HTML тілінің негізгі тегтері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Қолданбалы математика және информатика кафедрасы
«Web-қосымшаларды құру» пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «HTML құжаттарының негізгі тегтері мен атрибуттары»
Орындаған:
баға күні ИС-311 тобының студенті
Айнамқұлова Ж. Қ.
Комиссия мүшелері: Жетекшісі:
1 ҚМж/еИ кафедрасының
2 аға оқытушысы
3 Хасенова А. А.
Қарағанды 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
1 Негізгі бөлім
5
1. 1 HTML гипермәтіндік тілі
5
1. 2 HTML тегтері
7
2 Жобаның жалпы сипаттамасы
9
2. 1 Тег атрибуттары
9
2. 2 HTML құжатының құрылымын анықтау тегтері
14
Қорытынды
18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
19
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау.
Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны - бұл ақпараттық дизайн.
Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты: HTML арқылы сайт жасау мүмкіндіктерін қарастыру,
Жұмыстың міндеті: Web сайттарды құру жолдарымен танысу, html құжаттарының тегтері мен атрибуттары арқылы сайт құру.
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады:
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, яғни негізгі бөлімде HTML тілінің ортасы, арнайы командалар қарастырылған.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде, HTML құжаттарының құрылымын анықтайтын арнайы тегтер мен атрибуттар қарастырылған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- HTML ТІЛІ
HTML тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтар жасап үйрену үшін компьютердегі Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программаларымен жұмыс істей білу жеткілікті.HTML дегеніміз- ағылшынша Hyper Text Markup Language, яғни гипертексті таңбалау тілі дегенді білдіреді. Осы тіл арқылы сайттың парақтары жазылады.
Оны ең бірінші болып ашып, әлемге паш еткен интернеттің атасы Тим Бернерс-Ли деген азамат. Ол мұндай тілді ашу үшін сол кезде қолданыста жүрген SGML деген тілді пайдаланған.
HTML дің ең бірінші нұсқасы 90-шы жылдардың басында пайда болған. Кейін Тим Бернер тілді әркім өз білгендерінше бұрмалап кетпес үшін, сол тілді белгілі бір стандартқа бағындырмақ ниетпен консорциум-құрылым ашқан. Ол W3C( World Wide Web Consortium) деп аталады.
1994 жылы гипертексті таңбалау стандарттарының екінші нұсқасы әзірленіп, ал 1995 жылы HTML3 нұсқасы CSS тің сүйемелдеуімен бірге жарық көреді. Одан соң 3. 2 кейін 4. 0 нұсқалар пайда болады.
Ал қазір біз 1999 жылы пайда болған HTML дің 4. 01 нұсқасын осы күнге дейін пайдаланып келеміз.
Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol - гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы (WWW немесетек Web) пайда болды.
Файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде - HTML (HyperText Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *. HTM немесе *. HTML болуы тиіс.
HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол - мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Интернет жүйесіндегі басқа компьютерде орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Гипермәтінді экранға шығарып бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер арнайы командалармен - тегтермен толықтырылған мәтіндік құжатты қабылдап алып, оның тақырыптарын экранға үлкен әріптермен, ал жай мәтіндерін кішірек таңбалармен жазады, оның ішіндегі суреттерді де адрестеріне сәйкес басқа немесе осы компьютерден оқып экранда көрсетеді. Ең кең тараған броузерлерге Windows операциялық жүйесімен бірге қойылатын Internet Eхplorer және жеке қолданылатын Netscape Navigator программасы жатады. Осы екеуі (олардың бұрынғы нұсқаларын қоса есептегенде) бүгінгі қолданылып жүрген броузерлердің 90 %-ын құрайды.
1. 2. HTML КОМАНДАЛАРЫ
HTML тілінің бастапқы берілген символдық мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тег (tag) деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Кез келген тәг “кіші” (<) символынан басталады да, “үлкен“ (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын ағылшын тіліндегі түйінді сөз - тег орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Тәгтің ағылшын тіліндегі аты оның қызметімен сәйкес келеді. Олардың жазылуында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тег атауларын мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.
HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай керекті сөз тіркестерін қоршап тұрған екі тәг қатар қолданылады: бірі абзацты - ашады, екіншісі - жабады. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг - сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс.
Кейбір тегтер өз жазылу орнына ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, тек жалқы тәг жазылады (мысалы, сызық жүргізу) . Егер қате кетіп, тег ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.
Браузер-программа арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейнеленбей, тек керекті мәтін немесе суреттер көрініп, тәгтердің сол құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.
Web-парақтар экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп (форматтап) көрсететін тілге жатпайды. Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.
Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.
HTML тілінде мәтінді форматтау тәсілдерінің көптеген мүмкіндіктері бар, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мәтіні мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады.
2 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2. 1. ТЕГ АТРИБУТТАРЫ
HTML атрибуттары үш топқа бөлінеді:
1. Жалпыға бірдей ортақ атрибуттар. Барлығы алтау, оның тек көбіне төртеуі қолданылады: id, class, title, style.
2. Оқиға (событие) атрибуттары. Javascript кодында қолданылады. Мысалы, менің сайтымдағы әр мақаламның соңында пікір қалдыру деген түйме сондай атрибут арқылы іске қосылады.
3. Жеке өзіндік атрибуттары. Мысалы, <a>…</a> сілтемеге арналған тегте өзінің href атрибуты қатар жүреді.
Көбінесе ашылу тeгтерінің тигізетін әсерлерін айқындайтын немесе түрлендіретін олардың атрибуттары (сипаттамалары) болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар - тeг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздер мен солардың мүмкін мәндерінен тұрады. Көптеген атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тeгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.
HTML тeгтеріне мысалдар:
<HTML>
<HEAD> Жалпы тақырып
<TІTLE> Терезе тақырыбы
</TІTLE>
</HEAD>
<BODY> <H1> Ең ірі мәтін </H1>
<BR>
<H2> Кішілеу мәтін</H2> <HR>
<P>
<H3> Бірінші абзац </H3>
</BODY>
</HTML>
BR тегі жаңа жолға көшуді қамтамасыз етеді.
Р тегі жаңа абзац жасайды.
<HR> <H3> Екінші абзац </H3>
<P> Абзац үшін жабу тәгі қажет емес. HR тәгі көлденең сызық сызады. <HR>
</BODY>
</HTML>
HTML тeгтерінің қосарланып жазылуы:
<HTML> . . . </HTML> <B> . . . </B> <HEAD> . . . </HEAD> <H3> . . . </H3> <LІ> . . . </LІ>
HTML тeгтерінің жалқы жазылуы:
<BR> . . . <HR> . . . <FRAME> . . .
HTML тeгтерінің атрибуттарымен бірге жазылуы:
<BODY BGCOLOR="YELLOW" TEXT="BLUE" > . . .
<HR COLOR=RED SІZE=16 WІDTH=100%> . . . <HR>
<A HREF="FІSH. JPG"> балық </A> . . .
<HR> <ІMG SRC="DOG. JPG">
<P> <ІMG SRC="FІSH. JPG" WІDTH=500 HEІGІT=250> . . .
Сонымен, HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тeгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады.
Тeг атауларын жазу кезінде үлкен әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі. Ашылу тәгінің жалпы жазылу ережесі, яғни синтаксисі төмендегідей:
<тeг_аты [атрибуттары] >
Тік жақшаға алынған тізбекті жазбай кетуге де болады, яғни көптеген тәгтер атрибутсыз жазыла береді. Ашылу тәгінен соң, негізгі құжат мәтіні жазылады да, соңында ешқашанда атрибуты болмайтын жабылу тeгі орналасады, оның синтаксисі:
</тeг_аты>
Ал атрибуттың жазылу ережесі:
атрибут_аты [= “мәні”]
Атрибуттың мәнін жазу міндетті емес, кейде оның тек аты ғана әсер ете алады, тeг_аты, атрибут_аты деген сөздердегі сызықша олардың тек бір сөзден тұратынын көрсетеді, яғни тәг аты және атрибут аты екі сөзден құрастырылуы мүмкін емес.
Экранға шығарылатын мәтін тізбегі кез келген әріптен, цифрлардан, тыныс белгілерінен және арнайы таңбалардан да (@, #, $, %) құрастырыла береді. Бірақ тeгтер жазуда арнайы мағынасы бар мына символдарды: <, >, &, “ жай мәтін таңбалары ретінде теру керек болса, онда ерекше символдық тізбектер - ескейп-тізбектер (&-тізбектер) қолданылады. Созылмайтын бос орын таңбасы да осы тізбек арқылы өрнектеледі, өйткені оны бірнеше рет теру web-құжаттағы сөздер арасындағы бос аралықты үлкейту тәсілі болып табылады. Ал, әдеттегі бірнеше бос орын таңбасын броузер тек бір ғана босорын таңбасы ретінде ғана қабылдайды.
Осы ескейп-тізбектер символдары амперсенд (&) таңбасымен басталып, нүктелі үтір таңбасымен (; ) аяқталады.
HTML құжатының құрылымын анықтау тегтері2. 2 HTML ҚҰЖАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН АНЫҚТАУ ТЕГТЕРІ
HTML - құжатты дайындау
HTML-құжат - бұл кеңейтілуі . htm түріндегі қарапайым мәтіндік құжат. Мынадай HTML-құжатты Блокнотта теріп шығыңыздар:
<html>
<head> Менің алғашқы парағым
<tіtle> 1-ші мысал </tіtle>
</head>
<body>
<H1> Сәлем!
</H1>
Бұл HTML-құжаттың ең қарапайым мысалы. <P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер, дыбыстық әуендер орналастыруға да болады.
Енді осы терілген құжатты, мысалы, Айна. htm деген атпен дискіде сақтау керек. Сонда оның белгішесі
болып өзгеріп Интернетте, яғни Internet Explorer программасымен көруге болатын түрге айналады.
Бұл Айна. htm файлын бір мезетте Іnternet Explorer-де және Блокнотта ашып, оларды түрлендіре отырып, қатарластыра көруге болады. Ол үшін файлды Іnternet Explorer-де ашқаннан соң, type - HTML түрінде (Вид - В виде HTML) командаларын орындау қажет. Сонда файлдың алғашқы мәтіні Блокнотта ашылып, оны түрлендіріп өзгерту мүмкіндігіне ие боламыз. Қажетті өзгертулер енгізіп оны қайта дискіге жазып сақтап қою қажет. Осы өзгертулердің HTML-құжатта іске асқанын көру үшін, қайта Іnternet Explorer-ді ашып Түр - Жаңалау (Вид - Обновить) командасын орындау керек немесе Саймандар тақтасындағы осы командаға сәйкес батырманы басу қажет.
Сонымен ішіне тегтер жазылған кез келген программа мәтінін Блокнотта тергеннен кейін, оған өз қалауыңызша ат беріп, *. htm(* - кез келген ат) түрінде сақтау керек. Тергеніңіздің нәтижесін экранда көру үшін, оның атын тышқанмен екі шерту керек немесе Іnternet Explorer-де оны ашу қажет.
Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады.HTML құжатының кез келгені <HTML> тегінен басталып, соған сәйкес </HTML> түріндегі жабылу тегімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.
Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тегтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікте <TІTLE> . . . </TІTLE> тегтерімен шектелетін құжаттың терезе маңдайшасында тұратын ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер оны терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.
Осы құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, броузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.
Жазылатын мәтін құжаттың негізгі тұлғасы деп аталатын <BODY> . . . </BODY> тегтерінің ортасына жазылады. Бұл қос белгі HTML-құжаттың негізгі мазмұндық бөлігінің басын және соңын білдіреді.
Жоғарыда келтірілген тег HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Бірақ <HTML>, <TІTLE> тегтерін жазбай кетсе де болады, дегенмен HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушының қандай броузер пайдаланатыны, оның қалай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз болады ғой.
HTML тілінің комментарийлерін тег жазбай-ақ, арнайы символдардан <!-- кейін жалғастырып жазуға болады. Түсініктеме мәтін соңына --> символдары жазылуы тиіс. Түсінік мәтін “үлкен” таңбасынан (>) өзге кез келген символдардан құрастырыла береді.
<!-- мынау түсініктеме мәтін тізбегі -->
Программаны оқу ыңғайлы болуы үшін әрбір жол тиісінше қосымша шегіністер арқылы жазылады, бірақ жалпы HTML құжаты үшін оның қажеті жоқ. Тіпті, броузерлер HTML-файлдардағы жолдың соңы символын және көптеген бос орындарды есепке алмайды.
Осы айтылған тегтер HTML құжатының кез келгенінде болуы керек. Бірақ html, title тегтерін жазбай кетседе болады, дегенмен HTML тілінің құрылымы олардық толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушының қандай броузер пайдаланатыны оның қалай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз болады.
Қарапайым түрде дұрыс құрастырылған HTML құжатының үлгісі:
<html>
<head>
<title> … </title
<head>
<body>
…
</body>
</html>
Құжаттың функционалдық бөліктерін анықтау
HTML тілі құжаттың фнукционалдық жеке бөліктерін сипаттауға арналған. Көптеген құжаттарда негізгі функционалдық бөліктер ретінде тақырыптар мен абзацтар қарастырылады.
1. HTML тілі құжаттардың ішкі тақырыптарының көлеміне қарай алты түрлі деңгейін жасай алады. Олар <H1> және </H1> тегтерінен басталып, <H6> және </H6> тегтеріне дейін жалғасады
HTML тілінің идеологиясы бойынша тақырып болып келетін ке келген мытін осы тегтердің бірімен бейнеленуі тиіс. Бірақ бұл тегсіз де мәтін әріптерін үлкейтіп жазатын басқа мүмкіндіктерде бар.
2. Жаңа жолдан басталатын абзацтарды белгілеу үшін P тегі ( жабу тегі </P>) қолданылады. Бір абзацты жаппай жаңа абзац бастап кетсек, алдыңғы абзац автоматты түрде жабылады.
Сондықтан көбінесе P түріндегі жабу тегін жазбаса да болады. HTML тілінде абзац азат жолдан басталмайды, тек абзацтар арасында бір бос жол қалдырып кетеді. Көбінесе абзацтарды анық етіп бөліп тұру үшін көлденең горизонталь сызық қойылады. Горизонталь сызық қою HR тегімен көлденең орындалады, оның жабу тегі болмайды.
3. Сөздер арасында қойылатын бірнеше бос орын таңбаларының тек біреуі ғана көрініп тұрады да, басқалары жойылып кетеді. Сол сияқты келесі қатарға көшіретін ENTER пернесін басу таңбасы да HTML тілінде ешбір әсер етпейді.
4. Егер абзац жасап бос жол қалдырмай, жаңа жолға көші қажет болса, онда парсыз жалғыз қолданылатын BR тегін қолдану керек.
<html>
<head>
<title> Құжаттың функционалдық бөліктері </title>
</head>
<body>
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz