Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

Бекбол А.

ХХ ғ. 20-30-шы жж. аграрлық реформалар, қазақ шаруаларын жаппай ұжымдастыру және отырықшылыққа көшіру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011400 - «Тарих» мамандығы

Қарағанды 2019

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Археология, этнология және

Отан тарихы кафедрасының

меңгерушісі т. ғ. к., доцент

Ускембаев Қ. С.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ХХ ғ. 20-30-шы жж. аграрлық реформалар, қазақ шаруаларын жаппай ұжымдастыру және отырықшылыққа көшіру»

5В011400 - «Тарих» мамандығы

Орындаған: Бекбол А.

Ғылыми жетекші

аға оқытушы Тапенова А. С.

Қарағанды 2019

Мазмұны

Кіріспе . . . 7

1 Ұжымдастыру және оны іске асыру әдістері

1. 1 Кеңес мемлекетінің ХХ ғ. 20 жылдарындағы аграрлық саясаты және қазақ шаруаларын отырықшыландыру . . . 15

1. 2 1920-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның саяси және экономикалық ахуалы . . . 23

1. 3 Жеке меншік иелеріне шабуыл: қателіктер мен асыра сілтеулер . . . 27

2. Жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру

  1. 1930 ж. шаруа қожалықтарын жаппай күштеп ұжымдастыру және отырықшыландыру . . . 34
  2. Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты . . . 41
  3. Отырықшыланған қазақ шаруаларының материалдық-тұрмыстық жағдайы . . . 55

2. 4 Ашаршылық трагедиясы . . . 63

Қорытынды . . . 70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Отан тарихында еш уақытта өзектілігін жоймайтын тақырыптардың бірі - Кеңес дәуіріндегі қазақ халқының көрген қиындығын адам айтып тауыспас жағдайларды бастан кешірген еді. Соның бірі, қазақ халқын күштеп ұжымдастыру мәселесі туралы айта кету жөн. ХІХ ғ. қазақтың қаралы ғасыры, қорлықты, тепкі-теперішті, езгіні аса көп көрген ғасыры. Сонымен бірге ерлік рухының да алаулаған ғасыры! Сол ерлік рухтың отын сөндірмей сақтап қала алған ғасыры. Ең сойқан сұмдықтар ХХ ғ. келді. Он алтыншы жылдың ойраны, ақ пен қызылдың кезекпе-кезек көкпарға салып, додалаған аласапыраны. Қазақты қырғындата берудің басқа әдіс-амал, айла-тәсілдері таусылған соң (себебі: социалистік елде - Кеңес мемлекетінде халықты мылтықпен атып, қылышпен кескілеп турау адамгершілік мұраттармен әсте сыйыспайды ғой), бас қолбасшылығына жендет Голощекин тағайындалып, жалпақ сахараға ашаршылық атты ата жауының өзі жіберілді. Жер бетінен тұтас бір ұлтты жойып жіберуді көздеген теңдессіз геноцид, зұлымдық қылмыс еді бұл.

Қазақ халқының тең жартысын ақ сүйек етіп жалмаған, ең бері салғандағы талдама-пайымдауларға қарағанда 3 млн. Адамды қырғынға, жүздеген мың адамды босқыншылыққа ұшыраған кесапатты нәубеттің ең шарықтаған шағы 32-ші жыл болды. Адамзат жаралғаннан бергі заманалар ішінде ең ұлы ғасыр деп бағаланып жүрген жиырмасыншы ғасырда қазақ халқы өзін осырап кеткен, ұлттық санасын есеңгіретіп тастаған осындай ғаламат шығындарға ұшырамағанда, деп пайымдайды демографтар, ғылыми орташа варианттар бойынша есептегеннің өзінде қазіргі саны 20 миллионнан еркін асқан болар еді.

Осындай нәубеттерге ұшырай-ұшырай, қазақ халқының саны бұған дейінгі ең қарыштап өсті деген жоғарғы нүктесінде - 1915 ж. 5 млн. болса, Отан соғысы аяқталғанда - демографиялық ең төменгі нүктесінде 2 млн. 650 мыңға құлдыраған. Ал мұндай кесапаттарда халықтың халықтық қасиеті шайқалмай ма? Ал, жалпы алғанда осы соңғы ұлы ашаршылықтың апаты 1931 ж. басталып, 1933 жылдың алғашқы жартысын молынан қамтыды [1], [2], [3] . Ең күйіндіретіні, ең назаландыратыны ұзын ырғасы үш жылға созылған жантүршігерлік сұмдық - ашаршылықпен қазақ халқы жалғыз шайқасты. Сол ашаршылықтың болып, өткеніне де биыл аттай 83 жыл толмақ, қашан да тарихқа, тарихи оқиғаларға уақыт сыншы болмақ. Кезінде осы күштеп коллективтендіру мен оның зардаптарынан туған ашаршылық туралы қисынды-қисынсыз теориялар мен ғылыми түйінділер айтылып, жасалып, баспасөз беттерінен орын алғаны да аян. Мысалы: Мұстафа Шоқайұлы және т. б. қатты күйініп зарарлы сынға алған сол қисынның бірі «- . . . қазақ сияқты жабайы, надан халықтың социализм қарқынына ілесе алмайды-мыс. Демек, ашыққан халыққа көмек беру, азық - түлік босату мүлде қажетсіз. Ондай бос шығындарға тектен-текке барғанша, қаржыны елді индустрияландыру қажеттеріне жұмсаған абзал. Міне, осындай қара ниет қағидалар, зұлым ойлы сандырақ теориялар белгілі дәрежедегі қазақ халқы

тарапындағы мемлекеттік үлкен, құйтұрқы саясаттың негізіне алынғаны даусыз» [4], [5] - дейді. Осының бәрін ескеріп біздер бұл зерттеу жұмыс, бүгінгі күнде өте өзекті тақырыптардың бірі деп есептейміз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ ғ. 20-30-шы жж. аграрлық реформалар, қазақ шаруаларын жаппай ұжымдастыру және отырықшылыққа көшіру Қазақстан тарих ғылымында едәуір зерттелді.

Кезінде белгілі саясаткер және зерттеуші Т. Седельников патша өкiметiнiң отарлау саясатын сынай отырып, қазақтардың жерiн тартып алу науқанын құптамады. Алайда автор қазақ даласындағы жер үшiн күрестi таптық позиция тұрғысынан емес, көшпелi және отырықшы феодалдар арасындағы күрес ретiнде қарастырды [6] . Ол осы кезде орын алған тарихи жағдайды көрсетуге тырысқан. Мысалы, Т. Седельников қазақтарға пайдалануға берiлген жердiң азаюы салдарынан олардың бiрте-бiрте отырықшы-егiншi шаруашылыққа өте бастағанын ашық жазады. Осыған орай бiрнеше шаруашылық типтерiнiң: таза мал шаруашылығы, мал шаруашылығы және егiншiлiк, таза егiншiлiк, егiншiлiк-кәсiпшiлiк пайда болып, дамығанын көрсетедi. Ол Қазақстандағы аграрлық жағдай жөнінде дәйекті пікір айтуға талпынған. Бұған жеті жыл бойы Қазақстандағы аграрлық мәселемен жан-жақты таныс болуы мүмкіндік берді. Ол өз еңбегінде А. Кауфманның тұжырымдарын өткір сынға алды [7] . «…құқықтық жағынан біз екі тұлғаның жалпы иеленуінің кәдімгі түріне тап болып отырмыз: бірінші тұлға - бұл тұтастай орыс қол астына қарайтын қазақ халқы, екінші тұлға - мемлекет», - деп жазды [7, 17 б. ] . Автор ресми түрде қазақ халқының атынан сөйлеп, Қазақстанда жер қатынасын қалпына келтіруді талап етті.

ХХ ғ. 20-60-шы жж. Қазақстан ауыл шаруашылығының ерекшеліктері, жер саясатына қатысты көптеген еңбектер жарияланды. Бұл тұрғыда Ә. Бөкейхан, Т. Шонанов зерттеулері өте маңызды. Таптық тұрғыдан бұл мәселені Ғ. Тоғжанов та баяндады. Зерттеуші П. Галузо 1917 жылға дейін жердi пайдалану, қазақтардың егiншiлiкпен айналысуы, көшпелілердің отырықшылануы М. Г. Сириус, Е. А. Полочанский, А. Н. Челинцев, И. А. Зверяков еңбектерiнде баяндалады дейді. Оның еңбегінді Қазақстандағы аграрлық қатынастарға біршама сипаттама берiлген [8] . Кеңестік тарихнамада Қазақстандағы 20-30 жж. ауыл шаруашылығындағы өзгерістер, ұжымдастыру, ұжымшар-кеңшар құрылыстары, кадр мәселесі туралы Б. А. Төлепбаев, Г. Ф. Дахшлейгер, Ә. Б. Тұрсынбаев, Ф. И. Колодин, О. Сексенбаев, Ж. Жұмабеков, Н. Әлімбаев және басқаларының зерттеулері бар. О. Сексенбаев өз зерттеуінде Қазақстандағы кеңшар құрылысының кеңес дәуірінде қалай жүзеге асқанын сипаттаса, Ж. Жұмабеков зерттеулерінде ауыл шаруашылығының кадр мәселесі және жалпы жағдайы баяндалған. Алайда олар кеңестік идеология аясынан шыға алмады.

Сол сияқты кеңес дәуіріндегі аграрлық саланың көрнекті зерттеушілері Б. А. Төлепбаев, Ә. Б. Тұрсынбаев еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы ұжымдастыру, кеңестік аграрлық өзгерістердің іске асырылуы жан-жақты талданған. Олардың еңбектерінде негізгі концептуальдық тұжырым ретінде лениндік ұлт саясатының коммунистік партияның басшылығымен осы өңірде іске асуы басшылыққа алынды. Осы тұжырым аясында отырықшыландыру және ұжымдастыру үрдістері баяндалған ол еңбектерде деректік негіздегі материалдар өте бай. Бұл зерттеушілер сол кездегі ұжымдастыру барысында орын алған қиындықтарға да, халық наразылығына да назар аударған. Алайда, олар сол кездегі саясат бағытында ондай наразылықтарды (ол көп жерлерде көтерілістерге ұласқанды) бандиттік немесе басмашылық бас көтеру деп сипаттауға мәжбүр болған. Жалпы бұл зерттеушілер еңбектері сол кездегі ресми саясат тұрғысынан тарихи ақиқат қалай жазылғанына куә болуымен қатар, өзінің деректік негізі жағынан құндылығын жоғалтпайды.

Осы тұрғыдан тақырыпқа тікелей қатысы бар Г. Ф. Дахшлейгер мен К. Нұрпеисовтің «История крестьянства Советского Казахстана» (Алматы, 1985), еңбектерін де айтуға болады [9] . Г. Ф. Дахшлейгер Қазақстандағы ауыл мен деревнядағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар туралы пайымдамалар жасады. Олар қазіргі ғылым үшін маңызын жоғалтқан жоқ. Көрнекті ғалымның “Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929 гг. ) ” (Алма-Ата: Наука, 1965, 535 с. ) атты іргелі зерттеуінде және басқа да еңбектерінде жаңа экономикалық саясат тұсында Қазақстанның облыстарындағы жер мәселесі және аграрлық реформалар барысы баяндалған.

В. Ф. Шахматов көшпелi мал шаруашылығындағы дағдарыстың себептерiнiң бiрi жеке меншiк жер пайдалану және жайылымдарға жеке меншiк иелiктiң пайда болуынан деп санады [10] . Автор көшпелi шаруашылықта жердi пайдаланудың түрлерін көрсете отырып, Қазақстанның әртүрлi аудандарында жердi пайдалану бiркелкi болған жоқ деген қорытындыға келедi. Ә. Б. Тұрсынбаевтың зерттеуiнде үш революция тұсындағы қазақ ауылы көрсетiлiп, шаруашылық эволюциясы мен әлеуметтiк құрылысы, ұжымдастыру барысы сипатталады. Жалпы революцияға дейінгі жер мәселесі туралы, кеңестік аграрлық саясат туралы ақиқат тұрғысынан жазылған зерттеулер ХХ ғ. 90-жылдарынан бастау алады [11] . Сол сияқты белгілі библиограф Ү. Субханбердина “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарларды жарыққа шығаруы да бұл мәселенің зерттелу ауқымын кеңейтті[12] .

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін жазылған зерттеу жұмыстарының отандық тарихнамада алатын орны ерекше. Бұл еңбектердің құндылығы сонда, оларда Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихына мұрағат қойнауларында ондаған жылдар бойы құпия сақталып, ғылыми айналымға түспеген құжаттар негізінде шынайы баға берілген. Мысалы, Ж. Әбілхожиннің зерттеулерінде қазақ халқының дәстүрлі өмір сүру шаруашылығының қалай қарастырылып, кеңестік аграрлық реформалар нәтижесінде ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру зардаптары қарастырылған. Автордың 1991 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Традиционная структура Казахстана» деген монографиясында қазақтың көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, оның шаруашылығы туралы теориялық пайымдаулары, оны бір мезгілде күштеп қаратудың трагедиялық сипаты аясында қарастырылған. Онда отырықшыландыру саясатына да талдау жасалған[13] . Ө. Озғанбай еңбегінде Алаш зиялыларының еңбектеріне талдау жасай отырып, патша өкіметінің отаршылық саясатын аша білген. К. Нұрпейісов[14], Т. Омарбеков[15], М. Қойгелдиевтің [16] зерттеулері Алаш зиялы қауымының өз заманындағы тарихи оқиғаларға атсалысқан қызметтері мен жазған еңбектеріне талдау жасағанымен құнды [8] . Ұжымдастыру жөніндегі Т. Омарбеков, М. Қозыбаев, [17] . Ж. Әбілхожин [18], Берденова К. Ә, Алдажұманов [19], Ж. Т. Таңатарова [20], Е. Қуандық [21] және басқаларының зерттеулері отырықшыландыру саясатын ашуға көп үлес қосты. Көрнекті ғалым М. Х. Асылбековтың және демограф Ә. Б. Ғалиев пен М. Тәтімовтың [22] еңбектерінде Қазақстандағы 1920-1930 жж. әлеуметтік-демографиялық үрдістер жан-жақты зерттеу арқауы болды.

Көрнекті ғалым М. Қ. Қозыбаевтың Қазақстан тарихындағы «ақтаңдақтарға» байланысты еңбектері және оның ұжымдастыру мен ХХ ғ. 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін туралы зерттеулері бұл мәселені саралауға көп септігін тигізді. Ғалымның 1990 ж. зерттеушілер Ж. Әбілхожин және М. Тәтімовпен бірігіп жазған “Казахстанская трагедия” атты мақаласы “Вопросы истории” (1989, № 7) журналы арқылы Москвада жарияланып, 30-жылдардағы алапат аштық пен босқындық зобалаңын әлемге алғаш рет әйгіледі [23] . Сол сияқты К. Н. Нұрпейісовтың қазақ шаруалары туралы бұрынғы кеңестік кезеңдегі және соңғы жылдардағы зерттеулері ХХ ғ. 20-30 жж. туралы көп мағлұмат береді.

Ғалым Т. Омарбековтың «Зобалаң», «Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері», «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қасіреті» зерттеулерінде сталиндік-кеңестік кезеңнің қайшылықты тұстарының көлеңкелі, бірақ тарихымызда ұзақ жылдар “жабық” болып келген мәселелері жаңа, егемен елдің тарихы тұрғысынан қарастырылған. Зерттеуші Қазақстандағы жаппай кеңестендіру саясатын, сауатсыздықты жою, қазақтандыру науқанын, мәдени құрылыс тарихын тың деректер арқылы ашуда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің қызметіне тоқталып өткен. Кеңестендіру саясатының салдарларын көрсете келе, автор жаңадан бой көтеріп келе жатқан тоталитарлық қоғамға халық бұқарасына жанашыр, қамқоршы болатын ұйымдардан гөрі, осы халықты үрей психологиясы ауқымынан шығармай, белгілі бір саяси шеңбер ішінде ғана айналып әрекет жасайтын, адамдарды ресми саясатқа қарсы келмей, керісінше, оны әркез бас шұлғып қолдаумен қанағаттанатын рухта тәрбиелейтін мемлекеттік органдардың қажет болғандығын баса көрсеткен. Сондай ұйымдардың қатарында билік партиясының органы ВК(б) П Өлкелік комитетімен қатар Қазақстан Орталық Атқару Комитеті де бар еді. Сондай-ақ ғалым ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында Қазақстанда кеңестік тоталитарлық жүйе жүргізген “Кіші Қазан”, байларды тәркілеу, шаруаларды күштеп ұжымдастыру сияқты төтенше саяси-шаруашылықтық науқандарына мұрағат құжаттары мен материалдары негізінде талдау жасап, шынайы ғылыми тұжырымдар түйіндеген [24] . Е. Қуандықовтың еңбегі ұжымдастыру кезіндегі солақай саясатты көрсеткен.

Зерттеуші Ғ. Х. Халидуллиннің көлемді монографиялық еңбегінде («Политика советского государства в отношении казахских шаруа (1917-1940 гг. ». -Алматы, 2001. -213 с. ) кеңес мемлекетінің аграрлық саясатына, оның ішінде қазақ шаруаларына тікелей қатысты оқиғалар тың деректер негізінде баяндалған. Автор қазақ шаруаларының кеңес өкіметі жылдарындағы саяси-әлеуметтік жағдайын, аграрлық реформалар барысын зерттей отырып, негізгі назарды ұжымдастыру қарсаңындағы шаралар мен ұжымдастыру және оған шаруалардың қарсылық қозғалысына аударған. Монографияда көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру аграрлық реформаларды іске асыру аясында қарастырылған.

О. Х. Мұхатова еңбектерінде аграрлық тарихнамаға шынайы талдау жасалса [25], Ж. Таңатарова зерттеулерінде қазақ ауылын ұжымдастырумен қатар отырықшылыққа көшіру барысы, бұл тұрғыдағы мемлекет саясаты тың деректер негізінде ашылған. Ж. Таңатарова Батыс Қазақстандағы ұжымдастыру мен отырықшыландыруға көшіру науқанын Еділ бойындағы қалмақ шаруаларындағы науқанмен салыстыра зерттеуі көп мағлұмат береді[26] .

Шетелдік тарихнамада да зерттеліп отырған мәселе бойынша жарияланымдар бар. Ресейлік тарихнамада бұл мәселе В. П. Данилов еңбектерінде және басқа да зерттеулерде жол-жөнекей аталып өтеді. Американдық ғалым, саясаткер М. Олкоттың 90-жылдардың бас кезінде шыққан «Қазақтар» деген кітабында да бұл мәселе жалпылама түрде, негізінен кеңес тарихшыларының еңбектеріндегі деректер негізінде баяндалған. Автор бұл мәселеде ешқандай жаңалық айтпайды және деректері тексерілмеген, көбінесе антикеңестік саясат жетегінен шықпаған. Арнайы зерттеуге тоқталсақ, бұл мәселе француз ғалымы Изабель Ойянаның КСРО қазақтарын отырықшыландыру және Қазақстан мен Орта Азия шаруаларын ұжымдастыру туралы монографиясында арнайы қарастырылған (“La sédentarisation des Kazakhs dans L´URSS de Staline. Collektivisation et changement (1928-1945) ” Maisonnuve et Larose. -2006. -p. 416) . Автор Қазақстанда 1990 жылдардан бері қарай жарық көрген құжаттық жинақтар мен қазақстандық зерттеушілер еңбектеріне сүйене отырып, қазақ шаруаларының әлеуметтік жағдайын, отырықшылануын, ұжымдастыру барысын және оған қарсы шаруа наразылықтарын баяндайды.

Жалпы қазіргі тарихнама отырықшыландыру мәселесін әлі де зерттеу қажет екенін көрсетеді.

Қазіргі кезде тарих ғылымы өзінің бар жауапкершілігіне қоғамның тарихи жадыларын терең демографиялық жағдайдан шығару жасындағы айтарлықтай жұмыстарын алып жатыр деуге болады.

Тұншықтырушы конъюктура мен қалың қабатты догматизм тырнағынан босаған творчестволық бастау тек қана ғылыми ізденуді жеделдетіп қана қойған жоқ, сонымен бірге ең бастысы, сол ғылыми зерттеуді тарихи жағдайды шынайы түсіну мен ондаған жыл бойына қалыптасқан стереотиптер мен қалыптылықты қайтадан жаңғыртып ойлауға әкелді.

Тақырып өте қиын да күрделі мәселелерге, тарихи жағдайлар мен фактылық материалдарға талдау жасауды қажет етеді. Өткенге баға беру, сынау тарихи заңдылық пен шындықтың ара жігін айырудың оңай шаруа емесі анық.

Диплом жұмысының деректік негізі. Жұмыстың негiзiне тарихи, этнографиялық, статистикалық, баспасөз материалдары бойынша кешендi деректер алынды.

Зерттеуде тақырыпқа қатысты кезеңдегі заң жинақтары, Кеңес өкіметінің қаулы-қарарлары, ұжымдастыру науқаны туралы жарияланған құжаттық жинақтар мен материалдар да кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар БК(б) П шешімдері мен мен құжаттық материалдары да кеңестік мемлекеттік саясатты талдауға арқау болды. Атап айтқанда БК(б) П Қазақ өлкелік комитеті қаулылары, Қазақстан Компартиясы съездері, пленумдарының шешімдері, қарарлары, СОКП съездерінің, конференцияларының және пленумдарының материалдары да жұмыста көрініс тапты.

Деректердің келесі бір үлкен тобын баспасөз материалдары құрайды. Олардың қатарында ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы “Қызыл Қазақстан”, “Народное хозяйство Казахстана”, “Большевик Казахстана”, “Советская степь”, “Еңбекші қазақ” мерзімді баспасөз материалдары да бар. Бірақ ол материалдар кеңестік ресми баспасөз бетінде жарияланғандықтан тақырыпқа бір жақты сипат беретінін айту қажет.

1920-1930 жылдардағы әлеуметтік ахуалды осы кезеңнің саяси-шаруашылықтың науқандарын бастан өткізген кісілердің нақты естеліктері нақтырақ бейнелейді. Олар «Нәубет» [27], «Қызылдар қырғыны» [28], «Народ не безмолвствует» [29] тәрізді естеліктер жинағында жарияланды. Бұларды біз тарихи көзқарастарын талдап отырған зерттеушілер өздерінің еңбектерінде көптеп пайдаландық.

Күшпен ұжымдастыру кезеңіндегі құпия құжаттар жариялылық және тәуелсіздік рухымен арнайы жинақтарда басылып шықты [30, 31] . Оларды тарихи-салыстырмалы түрде талдау тарихшылар пікірлеріне қатысты дұрыс қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.

1920-1930 жылдар тарихынан шынайы да ақиқат деректер беретін большевиктік партия мен кеңес өкіметі органдарына сол жылдары жауапты қызметтер атқарған Т. Рысқұловтың, Л. Мирзоянның, О. Исаевтың Мәскеудегі И. Сталиннің және В. Молотовтың аттарына жазған және өзара жазысқан хаттарының, сондай-ақ тарихымызда «бесеудің хаты» деген атпен мәлім болған Ғ. Мүсіреповтің, М. Ғатауллиннің, М. Дәулетқалиевтің, Е. Алтынбековтың, Қ. Қуанышевтың Ф. Голощекинге жазған хатының және Ғ. Искаковтың, І. Қабыловтың, Ж. Арыстановтың, Б. Айбасовтың, Ғ. Тоғжановтың, О. Жандосовтың И. Сталинге және Л. Мирзоянға жазған хатының қазақ шаруаларының жаппай босқыншылыққа ұшырау және аштан қырылу себептерін дәлірек анықтауға көмектесіп қана қоймай, осы апаттың демографиялық көлемін анықтауға қажетті сандық мәліметтер де беретінін ерекше атап көрсеткен жөн.

Деректердің келесі тобына, шаруаларды күштеп меншігінен айырудың, зорлап ұжымдастырудың және көшпелілерді еріксіз жаппай отырықшыландырудың идеялық және рухани жетекшісі болған И. Сталиннің шығармаларының деректік, тарихи танымдық рөлі бар екені күдік туғыза қоймас. И. Сталин еңбектері сол кезеңнің саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалын зерттеу жұмысына қажетті деректер береді.

Зepттeу жұмысының мaқсaты мeн мiндeттepi. Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру мәселесі қарастырып, оның себеп салдары, жергілікті қазақ халқына пайдасы мен зиянын анықтап, саралап, сол кездегі оқиғаның негізгі тарихи картинасын сыртқа көрсетіп шығару болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін тарихшылармен, Кеңес заманының мамандарымен және қазіргі зерттеушілермен жасалған алуан зерттеулер мен әдебиеттерде болатын тарихнамалық шолу жасау ұсынылады.

Осы мақсат тұрғысынан алға мына міндеттер қойылды:

- ХХ ғ. 20-30 жж. қазақ шаруаларын жерге орналастыру және отырықшыландыру мәселелеріне шолу жасау;

- Қазақстандағы ұжымдастыру және оның әдіс тәсілдері туралы зерттелу тарихы және әдістемесін талдау;

- Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың алғышарттары мен кейінгі зардаптарын анықтап, зерттеу;

- жаппай ұжымдастыру қарсаңында қазақ шаруаларының жағдайы және отырықшылыққа көшіру мәселесі;

-отырықшыланатын шаруашылықтарға мемлекеттік және қоғамдық жәрдем дәрежесін айқындау;

- ауыл шаруашылығындағы күштеу саясатын талдау;

- ұжымдасқан қазақ ауылдарындағы мәдени-әлеуметтік жағдай;

- отырықшыландырудың негізгі нәтижелері мен мәселелеріне анықтама жасау.

Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру: билік және шаруалар тақырыбына қатысты жазылған зерттеу еңбектер, ғылыми мақалалар негізге алынды. Осы мәселені талдауда Талас Омарбековтың «Дәстүрлі қазақ шаруашылығын қорғаушылар қалай айыпталды?», «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті: Көмекші оқу құралы», «Отырықшыландыру неге сәтсіздікке ұшырады?» атты еңбектерге арқа сүйедім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру және оның ауыр зардаптары
Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың салдары
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz