ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ЕСЕБІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден - бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың обьективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді.

Бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық есебінің басты негізгі бөліктерінің бірі болып есептеліненді. Кәсіпорындар ірілі-уақты шаруашылықтар мен мекемелер, ұйымдар, өнім өндіруші және қызмет көрсету орындарының барлығы да бухгалтерлік есебін, аудитін, талдауын жүргізуге міндетті.

Мекемелер, мүліктер мен қаражаттар, қаржылар мен қорлар, өнімдер мен өндірілген өнімдерді сату, көрсетілген қызметтерді өткізу процестері болған кезде бухгалтерлік есепті, аудитті талдауды жүргізу негізгі экономикалық мәселелердің бастысы болып табылады. Бухгалтерлік есеп, аудит, талдау арқылы өндірілген өнім, көрсетілген қызмет, оларды сату, өткізу және айырбастау, түскен қаржыны кіріске алу, бұларды дұрыс бөліп, тиімді пайдалану, шаруашылық жұмыстарының барлығын әуел бастан ең соңына дейін жүргізуге, нақты іске асыруға болады.

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алі жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әралуан, бірақ та оның бастауы ортақ және философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу пратикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңдар мен бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есептік саясатымен реттелетін ұйымдар мен кәсіпкерлердің операциялары мен оқиғалары туралы ақшалай мәндегі ақпаратты жинау, тіркеу және жалпылаудың бір тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.

Қазақстан Республикасында реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар- ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан жақты қанағңаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді.

Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның орындалуына қатаң бақылау қажет болады.

Бұл стратегия біздің экономикамыздың жекелеген секторлары мен өндірістерінің нақтылы бәсекелестік артықшылықтарын негізге алып, әлемдік даму үрдістері мен сыртқы рыноктардағы сұранысты ескеруге тиіс.

Зерттеу обьектісі - «ТФК МИК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

1 «ТФК МИК» ЖШС ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

«ТФК МИК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) Семей қаласында орналасқан. ТФК МИК» ЖШС дербес балансы бар, толық шаруашылық есеп, өзін-өзі ақтау, өзін-өзі қаржыландыру негізінде іске кіріседі, валютамен де осылайша жұмыс істейді. Серіктестіктің мүлкінің құралу қайнар көздері мыналар: серіктестік мүшесінің жарғылық қорға салған қаржылары, шаруашылық іс-әрекеттерден түскен түсімдер, заң актілерімен тиым салынбаған басқа пайда көздері. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады. Бухгалтерлік есеп пен аудит бәсекелестік ортада табыстың аса маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.

«ТФК МИК» ЖШС мүлкінің құралу қайнар көздері мыналар: серіктестік мүшесінің жарғылық қорға салған қаржылары, шаруашылық іс-әрекеттерден түскен түсімдер заң актілерімен тиым салынбаған басқа пайда көздері. Ұйым қызметін өнімдерінің сұранысына байланысты белгілеп, бекітеді. Ұйым өз міндеттері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің даму кезеңінде қаржылық есептіліктің формасы мен мазмұны жөнінде біркелкі пікірдің болмауы қоғамның әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуының әртүрлі жағдайын көрсетеді.

Серіктестік төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады.

  • Коммерциялық қызмет
  • Басқа да заңмен тиым салынбаған қызмет түрлері.

Серіктестіктің жарғылық қоры 3500 000 теңге мөлшерінде анықталған. Жарғылық қорға қосымша жарналарды ақша түрінде, мүлік беру арқылы, болмаса, бағаланған мүліктік құқымен тәуелсіз аудиторлық тексеріспен өтуге болады. Ұйым мүлкі негізгі және айналмалы қаржылардан, сондай-ақ тәуелсіз баланста көрсетілген басқадай мүлкімен танылады. Баланстық және таза пайдасы заңда қарастырылған тәртіп бойынша анықталады. Серіктестіктің таза пайдасы (салықтар төленгеннен кейін) серіктестіктің өз ұйғарымында қалады, ол қатысушылар келісімі бойынша таза табыс ретінде өзара бөліске түседі немесе сақтық қорға аударылады. Ұйымның мүлкінің құралу қайнар көздері мыналар: серіктестік мүшесінің жарғылық қорға салған қаржылары, шаруашылық іс-әрекеттерден түскен түсімдер, заң актілерімен тиым салынбаған басқа пайда көздері. Ұйым қызметін өнімдерінің сұранысына байланысты белгілеп, бекітеді. Ұйым өз міндеттері бойынша барлық мүлкімен жауап береді.

« «ТФК МИК» ЖШС тұрғындарды өндірістік қызметпен қамтамасыз ететін Аякөз қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Серіктестік жарғысында көрсетілген қызметтермен де айналысады.

Соңғы жылдардағы ұйымның көрсеткіштерінің талдауы келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - «ТФК МИК» ЖШС 2017-2018 жылдардағы негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер
жылдар
ауытқу
№:
Көрсеткіштер:
жылдар: 2017
ауытқу: 2018
Абсол.
%
№: 1
Көрсеткіштер: Сатудан түскен табыс, мың теңге.
жылдар: 195341
ауытқу: 228602
+33261
+17, 0
№: 2
Көрсеткіштер: Жұмысшылардың орта тізімдік саны, адам
жылдар: 58
ауытқу: 65
+7
+12, 1
№: 3
Көрсеткіштер: Негізгі құралдардың орта жылдық құны, м. т.
жылдар: 64589
ауытқу: 75560
+12971
+20, 1
№: 4
Көрсеткіштер: Еңбек өнімділігі, мың теңге
жылдар: 3368
ауытқу: 3517
+149
+4, 4
№: 5
Көрсеткіштер: Қор қайтарымы, теңге
жылдар: 3, 02
ауытқу: 2, 95
-0, 07
-2, 4
№: 6
Көрсеткіштер: Қор сыйымдылығы, теңге
жылдар: 0, 33
ауытқу: 0, 34
+0, 01
+3, 0
№: 7
Көрсеткіштер: Көрсетілген қызметтің өзіндік құны, мың теңге.
жылдар: 98372
ауытқу: 123410
+25038
+25, 4
№: 8
Көрсеткіштер: Жалпы табыс, мың теңге
жылдар: 96969
ауытқу: 105192
+8223
+8, 5
№: 9
Көрсеткіштер: Таза табыс, мың теңге
жылдар: 48457
ауытқу: 51178
+2721
+5, 6

Берілген кесте арқылы біз жалпы табыс 2018 жылы өткен 2017 мен салыстрғанда 8223 мың теңгеге немесе 8, 5 пайызға өскенін көреміз. «ТФК МИК» ЖШС жұмысшылардың орташа саны 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7 - адамға жаңа жұмыс орнының ашылуына байланысты өсті, және бұл еңбек ақы қорының өсуіне әкелді. Ұйым таза табысы 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда 2 721 мың теңгеге жоғарылады. «ТФК МИК» ЖШС-нің ақша-қаражаттары баланстың 1, 2%-ын құрайды, яғни 7 692 000теңге. Оның ішінде:

  • касса - 1 835 000 - 23, 8%;
  • есеп айырысу шоты - 5 857 000 - 76, 2%;

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі қағидалары, ұйымдардың міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесі қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қабылдады. Еліміз өркениетті елдер қатарында көрінуге, бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болуға талпыныс жасауда. Бұл бухгалтерлік есеп жүйесінде де реформаларды талап етеді.

2 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ: АҚША ҚАРЖЫЛАРЫ

Қазақстан Республикасында банктер арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі жұмыс істейді. Аз сомадағы төлемдерді ұйым өздері кассалар арқылы қолма-қол ақшамен бере алады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін «ТФК МИК» ЖШС кассасы бар. Касса техникалық жағынан берік, сигнализация құралдарымен жарақтандырылған. Кассада сол шаруашылықтың ақша қаражаты ғана сақталды. Кассада материалды жауапты адам кассир болады. Кассадағы нақты ақшаның есебі 1010 «Кассадағы ақша» шотында жүргізіледі. Банкілер заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазаұстан Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелген, дербес балансы бар тұлғаларға есеп шот ашады.

Ақша қаржылары есебінің мақсаты ақша қаражатын сақтау және олардың берілген лимит бойынша, смета бойынша белгіленген мақсатқа жұмсалуын бақылау, ақша қозғалысын толық және уақытылы құжаттандыру, қаржылық және төлемдік тәртіпті сақтау, уақытылы және толық аналитикалық есептеу, уақытылы және толық ақша қарадат көздерін инвентаризациялау, есеп айырысуды банк арқылы жүргізуге тырысу болып табылады.

Ақшасыз төлем түрлері: төлемдік тапсырыс, чек, аккредитив, төлемдік талап-тапсырыс, темір жол және көлік қызметі үшін қорытынды төлем-талаптар.

Ақшалай қаржылардың есебі 1000 «Ақшалай қаржылар» бөлімшесінің келесідей шоттарында есепке алынады.

  • 1010 «Касссадағы ақша қаражаты»
  • 1020 «Жолдағы ақша қаржылары»
  • 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты»
  • 1040 «Карт-шоттардағы ақша қаражаты»
  • 1050 «Жинақ шоттарыныдағы ақша қаражаты»
  • 1060 «Өзге де ақшалай қаржылар»

Кесте 2 - Ақшалай қаржылардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары.

Шаруашылық операция мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
№: 1
Шаруашылық операция мазмұны: Ағымдағы банктегі шоттан кассаға ақша түсті
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1030
№: 2
Шаруашылық операция мазмұны: Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы түсті
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1210
№: 3
Шаруашылық операция мазмұны: Пайдаланылмаған аванс сомасын есепті тұлға кассаға тапсырды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1250
№: 4
Шаруашылық операция мазмұны: Кассада кассир білетін ақша жетіспеушілігі шықты
Шоттар корреспонденциясы: 1250
1010
№: 5
Шаруашылық операция мазмұны: Жұмысшыларға еңбек ақы кассадан берілді
Шоттар корреспонденциясы: 3350
1010
№: 6
Шаруашылық операция мазмұны: Ұйым әкімшілігінің кеңсе, телефон шығындары төленді
Шоттар корреспонденциясы: 7210
1010
№: 7
Шаруашылық операция мазмұны: Жабдықтаушыларға қысқа мерзімді аванстар берілді
Шоттар корреспонденциясы: 1610
1010
№: 8
Шаруашылық операция мазмұны:

Алынған шикізат құны кассадан төленді

-ҚҚС сомасына

Шоттар корреспонденциясы:

1310, 1330

1420

1010

1010

№: 9
Шаруашылық операция мазмұны: Кассадан ағымдағы банктік шотқа ақша түсті
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1010
№: 10
Шаруашылық операция мазмұны: Бюджеттен артық аударылған сомалар қайтарылды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1410, 1420, 1430

Резидент емес - заңды тұлғалармен шетел валютасында есеп айырысуларды резидент - заңды тұлғалар өздерінің шоттарында бар валюта қаражаттары шегінде нақты ақшасыз төлеу тәртібінде жұзеге асырады. Валюта қаражаттарының шығу тегі жария болуға тиіс және мына төмендегі көзделген заңды жолмен алынуы мүмкін болады: экспорт валюта түсімі; жарғылық капиталға жарналар; резиденттер еместердің қаржы көмегі /гранттар/; өкілетті банктерден, шетел банктерінен, қаржы мекемелерінен және басқа да шетелдік заңды тұлғалардан алынатын валюта несиелері, сондай-ақ резиденттер емес жеке тұлғалардан алынатын займдар, өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы ішкі рынокта теңгеге сатып алынған валюта.

Касаға ақша қабылдау бас бухгалтер қол қоятын «Кіріс касса ордерлері» бойынша жүзеге асырылады. Кассаға ақша салған адамға береді. Кассадан ақша беру «Шығыс кассалық ордерлер» негізінде жүргізіледі. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төл құжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оның кімнің және қашан алғанын ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын, теңгені- жазумен; тиынды- сандармен көрсетеді. Сенімхат бойынша берілген ақшаны шығыс кассалық ордерде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның аты-жөні көрсетіліп «сенімхат бойынша» деген жазу жазылады.

Заңды тұлға- резидентке үшінші тұлға үшін келісім-шарттар төлемі бойынша валюта операцияларына, сондай-ақ, нақты ақша түрінде есеп айырысуларды жүзеге асыруға тыйым салынады. Шет мемлекеттерінің ақша бірліктеріне салық салу; бухгалтерлік есеп пен кеден төлемдері мақсаттарына арналған теңгенің ресми бағамын ішкі валюта рыногында айырбас операцияларының бағдары негізінде Ұлттық банк белгілейді және ол баспасөзде жарияланады.

3 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ЕСЕБІ

Қысқа мерзімді дебеторлық қарыз шаруашылық операцияларды жасау барысында пайда болады, әдетте тауар, өнім, жұмыс, қызметті сату кезінде. Дебиторлық қарыз ретінде «ТФК МИК ЖШС» алдында бөлек адамдардың, мекемелердің және басқа дебеторлардың ақша формасындағы міндеттері түсінеді.

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз есебі шоттарды өтеу уақытына немесе қарызды өтеудегі күтетін күніне тәуелді қазіргі немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз сатылатын (жұмыстың негізгі түрінен) немесе сатылмайтын (жұмыстың басқа түрлерінен) болуы мүмкін.

Сатып алушылар мен тапсырушылар есептемесін есептеу үшін келесі шоттар арналған: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырушылардың қысқамерзімді дебиторлық берешегі» мен 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек».

1280 шоты белгілі бір сомманы белгілі бір уақыт кезінде өтеу бойынша белгіленбейді, бірақ алғашқы қарыз соммасын асыратын номиналды құн арқылы жазба міндет болып табылатын алынған векселдерді есептеу үшін арналған. Вексельдерді екі топқа бөлуге болады: пайызды және пайызсыз. Пайызды - пайыздық өтеулерді калькуляциялау кезінде номиналды құнға қолданылатын пайыздық ставкасын қарастырады, ал пайызсыз векселде - пайыздық ставкасы қарастырылған.

1280 шотында алынған векселдермен қамтамасыз етілген сатып алушылар мен тапсырушылармен есеп ескеріледі. Векселдермен жүгінген өнімнің төлем соммасына 1280 шоты дебеттеледі және 6 «Табым» бөлімінің шоттары кредиттеледі. Сатып алушыдан алуға жататын ҚҚС соммасы 1280 шотының дебетінен және 3130 «ҚҚС» шотының кредитінен көрінеді.

«ТФК МИК» ЖШС сатып алушылар мен тапсырушылардан аванстар алуы мүмкін, сонымен қатар жабдықтаушылар мен мердігерлерге аванстар беру. Берілген аванстар дебиторлыққарыз болып табылады және 1600 «Өзге қысқа мерзімді активтер» 1610 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» бөлімінің шотында ескеріледі. Аванстарды берген кезде ақша құралдарын есептеу шоттары кредиттеледі де 1610 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шоты дебеттеледі. Аванстарды тіркеу кезінде 1610 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шоты кредиттеледі де 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты дебиттеледі.

Есеп кезеңінде төленетін, бірақ келесі кезеңдерге жататын 1620 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» шотында ескерілетін алдағы кезеңдер шығыстарына мыналар жатады:

- сақтаушы полисті иеленуге кеткен шығындар;

- бірнеше ай бұрын төленген жалдық төлем;

- күнделікті баспа, сонымен қатар техникалық және экономикалық кітаптарға жазылу соммасы;

- телефонмен қолдану үшін төлем;

- коммуналдық төлемдер мен басқа ұқсас шығындар.

1620 шотының дебетінде сақтаушы полисті иеленуге кеткен шығындар, бірнеше ай бұрын төленген жалдық төлем, алдағы кезеңдердің басқа шығындары көрсетіледі. 1620 «Алғашқы кезеңдер шығындары» шотының дебетінде ескерілген есеп кезеңіне қарайтын шығындары 1620 шотының кредитінен 7110 «Өнімдерді Сату мен қызмет көрсету бойынша шығындар», 7210 «Әкімшілік шығындар» мен 8 «Өндірістік есеп шоттары» бөлімі шоттарының дебеттеріне шығынға жазылады.

Жабықтаушыға төленген ҚҚС есебі үшін 1420 «ҚҚС» шоты арналған, бұл шоттың дебетінде 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотымен корреспонденцияда алынған ТМҚ үшін жабдықтаушы шотына енгізілген ҚҚС соммасын көрсетеді.

1420 шотының кредиті бойынша берілген салық түрі бойынша бюджетке қарыздың азаюымен болатын тіркеуге қабылданған ҚҚС соммасы көрсетіледі.

1270 «Алуға қысқа мерзімді сыйақылар» шоты тіркелген пайыз бойынша дебиторлық қарыз есебі үшін арналған. Алуға арналған соммалар 6110 «Сыйақылар бойынша табыстар» шотының кредитінен 1270 шотының ақшалы құрылғының дебетінде көрсетіледі. Түскен ақшаларды ақша құралдары шотының дебетінде көрсетеді: 1030, 1050 мен басқалары, және 1270 «Алуға қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті.

Жұмысшылар мен басқа жауапты адамдардың дебиторлық қарызы жайлы ақпаратты көрсету үшін 1250 «Жұмысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы» шоты арналған. 1250 шотының дебеті бойынша есепке берілген, жұмысшыларға берілген қарыздар, сонымен қатар материалдық зияндарды өтеу бойынша соммалар көрсетіледі. Жұмысшылар қарызын өтеу сәйкес шоттарды корреспонденциясымен 1250 шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Кесте 3 - Қысқа мерзімді дебиторлық қарызының есебі бойынша шоттар корреспонденциясы

Операциялар мазмұны
Дт
Кт
№: 1
Операциялар мазмұны: Кассадан ақша есепке берілген
Дт: 1250
Кт: 1010
№: 2
Операциялар мазмұны: Есеп соммаларына алынған материалдар
Дт: 1310
Кт: 1250
№: 3
Операциялар мазмұны: Административті-басқарушы персоналға сапар шығындары жазылған
Дт: 7210
Кт: 1250
№: 4
Операциялар мазмұны: Есеп соммаларына машиналар мен құралдар алынды
Дт: 2413
Кт: 1250
№: 5
Операциялар мазмұны: Материалдық зиянды өтеу үшін жауапты шотына шығынғы жазу
Дт: 1250
Кт: 1280, 2180
№: 6
Операциялар мазмұны: Еңбек ақысынан есеп соммалары немесе зиян соммалары алып қалынды
Дт: 3350
Кт: 1250

Бақылау жүйесі қаншалықты ыңғайлы және эффективті, сатып алушылар мен тапсырушылардың қаншалықты төлеуге қабілетті болғанымен кәсіпорында ылғида кредитке алғандарына төлей алмайтын сатып алушылар табылады, осындай қарыз алуға сенімсіз болуы мүмкін. Егер сенімсіз қарыз мүмкін болса, онда оны өтеуге болатын резерв болу керек. Күдік туғызатын қарыздарды бағалау бойынша екі әдіс бар:

- кредиттің таза құнынан пайыз әдісі;

- төлеу мерзімі бойынша дебиторлық қарыз есебінің әдісі.

Сенімсіз қарыздар бойынша резервтер сенімсіз дебиторлық қарызды шығынға жазған кезде болатын кемшіліктерді өтеу үшін жасалады. Күдік туғызатын қарыз болып уақытында өтелмеген дебиторлық қарыз, сонымен қатар кепілдікті қамтамасыз ететін қарыз есептеледі. Резерв есебін 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотына жүргізеді. Резервтерді жасау 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотының кредиті мен 7440 «Резервтерді жасау мен сенісіз талаптарды шығынға жазу бойынша шығындар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Қысқа мерзімді дебиторлық қарызды балансты шығынға жазған кезде 1290 шоты дебеттеледі де келесі шоттар кредиттеледі: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек». Қолданылмаған резерв соммасына сторналық жазба жасайды: Д-т 7440, К-т 1290.

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар есебі төмендегі шотарымен жүргізіледі:

1200 Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз

1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы

1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы

1230 Ұйымдасқан және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
1240 Филиалдар мен құрамдық бөлімдердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
1250 Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
1260 Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар
1270 Алынуға тиісті қысқамерзімді сыйақылар
1280 Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар
1290 Күдікті талаптар бойынша резервтер

«ТФК МИК» ЖШС кәсіпорнында қысқа мерзімді дебиторлық қарыз екі факторларға байланысты көрініс табады:

• кәсіпорнның іскерлік деңгейі - неғұрлым сатылымдар көлемі көп болса, соғұрлым дебиторлық қарыздардың көлемі де көп болады.

• кәсіпорнның клиентке деген қарым -қатынасы - кәсіпорын клиенттерді сақтап қалу және клиенттерді тарту мақсатында өз клиенттеріне төлем төлеу уақытын ұзақ бере отырып қарызды деңгейін арттырады.

«ТФК МИК» ЖШС да өз активтерін пайдаланудың тиімділік дәрежесін бағалау үшін іскерлік белсенділік коэфиценті қолданылады. (айналым коэфиценті) .

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың айналым коэфиценті кәсіпорынның дебиторлық қарыздарының құрлымы мен деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздың айналым коэфиценті - бұл кәсіпорнның таза сатылымдары көлемінің орташа жылдық дебиторлық қарыздарға қатыныасымен есептелінетін қаржылық көрсеткіш. Бұл «ТФК МИК» ЖШС кәсіпорнында қысқа мерзімді дебиторлық қарыз мезгіл ішінде неше рет жиналатынын көрсетеді.

4 ҚОРЛАР ЕСЕБІ: ШИКІЗАТ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАР, ТАУАРЛАР, ДАЙЫН ӨНІМ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
Дебиторлық және кредиторлық есептің аудиті
Дебиторлық және кредиторлық қарыздарыдың аудитін ұйымдастырылуының ерекшеліктеріндегі проблемаларды айқындау
Бухгалтерлік есептің жүргізудің негізгі принциптері
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз
«Шымкен құс» ЖШС дебиторлық және кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну
Кәсіпорынның қаржы жағдайын ЖЕТІЛДІРУ бойынша шара
Дебиторлық қарыздар: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz