Тарихи уақытты талдау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қазақстан тарих кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Тарихи уақыт және тарихи кезеңдеу»

Пән: Ғылыми зерттеулердің теориясы мен практикасы

Мамандық 5В020300 - Тарих

Орындаған : Қасқабайұлы Ә., 2-курс студенті

Жетекші: Ерменбаева Г. К., т. ғ. к., доцент

Курстық жұмысты қорғау күні

___ ___ 2018 ж.

Бағасы

Астана, 2018

Мазмұны

Кіріспе . . . . . ……….
3
Кіріспе . . . . . ……….:

1 Тарихи уақытты талдау . . ………. . …. . …… . . . … . . .

1. 1 Тарихи уақытты өлшеу және құрылымдау . . .

1. 2 Тарихи уақыт құндылығы . . .

3:

6

6

10

Кіріспе . . . . . ……….: 2 Тарихи кезеңдеуді анықтаудағы негізгі тәсілдемелер ………. . ……… . . .
3: 14
Кіріспе . . . . . ……….:

2. 1 Тарихи кезеңдеудің формациялық тәсілдемесі . . .

3: 14
Кіріспе . . . . . ……….:

2. 2 Тарихи кезеңдеудің өркениеттік тәсілдемесі . . .

3: 16
Кіріспе . . . . . ……….: 2. 3 Тарихи үдерістердің индетерминалистік және детерминалистік теориялары . . .
3: 19
Кіріспе . . . . . ……….: Қорытыңды . . . … . . . . . . .
3: 23
Кіріспе . . . . . ……….: Қолданылған әдебиеттер тізімі . … . . . . … . . .
3: 25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі : Теориялық құрылым ретіндегі тарихтың пәні қазіргі мен болашақтан алыста жатқандықтан уақыт оның маңызды ұғымдарының біріне жатады. Шындықтың мазмұны егер біз оны өзіміздің уақыт жүйесі шеңберіндегі белгілі бір орынға бекіте алсақ қана тарихи болып табылады және оны жай ғана емес дәлдік деңгейі әртүрлі нақтылықпен бекітуіміз керек. Тарих ғылымының маңызды мәселелерінің бірі - адамзат қоғамының тарихи дамуының кезеңділігі. Негізделген кезеңдеу болмaсa, тaрих ғылым ретіндегі өзінің мaңызды ерекшеліктерін жоғaлтaды. Осығaн сaй, әлемдік тaрихнaмaдa кезеңдеуге деген зерттеу ұстaнымдaры өзгергендігін, бір кезеңдеудің екіншісімен aлмaстырылғaнын және оғaн сaяси-әлеуметтік жaғдaйдың ықпaлын aңғaртaтын жaғдaйлaр aз емес. Кезеңдеусіз тaрих ғылымы өмір сүре aлмaйды, себебі ол тaрихшығa субъективизмнен aлшaқ болуғa көмектеседі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Тарихи уақыт және тарихи кезеңдеуді жан жақты ашып зерттеу. Негізгі мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойылады:

1 Тарихи уақытты талдау.

2 Тарихи кезеңдері анықтаудағы негізгі тәсілдемелерді қарастыру.

3 Тарихи үдерістердің индетерминалистік және детерминалистік теорияларын талдау.

Ғылыми зерттеудің әдістері: Курстық жұмыста арнайы ғылыми зерттеу әдістері қолданылды. Теориялық деңгейді зерттеуге салыстыру, анализ бен синтез, тарихи аналогия әдістері тән.

Тақырыптың зерттелу деңгейі : Формациялық тұжырымдаманың кемшіліктері тарихи процестің басқа, балама түсіндірулерінің пайда болуына әкелді. Осылайша, өркениеттік көзқарас немесе тарихтың мәдени-тарихи интерпретациясы пайда болды. Өркениеттік көзқарастың негізін қалаушылардың бірі - орыс ойшылы Н. Я. Данилевский. Ол тарихи зерттеулердегі ең бастысы « . . . діни, әлеуметтік, күнделікті, өнеркәсіптік, саяси, ғылыми, көркемдік, сөздік, тарихи даму үшін тәуелсіз, түпнұсқа жоспарларының мәдени және тарихи түрлерін ажырату керек» деп есептеді. Н. Я. Данилевскийдің ойынша, тарихи үдеріс халықтардың ерекше тұрақты қоғамдастықтары қалыптастырған мәдени-тарихи түрлер түрінде дамып келеді. Мысыр, үнді, ирандық, еврей, грек, рим, роман-герман және басқа да мәдениеттер осындай ерекше мәдениеттердің үлгілері. [1, 85] Толық әлеуметтік жүйе ретінде өркениетті танымал ағылшын тарихшысы А. Тойнби: «Өркениеттер - бұл тұтастық, олардың бір бөлігі өзара келісілген және бір-бірімен байланысты . . . Өркениеттің әлеуметтік өмірінің барлық аспектілері өсу кезеңінде бірыңғай әлеуметтік тұтастық онда экономикалық, саяси және мәдени элементтер үйлесімнің арқасында үйлеседі»[2, 34] деп қарастырды. Бұл өркениеттік көзқарастың басты критерий болып өркениеттердің жетілуі, дамуы және адамзаттың тарихынды өзіндік орын қалдыруы болды. Фридрих Энгельстің «Происхождение семьи, частной собственности и государство» бұл концепция бойынша кез-келген қоғам өзінің дамуында 5 этаптан өтеді - алғашқы-қауымдық, құл иеленушілік, феодализм, капитализм және коммунизм [3, 56] . Шпенглер әрбір мәдениеттің өзіндік өркениеті бар. Шпенглердің мақсаты - адамзат қоғамының бүкіләлемдік тарихы аясындағы түрлі өркениеттердің даму кезеңдерін көрсететін кесте құру. Әрбір өркениетте балалық шақ, жасөспірім, жетілу және қартаю кезеңдері кездеседі. Тарихтың мағынасы мына өркениеттердің бір-біріне жетуі, бір-бірімен бірге өсіп-өнуі, бір-бірімен араласуы. Өркениеттің дамуында екі кезең бар: мәдениет және өркениет. Әрбір өркениеттің өзіндік жаны бар, бірінші кезеңде бұл рух тіл, дін, өнер, ғылым және мемлекет тудырады, екінші кезеңде кенеттен өркениеттің құлдырауына және жойылуына әкеліп соғады. Жас өркениеттер далада гүлдер сияқты гүлдейді, ескі өркениеттер сирек ағаштарға ұқсайды, олардың орманды орманында шірік бұтақтарын кесіп тастайды. Шпенглер сегіз ұлы мәдениетті атап өтті: Мысыр мәдениеті, Вавилон мәдениеті, Үндістан мәдениеті, Қытай мәдениеті, Мексика мәдениеті, Ежелгі араб мәдениеті, Еуропалық мәдениет. Ол тоғызыншы ұлы мәдениет оянып келе жатқан орыс-сібір өркениеті деп санайды [4, 403] . ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған тарихқа жаңа көзқарас аясында адамзаттың барлық дамуы дәйекті жаңару тізбегі ретінде пайда болды. Бұл теорияның негізін қалаушылардың бірі американдық тарихшы Сирил Блэк: " . . . жаңғырту - дәстүрлі қоғамды ғылыми-техникалық революцияның жаңа жағдайларына бейімдеу үдерісі" деп қарастырды. Оның саяси саладағы салдары орталықтандыру, мемлекеттің реттеуші рөлін күшейту болып табылады. Модернизацияның теориясы марксизмге қайшы келеді, бірақ ол «қазіргі заманғы қоғаммен» яғни капитализммен алмастырылған соңғы коммунистік кезеңнен басқа, формацияның қысқартылған теориясына ұқсайды . Сонымен қатар, жаңа тұжырымдама тарихты оқшауланған өркениеттерді өзгерту процесі ретінде қарастырған өркениеттік көзқарасқа қайшы келді. Жаңарту теориясының басты негізі болып әлеуметтік прогреске және қоғамның дамуына ықпал ететін әлеуметтік айнымалыларды анықтауға және әлеуметтік эволюция процесін түсіндіру болды [5, 127] . Қазақ тарихын кезеңге бөлу проблемаларын алға қойып, оның мəселелерін шешуге тырысу байқалды. Қазақ ғалымы С. Асфендияров өз еңбегінде осы мəселеге назар аударды. Белгілі ғалым С. Асфендияров:«Қазақтар тарихының кейбір негізгі мəселелері» атты мақаласында дəуірлеу мəселесіне тұңғыш рет назар аударып, қазақ тарихының үш кезеңін көрсеткен. 1-кезең: Капиталистік дамуға дейін (ХVІІІ ғасырға дейін) . 2-кезең: Отарлау кезеңі. Қазақстан патшалықтың отары жəне Қазақстандағы қазан революциясының алғы шарттары. 3-кезең: Кеңестік дəуір [6] . Автор алға тартқан дəуірлеуде басты ұстаным меншік түрі жəне саяси құрылыс саналады. С. Асфендияров ұстанымдардың дəуірлерге бөлуде жеткіліксіз екендігі байқалады. Себебі, кезеңдеуде белгілі бір уақыт пен кеңістікте өмір сүрген қоғамның саяси құрылысы, ондағы меншік қатынастары ғана емес, барлық шаруашылық, əлеуметтік, мəдени тағы басқа ерекшеліктері қоса ескерілуі тиіс. Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін дəуірлеу мəселесін алғаш рет əрі кешенді түрде көтерген тарихшы академик М. Қ. Қозыбаев болды. Ол өзінің «Ата тарихы туралы сыр» атты дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында оқыған баяндамасында [7] Қазақстан тарихын тоғыз «асқарлы белестерге» бөлген еді. 9 кезең мыналар болатын: 1. Адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген тайпалар белесі; 2. Сақ, үйсін, қаңлы, алшын, ғұндар заманасы; 3. Түркі тектес тайпалар дəуірінен; 4. Қыпшақ белесі; 5. Монғол үстемдігі; 6. Қазақ хандықтары: халық, ұлттық қалыптасуы; 7. Отаршылдық бұғауында; 8. Қазақ халқы кеңес империясының уысында; 9. Қазақ халқы егеменді ел болған шағында.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, үш тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тарихи уақытты талдау

1. 1 Тарихи уақытты өлшеу және құрылымдау

Уақыт тарихта ерекше мағынаға ие болады. Ол тарихта әрекет етеді, сондықтан оны мейлінше толық айқындап алған жөн. Көзге терең әрі кең болып көрінетін тарихилық анықтамасынан бұл жаттанды және түсінікті түйіннің, яғни, констатацияның маңызы әлдеқайда зор. Ең алдымен ол әлде бір уақытта орын алған шынайы мазмұнды тарихилыққа жатқызбайды. [8, 489]

Азияның әлде бір жерінде үйінді астында қалған қызықты заттарға толы қала қонысы табылды делік, бірақ оның стилі тура немесе жанама түрде болсын оның тіршілік еткен уақытына меңземейді. Аталған жағдайда өткеннің бұл сарқыншағы көп жағдайда құнды және маңызды болғанымен, тарихи дерек бола алмайды. Ол әзірше нақты бір уақытта емес, жалпы уақытта болғандықтан, тарихи тұрғыда бос кеңістікте қалады. Егер, тіпті әлде бір біз өзімізге таныс халықтың реликвиясы туралы сөз болып отырғанын білсек те, бірақ оның даму уақытындағы нақты бір орынды көрсете алмасақ, ол бәрі бір тарихи құжат болып табылмайды[8, 499] .

Құрылымдық қатынастардың өзіндік ерекшеліктерінен түсінудің шындықтың әлде бір мазмұнына тарихи сипат таңуға қабілетсіз екендігі туындайды. Әлде бір мазмұныңды тарихи деп тану үшін түсінудің міндетті шарт болып табылатындығы күмәнсіз. Осындай ретіндегі шындық тек төзеді, бірақ ешқашан түсінілмейді. Ал тарихи уақыт шындық формасы болып табылғандықтан, түсіну одан толық тәуелсіздікте өтеді. Біз осындай идеальды мазмұндық байланыстан әлде бір шындық мазмұнын шығарған жерде біз анықталған бір шындық туралыны басқаға көшіреміз. Мұндай танымға түсінудің әр түрлі уақыттық қатынастарды қамтитыны, мысалы бір құбылыстың басқасымен шартталып, содан өрістейтіні кедергі жасамайды. Мұндай құбылыстар тобы түсінілетін бірлікті құрайды және уақыттық қатынастың (реттілік пен ұзақтылық) өзі түсінілетін мазмұнға айналады. Бірақ элементтер арасындағы қатынасқа бағытталған мұндай түсінудің бүкіл осы топтың біздің жыл санауымызда қандай орын алатындығына тәуелсіз екені айқын[9, 18] . Құбылыстар тобы оның уақытта белгілі бір орны бар екендігінің емес, онда мазмұнның өзара шартталатындығының арқасында түсініледі. Имманентті түсінілетін бұл фактілер тобына уақыт тарихи уақыт болып табылмайды, ол жаратылыстанулық тәжірибеде өлшенетін уақытқа тең және оның тәжірибе жүргізілген календарлық датамен ортақ ештеңесі жоқ. Мұны кейбіреулер түсіне бермейді және эмпирикалық қарсы уәждер айтылады: өйткені, әлде бір құбылыс тек хронологияда белгілі бір орын алатындықтан ғана түсінікті болады ғой. Христианшылдықтың таралуы басқа бір уақытта емес, сол уақытта пайда болған антикалық дүниенің рухани жағдайынан ғана танылады, борокконың келуі тек Қайта Өрлеу өзінің барлық күшін сарпығанда ғана мүмкін болды және т. т. Мұның бәрі дұрыс. Бұл жағдайларда түсінілетін фактінің алдыңғы шарттары толып жатқан түсінілетін фактілерге жатады. Егер біз борокконың мазмұнын оның өзінен түсініп келсек және бұл түсінік борокко кешенінің уақыт аралығындағы кез-келген орын ауыстыруларында өзгеріссіз қалса, ендігі жерде біз мәселені кеңейтіп, Қайта Өрлеуді іске қосамыз. Түсіну енді тек тек барокконың элементтерімен ғана емес, барокконың элементтерімен де және Қайта Өрлеу элементтерімен де істес болады, сөйтіп түсінудің жаңа тұтастығы қалыптасады [9, 19] . Өзінің ішкі, пәндік байланысында ол тағы да тарихи уақыттағы орнына тәуелсіз болады. Егер одан кейін Қайта Өрлеу тек алдыңғы орта ғасырлардың қалпынан түсінілетіндей болып көрінсе, онда өзіне өзі толымды мазмұндар тобы оларға да таралады. Бірақ бұл жағдайда да ауқымы жағынан үлкен топ тек өз мазмұны бойынша түсініледі. Ол эмпирикалық жүзеге асуы мың жыл бұрын орын алса да мүлдем өзгермес еді. Бұл түсінуді жақсартпайды және қиындатпайды, түсіну пәндерін уақыт аралығында шоғырландыру керектігін теріске шығарады. Түсіндірілетін әрбір сәт соңғы болып табылмайды және түсіну алдыңғыны талап етеді. Осылайша түсіну тұтастығы шексіздікке, бізге белгілі ең ерте мазмұнға дейін созылады.

Егер тарих оқиғалары себептік байланыстар қатарымен байланысқан дегенді қабылдасақ, онда тек орын алған барлық жалпылыққа қол жеткізу арқылы топ жасақталады және бұл топта кез келген жекелікті түсіндіруге қол жеткізіледі. Бірақ имманентті түсіну рухтың шынай немесе гипотетикалық жетістігі ретіндегі осындай топқа келгенде түсіну тұтастықтары арасындағы осы уақытқа дейін болжамдалып келген уақыттық қатынас қайта айналып түседі. Өз даралығында түсінілуі мүмкін деп саналып келген кез келген жекелік өз сипатын өзгертпей ақ уақыт қатарындағы кез келген жерге орналастырыла алар еді. Жалпыламалық бізге белгілі мазмұндардың барлық тұтастығын қамтыған ендігі кезде бұл мүмкін емес. Оған дейін де, одан кейінде біз үшін енді бос уақыт қана, онда ешқандай орын ауыстыру мүмкін емес, өйткені бос кеңістіктегі бір орынның басқасынан айырмашылығы жоқ, сол сияқты ешқандай дене абсолютті бос ретінде ойланатын кеңістікте «орын» ала алмайды. Денелер оз орындары арқылы өзара айқындалатыны сияқты, ал ар жағында олардың орнын «анықтайтын» еш нәрсе жоқ болғандықтан барлық тәндік әлемнің орны болмайтындығы сияқты уақытта тарих мазмұндарының өзара қатынасы болып табылады, ал тарих тұтастығы уақыттан еркін [9, 25] .

Қосалқы жобаның конструкцияның мағынасы мен оғаштығы тек енді ғана түсінікті болды. Соған сәйкес жеке дара тұйықталған тарихи кешенді оның мазмұнына зиян келтірмей уақыт аралығында қозғалтуға болады. Бір тұтастық шеңберіндегі бірін басқасы арқылы түсіну тек алдын ала және үзінділі түсіну болып шықты. Толық ауқымында ол тек осындай топтың уақыттың екі бағытында да кеңеюі барысында пайда болады. Өйткені, біз оқиғаны оның салдарлары арқылы ғана толық түсінеміз. Сондықтан осы жалпылама қатардағы әрбір мазмұн үшін оның орны міндетті түрде және анық белгіленеді.

Кішігірім өзіне өзі жеткілікті кешенді, егер оның элементтері бір бірімен тығыз үйлессе қалай болса солай қозғалта беруге болады. Енді бұл үйлесімділік барлық өткенді толық қамтиды. Әрине, түсіну қазірде уақыттан еркін мазмұнға назар аударады, ал олар кез келген уақытта жүзеге аса алады. Бірақ мұндай түсіну қолданысқа енбейді. Өйткені мұндай анықтаманың қисынды дамуында әрбір мазмұнның өзінің жеке тобына орналасуы тарихи жалпыламалыққа (тотальдылыққа) алып келеді, ал онда орын ауыстыру болмайды. Пәндік мазмұн өзінің уақыттағы сыртқы және абсолютті қалпына бейжайлықта болады, бірақ оның осындай басқа мазмұндарға қатысты алатын орны тек оның барлық белгілі мазмұндардың тұтастығына қатынасын белгілеу арқылы анықталады [8, 514] . Сондықтан өзінің идеалық мазмұны бойынша кез келген болмыстың немесе оқиғаның анықтамасы оның абсолютті уақыттық қалпына тәуелді болады. Маған мұның шешуші маңызы бар сияқты. Біздің қолымызда өзінің салыстырмалы тұйықтылығы арқылы түсінікті болған оқиғалар тобы болса, онда оларды түсінуге зиянын келтірмей ақ қайда болса сонда ауыстыра беруге болар еді. Өзінің мазмұны бойынша бұл топ қайталанбайтын бола алар еді, бірақ ол өзінің уақыттағы қозғалмалығын уақиғалардың тұтас ағымындағы бір жақты орынға айырбастамайынша бұдан оның тарихилығын тану келіп шықпайды. Оқиғаның тарихилығын мойындау мазмұнның өз сипаты бойынша жалқы екендігіне еш қарыздар емес. Ол, тіпті өзінің сапалық сәйкестігін өзгертпестен мың рет қайталанса да тарихи болып қалады. Бұл жерде әлемдік процестің бір бөлігіне тұтас алғандағы осы процеске ортақ қайталанатын сипат әділетсіз таңылады. Кез-келген қайталану, тіпті мәңгілік қайтып оралу осы қайталанбастық пен шартталған.

Шексіз көп фактілер саны уақыт ағымында өз мазмұнын өзгертпей ақ қоя алатындықтан қайталанбастық пен индивидуальдылықтың мәні олардың мазмұнына мүлдем қатысты емес, бірақ мазмұн уақыттағы осы орынға тиесілі болғандықтан, ол уақыт ұғымның анықтамасы бойынша қайталанбайды. Тарихи мазмұн уақыт аралығындағы барлық алдыңғы мен барлық соңғы арасындағы пунктті анықтаумен бірге өз сипатына ие болады. Тек осылай ғана ол бізге белгілі қайталан бастылыққа, атап айтқанда, әлемдік үдерістің жалпыламалығына (тотальдылығына) қатысады (барлық кемелсіздігіне қарамастан біздің танымымыз әрқашан осы жалпыламалықпен салыстырылады) [8, 527] . Онда тарихи мазмұн белгілі орын алады, бірақ ол да сапалық жағынан дара немесе қайталанатындығына қарамастан тек жалқы ғана бола алады.

Уақыттан тыстық өз өздігінен тарихи индивидуальдылықты сипатынан айырмайды, бұл үшін уақытты «белгілі» орнынан бөліп алса жеткілікті. Тек сол ғана тарихи қайталанбастылықтың иегері болып табынады, тек сол ғана мазмұн индивидуальдылығын бір жақты айқындайды. Уақиғаның жай ғана уақыттылығы ол уақыт аралығында анық айқындалмағанша оны тарихи қыла алмайды. Уақыттық қатынастар физикалық және химиялық процестер әлемінде де үстемдік етеді. Зертханада тербеліс ұзақтығы, химиялық процестер, психофизикалық реакциялар өлшенгенде де олардың әлде бір уақыт көрсеткішінде шкаласында орналасқан басталуы мен соңы, аралық кезеңдері белгіленеді. Алайда, бұл заттық уақыттық тұтастық одан ерте немесе кейін орын алғанмен ешқандай байланыста болмайды. Мәселенің қойылуы тұрғысынан алғанда мұндай танымның бұл байланысқа қатысы жоқ. Бұл оқиғаның қашан орын алғандығы, яғни оның дейінгі мен кейінгіге қандай қатынаста болатыны мұндай таным үшін маңызды емес. Дәл сондықтан оқиға тарихи болып табылмайды. Бірақ аталған ғылымның дамуы үшін жаңалық маңызы бар әлде бір ғалымның жасаған алғашқы тәжірибесі туралы сөз болғанда оның жалпылық уақыт ағымындағы күйі маңызды болып табылады. Мұнда оның ғылымның дамуындағы алдыңғы және соңғы сатыларына қатынасы белгіленеді. Басқа сөзбен айтқанда, тәжірибедегі табиғи оқиға сонымен қатар тарихи болып табылды [8, 599] .

Қарастыру тәсіліне байланысты ол әлде тарихилықсыз уақыттылыққа ие болады немесе дейінгі мен кейінгіге қатысты маңызды болып табылатын уақыт аралығындағы пункті білдіреді, ол жалпы алғанда әлемдік процестің тұтастығында белгіленеді және сондықтан тарихи болады. Мұндай белгілену өз өздігінен ақылға қонымды бірдеңе сияқты болып көрінеді, оны әрқашан қолданып келді, бірақ шындығында ол тарихи категориялардың айқындалуына ықпал етті. Бірінші кезекте, ұзақтылық ұғымының айқындалуына ықпал етеді. Әлде бір күйдің уақыттық ұзақтылығы тұрақтылықтың қисындық және физикалық ұғымымен сәйкес келмейді. Егер ұзақтылық ұғымын тұрақтылық мағынасында қолдаса, мұндай созылыңқылықта тарихи тұрғыдан осы немесе басқа күй бір жыл немесе он жыл созылама бәрі бір болатын еді. Ұзақтылықтың бұл ұғымы үшін индивидуальдылық, қоғамдық, мәдени кезеңнің бір сәтінің басқаларынан айырмашылығы жоқ, бұл бір қалып, онда дәуірдің басы мен соңы сапалық тұрғыда толық сәйкес келеді. Онда жалпы «қысқалау» немесе «ұзақтау» дегеннің бәріне қызығушылық мүлдем түсініксіз. Бұл жағдайда әрбір сәт мазмұнды түрде басқасына тең болғандықтан оның бұрын немесе кейін болған бірде бір сәті басқасымен салыстырылмайды, сондықтан мұндай ұзақтылықтың бірде бір сәті тарихи болып табылмайды. Біз үшін билік ұзақтылығы, конституцияның қызмет етуі, шаруашылық формасы маңызды болғанда, біз көптеген жалқы, бірінен соң бірі келетін оқиғаларды есте ұстаймыз. Осы кезеңнің соңына қарай жағдайдың өзгергені соншалық біз тек содан кейінгіден ғана бұл кезеңнің басында түсініксіз болғанды түсінуге қабілетті екенімізді ойымызда сақтаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақытқа қатысты сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктері
Уақытқа қатысты семалар
Уақыт/время/time концептілерінің ассоциативтік ерекшеліктері
МӘДЕНИ КЕҢІСТІКТІҢ МИФОЛОГИЯЛЫҚ УАҚЫТЫ
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ағылшын және қазақ тілдік саналарындағы уақыт концептісінің ерекшеліктері
Ақпарат құралдарының жасөспірімді тәрбиелеуге ықпал ету мүмкіндіктері
Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар. Көркем шығармадағы тұтастық. Прозадағы уақыт пен кеңістік
Мифологиялық уақыт және прототүріктер мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz