Ақпараттық технологиялар ұғымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы АҚ
Әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың адамның күнделікті өміріне әсері.

Орындаған: Сламбекова Ә.С.
Қабылдаған: Жанысбеков М.А.
Тобы: ЖМКА - 02 - 18

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Ақпараттық технологиялар ұғымы.
Күнделікті өмірдегі ақпараттық технологиялардың үлесі, пайдасы мен зияны.
Бұқаралық коммуникация және кибертерроризм жайында.
Қорытынды.

Кіріспе.
Компьютерлік техника саласында білім беру сізді тамаша программист емес, өйткені шеткалар мен бояулар сізді керемет суретші етпейді. Бірақ қаласан жетерсін деп Эрик Реймонд айтпақшы, әрбір істің өзінің артықшылығы бар, кез келген нәрсені жүзеге асыра аласын. Оған жай мысал ретінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды жастар мен жасөспірімдердің оңай, дереу қабылдауы. Осы ағымдағы заманда осы технологиялық құралдардың үлесі өте жоғары. Себебі, қолдан түспейтін ұялы телефондарымыз, жұмыс жасайтын компьютерлеріміз бізге ақпарат алыса алғандықтан, интернет желісімен қолдана алғандықтан орны ерекше.

Ақпараттық технологиялар ұғымы.
Қазіргі әлемде ақпараттық технологиялар әрбір адамның өмірінде маңызды орын алатыны сөзсіз. Ендігі кезекте мобильді те лефоны, планшеты, ноутбукы жоқ адамды елестету мүмікін емес. Ағымдағы заман талабына сай халқымыздың жылдам мәлімет алмасуына, замануи ақпарттық - коммуникативтік технологиялардың кеңінен жетік қолданылуы басты алғышарттардың бірі болып табылады. Көбіне бұл мақсатта негізгі құрал болып компьютер қолданылатын. Біраз уақыттан бері тек байланыс көзі болып келген ұялы телефондардың өзі, қазіргі кезде кез келген компьютерден озбаса, кем түспейді. Жалпы, ақпараттық технологиялар - компьютерлік технологияны пайдалана отырып, ұйымдық құрылымда ақпаратты жинау, қабылдау, сақтау, өңдеу және беру функцияларын жүзеге асыратын операциялар жиынтығы болып табылады. Ақпарттық технологияның мақсаты - тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкес ақпараттық ресурстардың сапалы қалыптасуы мен пайдалануы. Ақпараттық технологияның құралы ретінде математикалық, бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпарттық, техникалық және басқа да құралдары бар. Ақпарттық технологияны жалпы түсінуді талдай отырып, АТ ақпарат беру, сақтау және қабылдаудың барлық салаларын қамтитынын атап өтуге болады.
Қазіргі уақытта телефондар (смартфондар), компьютерлер (сондай-ақ, ноутбуктар, нетбуктар, планшеттер) және тағыда басқа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланбайтын адам жоқ. Көпшілігі жасөспірімдер мен жастар қауымы. Өмірімізге кеңінен қолданылатыны соншалықты, күнделікті өмір де, жұмыс та, оқу да тіпті бүлдіршіндердің ойыны да осы технологиялар мен ғаламтормен тікелей байланысты болып кеткен.
Шамамен 1990 жылдары балалар волга немесе тетрис ойнайтын, енді кез - келген гаджетте ойнай береді. Ақпараттық технологиялар барлық адамдардың өміріне терең еніп, кейде сыртқы, нақты әлемнен техникалық құралдармен алмастырады. Мәселен, оның немен байланысты екенін түсіну керек:
Қоғам постиндустриялдық дәрежеге жетті, яғни ол дегеніміз ақпарттық технологиялардың дамуы адамдардың дамуымен тікелей байланысты.
Адам еңбегін автоматтандыру.
Қазіргі таңда барлық жасалынатын жұмыс, тіпті қазіргі сабақтардың өзі осы ақпараттық технологиялар ұғымы арқылы іске асуда. Егер біз егжей - тегжейлі қарастырсақ, онда жаңа технологиялар жасалып, сол арқылы өмір әлдеқайда қарапайым әрі ыңғайлы болады. Бұған мысал ретінде телефонды алуға болады. Ол арқылы біз әлемнің түрлі бөліктерінде адамдармен байланыса аламыз. Сондай-ақ бейімделулер жасалады, соның арқасында адам еңбегі бұрыңғыға қарағанда азырақ жұмсалады, яғни ол механикаландырылған.
Бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ технологиялары тұтастай алғанда қоғамның өміріне, осы қоғамның әрбір мүшесінің, яғни индивидтің әлеуметтік-психологиялық, саясаттанулық және моральдық сипатына үлкен әсер етеді. Себебі, медиа-арналар, бағдарламалар арқылы келген кез-келген жаңа ақпарат, бағдарлар мен құндылықтар, адамдардың танымына үлесін қоспақ. Бұқаралық ақпарат технологиялары жаһандық деңгейге көтеретін ұлттық ауқымда бірыңғай рәміздер мен мағыналарды дамытуды бір ағынға жеткізіп, келтірді. Бұл үдерісте БАҚ Қазақстан Республикасында этносаралық тұрақтылық факторы ретінде үлкен рөл атқарады. БАҚ заманауи қазақстандық қоғамның саяси, рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда шешуші болып табылады. Ал халыққа олардың моральдық-психологиялық әсер етеді, екінші жағынан - ұлтаралық оппозицияның, этносаяси шиеленістердің катализаторы болып келеді. Қазақстанның ұлтаралық келісімінің үлгісі ғасырлар бойы 140-тан астам халықтың этникалық сәйкестігін, мәдениетін және тілін сақтап қалуымен байланысты. Бұл гуманизмнің бірегей мысалы, сонымен қатар қазақ халқының толеранттылығы. Социализация - бұл мінез-кұлықтың, психологиялық қарым - қатынастардың, әлеуметтік нормалар мен құндылықтадың, білімдердің, дағдылардың өзіндік білім беру үрдісі қоғамда табысты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы қоғамда ақпараттық технологиялардың басым болуы кейде осы үдерістің өтуіне кедергі келтіреді.
Егер біздің заманымыздың білім деңгейін және мысалы өткен ғасырдың басында өмір сүрген адамдарды салыстыратын болсақ, онда айырмашылық жаһандық болады. Сонымен қатар, ақпараттың үлкен көлемде жинақталуына және кез-келген қашықтыққа тезірек жету қабілетіне байланысты ғылым, сауда, медицина, мәдениет және адам қызметінің басқа салаларында барлық процестерді жеделдетуге көмектеседі. Бұл ақпараттық технологияның қоғамға және оның дамуына оң әсері.
Қазіргі заманғы демократиялық қоғамда оның тұрақтылығының және қоғамды басқару тиімділігінің басты кепілі дамыған, саяси оқиғаларды объективті түрде ұйымдастырылған бұқаралық ақпарат құралдарының болуы болып табылады. Тіпті білімі жетік адамдардың өзі радио, теледидар, газеттер, журналдарсыз қоғамдық - саяси процестерді дұрыс қабылдауға және олардың мінез-құлқын, әрекетін қалыптастыруға, жауапты шешімдер қабылдауға қиын болуы мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдары немесе технологиялары арқылы әр адам өзінің жеке тәжірибесінің тар көкжиегін жеңе алады.
Өз аудиториясын үнемі кеңейте отыру, ол бұқаралық ақпарат құралдарына қоғамда сенімділікке жеткізді. Азаматтардың жалпы әлеуметтанулық процестерге қатысуын және олардың мемлекет пен саясат әлеміне деген тиісті көзқарасын қалыптастыру, жаңа ақпарат туралы хабардар болуына ықпал етеді. Азаматтармен жүйелі түрде тікелей байланысы оларды саяси әлеуметтенудің басктапқы институты етеді, отбасылық, білім беру жүйесі сияқты. Күнделікті көріп жүрген, естіп жүрген танымал басылымдардың байқаушылары, телевизия комментаторлары, жетекші репортерлар халықпен қабылданады және жиі көпшіліктің көрнекті өкілдері болып табылады.
ХХІ ғасырдың басында еліміз жаһандық ақпараттандыру процесіне белсене ене, кірісіп кетті. Бүгінгі күнделікті ағымдағы өмірде білімді, ақпараттарды бұқаралық технологиялы құралдар арқылы тану дамуда.
ХХ ғасырдағы жаппай байланыс әлеуметтануы, яғни коммуникация Америка мен Еуропа елдерінде белсене дамыды. Соңғы жылдары ақпараттық ағындар дерекқорлардың, дербес компьютерлердің, коммуникативтік қызмет саласындағы кадрлар мен бұқаралық коммуникациялық технологиялардың үнемі өсуіне байланысты дамытуға қуатты серпін алды. Кейбір зерттеушілер медиакратия туралы айта бастады - бұқаралық ақпарат құралдарының күші туралы айтып береді, бұл шындықты көрсетіп, түсіндіріп қана қоймай, оны өз ережелеріне сәйкес құрастырды. [1]
Күнделікті өмірдегі ақпараттық технологиялардың үлесі, пайдасы мен зияны.
ХХІ ғасыр - адамдардың технологияларға тәуелді заманы десек қателеспеген боламыз. Адамдарға ұялы телефондар қажет емес екенін айтсан, олар бірден күледі. Мысалы, егер сіз электрондық поштаны пайдалана алмаймын деп айтсаңыз, олар сізге сенбейді.
Кез келген ұйымдарға жаңа ақпараттық технологияларды енгізген кезде, бәсекелестердің бар екенін ескерген жөн. Себебі, осы замануи технологияларда басқа материалдық тауарлар секілді ескіріп отыру қасиетіне ие. Жаңа нұсқалардың шығарылу жылдамдығы екі айдан бір жылға дейін. Егер жаңа технологияларды енгізу барысында осы тармаққа назар аударылмаса, онда компания жаңа ақпараттық технологияға көшкен уақытқа дейін ескірген деген қауіп-қатері бар.
Мәселен, алдымен пайдасы туралы айтатын болсақ, бұл әрине, кемшіліктеріне қарағанда көп. Кем дегенде, болашаққа ұмтылатын адамдардың көпшілігі үшін және не нәрсеге байланысты екенін түсіну:
Дәстүрлі технологияларды қолдануға қарағанда, пайдаланушының көп мөлшердегі ақпараттарға, ойын - сауықтарға қол жеткізу қабілеті.
Уақыт үнемділігі.
Компьютерлік коммуникациялық құралдарды қолану арқылы пайдаланушының шығармашылық әлеуетін толықтау жетілдіру;
Жеңіл сауда әдісі (интернет-дүкендер, онлайн).
Интернет және әлеуметтік желілер ана тілдерімен не болмаса үйреніп жүрген тілдерінде сөйлеуге мүмкіндік береді.
Қашықтықтан ойнату, оқыту.
Қолайсыз кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
Компьютерді сақтау құрылғылары мен басқа механизмдердің кенеттен істен шығуы.
Қазіргі кезде замануи қоғам ақпараттық инфрақұрылымға толығымен тәуелді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы мәлімет
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы
Информатика негізі
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпартаттық технологиялар және технтка. Есептеу техникасының даму тарихы
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Ақпарат және оны өрнектеудің жолдары
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы мәлімет
Ақпарат және ақпараттық технологиялар туралы мағлұмат
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы
Пәндер