Отан соғысы майдандарында


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Букенова А. М.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мерзімді баспасөз мәліметтері Отан тарихын зерттеудегі дерек көзі.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011400 - «Тарих» мамандығы
Қарағанды 2019
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасының
меңгерушісі т. ғ. к., доцент
Ускембаев Қ. С.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мерзімді баспасөз мәліметтері Отан тарихын зерттеудегі дерек көзі»
5В011400 - «Тарих» мамандығы
Орындаған: Букенова А. М.
Ғылыми жетекші
т. ғ. к., доцент Альмагамбетова Д. Р.
Қарағанды 2019
Мазмұны
Кіріспе . . . 7
1 Екінші дүние жүзілік соғысы жылдарындағы мерзімді басылымдар тарихы
1. 1 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандық мерзімді басылымдар . . . 14
1. 2 Баспасөз бетіндегі жарияланған майдан мен тыл тақырыбы . . . 29
2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мерзімді баспасөз материалдары тарихи дерек көзі
2. 1 Баспасөз беттеріндегі қазақ жауынгерлерінің ерліктері . . . 42
2. 2 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдени және әлеуметтік өмірі (Қарағанды облысы материалдары бойынша) . . . 56
Қорытынды . . . 69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінге дейін адамзат тарихында он жеті мыңнан астам түрлі үлкен-кішілі соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең жантүршігерлігі 2-ші дүниежүзілік соғыс және оның ажырмас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды. Отанымыздың тарихында Ұлы Отан соғысының кезеңі ерекше орын алады. Мың төрт жүз он сегіз күнге созылған Ұлы Отан соғысы еліміздің тарихындағы ең ауыр, қатал сын болды. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының дүние жүзілік тарихи жеңісі адамзат баласының өміріндегі ең зор мағыналы ерліктің бірі.
Кеңес Одағының барлық халықтары топтасып, жеңіс жолында бар күш-жігерлерін жұмсап, өздерінің үлестерін қосты. Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Жеңіске Қазақстан халқының сіңірген еңбегі аз болмады. Қазақстандықтар майданда, тылда ерліктің небір үлгілерін көрсетті. Өкінішке орай, Қазақстан тарихына байланысты ғылыми-зерттеулерде маңызды оқиғалардың шындығы бүркемеленіп, бұрынғы үстем идеологияның арнасында жазылып келген болатын. Олардың бірі - Ұлы Отан соғысы тақырыбында да болды. Соғыс тарихы Кеңестік мемлекеттік жүйедегі идеологияның аясына, талаптарына бағындырылып, біркелкі жағымды жақтарынан ғана баяндалды. Қатаң идеологиялық бақылау жағдайында зерттеушілер соғыс тарихының көлеңке жақтарын ашып көрсете алмады. Осының салдарынан шынайы тарихтың біршама беттері көпшілік назарынан тыс қалып отырды. Солардың бірі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мерзімді баспасөз мәліметтерінің орны мен рөлі. Демек, қарастырып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға лайық, тарих ғылымындағы өзекті мәселелерердің бірі деп білеміз.
Тәуелсіздік алғаннан кейін тарих беттерін қайта саралап зерттеу батыл қолға алынды. Отан тарихы егемен ел талабына орай зерттеліп, бұрмаланып келген және ақиқаты ашылмаған мәселелер қайта қаралып, оған дерек көздерімен дәлелденген объективті бағасы беріле бастады. Соның нәтижесінде кеңестік идеология тыйым салып, қатаң бақылауға алған халық тарихы қайта зерделене бастады. Жазба дерек көздерінің бір парасы - мерзімді басылымдар. Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты уақиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін атқаратын мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құндыдеректер көзіне айналады. Халыққа болған оқиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзімді басылым, сол оқиға туралы өз бойына қажетті мағлұматтар да жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі де тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп, оқиғалардың кейбір қырларын ашуға көмектеседі.
Еліміздің тарихын объективті жазуға мүмкіндік тууына байланысты ұлттық деректерге, оның ішінде қазақ тіліндегі басылымдарға деген жаппай қызығушылық, оларды ел тарихының дерегі ретінде ғылыми айналымға молынан тарту, қазақ баспасөзін өзіндік ерекшеліктері бар тарихи дерек көзі ретінде кешенді талдаудың қажеттілігін қүннен-күнге арттырып отыр. Басқа деректер сияқты мерзімді басылым мәліметтері де тарихи «сынды», басқаша айтсақ, деректанулық талдауды кажет етеді. Сол арқылы ғана баспасөзден объективті мағлұмат алуға болады.
Алғашқы қазақ газеттерінен бастап, бүгінге дейін жалғасып жатқан баспасөз тарихындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жарық көрген газеттердің орны айтарлықтай бөлек, олар жеке кешенді зерттеудің нысаны бола алады. Соғыстың басталуы, халықтың майданға аттануы, қазақстандықтардың ерлік көрсетуі т. б. мәселелелерді ғылыми арнадан қайта зерделеу және бұрын айтылмаған соғыс жылдарындағы халықтың ауыр әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын мерзімді баспасөз материалдары бойынша зерттеудің маңызы артып, бүгінгі өмір талаптарының өзекті мәселесіне айналды.
Дипломдық жұмысы тақырыбының деректік негізіне түрлі жинақтарда жарияланған деректер мен мәліметтер мерзімді басылымдар ақпараттарын пайдаландық. Газеттерде жарияланған кез келген мәтін белгілі бір мәдени ортаның белгілерін, мәдениет бірліктерін, идеология мен идеяның элементтерін бойында жинақтай отырып сақтайды, сол арқылы ықпал жүргізу, әсер ету функцияларын іске асырады. Соғыс жылдарындағы газеттер де кеңестік идеологияны насихаттаушы мен идеологиялық үлгісі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы тарихнамасы жалпы одақтық тарихнаманың ажырамасы бөлігі ретінде қарастырылады. Қазақстан интеллигенциясының еңбектік ерліктері туралы жарияланымдар соғыс кезеңінен бастау алады. Мерзімді баспасөз беттерінде эвакуацияланған және қазақстандық партия қызметкерлерінің, ғылыми мен мәдениет қайраткерлерінің көптеген мақалалары жарық көрді. Оқиға куәгерлері Қазақстанның соғыс жылдарындағы мәдени өмірінің бейнесін қайта жаңғыртты[1] . 1942 ж. КП ОК жанынан құрылған Ұлы отан соғысы бойынша материалдарды жинау жөніндегі Комиссия соғыс жылдарының өзінде-ақ жинақталған материалдарды басып шығара бастады [2] . Оларда сонымен қатар соғыс жылдарындағы интеллигенция қызметінің жекелеген жақтары көрініс тапты. Кез келген дерек көздері сияқты, мерзімді басылым да объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі болып табылады . Ұлы Отан соғысын өз көзімен көрмеген, оның ауыр азабын бастан кешпеген жандардың Ұлы Жеңіс туралы ойға сыймайтын орынсыз пікірлері көпшіліктің, әсіресе, оқ пен оттың ортасынан оралған майдангерлер жанына үлкен жарақат салуда.
Ұлы Отан соғысы кезінде «Түркістан легионында» болған қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, қарақалпақ, т. б. тұтқындардың кейбіреулері аман-есен еліне қайта оралған соң, саяси-қуғын сүргінге ұшырап, тағы да «халық жауына» айналғандар аз болған жоқ. Осының айғағы ретінде мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайды алсақ, артық болмас. Соғыстың аты соғыс. Екі жақтың да соққысын көріп, қаншама боздақ кез жұмды десеңізші ?
Қазақстанда жарық көрген газет-журналдар да кеңестік саясатқа сай партия табысын мадақтаумен болды. Оның субъективтілігінің бір көрінісі - газет- журнал беттерінде жарық көрген мақалалар үгіт-насихаттық сипатта болғандықтан, партия қызметі тек қана жақсы жағынан бағаланып жазылды. Сондықтан да газет бетіндегі фактілердің мақсатты түрде субъективті бұрмалануы мүмкін. Осыған байланысты кез келген дерек сияқты мерзімді басылымдар да үлкен деректанулық сынды қажет етеді.
Соғыс жылдарында қазақ тілінде бірнеше газет жарық көріп, халық арасына таралған. Бұл жылдардағы газеттерді соғыс жылдарындағы басылымдар және майдан газеттері деп екіге бөліп қарастыруға болады [3, 64 б. ] .
Мерзімді басылымдардың қай-қайсысы да қоғамдық ұйымның, әлеуметтік топтың, немесе мемлекеттің мүддесіне орайластырылып жарыққа шығарылады. Сондықтан соғыс жылдарындағы газеттер де кеңес мемлекетінің және оның жауға қарсы қасиетті жорығында, Ұлы Отан соғысында қалай да жеңіске жету идеясын, халық мүддесін қолдайтын органдар болды, соған орай биліктің үні ретінде қоғамдық сананы өзінің керегі мен қажетіне қарай манипуляциялайды, ол үшін қажетті тілдік құралдарды барынша пайдаланды. Жалпы газет атаулыға тән бұл құбылыс соғыс жылдарындағы мерзімді басылымдар үшін жат болмады. Профессор Б. Момынова сол жылдардағы газеттерге тән манипулятивтік қызметті басылымнан алынған фактіге сүйеніп, былайша көрсетеді: «БАҚ-тың қазіргі кезде айтылып жүрген төртінші билік ретіндегі құдіретті күші соғыс жылдарында еселей артқан. Айталық, 1943 жылғы «Алға» газетінің 1-майдағы 7-нөмірінде «Баспасөз партияның ең күшті және өткір құралы» деген мақала жарияланған. Онда «Большевиктік баспасөздің ұлы анасы Правда газеті, Ленин-Сталин партиясының ең өткір, ең маңызды құралы екенін өзінің ісімен көрсетті . . . Демек, Ленин айтқандай: Газет біздің елімізде - социалистік құрылыстың берік құралы болып саналады. Ол бұхараны коммунизм рухында тәрбиелейді, помещиктер мен капиталистердің үстемдігісіз-ақ, өзі шаруашылықтарын басқара алатынын пропагандылап отырады», - делінген [3, 65-68 бб. ] .
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мерзімді баспасөз материалдары бойынша елдің саяси жағдайы, қазақ жауынгерлерінің жанқиярлық ерліктері, жалпы соғыс тақырыбы мәселесі кешенді түрде зерттелмегенмен, оның кейбір аспектілері жалпы Ұлы Отан соғысы тарихына арналған еңбектерде белгілі-бір дәрежеде көрініс тапқан.
Ұлы Отан соғысы тарихына қатысты мәліметтер кеңес тарихнамасында соғыс жылдарынан бері осы соғыстың себебі, зардабы туралы ғылыми еңбектер мен құжаттық жинақтар жеткілікті жазылып келеді.
Жалпы, Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеуді негізгі үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең - соғыс жылдарынан - 1950-шы жылдар арасын қамтиды;
Екіншісі - ХХ ғасырдың 50-шы жылдарының екінші кезеңінен - кеңес үкіметінің ыдырауына дейін;
Үшінші кезең - Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең.
Алғашқы кезеңде Қазақстан тарихнамасында қазақтандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, еңбек тылындағы кеңес адамдарының даңқты істері сол кезеңнің өзінде мерзімді баспасөз беттерінде, оның ішінде одақ көлеміндегі түрлі баспасөз және бұқаралық насихат құралдарының беттерінде жариялана бастады.
Сонымен қатар, КП ОК үгіт-насихат бөлімінің қызметкерлері, ғалымдар мен жазушылар бірігіп жазған, 1943 жылы басылып шыққан екі жинақта Қазақ КСР-нің соғысқа қатысуы және республика экономикасының соғыс жағдайына бейімделуі, сондай-ақ майдандағы қазақстандықтардың ерліктері талданып жан-жақты баяндалған [4] .
«Қазақ КСР тарихының» бірнеше рет жарық көрген басылымдарында және 1964-1967 жылдары аралығында Ұлы Отан соғысы тарихына арналған екі томдық еңбекте Қазақстандықтардың ерлік істері, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбектері, ел экономикасының майдан мүддесіне сай құрылуы және соғыс тарихына қатысты құжаттар мен материалдар берілді [5] .
Соғыс кезіндегі республика тарихын зер сала зерттеп, алғаш көлемді монографияларды жазған ғалымдар - Ғ. Әбішев және М. Қ. Қозыбаевтар болды. Тарихшы-ғалымдардың зерттеулерінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан, Қазақстан халқының майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп [6], «Қазақстан-майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Дегенмен еңбектердің коммунистік идеология тұрғысынан жазылғандығы айқын көрінеді.
1965 жылы жарық көрген тарихшы В. Я. Басиннің еңбегінде [7] соғыс жылдарындағы ауыр өнеркәсіп салаларының қызметі жан-жақты талданып, кең көлемде қарастырылды.
Жалпы, тарихшы Т. Балақаев пен К. Алдажұмановтың мәліметтері бойынша Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы 1941 жылдан бастап 1979 жылға дейінгі аралықта 25 монография, 11 мақалалар жинағы, құжаттар мен естеліктер, 200 - ге жуық ғылыми мақалалар, 20-дан астам естеліктер мен шағын кітапшалар жарық көрген [8, 115 б. ] .
Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеу 1980-шы жылдары да өз жалғасын тапты. Осы жылдары тарихшылар Т. Балақаев және Қ. Алдажұмановтардың еңбектерінде, жалпы Қазақстан еңбекшілерінің Жеңіске қосқан үлестері қарастырылса, Г. Д. Нұрбекова Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әйелдердің майданға қосқан үлесін барынша объективті баяндауға ұмтылды [9] . 1990-шы жылдары Ұлы Отан соғысы тақырыбын зерттеу аймақтық мәселелерге айнала бастады. Республиканың және жекеленген аймақтардың соғысқа қосқан үлестері, жеке тұлғалардың ерліктері зерттеле бастады. Олардың негізінде арнайы тарихи-әдеби еңбектер мен Жеңістің мерейтойларына арналып арнайы естелік кітаптар шығарылды.
Сонымен қатар, Тілеу Көлбаевтың «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» кітабында ел басына күн туған ауыр жылдарда қан майданда жаумен жағаласқан, тылда тынымсыз еңбек етіп, соғыс қиындықтарына төзе білген, Ұлы Жеңіске лайықты үлес қосқан Қазақстан еңбекшілерінің патриоттық істері жайлы сөз етіледі. Әсіресе, осы еңбектің үшінші тарауында қан майданда қару ұстаған қазақстандық қаламгерлер жайлы айтылады және майдандық қазақ газет беттеріндегі мақалаларға талдау жасалынған. Жалпы кітап мұрағат құжаттары менуақыт сынынан өткен, жарияланған деректердің, соғыс пен тыл ардагерлерінің естеліктері негізінде жазылған [10] .
Ұлы Отан соғысы мәселелеріне арналып, жарық көрген еңбектердің саны өте көп, мазмұны жағынан алуан түрлі. Дегенмен мерзімді баспасөз материалдары бойынша Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған арнайы зерттеу жұмыстарын кездестірмедік.
Ұлы Отан соғысындағы Бақтыораз Бейсекбаев атты қазақ жауынгерінің еленбей келген ерлігіне жанашырлық танытқан, 1995-98 жылдардағы қазақбаспасөзі, оныңішінде «Егемен Қазақстан», «Столичное обозрение» газеттері көптеген мақалалар жазды.
«Ресей батыры Бахтурас Бейксекбаев» («Егемен Қазақстан», 1997 жыл 30 қаңтар, Арғынбай Бекбосын), «Қаһарман қазақ» (Егемен Қазақстан, 1998 жыл 7 мамыр, Мейрамбек Телепберген), «Истина близка, еще раз о Герое Казахстана и Герое России», («Столичное обозрение», 1998 жыл, 26 июль, Мұхтар Құл-Мұхаммед, кандидат исторических наук) деген [11] тақырыптарда осы басылымдардың басшылары мен журналистері тарихи шынайылық деңгейі жоғары деректерді анықтауға үлкен үлес қосты.
Зерттеу тақырыбымызға байланысты «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» атты библиографиялық көрсеткішті атауға болады. Бұл библиографиялық көрсеткіш Ұлы Отан соғысында халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлеріне арналған. Олардың өмірі мен жасаған ерліктері туралы баяндалған. Кітаптар мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалардан құралған 685 атаудан тұратын библиографиялық көрсеткіш. Мерзімді басылымдар бетінен алынған мақалалар тізімі кері хронологиямен реттелген. [12]
Сонымен қатар, Г. Өтеннің «Қазақ жауынгерлерінің жанқиярлық ерліктері» атты мақаласы мерзімді басылымдар деректері бойынша зерттеліп жазылған. Автор Ұлы Отан соғысы жылдары көзсіз ерлік көрсеткен қазақ батырларына тоқталып өткен [13] . Қ. Сүндетұлы да «Қолында мылтығы, қалтасында қаламы» атты мақаласында Ақтөбе қаласында шыққан «Алға жауға қарсы» және «Отан үшін» майдандық газеттерге шолу жасап өткен. Газет беттерінде Қызыл Армияның батырлық ерліктері, Жеңіске шақырған қазақ ақындарының өлеңдері сипатталған. Әсіресе, осы газеттердің редакторы болған Ж. Аймұратовтың қызметіне тоқталған[14] .
Зерттеудің дереккөздері: Тақырыбымды зерттеу барысында негізгі дереккөздерін мерзімді баспасөз материалдары құрады. Оған: 1941, 1942, 1943, 1944, 1945 жылдардағы мерзімді басылымдар жатады. Мысалы: «Социалистік Қазақстан» газетінің 1941, 1942, 1943, 1944, 1945 жылғы нөмірлері. Екінші, «Лениншіл жас» газеті, 1941 және 1945 жылғы бірнеше нөмірі (желтоқсан), редакторлары Х. Көшеков, Ж. Алтайбаев, Ж. Суров. Қаңтар - наурыз айларының редакторы - Х. Көшеков; наурыз - тамыз - Ж. Алтайбаев; тамыз - желтоқсан айларында - Ж. Суров. Алғашқы нөмірлері латын әрпімен, Ж. Алтайбаев редактордың міндетін атқарған уақыттарда латын және кирилл әліпбиімен араластыра жазуға бет бұрған. Ж. Суров редакторлығы кезінде газет таза кирилл әліпбиіне негізделген қазақ жазуына көшкен. Үшінші, «Большевиктік жол» КК(б) П облыстық, қалалық комитеттерінің және еңбекшілері депутаттарының облыстық советінің газеті. Газеттің бас редакторы Х. Бекхожин. 1944-1945 жж нөмерлері.
Сол жылдары шыққан қазақ газеттері «Отан үшін» (1943-1945 жж. ) Қызыләскерлер газеті («Красноармейская газета»), «Жауды жоюға» (На разгром врага), «Майдан правдасы» (Фронтовая правда) - Волхов майданының жауынгерлерінің газеті, алғашқы саны 1942 жылы 30 қыркүйекте жарыққа шыққан, «Отан қорғауда» («На страже Родины») - майдандағы қызыл әскерлердің газеті, 1943 жылдан шыға бастаған; «Алға жауға қарсы» («Вперед на врага») - бұл да майдан шебінде шыққан газет. Жауапты редакторы - Н. С. Кассин, жауапты редактордың орынбасары - С. Машақов, кейде жауапты орынбасардың орнына Д. Әбілов қол қойып отырған; «Отан үшін ұрысқа» - (В бой за Родину) - Карелия майданы Қызыл әскерлерінің газеті. Жетісіне 1 рет 1944 жылдың 1 қаңтарында шыққан; «Сталин туы» (Сталинская знамя) - бұл газеттің қай майданның газеті екені көрсетілмеген, ал жауапты редакторы әр жылдары әр басқа адамдардан болған. 1943 жылы Л. И. Троскулов, жауапты орынбасары Э. Н. Ипмағамбетов екені көрсетілсе, орынбасары үшін М. Б. Дінішев (1944 жылы) деп көрсетілген және т. б. газет-журналдарымен қатар облыстық «Большевиктік жол»мерзімдік баспасөз материалдары зерделеніп ғылыми айналымға қосылды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Мерзімді басылымдарының Ұлы Отан соғысы тарихының дерек көзі ретіндегі орны мен ерекшеліктерін, олардағы ақпараттардың мәліметтік және шынайылық дәрежесін анықтау. Жалпы ғылыми құндылығын, соғыс уақытындағы халықтың өмірінбаспасөз бетінде бейнелеу деңгейін анықтау, баспасөзге деректанулық талдау жасау.
Зерттеудің осы мақсатын орындау үшін шешуге тиісті төмендегідей міндеттер қойылды:
- Соғыс жылдарындағы газеттердің шығу тарихына тоқталып, ерекшеліктерін анықтау;
- Баспасөз бетіндегі майдан мен тыл тақырыбына талдау жасай отырып, мемлекет тарапынан жүргізілген іс-шараларға халықтың көзқарастарын саралау, өңір халқының ел қорғауға аттануына баға беру;
- Майдандық баспасөз беттеріндегіқазақ көрсету және олардың деректік маңызын айқындау;
- Қостанай облысы бойыншабаспасөз бетіндегі майдан мен тыл тақырыбын зерделей отырып, соғыс жылдарындағы өңір халқының бастан өткерген қиындықтарын айқындай отырып, оларды шешу жолдарындағы әрекеттерін, жеңіске қосқан өзіндік үлестерін, баршаға жасаған қамқорлығын саралай отырып, төзімшіл, қайсар, бауырмал, кішіпейіл халық ретінде мемлекеттің тұтастығына тигізген ықпалын ашып көрсету;
Зерттеудің теориялық-методологиялық негізін бүгінгі уақытқа дейінтарих ғылымында қалыптасқан ғылыми-әдістемелік қағидалар мен тұжырымдар құрайды. Олардың негізгілері ретінде тарихилық, ғылымилық, шынайылық, нақтылық, жүйелілік сияқты принциптері басшылыққа алынды. Ол бізге Ұлы Отан соғысы тарихының дерегі ретінде қарастырылып отырған мерзімді басылымдарды барлық қайшылықтарымен қоса комплексті талдауға, басылымдардың пайда болған уақытының ерекшеліктерін, сол кезеңдегі оқиғаларды зерттеуге көмектесті. Ал, бұл факторлардың, өз кезегінде, нақты басылымнан алынған ақпараттардың шынайылық дәрежесін анықтауға әсер етері түсінікті.
Сонымен қатар, зерттеу мақсатына жету үшін салыстырмалық, статистикалық, сұрыптау, талдау әдістері кеңінен қолданылды.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері: Ұлы Отан соғысы кезеңі, яғни 1941-1945 жылдар аралығын қамтиды.
Диплом жұмысының территориялық шегі: Соғыс жылдарындағы Қазақстан Республикасы аумағын қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 Екінші дүние жүзілік соғысы жылдарындағы мерзімді басылымдар тарихы
1. 1 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандық газеттердің шығарылуы және ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz