Қазіргі заман газеттеріндегі фото жанрлар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Казбекова Н

Қазақстан фотопублицистикасының даму процессі

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандығы 5В050400 - «Журналистика »

Алматы, 2019

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Қорғауға жіберілді
«» хаттама
Кафелра меңгерушісі, ф. ғ. д, профессор Сұлтанбаева Г
«__» «__» 2019 жыл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қазақстан фотопублицистикасының даму процессі

5В050400 - «Журналистика »

Орындаған: Казбеков Н

Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Абдраим А

Норма бақылаушы:
аға оқытушы

Алматы, 2019

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақстан фотопублицистикасының даму процесі
Диплом жұмыстың көлемі: 60

Диплом жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны:

Жұмыстың құрлымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде фотопублицистикасының даму кезеңдері, еліміздегі фотожурналистиканың даму процестері туралы сөз болса, келесі тарауларда осы салада үздіксіз қызмет еткен Рысқали Дүйсенқалиев, Нұрғожа Жұбановтардың еңбектерімен қатар өзекті мәселелер қарастырылған.
Жұмыстың нысаны: Фотопублицистиканың даму процессі
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Еліміздегі фотопублицистиканың даму процесіне сипаттама беріп, талдау.
Фотожурналистиканың мәселелерін дәлелді түрде, деректермен салыстырып, қазақ журналистикасында алатын орны мен маңызын зерделеу.
Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: Зерттеу барысында сұхбат, саралау, салыстыру, талдау, мазмұн мен түр ерекшеліктерін анықтау, тарихи әдіс пайдаланылды.
Диплом жұмыстың дерек көздері : зерттеу еңбектер, отандық диссертациялық зерттеулер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, ресми сайттар, электронды басылымдар.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы егемендігін алғалы бері өңірлік БАҚ құрылымының, сондай-ақ, көтерер тақырыптық аясының өзгерісі айқындалды, ерекшеліктеріне талдаулар жүргізілді. Елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттің ақпарат саясатын өңірлік журналистикада берілу үрдісі мен маңыздылығы толықтай зерделенді. Мерзімді басылымдарды түрлі мамандық иелері, әр түрлі мақсаттармен, әр түрлі қырынан зерттеуі мүмкін. Егер журналисттерді нақтылы басылымның әдеби - публицистикалық сапасы, автордың материалды бере білу шеберлігі қызықтырса, тарихшыны өзі зерттеп жүрген тақырыбы бойынша жарияланған фактылық материалдар қызықтырады. Ал, дерек танушы баспасөзде оның деректілік маңызы мен ерекшеліктерін көрсету үшін жалпы тарих дерегі ретіндегі ғылыми құндылығы анықтау үшін зерттейді. Міне, сол деректердің бір түрі фото болып табылады. Фото болған оқиғаны дәл етіп көрсетеді. Оның баспасөз арасынан орын тебуі өте орынды десек те болады. Фотожурналистика өзіне керекті тақырыпқа сай объектіні іздейді және оны дәл табиғи етіп көрсете алады. Менің диплом жұмысымның өзектілігі осы. Фотожурналистика Қазақстанда өте кеш дамыған мамандық. Десек те, ол журналистика саласында өзінің ақпарат беру ерекшелігімен, дер кезінде қағаз бетіне түсіріп, халыққа ұсыну қабілетімен көзге түсіп келеді. Фотожурналистика Қазақстанда жас ғылымдардың бірі болып табылады. Сондықтан да фотожурналистиканың қыр - сырын ашу, оның жанрларының түрлілігін ажырату, жаңа жаңалықтарын жария ету, оның журналистика саласымен бірге дамуындағы бір - бірімен ерекшелігімен ұқсастықтары секілді мәселелердің барлығы тақырыбымның өзектілігі болып табылады.

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

І. Фотожурналистика және оның мерзімдік баспасөзде орын алуы . . . 9-24
1. 1 Фотожурналистиканың қалыптасуы мен жүйеленуі . . . 9
1. 2 Халқымыздың алғашқы кәсіпқой фотосуретшілері . . . 12
1. 3 Түсіру кезіндегі қиындықтар мен қызықтар . . . 21

ІІ. Қазіргі фотожурналистика . . . 24-53
2. 1 Фотожурналистика жанрлары және баспасөзде орын алуы . . . 24
2. 2 Қазіргі заман газеттеріндегі фото жанрлар . . . 38
2. 3 Қазіргі фотожурналистиканың сипаты . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ . . . 59

Кіріспе

"Мен үшін фотосурет - бұл ойлау өнері.
Оның мәні қарапайым жерден
қызықты нәрсе табу . . . Мен бұл жерде
сіз көріп отырған нәрсені емес, оны
қалай көретіндігіңізді анықтадым".
Эллиотт Эрвитт

Адамзат өмiрiн мәндi де сәндi етуге зор септiгiн тигiзген жаңалықтардың бiрi - фотография. Фотожурналистика басқа фотографиялық өнерге қарағанда күнделікті өмірде біз байқамайтын шынайылықты көрсетуге көбірек бағытталған.
Фотожурналистика-журналистиканың ерекше түрі. Ол қоғамның ақпараттық өмірінің айнасына айналды. Ол ақпаратты суретке түсіріп қана қоймай, онда болып жатқан іс -әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек береді. Осылайша уақыт ағымында фотожурналистика маңызды рөл атқарып, жұртшылықта әлеуметтік белсенділік туғызып, дамудың жаңа жолдарын жариялап отырады. Фотожурналистика - көзқарас пен пікірді сурет арқылы білдіру. Дұрыс түсірілген сурет мәтіннен гөрі бәрін нақтылап айқындап береді. Себебі фотожурналистика - сөйлеп тұратын жанр.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде фотожурналистика өзінің ақпараттық дамуында биік белестерді бағындырып, дамуының жаңа бір бағытына көшуде. Бұл бағыт жаңа белестерді бағындыруға бағытталған талпыныстар бағыты болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы кәсіби фотожурналистердің қызметін қалыптастыру, дамыту және реттеу үдерістерін кешенді бағалау. Мерзімді басылымдарды түрлі мамандық иелері, әр түрлі мақсаттармен, әр түрлі қырынан зерттеуі мүмкін. Егер журналисттерді нақтылы басылымның әдеби - публицистикалық сапасы, автордың материалды бере білу шеберлігі қызықтырса, тарихшыны өзі зерттеп жүрген тақырыбы бойынша жарияланған фактылық материалдар қызықтырады. Ал, дерек танушы баспасөзде оның деректілік маңызы мен ерекшеліктерін көрсету үшін жалпы тарих дерегі ретіндегі ғылыми құндылығы анықтау үшін зерттейді. Міне, сол деректердің бір түрі фото болып табылады. Фото болған оқиғаны дәл етіп көрсетеді. Оның баспасөз арасынан орын тебуі өте орынды десек те болады. Фотожурналистика өзіне керекті тақырыпқа сай объектіні іздейді және оны дәл табиғи етіп көрсете алады. Менің диплом жұмысымның өзектілігі осы. Фотожурналистика Қазақстанда өте кеш дамыған мамандық. Десек те, ол журналистика саласында өзінің ақпарат беру ерекшелігімен, дер кезінде қағаз бетіне түсіріп, халыққа ұсыну қабілетімен көзге түсіп келеді. Фотожурналистика Қазақстанда жас ғылымдардың бірі болып табылады. Сондықтан да фотожурналистиканың қыр - сырын ашу, оның жанрларының түрлілігін ажырату, жаңа жаңалықтарын жария ету, оның журналистика саласымен бірге дамуындағы бір - бірімен ерекшелігімен ұқсастықтары секілді мәселелердің барлығы тақырыбымның өзектілігі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бүгінгі фотожурналистиканың хәл- жағдайына теориялық сипаттама беріп, талдау, бағалау. Қазіргі фотожурналистиканың технологиялық даму үдерістерін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері: Төменде көрсетілген мәселелерді дәлелді түрде, деректермен салыстырып сараптау.

  • Фотожурналистиканың тарихи тәжірибесіне тоқталу;
  • Фотосуреттердің берілу кезеңдері мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттеу;
  • Фотожурналистердің тілдік, стильдік, ерекшеліктерін талдау;
  • Фотожурналистиканың қулығы мен қыр-сырын қарастыру;
  • Жарнама және сауда маркаларымен жұмыс ерекшелігіне баға беру;
  • Фотожурналистердің сайттарын ашу мәселесін көтеріп, ғаламторда жаңалықтарды насихаттау;

Диплом жұмысының деректері. Деректер бүгінгі фотожурналистердің еңбегінен алынды. Еліміздегі фотожурналистердің шығармалары, ғаламтордағы ақпараттар зерттеу жұмысына ықпалын тигізді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл ғасыр - жаңа технологиялар мен ұлттық менталитеттің жаһанданған ғасыры. Елімізде фото сурет әлемі жаңа қарқында өрісі кеңейіп, жыл өткен сайын дамып келеді. Ел стратегиясының басты бағыты - аймақтық эканомика, мәдениет, кен ошақтарын, әлеуметті дамыту болса, оның барлық бағыты аймақтық жаңалықтармен тікелей сабақтас. Сондықтан барлық қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына сурет, басылым, бейне, дыбыс, сілтеме арқылы қол жеткізу - коммуникативтілік трендтін іске асыруымыз қажет.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысында баяндау, шолу, салыстырмалы талдау, жинақтау, ой қорыту әдістері кеңінен қолданылды. Бітіру жұмысының негізгі бағыты -зерттеу, ғылыми, журналистік сипатта өрбіді.
Диплом жұмыстың құрылымы : Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен алуан пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І. Фотожурналистика жанры және оның мерзімдік баспасөзде орын алуы

1. 1 Фотожурналистиканың қалыптасуы мен жүйеленуі

Фотожурналистика бүгінгі күні аса жоғары қарқынмен дамып жатқан мамандықтың бірі. Қаншама тарихы бар фотожурналистика қоғамдық маңызға ие болуда. Журналист - әмбебеп . Бұл теңеу тіпті біздің санамызға сіңіп қалғандай. Соның дәлелі, журналист фото тілші қызметін де атқара алады. СУРЕТ - журналистің қосымша қаруы, серігі, архиві, ақылшысы тіпті дәлелі. Бұл сөздер журналистика саласындағы фотографияның маңыздылығы, қажеттілігін білдіреді. Түсірілген суреттер адам өміріндегі қас - қағым сәттерді еске салып, журналистің сезім түйсігі, талғамын, шеберлігін айқын көрсетеді. Суретке қарап журналистің қаншалықты білімді екенін, даналығы мен даралығын байқауға болады.
«Бір ғана сурет он мың сөзді ауыстыра алады, егер ол он сөзбен жарияланса ғана», - дейді Эдварл Стейхен. Расыменде бүгінгі кез келген басылымдарда, газет-журнал, кітап болсын сурет өте көп орналасады. Неге? Себебі, жүз рет естігенше бір рет көрген жақсы емес пе? Көзге сенімді көрінген сурет кез келген жердің сәнін келтіреді және рөлі ерекше екені сөзсіз. Фотожурналист қас-қағым сәттерді жібермей, жылдам түсіріп алуға міндетті. Яғни, дәл уақытында бір нәрсенің ерекшелігін алуға оны көрсетуге міндетті. Фотожурналист үшін сурет ақпаратты хабарлайтын жедел, тиімді құндылық. Фотожурналист өзінің еңбегінде аса шеберлікті таныта білсе, мұны талант яғни өнер деп айтуға болады [2] .
Фотожурналистика - фотографияны негізгі ақпарат көзі ретінде пайдаланатын жрналистиканың ерекше түрі. Фотожурналистика фотографияның негізгі туыстас жанрларынан төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:

  • Уақыт - суреттердің хронологиялық оқиғаның дамуы барысындамаңызы зор.
  • Объективтілік - фотосуреттер шынайы болады және дәл түсірілген, оқиғаларды қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді.
  • Баяндау - жаңалықтың басқа элементтерімен астасып, оқырман мен көрерменге қосымша әрі толық ақпарат беруге септігін тигізеді.

«Фотожурналистика» терминін 29 жыл қатарынан Миссури Университетінде сабақ берген Клифф Эдом (1907-1991) шығарды деп есептеушілер көп. [2] .
Ол жерде Эдом 1946 жылы алғашқы фотожурналистер тобын ұйымдастырған. Тағы бір ғалымдар Фотожурналистер мектебінің деканы Френка Л. Моттаны атайды. Фотожурналистика тарихы - салыстырмалы түрде жас ғылым және пән болып табылады. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап дами бастады.
Тағы басқа деректерге сүйенсек, тұңғыш фото тілші Роджер Фентон екен. Ол 1855 жылы ағылшын экспедициялық кешенімен Қырымға аттанып, бір жылдан кейін жүздеген суреттермен оралған. Сол кездің өзінде фотокамера шынайы өмірді, шынайы тіршілікті көрсетуге зор үлесін қосты. Ал, Мээтью Брейди - алғашқы әскери фототілшілердің қатарында болған. Ол азаматтық соғыс туралы шындықты айтып, оларды суретке түсіру үшін Нью-Йорк пен Вашингтондағы портреттік кәсіптерінен бас тартқан. Сол кезде түсірген суреттері Америка тарихында аса құнды құжат ретінде бағаланады. Ал біздің елімізге бұл сала 1841 жлдың 6 желтоқсанында аяқ басқан. Дәл сол күні Ордада «Жәңгiр мектебiнiң» ашылу салтанатына Жәңгiрхан Ресейден арнайы фотограф шақыртып, осы мектепке алғаш қабылданған оқушылардың ортасында отырып түскен фотосуретi тарихтан белгiлi. Фотография Еуропа төрінен орын алса да, біздің елімізге өте жылдам, қарқынды түрде жетті. Елімізге жылдам жеткенімен, баспасөз беттерінде тез көрініс таба алмады. Оның белгілі бір себептері жоқ емес, бар. Ең бастапқы себебі, елімізде мерзімдік баспасөзді басып шығаратын баспаханалардың жоқтың қасы еді. Екінші себебі, суретті басып шығаратын қағаздармен, клишелердің жоқ болуы. Анда-санда ғана газет беттерінде фотосуреттер жарияланып тұрды. Мәскеуден дайын клишелер келген уақытта ғана.
Фотографияға деген қызығушылық күн санап артып жатты. Оның мысалы ретiнде бүкiл саналы ғұмыры, 1899 жылмен 1958 жылдың аралығын қамтыған Дмитрий Поликарпович Багаевтың фотографиялық қызметi тек бiр ғана Павлодар облысының өсiп-өркендеу жолына бағытталса, Евсей Ефимович Блехманның шығармашылық қызметi Қазақстан Республикасының алғашқы АССР болып құрылған кезiнен кешегi тың және тыңайған жерлердi игеру кезеңiне дейiнгi тыныс тiршiлiгiн әсте қалт жiбермей, фото-кино аппараттарына арқау еттi . Және ерекше атап өтетін Шәңгерей Бөкеев. Ол Петерборда өткен салтанатты жиында ІІ Николай патшадан фотоқұрылғыны құралдарымен бірге алған. Содан бастап, бетке ұстар азаматтарды суретке түсіріп, ұрпаққа өшпес мұра қалдырған тұлға. Фотография саласында өзіндік орны бар Әліби Жангелдинді атап өтпесе болмас. Жер шарын жаяу аралап, қазақ халқының қиын да күрделі тұрмыс тіршілігін, қызықты да қуанышты сәттерін түсіргендігі баға жетпес байлық. Бірақ, сол суреттердің барлығы ұстағанның қолында кеткені өкінішті . . . Сол суреттер бүгінгі таңда музейлерде сақталғанда осы салада жеткен жетістіктеріміз биік болар еді . . .
Фотожурналистика күн санап өзінің ерекшелігі мен артықшылығын арттырып жатты. Адамдарды жан - жақты болуға, көрмегенді көруге үлкен мүмкіндік жасады. Француздың белгілі суретшісі Поля Делароманынь: «Сурет өнерге үлкен қызмет көрсетеді», - деп жарық пен сызудың артықшылығын айтқан екен. Расында да, уақыт өте бұл сөз шындыққа жанасып, сурет үлкен қызмет атқаруда. Соның ішінде фотожурналистердің суреті аса мағыналы, тың дүние болуы міндетті. Осы дүниелермен өзге сурешілерден ерекшеленеді. Фотожурналистке жасандылық емес, қас - қағым сәт маңызды. Әлемде қандай жағдай болмасын, кез келген сәтте фотосуретшілер жұмысын тоқтатқан жоқ. Мысалы, соғыс кезінде қаншама қиындыққа мойымай өз ісіне адал болған ең танымал фототілші - Роберт Капа. 1931 жылдан бастап суретке түсіріп жұмысын бастаған. Соғыс кезңіндеріндегі суреттерді түсіру үшін ең алғаш Испанияға барған. Дәл сол жерде ол «Республиканшының өлімі» немесе «Құрбан болған жауынгер» деген атпен де белгілі ең танымал соғыс суреттерінің бірін түсірді. 1935 жылы түсірілген осы бір фото бүкіл әлемді шарлаған болатын. Фотожурналистика үлкен еңбек пен мықты жүректі талап ететін қызмет түрі.
Фотожурналистика - журналистиканың функцияларын атқарушы сала. Ал, М. Бугаев: «Фотоөнер мен журналистиканың егіз жаралғандығына көз жеткіздік. Ол екеуін бөліп - жарып қарауға болмайды», - деген пікірімен толықтай келісемін. Ал, кейбір ғалымдарымыз екеуінің екі бөлек дүние екенін, екеуі етене жақын болғанымен, екеуінің қызметі екі бөлек екенін алға тартады Бірақ, екеуі бірін - бірі қай уақытта болмасын толықтырып тұрады[3] .
Бұндай түсірілген фотосуреттер мерзімді басылымдарда сәндендіру, безендіру мақсатында қолданылды. Тұрақты түрде газет- журнал беттерінде 1932 жылдың 9 мамырынан бастап жариялана бастады. Дәл осы күні Алматыда ВКП (б) Орталық Комитетiнiң партиялық баспасының Қазақстандағы филиалы ашылды. Соған байланысты баспахана техникалық тұрғыдан жаңартылып, газет-журнал беттерiнде жарияланатын фотосуреттердiң клишелерiн жасайтын цех iске қосылды. Бұл өз кезегiне орай мерзiмдiк баспасөздiң сапасын арттырумен қатар олардың бiр орталыққа шоғырландырылуына мүмкiндiк туғызды. Осылай фотография мерзiмдiк баспасөздiң бетiндегi безендiру, көркемдеу құралынан бiрте-бiрте кеңейiп, журналистиканың жеке саласына қарай аяқ басты. Газет-журналдардың штаттық кестесiне фототiлшi мамандығы енгiзiлдi . Елімізде болып жатқан қиын кезеңдерде облыстық, аудандық газеттер жабылып қалған болатын. Бірақ, уақыт өте әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің студенттері осы саланың дамуына, өркендеуіне зор үлесін қосты.
Фото тілші ең әуелі әлемге, әлемдік жаратылыстарға, кез келген нәрсенің ерекшелігін аша білетін қасиетке ие болуы керек. Ондай сезім, мамандыққа деген махаббат болмаса, халықтың және фотожурналистердің көңілінен шығу, өнердің талабын орындау оңай нәрсе емес. Кез келген жасалынған еңбекке қарап, еңбекшінің еңбекқорлығын, еңбекшінің мінезін байқауға болады. Г. Григорьев: «Фотосурет фотожурналистің нәзік тұстарын бейнелейді. Фотосуретпен айналысқан адамның уақыт өте мінезі өзгереді, әрине сезімталдылыққа қарай», -деген екен. Осы уақытқа дейінгі ақпараттарға көз жүгіртсек, біздің елімізде фотожурналистика саласы өте кеш дамыған . Десек те, бұл өнерді өзге салалар сияқты бірнеше құрамға, жеке сала етіп, жеке жанр ретінде қарастыруға болады.
Алғашында фото тек фото болғанда оның маңызы қазіргідей емес еді. Оны тек сурет қана яки бір нысанды сол қалпында көрсетуші ғана, - деп түсіндірді. Уақыт өте бұл түрлене берді, жаңа технологиялар енгізіле бастады. Бұл фотоны өмірге тек бір ғана адам алып келген жоқ. Көптеген ғалымдардың ұйқысыз өткен күндеріндегі еңбегі орасан зор. Бұл саланың қазіргі уақытта орны ерекше. Фотожурналистикадан бұрын, фотоның қандай мағына беретінін, қалай пайда болғанын айтып өттім. Ал, фото - жарық, граф - сызу, жазу деген мағынаны білдіреді.

1. 2 Халқымыздың алғашқы кәсіпқой фотосуретшілері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фото жанрлар мен баспасөз жанрлары арасындағы ұқсастық пен ерекшелік
Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар
ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері жөнінде
Репортаж жанры
Публицистика жайында
Ақпарат жанры
Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі
Сұхбат түрлері
Репортаж жанрының ерекшелігі
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz