Қазақ әдебиеті тарихындағы мемуарлық шығармалар - ұлттық тарихтың көркем шежіресі



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- -------------------------4

I бөлім. Мемуарлық шығармалар - адамгершілік қарым-қатынастардың деректілік негізі----------------------------- ----------------------------------- ----------6
1.1. Ғұмырбаяндық туындылардағы тұрмыстық қарым-қатынастар қайшылықтарының бейнеленуі------------------------- ---------------------------------6
1.2. Мемуарлық шығармалардағы халық тарихы деректерінің мәні---------26

II бөлім. Мемуарлық шығармалар - халық тұрмысы шындығы көркем бейнеленуінің тарихи-танымдық қазынасы--------------------------- ---------30
2.1.Халық ортасындағы ұлттық, ата-бабалық ұстаным өкілдері тұлғаларының бейнеленуі------------------------- ----------------------------------- -----------------------30
2.2. Деректілік пен көркем шындық тұтастығындағы
бейнелілік өрнектері-------------------------- ----------------------------------- ---------59

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- -------------------81

Пайдаланылған әдебиетте р тізімі----------------------------- ---------------------84

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақ әдебиеті тарихындағы мемуарлық шығармалар - ұлттық тарихтың көркем шежіресі. Деректердің нақтылы сипатына негізделген мемуарлық шығармалардың тарихи поэтикалық болмысы арқылы адамзат ұрпақтарының қарым-қатынастарындағы адамгершілік-имандылық ұлағаты танылады. Авторлардың ғұмырнамалық-өмірбаяндық деректері бойынша жазылған мемуарлық шығармалар арқылы ұлт тарихындағы тұлғалар тағылымы, қоғамдық-әлеуметтік оқиғалардың мәні,маңызы айқындалады.
Жанрлық формалардың қазақ прозасында дамуы, өзгеруі, жаңаруы туралы мәселе күн тәртібінен түсіп көрген емес. Кеңес өкіметі тұсында қазіргі орныққан ғұмырбаяндық әдебиет мемуарлық немесе өмірбаяндық жанр түрінде ғана қарастырылды. Негізінде үшеуінің мағынасы бір, синоним сөздер болғанмен, әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Қазақ әдебиетінің Энциклопедиялық анықтамалығында: Өмірбаяндық жанр - жазушы өз түсындағы қоғам жайын өз көрген-білгенімен ұштастыра, тарихи тұрғыдан баяндайтын, деректі көркем шығарма. Сондықтан, мұндай шығарма жазатын автордың өмірлік тәжірибесі сөз етуге тұрарлық, басқаға да үлгі- өнеге боларлық дәрежеге сай келуі керек. Көптеген ақын-жазушылар кезінде бұл жанрға қалам тартқан. Онда автордың тек өмірбаяны ғана қамтылып қоймай, ішкі жан дүниесі, ой-сезімі, арман-мүддесі, айнала ортадағы адамдармен қарым-қатынасы, тіпті, өз басы нені идеал тұтқаны арқау болады. Сондай-ақ, жеке тұрмыстық жайлар ғана емес, автордың өзі өмір сүрген қоғамға қатынасы туралы айтылып, түрлі әлеуметтік жайлар мен оған деген көзқарас білініп отырады. Жазушының басынан өткен елеулі деген оқиғалар қамтылады. Өзі көріп-білген, көңілге түйген жайлар, саясат және қоғамдық күрес ахуалы тілге тиек етіледі. Автор өзін үнемі жақсы жағынан көрсетумен шектеліп қоймай, кейде жаза басқан, қателескен, қиындыққа тап келген сәттерін де бейнелеуі орынды. Бір сөзбен айтқанда, автордың өз түлғасы келелі оқиғалармен ұштасып, тар көлемде қалмауының мәні зор. Сондықтан кез келген автор Өмірбаяндық жанрда шығарма жазуға ұмтыла бермейді... Өмірбаяндық жанрдағы шығармалар көбіне қара сөз түрінде (повесть, роман) жазылады. Бұл жанрдың үлгілері естелік (мемуар) түріндегі шығармаларға жақын келеді. Бірақ оқиғаға ойдан шығарылған жағдайлар кейіпкерлерде еркін араластырылып, көркемдік қиялға көбірек орын беріледі [1, 240-б.].
Бұған мысал ретінде келтірілген С.Сейфулиннің Тар жол тайғақ кешу, М.Горькийдің Менің университеттерім, С.Мұқановтің Өмір мектебі, Ғ.Мұстафиннің Өмір белестері, Көз көрген, Б.Момышұлының Ұщқан ұя, М. Ғабдуллиннің Менің майдандас достарым т.б. сияқты көрнекті туындылар қазақ әдебиетіндегі мемуарлық роман жазу дәстүрін қалыптастырды. Бұлардың барлығы кең көлемдегі ғұмырбаяндық роман жанрының алғашқы негізі болып, кейінгі кезде дүниеге келген ғұмырнамалық шығармалар үшін дәстүрлі үйрену мектебі болды.
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар. Романның эпикалық көлеміне орай қаламгерлер өздерінің анасы өсірген отбасын, ауыл-аймақты, ұлғая келе бүкіл байтақ Отанды қамтыған эпикалық баяндаумен шығарманың адамдар тағдырын жан-жақты танытатын жанрлық болмысымен ерекшеленеді. Бұл - ғұмырлық романдарды зерттеудің, зерделеудің өзектілігін танытатын басты ерекшелік. Белгілі ғалым Шерияздан Елеукенов Тарихи романның жаңа өрісі деген мақаласында: Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күрес тақырыбы енді қазіргі тарихи романның жаңа беттерінің сүбелі бөлігін құрап отыр. Тәуелсіздік жазушылар санасына күрт өзгеріс енгізді. Қазіргі тарихи романның өткенге сұрау салуы бұрынғыдан батылырақ, ауқымдырақ. Бұлжымас принципі - шындық. Әр дәуірдің күнгейі мен теріскейін қаз қалпында көрсете білу. Сөйтіп ата-бабаларымыздың ұлағатты сөзін қару ету [2, 469-б.].
Бұл қатарда Хасен Әдібаевтың Өмірдария, Әзілхан Нұршайықовтың Мен және менің замандастарым, Қабдеш Жұмаділовтің Таңғажайып дүние, Хасанның Елім-айлап өткен өмір, Мұхтар Мағауиннің Мен, Әлжаппар Әбішевтің Айтпай кетті демесін арттағылар, Шерхан Мұртазаның Ай мен Айша, Ғаббас Қабышұлының Көңіл көгінде атты ғұмырбаяндық романдары көркемдік және танымдық тұрғысынан қоғамдағы талап-тілектер үдесінен шыға алған туындыларға жатады.
Жеке адамдары, олардың отбасын, әулетін, тұтас кезеңді қамтыған тарихнамалық-деркнамалық болмысымен барлық кезеңде де өзекті тақырып болып күн тәртібінен түспейтін мемуарлық эпикалық шығармаларды арнайы тақырып нысанына алудың өзектілігі - уақытымыздың аса маңызды мәселесі. Бұл орайда, балалық шақтары мен есейіп, ер жетіп, еңбек еткен жолдарын баяндап жазған Қабдеш Жұмаділовтің Таңғажайып дүние романы [3], мен Әлжаппар Әбішевтің Айтпай кетті демесін арттағылар [4] атты тарихнамалық-дерекнамалық кітаптары да осы тектес туындылар жазудың өзектілігін дәлелдейді.
Халық жазушысы Қ.Жұмаділов: Ғұмырнамалық романды шындықты айтудан қорықпайтындар ғана жаза алады. Өзінің өмірі таза емес адамдар ғұмырнамалық шығарма жазудан қорқады. Оған дәті жетпейді де. Менің өмірім екіге бөлініп қалған соң, осындай шығарма жазбасыма болмады. Кейін мені кім зерттейді дегенге жауап іздедім. 60 жылдық мерейтойым Мақаншы жақта тойланды. Қасымда Рымғали Нұрғали бастаған көптеген ақын-жазушылар мен әдебиетшілер болды. Оларды шекараның бойына апарып: Анау менің қыстауым, анау менің жайлауым еді деп Ақшоқының баурайынан көрсетіп тұрдым. Сол сәтте маған мемуар жазуым керек екен. Қашанғы елге кіндік қаным тамған жерді саусағыммен нұсқап көрсете бермекпін деген ой келді. Сол жылы күзден бастап жазуға отырдым - дейді [5]. Осылайша 4 жасынан 60 жасқа дейінгі ғқмырын қамтитын Таңғажайып дүние атты романы дүниеге келеді.
Демек, мемуарлық шығармалар арқылы адамдардың өмір өткелдеріндегі жан ділі әлемімен танысамыз.
Магистрлік жұмыстың мақсаты - дерекнамалық-тарихнамалық және психологиялық-философиялық мәселелер тоғысқан мемуарлық романдардың тақырыптық-идеялық, жанрлық ерекшеліктерін қарастыруымен айқындалады. Осы күрделі мақсатты орындауда мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:
1. Қазақ әдебиеті тарихындағы ғұмырбаяндық туындылардағы тұрмыстық қарым-қатынастар қайшылықтарының бейнелену ерекшеліктерін анықтау.
2. Шығармалардағы халық тарихы деректерінің кейіпкерлер тағдырындағы мәнін айқындау.
3. Халық тұрмысындағы ұлттық, ата-бабалық ұстанымды, тәлім-тәрбие негіздерін сақтаушы тұлғалардың шығармаларда бейнелену тағылымына баға беру.
4. Уақыт пен кеңістіктегі деректілік пен көркем шындық тұтастығындағы бейнелілік өрнектерінің эстетикалық маңызын бағалау.
5. Қазіргі әдеби үдерістегі мемуарлық шығармалар жазу үрдісінің тағылымын байыптау.
Магистр жұмысының ғылыми жаңашылдығы қазақ әдебиетінің тарихындағы мемуарлық романдар жүйесін әдеби үдеріс аясында жүйелеп қарастыруымен айқындалады. Сондай-ақ бұрын еш жерде сөз болмаған Әлжаппар Әбішевтің Айтпай кетті демесін арттағылар, Қабдеш Жұмаділовтің Таңғажайып дүние шығармаларын талдау арқылы жұмыстың ғылыми жаңалығы айқындала түседі.
Магистр жұмысының ғылыми-теориялық, методологиялық негізін іргелі зерттеулер, тарихи-танымдық еңбектер құрайды. Көрнекті қаламгерлердің зерттеу нысанына алынған туындыларға қатысты теориялық қисындар мен автордың өзіндік тұжырымдары арқылы ізденістің кешенді болмысы танылады. Ғұмырбаяндық романдардың жанрлық сипатын танытуға арналған бұл жұмыста А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ш.Елеукенов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, М.Мырзахметов, Т.Нұртазин, А.Марғұлан, А.Нұрқатов, Р.Нұрғали, Д.Ысқақ, С.Қасқабасов, С.Негимов, А.Еспенбетов, Б.Әбдіғазиұлы, Қ,Ергөбек, М.Мағауин, С.Қасқабасов т.б әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеулері, пікір тұжырымдары дәйек көзі ретінде алынды.
Зерттеу нысаны. Магистрлік жұмыстың нысанына алынған Халық жазушылары Ә.Әбішев пен Қ.Жұмаділовтің романдары С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ш.Мұртаза, М.Мағауин т.б. шығармаларымен салыстырыла талданды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Магистр жұмысының ғылыми нәтижелерін қорытындылары мен тұжырымдарын орта, арнаулы орта оқу орындарының оқушылары, студенттері өз ізденістеріне бағдар ете алады. Ғылыми еңбекте бұрын арнайы зерттеу нысанына алынбаған ғұмырбаяндық романдар жан-жақты тереңдей зерделенеді. Бұл зерттеу ұлттық әдебиеттанудағы ғұмырбаяндық романдарды ғылыми негіздейтін еңбектер қатарында маңызды. Диссертация материалдарын жоғарғы оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне қосымша оқу құралы ретінде Қазақ әдебиетінің тарихы, Қазақ әдебиетінің поэтикасы, Қазақ әдебиетінің даму үрдісі арнаулы курстарын оқытуда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының жарияланымы мен мақұлдануы. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мазмұны ғылыми басылымдарда, атап айтқанда Ғұмырбаяндық романдардың кейбір ерекшеліктері Академик С.М.Исаевқа арналған конференция материалдары. 2018 ж., мамыр; Қажым жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2018 ж., 22 қараша; Күнделік - ғұмырбаяндық шығармалардың бастау көзі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, Хабаршы ғылыми журналы, 2019; Ғұмырбаяндық шығармалардың қайнар бұлағы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Хабаршы ғылыми журналы, 2019.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Магистрлік жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қорыта айтқанда, Тәуелсіз Қазақ Елі әдебиетіндегі дерекнамалық-тарихнамалық шығармалар жазу үрдісі жаңа буын ұрпақтарды қалыптастыру, тәрбиелеу мұратына қызмет етері ақиқат.

I БӨЛІМ. МЕМУАРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР - АДАМГЕРШІЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДЕРЕКТІЛІК НЕГІЗІ

5.1. Ғұмырбаяндық туындылардағы тұрмыстық қарым-қатынастар қайшылықтарының бейнеленуі

Нысанаға алынған авторлар туралы айтпас бұрын мемуарға тән сипаттарға тоқтала кетейік. Мемуарлық шығармаларда бас кейіпкер өмір сүрген жылдардағы замана сипаты, қоғам өмірі, уақыт тынысы, замандастар келбеті, өзгерістер лебін әкелетін тарихи сәттер бейнелеуі тиіс. Аталған жанрдағы туындылардың бір үлкен құндылығы да осында. Бірақ сонымен бірге онда ең алдымен бас кейіпкердің, яғни, мемуар авторының өзіндік адами бейнесі, моральдық келбеті, рухани әлемі, азаматтық поэзиясы мен мінез-құлығы көрініс тауып жатады. Мәселе - осынау адами сипаттардың жанр туындыларында қалай және қаншалықты деңгейде бейнелегендігіне,оқырманға тағылым боларлық моральдық түйінінде.Тіпті автордың бұл мәселеге жете көңіл бөле қоймағанымен, оқиға қисыны, тартыстар жүйесі арқылы оның моральдық бейнесі бәрібір сезіліп қалады.
Тарихи тақырыптағы шығарма әр уақытта жазушының өз ой-сезімі мен қиял фантазиясын,белгілі бір авторлық позициясын қажет ететіні ақиқат. Бірақ тарихи шындықтан ауытқымау, тарихи шындықты бұрмаламау да суреткердің көркем шығармадағы ең басты принциптерінің бірі болса керек [6,344-б.] дейді филология ғылымдарының докторы М.Оразбек. Осынау қисынды пікірден мемуарлық романдарда тарихи шындық мейілінше дәл болуы тиіс деген пікірдің де бой көрсететіні анық. Бұл жағынан келгенде, талданып отырған еңбектердің көркемдік-идеялық тұжырымдары бірдей деңгейде деп бағалау қиын. Бас кейіпкердің жеке бейнесін айқындауға қызмет ететін адамгершілік факторлары түрлі сипатта көрініс тауып жатады. Автордың адам ретіндегі жетістік-кемшіліктері ұқсас болып жатса, онда белгілі бір дәрежеде схематизм нышандары орын алған деп пайымдауға болар еді. Бірақ өмірбаяндық атребуттарды көлденең тарту еріксіз ұқсас канондардың да ұсынылуына алып келмекші. Бұның өзі белгілі бір дәрежеде аталған романдардың әрқайсысының өзгеше екендігін, тіпті кейбір сәттерде әрқайсысының өзіне тән жекелеген артықшылығы да болғандығын байқатады. Қалай болған күнде де әр шығарма авторының адамгершілік бейнесіне байланысты тиісті ой-тұжырымдар жасалып, тағылым болар штрихтар екшеліп алынуы тиіс.Өмірбаяндық туынды автордың моральдық бет-пішінін, адами болмыс- бітімін де белгілі бір дәрежеде аңғартып кететіні сөзсіз. Әркімнің өскен ортасы, тәлім алған адамдары әрқилы. Бастан кешкен алуан түрлі оқиғалары да біркелкі емес. Біреудің көргені мол, оқығаны кемдеу соғып жатуы ықтимал. Енді бір қаламгердің түйіп-түйсінгені басымырақ көрінеді де, іргелі, тиянақты (фундаменталды) білім алуға мүмкіндігі бола бермейді. Адам ретінде қалыптасуға ықпал жасаған ересек жандар мен білімпаз ғұламалардың деңгейлері, моральдық қалыптары да әралуан. Қысқасы, бір жазушының моральдық-әлеуметтік тұрғыдан екінші бір әріптесін толықтай қайталап жатуы мүмкін емес нәрсе. Әр адамды жеке индивид деп санасақ, рухани әлемдері мейлінше кең дамыған қаламгер қауымының бір-бірінен соншама алшақ жатуы, әрқайсысының өзі бір-бір планета сынды бөлек көрінуі - психологиялық-шығармашылық заңдылық. Оны жасап, айқындауға қызмет ететін көркемдік компоненттерінің де біркелкі еместігі назар аударуға тұрарлық.Осы жағынан келгенде, қазақ жазушыларының да рухани өмірдің әр алуан көкжиегінен бой көрсетіп, өзара жеке дара ұқсамай қалыптасуын жалпы шығармашылық әлемнің тұтас бір кеңістігін құрастыратын әр алуандылық деп есептеген абзал. Авторлық позицияға және суреткерлік қарқынға байланысты аталған туындылардағы авторлық бейненің сомдалуының әрқилы болып келетіндігі осы айтылған жағдайларға байланысты. Егер С.Көбеев, С.Мұқанов, Б.Соқпақбаев, Ш.Мұртаза сынды қаламгерлердің балалық, жастық кезеңдері ауыр қиыншылықпен, кедейшілік жағдайда әрі қым-қиғаш тартыстар үстінде өтсе, олардан кейінгі буынның өкілдері Ә.Әбішевтің, Қ.Ысқақтың, М.Мағауиннің балалық кезеңдері әлдеқайда жеңіл, бақытты сәттері молырақ болуымен ерекшеленеді. Өмірлік алғышарт жазушының өзінің адамгершілік-моральдық табиғатының қалыптасуына да айтулы ықпал жасай алатыны осы қаламгерлердің өмірбаяндық дүниелерін салыстырып байқау нәтижесінде анық көрінетіні сөзсіз.
Ғұмырбаяндық көркем туындыларға тән ортақ ерекшеліктердің бірі - айналадағы адамдардың бас кейіпкерге, яғни, шығарма авторына деген көзқарасы, адамгершілік қарым-қатынасы. Қазақ халқының адамдар арасындағы қарым-қатынасқа мән бере қарайтын халық екендігі қазақ жазушыларының мемуарлық туындыларында, әсіресе, анығырақ, айқынырақ көрініс тауып отырады. Сол қарым-қатынастың барысына орай тиісті адам жайлы оқырманда белгілі бір пікір қалыптасады. Демек,бұл арадағы әңгіме - тілге тиек етіп отырған кейіпкер туралы автордың көзқарасы деген мәселені де ескеру керек деген сөз. Аты аталып отырған кісімен автор жақсы қарым-қатынаста болса немесе ол адам өз басына тиісінше жақсылықтар жасаса, автор ол кісінің кейбір кемшіліктеріне көңіл бөлмей немесе кешіріммен қарап, ұнасымды сипатта суреттеп кетуі де әбден ықтимал. Мұндай субъективті көзқарас, керісінше, өмірге күнгейі басым болып өткен жандардың өз көңіліне жақпайтын бірер қылықтарын көріп қалса, жазушының оны жамандап жазуға себеп болатынын да ескеру керек.Кез келген көркем шығармалардағыдай мемуарлық романдардың персонаждары өзге кейіпкермен өзара ықпалдастықта суреттеледі, бұндай қарым-қатынас олардың мінез-құлқына оң әсер етеді. Мемуар қаһарманы мен оның замандастары, мемуар қаһарманы мен автор - бұлар өмірдің өзі негіздеген тұрақты сюжеттік байланыс болып табылады. Осының негізінде образдар жүйесі қалыптасады, осы образдар көмегімен шығарманың жалпы концепциясы айқындалады, тарихи дәуірдің мазмұны мен сипаты туралы түсінік қалыптасады.
Қазақ мемуаристикасының қарлығашы ретінде саналуға лайықты М.Х.Дулатидің Тарих-и Рашиди атты мемуарлық шығармасы алғашқы болса да көлемді де сом дүние. Кәнігі шебер қаламгердің туындысы деп санауға лайық. Көлемді туындыға арқау болған өмірлік материалдарды екі топқа бөліп, жүйелеп алуының өзі-ақ - автордың алған тақырыбына үлкен шығармашылық тәсілмен келуінің белгісі. Оның біріншісі - бірыңғай жұрт аузынан естіген әңгімелері болса, екіншісі - тұтасымен өзі көзімен көрген оқиғалары. Профессор Ж.Дәдебаев осы екеуінің үстіне үшінші бір топтағы материалдардың барын айтады: ...автордың өз көзімен көрген оқиғалар мен ел аузынан естіген,бірақ ақылға сыймайтын, жазуға қол бармайтын оқиғалар тобы [7,35-б] дейді ол. Бір қарағанда, ғалымның осылайша топтап көрсетуі жүйелі сияқты көрінгенімен, оның себебін дәлелдеуге асықпайды. Оқырман қабылдауында бұл тұжырымнан екіұдай дүдәмал пікірдің қалатыны да сондықтан.Өзі көрмегенімен, жақсы білетін, яғни, естіген, оқыған, көңіліне түйген оқиғалар мен құбылыстарды да, өзі куә болған жайларды да М.Х.Дулатидың барынша әділ, барынша шынайы жазуға тырысатыны байқалады. Яғни, бұдан шығаратын қорытынды - автор өзі баяндауды мойнына алған мәселелер хақында мүмкіндігінше адал да әділ. Мысалы, өз көзімен қандас туыс кісілер жайында айтқан кезде де тура жолдан ауытқымай, ол адамдардың жақсы жақтарымен бірге кемшіліктерін де ортаға салып, талдау жасайды. Кейде тіпті, бет-жүзіне қарамай, аяусыздықпен шенеп кететін тұстары да бар. Нақ осындай туыстарға бұра тартпау принципі С.Мұқановтың Өмір мектебі, Ғ.Мұстафиннің Көз көрген романдарынан да аңғарылады. Бұндай үрдістің автордың өзінің жеке тұлғасының моральдық қырынан қоса хабар беретіні сөзсіз. Сөйтіп мемуардың мазмұнында өзінен- өзі авторлық позиция алдыңғы қатарға атойлап шығады да, авторлық меннің кесек тұлғасы еріксіз таңбаланып қалады. Ғұмырбаяндық шығармаларда оқиғаларды баяндаушылардың барлығы кесек образ дәрежесіне көтеріле бермейді. Мемуарлық романның бас кейіпкері, сөз жоқ, негізінен автордың өзі. Осы реңде жазылған қай шығарманы алсаңыз да, әңгімені бірінші осы жақтан айтып отырған автор - кейіпкер түрлі оқиғалардың, тартыстар мен шиеленістердің арасында жүреді де, соларға қатысты жайларда өзінің жеке көзқарасымен бірге ішкі болмыс-бітімі де еріксіз ашылып отырады. Талданып отырған туындылардың барлығында да жалпы мемуарлық романдарда автор өзі - алдыңғы қатарда жүретін бас кейіпкер. Кейіпкерге қатысты мұндай сипат қазақтың басқа да мемуарлық романдарына тән. Бұл арада тек Ғ.Мұстафин қаламынан туған Көз көргеннің ғана жөні бөлек. Үшінші жақтан жазылғандықтан, оның бас кейіпкері шығарма авторы емес - Сарыбала. Басынан кешкен оқиғаларды жазушы өз атынан емес, үшінші жақтан неге баяндаған деген сұраққа берілетін жауап шығармашылық тұрғыдан болғаны жөн. Біздің пайымдауымызша, бұл арада нақты фактілер мен деректерді тізбелеп жазудың орнына автор ой еркіндігіне кезек беріп, туындының көркемдік болмыс-бітімін күшейте түскісі келген. Оқиғаға өзі қатыспаған тұстарда айтар ойын жазушылықпен ұштап, жетілдіре түсуді қалап отырады. Оның үстіне автор өзін үшінші жаққа айналдырып алу арқылы мемуарлық шығарманың оқырмандар тарапынан таза көркем дүниедей қабылдануын қалаған деуге болады. Айналып келгенде, бұның өзі - формалық ізденістің бір түрі. Автордың өзінің мейлінше көп көрінуі, қаһарман ретінде алдыңғы қатарға шығуы ең айқын байқалатын шығарма ол - С.Мұқановтың Өмір мектебі мемуарлық романы. Онда автордың басымырақ баяндайтын әңгімелері, негізінен, өз басынан өткен жайлар. Оқиғалар арасында қыстырылып кететін көлденең сюжеттер мен шегіністердің ішінде де автор бейнесі әр тұстан қылаң беріп отырады. Өз басына тікелей қатысы жоқ жағдаяттарға да ішінара ойын сыналай айтып, өз көзқарасын білдіруден тартына коймайтыны бар. Ондайда тікелей оқырманмен сөйлесіп кетеді. Бұл көркемдік тәсіл С.Мұқановта көбінесе мынадай сипатта:
Құрметті оқушы достар! Бұл шығарманың мақсаты - Советтік дәуірде ғана прогресс жолымен аршындап алға және биікке өрлеп келе жатқан Қазақстанның өмірі мен белгілі бір уақыттарда көрген-білгенді баяндап беру [8,71-б]. Көшірмесі өзімде сақталған бұл арыздың тарихтық және әдебиеттік мәні болғандықтан,құрметті оқушы жолдастар, сіздердің алдарыңызға сол қалпында тартқым кеп отыр [8,77-б]. Құрметті оқушы жолдастар! Бұл арада тағы бір қызық шындықтың бетін аша кетуім қажет [8,105-б]. Осылайша оқушыға қарата айта отырып, автор кесек шығарманың өң бойынан жоғалып кетпей, үнемі қара көрсетіп отырады. Ал С.Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешуіндегі автордың бас кейіпкер ретіндегі көріну деңгейі дәл осындай емес.Ол әңгімені өз атынан айтып келе жатады да,сол сәттегі көтеріп отырған тақырыбына орай оқырман алдына дерекнамалық дүниелерді жайып салады және ең бастысы осы арада автор ретінде өзін ол жерге қатыстырмайды. Айтылып отырған мәселенің берілуі тақырыпқа қатысты жай бір зерттеу еңбек сияқты болып көрінеді.
Мұндай шығармашылық тәсілдің мемуарда бірнеше беттерге созылып кететін тұстары да бар. Мен деп айқайлатып тақырып койғанымен, М.Мағауинның эссе сипатында жазылған мемуарлық романында да автордың кейіпкер ретінде көрініп отыруы біркелкі емес. Кей тұстарда ол өзі жайлы әңгімені тоқтата тұрып, тартылып келе жатқан ой жүйесінің ыңғайына қарай шығармашылық немесе ғылыми мәселелерді сөз етіп кетеді. Ішінара өзінің жеке пікірін білдіріп қойғанымен, көтеріліп отырған тақырыпты талдай жөнелуге бейім. Мәселен, Бұқар жырау Қалқаманұлына дейінгі ақын-жыраулардың шығармашылығына қатысты әңгімелер оншақты бетке дейін созылып барып жығылады. Бұл арада автор өзінің жеке көңіл күйін кимелеп тыға бермейді, тек бірыңғай зерттеу нысаны болып отырған әңгімелердің төңірегінде ғана ой қозғайды. Бұл талданып отырған жайлардан мемуарлық романдардағы автордың өз шығармасына кейіпкер ретінде қатысуы деңгейі бірқалыпты емес екенін айқын аңғаруға болады. Бұның өзі шығармашылық әралуандылықты көрсететіні сөзсіз. Бұл жанрдың тарихына қатысты өткен ғасырларға көз жүгірткен жағдайда Ж.Ж.Руссо, И.Гете, Г.Гейне сияқты алыптардың да мемуарлық туындылар жазғанын көрер едік. Ж.Ж.Руссоның Тәубе атты мемуарлық романы - әлем әдебиетінің тарихында автордың жеке басы көркемдік талдау нысаны ретінде көрінген алғашқы шығармалардың бірі. Рас, романда қоғамдық-тарихи мәселелерден гөрі автордың ішкі сезім күйлері мен ойлары, пендешілік түйсіктері көбірек орын алғанымен, әдебиеттанушылар оның мемуар тарихындағы маңызын жоққа шығармайды. Ал Мемуарлар атты шығармасында Г.Гейненің жеке басындағы әрқилы жағдайларды әңгімелей отырып,өз заманының шындығын ашуды да үнемі қаперде ұстағаны байқалады. Атап айтатын бір жағдай - қазақ мемуарлық романдарының авторлары да жекелеген субьективті бағалауларына қарамастан, дәуір шындығына назар аударып отыруға бейім. Жоғарыдағы талдаулардан байқалғандай, қазақ мемуарлық романдарының идеялық мазмұнында да таза көркем шығармадағыдай шығармашылық мақсат жатыр.
Бұл тұрғыдан алғанда Қ.Жұмаділовтің Таңғажайып дүние романы мен Ә.Әбішевтің Айтпай кетті демесін арттағылар романын ерекше атауға болады. Бұл екеуі де оқиға тізбегін өз атынан баяндайды. Мұндағы айырмашылық Қ.Жұмаділов С.Мұқанов сияқты өмірбаяндық мәліметтерге көбірек ден қойса, Ә.Әбішевтің романы М.Мағауиннің Мен романы сияқты естелік, эссе түрінде жазылған. Бұдан шығатын қорытынды Ә.Әбішевке қарағанда Қ.Жұмаділов мемуарлық романдарға тән сипатты иеленіп, автордың өзі алдыңғы қатарда жүретін бас кейіпкерге айналған.
Қ.Жұмаділов аталған романында: Адам баласының жарық дүниеге келуі кездейсоқтық болғанда, дүниеден өтуі заңдылық. Біз бұрын осылай түсініп келгенбіз. Қазір өзгеше болжамдар айтылуда. Сол жаңа тұжырым бойынша , сенің дүние есігін ашуыңда да заңдылық бар көрінеді. Өйткені,тән өлгенімен, адам жаны өлмейді, рух - мәңгілік. Адам жаны біреуден кеткенімен, араға жыл салып, не ғасыр салып екінші біреуге қайта қонады. Жан өзінің кемеліне келіп, қашан тұрақты орын тапқанша осылай айналып соға бермек. Демек, жеті қат көкпен жердің арасы - өзінің болашақ иесін іздеп, кезек күтіп жүрген рухтар әлемі. Сенің-менікі деп меншіктеніп жүрген жаның бұған дейін талайлардың бойына аялдап аттанған "қыдырмашы қонақ" болуы да мүмкін. Тек сол "қонақтың" біршама тазарған салауаттысы, имандысы бұйырсын деп тіленіз. Құдайдың құдіретімен жарық дүниеге келіп қалған екенсің бойдағы арын мен жаныңды кірлетпей, аздырып- тоздырмай таза ұста. Өйткені, оның сапары сенімен ғана бітпейді [9,6-б]. деп басталатын романның экспозициясында философиялық астар жатыр. Өйткені жазушы дүние есігін ашқаннан кейін алғаш есінің қалай кіргенін тәптіштеп баяндауында өзіндік сыр бар. Жасының төртке қараған шағында соғымға сойылатын ақбоз биенің тамағынан өткір пышақпен орып жіберген кезде жылқының орнынан тұрып кетіп, айналасын қанға бояуы жазушының есінің бірден кіруіне әсер етеді. Кейде сол суреттерді түсінде көрген жазушы көңілінде кейіннен неше-алуан сұрақ туады. Неге басқа көрініс құрып қалғандай қып-қызыл қаннан басталғаны несі? деп Қ.Жұмаділов өзіне-өзі сұрақ қойып алады да, дәл сол жылдары өзі туып-өскен Щыңжаң өлкесінде Шын Сысай өкіметі әр ұлттың игі жақсыларын қырып жатыпты, тура сол кезде Қазақстанда да ұлттың сүт бетіне шығар қаймағы - зиялы қауым халық жауы атанып, жаппай қуғын-сүргінге ұшырағанын, екінші дүниежүзілік соғыс басталып, миллиондарды қанға бөктіру қарсаңында тұрғандығын жаза келіп: Міне дәл осы кезеңде болашақ жазушы - маған, сәби кезімде сәуе боп енген уақыттың басты белгісі қан болмағанда қайтушы еді? - дейді [9,10-б]. Осылайша өмір жолын қалай ес кіргенінен бастаған жазушы 60-қа дейінгі өмір жолын рет-ретімен қағазға түсірген.
Ал Әлжаппар Әбішевтің Айтпай кетті демесін арттағылар деген шығармасында: Қағаздан жасалған жалған байлық, жасанды шындықтың буына уланған заманымыздың қызығы мен шыжығына жетпіс жыл бойы кенелдім. Бұл сапар - шертілер шерімнің шежіресі, сол хақында, Ол үшін сайлап алған садағым - ақиқат. Нысанама алғаным - азғындық. Төрешім өзіңсің, қымбатты оқырман қауым, - деп басталады [4,3-б].
Жазушы шығармасының жанрына естеліктер, эсселер тән болғандықтан, өзінің өмір жолын бірден 1931 жылы ШҚО Шұбартау ауданына өкіл болып барған кезеңінен бастап, өмірінің соңына дейінгі өзіне әсер еткен ерекше оқиғаларды сөз етеді. Мысалы, Мен кешкен тайғақ кешулер деген бірінші бөлімде ШҚО Шұбартау ауданына өкіл болып барған жас жігіт ел қолындағы малдың жаппай етке өткізілетінің өзінің сол үшін өкіл болып келгенін жаза келіп, Халықты қыру үшін малдың санын әдейі артық көрсеткен қастаңдық бар деген сөзді естиді. Не болса да, мал санына анық көзі жету үшін жазушы қой мен сиырды санап, тіпті салмағына дейін өлшеп, құпия хатты аудан әкімі М.Құлыбаевқа жібереді. Ал жылқы малын еті арам деп дегендіктен, есепке алынбайды. Бірақ М.Құлыбаевтан: Ә.Ә. Сендей оңшылға бұл ауданнан орын жоқ. Тезінен қайт деген хат келеді [4,5-б]. Аудан әкімі енді Ә.Әбішевті қатеңді түзет деп Қалмаққырған ауылынан ауыстырып, Шұбартау ауданының басқа ауылына жұмсайды. Мұнда да ауыл ақсақалдарына жолығып, сыр тартады. Бір ақсақалдан Абайды паналаған бір-екі жас жайында жазылған мына өлеңді жазып алады:

Әуелде сөз сөйлейтін Олжабайдан,
Тілейін медет бер деп бір құдайдан.
Қақ жарып қара қылды билік айтқан
Өтпейді қазақ ұлы Ыбырайдан.
Сөйлей қал, қызыл тілім, аманыңда,
Дұшпанның салма, құдай, табанына.
Бір жігіт бір қызбенен жолдас бопты,
Тобықты Құнанбайдың заманында [4,6-б].

Осы сияқты ел аузындағы әңгіме-аңыздарға құлақ түре жүрген болашақ жазушы ауылдағы жүргізіліп отырған өкімет саясатынына қарсы Сталинге арыз жазбақ болады. Ақыры басы дауға қалып, жиналыста тәртібі қаралып, өз өміріне қауіп төнгендіктен бұл ойынан қайтады. Ә.Әбішев бұл туралы былайша еске алады: Өкінетінім сол, екі ауылдан көргенімді, көргенім мен түйгенімді, түйгенім мен күткенімді Сталинге жазбағанмын. Мұны сөз ете қалсам, біреулер Сталиннің қаталдығын көлденең тартады. Қандай қатал болса да, ондай ұлы адамның қарауындағы қарапайым халықтың жаппай қырғынға ұшыраған күйін елемеуі мүмкін емес. Саяси бюроның Ф.Голощекинді орынынан алатын мәжілісінде Сталиннің Исаев туралы не дегенін Л.И. Мирзояның сөзімен өткен жылы бір естелікте айтқанмын. Бір айтқанды қайталап жатпаймын. Тіпті Сталин елемеген күннің өзінде, ол хатым - сол 32-жылы қырылғандардың өлер алдында оқылған иманы - менің сол аруақтар алдында өтелген парызым болар еді ғой. Соның өкінішті күні бүгінге дейін өзегімді өртейді. Соның өрті - соңғы кезде басымды тауға да, тасқа да қатты соқтырған. Сол өкініштің өрті жердегі көп құдайларға да, көктегі жалғыз құдайға да жалбарындырған. Әрине, 20-дан жаңа асқан жас шағымда жіберіп алған ағаттығымның есесін 85-тен асқан шал шағымда қайтару қиын. Қиын болса да, алған бетімнен қайтқым келмеді. Өйткені, төніп келе жатқан рухани аштықтың сүреңі 32-жылдың аштығынан да ызғарлы сезіліп, жүрекке маза бермеді, - деп жазады [4,17-б].
Ә.Әбішевтің өзі куә болып, айтып отырған осы бір кезең қасіреті жүрегіне маза бермегенін мынадан көруге болады: Өткен түні түсімде адам баласының миына симайтын бір сұмдық түс көрдім. Түсімде Сталин сенің жүрегіңді шанышқымен кертіп жеп отыр, қара мұртынан қан сорғалайды, Ол да сенің қаның сияқты. Бір кезде аспазшы келіп, кешкі асқа не дайындайын деп еді, қазақтан шыққан Бухариннің жүрегі деді. Аспазшы түсіне алмай, оның кім екенін сұрап еді, ол столды сарт еткізді де Смағұл Садуақасов - деп бар даусымен айғайлады. Мен оның ақырған даусынан шошып ояндым дегенінен ұйқысыз, мазасыз түндердің авторды қатты мазалағанын байқауға болады. Кітаптың атының да Айтпай кетті демесін арттағылар деп аталуында да ар тазалығы деген мәселе жатыр.
Ал Өмір мектебінің бірінші кітабының мазмұнына сүйенсек, жеткіншек кездерінде С.Мұқанов адамдар арасындағы қарым-қатынаста бір тиянақты моральдық ұстанымға иек артпаған. Өзіне ие бола алмай, құбылып та тұрған кездері бар. Мысалы, ол Сәдірбайдың үйінде аман-есен күнін көріп жүре берер еді, егерде оның қызы Айгүлге қатысты кұпияны атастырған жігіті Махметке айтып коймаса. Бір-біріне бақталас Шұғайып молда мен Бәтжан молданы шауып жүргенінде Омардың Канапиясы ерегесіп, Сәбитті шалғыға түсіре жаздайды. Ақыры бір жолы қапысын тауып, қазықпен ұрып жығады. Бұл жолы өлім аузынан қалған Сәбит есін жиғасын,тағы да бас сауғалауға мәжбүр. Осындай келеңсіз оқиғалардың туындап жатуына ең алдымен Сәбиттің өзі кінәлі. Жағдайының мүшкілдігіне, жетімділігіне, жарлылығына қарап, тыныш жүре бермей, базбіреулердің құпия істеріне араласып қалады, не болмаса әлдекімнің сырларын қарсы жақтың адамдарына жеткізіп қояды. Сөйтіп таяқтың өзіне тиетін екінші ұшы барын аңдамай қалып, онсыз да киын өмірін одан арман күрделендіріп алатын - кейіпкердің өзі. Мұның бәрі - бас кейіпкердің жасөспірім кездегі әлі қалыптаспаған мінез-құлқының нышаны. Кейін есейген шақта жазушы Сәбиттің өз аузына соншалықты сақ болуы, әсіресе, таптық мәселе ащы сабақтардың нәтижесі болар деп болжам жасау қисынға келмес.
Жеке басының бұнысы қалай? дегізетін тұстары Ә.Нұршайықовтың екі кітаптан тұратын Мен және менің замандастарым атты ғұмырбаяндық шығармасынан да байқалып қалады. Нақты айтқанда,бас кейіпкердің бір адамның жеке сырын екінші адамға тікелей жеткізіп қоюы. Моральдық тұрғыдан алып қарағанда, бұлайша сөз тасудың зардабы неге апарып соқтыратыны туралы бал ашудың керегі бола қоймас. Автордың аузына сөз тұрмаудың бір мысалы екінші кітаптағы Рысбек-Нарбала-Рысты арасындағы оқиғаға қатысты. Аупартком хатшысы Рысбекпен бірге іссапармен ел аралап жүріп,автор ол жігіттің Нарбала деген қызбен әуейілік жасап жүргеніне куә болады. Қалаға қайта оралып келгеннен кейін осынау шетін жағдайды ішіне сыйғыза алмай, Рысбектің әйелі Рыстыға айтып қояды. Отбасылық өмір салтында бұл - тым қиын мәселе. Күйеуінің моральға жат мұндай қылығына шыдамаған әйелдер күйеуінен ажырасып та кетіп жатады. Кейіпкердің жеткізген қолайсыз әңгімесін себеп етіп, Рысты да осындай ақырғы қадамға барып қалуы әбден ықтимал еді. Егер ондай келеңсіз оқиға орын ала қалған жағдайда, кінәлі болып табылатын адам кім деген сұрақ туады. Әйтеуір абырой болғанда, Рысты өзін сабырға жеңдіріп, мұндай шұғыл қадамға бара қоймайды. Сол тәрізді аудандық партия комитетінің хатшылары Нұржамал Берікболова мен Ерсайын Айдарбековтың арақатынасына орай өрбитін сюжеттік желіде де автордың осынау колайсыз мінезі тағы көрініс табады. Москваға барған сапарында танысып қалған әйел хатшы елден келген журналист Әзілханға өзінің ак көңілділігіне бағып, жекебастық бір құпиясын жайып салыпты. Онысы өзі сияқты тағы бір хатшы Айдарбековтың арада болған ер мен әйел арасындағы жасырын қарым-қатынас. Мемуар роман кейіпкері елге келгеннен кейін тағы да аузына ие бола алмай қалып, осы адамдардың сырын жұртқа жайып жібереді. Және жай ғана сыртқа шығарып қоймай, осынау жеке бастың мәселесін өлеңге айналдырады.
Бұндай жағдайдың сыр ашқан адамға абырой әпермейтіні белгілі. Ренжіген Айдарбектің бұл мәселеге МҚК қызметкері Құрманғалиевті араластыруға мәжбүр болатыны сондықтан.
- Мен сенің әлгі екі жолдасыңның түрінен шошыдым, - деді Халима үйге келген соң. -Неге?
-Ерекең өтірік күліп отырып, КГБ арқылы сені сүріндірмек болған сияқты.
-Қой, жолдас емес пе олар?
-ҚГБ кімге опа беріпті? Күле кіріп,күңірене шығатын жолдастар жоқ па? Бұдан былай мұндай әзілдеріңді азайтқаның жөн бе деймін.
Әйелім осылай деді. Артынан өзім де аяғымды байқап басатын болдым [10,233-б].
Осы диалогты оқып алған оқырманға кейіпкердің байқап басқан түрі осы ма? деген ойдың келуі заңды. Өйткені кейбір адамдардың интимдік сырларын ашып кою, адамның жеке басын жариялы түрде келемеждеу, қылжаққа айналдыру мысалдары жаңағы оқиғадан кейін де осы ғұмырбаяндық романның әр тұсынан кездесіп қалып отырады.Тіпті белгілі адамдардың өздерін көпе-көренеу сықаққа айналдырып, кемсіте сөйлейтін тұстары да бар. Автор бейнесіндегі мұндай олқылық екі кітаптан тұратын өмірбаяндық туындыға абырой әпермесі, кітап мазмұнының әлеуметтік- рухани салмағын да жеңілдетіп жіберетіні анық. Жалпы сөз тасуды қазақ дұрыс қылыққа жатқызбайтындықтан, кейіпкердің осындай жаман әдеті моральдық әлсіздік болып танылуы тиіс. Бұл арада оның ұтып тұрған бір ғана жері - өз басындағы кемшілікті жасырып-жауып, әлекке түспей, ақкөңілділікпен оқырманына ашық айта білгендігі. Кейіпкердің осындай сезім күйлеріне қатысты әңгімелер талданып отырған басқа мемуарлық романдардың ешқайсысында жоқ деуге болады. Ал кейбіреулерінде махаббат, жастық сезім күйінің жекелеген ұшқындары ғана ықшам түрде үстірттеу айтылып қалып жатады. Өздері көтеріп отырған тарихи-қоғамдық мәселелермен салыстырғанда жеке бастың күйдім- сүйдімдері авторлар үшін тым ұсақ, тым күйкі бірдеңелер ретінде қабылданады. Адам баласының моральдық пішінін, рухани өзегін сынайтын - қанды шайқас, экстремальдық орта және т.б. тосын жағдайлар ғой. Өмір мектебі мемуарында Бандыларға қарсы шайқас кезінде Сәбиттің адам ретіндегі тағы бір қыры ашылады. Ол қолға түскен үш бандиттің біреуін отряд командирі Даниловтың Сәбитке атқызуынан байқалады. Бұрын-соңды бетпе-бет кісі өлтіріп көрмеген жас жігіттің абыржып, сасқалақтап қалуы заңды да. Бірақ командир бұйрығын бұзу қылмыспен тең, болашақ жазушы амалсыздан қолын қанға былғауға мәжбүр болады. Жайдары да ақкөңіл, қазақи кең қалпымен айналасына нұрын шашып өткен атақты жазушы Сәбит Мұқанов адам тағдыры ойыншыққа айналған сол бір ауыр кезеңде осылайша адам да өлтірген екен. Бір қарағанда, сенімсіздеу көрінетін де факт. Бұл ғана емес, осының алдында ғана болып өткен қанды шайқас кезінде ол қасындағы жасақшылармен бірге винтовкасынан таяп келген бандыларға қарсы оқ жаудырады. Адам осындай соғыс кезінде нақты кімге тигізгенін біле бермейтінін ескерсек, бас кейіпкердің көппен бірге адам атқанын ғана дәл айтуға болады.
Әдебиеттанушы М.Хасеновтың осы туынды туралы айта келіп: Осы тұста аңғаратын бір мәселе - жазушы өз өмірі, өз айналасы,туған-туыстары жөнінде жазғанда нақтылы адамдар мен документальды фактіге көбірек көңіл аударса, өз көзімен көрген басқа жәйттерді сөз еткенде суреттеу жағынан көбірек күш алады [11,177-б. ] деген түйінді сөзі еске түседі. Суреттеу жағынан күш салу деген сөз - шығарманың көркемдік-эстетикалық деңгейін көтеру екені белгілі. С.Мұқановтың өз мемуарын көркем шығарма дәрежесіне жеткізіп қана коймай, тіпті ол деңгейден түсірместен жазып шығаруының өзі айқын шеберліктің нышаны болатын.
Міне осы нышан Қ.Жұмаділовтің ғұмырбаяндық романында 100 пайыз деуге негіз бар. Бұл да көркем сөздің майын тамыза отырып, басынан өткен қилы тағдырды өмір өткелдерімен жымдастыра байланыстырып, көркем шығарма дәрежесіне жеткізген. Қ.Жұмаділовтің кіріспеде айтылған: Ғұмырнамалық романды шындықты айтудан қорықпайтындар ғана жаза алады. Өзінің өмірі таза емес адамдар ғұмырнамалық шығарма жазудан қорқады. Оған дәті жетпейді де деген сөзінде үлкен мағына жатқандығын осыдан аңғаруға болады.
Ә.Нұршайықов екі кітаптан тұратын Мен және менің замандастарым ғұмырбаяндық романы негізінен Ғабит Мүсірепов туралы естелік пішінінде жазғанымен, шығарманың бас қаһарманы, ең алдымен, автордың өзі. Оның бейнесінің әр қырынан суреттеліп, жан-жақты ашылуы да содан. Мемуардағы автор бейнесі жайында талдау жасау - бөлек тақырыптың жүгі. Бұл мәселе өз алдына таратып айтуды қажет ететіні даусыз. Өйткені талданып отырған туындылардың қайсысында болсын ең алдымен автордың өз бейнесі жасалған. Жастық шақтың елітіп әкететін сезім құйындарын өздерінің де бастан кешкендері жайлы С.Сейфуллин де, С.Мұқанов та, М.Мағауин өздерінше жазып шыққан. Сырттан қадала қарап тұрған қоғамдық цензура болмаған жағдайда бұл жазушылардың аталған тақырып бойынша еркін көсілмесіне кім кепіл? Мысалы, махаббат, сезім мәселесінде С.Мұқановтың көркемдік ұстанымы Ә.Нұршайықовқа керісінше. Өмір мектебінің үшінші кітабында ол: Ал, құрметті оқушылар, сіздерден төмендегідей өтінішім бар: бүгінгі күнмен есептегенде, қосылуыма биыл отыз алты жыл толып, отыз жетінші жыл орталанып қалған, осынша жылдың бойынша әй,шәй деспей, жұбайлық тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан, жеті бала сүйгізіп, алтауын аман ер жеткізген, бес немере сүйгізіп, оларды да өз қолынан балапандай баулып келе жатқан, адамгершіл, сүйкімді, адал қылық-мінездерімен үйде мама, түзде Мәке аталған, самай шаштары қылаңдана бастаған сары қарын бәйбіше адамды алғаш қалай көріп, қалай сөйлесіп, қалай сыр түйісіп едіңіздер? Бізге соны толық баяндап беріңіз! - деп мені қинай көрмеңіздер! [12,182-б.] деп, ашық айтқан. Яғни, Сәбит айтылатын әңгіменің морольдық жағын ескеріп, өзінің махаббат туралы ойын бірер абзацпен ғана қайырады.
Ал Қ.Жұмаділов Үрімжіде студент болып жүрген шағында Күләнда даген қызға ғашық болғандығын, екеуі сөз байласып, үйленбекші болғанмен, қызды оқу бітірген соң ішкі Қытайға жұмысқа жіберіп, қыздан қол үзіп қалады. Бұдан кейін өз басына қауіп төнгендіктен, Қазақстанға қашып өтеді. Арада 30-40 жыл өткеннен кейін Қытайға барған жазушы Күләнданы іздеп, сұрау салады. Өкінішке орай бір-екі жыл бұрын кезінде арман болған сүйген қызы өмірден өтіп кеткендігін естиді. Міне мұндағы сезім, түйсік, махаббат бәрі шынайы. Бұл мәселе Ә.Әбішев те жоқ.
Жеке адамның абыройы, өзіндік кұпиясы деген мәселе жайында Ә.Нұршайықовтың ұстанған позициясы басқашалау. Өйткені ол жекелеген кейіпкерлерінің өзі куә болған әрқилы оқиғаларын, тіпті анайы жақтарын да әдептілік пердесімен бүркемелеп жатпастан, тікелей ашық суреттей береді. Бұл пікірдің дәлелі - жазушының ел аралап жүріп, қара дәптерінен айтып берген натуралдық көріністер, Рысбек-Рысты-Нарбала желісінде орын алған ер мен әйел қатынасына қатысты анайы эпизодтар және т.б. Жалпы қазақ мемуарлық романдарының ішіндегі ер мен әйел қарым-қатынасына орай тәптіштей айту үрдісі тек Ә.Нұршайықовтың Мен және менің замандастарым өмірбаяндық шығармасында ғана орын алған деп нақтылауға болады. Бір қарағанда, таза жеке бастық мәселе, тар аядағы тақырып тәрізді көрінген бұл тәрізді сюжетті мемуарлық шығармаға енгізудің қаншалықты қажет деген ой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінің» әдеби маңызы
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы
Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен ерекшеліктері
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Пәндер