Тіл халықтың жаны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

Серік Бағлан

Ұлттық тележурналистика: тіл тазалығы мен сөйлеу этикасы

(«Қазақстан», «Астана» «КТК», «Сарыарқа» телеарналары бағдарламалары негізінде (2014-2019 жж. ) )

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В050400 - «Журналистика» мамандығы

Қарағанды 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»:

Журналистика кафедрасының меңгерушісі

ф. ғ. к., доцент Рамазанова Ж. С.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ұлттық тележурналистика: тіл тазалығы мен сөйлеу этикасы

(«Қазақстан», «Астана» «КТК», «Сарыарқа» телеарналары бағдарламалары негізінде (2014-2019 жж. ) ) »

5В050400 - «Журналистика» мамандығы

Орындады:

ҚЖ-42 тобының студенті Б. С. Серік

Ғылыми жетекшісі:

ф. ғ. д., професоор Қ. Д. Асанов

Қарағанды 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 6

1 Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл тазалығы мен сөйлеу мәдениеті . . . 10

  1. Тележурналистикадағы ұлттық бағдарламалардың тілдік сапасы . . . 10

1. 2 Тележурналист үшін шебер, шешен сөйлеудің маңызы мен қажеттілігі . . . 21

2 Қазақстандық телеарналар хабарларының тілдік, стильдік ерекшілігі . . . 33

2. 1 «Qazaqstan» телеарнасындағы тіл ажарын айшықтайтын авторлық бағдарламалар . . . 33

2. 2 «Астана», «КТК» телеарналарындағы ұлттық бағдарламалар: журналистің сөйлеу этикасы . . . 48

Қорытынды . . . 63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 67

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Қазіргі кезде жаңалық атаулыдан жан-жақты хабардар болудың бірденбір көмекші құралы телевизия болып отыр. Оның біздің өмірімізге терең араласатыны сонша-қазір ол тек жаңалық тасқынын таратушы ғана емес, сонымен қатар тәрбие көзіне айналған. Халық бойына сауаттылық пен мәдениет таратудың пәрменді құралы болып отыр. Халқымыздың ғасырлар бойғы ұғым-түсінігінің, бітім-болмысының көрінісі тіл арқылы танылатындықтан, теледидарда сөз мәдениетіне, сөйлеу мәнері мен оны тыңдаушы көрерменге жеткізуге ерекше мән беріледі. Тілге дақ түсірмеу, тілді қастерлеу, ең алдымен, «дұрыс сөйлеуден басталады». Сөйлеу мәдениетіне мән беріп, оған жауапкершілікпен қарау-бүгінгі рухани өреміз үшін қызармау, алдағы жарқын болашақтың қамын жеу деген сөз. Эфир - көрермен алдындағы жауапты сын, яғни олармен бетпе-бет келетін майдан іспетті. Теледидар көрермендері қызықсыз, тартымсыз хабарларға көңіл аудармайды. Көрермендердің қызығушылығын оятуда тіл байлығы мен сөйлеу өнерінің қатарласа қабысқаны керек. Егер сіз эфирде талғамсыз, нәрсіз бірнеше тіркесті қатар қолдансаңыз, одан әрі теледидар алдында көрерменді ұстау мүмкіндігінен айырылғаныңызды өзіңіз де сезінесіз.

Ақпарат әлемі талай жылдарды, ғасырларды артқа тастап, дамып келеді. Мәселен, жиырмасыншы ғасырдың адамзат баласы ұрпағының ѳміріндегі орны тым қомақты. Жаңалыққа жаны құмар пенделер адам жанына керекті дүниелерді күнделікті ѳмірінің бір бѳлшегіне айналдыруда. Солардың бәрінен де дерлік шоқтығы биік әрі «ғасыр жаңалығы» аталған-теледидар. Замана керуеніне кѳз қадап, айналаңа зер сала қарасаң қас-қағым ғана сәт. Алайда «кѳгілдір экран» уақыт уысынан шыға, әлем атты үлкен дүниеге әр қиырдан кѳз сала, ѳзіне ѳзгені табындыра әрі таңқалдыра белгісіз биіктерге бет алуда. Құпиясы мол, сыршыл да сыншыға дүние "адами пендені" ағысы адуынды, иірімді дария секілді ѳз тереңіне тарта жѳнеліп, ой-қиялына кіріге орнығып, ѳз уысында тұтқындап ұстауда. Уакыт сүрлеуінің ѳн бойындағы әрбір буын ѳз биіктігінде жаңашылдық туындата отырып, ол ѳз кезегінде дәстүр сабақтастығын ұзарта түсуде. Қандай жағдайда да дәстүр жаңашылдықтьң нәтижесінде уақыт ѳте келе қайтадан дәстүрге айналады да, келесі сатыда басқа жаңашылдық пайда болады. Бұл-үзіліссіз, үнемі болып тұратын құбылыс. «Ұлт қандай болса, теледидары да сондай» деген аксиоманың шындыққа айналған кезеңінде теледидардағы дәстүр тѳріне кімді отырғызамыз, кімге еліктейміз, кімнен үйренеміз деген сұрақ бүгінгі ұрпақтың кѳкейінде тұрғаны, ойландыратыны шындық. Теледидардың әр жылдардағы саңлақтарының теледидар тарихында ѳзіндік із қалдырғандығы, оқшау ізденістері мен жаңашылдықтарының бар екендігі анық. Алайда, теледидардағы дәстүр дегенде оның халықтың өзіндегі тамаша ѳнер мектебінен бастау алып, кеңестік теледидардағы дайын үлгілерге арқа сүйеп, соны алға сала отырып, ѳз психологиямызға ыңғайластыра алғандығымызды айтуымыз кажет.

Зерттеудің өзектілігі қазіргі кезеңдегі тележурналистика ісін одан әрі дамыту және осы кезеңдердегі қағидаларды басшылыққа ала отырып, тіл тазалығы мен сөз мәдениетіне қатысты олқылықтарды түзету арқылы эфир тынысын жандандыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осы тауқыметті шешудің негізгі тұтқасы еліміздегі журналистика саласында қызмет етіп жүрген әріптестерімізге аталған кемшіліктерге құлақ түріп, журналистердің қызметін ұдайы жетілдіріп отыру, ақпарат көздерін қоғамда пайдалануға ықпалын тигізіп, көрерменнің сұраныс талаптарына сай қызмет атқару.

Ақпараттық кеңестік әлемнің барлық елдерін қамтып, экономикалық және саяси қарым қатынастың жедел өсуіне тікелей әсер етуде. Бүгінгі журналистика минут сайын жаңарып, даму үстінде. Жаһанды ақпарат билейтіні жасырын емес. Төртінші билік иелері ақпарат тасқынын реттеп, сараптап, сапалы дүние етіп бұқараға жариялауға міндетті. Сан емес сапа билік ететін заман туды. Бұқаралық ақпарат құралдарының әр бірі өз ақапарат арнасына жауапты. Қоғам талап ететін мәліметті қаз-қалпында ұсына білу де жорналшы үшін үлкен құдірет. Қазақстан сияқты көпұлтты, көпконфессионалды мемлекетте барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіре алатын негіз - азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету, барша ұлттардың ана тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын және дәстүрлерін дамытуға жағдай жасау екені рас. Бұл өз кезегінде басты жауапкершілікті мемлекеттің негізін құрап отырған қазақ ұлтына жүктелмекші. Басты мақсат - мемлекеттің тұтастығы мен қалыпты дамуы үшін ұлттық сана менәдениетімізді насихаттау. Ол үшін теледидардың мол мүмкіндігін пайдалану заман талабына айналып отыр. Теледидардың адам өмір сүретін ортадағы рөлі ерекше. Көгілдір экран, өмір атты ұлы көштің өн бойында елімен бірге есейіп, қалың орман көрерменімен күн сайын сырласып келе жатқан қазақ теледидары, бүгінде ақылмандық, ағалық жасқа таяды. Ел қамы деп ерлікке пара пар істер атқарған атпал азаматтар, халық мұңы деп «жортуымен» түн қатқан тілшілер қауымының, үркердей тобы жылдар ішінде қалың шоғырға айналды. Толғаушы музаның аз уақыт ішінде тындырғаны, атқарғаны сақ құлақ кәрі тарихтың қойнауына жол тартып, мұрағаттар меншігіне айналған сырлы да сыршыл көркем дүниелер мен сан бояулы теле-кинофотокадрлар. Теледидар - әлемді билейтін кез келді. Әрбір азаматтың өміріне мықтап еніп алды. Күнделікті тыныс-тіршілігімізді телевизорсыз елестету мүмкін емес. Себебі әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан соңғы оқиғалардың көрінісін теледидардан тамашалай аламыз. Қоғам теледидарға сенеді. Ондағы болатын ток-шоу, жаңалық, телехикаяларды сағат санап, күтіп отырып көреді. Халықтың ақылманына айналған телевизия, елді бір мезетте баурап алады, жүрекке сенім отын ұялатып, жаманнан арылтып, жақсыға бағыт-бағдар беріп, әлемде орын алып жатқан кез-келген оқиғадан хабардар етеді.

Қазіргі таңда тележурналистикада сөз мәдениеті мен кәсіби этиканы орынды пайдалана алмайтындағы және арнайы бөлімінің, не белгілі бір кеңестің жұмыс жасамайтындығы бізді қатты қынжылтады. Бұл дипломдық жұмысымызда Қазақстандағы тележурналистиканың, оның ішінде сөйлеу мәдениеті мен кәсіби этика мәселелерін шешудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін, түрлерін, терең талдау жасап, ғылыми зерттеу жұмысын жүргіздік.

Тележурналистика - телевидение саласындағы барлық-дерлік шығармашылық әдіс-тәсілдері мен шеберлігін бір жүйеге тоғыстыратын ғылым саласы. Эфир - көрермен алдындағы өте жауапты сын. Бағдарламада жүргізушінің белгілі бір ойды айту барысында мүдірмей, кідірмей жеткізуі өз алдына, әрбір айтылмақ ойының дұрыс та, түсінікті жетуі аса маңызға ие. Әр саланың өзіне тән заңдылығы барын ескерсек, халық алдына шығып, көпшілікке сөзін тыңдатқан тележурналистердің бүгінгі талапқа сай болып жатқан¬дары саусақпен санарлық. Әсіресе, ойын-сауық, зияткерлік, таңғы, сенбілік, ток-шоу бағдарламалар легін тізіп көретін болсақ, келсін келмесін, кілең эстрада жұлдыздарының жүргізуі жаңашылдыққа саналып, дәстүрге айналуда.

Қазіргі кезде жаңалық атаулыдан жан-жақты хабардар болудың бірден-бір көмекші құралы радиомен бірге телевизия болып отырғаны белгілі. оның біздің өмірімізге терең араласатыны сонша - қазір ол тек жаңалық тасқынын таратушы ғана емес, сонымен қатар тәрбие көзіне айналған халық бойына сауаттылық пен мәдениет таратудың пәрменді құралы болып отыр.

Халқымыздың ғасырлар бойғы ұғым-түсінігінің, бітім-болмысының көрінісі тіл арқылы танылатындықтан, теледидарда сөз мәдениетіне, сөйлеу мәнері мен оны тыңдаушыны көрерменге жеткізуге ерекше мән берілді. Тілге дақ түсірмеу, тілді қастерлеу, ең алдымен, «дұрыс сөйлей білуден басталады». Сөйлеу мәдениетіне мән беріп, оған жауапкершілікпен қарау - бүгінгі рухани өреніміз үшін қызармау, алдағы жарқын болашақтың қамын жеу деген сөз.

Тіл мәдениеті сол тілде сөйлейтін ұлттың ерекшелігімен байланысты. Ал қазіргі қазақ тілінің бүгінгі сипаты телехабарлар тілінен көрінеді. Осыған орай «әр тілдің өзіне тән төл заңдылығы болады, сонымен бірге тіл-тілге ортақ заңдылық бар». Әр тілдің өзіне тән табиғаты болады. Тіл - үнемі дамып, толығып отыратын қоғамдық құбылыс. Қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың барлығы тілдің көмегімен өмірімізге еніп жатады. Телевизияныі ең басты әрі негізгі қызметі - қоғамда орын алған жаңалықтар туралы ақпарат беру болғанда, өмірге келген жаңа тілдік қолданыстарын қалыптасып тұрақталуында телевизияның ерекше қызмет атқаратындығы баршаға белгілі.

Зерттеудің жаңалығы - қазіргі таңда тележурналистиканың ерекшелігі, атқаратын қызметі мен маңыздылығы.

Зерттеу обьектісі:Қазіргі тележурналистің сөйлеу мәдениеті мен этикасын зерттеу.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

- Журналистердің кәсіби деңгейде ақпарат алып, таратуына, біліктілігін арттыруына жол ашу;

- Тележурналистиканың қоғам үшін атқаратын қызметі арқылы халықтың сөйлеу сауатылығын сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға әсер етуін талдау;

- Бұл мәселені шешу әдістерін талдау;

- Тіл тазалығының қажеттілігін айқындау;

- Бұл жұмыстың нәтижесін халық игілігіне ұсыну.

Дипломдық жұмысының практикалық мәні. Бұл дипломдық жұмыстың практикалық мәнділігінің негізі қайнары болып зерттеу негізінде ұсынылған бұл жұмыс «Журналистика» және «Тележурналистика» мамандығында оқитын студенттерге арналған әдістемелік ұсыныс оқу құралы ретінде қолданыла алады.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қортытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, деректі көздері мақұлдануы мен практикаға енгізілуі баяндалады. Қорытындыда зерттеудің нәтижелері бойынша тұжырымдамалар жасалынып, проблема бойынша келешекте орындалатын зерттеу перспективасы тұжырымдалады.

1 Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл тазалығы мен сөйлеу мәдениеті

1. 1 Тележурналистикадағы ұлттық бағдарламалардың тілдік сапасы

Республикалық арналарда жұмыс істейтіндердің көпшілігі жан-жақтан келгендер. Сондықтан олар көп жағдайда диалект сөздерді де пайдаланып жатады. Оған жол бермеу керек. Тағы бір айтатын мәселе ол - сөздердің дұрыс қолданбауы. Мысалы «қылмыскер құрықталды» дейді. Біріншіден, сот үкімі шыққан соң ғана қылмыскер деп атауға болады, оған дейін күдікті. Екінші, құрықталды деп тек жылқыға қатысты айтуға болады. Адам ұсталады. Құлағымыз үйреніп қалған бір сөз - жұмыс жасадым. Жұмысты жасамайды, істейді. Тағы бір сорақы қателік, тілшілердің кейбірі сан есімге көптік жалғау жалғайды. Cауатсыздық деп осыны айту керек! Міне, осы сияқты көптеген қате жазылатын, айтылтын сөздер мен сөз тіркестері бар. Оларды дұрыс қолданбаса, шынымен, тіліміз бүлінеді. Халықтың жоғын жоқтайтын, қазақтың тілі үшін жанын пида етуге даяр деп келген журналистеріміз мұндай сорақылыққа жол беріп жатса, басқадан не қайран.

Журналист еңбегінің ең басты мақсаты - ақпаратты бере білу, яғни коммуникативтік актіні жүзеге асыру. Микрофондағы журналист - ол жаңалықтарды хабарлайтын, қандай да бір оқиғаны, фактіні, құбылысты баяндайтын адам. Адам өз ойын сөз арқылы жеткізеді. Қазір асқан жеделдік, қысқа әрі нұсқа айту, дәлдік, ықшамдылық бірінші кезекке шықты. Мемлекеттік іс-шараларды орындауға жоспарлы түрде ат салысуда. Саясат және ұлттық сана, экономикалық және әлеуметтік өмір, тәуелсіздік бағытында жұмыс істей отырып, тәуелсіз республиканың дүниежүзілік қоғамдастық пен нарықтық қарым-қатынастағы жетістіктерін көрсету, халықтың мұң-мұқтажын үкімет тарапына жеткізу, елді әлеуметтік қорғау сияқты т. б. көптеген мәселелерде өзіндік таңба қалдыруы өзекті болып отыр.

Бүгінгі дамыған заманда, бәсекеге қабілетті қоғамда ақпарат ағынының қарқыны мен әсері айтып ауыз толтыра алмайтын, дәурені ойнап тұрған кезеңге келіп жеткен. Жас ұрпақтың тәрбиесі мен қалыптасуынан бастап, бүтін бір халықтың санасына ықпал ететін ақпарат құралдары адам санасының билеушісі аталып үлгерді. Кез келген қара шаңырақтың төрінен орын тепкен - «көк жәшік» бүгінде балаға ермек, қартқа жұбаныш болып отырғандығы рас. Осы орайда, қара халықтың естір құлағына сіңіп, көз майын тауысып көрер телебағдарламалар легі мен олардың сөйлеу тілінің қандай деңгейде екендігін сарапқа салып көрдік.

Баспасөз тіліне қарағанда телехабарлар тілі үш бағыт бойынша: бейне - дыбыс - сөздердің өзара үйлесімі арқылы анықталады. Телехабарлар тілінің сөзжасамдық құрылысы, стилі, сипаты сол бағдарламаның ерекшелігіне байланысты болады десек, шөпті де, шөңгені де әңгіме еткен қазақ тілді бағдарламалардың басым бөлігінің бағыты қайда апарып соғатынын анықтау қиын. Телехабарлар тілінің әмбебап табиғи ерекшелігінің бірі - интонацияға негізделген бейнелі ауызша әдеби сөйлеу тіліне сәйкес келеді. Тележурналистік шеберліктің басы - кемел де кестелі сөз өрнегін ұтымды, ұшқыр оймен құра біліп, оны дер кезінде, орынды қолдана білуімен анықталатын болса керек.

Теледидар газет, радиодан кейін өмірге келсе де, қазіргі кезде солардың әрқайсысымен бір қатарда тұрған және сол бұқаралық ақпарат құралдарына тән ерекшеліктердің бәрін өз бойына жинақтаған синтезделген өнер түрі болып табылады. Әрине, бұл әр күннің не бір жылдың нәтижесі емес, оған теледидар тарихындағы әрбір талант өз үлесін қосты. Қазақ тіл білімінде телехабарлар тілін зерттеуге бетбұрыс еліміз тәуелсіздік алған жылдардан басталады. Телехабарлар тілі туралы ғылыми мақалалар, ара-тұра айтылған ой пікірлер болмаса, қомақты да жүйелі ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ деуге болады. БАҚ ішіндегі теледидар хабарларының тілі жөніндегі мақалалардың басым көпшілігі 90 жылдардың екінші жартысынан бері көбейіп келеді. Мұның бірінші себебі - халық өміріне электронды ақпарат құралдарының енуі. Екіншіден, еліміздің егеменді мемлекет болуымен байланысты ұлттық тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы себеп болды [1] .

Бүгінгі таңдағы БАҚ тіл мәдениеті дамуының айқын бір құбылысы - тілдің үнемі даму, жаңару, толығу үстінде болуы, ол қоғамда болып жатқан жағдайлар мен тарихи оқиғаларға байланысты. Тіл орашолақтығы баспасөзден гөрі телехабарларда жиі байқалады. Түрлі коммерциялық, тәуелсіз телеарналарда мемлекетіміздің 50-де 50 тіл бағдарламасын әйтеуір орындасақ болды деген желеумен комментатор, диктор, тіпті тележурналист мамандарын ешқандай байқау, сынақсыз қабылдайды. Ал ондай мамандар әдеби тілдік норманы, сөйлеу мәдениетінің табиғатын білмек түгілі, ауызекі, тұрмыстық сөйлеудің өзін (акцентпен) бұзып айтады. Жалпы, тележурналистер тіліндегі кемшіліктер тоқталып кетсек:

- орыс тілді мәтіндерден тікелей аударудың нәтижесінде болатын қателіктер;

- тележурналистердің тілінің шұрайсыздығы;

- сөйлемдерді айтқанда, интонацияның дұрыс қойылмауы;

- сөз тіркестерінің дұрыс қолданылмауы;

- оқу мақамын дұрыс меңгермеуі; - мәтінді нақышына келтіре білмеуі;

- екпіннің дұрыс қойылмауы т. б. Осындай олқылықтар біздің бұқаралық ақпарат көздерінің қай- қайсысында кездесіп жататындығы рас.

Бүгінгі таңда елімізде 40 шақты телеарна бар. «Хабар», «Qazaqstan», «Kazsport», «Балапан», «Білім және мәдениет», «24 kz», «Kazakh TV», »МИР», «КТК», «Асыл арна», «Астана», «НТК», «Тамаша», «ТАҢ», «Алматы», «Жетісу», «7 арна», «СТВ», «Gakku», «31», «Hit TV», «MuzZone», сондай ақ «Qazaqstan» ұлттық арнасының аймақтардағы филиалдары бар. Енді 18 миллионнан астам халыққа қызмет етіп жүрген осы телеарналардың мемлекеттік тілдегі сапасын сарапқа салып көрейік.

Еліміздегі алдынғы қатарлардың біріндегі телеарналардың бірі «Хабар»Агенттігі» АҚ. Бұл агенттіктің қарамағында үш тілде хабар тарататын «Хабар», «24 kz», «Kazakh TV», «Білім және мәдениет» телеарналары бар. Әлімнің әр жерінде агеттіктің тілшілері жұмыс істейді. Арналардың 75 пайызындайын төл туындылары құрайды. Бағдардарламардың басым бөлігі әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды қамтиды және қазақша- орысша араласқан (55 пайызы мемлекеттік тілде) .

«Хабар»Агенттігі 25 жылға жуық уақыт ішінде көптеген жетістіктерге жеткен.

«Хабар» арнасы қазақ тілді бағдарламаларды, телехикаяларды жиі түсіреді. «Журналистік зеттеу», «Бабалар ізімен», « Ұлы дала өркениеті», «Бетпе- бет», «7 күн» сияқты сапалы бағдарламаларды атап өтуге болады.

«Хабар»Агенттігінің «Білім мен мәдениет» телеарнасы мемлекеттік тілге айрықша басымдық берген. Мәдени - ағартушылық бағыттағы телеарнаның басты мақсаты - мәдиеттің қоғамдағы орнын айқындау, адамдардың мәдени деңгейін көтеру. Ұлтымыздың тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, көрерменнің дүниетанымы мен білімін дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау арна туындыларының басты назарында мәселе.

Арнаның ерекшелігі мемлкеттік тілдің басымдылығы және бағдарламалардың тілдік сапасына мән беруінде.

Ұлттық телеарналардың ішінде тілдік сапасы жоғары «Жетісу» арнасы.

Алғашқы уақыттарда телеарна «Жұрұйық» атымен жұмыс бастап, қарқынмен дамып келеді. Әртүрлі саланы қамтитын 40 - тан астам төл туындылары бар арнаның басымдығы мемлекеттік тілге берілген. Арнан тек Қазақстан халқы ғана емес, шетелдердегі көрермендер де көреді. «OTAU- TV» спутниктік желісі арқылы Қытай, Моңғолия, Түркменстан, Пәкістан, Иран, Өзбекстан, Ресей, Түркия елдеріндегі қандастарымызға қолжетімді. Телеарнада «Тілсақшы» хабарында тілге қырағы тілшілер мемлкеттік тілдің мәртебесін, тіл тазалығын сөз етеді. Бұл телеарнаның тілге деген ерекше құрметі деп айтуға болды.

«31» телеарнасын 2008 жылы «СТС» телекомпаниясы сатып алып арнаның басым бөлігі орыс тілді ойын-сауық бағдарламалар болды. Бірақ қазақтілді көрерменнің наразылығының, сын -пікірінің арқасында қазақ тіліндегі бағдарламалар өз орнын табуда. Мемлекеттік тілде ақпарат жеткізу кезінде бұл телеарнаның тілшілерінің олқылықтары жетерлік. Мысалға, кешкі жаңалықтар жүргізушісі Аида Боранбай «Түркістанда 20 жастағы өзіне өрт қойған жігіттің халі әлі де ауыр» деді. Өрт - барлық тиген жерді жайпап кететін, мол ауқымды қамтитын қаулай жанған от. Соған байланысты қазақта «өртенді, от қойды» деген мағынадағы «от қою» орман, қала, үй, бау - бақша сияқты үлкен нысандарға қатысты қолданған. Ал ұсақ - түйекке, шағын заттарға, киімге қатысты «өртеп жеберді», «жағып жіберді» деп айтады. «Өрт қою» біреудің тарапынан басқа затқа қатысты істелетін әрекет. Сол себепті «өзіне өрт қойды» дегенге қарағанда «өзін - өзі өртеген жігіттің» десе мағыналық тұрғыдан да дұрыс болар елді.

«СТВ», «НТК» сияқты телеарналар әлі орыс тілінің үстемдігінен шыға алмай жүр. Бұл телеарналардың көрермендері айтарлықтай көп емес. Дегенмен тілдің сапасына мән беріп, қазақтілді көрерменге мәнді, мағыналар туындылар ұсынса деген оймыз бар.

Еліміздегі ойын - сауық, музыкалық телеарналарға тоқталатын болсақ айтар сын көп. «Hit TV», «MuzZone» «Gakku» арналарында ұлттық болмысымызға жат бейнелер, бағдарламалар көрсетіледі. Бағдарламалар екі тілде жүргізілгенімен басымдылық ресми тілге көбірек беріледі.

Қазақтың ұлттық болмысын «Таң», «Асыл арна», «Алматы» телеарналарынан көруге болады. Бұл телеарналарда қазақтілді бағдарламалардың сапасы жоғары және басымдылық мемлекеттік тілімізге беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Сөз образдар дүниенің тілдік бейнесін жасауға қатысатын тілдік бірліктер
Абай Құнанбаев (1845—1904) өмірінен қысқаша мәлімет
Қазақ тілі - бай тіл
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы
Қазақ тілі – менің тілім
Қазақ тілі - менің тілім, бабамның тілі
Тұрақты тіркестерді оқыту
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
Лингвомәдениеттанудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz