Қазақстанға халықтардың күштеп жер аударылуы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Жумагельдинова А. Т.
ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы халықтарды Қазақстанға депортациялау тарихы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011400 - «Тарих» мамандығы
Қарағанды 2019
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасының
меңгерушісі т. ғ. к., доцент
Ускембаев Қ. С.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы халықтарды Қазақстанға депортациялау тарихы»
5В011400 - «Тарих» мамандығы
Орындаған: Жумагельдинова А. Т.
Ғылыми жетекші
аға оқытушы Тапенова А. С.
Қарағанды 2019
Мазмұны
Кіріспе . . . 7
1 1930-1945 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп жер аудару және көші-қон мәселелері
1. 1 Қазақстандағы кеңестік саяси қуғын-сүргін мәселелері . . . 12
1. 2 Қазақстанға халықтардың күштеп жер аударылуы . . . 19
1. 3 Республика аралық көші-қон және халық құрамындағы өзгерістер . . . 34
1. 4 Соғыс кезіндегі көші-қон (1939-1945 жж. ) . . . 41
2 Қазақстанға жер аударылған халықтардың Ұлы Отан соғысынан кейінгі жағдайы
2. 1 Жер аударылған халықтардың халық шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі . . . 52
2. 2 Қазақстанға жер аударылған халықтардың мәдени, құқықтық жағдайы және сталиндік идеология . . . 62
2. 3 Халықтарды күштеп жер аударудың зардаптары . . . 68
Қорытынды . . . 82
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 86
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр тарихы - Ресей мемлекеті, оның ішінде Қазақстан тарихы үшін арпалысты болды. Әсіресе осы ғасырдың 30-50 жылдарындағы халықтарды Қазақстанға депортациялау тарихы өте күрделі және ол бүгінгі таңда Отандық тарихшылар тарапынан біршама зерттелуде. Бірақ, бұрынғы тоталитарлық мемлекет тарихының ақтаңдақ беттерін ашу, оны толық зерттеу қажеттілігі үнемі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып қала бермек. Бұл әсіресе, еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы. Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын қиды. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарында Қазақстан да бар болатын. Осындай аласапыран заманда Қазақстандағы демографиялық ахуалдың күрт төмендеуін жер аударылғандар толықтырды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдеседі деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, алыс жерлерге күшпен жер аударылды. Егер осындай адамдар немесе жеке бір топтар болған жағдайда тек соларға ғана заң жолымен шара қолданудың орнына кеңес үкіметі тұтастай халықтар мен этникалық топтарды жер аударды. Мұның өзі олардың соғыс жағдайында өздері аймақтарына әсерін тигізген ауыр да күрделі саяси мәселе болғандығы ақиқат.
Бүгін отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындауда. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мәліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады. Тарихи демография саласына одан әрі серпін бере түсу үшін ендігі жерде белгілі бір кезеңдер аралығындағы халық санының динамикасындағы өзгерістерге, көші-қон процестерінің ауқымына және олардың жекелеген аймақтардағы ерекшеліктеріне баса назар аударған абзал. Сонымен қатар, бұл мәселелердің ғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені мұндай талдау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарихи демография саласындағы өзекті мәселелердің бірі - Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың және тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Көші-қон процестері бұрын да зерттеушілердің назарына ілікпей қалған жоқ. Бұл мәселе кеңес дәуірінде де, қазіргі кезде де және шетелдік ғалымдар тарапынан да әрқилы бағаланып келді. Әрбір кезеңге тән тарихи концепцияларды талдау және ғылыми еңбектердің деректік негізіне баға беру отандық тарих ғылымының басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл көші-қон процестерінің тарихнамасын арнайы қарастырудың өзі ғылыми маңызға ие екендігін аңғартады. Осының бәрі біздің зерттеуіміздің өзекті, әрі ғылыми сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын байқатады.
Негізі жер аударуды, күштеп жер аударуды соғыспен байланыстырды. Бірақ бұл негізгі мәселенің басын ашпайды. Өйткені әлеуметтік топтар мен сословиелер, аз ұлт өкілдері мен этникалық топтарды жер аудару соғысқа дейін көп бұрын тәжірибеленді. 20-30 жылдары ССР-дың орталық аудандарынан Қазақстанға, Оралға, Орта Азияға, Сібірге, Қиыр Шығысқа Жоғарғы сословие, дінбасылар, ауқатты шаруалар бар байлығынан айрылып жер аударылды. Сол жылы өз жерлерінен Перск және Терск казак округы тұрғындары жер аударылды. Соғыс қарсаңында қандай да бір сылтаулармен корейлер, парсы-ирандықтар, курдтар жер аударылды. Екінші Дүниежүзілік соғыс басталысымен Прибалтика, Батыс Укрина, батыс белоруссия, бессарабия халықтары күштеп жер аударуға ұшырады. Егер соғысқа дейін бұндай әрекеттер мемлкеттің қауіпсіздігін күшейту деп түсіндірілсе, соғыс кезінде күштеп жер аудару ұлттық территориялық автономиясы бар халықтар ұшырады. Тоталитаризмнің жлпы саясаты осылайша жаңа сапаға іре бастады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Жалпы халықтарды күштеп жер аударуды үш кезеңге бөліп қарастырған жөн. Бірінші кезеңі 30-жылдардың ортасынан 40-жылдардың басына дейін Қазақстанға қоныстанғандар.
Екінші кезеңі 40-жылдардың басынан ортасына дейінгі уақыт, яғни соғыс жылдары.
Үшінші кезең 45 жылдан 50-жылға дейін.
Бірінші кезеңді айтатын болсақ, тоталитарлық жүйенің шырмауына іліккен Қиыр шығыс корейлері, поляктар, ирандықтар, курдтар Қазақстан жеріне күштеп жер аударылды. Екінші кезеңінде немістер мен кавказ халықтарының соғыстың ауыр жылдарында Қазақстан жеріне қандай тәртіппен келгендігі туралы айтамыз. Ал үшінші кезеңі соғыстан кейінгі жылдардағы жауынгерлер мен тыл жұмыскерлерінің мүлдем бөтен жерге қоныс аударылуы. Күштеп жер аударуға ұшыраған халықтарды ақтау Сталин өлгеннен кейін жүріп жатты. Алайда күштеп жер аудару халықтарға келтірілген моральдық-психологиялық шығынды және тарихи әділдікті қалпына келтіру толығынан іске аспады. Бұндай жағдай біздің есімізге сталинизмнің құрбаны, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердиевтің айтқан ойы түседі. “Қайрымдылық нәрін себе отырып, біз таудай күнәдан құтылғымыз келеді. Осыдан кейін өзімізді адамзат деуге ұялмаймыз ба?”
Кеңестік дәуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының саны, құрамы, орналасуы жайында М. Тынышпаев [1], кейін, Қазақстан демографиялық ахуалына байланысты Т. Шонанұлы [2], М. Есболұлы [3] жазды. Сондай-ақ, бұл жөнінде С. Асфендияров [4], Т. Рысқұлов [5], С. Сәдуақасов [6] сияқты қазақ зиялылары да қалам тартқан. Олардың еңбектерінде ұлттық мүддені қорғау көзделгені аңғарылады. 1920-30 жж. мемлекеттік тапсырыспен А. Н. Донич [7] пен Н. Д. Трублаевичтің [8] халықтың саны, құрамы, орналасуы жайында еңбектері жарық көрді. А. Н. Донич зерттеуінде демографиялық шолу жасаса, Н. Д. Трублаевич республикадағы халықтың табиғи өсімі мен ұлттық құрамындағы өзгерістер жайын қарастырды. Бірақ, авторлар ұлттар арасындағы табиғи өсімнің әркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мәліметтер келтірумен шектелді. Одан кейінгі уақытта демография мәселесіне байланысты еңбектер жазылмады. Себебі, кеңестік тоталитарлық жүйе оған мүмкіндік бермей, 1937 жылы халық санағының қорытындысын жариялауға тыйым салып, оған қатынасқан адамдарды қудалады.
Демографияға байланысты зерттеулер тек 1960-жылдары ғана қайта қолға алына бастады. 1960-1970 жж. Қазақстанның демографиялық дамуының кейбір аспектілері қарастырылған, алайда негізінен еліміздің әлеуметтік даму мәселелеріне арналған еңбектер шықты. Әсіресе жұмысшы табы, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесі қарастырылды, ресми статистиканы қолданған зерттеушілер әлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, Әсіресе өнеркәсіптік және аграрлық көші-қон ерекшеліктеріне тоқталған. 1990 ж. халықтың әлеуметтік, демографиялық, және жұмысшы табы мәселелерін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсақ, А. Н. Нүсіпбеков [9], М. Х. Асылбеков пен А. Б. Ғалиев [10], шаруалар тарихын зерттеген А. Б. Балақаев, Г. Ф. Дахшлейгер, К. Н. Нұрпейіс, интеллигенция тобын зерттеген Ш. Ю. Тастанов, Х. Әбжанов [11] сияқты ғалымдар Қазақстандағы этно-демографиялық үдерістерді анықтайтын статистикалық мұрағат деректерін айналымға енгізді.
1970-1980 жж. тарихи демография саласында арнайы еңбектер шыға бастады. Соның ішінде революцияға дейінгі статистикалық мәліметтердің негізінде әлеуметтік және ұлттық демографиялық факторларды өзара байланыспен, өзара шарттылықта қарастыру әдістері негізделді.
Қазақстанда көші-қонның тарихи мәнін, оның халықтың әлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген әсерін ашқан, көші-қон мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін көрсеткен алғашқы зерттеушілер - Е. Н. Гладышева [12], Н. Е. Бекмаханова мен В. М. Кабузан [13] және Н. В. Алексеенко [14] болды. А. Н. Алексеенконың, Н. З. Тәкіжбаеваның ауыл халқының өсу қарқыны мен ұлттық құрамы, аймақтарға шоғырлануы, экономикалық аудандарға топтастырылуы қарастырылған докторлық диссертациялар қорғалды. Бірақ, бұл зерттеулер тек жарияланған санақ материалдарына ғана негізделген, мұнда 1939-1959 жж. аралығындағы туу, өлім-жітім, көші-қон, халық құрамының ішкі тенденциялық ерекшеліктеріне аз көңіл бөлінген. Ал Ф. Н. Базанованың монографиясында көші-қон қозғалысының республика халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуына әсер еткен күрделі де көп салалы процесс екендігі көрсетілді[15] . Алайда, бұл еңбектерде кеңес дәуіріндегі тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің маңызды беттері, репрессияланған халықтарды депортациялау, таптық белгісіне байланысты жер аудару тағы басқа мәселелерін ашқан жоқ.
1980 жж. аяқ кезінен бастап қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси фактордың әсерлері талдана бастады. Әсіресе, М. Қ. Қозыбаев, Ж. Б. Абылхожиннің [16] еңбектерінде Қазақстандағы 1920-1940 жж. тоталитарлық жүйенің экономикадан тыс, күштеу саясатының дағдарыстарға толы әлеуметтік-демографиялық нәтижелері анықталды. Қазақстан жұмысшыларының саны, ұлттық, жасы мен жыныстық құрамы, білім деңгейі, мамандық түрлері мәселелерін қарастырған екі томнан тұратын еңбек жарық көрді. Зерттеудің мерзімдік шеңбері 1917-1937 және 1938-1960 жылдарды қамтыды. Ауылдық жерлердегі интеллигенция қауымының қалыптасуына, сананың өсуіне, ұлттық, жыныстық құрамына, даярлау жолдарына арналған Х. М. Әбжановтың зерттеуі шықты [17] .
Қазақстанның кеңестік дәуірдегі әлеуметтік демографиялық дамуы М. Х. Асылбеков пен Ғ. Б. Ғалиевтің және А. Ш. Алтаевтың арнайы монографияларында біртұтас және сан-салалы процесс ретінде алғашқы рет жан-жақты қарастырылды, бұл процестің болашақтағы дамуына ғылыми тұжырымдамалық болжамдар жасалды [10; 18] .
1990 ж. М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде ұжымдастыру жылдарындағы қазақ халқының демографиялық келбетін айқындайтын, халықтың азаюы мен апатқа ұшырауы салдарын ашқан тұжырымдары жарияланды. Онда Қазақстаннан тысқары кеткен қазақтардың саны мен әлеуметтік құрамы жөнінде құнды мәліметтер берілді [19] .
А. Н. Алексеенконың, Н. З. Тәкіжбаеваның ауыл халқының өсу қарқыны мен ұлттық құрамы, аймақтарға шоғырлануы, экономикалық аудандарға топтастырылуы қарастырылған докторлық диссертациялар қорғалды. Бірақ, бұл зерттеулер тек жарияланған санақ материалдарына ғана негізделген, мұнда 1939-1959 жж. аралығындағы туу, өлім-жітім, көші-қон, халық құрамының ішкі тенденциялық ерекшеліктеріне аз көңіл бөлінген [20] . С. Айымбетовтің кандидаттық диссертациясында Қазақстан халқының 1926-1939 жж. аралығындағы демографиялық жағдайы баяндалса [21], Л. Т. Қожекееваның диссертациясы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының әлеуметтік құрамы және демографиялық өзгерістерін зерттеді [22] .
Кеңестік тоталитарлық жүйенің мәні мен оның Қазақстандағы демографиялық үдерістерінің әсері М. Қ. Қозыбаев пен Қ. С. Алдажұманов еңбектерінде ашылды [23] .
Тарихи демография саласында аймақтар бойынша да зерттеу жұмыстары жарық көрді. Батыс Қазақстан халқының екі ғасырлық тарихи дамуы М. Н. Сыдықовтың монографиясында [24], Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мағлұматқа толы А. Н. Алексеенконың еңбегінде табиғи өсімге өлім-жітім көрсеткішінің әсері мен денсаулық сақтау мәселелері талданды. Орталық Қазақстанның ХІХ-ХХ ғасырлардағы демографиялық дамуына В. В. Козинаның еңбектері арналды [15] . Жетісу өлкесі бойынша докторлық диссертацияны М. К. Төлекова қорғаған еді [25] . Тарихи демография саласында Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша кандидаттық диссертациялар да қорғалды. Атап айтсақ, О. Д. Табылдиева - Маңғыстау, ал А. А. Какенова Солтүстік Қазақстан аймағы халқының демографиялық дамуын зерттеді.
Кеңестік тоталитарлық кезеңде «бұрынғы азаматтар» деген ұғымдарды зерттеуге идеологиялық тыйым салынғандықтан, шетелдік зерттеулерде ғана қарастырылып келген шет елдердегі қазақтар тарихы алғаш республикада К. Л. Есмағамбетов, Г. М. Меңдіқұлова монографияларында зерттелді [26] . Сонымен қатар, қазақ ириденттері тарихы А. В. Коновалованың [27] тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде талданды.
Қазақстанда 1939-1959 жылдардың аралығында болған халықтың әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістер саны, орналасуы, өсіп-өну ерекшеліктері және көші-қон процестерінің ұлттық құрамға тигізген әсері А. И. Құдайбергенованың кандидаттық диссертациясында талданды [28] .
Тарихи демография саласындағы жетістіктерді тарихнамалық талдауға С. И. Ковальскаяның [29], М. Х. Асылбеков пен Л. Х. Төлешованың [30] еңбектері арналған. С. И. Ковальскаяның кандидаттық диссертациясында негізінен ХVІІІ және ХІХ ғасырдағы көші-қон мәселесі қамтылып, ХХ ғасыр мәселесі толық жазылмаған. Ал, М. Х. Асылбеков пен Л. Х. Төлешованың монографиясында ХХ ғасырдағы демографиялық мәселерге тарихнамалық талдау беріліп, көші-қон процестеріне де едәуір көңіл бөлген. Сондай-ақ, Б. Р. Найманбаевтың кандидадттық диссертациясында 1970-1989 жж. аралығындағы Қазақстанға қоныс аударылғандардың азаюы мен олардың кері көшуі жайында, сонымен қатар, олардың құқықтық жағдайы қарастырылған.
Қазақстанда тарихи демографияның дамуы мен методологиясы жайында көлемді ғылыми еңбектер де жарық көрді. Мысалы, М. Х. Асылбеков, А. Ш. Алтаевтың[18] және А. И. Құдайбергенованың көлемді мақалалары жарияланды[31] .
Тарихи демография мәселесіне байланысты ресейлік ғалымдардың да еңбектері жарыққа шықты. Олардың қатарына Н. Ф. Бугай [32], В. П. Данилов[33] және Н. И. Платунов, Т. М. Реннер, В. Хорев, В. Чапек, М. П. Малышева, В. С. Познанский, С. И. Брук, Ю. А. Поляков, В. Б. Жиромская, И. Н. Кисилев сияқты тағы басқа ғалымдардың еңбектері де жатады.
Аталып отырған тақырыпқа қатысты шетелдік ғылымдардың да зерттеулері баршылық, Қазақстандағы демографиялық ахуалға байланысты бірқатар мәселелер Р. Конквест [34], С. Г. Уиткрофт [35] және Х. Дэвис, М. Б. Олкот, А. Р. Льюс, Н. Р. Роулэнд және т. б. еңбектерінде баяндалған.
Сонымен, арналған әдебиеттерге шолу нәтижесінде, Қазақстанда 1926-1950 жылдардың аралығындағы көші-қон үдерістері, қуғын-сүргін және депортация мәселелері арнайы және жан-жақты зерттелмегені байқалады. Әсіресе, мұрағат қорларында сақталған тарихи деректерде кеңестік кезеңде әр түрлі ұлттардың Қазақстан территориясына қандай жағдайлармен қуғындалып келгендерін нақты дәлелдей түсуі қажет. Бұл тақырыптың арнайы және жан-жақты зерттелмегені байқалады. Мәселен, көптеген еңбектер жарық көргенімен, олардың жеткен жетістіктерін талдай отырып, мұрағат қорларындағы тарихи деректермен салыстыра қарастырған арнайы тарихи және тарихнамалық зерттеу жоқ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мақсаты 1930-1950 жылдар аралығындағы Қазақстандағы көші-қон үдерістері, қуғын-сүргін және депортация мәселелерінің себептерін, нәтижелерін кешенді түрде зерттеу және бұл мәселенің тарихнамасын ғылыми талдау. Осы мақсатқа жету үшін мынандай нақтылы міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
- Көші-қон үдерісі, қуғын-сүргін және депортация мәселелерінің тарихнамасына қатысты зерттеу еңбектерін ғылыми тұрғыдан талдау;
- Зерттеу еңбектердің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау нәтижесінде көші-қон үдерістері, қуғын-сүргін және депортация мәселелерінің зерттелмеген жақтарын белгілеп беру;
- Тарихнамалық жұмыстар мен тарихи деректерді салыстыра отырып, көші-қон үдерістерін, қуғын-сүргін және депортация мәселелерінің халық құрамына әкелген әсерін айқындау;
- Күштеп көшірілген ұлттардың ұлттық құрамға тигізген әсері, үлес салмағы, құқықтық жағдайын жаңа монографиялардағы және арнаулы зерттеулерден алынған мұрағат құжаттары арқылы көрсету;
- Ресей, Қытай халық Республикасынан т. б. келген көштің нәтижесінде қазақ халқының өсуіне мүмкін болған алғышарттарды талдау.
- Жер аударылған халықтардың халық шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесін көрсету;
- Қазақстанға жер аударылған халықтардың мәдени, құқықтық жағдайын анықтау;
- Халықтарды күштеп жер аударудың зардаптарын ашу.
Дерек көздері. Зерттеуде әртүрлі деректер пайдаланылды, олардың бастылары: 1) монографиялар мен зерттеулерде жарияланған мұрағат құжаттары мен мәліметтері; 2) 1926, 1937, 1939 және 1959 жылдардағы Бүкілодақтық халық санақтарының мәліметтері; 3) жарияланған статистикалық жинақтар; 4) баспасөз мәліметтері; 5) Демографиялық және көші-қон мәселелеріне арналған монографиялар, мақалалар және т. б. тарихнамалық талдаудың деректік негізі болды. Негізгі деректердің дені демография мәселесі бойынша жарық көрген зерттеулердің ішінде М. Х. Асылбеков пен Л. Х. Төлешованың тарихнамалық тұрғыдан жазған еңбегінде, сондай-ақ, М. Х. Асылбеков және А. И. Құдайбергенованың монографиясында көші-қон қозғалысына қатысты мұрағат, санақ материалдарына негізделген бірқатар мәселелер көтерілген. Осындай зерттеулер Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша да жасалды. Мәселен, Орталық Қазақстан бойынша В. В. Козинаның, Батыс Қазақстанның демографиялық жағдайы М. Н. Сдықовтың еңбегінде көрсетілсе, Жетісу халқының демографиялық дамуы М. К. Төлекованың зерттеуінде қарастырылды. Міне, осындай іргелі зерттеулерде көші-қон мәселесі ішінара болса да жазылған. Сондықтан, мұндай еңбектер тарихнамалық және тарихи тұрғыдан зерттеулер жасауға негіз болары сөзсіз.
Диплом жұмысы кіріспеден , екі тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 1930-1945 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп жер аудару және көші-қон мәселелері
1. 1 Қазақстандағы кеңестік саяси қуғын-сүргін мәселелері
ХХ ғасырда Ресей мемлекетінің саяси дамуы тікелей большевиктер қолында болды. Большевиктер мемлекет басына келісімен саяси ахуалды өз партиясының саяси платформасы арқылы дамытуға тырысты. Ресей қоғамының қалыптасуы тоталитарлық жүйенің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болды. Адам құқығының тапталуы мақсатында жүргізілген орасан зор саяси репрессия КСРО-ның саяси менталитетіне үлкен әсер етті. Халықтың санасы биліктің құлдық саясатына ыңғайланды. Сананы билеуде мемлекет жүйесі басты орынға шықты.
КСРО құрамында болған халықтардың барлығы большевиктердің саяси репрессиялар құрбандарына айналды. Бұл оқиғалардан Қазақстан да алшақ қалған жоқ. Қазақстанда саяси репрессиялар былай жүрді:
1. Қазақстан - КСРО-ның лагерлер жүйесінің көлемді бөлігіне айналды. Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің филиалдары бүкіл қазақ жерін қамтыды (Қарлаг, Жезказганлаг, АЛЖИР, Степлаг, Спасск еңбекпен түзеу лагері және т. б. ) .
2. Республика кеңес халықтарының депортациялану аймағына айналды. 1933-1950 жылдар аралығында қазақ жеріне көптеген ұлттар өкілдері жер аударылды («кулактар», «сенімсіз халықтар», «профашистік» ойдағы халықтар) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz