Ауызша тарихи деректер


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Көшербаева Ж. Б.
ОРТА МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРИХЫН ОҚЫТУДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚОЛДАНБАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В011400-«Тарих»
Алматы 2019
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих, археология және этнология факультеті
Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. д., профессор Сұлтанғалиева Г. С.
« »2019
ОРТА МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРИХЫН ОҚЫТУДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚОЛДАНБАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
тақырыбында
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша
Орындаған Көшербаева Ж. Б.
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. д., профессор Мұхатова О. Х.
Норма бақылаушы
Алматы, 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ 8 СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТАҒЫ ТАРИХИ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
- Орта мектептегі Қазақстанның жаңа заман тарихы бойынша қарастыратын мәселелер
- Білім беру бағдарламасы бойынша қамтылған деректер
2 ДЕРЕКТЕРДІ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Сабақ үстінде деректермен жұмыс жасаудың әдістері
2. 2 Оқушылардың деректермен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру тәсілдері
3 ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕКТЕРІНІҢ ТАРИХИ БІЛІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
3. 1 Оқу үдерісінде деректерді пайдаланудағы мұғалімдердің тәжірибесі
3. 2 Деректерді пайдаланудың қолданбалығын жетілдіру проблемалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жаһандану заманында адамның үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей алу қабілеті бірінші орынға шығады. Бұл, әсіресе, жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары үшін маңызды. Бүгінгі күні тарих сабағын құжатсыз, алғашқы дерек көзінсіз, белгілі тарихшылардың еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Оларды тиімді пайдалана білу өзара байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: білім деңгейін толықтыру, оны тереңдету және нақтылау, білім алушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен қорытынды жасай алу қабілетін дамыту.
Сол себепті де, қазіргі күні мектепте тарихи білім беруде оқушылардың тарихи дерек көздерімен жұмыс жасау қабілетін дамыту өзекті мәселе болып отыр.
1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ 8 СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТАҒЫ ТАРИХИ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
- Орта мектептегі Қазақстанның жаңа заман тарихы бойынша қарастыратын мәселелер
Қазақстанның жаңа заман тарихы мектеп бағдарламасы бойынша 8-сыныпта оқытылады, жылына 68 сағат, аптасына 2 рет. Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің жаңартылған мазмұндағы Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. З. Е. Қадылдинов, Ж. Н. Қалиев, А. Т. Бейсембаеваның авторлығымен жарық көрген оқулық 2018 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан. Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Ж. Әбдіров пен З. Т. Сәдуақасова.
Оқулықта жаңа заман тарихы 6 бөлімге бөлінген. Олар: Қазақ-Жоңғар соғысы; XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы; XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті; Отарлау және ұлт-азаттық күрес; Қазақстан Ресей империясы құрамында; Қазақстанның XIX-XX ғасыр басындағы мәдениеті.
Оқулықтың бірінші бөлімі Қазақ-Жоңғар соғысының тарихына арналған. Бөлім жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысынан басталады. Мұнда Қазақ хандығының XVIII ғасырдың басындағы ішкі және сыртқы жағдайы, Жоңғар мемлекетінің құрылу тарихы мен қазақ жеріне басқыншылық жүргізуінің себептері, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіреті баяндалады.
XVIII ғасырдың басы қазақ тарихындағы ауыр кезеңдердің бірі болды. Хандық биліктің әлсіреп, әр аймақта жеке билік етушілердің артуы ел бірлігіне нұқсан келтіре бастады. Ұлы жүз, орта жүз бен кіші жүздің өзіндік билеушілері нығая түсті. Осылайша, ішкі алауыздықтардың басталуы көрші мемлекеттердің бақылауында болды. Осының әсерінен шекаралас аймақтарда жағдай ушығып тұрды.
1635 жылы қазақ жерінің оңтүстік-шығысында Батыр қонтайшының бастауымен Жоңғар хандығы құрылады. Жаңа құрылған мемлекеттің әскери саласы ерекше қарқынмен дамыды. Сол кез үшін жаңалық болып саналатын мылтық, зеңбірек секілді қаруларды соғыс барысында пайдаланатын болған. Сол кезеңдегі жоңғарлардың басты мақсаты көрші мемлекеттердің территориясын өз қарамағына алу еді. Осы тұрғыда, Қазақстанның маңызды сауда жолында жатқан, құнарлы, шаруашылыққа қолайлы кең-байтақ аймағы жоңғар басқыншылары үшін таптырмас аймақ болды. Жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс жүргізіп келе жатқан Қытай императорының қайтыс болуы олардың қазақ жеріне шабуыл жасауына жол ашып берді. Жоңғарлардың алғашқы соққысына ұшыраған Жетісу мен Ертіс аймақтары болды. Күтпеген жерден жасалған шабуыл болғандықтан қазақтар бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Осыған қарамастан, қазақ әскерлері өздерінен әлдеқайда көп жоңғар әскеріне төтеп беруге барынша тырысты. Қазақ жерінің батыс өлкелері, Арқа аймағы және шөлді аймақтарынан басқа бүкіл дерлік жер жоңғарлар қолына өтті. Тұтқиылдан жасалған жойқын шабуылдан есеңгіреген халықтың батыс өңірге жаппай жылжи бастады. Бұл оқиға тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды. «Қаратаудың басынан көш келеді . . . », -деп басталатын «Елім-ай» жыры осы кезеңнің сипатын ашып көрсете алатын бірден-бір туынды болып саналады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген дерегі бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырылған бұл қасіреттің орнауына, қазақтардың жоңғарларға төтеп бере алмауына бірнеше себептер әсер етті. Біріншіден, қазақ халқының өз арасында, жүздер арасындағы бірліктің болмауы. Екіншіден, жоңғарлардың мықты әскери дайындығы, қарулануы, соғыс қимылдарын жүргізуде мол тәжірибесінің болуы. Үшіншіден, қазақтарда болған аса ауыр жұт, соның әсерінен жорыққа қажетті жөні түзу аттардың аз болуы да өз әсерін тигізді.
Қазақ қоғамында тұрақты әскер болмағын, соғыс қаупі төне қалған жағдайда халық арасынан арнайы жасақтар құрылатын болған. Елдегі әрбір ер адам жауынгер болуға міндетті болды. Қазақ даласында соғыс қимылдары өте көп болып отырды. Осындай қиын кезеңдерде елін қорғаған, ерекше ерлігімен көзге түскен жауынгерлерге «батыр» атағы беріліп отырған. Жоңғарлардың қысымы күшейген XVIII ғасырда қазақ қоғамында ерлігімен ерекшеленген батырлар көп болды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Наурызбай, Малайсары, Тайлақ, Байымбет секілді т. б. қазақ батырлары басқыншылардың соққысына төтеп беруде ерен ерліктер көрсете білді.
Басқыншыларға қарсы күресте ұлт болып бірігу қажеттілігі туды. Осыған байланысты 1710 жылы Қарақұмда қазақ ақсүйектерінің құрылтайы өтті. Жалпы қазақ әскерінің бас қолбасшысы ретінде Бөгенбай батыр бекітілді. Жоңғарларға қарсы күресті бас ұйымдастырушы Әбілхайыр хан болып, өзінің қолбасшы ретіндегі қабілетін соғыс барысында танытты.
1726 жылы Ордабасы тауында Бүкілқазақтық құрылтай өтіп, қазақтар бір-біріне адал болуға ант беріседі. Осы құрылтайдан бастау алған қазақтардың бірлескен күші Бұланты, Аңырақай шайқасында өз нәтижесін берді. Алайда, билік үшін бақталастықтың тоқтамауы қазақ жасағының қайта ыдырап кетуіне себеп болды. Осының әсерінен әр жүз өздігінше жаудан қорғануына тура келді.
Оқулықтың екінші бөлімі XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының тарихына арналған. Аталған бөлімде XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қарым-қатынасы, Ресей империясының Қазақ хандығын қосып ала бастауы және Абылай ханның жүргізген саясаты баяндалады.
Қазақ-орыс қатынастарының тарихы XVI ғасырдан бастау алады. Бұл кезеңде, негізінен, сауда және дипломатиялық қатынастар ғана орнады. Ал бұл байланыстардың күшейе түсуі XVIII ғасырдың алғашқы жартысына тура келді. Қазақтардың жоңғар қысымына байланысты Патша үкіметіне жүгінуі олар үшін де пайдалы болды. Себебі, Қазақстан жері Орта Азия, Үндістан, Ауғанстан, т. б. Азия елдеріне жол ашатын қолайлы географиялық аймақта орналасқан еді. Патша үкіметі өз өнімдерін өткізуде қазақ жерін басты нарық ретінде пайдалана алатын еді. Сонымен бірге, қазақ даласының мол шикізаттары, шаруашылық өнімдерін патшалық игілігіне жаратуға мол мүмкіндік болды.
Патша үкіметінің қазақтарды «қорғанына алуы» Ертіс бойына бекіністер салудан бастау алды. «Қазақтарды жоңғарлар шабуылынан қорғау үшін» деген аты ғана болмаса, шын мәнінде, патшалық аталған аймақты өз қарауына алуды қарастырды.
Жоңғарлармен арада болған шайқастарда бірнеше ірі жеңістерге жеткеніне қарамастан, қазақ жасағы билік таласының салдарынан әлсіреп кетті. Осы тұста Әбілхайыр хан Қазақ хандығында өз билігін нығайтудың амалдарын іздестіре бастады. Нәтижесінде, кіші жүз ханы Ресейдің қолдауына сүйенуді жөн деп табады.
1731 жылы императрицаАнна Иоанновна Кіші жүз қазақтарын Ресей құрамына алу туралы грамотаға қол қойды. Бұл оқиға Қазақ хандығының Ресей құрамына енуінің басы еді. 1731 жылдың көктемінде қазақтардан ант қабылдау үшін Әбілқайырға А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. 1731 жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан, бірқатар сұлтандар мен билер, батырлардың тобы Патша үкіметі құрамына кіру туралы ант берді. Ресей құрамына өткеннен кейін де Кіші жүзге патша үкіметі тарапынан әскери көмек көрсетілмеді. Кіші жүз Ресей құрамына кіргеннен кейін бірқатар билеушілер де Ресей құрамына кіре бастады. Кіші және орта жүз қазақтарының біртіндеп Ресей құрамына ене бастауы халқымыздың өз тәуелсіздігінен айырылуына әкеліп соқты. Патша үкіметі қазақ билеушілерін өз қалаулары бойынша жұмыс жасатқызып отырды.
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы тарихындағы ең белгілі тұлғалардың бірі - Абылай хан. Ол өзінің бүкіл ғұмырын Қазақ хандығын нығайтуға арнады. Абылай ханның негізгі саяси мақсаты бір орталыққа бағынған мемлекет құру болды. Ресей құрамына сөз жүзінде өткенімен, іс жүзінде дербес саясат жүргізді. Бастапқыда тек Орта жүздің ханы болғанымен, 1771 жылы үш жүздің ханы болып сайланады. Абылай хан жүргізген ішкі саясаттың негізгі ерекшеліктері: Бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды; сот билігін күшейте түсті; қақтығыстар мен барымтаны тоқтатты; егіншілікке, шөп шабуға, балықшылыққа қолдау көрсетті; керуен саудасын күшейтуге көңіл бөлді; темір ұстаханаларын салудың бастамашысы болды.
Абылай хан сыртқы саясатта Ресеймен дипломатиялық қатынас орната отырып, олардың қойған жөнсіз талаптарынан бас тартып отырды. Жоңғар билеушісі Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін мұрагерлері арасында туындаған тақ таласын қазақ сұлтандары тиімді пайдалана алды.
Ресейдің қол астына тек құжат түрінде кіргенімен, Абылай хан Қытаймен дипломатиялық қатынастар жүргізе бастады. Алайда жоңғарларды жеңгеннен кейін жер мәселесіне байланысты Қытай мен Қазақ хандағының арасында келіспеушіліктер пайда болды. Басты жеңімпаз ретінде Қытайлықтар жоңғарлар жерін қазақтарға бергісі келмеді. Бұл жағдайға қазақтар көне қоймады, нәтижесінде екі арада бейбіт келісімдержасалды.
Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орны ерекше. Ол - сыртқы жаулармен бейбіт қатынастар орната отырып, дербестігін сақтай білген көреген қолбасшы. Туыстас қырғыз халқымен арадағы күрделі қарым-қатынастың түйінін шеше білді. Орталықтандырылған мемлекет құруда қыруар еңбек атқарды. Абылай ханның есімін қазақ халқы бүгінге дейін құрмет тұтып, қастерлейді.
Қазақстанның жаңа заман тарихына арналған 8-сынып оқулығының үшінші бөлімінде XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті мен қазақтардың материалдық мәдениеті талданады.
Халқымыздың көшпелі өмір салтына сәйкес ауыз әдебиеті, жыраулық дәстүр, музыка дами түсті. Сол кезеңнің ақын-жырауларының туындыларындағы негізгі тақырып қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, патша үкіметінің қазақ жерін отарлауы, одан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалыстар болды. XVIII ғасырдағы белгілі жыраулардың бірі - Ақтамберді жырау Сарыұлы. Ол тек жыраулығымен ғана емес, жоңғарларға қарсы күресте де белсенділігімен көзге түскен тұлға. Оның шығармаларының негізі батырлыққа, ерлікке үндеуден тұрды. Аталған кезеңдегі белгілі жыраулардың қатарында Бұқар жырау Қалқаманұлы да бар. «Көмекей әулие» атанған жыраудың негізгі ойы Қазақ елінің тәуелсіздігін сақтау мен нығайту мәселесіне бағытталды. Абылай ханның тұсында оның сенімді серіктерінің бірі болып, кеңесші қызметін атқарған. Бұқар жыраумен қатар сол заманның данагөйлерінің қатарында Үмбетей Тілеуұлы, Тәтіғара, Шал, Көтеш сынды тұлғалар болды.
Қазақ халқында әрбір отбасының өзіндік шежіресі болуы заңды құбылыс еді. Шежіренің ел тарихын анықтауда маңызы жоғары. Ол қоғамды әлеуметтік тұрғыда реттеп отырды.
Дала тұрғындарының шаруашылығы мен үй кәсібінде малдың орны ерекше болды. Мал шаруашылығы өнімдері күнделікті өмірде қолданыста болды. Бұл өнімдердің қандай да бір бөлігін жарамсыз етіп тастауға болмайды, оның әрбір бөлшегі қажетке жарайтын еді. Малдың терісін өңдеу арқылы киім-кешек, ыдыс, белдік, аяқ киім, үйге қажетті жиһаздар дайындаған. Киіз басу, кілем тоқу сияқты кәсіптерді өнер деңгейіне дейін жеткізіп дамытты.
Қазақтардың сол кезеңдегі басты баспана түрі киіз үй болды. Киіз үй Қазақстанның климатына сәйкес, қолайлы әрі тез жиналып, құрыла салатын ерекше баспана болды. Қыстың кезінде елдің суық аймақтарында болмаса, оңтүстік аймақтарда бір киіз үйбен қысы-жазы тұра беруге болатын еді. Киіз үйден бөлек қазақтар қыс мезгілінде қыстауда тұрды. Уақыт өте келе төбесі шатырмен жабылатын үй салуды үйренеді. Үйдің ішінде арнайы жылытатаын пеш орналастырылды. Бұл үйлер ағаштан жасалынды, көбіне орыс ұсталары салып беретін. Қазақ халқында өсіп тұрған ағашты кесуге қатаң тиым салынатын, сол себепті де киіз үйдің ішін қамыс немесе тезек жағып жылытатын болған.
8-сынып бағдарламасына сәйкес 4-бөлімде Қазақстандағы отарлау шараларының күшеюі және оған қарсы ұлт-азаттық көтерілістер мәселесі талданады.
Қазақстанмен шекаралас аймақтарда 4 казак әскері болды: Жайық, Сібір, Орынбор және Жетісу казак әскерлері. Казак әскерлерінің атқарған негізгі қызметі: Орыс әскерінің шетелдерге жасаған жорықтарына қатысу; ұлт-азаттық көтерілістер, шаруалар мен жұмысшылардың көтерілістерін аяусыз басуға белсене қатысу; Ресейге жаңа жер қосып алуға белсене қатысу; шекараны қорғау; бекініс құрылыстарын салуға қатысу, полицейлік қызмет атқару.
Казактардың патша үкіметіне бұлайша адал қызмет етуі, патша үкіметінің казактарға жасаған ерекше артықшылықтарымен байланысты. Оларға ең құнарлы жерлер берілді, өзендер мен көлдер, ормандарды пайдалануда ерекше құқықтары болды. Казактар бастапқыда патша үкіметіне әскери қызметкер ретінде өмір бойына жалданса, кейінірек бұл мөлшер 30 жылға төмендеді.
Қазақтар мен казактар арасында екі түрлі жағдай қалыптасты. Біріншіден, екі арада тауар алмасып, мәдени жағынан жақындасу нығая түсті. Екіншіден, арада әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Бұл қақтығыстар, негізінен, жер мәселесіне байланысты болды. Сонымен қоса, казак әскерлері қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерілістерді басушы жазалаушы әскер қатарында болды.
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797)
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс Патша үкіметінің отырлық саясатына қарсы алғашқы ірі бас көтеру болды. Көтерілістің шығу себептері: Шекараның ішкі жағына өткен қазақтарған қойылатын талап тым қиындап кетті; Орал казак әскерлері тарапынан «әскери іздестірулер» тоқтамады; Нұралы ханның беделі төмендеп, патша үкіметінің қуыршағына айнала бастады.
Көтерілістің басшысы Кіші жүздің он екі ата Байұлы бірлестігінің Байбақты руынан шыққан мықты дипломат, шебер ұйымдастырушы, би әрі шешен ретінде халық арасында танымал Сырым Датұлы болды. Көтерілістің қозғаушы күші қарапайым халық болды, сонымен бірге старшындар, билер мен батырлар болды. Осы кезеңде Кіші жүзде хан билігін жоюға бағытталған А. О. Игельстромның реформасы патша үкіметінің тарапынан қолдау таппай, іск аспай қалды. Сырым Датұлының көтерілісі жеңіліске ұшырап, ол Хиуа хандығына көшіп кетуге мәжбүр болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырау себептері: Сырым Датұлы екі бірдей күшке қарсы тұрды: бірі-патша үкіметі, екіншісі-сұлтандар мен ханның төңірегіндегілер; көтеріліс стихиялы түрде болды; руаралық шиеленісті қақтығыстар орын алды.
Көтерілістің тарихи маңызы зор болды, нәтижесінде патша үкіметі Еділ мен Жайық аралығында мал жайылымдарын пайдалануға рұқсат етті.
XIX ғасырдың 20-жылдары Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді. 1822-24 жылдары Орта және Кіші жүзде хан билігі жойылды. Хан билігі жойылуының негізгі себептері: қазақ хандары халық арасында өз беделін жоғалта бастады; қазақ жүздердің арасындағы байланыс нашарлай түсті; хан билігінің сақталуы патша үкіметінің отарлау саясатына кедергі келтіріп тұрған болатын.
1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қабылданып, ол бойынша Орта жүзде хандық биліктің жойылуы жүзеге асты. Бұл жарғының авторы Батыс Сібір генерал-губернаторы М. М. Сперанский болды. Аталған жарғы негізінде әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі өзгерді. Басқарудың округтік жүйесі енгізілетін болды.
1824 жылы күшіне енген «Орынбор қырғыздары жөніндегі Жарғы» бойынша Кіші жүзде хан билігі жойылды. Жарғының авторы - Орынбор өлкесінің губернаторы П. К. Эссен. Жарғы негізінде Кіші жүз аумағы 3 округке бөлінді.
Реформалар нәтижесінде Орта және Кіші жүз қазақтары өз еркіндіктерінен айырылып, біртіндеп отарлана бастады. Қазақтар еркін көшіп қону құқығынан айырылып қалды. Ертеден қалыптасып келген рулық қауымдар бір-бірімен араласып кетті. Осының әсерінен мал шаруашылығы құлдырай бастады.
XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ресей қазақ жеріндегі отарлау саясатын күшейте түсті. Қазақтардың жерін тартып алу күшейе түсті. Осыған байланысты 1822 жылы Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс, 1825 жылы Саржан Қасымұлының бастаған көтерілісі болды. Аталған екі көтеріліс те жеңіліске ұшырады, алайда, тарихи маңызы зор болды.
1836-1838 жылдар аралығында Бөкей ордасы қазақтарының Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісі болды. Көтерілістің басты шығу себебі жер мәселесіне байланысты болды. Қазақ жерінің ең шұрайлы аймақтарын орыс помещиктерінің иелігіне беруі, ал олардың осы жер иелігін қазақтардың өзіне жалға беруі халықтың наразылығын туғызды. 1836 жылы қарапайым халықтан тұратын жасақ көтерілісті бастады. Бастапқыда халық қаһарынан қорыққан Жәңгір хан олардың шағымын тыңдап, оны шешуге уәде берді. Алайда бұл уәделер толығымен орындала қоймады. Көтеріліс ары қарай жалғасын тапты. 1838 жылы Ақбұлақ шайқасында Исатай Тайманұлы қаза табады. Осы жағдайдан кейін көтеріліс әлсірей бастады. Ал Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бойы жасырынып жүруге мәжбүр болды. Осылайша, көтеріліс жеңіліске ұшырады, оның негізгі себептері: Көтеріліс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады; Нақты бағдарламасы болмады; шашыраңқы сипатта болды; көтерілісшілердің қарулануы нашар болды.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырағанымен, тарихи маңызы зор болды. Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды.
1837-1847 жылдар аралығында Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс болды. Көтерілістің шығуына негізгі себептері: Патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алып, әскери бекіністер сала бастауы; әскери отрядтардың қазақ ауылдарына шабуылының көбеюі. Бұл көтерілістің негізгі ерекшелігі үш жүзді толығымен қамтуы еді.
Көтерілістің басы Кенесарының патша үкіметіне жақтасқан сұлтандар мен билердің ауылын шабуынан басталды. 1841 жылы қыркүйек айында Кенесары үш жүздің ханы болып сайланады. Бұл көтерілістің күшейе түсуіне әсер етті. Ол бір орталыққа бағындырылған мемлекет құрды. Салық жүйесін ретке келтірді. Халықтың егіншілікпен айналысуына қолау білдірді. Мықты әскери жүйе енгізді. Қол астында 20 мың әскерден тұратын жасағы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz