Материалдардың қоймадағы есебі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 МАТЕРИАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... .
1.1 Материалдық құндылықтарды жіктеу және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Өткізудің ықтимал таза құнын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Материалдардың қоймадағы есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Материалдардың бухгатериядағы есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.5 Материалдар есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ..
2 ТФК МИК ЖШС МАТЕРИАЛДАР ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.1 ТФК МИК ЖШС техника-экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ...
2.2 Ұйымда қорлар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Қорлардың құнсыздануына резерв жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
2.4 Қорларды өндіру мен сатып алудың Дәл уақытында әдісін пайдалану
3 МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТІ ... ... ... ... ... ...
3.1 Материалдардың тиімді пайдалануын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
3.2 Материалдардың аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3 Қорлардың аудитін оңтайландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.4 Тапсырыстың оңтайлы мөлшерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБМЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Бұл таңдап жазылған дипломдық жұмысымның тақырыбы "Материалдардың есебі мен тиімді пайдалануын талдау" . Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады. Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
1 МАТЕРИАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Материалдық құндылықтарды жіктеу және бағалау
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады. Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дйындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;
- біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп жә Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материалдар;
- көмекші материалдар;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатрына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Материалдық босалқы қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 Босалқылар бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 Шикізаттар мен материалдар, 1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, 1312 Отын, 1313 Ыдыс және ыдыстық заттар, 1314 Қосалқы бөлшектер, 1315 Өзге материалдар, 1316 Өңдеуге берілген материалдар, 1317 Құрылыс материалдары, 1320 Дайын өнімдер, 1330 Тауарлар, 1340 Аяқталмаған өндіріс, 1350 Басқалай босалқылар, 1360 Босалқыларды есептен шығару резерві.
1310 Шикізаттар мен материалдар шотында шығарылған өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.
1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.
1312 Отын мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады.
1313 Ыдыс және ыдыстық заттар ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.
1314 Қосалқы бөлшектер жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.) аранлған қосалқы бөлшектер есепке алынады.
1315 Өзге материалдар өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б. алынады.
1316 Өңдеуге берілген материалдар шотында сыртқа өңдеуге берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.
1317 Құрылыс материалдары құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады.
Мысалы, Шығыс ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыға тапсырыс берген, оның 1 дм[2] 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасасқаннан соң, Шығыс ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 35555,6 дм2 құраған, ал оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны 800000 теңге және түсіру шығыны (Түсірушәлердәі жалақысы - 300000 және әлеуметтік - 56700-(300000-300000*10%*21%)=35670 0 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймадасақтау шығыны 630000теңге құраған. Шығыс ААҚ теріне өңдейтін тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген. Нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм[2]-ты 127,84 теңге құраған:
- сатып алу бағасы - 2758624 теңге (ҚҚС қоспағанда);
- көлік-дайындау шығындары (КДШ) - 1156700 теңге (800000+356700);
- сақтау шығындары - 630000 теңге сақтау шығыны өзіндік құнға енгізілуі мүмкін, егер олар қойманың тұрған жеріне дейін жеткізіп берсе ғана).
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша босатылуы мүмкін. Тек осындай өнімді басқа кәсіпорны 90 теңгеден емес, онық бір дм[2] 75 теңгеден сатқан, сондықтан Шығыс ААҚ-на да сол бағадан сатуына тура келген.
1.2 Материалдардың қоймадағы есебі
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, т.б. көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтегі материалдардың аналитикалық есебі белгілеген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық номері және есетеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алған материалдарға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен тізілім бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қомашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазөып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады. Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдардың алынғанына немесе алынып болмағанына қарамастан шектік-заборлық карточкасының барлығы тапсрылуы керек. Толық алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік-заборлық карта жазылып беріледі. Қоймашы материалдардың қоймалық-сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайлы деректер беріп отырады. Қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүрпгізілуін бухгалтерия бақылау керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, он күнде) қомашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық карточкадағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептердің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтиреяға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізу орталық бхгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары берілген уақыт тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz