Аягөз бірталай желді қала
Тақырыбы: ШҚО Аягөз ауданы ауыл шаруашылық жерлерінің қазіргі жағдайы мен пайдаланылуын талдау
Мазмұны:
КІРІСПЕ
І. ШҚО АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ - КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
0.1 ШҚО Аягөз ауданының географиялық орналасуы мен жер бедері
0.2 Аягөз ауданының индустриалды даму кешені мен экономикалық орталықтары
0.3 Аягөз ауданының климаты мен топырақ өңдеудің шешетін мәселелері
ІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ
2.1 Аягөз ауданы ауыл шаруашылығының 2013-2018 жылдар аралығындағы даму қарқыны
2.2. Аягөз ауданының егістік жерлері мен егін шаруашылығының қалыптасуы
2.3. Аягөз ауданы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі мен негізгі капиталға салынған инвестиция мөлшері
2.4. Аягөз ауданы экономиканы дамытудың факторлары және шарттары
ІІІ. ШҚО АЯГӨЗ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ТАЛДАУ
3.1. Аягөз ауданы жер қоры мен ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы
3.2. Аягөз ауданындағы ауылшаруашылық кооперативтерінің негізгі бағыты мен аудандағы дамуының тиімділігі
3.3. Аягөз ауданы жерлерінің сапалық жағдайы мен жер теліміне берілетін нарық өнімінің сызбасы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
КІРІСПЕ
Аягөз ауданы ауыл шаруашылығына негізделген, соңғы уақытта мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Еліміздің азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін орындауда мал шаруашылығын дамыту айрықша орын алатын болса, оның негізі - табиғи жайылымдарды тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады. Жер пайдаланушылар мен меншік иелері үшін табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану, жайылымның тозуын болдырмай, жақсарту шараларын жүзеге асыру кезек күттірмейтін міндет. Ауыл шаруашылық өнімдері тамақ өнiмдерi мен ауылшаруашылық шикiзаты саласында импорт алмастыруды қамтамасыз етедi.
Жер пайдаланушылар мен меншік иелері үшін табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану, жайылымның тозуын болдырмай, жақсарту шараларын жүзеге асыру кезек күттірмейтін міндет болып табылады.

1.1 ШҚО Аягөз ауданының географиялық орналасуы мен жер бедері жағдайы
Аягөз ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Аудан 1928 жылы құрылған, әкімшілік орталығы Аягөз қаласы болып табылады. Қаланың атауы ауданнан ағып өтетін Аягөз өзеніне байланысты қойылған. Ғалымдардың пікірінше өзеннің аты түркілердің ай тайпасының атауы мен түркіше "өгөз" өзен, яғни ай руының өзені дегеннен пайда болған; ал жергілікті халықта түркіше ая -- әдемі және гөзкөз -- көз деген нұсқа кең таралған.
Жер көлемі 49558,03 шаршы километр. Аягөз ауданы батысында - Қарағанды облысымен, оңтүстікте - Алматы облысымен, солтүстікте - Абай, Жарма аудандарымен, шығыста - Үржар және Тарбағатай аудандарымен шекараласады.
2017 жылдың 1 желтоқсандағы статистикалық мәлімет бойынша ауданының тұрғындар саны- 73038 адам. Оның 50,7%-ы қалада, қалған 49,3%-ы ауылда тұрады. Қазақтар бүкіл халықтың 98,6%-ын құрайды. Экономикалық белсенді халық- 32109 адам. Жұмыспен қамтылған халық-30475 адам. Жұмыссыздар саны -1634 адам.
Ауданда 21 селолық және 1 кенттік округ бар. Ауданның шекарасы бірқалыпсыз қоныстанған. Ал халықтың ең көп қоныстанған жері солтүстік-шығыс және шығыста, ең аз қоныстанған жері оңтүстік-батыс ауылдық округтер.
Солтүстікке қарай Ресей, Семей, және Өскемен қалаларымен, ал оңтүстікке қарай Талдықорған, Алматы қалаларына, Қырғыстан, Өзбекстан және Қытай Халық Республикасына қатынасуға болады және Республикалық маңызды автожолдар Алматы -- Өскемен, Қарағанды -- Аягөз -- Боғаз. Қала үстінде бірнеше халықаралық әуе жолдарының қиылысы орналасқан. Аягөз ауданы орталығы ірі қалалардан оның ішінде Өскемен қаласынан -330 км, Семей қаласынан -350 км, Нұр-Сұлтан қаласынан -905 км, Алматы қаласынан-785 км ара қашықтықта орналасқан.
Аудан экономикасындағы алдыңғы орынды теміржол мекемелері, энергетика, жылу, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сауда және коммуналдық шаруашылық иеленеді.
Аудан орталығы Аягөз қаласы Түркістан-Сібір магистралі теміржолының ірі бөлігімен, автомобиль жолдарының маңызды қиылысқан жерлерінде орналасқан. Мұнда локомотив және вагон жөндеу деполары, байланыс, белгі беру және жол дистанциялары, азаматтық құрылыс және сумен қамтамасыз ету кәсіпорындары орналасқан. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету де ең басты роль атқарып отырған коммуналдық шаруашылық, жылу, энергия және су - канализация мекемелері бар.
Аудан тұрғындарына әртүрлі емдеу - профилактика мекемелерінен медициналық көмек көрсетіледі. 18 жекелеген жанұялық - дәрігерлік амбулаториялар, 26 медициналық пункттер, 2 ауылдық аурухана, 1 тубдиспансер, 1 тіс емханасы, 1 қалалық, 1 аудандық аурухана бар. Ауданда 46 мәдениет мекемелері бар. Оның 21-і клуб, 23-і кітапхана, мәдениет үйі және 1 мұражай. Мәдениет үйлерінің материалдық базалары жақсартылған.
Ауданда алғашқы болып ашылған Ұлы Керуен туристік фирмасының жұмысы қарқынды түрде дамып келеді. Турагенттік салада қызмет көрсетіп отырған фирманың мүмкіндіктері үлкен үміт артады. Ұлы Керуен туристік фирмасы оқушыларды-тұрғындарды Алматы, Астана қалаларына экскурсиялық турларына апарады. Қытай Халық Республикасына туристік сапарлар жасайды.
Аягөз қаласында орналасқан туристік объектілер, келетін туристерге жатын орынмен қамтамасыз етеді. Олар Аягөз қонақ үйі, ішінде 23 бөлме - 1000-2500 тг. Мекен жайы: Аягөз қ., Дүйсенов көш. №55, тел. 8(72237) 3-26-77, Біржан қонақ үйі - 15 бөлме -1000-4000 тг. Мекен жайы: Аягөз қ., Тәңірбергенов көш. №35, тел. 8(72237)3-33-44, Алихан қонақ үйі - 5 бөлме - 3000-8000тг. Мекен жайы: Аягөз қ., Абай булвары, 47.
Жер көлемі жағынан республика бойынша үшінші алып аудан саналатын Аягөз аймағы кендігімен ғана емес түрлі жәдігер ескерткіштер мен тарих таңбаларына бай өлке. Ертеден бастасақ ертеңгі күні үлкен өндіріс орталығы болады деп отырған Ақтоғай, Таңсық аймағында мәңгілік махаббаттың символы болып Қозы Көрпеш - Баян сұлу мазары Таңсық (Тарлаулы) ауылынан 13 км жерде орналасқан.
Ауданның жер бедері биік, орташа және аласа таулардың, тау бөлік терінде жазықтықтардың және тау аралықтарында жалпақ аңғарлардың болуымен сипатталады. Аудан аумағының жер бедерінің негізгі бөлігі таулы (Ақшатау, Тарбағатай жоталары), оңтүстік бөлігі төбелі жазықтар.Климаты шұғыл континентті, қысы суық, жазы ыстық, орташа температурасы қаңтардың орташа температурасы -17-19 градус, шілдеде 20-22 градус ыстық.Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-400 мм. Қазан айының соңына қарай қар жауады, сәуір айына дейін жатады.Ауданда мынадай өзендер ағып өтеді: Аягөз, Қарасу және т.б. Аягөз өзені Тарбағатай жотасының бөктерінен бастау алады, Балхаш өзеніне құяды.Өзеннің ұзындығы-492 км., су жинау алабы 15,7 мың км 2. Ірі салалары: Балықты, Нарын, Батпақты, Айғыз, Құрайлы, Таңсық және т.б. Қар суымен қоректенеді. Топырақ жамылғысы сортаң .Өсімдік дүниесі-бетеге, ермен, көкпек, алабота, қияқ, қамыс, ши. Жануарлар дүниесі- арқар, борсық, қоян, сарышұнақ, суыр т.б.
1939 жылы - Аягөз ауданы жаңадан ұйымдастырылған Семей облысының құрамына енді. 1997 жылдың мамыр айында Семей облысының таратылуына байланысты Аягөз ауданы (оның құрамына таратылған Шұбартау ауданы) Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. Аягөз ауданы - ақындар елі, батырлар мекені. Мұнда Абай Құнанбайұлының, Шоқан Шыңғысұлының П. Семенов- ТяньШанскийдің, Г. Потаниннің, А. Янушкевичтің ізі қалған.
Аягөз ауданы - Шығыс Қазақстанның оңтүстік орталығы десе де болғандай. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіштер бар. Олардың ішіндегі ең үлкені халықтық архитектура үлгісінде салынған әлемге әйгілі Қозы Көрпеш - Баян Сұлу кесенесі. Қазақстандағы ең биік саздан жасалған кесене - Балтабек қажы мен Барақ сұлтанға арналған кесенелер.
ШҚО-ның статистикалық басқармасының халыққа ішінара жүргізген эксперттік бақылаулары негізінде Аягөз ауданында экономикалық белсенді халық 36120 адам , жұмыспен қамтылған халық - 34425 адам кел- сараптамалық сарапшылықтың тексеру нәтижесінде, жұмыссыздар - 1695 адам. Жұмыссыздықтың деңгейін ауданның 4,7 % келді. Жыл басынан бері 664 адам жұмысқа орналастырылды. 570 жаңа жұмыс орындары ашылды 2016 халықты жұмыспен қамту үшін бюджеттен 46,8 млн теңге бөлініп, 2016 жылдың 8 айында 30,8 млн теңге игерілді. 345 адам - жалақы төлентін қоғамдық жұмысқа тартылып, оған - 20,8 млн теңге төленді. Кәсіптік оқытуға125 адам жіберіліп, жергілікті бюджеттен- 9 055,4 мың теңге төленді, жастар іс тәжірибесіне 7 адам жіберіліп, 670,0 мың теңге төленді, әлеуметтік жұмыс орындарына 5 адам жіберіліп, 300,0 мың теңге төленді. 01.09.2016 жылы есепте тұрған жұмыссыздар саны 352, тіркелген жұмыссыздар -1,0 пайыз.
Аягөз ауданының климаттық жағдайы, табиғат жағдайларының өте алақұлалығымен ерекше көзге түседі. Мұнда климат, өсімдіктер мен топырақ тік аймақта көрінеді, бұған жер бедерінің қатпар таулы болып келуі және жалпы климат жағдайының тұтас бірқатар құбылыстары, сондай-ақ ауа толқынынан болып жатқан тау жоталарының әсері себеп болады.
3.2. Аягөз ауданының индустриалды даму кешені мен экономикалық орталықтары
Аягөз ауданында Индустриалды Даму Бағдарламасына кірген жобаның жүзеге асуы аудан экономикасына үлкен серпін берді. КAZ Minerals - Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания - Қазақстандағы жетекші мыс өндірушілердің бірі. Компанияның иелігінде Шығыс Қазақстанда орналасқан қолданыстағы төрт кеніші, үш кен байыту фабрикаcы және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кеніші бар. 2014 жылы 84 мың тонна катодты мыс өндірілді. Сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасында сынақтар мен іске қосу жұмыстары Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында басталған. KAZ Minerals ақпараттарына сульфидті кеннен тауарлы мыс концентраты 2017 жылдың бірінші тоқсанында өндірілді. Алып камбинаттың құрылыс жұмыстарына 4 мыңнан астам адам тартылса, қазір мың жарым адам еңбекпен қамтылған. Ақтоғай - ашық типтегі мыс кеніші. Ол Аягөз ауданындағы Ақтоғай кентінің маңында орналасқан және әлемдегі ең ірі мыс кен орындарының қатарына кіреді. Оның құрамында кеннің екі түрі бар - тотыққан және сульфидті кендер. Жобаның күрделі шығындары $2,1 млрд құрайды. Топтың тағы бір өркендеу жобасы - Павлодар облысындағы Бозшакөлге ұқсас.
Ақтоғай кеніші - әлемдегі мысқа ең бай орындардың бірі. Мұндағы мыс қоры 28 жылға жетеді деген есеп бар. Осыншама кенді игеру үшін тағы бір байыту фабрикасын салу жоспарланып отыр. Бірінші кен байтыу фабрикасы жылына 25 млн тонна сульфидті кенді өңдейтін болса, 2021 жылға қарай екі фабрика бірігіп, 50 млн тонна кенді өңдейтін болады. Осының арқасында 2027 жылға қарай жылына 170 мың тонна мыс алу көзделіп отыр.
Аягөз қаласы Аягөз ауданының әкімшілік орталығы болып табылады, халық саны 38290 адам. Қала Өскемен қаласынан 310 км қашықтықта және Алматы қаласынан 800 км қашықтықта орналасқан. Дамыған көлік инфрақұрылымы бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Шығыс Қазақстанда орналасқан Ақтогай кен орны - KAZ Minerals Тобының Бозшакөлден кейінгі құрылысы жүріп жатқан екінші өркендеу жобасы. Тотыққан кеннен катодты мыс өндіру 2015 жылдың төртінші тоқсанында басталды, ал сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру 2017 жылы басталды. Ақтоғайда тотыққан кеннен катодты мысты өндіру 2015 жылғы 1 желтоқсанда басталса, 2016 жылғы 6 желтоқсанда Топ сульфидті кенді өңдейтін кен байыту фабрикасында сынақ және әске қосу-реттеу жұмыстарын бастады. Сульфидті кенді қайта өңдеудің жылдық қуаты 25 млн тоннаны құрайды. Кен орнын пайдалану мерзімі - 50 жылдан астам. Кендегі мыс мөлшері 0,33% (сульфидті кен) және 0,37% (тотыққан кен). Өндіріс көлемі - алғашқы 10 жылда жыл сайын сульфидті кеннен өндірілетін 90 мың тонна катод эквивалентіндегі мысты және тотыққан кеннен өндірілетін 15 мың тонна катодты мысты құрайды. Ақтоғайдың жалпы бюджеті - $2,1 млрд.
2015-2017 жылдар аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 5 көп қабатты тұрғын үйлерді терможаңғырту үшін 66,0 млн.теңге бөлінді.(Б. Абай 56, 58, М. Әуезов 12, 30, Х. Дүйсенов 102),"Аягөз қаласындағы су құбыры құрылыстары мен су құбыры желілерін қайта жаңғырту", "Аягөз қаласындағы кәріз (канализация) желілерінің 1 кезегін қайта жаңғырту"жобалары бойынша жұмыстар жүргізілді. Инфрақұрылым саласында Ә. Тәңірберген, Б. Момышұлы, Ақтамберді, Дүйсенов көшелері бойынша жолдар жөнделіп, жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 93,2 млн.теңгені құрады.
Қаланың даму перспективалары сауда-логистикалық қызметтің, құрылыс саласының (Аягөз құрылыс материалдары комбинаты) және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің (ет комбинаты, мал сою цехы) дамуымен байланысты.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Аягөз ауданында 1 қала, 1 кенттік және 21 ауылдық округ орналасқан. Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық жерлерде 2 ауылдық аурухана, 20 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 емхана және 37 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді.
Ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мекемелерінің желісі 32 мектеп пен 2 бала бақшадан тұрады, оларда 6255 бала оқиды және тәрбиеленеді. АЕМ-де мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту 100% құрайды. 3 елді мекеннен 144 баланы жақын орналасқан мектептерге және кері тасымалдау ұйымдастырылды. Алайда, балалардың негізгі және орта біліммен толық қамтылуына қарамастан, ауданда математика, физика, биология және химия пәндерінің білікті оқытушыларының жетіспеуі өзекті мәселе болып отыр.
Ауылдық жерлерде 22 кітапхана және 20 ауылдық клуб жұмыс істейді. Көптеген елдімекендерде ауызсумен қамту қиындық туғызуда. 58 ауылдық жерден орталықтандырылған сумен жабдықтау Ақтоғай кенті және 22 ауыл қамтылған. Ауыл халқының 34,5%-ы (Мыңбұлақ, Ақшәулі, Ақшатау, Байқошқар, Дөненбай) жерасты және жер бетіндегі бұлақ көздерінен шығатын суды пайдаланады (ауыл тұғындарының саны 36713 адам).
Ауылдық жолдардың барлық ұзыңдығы ШҚО бойынша және облыстық, аудандық автокөлік жолдарының титулдық тізімі бойынша 464 км. құрайды, оның ішінде қара-тасты жамылғы - 30 км, тасты жамылғы - 434 км.
Әлеуметтік қорғау саласында, тұрмыс жағдайлары төмен тұлғаларға мемлекеттік көмек көрсетіледі. Әр жыл сайын әлеуметтік көмекпен қамтылған отбасылар саны азаюда. 2015 жылы отбасылардың нақты деңгейлерінің саны 1797 болса, 2017 жылы олардың саны 484 отбасына қысқарған Ауылдық жерлерде орташа айлық жалақы мөлшерінің өсу тенденциясы байқалады.
Ауылдық жерлердегі орташа зейнетақы мөлшері 35000 теңгеден жоғары. Жалақы, зейнетақы мөлшерінің өсімі тұрғындардық ақша мөлшерінің өсуіне оң әсер етеді. Сонымен бірге, ауылдарда ақшалай емес форманың кірісі кең ауқымда үй жанындағы шаруашылықтардан келеді.
Ауылдық елді мекендердегі үй маңындағы шаруашылықтан өндірілген өнімнен шаруашылықтың әрбір адамына айына 5500-7000 теңге кіріс кіреді.
Ауданның ауыл шаруашылығы шөлейтті-дала және тау бөктері-далалық аймақтарында жүргізіледі. 2017 жылы жалпы өнімінің көлемі 23136,1 млн. теңгені кұрап, ауыл шаруашылығының нақты индекс көлемі 106,8% құрады. 2015 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 122,3% - ға артып, 4226,5 млн. теңге құрады (2015 жылы - 18 909,6 млн. теңге). Шығыс Қазақстан облысындағы аудандар арасында ауылшаруашылығы өнімінің нақты көлемі бойынша Аягөз ауданы 3-ші орында (106,8%).
3.3. Аягөз ауданының климаттық жағдайы мен топырақ өңдеудің шешетін мәселелері
Аягөз ауданының климаты күрт континентальды, бірақ жердің биіктігіне шатқарлардың болуына қарай едәуір құбылып тұрады. Ауа райының жылдық орта температурасы - ауданның солтүстігінде +1ºС-тан оңтүсті-гінеде +4ºС дейін жетеді, тау тау жауын-шашынның жылдық мөлшері мынадай едәуір ауытқу шегінде болады бөктерлерінде -4ºС және одан да төмен болады.
Ең суық ай-қаңтарда ауаның орта температурасы -22ºС, ал тау аңғарларында -32ºС болады. Кейбір қыста аяздың күші -55ºС-қа жетеді.
Ең ыстық айы- шілде, ауаның орта температурасы - оңтүстікте +23ºС-тан солтүстікте +20ºС, ал тау аңғарларында +16ºС-қа дейін (1000 - 1500 м биіктікте) ауытқып тұрады. Жазда ауаның ең жоғарғы температурасы жазықтық жерде +40ºС, тауларда +35ºС-қа жетеді.
Аудан территориясында атмосфералық кейбір аса қуаншылық жылдары жауын-шашын нормадағыдан 1,5-2 есе кем жауады, ал керісінше, ең ылғалды деген жылдары - соншалықты есе көп түседі. Жауын шашын-ның көп мөлшері жылдың жылы мезгілінде, көбіне шілде , ал ауданның оңтүстігінде мамыр мен маусымда түседі.
Аймақтың биік таулы таста өсетін шөпті-мүлікті-қыналы және мүлікті бұталы (қарағайлы) тундралар, жатаған және тырбық шөпті альпі және субальпы шалғындар кең тараған. Топырағы таулы тундраның және таулы шалғынның топырағы, оның құрамында қышқыл араласқан және аздаған қарашірік болады. (1,5-2 % ). Аудан шекарасы арктикалық бассейнге ашылған, алайда Үнді мұхиты әсерінен, Азияның таулы жүйелері арқылы бөлектелген.
Аягөз ауданының ауа райын жергілікті гидрометеостанция тексереді. Ауаның орташа жылдық салыстырмалы ылғалдығы -- 66 %. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 -- 400 мм. Қар қазанның аяғы мен қарашаның басында жауады да, сәуірге дейін жатады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 2,4 мс құрайды. Аягөз бірталай желді қала. Қыста бұл жел болмашы жиырма градустық суықта климаттың қатаңдығын айтарлықтай күшейтеді. Температура −30° төмен болғанда дауылдық ескерту жарияланып, мектептерде сабақтар болмайды. Абсолютті минимум ол −51 °С, абсолютті максимум -- +42 °С.
Климаттың белгілі бір бағытта өзгеруі (мысалы, жүйелі суықтау немесе жылыну) өте баяу жүреді, бұл іс жүзінде бір-екі жүзжылдықтың шегінде оны тұрақты деп санаған жөн. Алайда климаттың мұндай өзгеруін оның периодтық тербелістерімен араластыруға болмайды. Кейбір кезеңдер орташа суық, одан жылы, одан да аз жаңбырлы болады.
Алайда, бақылаудың салыстырмалы қысқа мерзіміндегі деректер (7-10 жылдан бастап және одан да көп) белгілі бір ауданның агроклиматтық жағдайлары туралы айтуға мүмкіндік береді.
Топырақтың қар еруі, еруі, қызуы жағдайларының агроклиматтық сипаттамасы, оның әр түрлі жай-күйі және топырақты өңдеуге байланысты егіс жұмыстарының басталу мерзімдері ауыл шаруашылығы жұмыстарын жоспарлау кезінде шамамен қолдануға болады.
Егістіктің метеорологиялық жағдайларын дұрыс және уақтылы есепке алу үшін бүгінгі таңда егіс алқаптарында жауын-шашын мен қар жамылғысын, ауа мен топырақтың температурасын, ауыл шаруашылығы дақылдарының даму кезеңдерін, ауыл шаруашылығы үшін қауіпті метеорологиялық құбылыстардың (үсік, құрғақ, шаңды боран) басталуы мен қарқындылығын үнемі бақылау жүргізу мақсатында әр шаруашылықта өзінің агрометеорологиялық бекетін ұйымдастыру қажет.
Ауданның жағдайында дәнді дақылдарды жинаудан бастап суық түс- кенге дейінгі кезең өте қысқа әрі қуаншылық болады, мұнда күзгі мезгілде арам шөптердің көктеп өне бастауы байқалмайды. Егіні орылып алынған жерді сыдырта қопсыту танаптың ластануына да, дәнді дақылдардың түсіміне де оншалықты әсер етпейді, сондықтан да ол топырақты күзде өндегенде міндетті агрономиялық тәсіл ретінде қолданылмайды.
Топырақты өңдеу топыраққа ғана емес, сонымен бірге өсімдікке және бүкіл қоршаған ортаға жан-жақты әсер етеді.
Топырақты жан-жақты өңдеудің мәні егістердің жақсы дамуы, оларды эрозиядан, арам шөптерден, аурулардан, зиянкестерден қорғау үшін оның қолайлы жағдайлар жасауға, топырақтың тиімді құнарлығына әсер етеді.
Топырақты өңдеу мынадай комплексті міндеттерді шешеді:
топырақтың су және ауа режимдерін реттеу, егіншілік үшін пайдалы қоректену режимін және заттар айналымын жақсартуды қамтамасыз етуші микробиологиялық процестерді күшейту;
мәдени өсімдік тамырларының тығыздығы, қаттылығы, аэрация жөнінен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
топырақты эрозиядан және егісті арам шөптерден, аурулар мен зиян-кестерден қорғау;
жыртылған қабатта өсімдік қалдықтары ме тыңайтқыштарды сіңіру жә- не бірдей тең орналастыру;
мәдени өсімдіктердің тұқымдарын сіңіру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
топырақтың тамыр жиналатын қабатының қуатын және өсімдіктің жал- пы өніп-өскіштігін арттыру.
Топырағы таулы тундраның және таулы шалғынның топырағы, оның құрамында қышқыл араласқан және аздаған қарашірік болады. (1,5-2 % ).
Топырақты өңдеудің қажеттілігі аудан халқын азық-түлікпен қамтамасыз етудің басты негізі болып табылады. Азық-түлікпен қамтамыз етуді табысты орындау жерге меншіктің кез келген нысанындағы шаруашылықтарда: жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), акционерлік қоғам (АҚ), өндірістік кооператив (ӨК), шаруа фермер қожалықтары (ШФҚ), жеке кәсіпкерлер (ЖК) ауданның жергілікті топырақ - климаттық және экономикалық жағдайларына сүйене отырып, іс-шаралар кешенін, ал аудандарда-әрбір шаруашылықты шығармашылықпен әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Аягөз ауданының топырақтың, климаттың және микроклиматтың ерекшеліктерін біле отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыратын агротехникалық іс-шаралар жүйесін дұрыс жасауға болады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2013 жылы 18 млрд 670 млн. теңгені немесе 2012 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі - 12.2%-ға жоғары. Жалпы өнімнің ішінде мал шаруашылығының үлесі 68,5 %, егін шаруашылығының үлесі 31,5 %.

2013 жылы ірі қара мал саны - 59197 бас, қой-ешкі - 271 067 бас, жылқы - 21 583 бас, құс саны - 35336 құрады. 2012 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ірі-қара малы 0,8%-ға, қой-ешкі - 0,1%-ға, құс - 8,3%-ға, жылқы - 7,2%-ға өскен. 2013 жылы 17 мың 19 тонна тірі салмақтағы ет, 48 мың 273 тонна сүт, 4 млн 167 мың дана жұмыртқа, 573 тонна жүн өндірілген. Алынған ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі бойынша 2012 жылғы сатыдан ет - 3,7%, сүт - 5,6%, жұмыртқа - 3,1%, жүн - 3,7% жоғары.

Ауданның 2014 жылғы және 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жалпы оңды қарқын көрсетті. 2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 16988.7 млн.теңгені немесе 2013 жылға нақты көлем индексі - 100.1% құрады.

2014 жылы ірі-қара мал 62338 бас құрап, 2013 жылмен салыстырғанда - 5,3%-ға, жылқы саны 23820, 2013 жылмен салыстырғанда 10,4%-ға артса, қой-ешкі 260719 бас құрап, 2013 жылдың деңгейінен 3,8%-ға төмендеді, құс 35706 бас құрап, 1,0%-ға артқан. Тірі салмақтағы ет - 17334,8 тонна, сүт - 50207,9 тонна, жұмыртқа - 4216,3 мың дана өндірілген. Алынған ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі бойынша өткен жылғы сатыға сәйкес ет - 1,9%, сүт өндіру 4,0%, жұмыртқа - 1,2% жоғары. Дәнді және бұршақты дақылдар 10100 га жерге егілді. Күнбағыс егу ауданы 1800 га құрады. Картоп егу ауданы 700 га (өткен жыл деңгейінде), көкөніс - 1120 га.

Ауданның барлық өнеркәсібі бойынша 2014 жылы 5592,4 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, 2013 жылға қатысты нақты көлемінің индексі - 109,6% құрады.

2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 11718,4 млн.теңгені немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне табиғи көлем индексі - 101,1% құрады. Ірі-қара малы бойынша - 4,1% (73506 бас), жылқы саны 2014 жылмен салыстырғанда 13,2%-ға (28764), құс бойынша - 1,6%-ға (39586) артса, қой-ешкі бойынша - 1,9% кеміген. Тірі салмақтағы ет - 11336,2 тонна, сүт - 38603,8 тонна, жұмыртқа - 3394,4 мың дана өндірілген. Алынған ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі бойынша өткен жылғы сатыға сәйкес ет - 0,1%, сүт өндіру 4,4%, жұмыртқа - 3,1% жоғары.

2015 жылы егіс алқаптары 23700 га құрады. Дәнді және бұршақты дақылдар 8975 га жерге егілді. Күнбағыс егу ауданы 1700 га құрады. Картоп егу ауданы 700 га (өткен жыл деңгейінде), көкөніс - 400 га.
2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық өнімдері 2771,9 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда 12,4%-ға артты. 2017 жылдың 3 айында ауданда 3430,8 тонна ет (тірідей салмақта), 8899,0 тонна сүт, 829,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. Барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша 75307 ірі қара бас, оның ішінде аналығы 37100 бас, қой мен ешкі 292761 бас, жылқы 28144 бас, құс 35647 бас. 2016 жылдың 3 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 5613,7 млн. теңгені құрап, былтырғыжылдың сәйкес кезеңіне қатысты (1057,8 млн. теңге) 530,7% құрады.
2015-2017 жылдардағы ауылшаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі 2015 жылғы 104,1%-дан, 2017 жылы 106,8%-ға артты. 2017 жылы 23136,1 млн.теңгеге ауылшаруашылығы өнімдері өндірілген, немесе 2015 жылдан 4226,5 млн.теңгеге артық өндірілген (2015 ж - 18909,6 млн.теңге).
Өсімдік шаруашылығының үлесіне ауылшаруашылығы өнімінің жалпы өндірісінің 17% мөлшері келеді. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдіру 7 егіншілік аймақта жүзеге асуда.
Аудан өнеркәсібі тау-кен өңдіру өнеркісібі, өңдеу өнеркәсібі, жарық энергиясы, су және газды шығару мен тарату салаларынан тұрады.
2017 жылғы тауарлық өнеркәсіп өнімдері 79188,9 млн.теңге, 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда қолданыстағы бағамен өсімі 9,8 есе құрайды. Осы кезең үшін өнімнің нақты көлем индексі 184,6%. Ауданның облыстағы өнеркәсіп өнімдерінің үлесі 2017 жылы 5% құрады.
Аягөз ауданы бойынша 2017 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 71498,8 млн.теңгені құрады, 2016 жылға қатысты (26593,2 млн. теңге) 268,9%. Нақты көлем индексі 186,1%.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 22656,4 млн.теңге, 2016 жылдың деңгейіне 118,0% (19207,1 млн.теңге). Нақты көлем индексі 106,7% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 52739,7 млн.теңге, өсу қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда (168438,0 млн.теңге) 31,3%, нақты көлемінің индексі 29,4% құрады.
Ауданның 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 135961,0 млн.теңгені құрады, 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (79153,5 млн.теңге) өсу қарқыны 171,8%, нақты көлем индексі 150,8%. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2018 жылы 26995,4 млн.теңге, өсу қарқыны 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 116,7% (23136,1 млн.теңге). Нақты көлем индексі 109,8% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 82211,3 млн.теңге, өсу қарқыны 2017 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне (52214,8 млн.теңге) 157,4%, нақты көлемінің индексі 148,3% құрады.
Аягөз ауданында 2017-2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 116,6 пайызға өскен. Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 1168 шаруа қожалығы, 4 ауыл шаруашылығы құрылымдары және 6598 үй шаруашылықтары айналысады. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 16,5%-ы өсімдік шаруашылығының үлесінде. Шаруа қожалықтарының негізгі бағыттары мал шаруашылығы және астық өнімдерін өндіру болып табылады.

1-Диаграмма. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 2008-2018 жылдардағы өзгеру динамикасы
Аягоз ауданындағы ауылшаруашылығы тауар өндірушілер жалпы үкіметтен жалпы 410,2 млн теңге субсидия алды. Мал шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту мақсатында 30 мал сою объектілері және 10 ірі қара, 8 қой, 6 жылқы мал бордақылайтын алаңдар ашылып, 953 тонна ірі қара, 366 тонна қой, 167 тонна жылқы еттері өндірілді. Өнімнің сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында 173,6 млн теңге субсидия алынды. 2013 жылы ауданда 9 шаруа қожалығы өз қаражатына асыл тұқымды 271 бас ірі қара, 2000 бас қой, 120 бас жылқы сатып әкелді. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында 56,9 млн теңге субсидия төленді.
2013 жылы 5 жылқы (2012ж - 3), 4 ірі қара, 6 қой (2012ж - 6) асылтұқымды шаруашылықтар ашылды. Барлық санаттағы малдың ішінде асыл тұқымды малдың үлесі, мүйізді ірі қара 10 %, қой 11 %, жылқы 10 % құрайды. Ірі қара малын селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін 150,2, кесек және шырынды мал азығы құнын арзандату үшін шаруалар 29,5 млн теңге субсидияға қол жеткізді. Сыбаға бағдарламасы бойынша 9 шаруа қожалығы 79,7 млн теңге несие алып, 418 бас мал сатып алды. (392 бас аналық сиыр, 26 бұқа) Қой шаруашылығының дамуы оны өткізудің қиындығынан шектеліп отыр. (пайдаланылмай жатқан 3,5 млн га жер болса да) Осы жағдайды шешу мақсатында қойды сойып әуе транспорты арқылы Иранға өткізу, сату мақсатында жұмыстар жасалуда.
Бұл жөнінде Аягөз ет комбинатын қайта жарақтандыру немесе жаңа ет комбинатын салу жөнінде ірі инвесторлармен алдын ала келісім жасалған. Сонымен қатар Аягөз қаласындағы аэропортты пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне хат жазылып жұмыстар жүргізілген. Жоба іске асқан жағдайда Иран республикасы жылына 450 мың басқа дейін қой етін алуға дайын отыр. Бұл іс оң шешімін тапқан жағдайда ұсақ мал басының саны 2-3 есеге дейін өсіруге мүмкіндік бар.
Машина тракторлық паркін жаңғырту мақсатында ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2015-2017 жылдар аралығында Казагроқаржы АҚ арқылы жалпы құны 55,0 млн. теңгеге 3 бірлік Есіл маркалы комбайн, 550 млн. теңгеге 67 бірлік трактор және 120 бірлік өзгеде ауыл шаруашылық машиналары сатып алынды.

Егістік жерлерді пайдалану анализі аудан бойынша егістік 74,6%-ға қолданылатындығын көрсетеді. Ең жоғарғы егістік жерлерді пайдалану көрсеткіштері Сарыарқа ауылдық округінде - 100%, Мыңбұлақ ауылдық округінде - 12%, Тарбағатай ауылдық округінде - 7,9%. 2017 жылы аудан бойынша 69,5 мың га жер ауылшаруашылығы айналымына тартылды. Аягөз ауданында 2013 жылы ауылшаруашылығы айналымына тартылған 1,4 млн. га жерге түгендеу жұмыстары жүргізілген. Түгендеу жұмыстары барысында 247,38 мың га пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды, оның 203,999 мың га бүгінгі күні мемлекетке қайтарылды, 43,381 мың га жерге жер пайдаланушылары өз жерлерін қайта қолданысқа тартты.
Егістік жерлердің негізгі қоры күлгін топырақты далалы аймақтарда шоғырланған. Климаттық топырақ негізінде суарылмайтын егін шаруашылығы дамуына, дәнді дақылдарды, әсіресе бидай өсіруге негізделген. Тыңайған және қолданыста жоқ жерлерді айналымға енгізу арқылы егістік алқаптары қарқынды ұлғаюда.
Ауыл шаруашылық жер құрылымында егістік жердің үлесі 2,6% құрайды. 2017 жылы егістік жер 25,1 мың га құрап, бұл 2015 жылмен салысырғанда 5,9 есе немесе 1,4 мың гектарға ұлғайған. Егістік жер құрылымында 62,1% мал азықтық дақылдардың үлесінде, дәнді дақылдар 31,8%, майлы дақылдар 4,0%, картоп 1,4%, бақша-көкеніс дақылдар 0,7%. 2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі артты.
2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылы дәнді дақылдардың 7,5 цга әр гектардан түсімділігі 47%, майлы дақылдар 6,6 цга 11 есе, картоп 153 цга 17,3% және көкеніс 168,8 га 4,5% құрады.

2-Диаграмма Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі, 2015-2017 жж, %

Егістік құрылымдарын оңтайландыру мақсатында жыл сайын егістік алқаптарының әр тараптандыру іс шаралары жүргізіледі. 2015-2017 жылдар аралығында егістік алқаптары 23,60 мың. гектардан 25,1 мың. гектарға немесе 6,4%-ға ұлғайған.

Ауданда барлық суғармалы жер 5614 гектар жер құрайды, осының 711 га немесе 12,7% қолданылады.Суғармалы жерлері барлар толығымен қолданылмайды, себебі жаз айларында су жетіспеушілік байқалады.

2013 жылға егістік көлемі 22 500 гектарды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 5 259 га-ға немесе 30,5 пайызға ұлғайып отыр. Егістікке қажетті 2 205 тонна тұқым Жарма тұқым тексеру зертханасынан толықтай тексеруден өтіп, 100 пайыз кондициялықты құрады. Дала жұмыстарына облыстық бюджеттен жеңілдетілген бағамен 500 тонна дизель отыны бөлініп, Ерғали-К операторы арқылы шаруа құрылымдарына босатылып, шаруа құрылымдарының жанар-жағар майға сұраныстары толықтай қамтамасыз етілді. Республикалық бюджеттен көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 15млн 825 мың теңге көлемінде ауданның шаруа құрылымдарына субсидия төленді. Азық түлік келісім-шарт корпорациясы АҚ-нан 3 % бен 25 шаруа қожалығы көктемгі егін егуге 30,5 млн. теңге несие алды. Астықтың орташа түсімі әр гектардан 11,9 центнерден айналып, 10 580 гектар алқаптан 12590 тонна,700 гектар картоп және 400 га көкөніс алқаптарынан 10 500 тонна картоп және 7240 тонна көкөніс өнімдері жиналды. 2013-2014 жылғы қыстамаға 140 мың тонна қатаң мал азығын дайындау жөнінде тапсырма 113 пайызға орындалды. Ауданда ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2013жылы 1 бірлік МТЗ-2112, 19 бірлік МТЗ-80,82 маркалы тракторлары және 4 бірлік рулонды шөп буатын құрылғылары және күндік ору нормасы 50-60 га болатын Есиль комбайны сатып алынды.

2017 жылы себілген егістік көлемі 25 100 гектарды құрады, оның 8850 гектарға дәнді-дақылдар, 1962 гектарға майлы дақылдар, 350 гектарға картоп, 150 гектарға көкөніс, 21 гектарға бақша егіліп, 13 767 гектары малазықтық дақылдарының үлесінде, 2600 гектар жер алқабы парға қалтырылып, жаз айларында өңдеу жұмыстары жүргізілуде. 8850 гектар дәнді дақыл алқабына барлығы 1194 тонна тұқым себілді, оның 58 пайызы 1 және 2 класты тұқым, 42 пайызы 3 класты тұқым.

2018 жылы шаруашылықтар тарапынан 80 тонна дәнді дақылдардың элиталы және 60 тонна І репродукциялы тұқымы себіліп, Ураган Форте және Эстерон гербицидтері қолданылып, 16 тонна минералды тыңайтқыштары енгізілді. Егін шаруашылығы бойынша 22 млн 300 мың теңге субсидия төленді.

Ауданның барлық өнеркәсібі бойынша, 2013 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 4709,4 млн. теңге нақты көлем индексі 122,0% құрады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингіне сәйкес өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2014 жылы қолданыстағы бағамен 5743,9 млн. теңгені құрады.

2015 жылдың аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 6640,7 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны (5330,3 млн. теңге) 124,6%, нақты көлемінің индексі 112,0% құрады.

2016 жылы аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 31602,7 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың деңгейіне (8044,5 млн. теңге) 392,8% құрады. Нақты көлем индексі 3,0 есе.

2017 жылы өнеркәсіп өнімнің нақты көлемі индексі 186,1% -ды құрады. 71 498 783 мың теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.

2018 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 135961,0 млн.теңгені құрады, 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (79153,5 млн.теңге) өсу қарқыны 171,8%, нақты көлем индексі 150,8%. Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 2018 жылға 37,6 млрд.тг құрады, (2017 ж - 30,4 млрд.тг) өсу қарқыны -123,7%. 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда тауарлық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі 9,8 есе артты.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің ұлғаюы Ақтоғай кен байыту комбинатының толық іске қосылып, мыс рудаларын өндіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты болып отыр.
2017 жылы өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру көлемі 236,2 млн.теңге, 2016 жылы 1593,7 млн.теңге құрады. Төмен болу себебі, Ақтоғай кен байыту комбинатының құрылысының аяқталуына орай, "Трансбетон" ЖШС бетон шығару жұмыстарын тоқтатты.
Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 30481,2 млн теңге, 2016 жылға қатысты (24370,3 млн теңге) нақты көлем индексі 129,7% құрады. Төмендеуіне кейбір кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемінің азаюы әсер етті.
3-Диаграмма Өнеркәсіп өнімі көлемінің 2013-2018 жылдардағы өзгеру динамикасы
2013 жылы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеруде 53,8 млн.теңгенің (НҚИ - 97,5%), өңдеу өнеркәсібінде 2475,1 млн.теңгенің (146,5%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеуде 408 млн.теңгенің (133%), сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 95,2 млн.теңгенің (80,6%) өнімдері өндірілді.
2014 жылы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде 362,7 млн. теңгенің, өңдеу өнеркәсібінде 4517,8 млн. теңгенің, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционер- леуде 220,2 млн. теңгенің, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 229,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
2016 жылы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі өндіріс көлемі - 2 032 290 мың теңгені, өндеу өнеркәсібінде - 12 179 699 мың теңгені, машина жасау - 1 294 159 мың теңгені, электрмен жабдықтау, газ, бу, беру және ауа баптау - 241 297 мың теңгені, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда - 158 812 мың теңгені құрады.
4- Диаграмма Аягөз ауданының 2013-2018 жылдар аралығындағы өнеркәсіп өндірісінде өндірілген өнім көлемі, млн теңге
2017 жылы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі өндіріс көлемі - 40 156 562 мың теңгені, өндеу өнеркәсібінде 30 481 153 мың теңгені, машина жасау - 2 367 284 мың теңгені, электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау - 569 329 мың теңгені, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда - 291 739 мың теңгені құрады.
2018 жылы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі өндіріс көлемі - 97 141 771 мың теңгені, өндеу өнеркәсібінде - 37 640 953 мың теңгені, машина жасау - 2 729 731 мың теңгені, электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау - 793 797 мың теңгені, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда - 384 435 мың теңгені құрады.
2015 жылы Аягөз ауданы бойынша өндірілген өнімнің көлемі 51 миллиард теңгені құрады. Жалпы, өнеркәсіп өнімінің үлесі 62 пайызды құраса, ауылшаруашылық өнімінің үлесі 28 пайызды көрсетіп отыр. Аягөз ауданы 2016 жылға дейін таза ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші өңір саналып келген. 2017 жылдан бастап ауданның 62 пайызы өнеркәсіп өніміне тиесілі болып отыр, бірақ бұл ауылшаруашылық саласының төмендеуі емес. Оның себебі: біріншіден бұл өзгерістерге Ақтоғай ЖШС жұмыстарының басталуы әсер етті. 2015 жылдың желтоқсан айында Ақтоғай зауыты іске қосылған болатын. Зауыт қазір жүз пайыздық қуаттылығына шығып үлгерді.
Зауытпен 2016 жылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz