Электронды сөздік және қағаз сөздіктердің салыстырмалы мінездемесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Нұрданбек М.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Араб, латын және кирилл графикасы негізінде қазақша- қытайша электрондық сөздік жасау

5В060200 - Информатика мамандығы

Нұр-Сұлтан 2019
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қорғауға жіберілді
Информатика және ақпараттық қауіпсіздік
кафедрасының меңгерушісі
________________________
т.ғ.к., доцент Сагиндыков К.М.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Араб, латын және кирилл графикасы негізінде қазақша- қытайша электрондық сөздік жасау

5В060200 - Информатика мамандығы

Орындаған: Нұрданбек М.

Ғылыми жетекші,PhD Муканова А.С.

Нұр-Сұлтан 2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ақпараттық технологиялар факультеті
Мамандығы 5В060200 - Информатика
Информатика және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасы

Бекітемін
Информатика және ақпараттық
қауіпсіздік кафедрасының
меңгерушісі т.ғ.к., доцент.,
Сагиндыков К.М.______________
__________ 2018 ж.

Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА

Студент Нұрданбек Мақпал 4 курс, ИНФ-43, 5В060200 - Информатика мамандығы, күндізгі бөлім.

1. Дипломдық жұмысының тақырыбы Араб, латын және кирилл графикасы негізінде қазақша- қытайша электрондық сөздік жасау 2018 жылдың __ _______ берілген № _____ ректордың бұйрығымен бекітілген.
2. Диплом жұмысының тапсырмасына сәйкес:
Есеп берудің бірінші аралық кезеңі -
Есеп берудің екінші аралық кезеңі -
Есеп берудің үшінші аралық кезеңі -
Алдын-ала қорғауға дипломдық жұмысты әкелу мерзімі -
Норма бақылау тексерісі -
Дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын әкелу мерзімі -
Дипломдық жұмысты қорғау мерзімі -
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі -
3. Жұмыстың бастапқы деректері:
4. Диплом жұмысын дайындау үшін сұрақтар тізімі:
4.1 Электронды және қағаз сөздіктер туралы әдебиеттерді қарастырып, диплом тақырыбына сәйкес зерттеу және талдау;
4.2 Әзірленетін электронды сөздік архитектурасын құру;
4.3 Үш графикаға негізделген электронды сөздіктің сөздіктер базасын құру;
4.4 Араб, латын және кирилл графикалары негізінде жасалатын қазақша- қытайша электронды сөздіктің пайдаланушы интерфейсін жасау;

4.5 Үш графика негізінде электронды сөздікті құру.
5. Графикалық материалдардың тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және тағы басқалары): 28 сурет және 2 кесте.
6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
6.1 Пфаффенбергер HTML, XHTML и CSS. Библия пользователя Пфаффенбергер и др. - М.: Вильямс; Издание 3-е, 2015. - 752 c.
6.2 Ташков, Петр Веб-мастеринг HTML, CSS, JavaScript, PHP, CMS, AJAX, раскрутка Петр Ташков. - М.: Книга по Требованию, 2014. - 512 c.
6.3 Титтел, Эд HTML, XHTML и CSS для чайников Эд Титтел , Джефф Ноубл. - М.: Диалектика, 2013. - 400 c.
6.4 Титтел, Эд HTML, XHTML и CSS для чайников Эд Титтел , Джефф Ноубл. - М.: Диалектика, 2013. - 400 c.
6.5 Советов, Б.Я. Базы данных: теория и практика: Учебник для бакалавров Б.Я. Советов, В.В. Цехановский, В.Д. Чертовской. - М.: Юрайт, 2013. - 463 c.
6.6 Andy, Harris HTML, XHTML and CSS All - In - One For Dummies(R) Andy Harris. -Москва: Наука, 2014.- 173 c.
6.7 Кантышева, Н. Г. Гипермедиальные структурные элементы представления специальных знаний в компьютерной лексикографии Н. Г. Кантышева Вестник Челябинского государственного университета. Сер. Филология. Искусствоведение. - 2012. - Вып. 71. - № 32 (286). - С. 47 - 50.
6.8 Убоженко, Е. В. Бумажный и электронный словарь: достоинства и недостатки Е. В. Убоженко Новые технологии преподавания русского языка в школе и вузе. - Минск : Издво БГУ, 2011. - С. 181.
7. Жұмысқа қатысты кеңестер (оларға қатысты жұмыс бөлімдерінің көрсетілуімен)

Нөмір, бөлімнің, бөлімшенің аты
Ғылыми жетекші, кеңесші
Тапсырма-ны алу уақыты
Тапсырма бердім
(қолы)
Тапсыр-ма
алдым
(қолы)
Кіріспе
Муканова А.С

Негізгі бөлім
Муканова А.С

Практикалық бөлім
Муканова А.С

Дипломдық жұмыстың техникалық - экономикалық негіздеме бөлімі
Муканова А.С

Еңбекті қорғау бөлімі
Муканова А.С

Қорытынды
Муканова А.С

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Муканова А.С

Нормабақылау
Сагиндыков К.М.

8. Дипломдық жұмысты орындау графигі


Жұмыс сатысы
Жұмыс сатысын орындау мерзімі
Ескерту
1
Дипломдық жұмыстың тақырыбын бекіту

2
Дипломдық жұмысты дайындау үшін мәліметтер жинау

3
Дипломдық жұмыстың теориялық бөлігін дайындау (1- Бөлім)

4
Дипломдық жұмыстың аналитикалық бөлігін дайындау (2-3 Бөлім)

5
Дипломдық жұмыстың толық мәтінінің қолжазбалық нұсқасын аяқтау

6
Алдын-ала қорғауға дипломдық жұмысты әкелу

7
Рецензияға дипломдық жұмысты жіберу

8
Ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензиясы бар дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын әкелу

9
Дипломдық жұмысты қорғау

Тапсырманың берілген мерзімі ___ _________ 2018 жыл

Ғылыми жетекшісі ___________________ Муканова А.С.

Тапсырманы орындаған __________________ Нұрданбек М.
ИНФ-43 тобы студенті

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 8
1 Сөздіктер және олардың қолданылуы 10
1.1 Электронды сөздік және қағаз сөздіктердің салыстырмалы мінездемесі 12
1.1.1 Қазақша аударма жасауға мүмкіндік беретін электронды аудармашылар 16
1.1.2 Қазақша- қытайша, қытайша- қазақша аударма жасайтын сөздіктер 17
2 Программалық құралдарға шолу 20
2.1 HTML гипермәтіндік белгілеу тілі 21
2.2 PHP программалау тілі 23
2.2.1 Математикалық операциялар 25
2.1.2 Деректер типтері 26
2.3 SQL сұраныстардың құрылымдық тілі 27
2.3.1 SQL тілінің негізгі синтаксисі 28
2.3.2 SQL тіліндегі деректер типі 29
2.3.3 Кесте құру 30
2.3.4 Кесте модификациясы 31
2.3.5 Кестеге жол қосу 32
2.3.6 Кестеден мәліметтер таңдау 33
3 Араб, латын, кирилл графикасы негізінде қазақша-қытайша сөздік құру 34
3.1 Қазақша-қытайша электронды сөздіктің архитектурасы 35
3.2 Қазақша-қытайша сөздіктің сөздік қорын құру 36
3.3 Қазақша-қытайша сөздіктің интерфейсі 38
Қорытынды 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 44
Қосымша А 46

Кіріспе

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері қызметтің түрлі саласындағы адам мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру резерві негізінен әртүрлі ақпаратты құрудан, таратудан және пайдаланудан тұратын зияткерлік процестерін автоматтандыру болып табылады. Бұл әрине, гуманитарлық ғылымға да қатысты. Қазіргі кезеңде лексикография өз дамуының жаңа кезеңін бастан кешуде. Компьютерлік, коммуникациялық және мультимедиялық технологияларды әзірлеудің арқасында электронды форматты кеңінен қолдана отырып, тілдік материалды машинамен өңдеудің ерекше тәлісдеріне негізделген жаңа лексикографикалық құралдар құру мүмкін болды.
Қазіргі әлем толықтай компьютерлік құрылғылармен жабдықталған. Әртүрлі тектегі гаджеттер, компьютерлер және айфондар мен смартфондарды жер шарындағы адамдардың дерліктей барлығы пайдаланады. Сөздіктер жаңа технологиялық талаптарға жауап бере отырып, аталған ақпараттық модельге үйлесе отырып, электрондық ортаға бейімделуі қажет. Дегенмен, заманауи лексикографикалық жанрдың электрондық нұсқада бұрыннан пайдаланып келе жатқанына қарамастан, электрондық құрылғыларда немесе интернет желісінде тасымалданғанда олар ыңғайсыздықтарды тудырады, пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келе бермейді.
Қазіргі уақытта көптеген ғылым саласында ақпараттық технологиямен байланысқан ғылым саласы ерекше қарқын алып дамып бара жатыр. Интернет және технология салаларының дамуына байланысты лексикографика саласы да жаңа бағыт бойынша даму алды. Лексикографика саласы ежелден келе жатқан ғылым саласы, алайда қазіргі уақытта аударма және шетел тілдерін меңгеруде үлкен маңызды рөл атқаратын компьютерлік лексикографика белсенді дамуда. Электронды сөздік немесе компьютерлік сөздік деп аталатын сөздіктердің жаңа түрлері кеңінен таралған.
Сөздіктің aдaм өміріндeгі орны мeн рөлі aйқын жәнe aрнaйы дәлeлдeмeні қaжeт eтпeйді. Eкінші жәнe үшінші мыңжылдықтaр тоғысындaғы тілaрaлық жәнe мәдeниeт aрaлық бaйлaныстaрды қaрқындaту контeкстіндeгі лeксикогрaфикa мәсeлeлeрінe дeгeн қызығушылықты aрттыру үшін лeксикогрaфикaлық тeория мeн прaктикaның жaңa дeңгeйгe көшуі үшін тeхникaлық мүмкіндіктeрді aрыттыру aрқылы қоғaмының eрeкшe қaжeттілігінің пaйдa болуынa aлып кeлды. Соңғы сөздіктeр құрaстыру бойыншa жұмысты aвтомaттaндырумeн, сонымeн қaтaр әлeмдік жeлігe қол жeткізумeн, сондaй-aқ бүгінгі күннің тaлaптaрынa жaуaп бeрeтін сөздікті пaйдaлaну бойыншa жaңa міндeттeрді қоюмeн бaйлaнысты. Қaзіргі тaңдa лeксикогрaфикa ғылымы өз дaмуының жaңa кeзeңін бaстaн өткізудe. Компьютeрлік, коммуникaциялық жәнe мультимeдиялық тeхнологиялaрдың дaмуының aрқaсындa лeксикогрaфикaлық дeрeктeрдің жaңa буынын элeктрондық формaттa кeңінeн қолдaнa отырып, тілдік мaтeриaлды мaшинaмeн өңдeудің eрeкшe әдістeрі мeн лeксикогрaфтың нәтижeлі өнімдeрінің мультимeдиялық көрінісі нeгізіндe жaсaуғa мүмкіндік туды.
Бүгінгі таңда интернет интерактивті түрде жүзеге асырылатын көп тілді ақпараттық алмасудың перспективаларын аша отырып, адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлемдік желі әртүрлі тілдегі сан алуан ақпараттарға өте бай. Дегенмен, пайдаланушылар алдында сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді аудару кедергілері кездеседі. Қазіргі таңдағы жасөспірімдер үшін қарапайым қағаз сөздіктерді пайдалану қызық емес болып қалды, оған отбасылардың басым көпшілігінде компьютерлер мен ұялы телефондардың бар болуы. Яғни, техникалық мүмкіндік бар, интернет желісі бар кезде қажетті заттың электронды онлайн түрін пайдаланған тиімді. Жасөспірімдердің басым көпшілігі онлайн аударма жүйесін пайдалану қызықты әрі қолайлы деп санайды. Сонда онлайн аударма дегеніміз не? Онлайн аударма- бұл интернет желісіне қосылған уақытта ғана қолжетімді болатын электронды сөздік.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңдағы электронды сөздіктер арасында қазақша-қытайша, қытайша - қазақша дұрыс аударма жасайтын сөздіктер тапшы болғандықтан, жүзеге асырылатын үш графикаға негізделген қазақша-қытайша сөздігі өзекті болып табылады. Себебі, бұл электронды сөздік екі тіл арасында ғана аударма жасап қоймай, сонымен қатар, кирилл, араб және латын графикаларын таңдай алу мүмкіндігіне ие болғандықтан, қажетті графиканы таңдай отырып, сөздікті қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеу пәні. Электронды сөздікті, атап айтқанда қазақша-қытайша сөздікті әзірлеу ерекшеліктері.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты: электрондық сөздіктерді құрастырудың қазіргі тәжірибесін кешенді зерттеу және қолданатын графикамыздың әртүрлілігін ескере отырып, қолданушыға ыңғайлы графиканы таңдауға мүмкіндік беретін кирилл, араб, латын графикасына негізделген қазақша-қышайша сөздік жасау.
Міндеттері:
Сөздіктер және олардың қолданылуы мен тарихына шолу жасау;
кирилл, латын, араб графикаларына негізделген қазақша-қытайша сөздіктің архитектурасы;
кирилл, латын, араб графикаларына негізделген қазақша-қытайша сөздіктің сөздік қорын жүзеге асыру
туристік сала бойынша кирилл, араб, латын графикалары негізінде электронды сөздікті құру.
Дипломдық жұмыс тақырыбын зерттеу әдіснамалары мен әдістері. Қазақша-қытайша электронды сөздіктер мен қағаз сөздіктерге шолу жасау және талдау. Зерттеу барысында келесідей мәселелерге аса мән беріледі: сөздік қорын құру әдістері, сөздік интерфейсін жасау әдістері, сапалы сөздікті жасау әдістері.
Теориялық маңыздылығы: дипломдық жұмыста электронды сөздіктің артықшылықтары жайлы және үш графика негізінде қазақша- қытайша электронды сөздік жасау қарастырылады. Теориялық бөлімде келтірілген кестелер, мысалдар, жұмыс архитектурасы, қысқа көлемдегі кодтар тақырыптың теориялық маңыздылығын арттырады.
Тәжірибелік маңыздылығы: дипломдық жұмыс нәтижесінде жүзеге асырылатын үш графикаға негізделген қазақша- қытайша электронды сөздігі практикалық тұрғыда пайдаланушыларға, соның ішінде туристік саланың қолданушыларына электронды түрде сапалы аударма жасауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, қолданушы өзіне қажетті графиканы таңдай отырып, сөздікті емін- еркін пайдалана алады. Болашақта кирилл, латын, араб графикалары негізінде жасалған сөздік, аталған саладан басқа салаларға да арналып жасалынады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша. Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыстың өзектілігі, дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері келтірілген. Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы, зерттеу әдістері мен әдіснамалары, зерттеудің пәні сипатталған.
Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде сөздіктер және олардың қолданылуы, олардың артықшылықтары және қазақша-қытайша аударма жасайтын сөздіктер жәйлі айтылған. Екінші бөлімде сөздікті жасауда пайдаланған бағдарламалау тілдері туралы жазылған. Үшінші бөлімде жасалған электронды сөздіктің артықшылықтары мен жұмыс істеу архитектурасы туралы көрсетілген.

1 Сөздіктер және олардың қолданылуы

Сөздіктің адам өмірінде қаншалықты маңызы бар екені айтпаса да түсінікті. Қазіргі уақытта компьютерлер тек бағдарламалаушылар мен инженерлер арасында ғана емес, сонымен қатар әртүрлі пайдаланушылар арасында да, соның ішінде лингвистер, аудармашылар мен шетел ақпаратын жедел көшіруді қажет ететін мамандар арасында да едәуір орын алады. Осыған байланысты электрондық сөздіктер уақытты үнемдеу және өзге тілдегі ақпаратты түсіну процесін оңтайландыру мақсатында өте ыңғайлы құрал болып табылады.
Электронды сөздік туралы айтпас бұрын машиналық аударманың қай кезде пайда болғанына тоқталып өтсек. Негізі тарихта алғашқы машиналық аударманы кім жасағаны белгісіз. Ерте заманнан бері әртүрлі халық өкілдері өз тілдерін кодтау мәселесін, олардың басқа шетелдік аймақтарда қолжетімділігін, таралуын қамтамасыз ету мәселелерін шешумен айналысқан. Машиналық аударма мәселесі египет, қытай және үнді халықтары үшін өте маңызды болды. Көптеген жылдар бойында адамдар біртұтас тіл құру идеясын ұсынбады. Бір тілден екінші тілге аударатын арнайы машина идеясын 17 ғасырда әйгілі математик Готфридом Вильгельмом Лейбниц пен Рене Декарт ұсынды. Алайда сол кездегі ғылымның жақсы дамымауы ғалымдарға тапсырманы дұрыс тұжырымдауларына мүмкіндік бермеді [1].
Осы мәселенің шешімі ретінде Чарльз Бэббидж 1836-1848 жылдар аралығында цифрлық есептеу машинасын жасады. Математик Уоррен Уивер 1947 жылы арнайы аралық тілді пайдалана отырып, мәтінді бір тілден екінші тілге аударды. Осы жыл машиналық аударманың дүниеге келуі болды. Алайда, аударма нәтижесін нақты алған уақыт 1954 жыл, яғни осы жылы ғана машиналық аударма арқылы сапалы аударма жасалынды. Мәтінді автоматты түрде аудару алғаш рет IBM-70 машинасымен жасалған. Бұл бағдарлама алты грамматикалық ережеден, сөздік қоры 250 сөзден тұрды және тек ғана 49 сөйлемді аудара алды.
Алғашқы жетістіктер мамандарды қатты таң қалдырды. Бірнеше әлемдік жобалар жасалды. Бірақ бұл жұмыстарды жасау оңай болмады. 1960 жылдарда барлық жобалар болашағы жоқ деп танылып, жобаны жасау тоқтатылды. Бірақ бұл мәселе әрқашан қызығушылық тудыратын және 80 жылдары қайта өзектілікке ие болды. Халықаралық алмасу жағдайда ірі электронды сөздіктер жасалынып, жаппай қолданысқа ие болды.
90-шы жылдар машиналық аударманың қайта өрлеу дәуірі болды. Дербес компьютерлердің жасалынуы, интернет пен жергілікті желілердің пайда болуы машиналық аудармаға деген қызығушылықтың қарқынды өсуіне себеп болды [2].
Сөздік күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста тілдесу құралы, ал тереңінен алып қарасақ сөздік басқа ұлттың мәдениетімен, тарихымен және тұрмыс-тіршілігімен танысуда зор рөл атқаратын дәнекер сияқты. Ақпараттық технологиялардың жылдам дамуына байланысты сөздіктердің форматы пайдаланушыға барынша ыңғайлы және жұмыс істеу сапасы жоғарылады. Бұл өзгерістен қазақ тіліндегі сөздіктер де қалыс қалып отырған жоқ. XVIII ғасырда жарық көрген қазақ сөздіктері дәптерлер мен парақтарға жазылса, XIX ғасырда шыққан сөздіктер шағын кітапша ретінде, XX ғасырдағы сөздіктер том-том қалың көлемдегі кітап түрінде шықса, ал қазіргі ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры болғандықтан сөздіктің электрондық онлайн, офлайн нұсқаларының жасалуымен ерекшеленеді. Ғаламтор желісінің кең таралуы сөздіктердің жаңа түрлерінің пайда болуына әсерін тигізіп, тіларалық, мәдениетаралық байланыстар етек алып, күшейе түсті. Осы мәселелер өз кезегінде лексикография мәселелеріне деген қызығушылықты арттыра түсті.
Техникалық мүмкіндіктердің кеңейе бастағанына байланысты қоғамның қажеттілігі де арта бастады, осының негізінде лексикография теориясы мен тәжірибесі жаңа деңгейге көтеріліп, қазақ тілінің қолданыс кеңістігі арта түсуде. Егер белгілі бір тілдің сөздігі немесе сол тіл туралы ақпарат ғаламторға енбеген болса, онда ол тілді толыққанды өмір сүріп жатыр деудің өзі қиын. Демек, ғаламтор кеңістігінде белгілі бір тілдің орын алуы сол тілдің өміршеңдігі мен қажеттілігін көрсетеді. Бұл сөздік жасауды автоматтандыру жұмыстары ғаламдық жүйеге енумен тығыз байланысты. Бүгінгі күннің талаптарына сәйкес сөздік жасаудың алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Қазақ тілінің сапалы электрондық сөздіктерін жасау және оларды кешенді тұрғыдан зерттеу күн тәртібінде тұрған міндеттердің бірі.
Ғылыми-техникалық дамудың жетістігі әртүрлі қызмет саласында адам мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру зияткерлік үдерісті автоматтандыруға, ең бастысы түрлі сипаттағы ақпараттарды жасау мен таратуға, пайдалануға негізделеді.
Электрондық сөздіктердің артық - шылықтарына: сөзтізбенің кең көлемі, ақпаратты іздеудің жылдамдығы мен ыңғайлылығы, сөздің дыбыстық және графикалық суреті (иллюстрация), сөз жайында мәліметтердің толығуы мен жаңару мүмкіндігі, сөз мағынасын жан-жақты ашу мүмкіндігі, т.б. жатқызуға болады [3].
Қазақ тілінің электрондық лексикографиялық ресурстары негізінен екітілдік, үштілдік аударма сөздіктерден және энциклопедиялық сөздік пен электрондық сөздік бағдарламаларынан тұрады. Бұлар электрондық сөздіктердің алғашқы бастамасы болғандықтан кемшілік, қателіктерден ада емес. Қазақ тілінің өркен жаюы үшін олардың сапасын арттыру мақсатында қолдау жасау қажеттігі туындайды. Бұл салада бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын бағдарлама жасаушылар, web-мастерлер, дизайнерлер мен электронды сөздікті жасауға қатысқан редактор, тілшілердің басқа да мамандардың еңбектері зор.
Өркениеттің дамуына қағаз сөздіктер айтарлықтай үлес қосты. Дегенмен, адам ой-өрісі мен технологияның дамуына байланысты сөздіктің жаңа түрлеріне де сұраныс туып отыр. Дамыған қоғамның көзқарасымен қарасақ, қағаз сөздікті пайдаланудың келесідей кемшілік тұстары бар: сөзді және оның мағынасын іздеуге көп уақыт кетеді, көлемі жағынан шектеулі, сөздікке өзгеріс енгізіп, өңдеп, жаңартуға мүмкіндіктің жоқтығы, жаңа сөздерді енгізе алмау, қашықтық жағдайында тез ақпарат алмасу мүмкіндігінің болмауы және т.б [4].
Ал ғаламтор желісі арқылы электронды онлайн-офлайн сөздіктерді қолдану мәлімет алмасу қашықтығын жояды, қабылданатын мәлімет көлемі бірнеше есе ұлғаяды, деректерді үлкен көлемде сақтай алады, көшіру, өңдеу, жаңарту мүмкіндіктері болады, сөздердің дыбысталуын естуге болады, керекті мәліметпен жан-жақты танысу тез жүзеге асады, тіл үйренушілер өздіктердің көмегіне сүйене отырып, тілді аз уақыт көлемінде меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Қысқаша айтқанда, электронды сөздік - қағаз сөздікке кірмей қалған мәліметтерді енгізуге болатын лексикографиялық кешен болып табылады.

Электронды сөздік және қағаз сөздіктердің салыстырмалы мінездемесі

Электронды сөздіктер өздеріне бес техникалық функцияны қамтиды: мәтінмен жұмыс кезінде сұраныс жасау, көшіру-қою, экспорт, басып шығару және ескерту [5].
Төмендегі 1 және 2 кестеде электронды және қағаз сөздіктерді салыстыра отырып, осы сөздіктердің өздеріне тән артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген.

Кесте 1
Электронды сөздіктің артықшылықтары мен кемшіліктері

Электронды сөздіктің артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Қолданылуы бойынша
Есте сақтау(запоминания) және гипермәтін функциялары пайдаланушыға бұрын қаралған кіріске оңай әрі жылдам оралуға, сілтемелерге өтуге немесе әртүрлі ақпаратпен кеңес алуға мүмкіндік береді.
Электрондық сөздіктер қағаз сөздікке қарағанда үлкен икемділікке ие. Мұнда әртүрлі іздеу түрлерін пайдалануға болады, осылайша ақпараттық технологияның ұсынған мүмкіндігі арқылы жұмысты оңай әрі жылдам бітіруге мүмкіндік бар.
Электронды сөздіктердің интерфейстері бір-бірінен өзгеше, ерекше болғандықтан, әр сөздік белгілі бір оқу кезеңін талап етеді.

1-кестенің жалғасы
Презентациясы бойынша
Электронды сөздіктер мультимедиялық элементтерден тұрады: дыбысталу, қысқа видео көрсетілімдер, тіркелген және анимациялық суреттер.
Консультирование облегчается продуманной презентацией: например, использование цветов или всплывающая или переворачивающаяся страница.
Көптeгeн тeрeзeлeрдe пaйдa болғaн кiрулeр жaғдaйындa пaйдaлaнушы кiрудi толық көрe aлмaйды. Мaқaлa фрaгмeнтi жәнe Windows-тe жиi aуыстыруды тaлaп eтeдi. Элeктронды сөздiктi жaсaушылaр CD жaдының мүмкiндiктeрiн толық пaйдaлaнбaйды.
Іздеу мүмкіндігі бойынша
Электронды сөздіктердің ең үлкен артықшылыға, әрине, олардың кең көлемде және әр түрлі іздеу қабілетінің болуы.
Сөз аудармасын жылдам табу кезінде, бір кіргеннен іздеу электронды сөздікте өте жылдам орындалады.
Егер пайдаланушы бірнеше сөзден тұратын сөз тіркесінің мағынасын іздейтін болса, онда оны қағаз сөздікке қарағанда электронды сөздікпен тезірек табуға болады. Сонымен қатар, мұндай іздеу кезінде электронды сөздік тиімсіз іздеуді болдырмайды: пайдаланушы ізделінетін сөз тіркесінің қандай бөлімде екенін ойлауының қажеті жоқ.

Бұрын электронды сөздікті аз пайдаланған қолданушылар нәтиже алу үшін әр түрлі іздеу стратегиясын байқай отырып, уақыт жоғалытып алуы мүмкін.

1-кестенің жалғасы
Техникалық функциялары бойынша
Мәтінмен жұмыс істеген кезде сұраныстар мен түсініктемелер функциясы маңызды сипаттамаларға ие. Түсініктемелер жазбаларды немесе жеке пікірлерді (мысалы, аударма контексті, жаңа мағына, арнайы термин, жеке аударма немесе коннотация) мақалаға қосуға мүмкіндік береді. Мәтінмен жұмыс істеу кезіндегі шақыру функциясына келетін болсақ, бұл функция мәтінді өңдеуге пайдаланылатын аударманы жеңілдетеді және жылдамдатады. Пайдаланушылар электронды сөздіктен сөздер немесе сөз тіркестерін бірден көшіріп алып, өз мәтіндеріне бірден қоя алады.
Мәтінмен жұмыс істеп отырған кездегі шақырту(вызов) электронды сөздікке деген тәуелділікті тудыруы мүмкін, себебі олар қол жетімді және пайдалануға оңай. Аудармашылар өз біліктіліктері мен білімдеріне қарағанда сөздіктің аудару мүмкіндігімен ғана қанағаттанулары мүмкін.

Электронды сөздіктер қағаз сөздіктерге қарағанда (үстелде немесе кітапханада) мүлдем орын алмайды деп айтуға болады және өзіңізбен бірге алып жүріп жұмыс істеуге еш қиындық туғызбайды. Ең маңыздысы олардың қанша жыл өтсе де жоғалып кету қауіпі жоқ деуге болады.
Электронды сөздіктерді пайдалану үшін қолданушыда компьютер, ұялы телефон сияқты құрылғы және сөздік онлайн ғана жұмыс істейтін болса, интернет болуы талап етіледі. Кейбір қолданушылар техникалық мәселелерге ұшырауы мүмкін, яғни мұндай кезде электронды сөздік қол жетімсіз. Және үнемі электронды құрылғыларды пайдалану да адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Көптеген электронды сөздіктер қағаз сөздіктерге қарағанда әлде қайда қымбат тұрады.

Кесте 2
Қағаз сөздіктің артықшылықтары мен кемшіліктері

Қағаз сөздіктің артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Қолданылуы бойынша

2-кестенің жалғасы
Қағаз сөздіктер осы өмірдің бір бөлігі сияқты. Сөздікті пайдаланушылар көп жылдар бойы қағаз сөздіктерге сүйеніп келеді, және бұл сөздіктің бұл түрі оларға ыңғайлы.
Оқу барысында қағаз сөздікті пайдалану электронды сөздікке қарағанда ұзақырақ қолданылады.
Қағаз сөздіктердің басты кемшілігі олардың көлемді және ауыр болып шығарылуы, олар кем дегенде бірнеше томдарға бөлініп шығарылады. Пайдаланушы өзіне керекті сөзді тапқанша сөздік беттерін бірнеше рет ақтаруы мүмкін.
Презентациясы бойынша
Егер пайдаланушы бір рет қарағанда сәйкес сөздің бірнеше немесе одан да көп мағынасын бірден қарап жазып алуға мүмкіндік бар. Бұл электронды сөздікпен салыстырғанда әлде қайда ыңғайлы.
Олардың презентациясы тіркелген.
Іздеу мүмкіндігі бойынша
Қағаз сөздікте іздеу мүмкіндігі аз, іздеудің тек қана бір түрі- алфавит бойынша ғана іздеу түрі бар.
Сонымен қатар, бұл артықшылық өзімен бірге кемшілікті көрсетеді: яғни, іздеу мүмкіндігінің жоқтығы.
Техникалық аспектілері бойынша
Қағаз сөздіктер электронды сөздіктерге қарағанда ешқандай техникалық аспектіге ие емес, керісінше кемшіліктері бар.
Қағаз сөздіктің беттері сарғайып, мыжырланып, жыртылып қалуы мүмкін.
Мазмұны бойынша
(Қағаз сөздіктердің мазмұны электрондық сөздіктердің мазмұнынан ешқандай айырмашылығы жоқ, өйткені электронды сөздіктер қағаз сөздіктер базасымен құрылады)
Қағаз сөздікте көлемін барынша қысқарту үшін, лексиографтар сөздердің мағыналарын толық ашпай, қысқартып жазулары мүмкін. Қағаз сөздіктер ақпаратты сипаттауға және сурет түрінде ғана түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жоғарғыдағы кестеден электронды және қағаз сөздіктердің әрқайсысына тән кемшіліктер барын білдік. Техникалық аспектіге байланысты болатын кемшіліктеріне қарамастан, электронды сөздіктер іздеу мүмкіндігі, техникалық функциясы, презентациясы арқылы қағаз сөздікке қарағанда көптеген артықшылықтарға ие. Қай саланы алып қарасақта электронды сөздіктің қажеттілігінің артып бара жатқандығын нақты сеніммен айта аламыз.

1.1.1 Қазақша аударма жасауға мүмкіндік беретін электронды аудармашылар

Сөздіктің филология саласының мамандары, аударма саласының мамандары, оқытушылар және студенттер үшін негізгі құралдардың бірі екені белгілі. Аталған және тағы да басқа саладағы пайдаланушылар электронды сөздіктердің онлайн және оффлайн түрлерін жиы қолданады. Дегенмен, өзіміздің ана тілімізде, яғни, қазақ тілінде сапалы аударма жасап беретін электронды сөздіктер әлі де жеткіліксіз. Дегенмен, қазіргі таңда жиы қолданысқа ие қазақ тіліне аударма жасап беретін бірнеше электронды сөздіктерге тоқталсақ.
Google аудармашы (ағылш. Google Translate)- Google компаниясы жасаған, әлемнің 103 тілінде тегін аударма жасайтын, әлемдегі ең танымал аудармашы сөздік. Аудармашы интернетке қосылуға мүмкіндігі бар пайдаланушыға онлайн қызмет жасап береді. Google аудармашы өзіне кіретін тілдердің барлығында сөздер мен сөйлемдерді, мәтіндерді және үлкен құжаттарды сапалы аударып беру қабілетіне ие [6].
Google аударма жүйесінің негізін қалаушы Франц Джозеф Ох. Ол Перспективті қорғаныс жобаларын зерттеу агенттігің (DARPA) 2003 жылғы машиналық аударма бойынша жүлдесін жеңіп алған. Бұдан соң Ох Google компаниясының аударма жобаларымен айналысатын бөлім жетекшісі болып тағайындалды. 2005 жылдан бастап Google аудармашының әдіснамасы жасалып, алғашқы тәжірибелер өткізілді. Жүйенің жұмыс істеу механизмі мен негізгі принциптерін Ох өзінің жеке еңбегі ретінде жазып шығарған.[Уикипедия]
Google аударма жүйесінің басқа аударма жүйелері сияқты мүмкіндігінің шектеулі тұстары да бар. Пайдаланушыға аударылатын мәтіннің жалпы мағынасын түсіндіргенмен, әрдайым нақты аударма жасап бере алмайды. Google аудармашы сөздігінде ағылшын тілдері мен Еуропа Одағы тілдері арасында жақсы аударма жасайды.
Аудармашыға қазақ тілінің енуіне тоқталсақ, 2012-2014 жылдары аралығында Wikibilim қоғамдық қоры осы мәселе бойынша жұмыс жасады. 2014 жылдың желтоқсан айының 12сі күні қазақ тілі Google онлайн аударма жүйесіне енді. Сонымен қатар, аударма сервисінің қазақша нұсқасы да жарық көрді. Сондай-ақ, сөздікті ұялы телефондарда қолдануға ыңдайлы болу үшін, iOS және Android операциялық жүйелеріне арналған веб қосымшаларда әзірленген.
Тағы бір аудару мүмкіндігі жоғары аудару құралы ол- Яндекс аудармашы. Мәтін бөліктері мен веб беттерді қолданушының қалауы бойынша басқа тілге аударатын Яндекс компаниясының веб қызметі [7].
Аудару қызыметінде Яндекс компаниясының жұмыскерлері дайындаған статистикалық машиналық аударма алгоритмі қолданылады. Аудару жүйесі миллиондаған аударылған мәтіндер негізіне сәйкестендіріп өзінің сөздігін жасайды. Мәтінді аудару кезінде компьютер алдымен аударылатын сөздерді базадағы сөздермен салыстырады, одан кейін тіл модельдерінің базасымен салыстырып сөйлемнің мағынасын толық анықтайды.
2011 жылдарда аудармашыда он мың символмен тек үш тілде ғана, ағылшын, орыс, украин тілдерінде аударуға мүмкіндік болды. Ал қазіргі уақытта, осы жылдың мамыр айына дейін әлемнің 95 тіліне аударуға мүмкіндік бар [8].
Аудармашыда аудару бағыты автоматты түрде анықталады, яғни, қолданушы жеке сөзді, бүкіл бір мәтінді немесе веб беттерді аударуы мүмкін. Аудару барысында пайдаланушы мәтінде немесе сөзді қолмен енгізіетін болса, жүйе қалқымалы терезеде( всплывающем окне) мүмкін болтын жақын мәндерді көрсетіп тұрады. Сөздердің дыбысталуын және сөздерді дыбыс арқылы енгізуге, қажет сөйлемді немесе сөздерді енгізу аймағының астына таңдаулылар жадына сақтап қоюға, виртуальді пернетақта, iOS және Android операциялық жүйелеріне арналған веб қосымшалардың болуы аудармашының артықшылықтарына жатады.
Бұл аудармашылар тек арнайы қазақ тілінде ғана аударма жасауға арналмаған және қазақ тілінде пайдаланушылардың пікіріне қарасақ толыққанды дұрыс аударма жасап бере алмайды. Аударылатын мәтіннің мағынасы сақталғанмен, сөздердің байланысуы және грамматикалық қателер көп орын алады. Алайда, бұл аудару құралдары қазақ тілі өкілдерінің ең көп пайдаланатын сөздіктері, себебі қазақ тіліне немесе қазақ тілінен басқа тілге аударып беретін сөздіктер өте аз.

1.1.2 Қазақша-қытайша, қытайша-қазақша аударма жасайтын сөздіктер

Еліміздің тәуелсіздік алған аз уақыт ішінде белең алып дамуы әлем елдерінің назарын аудартып, біздің елді танып-білгісі келетін адамдарың санын күн санап арттырды. Оның басты дәлелі жан-жақтан келіп жатқан туристер санының жыл сайын артуы. Әсіресе, көршілес қытай елінен келетіндердің үлесі ұлғайып жатыр.
Қазақ елі мен Қытай Халық Республикасы елдері арасындағы жан-жақты байланыстың тез қарқын алып келе жатуы өз кезегінде елімізде қытай тілін білетін мамандарға деген сұранысты күшейте түсті. Алайда елімізде қытайша-қазақша көлемді, әмбебап аударма сөздіктің болмауы қытай тілін үйренушілер үшін ғана емес, қазақ-қытай немесе қытай-қазақ тілдерінен аударма жасаушыларға да кері әсерін тигізіп отыр. Қытай елінен алғаш келген туристер үшін қолжетімді тілдескіштің болмауы қонақтарымызға біраз ыңғайсыздықтар тудырары анық. Қолданылатын графикаларымыздың әртүрлілігі, ағылшын тілін меңгеру деңгейінің төмендігі, сәйкес тілдегі маңдайша жазулардың аздығы (вывеска )жергілікті тұрғындар мен қытай туристерінің арасындағы тіл байланысты қиындатады.
Дегенмен соңғы кездері осы мәселені шешу үшін бірталай қадамдар жасалып, бірқатар еңбектер жарық көрді. Атап айтатын болсақ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Дүкен Мәсімханұлы мен доцент Айнұр Әбиденқызы 2017 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет Қытайша-қазақша үлкен сөздік деп аталатын көлемді сөздік құрастырып шықты. Сөздіктің таралымы 2000 дана, көлемі 120 баспа табақ (1050 бет). Қазіргі қытай тілінің қолданысындағы 70 мыңға таяу сөз бен сөз тіркесі қамтылған. Сөздік ЖОО мен мектептерде қытай тілі бойынша білім берушілер мен білім алушыларға, қазақ-қытай тілдері бойынша аударма жұмысымен айналысатын аудармашыларға, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы саласында қызмет атқаратын дипломат қызметкерлерге, қытай тілі, қытайтану ғылымы, жалпы тіл білімі саласында ізденіп жүрген ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ қытай тілін өз бетімен үйренгісі келетін жалпы көпшілікке арналған. Кітап түріндегі сөздік көрінісі 1-суретте көрсетілген.

Сурет 1 Қытайша- қазақша үлкен қағаз сөздігі.

Бірақ, сөздіктің тек кітап түрінде, яғни, қағаз түрде басылып шығып, электронды түрде болмауы басты кемшілігі болып отыр. Өйткені, үлкен көлемдегі кітапты өзімізбен бірге алып жүру, сөздікті қағаз түрінде пайдалану көптеген қиындықтар тудырады.
Осы мәселенің шешімі ретінде электронды қазақша-қытайша немесе қытайша-қазақша аударма сөздіктер жарық көрді. Атап айтар болсақ Sozdik.net қосымшасы және woaifanyi.com электронды сөздігі. 2-суретте көрсетілген Sozdik.net аударма қосымшасының артықшылығы электронды қосымша ретінде болуы.

Сурет 2 Sozdik.net қытайша-қазақша электронды сөздігі.

Алайда, бұл сөздіктің үлкен кемшілігі қосымшада немесе Sozdik.net сайтында аударма жасап оны толыққанды қолдану үшін ресурсқа тіркелу міндетті. Демек, сіздің жеке ақпаратыңыз сайт әкімшілігіне қолжетімді және бұл қажет кезде уақытты үнемдеуге мүмкіндік бермейді. Бұл қарапайым қолданушыларға ыңғайсыз.
Ал 3-суретте көрсетілген woaifanyi.com веб-сайтының артықшылығы қолданушыдан ешқандай артық ақпарат сұрамай аударма жасап беруі.

Сурет 3 Woaifani көп тілді қытайша сөздік.

Дегенмен, аударма жасаған кезде біраз күту керек, себебі аудару жүйесі өте ақырын жұмыс істейді. Сондай-ақ бұл сөздік пайдаланушыға дұрыс аударма жасап бере алмайды. Себебі, сөздікті қытай елінің мамандары, яғни, қазақ тілін жетік біле бермейтін мамандар жасағандықтан қазақша сөздерді дұрыс аудару мүмкіндігі өте аз.

2 Программалық құралдарға шолу
Сaйт нeмесе Вeб-сайт- (aғылшынша Website: Web - тор, желi және site - орын, желiдегi орын, сегмент) - бiр мекенжайға (домен атымен немесе IP - мeкенжаймен) бipiктірілген компьютеp желiсiндегi жeке тұлғаның немесе ұйымдардың электрондық құжаттарының (файлдар) жиынтығы. Ғaламтор жeлісінің негізін құраyшылар сaйттaр бoлып тaбылады [9].
1991 жылы Тим Бернерс-Ли Info.cern.ch сайттын жасады. Бұл әлем тарихындағы ең алғашқы сайт болды. Тим Бернерс-Ли HTTP деректерді беру хаттамасына, URI адрестеу жүйесіне және HTML гипермәтіндік белгілеу тіліне негізделген World Wide Web жаңа технологиясының сипаттамасын жариялады. Сонымен қатар, сайтта серверлер мен браузерлерді орнату және олардың жұмыс істеу принцптері сипаттады.
Ертеректе жасалған веб-сайттар статистикалық құжаттардың жиынтығы болды. Алайда, қазіргі таңда көптеген сайттар динамикалық және интерактивті болып табылады. Мамандар бұндай сайттарды жасау үшін "веб-қосымша" деп аталатын терминді пайдаланады, яғни сайттың міндеттерін шешуге арналған кешен [10].
Көп жағдайда бір веб-сайтқа бір домен аты беріледі. Домендік атаулар бойынша веб-сайттар әлемдік желіде сәйкестендіріледі. Бірақ, кейбір жағдайларда бір сайтқа бірнеше домен атаулары немесе бірнеше сайттар бір ғана домен атымен қол жетімді болуы мүмкін. Сонымен қатар, сайттың оффлайн жұмыс істейтін түрі де бар, яғни серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланбай, желіге қосылмаған компьютерде көруге қол жетімді сайт көшірмесі[11].
Веб сайттардың әртүрлі классификациясы бар.
Қызымет көрсетуінің қолжетімділігіне байланысты:
ашық- кез келген пайдаланушы үшін қызмет көрсетуі қолжетімді;
жартылай ашық- қызметті пайдалану үшін жүйеге тіркелуді қажет етеді;
жабық- жабық қызмет түрін ұсынатын сайт жүйесі(ұйымдық сайттар), жеке тұлғалар сайты. Мұндай сайт түрлерінің қызметі белгілі бір адамдар арасында ғана пайдаланылады. Жаңа адамдарға сайт қызметін пайдалану арнайы шақыртудан кейін ғана қолжетімді.
Мазмұн табиғатына байланысты:
Статистикалық- барлық мазмұндар алдын- ала дайындалып қойылады. Қолданушыларға файлдар немесе құжаттар серверде қалай сақталынған болса сол түрде беріледі.
Динамикалық- мазмұндар кез келген дереккөзден алынған деректер негізінде арнайы скриптармен жасалынады.
Физикалық орналасуына байланысты:
Интернат желісінің сыртқы сайттары;
Жергілікті сайтар- тек жергілікті желі арасында ғана қолжетімді. Бұл сайттар ұйымның корпоративтік және провайдердің жергілікті желісіндегі жеке тұлға сайты болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта сайт жасау үшін әртүрлі технологиялар, соның ішінде гипермәтіндік белгілеу тілі (HTML -- Hypertext Markup Language), CSS, JavaScript, PHP (Hypertext Preprocessor) және тағы басқа технология түрлері қолданылады.

2.1 HTML гипермәтіндік белгілеу тілі

Мен өзімнің дипломдық жұмысымды жасау барысында HTML, PHP технологияларын пайдаландым. Осы технологияларға кеңінен тоқталып кетсем.
Интернетте сайт беттерін жасау үшін гипермәтіндік белгілеу тілі (HTML Hypertext Markup Language) қолданылады. Әрбір сайттың жекелік ерекшеліктері бар, алайда, HTML беттерді құрудың өз ережелері бар, оларды міндетті түрде қадағалап отыру қажет. Сонымен қатар, HTML құжаттарды жазудың жалпы ережелері және сайттарды жасау кезінде қолданылатын жалпы ұғымдары бар. Енді осы ұғымдарға тоқталып өтейін.
HTML тілі-веб-сайттардың негізі, оның көмегімен браузерде көрінетін беттің қаңқасы жасалады. HTML тілінің негізі-бұл тег. Веб-беттердің барлық мазмұны тегтермен теңшеледі және өңделеді. Тег браузерге тег орнында қандай элемент болуы тиіс немесе тег ішінде қандай ақпарат түрі бар екенін хабарлау үшін қажет. Сонымен қатар, тегтер бұл ақпаратты қалай көрсету керектігін көрсетеді. Тегті жазу үшін арнайы тег тырнақша ішіне алып жазамыз, ал тегті жабу үшін тег көлбеу сызықты пайдаланамыз. Кейбір жағдайларда жабатын тег керек емес, дегенмен, құжатты дұрыс өңдеу үшін әрқашан жабатын тегті пайдалану ұсынылады. Ашылған және жабылған тег арасындағы ақпарат оның контейнері деп аталады. Қысқаша айтқанда, тегтердің функциялары келесідей сипатталады: ашу тегі пішімдеуге мүмкіндік береді, ал жабу тегі оны өшіреді. Жабу тегін қажет ететін тегті жұп деп, ал қажет етпейтін тегті жалқы тег деп атайды[12].
HTML тілінің маңызды элементінің бірі- атрибут. Атрибут тег мүмкіндігін арттыру үшін арнайы тегтердің ішінде жазылатын командалар. Атрибуттар браузерге белгілі бір бет элементінің қалай көрсетілу керек екенін хабарлайды. Атрибуттар бірдей тегтер арқылы қосылатын ақпараттың сыртқы түрін әр түрлі етуге мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда атрибуттарсыз тег қолдану нәтиже бермейді. Мысалы, бір абзацта мәтінді оң жақ жиекке, ал екінші мәтінді сол жақ жиекке туралау керек болады. Мұндай жағдайда абзацты білдіретін p тегінің ішіне align атрибуты қолданылады. Төменде 4 суретте align атрибутының қолданылуы көрсетілген.

Сурет 4 Align атрибуты.

Әдетте, атрибут мәні теңдік белгісінен кейін тынақша ішіне алынып жазылады. Атрибуттардың мәні тегке байланысты әртүрлі. Тегтер мен атрибуттар HTML тілінің негізі болып табылады, бірақ браузерлерде бетті дұрыс бейнелеу үшін ережелерді қадағалай отырып, құжаттың құрылымын дұрыс жасау маңызды. HTML тілінсіз құжат жасай алмайтын тегтерде бар, өйткені HTML тілі сол құжаттың құрылымын анықтайды [13].
Келесі 5-суретте HTML тілінің құрылымы көрсетілген.

Сурет 5 HTML тілінің құрылымы.

HTML тілінің құрылымы үш жұп тегтен тұрады:
html
head
Құжаттың тақырыбы
head
body
Құжаттың денесі
body
html
Қорта айтқанда, HTML тілінің көмегімен біз сайт бетінің сыртқы көрінісін жасай аламыз. Ары қарай сайттың динамикалық қызметтерін басқа технологиялар көмегімен жүзеге асырамыз.

2.2 PHP программалау тілі

PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor -- "PHP: гипермәтін Препроцессоры") -- веб-серверде HTML беттерін генерациялау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің тарихы
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Сөздіктің түрлері
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Жиілік сөздік
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Сөздік құрастырудың техникасы
Лексикография
ҚТС - дағы зат есіммен байланысатын етістікті сөз тіркестерінің синтаксистік құрылымдарын өзге тілдермен салыстыра, салғастыра отырып зерттеу
Сөз жасамдық элементтері түбір сөздер
Пәндер