Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Ибрашев Б. А.
Тараз өңірінің тарихи-архитектуралық ескерткіштерінің тарихы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011400 - «Тарих» мамандығы
Қарағанды 2019
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасының
меңгерушісі т. ғ. к., доцент
Ускембаев Қ. С.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Тараз өңірінің тарихи-архитектуралық ескерткіштерінің тарихы»
5В011400 - «Тарих» мамандығы
Орындаған: Ибрашев Б. А.
Ғылыми жетекші
т. ғ. д., профессор Жумашев Р. М.
Қарағанды 2019
Мазмұны
Кіріспе . . .
1 Тараз аймағындағы сәулет өнерінің теориялық мәселелері
1. 1 Тараз аймағында сәулет өнерінің қалыптасуы . . .
1. 2 Тараз аймағындағы сәулет өнерінің зерттелуі . . .
2 Тараз өңіріндегі ортағасырлық архитектуралық ескерткіштер
2. 1 Қарахан кесенесі . . .
2. 2 Айша бибі кесенесі . . .
2. 3 Бабаджа қатын кесенесі . . .
2. 4 Ертедегі Тараз қаласының моншасы . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан территориясы ежелден өркениет ошағы болды. Ертеден, көшпелі және отырықшы мемлекеттердің ордасы болған территорияда, олардың әртүрлі рухани және материалдық мәдени туындылары қалып отырды. Бүгінде қазақ халқының эпос, лиро эпостары рухани мәдениеттің теңдесі жоқ туындыларын дүниеге әкелді. Материалдық мәдениет туындылары да әлемдік көрмелерге қойылып, мойындата алды. Алтын адам, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, кесенедегі тайқазан т. б. туындылар қазақ жерінде мекен еткен, қазақ халқының арғы бабасы болып табылатын тайпалық одақтар немесе осы жерді мекен еткен мемлекеттердің материалдық мәдениетінің жоғары деңгейде болғанының дәлелі. Бүгінде еуропа, азия т. б. континенттердің туристік маршруттарына айналып, сол елдерге бірқатар қаржы енгізіп отырған нысандардың бірі - архитектуралық ескерткіштер.
2004 жылы 13 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президентінің «2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы» қабылданды [1] . Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан архитектуралық ескерткіштерді реставрациялап, дәріптеу және насихаттауды мақсат еткен мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Қола дәуірінен бастап дала архитектурасының құнды туындыларына айналған жәдігерлер, қазақ даласының ескерткіштерінің қатарын толықтырды. Темір дәуірінде де жалғасын тапты. Патша қорғандары, мұртты қорғандар т. б. әлі де зерттеуді қажет ететін нысан болып табылады.
Ортағасырлардың барлық кезеңдерінде де діннің ықпалымен, Ұлы Жібек Жолының таралуына орай еуропа мен азия мәдениетінің қиылысында да жаңа ескерткіштер тұрғызылды. Ал ұсынылып отырған диплом жұмысы дамыған ортағасырлардың тарихын зерттеуге арналған осы диплом жұмысы да, ежелден мәдениеттің «алтын бесігіне» айналған Тараз аймағының архитектуралық ескерткіштерін сипаттауға арналды. Осындай жауапкершіліктен туған тарих, қазақ жерінің тарихы өте бай екендігін дәледейді. Сонау ежелгі дәуірден басталатын адамзат мекені, ғасырлар бойы адамзат баласын қызықтырып келеді.
Негізінен Шу, Талас өзендерінің орта ағысыңда, Қаратау, Қазығүрт жоталарында қалыптасқан әртүрлі мемлекеттер мен халықтар материалдық мәдениетін дамытып отырды. Тараз өлкесіндегі ортағасырлық қалалардың сауда жолында орналасып, өркендеп, дамуын ескерсек, рухани мәдениет пен қатар материалдық мәдениеттің орталығы болғандығын көреміз. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында дамып жатқан қоғам мен қалыптасып отырған ұлттық идеологиямыздың қарқынды дамытудың бір жолы, төл мәдениетімізді дәріптеу екендігі белгілі.
Диплом жұмысының мақсаты . Қазақ тарихының қайнар көзі болған Тараз өлкесінде орналасқан ортағасырлық архитектуралық туындылардың тарихын, жүйелі түрде зерттеулер мен деректер негізінде жазып, Қазақстанның материалдық мәдениеті үшін маңызын айқындау.
Диплом жұмысының міндеттері :
- Тараз өңірінің тарихи ескерткіштерінің дүниеге келу кезеңдері мен даму жолдарын анықтау
- Тарихи жәдігерлердің әртүрлі мәселесін зерттеген мақалалар мен монографиялардың мазмұнымен танысу;
- Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар ретін анықтау;
- Қарахан, Айша бибі, монша т. б. Талас аймағының архитектуралық туындыларының салыну тарихын аңыздармен және халық аузындағы әңгімелермен сипаттап жазу;
- Тарихи архитектуралық ескерткіштердің Отан тарихында, мәдениет тарихында алатын орнын дәріптеу.
Диплом жұмысының нысаны . Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері: Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, моншалардың тұрғызылу тарихы.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері . Зерттеу нысаны ретінде алынған архитектуралық туындылардың хронологиялық шеңберіне орай дамыған ежелгі дәуірден бастап дамыған ортағасырлар аралығын қамтиды. Өзара сабақтастық тұрғысынан жүйелі түрде дами отырып, өлкедегі сәулет өнерінің дамуының сатыларын көрсетеді.
Диплом жұмысының тарихнамасы . Тараз ортағасырлық қала ретінде бірқатар археологтар мен тарихшылардың зерттеу нысаны болды. Кеңес өкіметі тұсында археологиялық зерттеулер жүргізілді. Тараз қаласы мен Тараз өңіріндегі қалалардың, қала құрылым мен қалада орналасқан шығыс моншаларының сызбаларын жасап, уақытын анықтады.
Талас өңірін зерттеуде үлес қосқан ғалымдардың бірі Ә. Марғұлан. Ол Тараз қаласы немесе оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан бірқатар қалалар жайлы зерттеулер жазды [2] . Ол зерттеуде Оңтүстік Қазақстанның қалалары сипаттала келіп, архитектуралық ескерткіштер жайлы құнды мәліметтер берілді.
Талас өзенінің бойына кешенді зерттеу жүргізгендердің бірі археолог А. Н. Бернштам [3] . Экспедиция нәтижелері сақ қорғандары мен қазақ мазарларына дейін қамтыды. Зерттеулер арқылы өлкенің әлеуметтік-саяси тарихы зерделенді. Зерттеуде басты назар Тараз ауданының ескерткіштерге аударылды. Сонымен қатар, Тараз қаласынан табылған шығыс моншасы да А. Н. Бернштам басшылығымен зерттелген болатын.
Талас ауданының археологиялық зерттеулерін Қазақ КСР ҒА тарих, археология және этнография институты жанынан құрылған Жетісу археологиялық экспедициясы жүргізді [4] . 1960-1965 жж. Тараз қаласының цитаделі, шахристанның оңтүстік-шығысы, рабадтың батыс бөлігі зерттелді. Сонымен қатар Тараз өңірінің Жікіл, Төменгі Барысхан қалалары зерттелді.
Жамбыл облысы аумағындағы көне ескерткіштердің бірі Ақыртас кесенесі. Осы ескеркішті Черняев экспедициясының құрамында болған Знаменский, кейін Лерхе зерттеді [1, 116 б. ] .
К. М. Байпақовтың «Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути» [5] еңбегінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ортағасырлық қалалар жайлы айтылады. А. Х. Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдарының зерттеVI нәтижесінде жарық көрді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі шыққан фундаменталды зерттеуде Сырдария бойында орналасқан қалалармен қатар, Талас пен Шу өзендері бойындағы қалалар да суреттеледі. Сонымен қатар, Ақыртас ескерткіші жайлы жазылған.
Қазақстанның тарихқа бай орталықтарының бірі ретінде өлке тарихын дәріптеудің мақсатынды кейінгі жылдары бірқатар зерттеулер жарық көрді. Оның қатарында М. А. Даутбаевтың «Көне Тараз шежіресі» [6], «Мавзолей Карахана и Айша-биби» [7] жинақтары бар. Бұл зерттеулерде Тараз қаласының тарихымен қатар, көне қалалар мен архитектуралық ескерткіштер жайлы мәліметтер көп.
ТарМУ ұстаздарының өлкенің тарихи мүмкіндіктерін пайдалана отырып туристік мүмкіншіліктері бар маршруттарын дамыту мақсатында жариялаған арнайы оқу құралы жарық көрді [8] . Тарихи архитектуралық ескерткіштердің сипаттамасы мен жүру маршруттары берілген оқу құралында, архитектуралық ескерткіштер жайлы мәлімет көп.
Тараз өлкетанушысы, ТарМУ профессоры К. Рысбайдың мерзімді баспасөздерде жарияланған мақалалары да өлке тарихына арналған [9] . Ескерткіштердің тарихи, мәдени мәнін зерделеген мақалалар осы диплом жұмысын жазуда көмекші дерек көзі рөлін де атқарды.
Сонымен, Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері бойынша бірқатар еңбектер бар екендігі дәлелденді. Дегенмен, оның жинақы түрде және кешенді зерттелмегендігін көреміз.
Диплом жұмысының деректік негізі . Тарихи, археологиялық және этнографиялық тұрғыдан зерттеу Үшін ең бастысы деректер қоры қажет. Көне тарихтың мәселелеріне арналған отандық және шетелдік зерттеушілердің теориялық-концептуалдық көзқарастары көрініс тапқан мақала, монография, рецензия, шолу және басқа да ғылыми шығармалардың формалары жұмыстың деректік негізін құрайды. Диплом жұмысын жазуда негізгі дерек көзін археологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындылары негізінде жарияланған мақалалар немесе мақалалар жинақтары құрады. Археолог ғалымдардың жұмысы нәтижесінде қала архитектурасының, махаллалар мен шығыс моншасының құрылымы жайлы мәліметтер алуға мүмкіндік туды.
Диплом жұмысының келесі бір тобын жергілікті өлкетанушы ғалымдар жазған зерттеулер құрады. Оларда реставрация жасалғаннан кейінг ақпараттар көп берілген.
Осы жұмысты жазуда көмек болған дерек көздерінің бірі - аңыздар болды. Аңыздар архитектуралық ескерткіштер тұрғызылған тұстағы әлеуметтік қатынастырды сипаттайды. Сонымен қатар бұл ескерткіштің кімге арнап және кім тұрғызғандығы жайлы сұрақтарға жауап береді.
Зерттеудің теориялық методологиялық негізі. Тақырып ортағасырлар дәуірінің зерттеу деректерін қамтып отырғандықтан - қазіргі тәуелсіздік кезеңімен сабақтастығын талдау мәселелері қарастырылғандықтан, әр ақпаратқа сыни талдау жасай отырып, объективті көзқарас қалыптастыру көзделді. Зерттеу барысында ғылымилық және жүйелілік принципі, тарихи таным қағидасы методологиялық негіз ретінде алынды. Жүйелілік және ғылымилық принципі зерттеудің ғылыми талаптарына жауап берсе, тарихи таным қағидасы Тараз аймағындағы архитектуралық туындылар дәуірінің функциясын, құндылығын түйсінуде жатыр. Талдау, салыстыру, сараптамалық әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмыстың құрылымы кіріспе, екі тарау: бірінші тарау екі бөлімнен және екінші тарау төрт бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Тараз аймағындағы сәулет өнерінің теориялық мәселелері
1. 1 Тараз аймағында сәулет өнерінің қалыптасуы
Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі Тараз қаласының тарихы жөнінде әңгіме күні бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Қала тарихы, оның қалыптасуы, архитектурасы жайлы көптеген еңбектер жазылды. Тараз қаласының аумағы ертеден адамдардың мекені болды.
Тараз қаласы аймақтағы ең ірі қала ретінде қалыптастырушы рөлді атқарды. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында, I мың жылдықтың басында, басқа далалық аудандар сияқты, Қазақстан аумағында да климат өзгеріп, ол барған сайын қуаңдана туседі. Табиғи су көздері азаяды, мұның өзі ірілі-ұсақты өзен сағаларындағы егіншілікті тежейді. Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын тайпалар арасындағы халық санының үздіксіз өсуі мен өндіргіш күштер деңгейінің төмен болуы арасындағы алшақтық халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін қиындатады. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы - жайлайтын жер көлемін ұлғайту. Мал шаруашылығының дамуы нәтижесінде қола дәуірінде көшпелі мал шаруышылығы қалыптасты.
Шу мен Талас өзендерінің бойы ертеден үйсіндер мен қаңлылардың өмір сүрген аймағы болды. Еңбек құралдары, қару-жарақ жетілдірілді. Мал мен жайылымдар Үшін жүргізілген соғыстар нәтижесінде рулар мен тайпалар одақтарға бірігеді, олардың басында көсемдер тұрды. Осылайша қуатты одақтар пайда болды. Мысалы, б. з. б. III ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде тайпалар одақтары құрылады, олардың ішінде үйсіндер мен қаңлылар жетекші орын алады. Олар осы өңірді мекендеген сақтардың ұрпағы болатын. Үйсіндер - Жетісуды, қаңлылар Қазақстанның оңтүстігін мекендеді.
Үйсіндер жері Шу өзенінен Тянь-Шань тауының шығыс сілемдеріне және Балқаш пен Ыстық көлдің жағалауына дейінгі кеңістікті алып жатты. Үйсіндердің батыс шекарасы Талас өзені. Қытайдың деректеріне қарағанда үйсіндердің саны 620 мың адам болғды.
Үйсіндердің батысында қаңлылар мекендеген, олардың басым көпшілігі Қаратау бөктері мен Сырдарияның орта ағысы маңын алып жатты. Қаңлылардың да саны шамамен 600 мыңды құрады [6, 6 б. ] . «Кангюй» деген термин VIII ғасырдың басында көне түріктің руникалық жазбаларында кездеседі, кейінірек «Канпой» қаңлы тайпасы болып аталып кетеді.
Руларға қарағанда тайпалар одақтары адамдарды үлкен топтарына біріктірді, олар адамдар қауымдастығының жаңа түрі еді. Тайпалардың одаққа бірігуі барлық тайпаларға ортақмәдениеттің дамуына, ерекшеліктердің әлсіреуіне әкеліп соқты. Бірігу процесінде әртүрлі тайпалардың тілдері қосылып, ортақ тіл қалыптаса бастады. Бұл процестер, яғни алғашқы қауымдастық қүрьшыстың ыдырауы және топтық қоғамның пайда болуы, Қазақстан аумағында ұзақ мерзімге - мың жылға жуық созылды. Б. з. б. I мыңыншы жылдықтын орта шенінде Қазақстан мен Орта Азия жерін мекендеген сақтардың тайпалары қалыптасты.
Жаңа дәстүрдің басында Еуроазиялық далада этникалық орта - бттіндеп өзгере бастайды. Мұнда түркі тілдес тайпаларға ауысу басымырақ болады. VI ғасырдың екінші жартысындағы басылымдарда тұңғыш рет түрік атауы да кездесіп, бара-бара кең тарап кетті. Бұл терминді соғдылар қолданды, Қытаймен дипломатиялық және жазбаша қатынас қағаздарын, сол арқылы жүргізді. Осыдан кейін іле- шала византиялықтар, арабтар, сириялықтар түрік атауын енгізе бастады. Санскритте түрлі ирандық, тибет тілдерінде аталады. Аңыздарда Түрік атауы тар шеңберде баяндалды.
Византияға тауарлар жеткізетін «Жібек жолы» атанған ұлы сауда жолының бойында Суят, Құлан. Невакет (Шу аңғары), Меркі және басқа көптеген қалалар орнады. Солардың ішіндегі ең көне әрі ірі сауда қолөнер орталығы ретінде сол кезде-ақ аты әлемге әйгілі болған Тараз қаласы еді, оның іргетасынын қалануы біздің жыл санауымызбен тұспа-тұс келеді [10] .
Тараздың іргетасының қашан қаланғаны жайында нақты құжат жоқ. Осы жерде бекініс салу жөнінде деректер кездеседі. Б. з. б. 80 - 74 жылдары ғұн билеушілері Жетісуға кіріп, үйсіндер орналасқан бай өлкені өздеріне бағындырғысы келеді. Бұл қауіпті сезінген үйсін Құнбиі хан патшалығына хат жазып, һұндерге қарсы бірлесіп күрес жүргізу Үшін әскер жіберуін сұрайды. Ол көмек келгенше һұн әскерлері үйсін ясінің шеткері аймақтарына басын кіріп, талан-тараж жүргізеді. Осы кезде (б. з. б. 49 жылы) солтүстік тәңірқұты Шөже әскерлерін бастап үйсін жеріне килігіп, оны өзіне қосып алуға әрекеттенеді, ол Үшін Таластың бойында бекініс жасайды. Үйсіндердің батысындағы қаңлылардың билерімен бірігіп, жорыққа аттанады. Сөйтіп үйсін мемлекетінің астанасы Чигу қаласын басып алады. Ол енді осы өңірдің батысындағы елдерге де қауіп төндіреді, олар жауға қарсы жорыққа шығады. Үйсін әскерлері де шабуыл жасайды. Шайқастардың бірінде Шөже тәңірқұты елтіріледі. һұндардың бір бөлігі батысқа қарай ығысады, басқа бір бөлегі жергілікті турғындармен араласып, сіңісіп кетеді . . .
Осы оқиға жайындағы деректер белгілі ғұлама ғалым, тарихшы Л. Н. Гумилевтың «Талас қырғыны» [11] атты еңбегінде кездеседі. Оның айтуынша, Таразға дейін қала Талас аталған. Ол былай болған көрінеді. Қаңлылардың билеушісі Чжи-Чжи үйсінмен қытай мемлекеттеріне қарсы күресте өзіне одақтас тауып алу мақсатымен Талас өңірін мекендейді. Бірақ одақтастар бір-бірімен тіл табыса алмайды. Қаңлы князінің ставкасынан қуылған Чжи-Чжи әскерлерін бастап Талас өзені батыс жағасындағы бекінуге ьщғайлы жерге келеді де қамал салуға кіріседі, оны өзен атымен Та-ло-се деп атайды.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауьша карағанда, қаланы турғызуға жергілікті халықтан 500-ге жуық адам қатысқан. Кұрылыс фергонилік (ферғаналық) және Парфилік шеберлердің басшылығымен жүргізілген. Қаланы салуда Рим мен грек құрылысшыларының көмегі аз болмаған, оған 100-ден аса римдік жаяу әскер қатысқан. Қала екі жылда бой көтерді. Ол сол кездегі дәстүр бойынша VIII бөліктен, ішкі қамал, шахристан және рабадтап (қаланың қолөнер-сауда шеті) түрған. Ең алдымен қаланың орталығы - Замок салынды, ол біртіндеп билеушінің сарайы орналасқан кіші қамалға айналған. Ішкі қамал және Шахристанға іргелес ал қаланың бұрыштары мен айнала шеті мұнаралы дуалмен қоршалған. Ол сэл көтеріңкі тік бұрышты алаң бітімдес болған. Оларды жергілікті халық «төрткүл», «төрт бұрыш». «қора» деп атаған. Қала маңындағы тұрғындардың егістігі де дуалмен қоршалады.
Аталмыш «Талас қырғыны» еңбегінің авторы қала жоғары Талас бойында салынған деп көрсетеді. Оны Тараз деуге боларлықтай басқа да болжам деректер баршылық.
Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұлан: «Абель Рамоди, Шаванье Де-Грата, Бартольд В. В. және басқа да зерттеушілердің еңбегіне сүйенсек, біздің заманымызға дейнгі II - III ғасырларда Талас өңірінде мұнарасы, сарайлары бар Талас - қаласы салынған» - деп жазады. Осы қаланың тарихың көп жылдар бойы зерттеген Т. Н. Сенигова « . . . қала біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында үлкен қоныс орны болған» [12] деп тұжырым жасайды.
«Үлкен хань әулетінің тарихы» деген Қытай жылнамасында [13] біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші ғасырдың орта кезінде салынған деген деректерді кездестіреміз.
Іле, Шу өзендерінің алқабында ежелгі заманда-ақ бой түзеген қалалар сияқты Таразда, тек сауда орталығы ғана емес, сонымен қатар үлкен стратегиялық маңызға ие болған. Қала ірі феодал шонжарлардың ордасы негізінде және тұрақты қыстау ретінде қалыптасты. Мұнда егіншілікпен қатар қолөнер мен сауда, сондай-ақ құрылыс дамыды.
Тараз шаһары зерттеуші археолог ғалымдардың айтуына қарағанда қазіргі «Көкбазардың (орталық «Әулиеата» базарының) астында жатыр. Өз заманыңда оның, аса ірі қала болғаны еуропалық, қытайлық, арабтық жиһанкез, саяхатшылардың жолжазбаларында айтылады. Біздің жыл санауымыздың басында-ақ Тараздың феодалдық ақсүйектердің (қағандардың, бектердің) ордасы ретіндегі елді мекен екені мәлім. VI ғасырдың басында Түрік қағаныңа жіберген Византия императорының елшісі Истема (Дизабула) Земарх өзінің жолкүнделігінде қаланы және оның тұрған жерін жан-жақты көрсетеді. Бұл кезде қала Тараз аталған. Шу мен Таластың аралығы климаты біршама жұмсақ, жері құнарлы, жайылымдық мол болғандықтан көшпелі, сондай-ақ отырықшы халық осы өңірді иеленуге құштар болған.
Феодалдық ақсүйектер жылдан-жылға малына ыңғайлы белгілі бір жерге келіп қыстайтын. Феодалдарға тәуелді халық біртіндеп қағандар мен бектер қамалдарының маңына келіп қоныстанып, егіншілікпен айналысатын. Қауіп- қатер төнген жағдайда олар қамалдың ішіне кіріп, оны қорғауға- қатысатын. Тараз келе-келе Талас өңіріндегі аса маңызды мәдени және экономикалық орталыққа айналады. Византияның елшісі атақты «Жібек сауда жолының» жан-жаққа тарайтын жеріне орналасқан Таразды айтарлықтай ірі қала деп көрсетеді.
629 жылы Тараз арқылы батысқа саяхат кұрған қытайлық будда монахы Сюань Цзань осы қаланы былайша сипаттап жазады: «Бұл үлкен сауда орталығы екен, айналасы 8 - 9 ли келеді (ли - қытайлық ұзындық өлшемі, 576 м), түрлі мемлекеттерден көпестер осы қалаға ағылып келіп- кетіп жатады екен».
IV ғасырда Байкалдан Балканға дейінгі аралықта Түрік қағанатының үстемдік құрғаны тарихтан белгілі. Кейін ол «шығыс қағандығы» және «батыс кағандығы» болып екіге бөлінеді. Тараз және оның төңірегі Батыс Түрік қағандығының құрамына енеді. VI ғасырдың екінші жартысында Батыс Түрік қағанаты Қытай, Парсы, Византия, Үнді, Ежелгі Русь сияқты сол кездегі аса қуатты мемлекеттердің өзара саяси және экономикалық байланыстарының ықпалында болды. Олардың арасында Батыс түрік қағанатының жерін басып өтетің трансқұрлықтық сауда жолына өз үстемдігін орнату үшін өзара құрес жүріп жатты, ежелгі түркілерді өздерінің одақтасы етуге ұмтылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz