Қазақтың ақбас сиыры



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Ветеринария факультеті
Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнология кафедрасы

Өндірістік тәжірбие
Есебі

Мамандығы: 5В120100 "Ветеринариялық медицина"
ЖШСШалабай Асылтұқымды мал зауыты

Орындаған: Сапан.С.Д.
Топ: ВМ-402
Жетекші: Қойбағаров Қ.У.
Есепті қорғау қорытындысы:
Қорғаған күні _____________2019ж.
Бағасы_____
_________________________________

_________________________________
(жетекшінің қолы)

Алматы 2019 ж
Мазмұны:

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II. Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

ЖШС Шалабай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Қазақтың ақбас сиыры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Бағдарлама бойынша жануарларды мемлекеттік тіркеу ... ... ... ... ... ... ... . 6
Бірдейлендіру (биркалау) жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Акушерлік аурулар және алдын-алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.5.2.Ірі қараның маститі (желінсау) ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..12
Шаруашылық аймағында кездесетін жұқпалы ауруларды және ммундеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.6.1.Аусылға қарсы иммундеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.6.2.Қарасан ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.7. Малшаруашылық өнеркәсіптерінде малды ішкі аурулардан
сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.8. Мал шаруашылығы қалдықтарын зарарсыздандыру (көң) ... ... ... ... ... ... 20

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

IV .Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

І.Кіріспе
Мен, Сапан Сымбат Дауренқызы, Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, "Ветеринария" факультетінің, ВМ - 402 топ студенті, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Шалабай ауылындағы Шалабай ЖШС-інде наурыз айының 11-ші жұлдызынан бастап 14-ші сәуірге дейін өндірістік тәжірбиеден өттім.
Шалабай Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі - орташа кәсіпкерліктің субъектісі, кәсіптің негізгі түрі - Қазақ ақ бас асылтұқымды ірі қара малын өсіру, Ангус тұқымы, сонымен қатар Байс асылтұқымды қойларды өсірумен, жылқы және егін шаруашылығымен айналысады. Қазақ ақбас асылтұқымының ІҚМ - 4314 бас, ангус сиырлары - 76 бас, Байс асылтұқымының ұсақ малы - 2700 бас, жылқы - 600-ге жуық бас. Ауыл шаруашылық жерлері - 38 879 гектар, оның ішінде егістік жері - 2884 гектар. Ауыл шаруашылық техникасының саны 51, оның ішінде - 26 трактор, 3 комбайн, 7 жүк көлігі, 15 жеңіл көлік.
Шалабай ЖШС-і 2010 және 2011 жылдардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілікті Парыз республикалық конкурсқа қатысты, 2008 жылдың - Жылдың ең үздік инновациялық жобасы дипломы, 2011 жылы Жарма ауданының Әкімінің Жыл жомарты дипломы бар, 2010 жылдың Үздік ұйымы, 2011 жылдың Өндірістік саладағы үздігі - естелік ленталары. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан көптеген алғыс хаттары бар.
1-сурет. ШҚО Шалабай ауылы Шалабай ЖШС.
1-сурет. ШҚО Шалабай ауылы Шалабай ЖШС.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1.ЖСШ Шалабай

Облыс атауы:
Шығыс Қазақстан
Аудан атауы:
Жарма ауданы
Ауылдық округ атауы:
Шалабай
Кәсіпорын атауы:
Шалабай ЖШС
Бас директор:
Сүлейменов Қуаныш Серікқазыұлы

Бас зоотехник:
Ибрагимов Олжас Ильдусович
Бас ветеринария дәрігері:
Слямгалиев Арман Айтқалиұлы
Вет. дәрігерлер:
Мерейбаев Азамат
Давлетов Бауыржан
Электрондық адресі
shalabay2030@mail.ru
Телефон:
8 72347 40 653
8 771 302 46 00

Жалпы мал саны наурыз айының мәліметі бойынша:
Жұмысшы бұқалар - 55 бас
Ангус тұқымындағы ірі қаралар - 167 бас
Қазақтың ақбас сиыры - 1342 бас
Бұзаулар 2019 жылы туылған - 190 бас.
Қой саны - 1602 ге жуық бас
Жылқы - 481бас.
Тәжірбиелік сиыр- 2203 бас.
Барлық ірі қаралар 11 табынға бөлінген. Оның ішіндегі 8 табында ұрғашы сиырлар мен бұзаулар. Орташа есеппен әрбір табында 180 сиырдан 2 малшыдан келеді.
2.2.Қазақтың ақбас сиыры.

Мен өндірістік тәжірибеден өткен шаруашылық негізінен асыл тұқымды етті бағыттары ірі қара өсірумен айналысады. Соның ішіндегі ең бастысы Қазақтың ақбас сиыры тұқымы.
Қазақтың ақбас сиыры - сиырдың етті тұқымы. Қазақ және қалмақ сиырларын герефорд бұқасымен будандастыру арқылы 1932 - 1950 жылдары. Қазақстан мен Ресейде шығарылған.
Бұл тұқым республиканың далалы және шөлейт аудандарының табиғи жағдайына бейімделген. Түсі қызыл, басы, құйрығының ұшы, әукесі, бауыры мен сирағы ақ болады. Етті малға тән белгілері өте айқын, тез жетіледі. Кеудесі кең, етті, аяқтары қысқа, берік келеді. Сақа бұқасы орта есеппен 800 - 900 кг (кейде 1100 - 1300 кг), сиыры 450 - 500 кг (кейде 520 - 580 кг), 7 - 8 айлық еркек танасы 200 - 220 кг, ұрғашы танасы 180 - 200 кг тартады. 15 - 18 айлығында еркек тайынша тәулігіне 900 - 1000 г, ұрғашы тайынша 700 - 800 г салмақ қосады. Ет түсімі 57 - 60%.

2-сурет. Қазақтың Ақбас асылтұқымды ірі қарасы.
2-сурет. Қазақтың Ақбас асылтұқымды ірі қарасы.
3-сурет. Практикадағы сәт.
3-сурет. Практикадағы сәт.

2.3.Бағдарлама бойынша жануарларды мемлекеттік тіркеу.

Өндірістік тәжірибеден өту барысында бізді шаруашылықтағы, кеңседегі көптеген жұмыстармен таныстырды. Яғни тек қана жануарларды емдеп немесе емдік шараларды жүргізуді көрсетіп қана қоймай, шаруашылықтағы малдарды тіркеу, олардағы болып жатқан кез-келген өзгерістерді айқындап, белгілеп отыратын бағдарламалармен таныстырды. Қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндірді.
Атап айтсақ, ИАС, ИСЖ бағдарламалары.
ИСЖ - Идентификация Сельскохозяйственных Животных. Бұл программа барлық Қазақстан бойынша малдарды тіркеп, ондағы өзгерістерді (туылған күні, салынған вакцинация, алынған қан, туылған малдың ата-тегі ондағы өзгерістер, әр айдағы өлшенген массалары) белгілеп отыратын программа. Тағыда осы программа арқылы кәсіпорынға сатылып алынған, сыртқа сатылған жануарларды тіркеп, тізімнен шығарып отырады.
ИАС - Информационно аналитическая система. Бұл министірліктен берілген тапсырма бойынша құралған, яғни супсидия алу үшін құрастырылған программа. Әр жыл сайын мемлекеттен арнайы бөлінген супсидияларды жеңіп алу үшін арнайы осы программадағы бөлімдерді толтырады.
4-сурет. ИСЖ бағдарламасы
4-сурет. ИСЖ бағдарламасы
5-сурет. Жаңа туылған төлдерді тіркеу кезінде.
5-сурет. Жаңа туылған төлдерді тіркеу кезінде.

2.4.Бірдейлендіру жұмыстары.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер
нәтижелерін қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;
Бірдейлендіру - дерекқорға жануар туралы мәліметтерді енгізе және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, жапсыру, чиптау, таңба салу жолымен жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу жүйесі;
Жеке нөмір - жапсырмаға, чипқа, болюсқа немесе таңбаға түсірілетін әріптік немесе цифрлық белгіні қамтитын, жануарға берілетін жеке код;
Ветеринариялық бөлімше - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның),
ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшесі;
Тәртіптеме - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу және ветеринариялық паспорттар беру үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды бөлу (беру) туралы жоғары тұрған ветеринариялық бөлімшенің төмен тұрған ветеринариялық бөлімшеге құжаты;
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа
жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей
бірдейлендіріледі: бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар - туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін; құлындар - төрт айлық жасынан бастап; асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және жұртшылық шаруашылықтарында
күтіліп-бағылатын торайлар - үш айлық жасынан бастап; ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік
қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге,
кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін
бордақылауға арналған торайлар - туған күнінен бастап жеті күн
өткеннен кейін; тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар - тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін. Тоғыз айлық жасқа дейінгі жылқылар мен торайларды қоспа ғанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он екі символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:
Бірінші екі символ - ISO - Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);
Үшінші символ - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);
Төртінші символ - ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;
Бесіншіден он екіншіге дейінгі символдар - ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың жеке нөмірі осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес
шошқаның (енесі жағынан ата-енесінің) жеке нөмірінен және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарының ішкі шаруашылық есебіне сәйкес шошқалардың (енесі жағынан ата-енесінің) торайлауында торайдың реттік нөмірінен тұрады.

Жануарларды бірдейлендіру рәсіміне:
1) жеке нөмір беру және ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу;
2) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу
және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығымен (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер
базасына енгізуді;
3) ветеринариялық паспорт осы Қағиданың 2- қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі;
Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының
түріне байланысты келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін);
2) таңба басу немесе чип салу (жылқылар үшін);
3) татуировка (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге арналған торайлар үшін).
6-сурет. Туылғанына 7 күн болған бұзауға чип салу.
6-сурет. Туылғанына 7 күн болған бұзауға чип салу.
7-сурет. Бұзауларға арналған сырғалықтар дайындау үстінде
7-сурет. Бұзауларға арналған сырғалықтар дайындау үстінде

8-сурет. Қойға арналған сырғалықтар
8-сурет. Қойға арналған сырғалықтар
9-сурет. Бирка, тіркеу журналы, чип оқығыш құрал, биркалауға арналған пистолет, чипке арналған шприц.
9-сурет. Бирка, тіркеу журналы, чип оқығыш құрал, биркалауға арналған пистолет, чипке арналған шприц.

2.5.Акушерлікаурулар және алдын-алу шаралары
2.5.2. Ірі қараның маститі (желінсау) ауруы.
Желінсау (Mastіtіs) -- желіннің қабынуы. Көбінесе, сауын сиырларында бұзаулау және суалу кезінде байқалады. Ауру қоздырғышы - стафилококк, стрептококк, диплококк, микрококк бактериялары, микоплазмалар, вирустар мен саңырауқұлақтар. Желінсаудың негізгі себептері: желіннің жарақаттануы, тазалық сақтамау, дұрыс саумау, т.б. Сондай-ақ, аусыл, актиномикоз, күл сияқты жұқпалы аурулар да желінсауға шалдықтырады. Ауру малдың температурасы
көтеріліп, жемшөпке тәбеті болмайды, желіні ісініп кетеді. Сауған кезде іртіктелген сүт немесе ірің тәрізді сұйық зат бөлініп шығады. Кейде желінде іріңді ісік жара пайда болады. Желінсаудың жасырын түрінде малдың сүті
біртіндеп азая береді және сүттің физикалық-химиялық қасиеті өзгереді. Аурудың өту және көріну белгілеріне қарай серозды, катаральді, фибринозды, іріңді, геморрагиялық желінсау деп бөледі. Бие, қой, ешкі желінсаумен ауырғанда да жоғарыдағыдай белгілер байқалады. Кейде оларда желінсаудың өзгеше түрі дамиды: биеде -- ботриомикоз, қойда -- іріңді желінсау. Ауру малды клиникалық белгілеріне
қарап немесе сүтті лаб-лық тексеру арқылы анықтайды. Тез емдемесе ауру асқынып, желіннен қайтып сүт шықпай қалуы мүмкін. Ауру малды оқшаулап, астына құрғақ төсеніш Біз қолданған емдеу жолы желінді алдымен жақсылап сауып алып, кататермен желін ұшына ауа үрледік. Осылай бірнеше рет қайталадық. Соңында мастисан дәрісін бердік. 1-2 куннен кейін сиырдың беті бері қарады.

10-сурет. Мастит анықталған сиыр.
10-сурет. Мастит анықталған сиыр.

11-сурет. Маститті емдеу.
11-сурет. Маститті емдеу.

2.6.Шаруашылық аймағында кездесетін жұқпалы аурулар. 2.6.1. Аусылға қарсы иммундеу. Аусыл (лат. Арhtae epizooricae, ящур, ағыл. Ғоot аnd тоuth disease-FMD) аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы. Қоздырушысы - Aphtovirus- РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Pikor-naviridae тұқымдастығына жатады. Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша серологиялық типке: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А - 32, С - 5, САТ-1 - жеті, САТ-2 - үш, САТ-3 - төрт, Азия-1 - екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың эпителий ұлпаларының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бүл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату үшін қолданылады. Індеттік ерекшеліктері. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, бүғы жэне көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы хабарлар бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды бағып күткенде, аусыл-мен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.
Аусыл қоздырушысының бастауы - ауырған, оның ішінде аурудың жасырын кезеңіндегі жэне вирус тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның нәтижесінде қоражай, әр түрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары, т.б. ластанады. Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әр түрлі ластанған заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирақтың зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен енеді. Аусылдың таралуына көп жағдайда шаруашылық-экономикалық байланыстар, малды өсіру ерекшеліктері, мал басының тығыздығы, халықтың жүріп-тұруы, мал азығын дайындау, мал өнімдерін сақтау, тасымалдау, өңдеу және т.б. жағдайлар әсер етеді. Алыстағы жайылымдарға малды айдау кезінде аурудың таралуы жылдамдайды. Ет және сүт өңдейтін мекемелер аусылдың таралуына көп әсер етеді.
Балау. Аусылға диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық белгілері және зертханалық зерттеулердің нәтижелері пайдаланылады. Аусыл ең алғаш байқалғанда міндетті түрде қоздырушы вирусты бөліп, оның типі мен вариантын анықтайды, Ол үшін кемінде 5 г афтаны тең мөлшерде алған таза глицерин мен рН 7,4-7,6 фосфат буферінің қосьшдысынан даярланған консервантқа салып зертханаға жібереді. Аусылдың вирусын айқындау үшін комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), диффузиялық преципитация реакциясы (ДГІР), қосалқы гемаглютинация реакцтясы (ҚГАР), комлпемент байланыстыруды тежеу реакциясы (КБТР), торшалар өсіндісінде вирусты бейтараптау реакциясы (БР) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың өнімділігі
Отандық мал шаруашылығы және ветеринария
Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру
Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Ірі қара мал шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Сиырдың сүт өнімдерін өндірудегі желінсау ауруы
Етті бағыттағы қолтұқымдар
Пәндер