Сөзді айта білу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық эканомикаға ойдағыдай бірігу тілі.

Қазіргі өмір талабы - оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік - эканомикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде.

Осыған орай, ағылшын тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір - бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор.

Ағылшын тілін үйрену арқылы оқушылар білім деңгейін көтеріп, өз халқы мен басқада халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пікірі қалыптасады, түрлі елдер мәдениетін үйренеді.

Грамматикадан берілетін мағлұматтарды бекітіп сауатты жазуға дағдыландыру үшін түрлі жаттығу жұмыстарын мен және де ағылшын әліпбиін дұрыс білу, дыбыстардың айтылу түрлерін, оның фонетикасын дұрыс айта білу, орфаграфиясын, орфаэпиясын білу, сұрақтарға жауап беру, түрлі диктант, шығарма, мазмұндама жұмыстары жүргізіледі.

Грамматиканы оқытудағы басты міндет сол грамматикалық құбылыстарды сөз әрекетінің әр түрінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырып, одан әрі дамыту болғандықтан, шетел тілін оқытуда грамматикалық материалды бекітуге арналған жаттығулар жетекші орын алады. Грамматикалық дағдыларды қалыптастырудағы басты қиындық тілдің жекелеген фактілерін есте сақтап қалуда емес, сол фактілерді қолдануда.

ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес мектеп оқушылары бүгінгі заманда және келешекте қол жетімді табысқа жетуі үшін, бұрынғыдан да анағұрлым дағдыларды меңгеруін қажет етеді. Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі өзгерістердің бірі-жаңартылған білім беру мазмұнына көшу болып табылады және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде. Сабақ - мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетілігіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласында шет қала алмайды.

Мен машық кезінде жаңартылған білім беру мазмұнына сай шет тілі пәнінің мазмұнына сәйкес «Грамматикалық жаттығулар» бөлімін оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу мен тиімділігін анықтау мақсатында курстық жұмыстың тақырыбын: «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында «шет тілінде грамматикалық жаттығуларды үйрету» бөлімін оқыту әдістемесі» - деп алуды жөн санадым.

Зерттеу нысаны: шет тілі пәні бойынша оқушыларды жазуға үйрету, сөздік қорларын молайту, грамматикалық жаттығулардың түрлерін, әдіс тәсілдерін үйрету.

Зерттеу пәні: жазуға үйретудегі грамматикалық жаттығулардың түрлері және оларды үйрету.

Зерттеудің мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұныны сай шет тілі пәнінің «грамматикалық жаттығулар» бөлімін орта сыныпта оқытудың тиімділігін арттырып, сондай - ақ жазудың әдіс - тәсілдерін және мүмкіндіктерін теориялық, практикалық тұрғыдан анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Орта сыныптағы шет тілі пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, оңдағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарын анықтау;
  • Шет тілі пәні бойынша «Грамматикалық жаттығулар» бөлімін жазуға үйретудегі әдіс - тәсілдерді зерттеу;
  • Шет тілі пәні бойынша «Грамматикалық жаттығулар» бөлімін оқытудағы тиімді әдіс - тәсілдерді ұсыну.

Зерттеу болжамы: егер, орта сыныпта жаңартылған білім беру мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдер анықталып, кеңінен қолданылса, онда оқушыларға «Грамматикалық жаттығулар» бөлімінің мазмұнын меңгеру жеңіл болар еді.

Теориялық жаңалығы: білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кірістіруге бағытталған оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейлерін арттыру жағдайы қарастырылады.

Практикаға пайдасы: курстық жұмысты жазу барысында педагогикалық әдебиеттер мен көптеген ақпараттық жаңа технологияларға жасалғанына шолу, талдау жұмыстарының қорытындысы білім процесінде қолдануға, теориялық білімді толықтыруға зор ықпал етеді.

Зерттеу әдістері :

Зерттеу әдістері теориялық және практикалық деп екіге бөлінеді.

  1. Теориялық әдістер: талдау, жинақтау, нақтылау, салыстыру, жіктеу.
  2. Практиканы зерттеу үшін қолданылатын әдістер: бақылау, әңгіме, өзіне - өзі баға беру, педагогикалық тәжірибені зерттеу, педагогикалық тәжірибе жүргізу, эксперимент жасау.

Зерттеудің дерек көздері: шет тілі пәнінен жаңартылған білім беру бағдарламасы, 5-9 сыныптардың шет тілі оқулықтары, ғалымдардың еңбектері, интернет көздері.

Зерттеу базасы: Ғ. Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы

1-БӨЛІМ. ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

1. 1. Шет тілін оқытудың тиімді жолдары

Ағылшын тілін толық меңгеру үшін алдымен ағылшын тілінің грамматикасын білу қажет. Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы - лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі - фонетика саласында, сөздердің формалары - морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем - синтаксис саласында қарастырылады.

Грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі. Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі.

Сөздердің грамматикалық мағынасымeн грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, Beautiful, good, bad деген сөздер заттың сапасын, соған тән бөлігін білдіреді. Грамматикалық жағынан қарағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдары білдіреді де, сын есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарын арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап айқындай түсетіндей әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың методикасы белгілейді. Мұнда грамматиканың методикасы психология ғылымының деректеріне сүйенеді.

Дидактика талабының бірі - оқытудың саналығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.

Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамассыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамаларды, ережелерді балалардың есінде сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Түсінбей, ұғынбай, құр механикалық жаттап алған нәрсе ұзақ сақталмайды және оны практикада қолдана алмайды. Ендеше ол іске аспайтын құрғақ пайдасы шамалы білім болып қалады.

Дидактиканың күрделі бір шарты мектептегі оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығы. Заттар мен құбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттармен байланыстырып қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен құбылыстардың жүйесінде қарастырған жөн. Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан- жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады.

Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады. Күрделі жүмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәселдерін көрсетеді. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.

Материалды түсіндіруде мұғалім өткізіліп отырған құбылысты, мәнді белгілері анық, жүйелі ашып, көрсетуге тырысады. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер: table, zoo, door, blackboard) беріліп бақылау әріптеріне басшылық ете отырып, бірте-бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруына жағдай жасайды. Мұнда мұғалім бұрыннан алған білімдерді қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т. с. с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материялға белсенді араластырып отырады.

Өздігінен жұмыс істеу тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы: мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытындылауға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Негізінде ағылшын тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығыда оқушыларға өздігінен жұмыс жасатуды көздейді.

Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік және дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда) тіл құбылыстарын жеке-жеке тусіндіріп, соған жалпы қорытынды шығартады, бұл жолдан қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал екінші жағдайда (дедуктивтік әдісте) анықтаманы не ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материялға қолдану (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе текстті талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс.

Ағылшын тілі сабағының қай-қайсысында болмасын үй тапсырмасын тексеру, бұрын оқылған материалды қайталау, жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатын айту және жаңа материалды түсіндіру, алуан түрлі жаттығу жұмыстарын, оқушылардың өз беттерімен орындайтын жаттығулары, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту деген сияқты жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай түрі біріккен сабақ деп аталады. Сабақтың кең тараған түрі осы біріккен сабақ болғандықтан тоқталып кетейік.

Біріккен сабақтың әр бөлігі өзара ұжымдасып, қабысып, жүйелі бір тұтас сабақ болып өтеді. Мұғлім сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді, сабаққа қажетті материал алдын -ала іріктеліп жан-жақты толық дайындалады, сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады.

Жаңа материал мұғалімнің түсіндіру әдісі арқылы да, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле береді. Әңгімелесу барысында сұрақ-жауап қолданылады.

Жаңа материал оқушылардың санасына байқау, түсіндіру, грамматикалық талдау, кітапты пайдалану, әңгіме т. с. с әдістер арқылы жеткізіледі. Бұл әдістердің қашан қолданылатыны материалдың ерекшелігіне, көлеміне және сабақтың мақсатына байланысты. Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді. Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір үлкен тақырыпты аяқтаған кездерде оқушылардың өтілген материалдардан алған білімі мен дағдысын есепке алу сабағы жүргізіледі. Бұл сабақтар, бір жағынан оқушылардың білімін тексеруді көздесе, екінші жағынан, өтілген материалды қайталау, қорытындылау мақсатында ұйымдастырылады. Мұнда оқушылардың алған білімі мен дағдысы және шеберлігі ауызша да, жазбаша да тексеріледі.

1. 2. Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор.

Грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгенмен, жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын жаттығу әдістерін білуге тиіс. Грамматикалық жаттығулар фонетикалық, морфологиялық, синтаксистіқ және лексикалық болып бөлінеді.

Фонетикалық жаттығулардың міндеті - балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

Морфологиялық жаттығулардың мақсаты -тілдің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: тексттегі қойылған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен тексттерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.

Лексикалық жаттығулармен жұмыс істеген кезде балалар әдетте сөздіктерді пайдаланады. Олар көптеген тексттерді аударады және де басқа жаттығулар орындайды.

Грамматикалық дағдыны қалыптастыруда көрнекі құралдардың алатын орны зор. Мұғалімнің оқыту үдерісіндегі міндеті - балалардың анық естіп, қабылдауы мен сөйлеу қабілетін дамыту. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сөйлегенін естіп, қабылдайды.

Ендеше «көрнекілік» деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі жазуды қамтиды. Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптер немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады, асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі. Кейбір сөздердің айтылуы бірдей ал аудармасы және жазылуы әр түрлі болады. Оқушылар таблицаға қарап, соған ұқсас және ұқсас емес құбылыстарды салыстырып, олардың ара қатынастарын анықтай алатындай болуға тиіс, өздерінің бақылағандарынан қорытынды шығарып, белгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет.

Көрнекі құрал ретінде қандай да болмасын грамматикалық және орфографиялық құбылыстарды көрсететін схемалар да қолданылады. Мысалы:

full

Useless

еd

Мұнда оқушылар жұрнақтардың: 1) алуан түрлі болатындығы, 2) түбірден кейін тұратындығымен, 3) жаңа сөз жасайтын қасиетімен танысады.

Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынандай талаптарды ескеруге тиіс:

1) таблицаларда грамматикалық материал шамадан тыс көп берілмеуі керек.

2) оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды, сондай-ақ тексттерді таблицаларға берудің қажеті жоқ.

3) таблицаларда қажетті тұлғада берілген сөздерден басқа, іріктеп алынған мысалдар беруге болады.

4) таблицаның көмегімен үйретілетін сөз, буын, әріп таблицада бөлініп, ұқсастықтары немесе ерекшеліктері басқа бір элементпен салыстырыла, көрсетілуге тиіс.

5) оқылып отырған грамматикалық немесе орфографиялық құбылыс таблица мазмұнында тасадан қалып қоймауы жағына мұқият назар аударған жөн.

6) әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің көптеген тәсілдерін қолдана беруге болады. Мысалы сөз құрамын дефиспен бөлу, астын сызу, басқа түспен, басқа шрифттімен көрсету.

Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану қажет. Ол үшін сабаққа алдын ала жүйелі жоспар жасалады, түрлі керекті жабдықтар дайындалады.

2-БӨЛІМ. ШЕТ ТІЛІНДЕ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ

Г рамматикадан берілетін мағлұматтарды бекітіп сауатты жазуға дағдыландыру үшін түрлі жаттығу жұмыстары , ағылшын әліпбиін дұрыс білу, дыбыстардың айтылу түрлерін, оның фонетикасын дұрыс айта білу, орфографиясын, орфоэпиясын білу, сұрақтарға жауап беру, жұрнақтары көрсетілмей берілгенің дұрыс жазу, тірек сөздерден сөйлем құру, түрлі диктант, мазмұндама, шағын шығарма оқыту жұмыстары жүргізіледі.

Дайындық

Тілдік

Қағидалары

Жазу - ағылшын тілін оқытудағы қиын және маңызды іскерлік, жазу арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі әріптерді, дыбыстарды қолдануға үйренеді, сөз қорын кеңейтеді, сөйлеу, оқу, тыңдау, түсіну іскерліктерін дамытады. Жазу іскерлігіне каллиграфия, орфография және шығарма кіреді. Жазу өте қиын іскерлік болғандықтан, оны төмендегі біліктерді дамыту арқылы үйрету керек:

  1. Ағылшын әріптерін жаза алу біліктілігі;
  2. Дыбыстарды әріптерге немесе әріптер қосындыларына өзгерте алу біліктілігі;
  3. Сөздердің, фразалардың, сөйлемдердің орфографиясын түзей алу біліктілігі;
  4. Өздерінің ойларын жеткізу үшін әртүрлі жаттығулар жасай алу біліктілігі.

Төмендегідей факторлар жазу біліктілігін дамытуға өте қажет:

  1. Дыбысты, сөзді, фразаны немесе сөйлемді тыңдау арқылы қабылдау;
  2. Жазылып жатқан дыбыстың, сөздің, фразаның және сөйлемнің айтылу жолдарын /артикуляция/ білу;
  3. Айтылып жатқан әріптерді, әріп қосындыларын көзге елестете алу;
  4. Жазу әрекетіндегі қол бұлшық етінің жұмысы.

Сонымен, жазуға көз, құлақ, бұлшық ет, қолдың бұлшық еті, тіл, көмей қатысады. Ақтық маңызды факторлардың бірі - дұрыс жазудың қалыптасуы үшін керекті ережелерді білу.

Жазуға үйретуде кездесетін кейбір қиыншылықтар.

Ағылшын тіліндегі a, o, e, p, m, d, x, t, h әріптерін жазу мемлекеттік тілде оқытылатын балаларға қиын емес, себебі бұл әріптер мемлекеттік тілде кездеседі. Ал, s, r, l, g, f, q сияқты әріптер таныс емес болып көрінеді. Сондықтан, сабақ үстінде бұл әріптерді дұрыс жазғызу үшін көп жаттығулар жасау керек.

Оқушылардың ағылшын сөздерін қолды үзбей бір-біріне тіркестіріп жазуы қиын, сондықтан кішкентай әріптерді қолын алмай жазғызу үшін көп жаттығу керек.

Мемлекеттік тілде оқытылатын балаларға ағылшын орфографиясы көп қиыншылық келтіреді.

Әртүрлі сөздердегі әртүрлі әріптердің немесе әріптер қосындыларының оқылуы кейде бірдей болады:

Eye - I

Road - rode

Write - right

Tale - tail

Әріптердің көбі кейбір сөздерден оқылады, ал кейбір сөздерде оқылмайды.

Build - suit

Laugh - brought

Help - hour

Ағылшын тіліндегі әріптердің айтылуы мен орфографиясының сәйкес келмеуінің себебі ағылшын тілінде әріптерден көрі дыбыстар көп, 26 дауысты дыбыс және 6 дауысты әріп бар. Сондықтан busy, daughter, language, beautiful, foreign деген қиын сөздерге назар аудару керек. Ағылшын орфографиясын білу үшін, оның заңдылықтарын жақсы білу қажет. Оқушылар мыналарды білуі тиіс:

  1. У әрпіне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдарын:

Day - days

Stay - stays

Бірақ: city - cities, study - studies дауыстыларға «ed» жалғанады

Play - played

Carry - carried

Дауыстыларға ing жалғау:

Write - writing

Dig - digging

Play - playing

Stand - standing

Сын есімнің шырайларының жалғаулары: er, est:

Clean - cleaner - the cleanest

Large - larger - the largest

  1. Дауыссыздың қосарлану жолдары:

Sit - sitting

Thin - thinner

Swim - swimmer

  1. Негізгі сөз құрайтын жұрнақтар:

«Ful», «less», «use», «useful», «useless»

Шығарма хат арқылы өз ойларын жеткізу балаларға қиын, себебі оқушылар дұрыс сөздерді, грамматикалық формаларды табуда көп қиналады.

Жазуға үйрету. Шет тілін үйретудегі өте маңызды және күрделі жұмыстардың бірі - жазу.

Ағылшын тілін жазуға үйрену дегеніміз - сол тілдің әріптік және дыбыстық жүйесін білу, оны сөйлей, айта, қолдана білу. Жазу каллиграфиядан, орфографиядан және шығарма жаза білуден тұрады. Жазуды үйрену мынадай дағдыларды білуден тұрады:

  1. Алғашқы алфавиттің әрпін жаза білу дағдысы
  2. Дыбыстарды жаза білу дағдысы
  3. Сөз және сөйлемдер орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы.
  4. Әртүрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы

Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:

  1. Сөзді тыңдай білу
  2. Сөзді айта білу
  3. Көру факторы
  4. Қолдын саусақтарын дұрыс пайдалану

Сонымен жазу процессінде адамның сезіну мүшелері - көз, құлақ, тіл, сөйлеу мүшелері қатысады.

Жазуға үйретудің жолдары. Оқушыларды шет тілінде әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді жазуға үйрету үшін көп жаттықтыру, жақсы үлгілермен таныстыру керек.

Каллиграфияға оқытудың кезеңдері:

  1. Мұғалім балаларға карточкада жазылған үлкен және кішкентай әріпті көрсетеді.

Мысалы: Bb

Карточканың бірінші бетінде әріптер жазылған болса, екінші жағында сөздер жазылады.

Мысалы: Bb - Bed, book.

  1. Мұғалім тақтаға сөзді жазып көрсетіп, қиын жерлерінің жазылуын түсіндіреді. Мысалы, Q әрпін қолды қағаздан айырмай жазу керек, тек құйрығын жазғанда ғана қолды қағаздан айыруға болады, «r» әрпін жазғанда оны «v» әрпімен ұқсастырмау керек, «b» мен «d», «p» мен «q» әріптерін шатыстырмау керек екенің түсіндіріп, мұғалім осы әріптері бар сөздерді жазады.

Әріптерді, сөздерді жазғанда мұғалім өзінің әр қимылын түсіндіруі керек, ал балалар сол қимылдарды бірінші ауада, содан кейін дәптерлерінде қайталайды.

  1. Мұғалім балалардан әріптерді, сөздерді жазуды талап етеді, ал өзі әр балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазу қабілетін дамыту үшін бала үйде де әріптерді, сөздерді жазуға жаттығады.

Оқушыларды таза, жақсы жазуға үйрету үшін мұғалім өзі жақсы жаза алуы керек. Тақтадағы көрнекі құралдар да өте жақсы талапқа сай жазылуы керек.

Орфография, қатесіз жазу, әріптерге бөліп жазу. Жазуға үйрету және орфографияда кездесетін қиыншылықтарды жою үшін мұғалім төмендегідей жаттығуларды жасата алады:

  1. Көшіру

а) ұқсас сөздер: room - spoon - moon

ә) естілуі ұқсас жазылуы әртүрлі сөздер:

Two - too

Sea - see

One - won

Оқушылар бұл сөздерді жазғанда оның құрамындағы әріптерді атауы керек. Ережеге бағынбайтын сөздерге көп көңіл бөлу керек:

Sure; usual; clerk; soldier.

Оқушыларды таныс фразаларды, сөйлемдерді көшіру арқылы жазуға үйретуге болады.

  1. Диктант - жаттығудың қиындау түрі. Диктанттың мынадай түрлері бар:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін жаңылтпаштар айтуда тілін дамыту
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі
Балалар тілін дамыту әдістемесі
Шет тілі лексикасының ерекшеліктерін ашып көрсету
Бастауыш мектеп оқушыларының сөз жаттау
Сөйлеудің басты түрі монолог түріндегі сөйлеу
Монолог пен ауызша
Сөйлеудің онтогенез бен филогенездегі дамуы.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда сөйлеу мәдениетінің атқаратын ролі
Жазбаша сөз сөйлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz