Ток - шоу тақырыптары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Ж. Ғаниқызы
Д. Мұхтар
Ток-шоу жанрында әлеуметтік мәселелер көтеретін жастар
бағдарламасын дайындау
ДИПЛОМ ЖОБАСЫ
5В050400 - «Электрондық журналистика» мамандығы бойынша
Алматы 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Ақпараттық технологиялар факультеті
Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасы
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі ф. ғ. к., ассоц.
профессор А. А. Ниязғұлова
«___» 2019ж.
Диплом жұмысына
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Ток-шоу жанрында әлеуметтік мәселелер көтеретін жастар
бағдарламасын дайындау
Студент: Ж. Ғаниқызы
« ___ » 2019ж. (қолы)
Студент: Д. Мұхтар
« ___ » 2019ж. (қолы)
Жетекші:
«МжҚТ» кафедрасының сениор-лекторы
Ш. Қалиаждарова
« ___ » 2019ж. (қолы)
Рецензент:
«Қазақстан» ұлттық арнасы
«Қарекет» бағдарламасының продюсері
С. Айдаболова
« ___ » 2019ж. (қолы)
Алматы 2019
Жоба (жұмыс) бойынша кеңес берушілер (оларға қатысты жоба (жұмыс) бөлімдерін көрсетуімен)
Тапсырманың берілген мерзімі
(қолы)
Жетекші: Ш. Ы. Қалиаждарова
(қолы)
Тапсырма орындалуға берілді
(қолы)
Студент: Д. Мұхтар
(қолы)
Студент: Ж. Ғаниқызы
(қолы)
Жетекші: Ш. Ы. Қалиаждарова
(қолы)
Күні « ___ » 2019ж.
МАЗМҰНЫ
І ТАРАУ
ТЕЛЕВИЗИЯДАҒЫ ТОК-ШОУ
- Телевизиядағы ток-шоу . . . 11
ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНДАҒЫ ТОК-ШОУ
- Қазақстан телеарналарындағы ток-шоудың жанрлық жіктелуі . . . 20
- Отандық ток-шоу: шындық па, әлде шоу ма? . . . 25
2. 3 Ток-шоу тақырыптары . . . 27
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТОК-ШОУ ЖАНРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛЕТІН ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫН ДАЙЫНДАУ
3. 1 «Зерде» ток-шоуының көтеретін мәселелері . . . 30
3. 2. «Зердені» түсіру барысындағы тәжірибелік әдістер . . . 35
3. 3. «Зерде» ток-шоуының нәтижесі . . . 47
ІІІ ТАРАУ
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
4. 1. Ток-шоу аудиториясы. Жастарға не берді? . . . 49
4. 2. Классикалық ТВ және әлеуметтік желі аудиториясы . . . 50
4. 3. «Зерде» ток-шоуынан алынған тәжірибе . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57
Қосымша . . . 59
ДИПЛОМ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ КЕСТЕСІ
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің
4-курсы, 5В050400-журналистика мамандығы, 1501к, 1502к тобы
Жанар Ғаниқызы
Динара Мұхтар
Тақырыбы: Ток-шоу жанрында әлеуметтік мәселелер көтеретін жастар
бағдарламасын дайындау
Атқарылатын жұмыстар
Күнтізбелік жұмыс жоспары
Орындалу уақыты
(күні, айы)
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасы
5В050400 - «Электрондық журналистика» мамандығы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА (ЖОБАСЫНА)
ТАПСЫРМА
Студенттердің аты-жөні: Жанар Ғаниқызы, Динара Мұхтар
Дипломдық жобаның тақырыбы: Ток-шоу жанрында әлеуметтік мәселелер көтеретін жастар бағдарламасын дайындау
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «10» 11. 2019ж.
№39/1-С бұйрығы бойынша бекітілді.
Аяқталған диплом жобасын тапсыру мерзімі «___» 05. 2019ж.
Жобаға пайдаланылған негізгі мәліметтер:
Дипломдық жобасын жазу барысында біз Ж. Әбдіжәділқызының «Тележурналистика: оқу құралы» (2018), Ш. Қалиаждарованың «Телевизиялық хабар дайындау технологиясы» (2016), В. Третьяковтың «Теория телевидения: ТВ как неоязычество и как карнавал» (2018), және К. Қабылғазының «Телерадиожурналистика: теория, тәжірибе, түйін» (2017) оқулықтарынан дипломдық жұмысқа керекті ақпараттар алынды.
Диплом жобасында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жобаның қысқаша мазмұны:
Дипломдық жобада андатпа, кіріспе бөлімі, үш тарау және әдебиеттер ұсынылған. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеті тұжырымдалады және зерттеу нысанына анықтама беріледі.
Бірінші тарауда жалпы ток-шоу тарихы, оның Қазақстанда дамуы мен қалыптасуы жайлы жазылды. Екінші тарауда ток-шоу жанрында әлеуметтік мәселелер көтеретін жастар бағдарламасын дайындау процесі жайлы, «Зерде» жастар ток-шоуының жасалу жолы, көтерілген мәселелері мен оның нәтижелілігі туралы айтылған. Үшінші тарауда жоба аудиториясы, классикалық телевизия мен әлеуметтік желі аудиториясының айырмашылықтары айтылып, салыстырмалы талдау нәтижелерімен дипломдық жобаны қорытындыладық.
Диплом жобасы мен қосымшалары көшірілген CD лазерлік дискісі
Аңдатпа
Дипломдық жоба тақырыбы - Ток-шоу жанрында әлеуметтік мәселелер көтеретін жастар бағдарламасын дайындау.
Дипломдық жоба аңдатпа, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тарауда жалпы ток-шоу жанрына анықтама, жанрыдың пайда болу тарихы, жіктелімі мен әлемдік ток-шоулар туралы жазылады.
2-тарауда Қазақстандағы ток-шоулар, олардың көтеретін тақырыптары, артықшылығы мен кемшіліктері айтылады.
Негізгі бөлімде «Зерде» ток-шоуының көтеретін тақырыптары, жастар арасында жүргізілген сауалнама мен практикалық әдістер, жобаның нәтижесі қамтылады.
Қорытынды бөлімде ток-шоудың телевизиядағы, ұлт тәрбиесі мен қоғамның дамуына ықпалы жайлы деректермен толықтырылады. Өз тәжірибемізден түйгенімізді ғылыми тұжырымдамамен түйіндедік
Дипломдық жоба 60 беттен тұрады. Сонымен қатар әдебиеттер тізімі ұсынылған. Әдебиеттер саны - 35.
Аннотация
Тема дипломных проект - Создание молодежной программы в жанре ток-шоу на тему социальной проблематики.
Работа состоит из аннотаций, двух раздела, заключения и списка источников.
В первом разделе дается пояснение, история становления, классификация жанра ток-шоу и мировые практики.
Во втором разделе говорится о программах в жанре ток-шоу в казахской телевидений. Взвешиваются плюсы и минусы отечественных программ.
В основной части был сделан анализ опроса проведенный среди молодежи, балгодаря которому были определены темы выпусков ток-шоу «Зерде». Также весь творческий процесс практического метода и эффективность проделанной работы.
В заключений дается краткое разъяснение роли ток-шоу в телевидений и в воспитаний наций. Также освоенный опыт тесно свзяан с научными концепциями.
Дипломный проект содержит 60 страниц. А также 35 источников.
Abstract
Theme of diploma project - Creation of youth talk-show program on the subject of social issues.
The project consists of annotation, 2 sections, main chapter, conclusion and list of sources.
The first section provides an explanation, the history, formation and classification of the talk-show genre. As well as a summary of the programs in the genre of talk- show in world programs.
The second section is about talk-show programs in kazakh channels. There were deliberated pros and cons of them.
In the main chapter was made an analyses of a survey conducted among young people, on whom the topics of the `Zerde` talk-show releases were identified. As well as the whole creative process of the practical method and the effectiveness of the work done.
The conclusion gives a definition about the importance of talk-show in TV and upbringing nation. Also mastered experience was connected with science concept.
Diploma project contains 60 pages and 35 sources.
Тақырыптың өзектілігі:
Телеарналардағы ток-шоу жанры қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие. Елде болған соңғы жаңалықтар, келеңсіз оқиғалар, ерекше жайттар мен түрлі мәселелер қозғалатын бұл телевизиялық жанрдың қоғамға пайдасы мол. «Zerde» ток-шоуы - жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді көтеретін бағдарлама. Дипломдық жобада әлемдік және отандық ток-шоулардың артықшылығы мен кемшілігі сараланып, ток-шоу жанрына тән ерекшеліктер мен қойылатын талаптар жазылады.
Тақырыптың зерттеу деңгейі.
Әлеуметтік мәселелерді көтеретін бағдарламалар отандық телеарналарда көрініс тапқанымен, арнайы зерттеуге нысан болмаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Жастар арасында сауалнама жүргізілді. Мақсаты - оларды толғандыратын мәселелерді анықтап, шешімін табу. Көптің көкейіндегі сұрақтардың бағдарлама барысында көтеру.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Еліміздің арналарында ток-жанрындағы бағдарламалар түрлі мәселелерді қамтып жүргенімен, жастар бағытындағы бағдарламалар жоқтың қасы. Ал жастардың жастарға арналған дүниелерін тіпті таппаймыз. Сондықтан, осы жоба аясында маңызы бар мәселелерді жастардың баяндауы мен мамандардың көзқарасы, аға буын өкілдерінің пікірімен ұштастырып, бұқараға ұсындық.
Зерттеу тәсілдері:
Дипломдық жобада баяндау, салыстыру, талдау, сараптау, баға беру, ғылыми тұрғыда тұжырымдау, теориялық деңгейде жүйелеу, практикалық әдіспен ұштастыру, қорыту әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің нысаны:
Дипломдық жобаның нысаны - жастар арасындағы өзекті әлеуметтік мәселелер. Сан сұраққа жауап іздеген бағдарлама шығарылымдарында көтерген сұрақтардың шешімін табуға талпындық.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Әлемдік және отандық ток-шоу жанрының пайда болу, қалыптасу, даму үрдісіне тоқталу. Шетелдік және Қазақстандық ток-шоу жанрындағы бағдарламаларды талдау. Теориялық білімді практикамен ұштастырып, 4 шығарылымнан тұратын ток-шоу жанрындағы бағдарлама әзірлеу. Дипломдық жоба 2 тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ
- Телевизиядағы ток-шоу
Бүгінде телеарналардың барлығын жаулап алып, көрерменнің ықыласына бөленген жанрлардың бірі - ток-шоу. Жалпы бұл жанрдың ерекшелігі неде? Неліктен ол «Ток-шоу» деп аталады? Телевизия жанрының зерттеушісі Ш. Қалиаждардың тұжырымдамасына сәйкес, ток-шоу - студияға арнайы қонақтардың шақырылуымен болатын әңгімеге құрылған жанр. [1] Онда басты назар студияға шақырылған кейіпкерлерде болады. Себебі олар ақпараттың басты көзі және қалың бұқараның назарын аудартқан негізгі тұлға іспеттес. Сондықтан журналист студияға келген кез-келген сарапшы, маман, кейіпкер, қонақтармен жақсы қарым-қатынас орнатуы шарт. Aл «тoк-шoу» ұғымы «cөздiк қoйылым» дeгeндi бiлдipeдi. Aғылшын тiлiнeн aудapғaндa «talk show», яки «cөйлeйтiн шoу» дeгeн мaғынaғa дa иe. [2] «Битлы перестройки» кітабындағы Иван Демидовтың қолданысынан кейін «толк шоу» атауының орнын «ток-шоу» сөзі алмастырған. [3]
Ток-шоу жанрының өзге жанрлардан ерекшелігі - алдын-ала жазылған сценарий арқылы өрбуі. Қағаз бетіне түскен жоспар іспеттес сценарий болғанымен, бағдарлама барысына сәйкес ол өзгеріп отыруы мүмкін. Сондықтан да жүргізушіге қойылатын талаптар орасан зор:
- Кейіпкер сөзін мағыналы жерден бөлу. Кей кездері жүргізуші қонақ жақсы пікір айтып жатқан тұста «телефон қоңырауына», «жарнамаға» кезек беріп жатады. Бұл дұрыс емес;
- Жүргізуші кейіпкерлердің тақырыптан ауытқып кетпеуіне ықпал жасап, бағыт-бағдар беріп отырушы;
- Ток-шоуда аяқ-асты әртүрлі пікірлер айтылып, оған қатысушылар өз ойларын әртүрлі көңіл-күймен жткізіп жатады. Міне, осындай жағдайлардың орын алуына ықпал ету;
- Жүргізуші бейтарап пікір ұстануы қажет. Ол ешқандай тараптың ой-пікіріне қосылмауы керек. Ток-шоу жүргізушісі өзінің келіспейтін тұстарын айтуға және пікірлерге байланысты сауал қоюға мүмкіндігі бар;
- Жүргізушінің эфирдегі мәдениеті де басты назарда болуы тиіс. Киім киісі, студиядағы жүріс-тұрысы және әлеуметтік топ өкілдерімен сөйлесу мәнеріне де аудитория ерекше көңіл бөледі.
- Ток-шоу студиясында әртүрлі жағдайлар болып тұрады. Сол себепті жүргізушіге жылдам шешім шығаратын, тез арада қарым-қатынасты байланыстыру шеберлігі мен терең ойлылық, жан-жақты білімділік аса қажет. [4]
Бағдарлама тізгінін ұстайтын жүргізушінің кәсібилігі мен біліктілігі көп нәрсені шешеді. Оның ұстанымы, көзқарасы, мақсаты қандай болса, бағдарламаның мәні мен мазмұны да сол қарқында өрбитіні сөзсіз. Неше түрлі күтпеген жағдайлар орын алғанда да, оны ұтымды пайдаланып, бағдарлама шығарылымының шынайы шығуына атсалыса білу керек. Отандық арналардағы ток-шоулардың өміршеңдігі де осы жүргізушілерге тікелей байланысты. Мысалы, «Қазақстан» арнасында алтыншы жыл көрсетіліп жатқан «Айтуға оңай» немесе «Қарекет» бағдарламасының имиджі оның жүргізушісі - Бейсен Құранбек десек артық айтпаймыз. Оның сөз саптауы, өзін өзі ұстауы, кейіпкерлереге, қозғалып жатқан тақырыпқа деген көзқарасы, еңбек жолы - барлығы да бағдарламаның стиліне сай келеді. Түрлі әлеуметтік мәселелерді, тағдыр тауқыметін тартқан кейіпкерлерді көрсетіп, қоғамдағы олқылықтың орнын толтыруға атсалысып жүрген бірден-бір ток-шоу да осы. Осы бағдарламаның продюссері Әлия Құдайберген қазір көп жастардың арасында «Қайтсем танымал боламын?» деген ұран пайда болғандығын айтады. Олар танымалдылығы артқан сайын, жағдайы жақсарып, қалтасы тола түседі деген қате пікірге бой алдыратын болса керек. Бұндай пікірдегі адамдар терең ойланбай, тек атын шығарудың қамын жасайды. Өз кезегінде, бұндай мамандар отандық арнаның сапасына нұқсан келтіретіні сөзсіз. [5] Расында да, отандық бағдарламалардың тізгінін ұстаған жастар танымал болуды түрлі айла-тәсілдерін ойлап табады. Бүгінде рейтингтың соңынан қуған бағдарламалардың көбейіп, сапаның төмендеуі де осыған тікелей байланысты. Ток-шоу жанрына қойылатын тағы бір талап : түсірілетін нақты орны мен қатаң сақталатын циклділігі, яғни, бағдарламаның жүйелілігі. Бұл жанр сұрақ-жауап түрінде өрбиді. Жүйелік сұрақтың сапасы, бағыты мен қисыны бағдарламаға қажетті шиеленіс пен серпін беріп, сюжеттік желісін ашады. Негізгі сұрақтар жүргізуші тарапынан қойылады. Ал оған ток-шоудың әртүрлі санаттағы көрермендері (кейіпкерлер, сарапшылар, көрермендер) жауап береді.
Қазіргі таңда ешбір ток-шоу бағдарламасы белгілі-бір тақырыпқа немесе кейіпкерге байланысты видео сюжетсіз өтпейді. Өйткені, жүргізушінің ұзақ-сонар баяндамасынан гөрі 1-2 минуттық бейне материал көрген көрерменге әлде қайда ыңғайлы. Тағдырдың тауқыметін тарқан жандар, ерекше дарын иелерін қысқа-нұсқа әрі көрерменге әсерлі етіп жеткізудің ең оңтайлы жолы да осы видео сюжет. [6] Жалпы алғанда, қазіргі таңда қай елде болмасын шынайы болмысты жеткізуге барынша жағдай жасалған. Жаһандық технологиялардың дамуымен ток-шоу режиссурасы жаңа бір деңгейге көтерілді. Барлық түстерді қанық, яғни, ақты ақ, қараны қара етіп бейнелеуімен қатар, кейіпкерлердің түрлі эмоцияларын (жанарындағы жас тамшысы) немесе әжімдерін анық көрсететін болды. Бұндай сюжеттердің дайындалуы ток-шоу тақырыбының ашылып, көрерменге әсерінің жоғары болуына әсер етеді.
Бүгінде ток-шоу рейтингісі ең жоғары телебағдарламалардың қатарында. Аудиторияның қызығушылығын сақтап қалу үшін көрермендердің қызығушылығын тудыратын түрлі айла-әрекеттер бар. Басты мақсат - олардың сана- сезіміне әсер ету. Телевизиялық коммуникацияны зерттеген Л. В. Матвеева жетекшілік еткен авторлардың еңбектерінде ток-шоудың адам санасына әсер ету жолдарын былайша көрсетеді :
- Баса көктеп кіру - көрерменнің санасына оның қаншалықты ақпаратты қабылдауға екендігіне қарамастан, белсенді түрде әсер ету арқылы өзіңе қарату; мұндай жайт, көбіне, аудиторияның мінез-құлқы мен ондағы жағдайдың белгісіздігінен тундап жатады.
- Шегіну - бұл жағдайда жүргізуші коммуникатор мен аудитория арасындағы байланыстың болмауы, бір-бірлерін дұрыс түсінбеуі, қабылдамауы әсер етеді. Көрермен оның ішкі дүниесіне жол таба алмаған немесе оған асықпаған хабар авторын түсінгісі келмейді.
- Өз тарапынан ашылу, ақтарылу - коммуникатор - жүргізушінің өз тарапынан өзіндік келбетін таныту, ұстанымын көрерменге жеткізу, оның авторлық монологынан көрермен тыс қалады.
- Ішке тарту - коммуникатор мен көрерменнің бір бағытта әрекет етуі, олардың бір-бірін түсінісуі, іс-әрекеті, шығармашылығы, қызмет етулері, өткенге, бүгінге, ертеңге бірге айғыруы, бір сөзбен айтқанда, іштей ұғынысу. [7]
Бұл әсер ету жолдарының әрқайсысында ең маңыздысы - жүргізуші-коммуникатордың кәсібилігі мен аудиториямен дұрыс байланыс құра алуында деген тоқтамға келуге болады.
Ток-шоу жанрындағі тілдік ерекшеліктерді төмендегідей жіктеуге болады:
- Ауызекі сөйлеу тілінің элементтері;
- Сыпайылық категориясы;
- Қалжың категориясы;
- Диалог, монолог;
- Тақырыпқа сәйкес қойылатын дәстүрлі сұрақтардың болуы;
- Бағалаушылық категориясын анықтайтын тілдік құралдар;
- Бейвербалды амалдар [8]
Ток-шоу қарапайым адамдардың қатысуымен белгілі-бір тақырыпты талдау негізінде жүзеге асатын жанр. Сондықтан, бағдарламалардың қай-қайсысын алып қарасақ та, ауызекі сөйлеу тілінің элементтерін кездестіреміз. Оның ішінде кең тарағаны - диалог пен монолог. Қарапайым мысал ретінде бағдарлама басында жүргізуші студияға келіп, қонақтар, кейіпкерлер, сарапшылар, көрермендермен танысып, тақырыпты жариялауын монолог есебінде қарастыруға болады. Кейіннен бағдарлама кейіпкерлері мен сарапшалармен өзара қарым-қатынасқа түсіп, сұрақ-жауап форматына өткеннен кейін диалог форматы көрініс табады. Ток-шоу бағдарламаларында сөз бастау амалы ретіндежүргізуші қатысушымен арада байланыс орнату үшін бірнеше мәтіндік, жанама өтініш сияқты тіркестерді көп қолданады. Мысалы:
- Әңгімемізді мына мәселеден бастаған дұрыс қой деймін / Сіз қалай ойлайсыз / Егер сіз қарсы болмасаңыз / Менің білгім келетіні / Әңгімеміз нақтырақ болуы үшін сіздің жанұяңызға толығырқ тоқталсақ / Бар мәселенің ішіндегі ең өзектісіне назар аударсақ / Ойыңызды ортаға салсаңыз, т. с. с. [8]
Диалог барысында егер кейіпкер жүргізушінің қойған сұрағына жауап бергісі келмесе, сырғу тактикасын қолдануға көшеді. Мысалы:
- Көп адамдар екі әйел алушыларды шариғаттың жолы деп түсініп, екі әйел алып жатады. Біздің естуімізше, сіздің екі әйеліңіз бар. Сіздің бірінші әйеліңіз бұған қалай жол береді?
- Айталық, мен бұл әңгімені қозғамаған болар едім. Себебі мен үшін ең бастысы - отбасымның тыныштығы. («Қазақстан», «Ақжүніс») . [8]
Ток-шоуға келген адамдардың ойы алуан түрлі екендігі белгілі. Сондықтан кей сәттерде студия пікірталас алаңына айналады. Яғни, екі түрлі ұстанымдағы адамдар бір-бірінің сөзін тыңдамай, қбаттасып сөйлеп кетуі мүмкін. Бұл да бағдарламаға белгілі бір дәрежеде шынайылылық береді. Десек те, отандық бағдарламаларда ондай сәттерде ерсі қылықтар танытатын ток-шоулар жоқтың қасы. Бұл стиль көбіне көршілес Ресейге тән. Елімізде жүргізушілер де, қатысушылар мен көрермендер де бір-бірімен сыпайы сөйлесіп, өзгенің коммуникациялық кеңістігіне құрметпен қарайды. Мысалы:
- Мен бұл пікірмен келсі алмаймын, дегенмен әріптестерімді ренжітіп, олармен қарым-қатынасымды үзгім келмейді («31 арна», «Дода») .
- Мен бұнымен келіспеймін, әйтсе де әріптесімнің пікіріне жол беремін, себебі ол өз көзқарасын білдіруге толық құқылы («Қазақстан», «төрт тарап») . [8]
Қалжың - сөйлеу жанрын жүзеге асырудың ең негізгі көріністерінің бірі. Юмор да ирония да сөйлеу қарым-қатынасына қатысуға толық құқылы аспектілер. [8] Бұл категориялар көбіне-көп түрлі ыңғайсыз, келеңсіз жағдайлардан шығуға көмектеседі. Сонымен қатар, студиядағы белгілі-бір қолайсыз аураны жоюға септігін тигізеді. Бірақ бұндай кезде асқан мұқияттылық танытқан жөн. Екінші тараптың жасын, қызметін, басқа да факторларды ескерген абзал. Қалжыңдаймын деп көпке күлкі болудан алулақ болу керек. Жүргізуші де қалжың категориясын ұтымды пайдалана білуі шарт. Әйтпесе, кейіпкерлердің жүйкесіне тиіп, жағымсыз жағдай туу ықтималдығы жоғары. Мысалы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz