүзілік экономика және саясат институты даярлаған еңбекпен толықты [11] . Авторлар елдің сыртқы саяси бағыты динамикасын, проблемалық-хронологиялық және жағрафия-елдік талдауларын қоғамның жаңаруының ішкі саяси, экономикалық міндеттерімен байланысты қарастырады. Сол сияқты интеграциялық үдерістерге, Қазақстанның әсіресе ортаазиялық көршілес мемлекеттермен, Ресеймен қарым-қатынастары мәселелеріне көңіл аударады.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейінгі жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең Кеңестер Одағының ыдырап, мемлекеттің негізі құрылуымен, экономика мен саяси жүйенің терең кұрылымдық өзгерістерінің іске асуымен ерекше. ҚР-сы Халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде ТМД, КО, ЕурАзЭҚ т. б. шеңберінде белсенді қарым-қатынас жасауда.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты : Қазақстан және ТМД елдерінің ортақ мәселелерін зерттеу және келешек ынтымақтастығын анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды: қызметтерді атқару қажеттілігі туындады:

- Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылу және даму үдерістерінің негізгі аспектілерін қарастыру;

- ТМД интеграграциялық бірлестігінің негізгі бағыттарын анықтау;

- ТМД аумағындағы Қазақстанның орнын белгілеу;

- Қазақстанның Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекеттермен қарым- қатынастарын қарастыру;

- Достастықтағы қазіргі уақыттағы мәселелерді қарастыру және оларды шешу жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны . Тәуелсіз мемлекеттер достастығының кеңістігі және Қазақстанның ТМД елдерімен жан-жақты қарым-қатынастары болып табылады.

Зерттеудің дерек көзі. Диплом жұмысын жазуда негіз болған дерек көздерін бірнеше топқа бөлуге болады. Олар - дипломатиялық құжаттар мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері; ТМД елдерінің екіжақты және көпжақты келісімдері.

ТМД шеңберінде көптеген салаларға арналып қабылданған құжаттар ретінде: “Соглашение о создании Содружества Независимых Государств”, “Алматинская декларация”, “Устав Содружества Независимых Государств”, “Соглашение о Таможенном союзе”, “Договор о создании Единого экономического пространства между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан” т. б.

Сонымен қатар, Н. Ә. Назарбаевтың “Сындарлы он жыл”, “На пороге XXІ века”, “Евразийский союз: идеи, практика и перспективы“; Н. Р. Исингариннің ”10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решении“, ”Проблемы интеграции в СНГ“, “Транспорт магистраль экономической интеграции в СНГ”, ”Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции“; Қ. Тоқаевтың ”Под стягом Независимости“, ”Дипломатия Казахстана” т. б. еңбектері, яғни сол ТМД-нығ құрылуына ат салысқан немесе куәгері болған тұлғалардың еңбектері пайдаланылды.

Сонымен қатар мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған сол уақыттағы, кейінгі жылдарда осы тақырып жайлы мәселе көтерілген мақалалар да қолданылды.

Жұмыстың методологиялық негізі. ТМД-ның қалыптасуы мен дамуы интеграциялық процесті ғылыми және объективті негізінде зерттеу мақсатында жүйелік сараптама, талдаудың тарихи анықтамалалық әдісі, функционалдық құрылымдық талдау, сонымен қатар синтез және талдау әдістері пайдаланылды. Зерттеу тәсілдері: саралау, талдау әдісі, салыстырмалық жүйелік структуралық әдістерді қолдану әрекеттері жасалды.

Тақырыптың ғылыми-тәжірбиелік жаңалығы. Жұмыс барысында КСРО ыдырауының кейбір жақтары мен ТМД-ның құрылуы, посткеңестік аймақтағы интеграциялық үдеріс жан-жақты ашып көрсетілді. Әлемдік тәжірбиедегі интеграциялық үдерістің ТМД аймағындағы үдеріспен байланыстылығы көрсетілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан тұрады.

1 ТМД-ның құрылуы және экономикалық қарым-қатынас

1. 1 ТМД-ның құрылуы және дамуының негізгі кезеңдері

Кеңестер Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңындағы ең елеулі оқиғалардың бірі. Ол жаңа тарих беттерінің бастамсына алып келген оқиға десек шатаспаймыз деп ойлаймын. Әр түннің артынан күн келеді демекші бұл одақтың ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Әрине, оның кері салдарлары болды. Орныққан экономикалық, саяси, мәдени қатынастарды қайта орнату жаңа тәжірибесіз мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы отарда болған, мәжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, әлемдік қауымдастыққа өздерін жаңа, тәуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік туды. Көпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бөлігін өз уысында ұстаған одақтың ыдырау себебіне тоқталар болсақ.

КСРО-ның ыдырауына алып келген басты себеп - биліктің күшті орталықтандырылуынан. Екіншіден, КСРО-ның орталық билігі бұқаралық көпшіліктің сана-сезімінің әсіресе, ұлттың қайта өрлеп дамуы мен өсуінің заңдылығын мойындамағандығынан. Үшіншіден, өзінің дұрыс екендігіне сенген басқарушы элита әлеуметтік төмен адамдардың мәселелрін тыңдаудан және түсінуден қалды. Орталықпен одақ республикаларының мүдделері көп нәрселерде сәйкес келе бермейтін болды. Бұлардың бәрі әлеуметтік наразылықтар тудырып, қоғамның деформациясына алып келді. “Қайта құру кезіндегі “реформаторлар” қоғамды жаңаша басқаруға қабілетсіз болып шықты. Қоғам саяси және мемлекеттік жетекшілерден түбегейлі өзгерістер күтті. Бірақ ол бітпейтін саяси талқыламаларға түсіп, нәтижесіз қалып жатты. КСРО ыдырауының тағы бір себебі ол оның құрылымдық бөлімдерінің иерархиялығында. Бөлек этникалық қауымдастаықтар әр түрлі бағыныштылы, тәуелділік сатысына қойылды.

КСРО-ның құлауының тағы бір басты себептерінің бірі - экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді.

Қоғамның көп бөлігінде осы тәртіпке деген наразылығы күшейе түсті. Дәл осы үрдіс КСРО өмірінің соңғы 5 жылының әлеуметтік саяси динамикасын анықтайды. 1986-1987 жылдардағы жариялылық жетекші элитаның артықшылығы мен өмір жағдайын ашқан кезде жай қарапайым адамдардың оларға қарсы ашу-ыза сезімі күшейді. Бұлардың барлығы ұйымдастырылған және жүйелі қоғамдық қарсылық қозғалыстарына алып келді. Ортаға шыққан ұлттық мәселелер орыс “отаршылдары” мен “жергілікті” ұлт өкілдеріні” арасындағы немесе көршілес ұлттардың арасындағы қақтығысқа алып келді.

Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен эскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда эскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға үшыратты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерциясының қарым-қатынастары: тарихи аспект (1991-2009 жж.)
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта алатын орны тақырыбын мектепте оқыту
«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
ТМД КЕҢІСТІГІНДЕ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастар
Экономикалық интеграцияның алғышарттары
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Қытайдың Орталық Азиядағы саясаты
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz