Түркістан автономиясының күйреуі жайлы мағлұмат беру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Нурмаганова Г.Ж.
Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011400 - Тарих мамандығы
Қарағанды 2019
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Қорғауға жіберілді
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасының
меңгерушісі т.ғ.к., доцент
________Ускембаев Қ.С.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы
5В011400 - Тарих мамандығы
Орындаған: Нурмаганова Г.Ж.
Ғылыми жетекші
т. ғ. к., доцент: Мырзахметова А.Ж.
Қарағанды 2019
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1 Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысының бастау көзі
1.1 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі жалпы Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2 1917ж. ақпан төңкерісінен кейінгі қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуал ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 Қоқан автономиясы
2.1 Қоқан автономиясының орнауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.2 Қоқан автономиясының қызметі және оның күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.3 Қоқан автономиясының тарихи сахнадан кетуі және оның маңызы ... ...57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күн тәуелсіздігімізді алып, бесігімізді түзеп енді ғана тарихқа көз салып, еңсемізді түзеген кезіміз. Сондықтанд да өз төл тарихымызды жаңа қырынынан зерттеуге мүмкіндік ала бастадық. Сол орайда бұрын Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы 70 жылдан астам ресми өкімет тапапынан тыйым салынған тарихымыздың ақтаңдақ беттері болып келгендіктен оны зерттеушілер соңғы жылдары ғана зерттеуге мүмкіндік алды. Отар елдің тарихын үнемі жаулаушы мемлекет жазатыны ол-айтпаса да белгілі де нәрсе. Тарихымызда әлі де зерттелмей, өз бағасын ала алмай келе жатқан тың деректер жетерлік. Алаш қозғалысының, Түркістан (Қоқан) автономиясының басшылары көтерген идеяларды сол кездерде большевиктер бұрмалап, қолдар келгенше халыққа кері қырынан көрсетуге тырысты. Олардың бағдарламаларын ұрлап, өздерінің шығарған бағдарламарындай жариялап жатты. Ақиқат жеңеді, бірпақ кешігіп жүреді дегендей, кешіксе де келер ұрпақ бізге де жетті. Сол себепті отандық тарих ғылымының алдында әлі де толық зерттелмеген, таса да қалып қойған мәселелер аз емес. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Бұл уақыт аралығында қазақ халқының басына небір қиын-қыстау заман туып, тонау мен қанаудың озбырлы саясаттың қарамағына ілінді. Атап айтар болсақ, 1914-1918 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндіріп Бірінші дүниежүзілік соғыс орын алды. Соның салдарынан 1916 жылы 25 маусым күні орыс емес бұратана халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер азаматтары соғысып жатқан әскер шебінде қорғаныс құрылыстарын салу мен тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша жарлығы жарияланды т.б. Патша үкіметінің Жарлығы наразылығын тудырып, отарлық езгінің шегі, халық ереуілінің алғы шарттары болды. Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде болған мұндай саясаттың салдарынан халықтар ұлттық мүдде жолында озбырлыққа қарсы бой көтеріп, ұлт-азаттық қозғалыс қарқынды даму жолына түсті. Қазақ даласында осылайша жалпы ұлттық дағдарыс жетіле түсті. Бұл өршіл рух 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласты. Жоғарыда аталған жағдай патша үкіметінің жүргізген озбыр саясатына көрсетілген үлкен саясаттың бір көрінісі ғана. Бұған қоса езгіге ұшыраған ұлт өкілдері түркі халықтарының бірлескен үкіметін құруға бел буады. Сол жылдың ақпан және қазан айларында болған мемлекеттік төңкерістер, елдің тарихын да, тағдырын да түбегейлі өзгерістерге ұшыратты. Өзінің ауқымдылығы жағынан да, салдары жағынан да аса маңызды оқиғалар қатарына жататын ақпан төңкерісінің де, қазан төңкерісінің де тарихы мен маңызы объективті зерттеу қолға алынып жатыр.
ХХ ғасырдың басында болған Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен барысын және Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы мен қызметін талдау қолға алынып жатыр. Қазақстан тарихында Түркістан
автономиясы бүгінгі тәуелсіз, егемен ұлттық мемлекеттілігіміздің ізашары ретінде қарастыруымыздың мүмкіндігі туып отыр.
Түркістан автномиясы аз ғана күн өмір сүрсе де, бұл автономияны тек саяси құрылым ретінде ғана қарау жеткіліксіз. Оны дербес мемлекет құрылымы аясында қарастырған орынды болмақ. Оның саяси тәжірибесі мен тарихи маңызы өте зор болды. Ең маңыздысы сол, бүгінгі тәуелсіз, ұлттық мемлекетіміздің алғашқы жобасы сол кезде сызылып алғашқы іргетасы сол кездегі ұлт мүддесін ту етіп көтерген саяси элитаның қолымен қаланды. Бүгінде Қоқан автономиясының тарихын білу - әр азаматқа парыз. Түбі бір түрік елін киелі бір шаңырақтың астына біріктіруді діттеген Мұхамеджан Тынышпаев пен Мұстафа Шоқай сынды Алаш арыстары Қоқан автономиясын құрды. Тарихымызда алтын әріппен жазылып қалған мемлекетті бүгінде тарихи еңбектерде әр түрлі аталынып жүр. Түркістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан Мұхтариаты деп аталынып кеткен бұл мемлекет тарих сахнасында аз ғана уақыт өмір сүрсе де, үлкен маңызға ие. Шағын дипломдық жұмысымда мен аталмыш Орда туралы сөз етіп, оны зерттеуге тырыстым. Дегенмен де, бұл тақырып әлі де терең зерттеуді қажет ететіндігін атап өткен жөн.
Тақырыпты жан - жақты және терең зерттеу ең алдымен өткен тарихқа дұрыс баға берумен байланысты. Отан тарихында терең із қалдырған оқиғалардың бірі болып танылатын Түркістан автономиясының атқарған қызметінің тарихына үңіліп қарасақ, тек қазақ халқының емес, сонымен қатар Азия мұсылмандарының бірлескен мемлекеті ретінде қалыптасуы мен дамуы, мәдени - өркениеттік деңгейінің жоғарылануын байқаймыз.
Біздің жұмысымыздың тақырыбы - Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы. ХХ ғасыр басы қазақ халқы өзінің ұлттық дербестігін алуға ұмтылған уақыт. Бұл дипломдық жұмыста қарастырылатын мәселе 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыс және сол жылы қарашада құрылған Түркістан автономиясы аясында болған саяси оқиғалар.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - ХХ ғасырдың басындағы Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын зерттеу. Аталған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей нақты міндеттер қойылды.
1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалды білу;
1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі өлкеде қалыптасқан күрделі жағдайды зерттеу;
Орталық Азияның тарихында ойып орын алған Түркістан автономиясының құрылуының алғы шарттарын, қызметін ашып көрсету;
Түркістан автономиясының күйреуі жайлы мағлұмат беру;
Түркістан автономиясының тарихи сахнадан кетуін және оның Қазақстан тарихында алатын маңыздылығын ашу.
Диплом жұмысының тарихнамасы. Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихи алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетудің оңтайлы Қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі Отандық тарихнама ғылым дамуының деңгейіне толығымен сәйкес келетін дүние танымдық картина бере алмайды, өйткені оның кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеологиялық - саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше феномен болатын.
Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ мемлекетіміздің ірге тасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиетті де қасіретті күрестің тарихын және ұлт мүддесі жолында күрескен қазақ зиялыларының өмірі мен қызметін зерттеп тануға қазіргі таңда зор мүмкіндіктер туып отыр. Бүгіндер біз туған еліміздің, Отанымыздың шынайы тарихын білуге деген ұлттық сана-сезімнің бұрын-соңды болмаған өрлеуінің куәсі болып отырмыз.
Тарихымызға деген қоғамдық сұраныстың жоғарғы деңгейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылды Жалпы-ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, 1998 жылы Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы, ал, 1999 жылды Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы - деп жариялауы, тарихи танымның қоғамдық дамуда алатын орнын терең ұғынудан туған шара екендігі даусыз.
Сондықтан біз үшін ең қажеттісі - шындықты бұрмалаусыз, боямасыз көрсету болып табылады. Бұл ұсынылып отырған дипломдық жұмыста кеңестік кезеңде жарық көрген және соңғы кездегі жаңа деректерді ескере отырып жазылды.
Қоқан автономиясы тақырыбы бойынша сүбелі зерттеу жұмыстары жүргізілмеуінің әрқандай себептері бар. Ең бастысы - Түркістан автономиясы өзге егеменді елдің территориясында іске асқандықтан ортақ үй оңаша отауларға бөлінгенде тарих та еншіге түскен сыңайлы. Сондықтан Қоқан автономиясы тақырыбы өзге елдің тарихы ретінде қосалқы деңгейде зерттеліп, көбіне жалпылама, эпизодтық сипаттаулармен шектеліп келді. Нәтижесінде отандық тарихымыздың сындарлы кезеңдегі қатпары қалың күрделі құбылысы елеусіз қалды.
1991 жылдан Қазақстан тарихын зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Бұл ретте қазірге дейін келе жатқан әдіснамалық императивтердің (кесімді талаптардың) ғылыми негізінің жоқтығын сезіну мен жаңа теориялық аппараттарды және неғұрлым жетілген тұғырнамалық құралдарды меңгеру қажеттілігі өзінен - өзі түсінікті.
Түркістан автономиясы, Алашорда үкіметіне байланысты ерекше құнды дүниелерге Алаш көсемдері Ә.Бөкейханның, Ә.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқайдың, т.б. қайраткерлердің жеке шығармалары жатады. Олар шығармаларынада сол кезеңдегі тарихи оқиғаларға шынайы түрде нақты бағаларын береді. Ш.Уалиханов атындағы тарих, этнология және Ахеология институтының директоры профессор М.Қойгелдиев алғашқылардың бірі болып табылады. Алаш қозғалысы деп аталатын монографияда кеңес үкіметі тұсында барынша бұрмаланған қазақ-демократиялық интеллигенциясының қызметін көрсетіп, бұрын ғылыми айналымға түспеген деректер негізінде баға берген К.Нұрпейісов Алаш рәм Алашорда атты ғылыми еңбегінде Алашорда үкіметіне лайықты бағасын берген. Зерттеушілік ойдың жандануы мен деректемелік негіздердің кеңеюі жарияланған жұмыстардың сапасына оң ықпал етті. Проблемалық мақалалар, ғылыми конференциялар мен семинарлардағы, Дөңгелек үстелдердегі пікірталасты материалдармен бірге, жалпы тұрғыдан зерттеуші, монаграфиялық сипаттағы еңбектер, энциклопедиялық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық-деректі басылымдар жарық көре бастады. Солардың бірі ретінде М.Қозыбаевтың [1], М.Қойгелдиевтің [2], К.Нұрпеисовтің [3], М.Құл-Мұхамед және Д.Аманжолованың [4], М.Шоқайдың [5], Т.Омарбековтың [6], Ч.Мусиннің [7], Б.Сулейменовтың [8], Ә.Қараның [9] және т.б. еңбектерін атауға болады.
1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық - демократиялық және Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың, оның ішінде академик М.Қ.Қозыбаевтың [1] еңбектерінде Ақпан төңкерісінің, дәлірек айтсақ, Уақытша үкімет қызметінің Қазақстан үшін жағымды нәтижелеріне назар аударылды.
Түркістан автономиясы үкіметі мен Алаш қозғалысының қызметін тығыз бірлікте қарастырған ұлттық ғылым Академиясының академигі К.Нүрпейісов. М.Тынышбаевтың Жетісуға қоныс аударуына және М.Шоқайұлының шетелдік эммиграцияға кетуінің (Грузия-Түркия-Германия-Франция) нәтижесінде жетекшілерінен айырылған Алаштың оңтүстік қанаты 1918 жылдың көктеміне қарай іс жүзінде тарқады. Оның мүшелерінің кейбіреуі белсенді саяси қызметтен кетсе, екіншілері большевиктер жағына шықты, ал Жетісудағы Алаш ұйымының көрнекті мүшелері Ыбырайым Жайнақов, Отыншы Әлжанов, Төлебай Дүйсенбаев және тағы басқалар қытай ауып кетіп, сол жақтан большевиктерге қарсы қарулы қарсылық ұйымдастыру әрекетін жасады. Сонымен, Алаштың оңтүстік қанаты үш ай бойы ғана Совет үкіметіне қарсы белсенді қарсылық көрсете алды [3, 147 б] деп алғаш рет Алаш қозғалысының оңтүстік қанаты ретінде Түркістан қозғалысын Отан тарихының құрамында қарастырады.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Чапай Мусин Қазақстан тарихы [7] оқулығында көне заманнан біздің дәуірімізге дейінгі Қазақстан тарихы кезең-кезеңмен баяндалады. Бұрын соңды жарық көрген негізгі тарихи еңбектер мен қазақ халқының тарихына бүгінгі таңда қалыптасып жатқан көзқарастарға сүйене отырып жазылған. Бұл оқулықта ХХ ғасырдың басы мен 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі кезеңді қарастырады. 1905-1907 жылдар аралығындағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы, Столыпиннің аграрлық реформасы, отарлық қоныстандыру саясаты мәселерін баяндайды.
Кеңес өкіметі кезінде ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар жайлы жазу ресми саясатқа тікелей тәуелді болды. Ресей империясындағы түркі-мұсылман халықтарының ХХ ғ. басындағы азаттық қозғалысының өрлеуі барысында дүниеге келген қоғамдық-саяси ұйымдарды реакциялық сипаттағы етіп көрсету кеңестік тарих ғылымына тән құбылысқа айналды. Мұны Б.Сүлейменовтың Иттифақ ұйымы жайлы жазғанынан да аңғаруға болады [8].
Тарих ғылымдарының докторы Ә.Қара Мұстафа Шоқай. Өмірі. Күресі. Шығармашылығы. [9] атты өзінің еңбегінде Еуропа тілдерінде жазылған, түрлі шетелдік мұрағаттарда сақталған құжаттарды алғаш рет пайдалана отырып, Мұстафа Шоқай өмірінің қазақ оқырмандарына беймәлім қырын ашады, соны деректер ұсынады. Әсіресе оның түркі халықтарының бірлігі жолындағы жанқиярлық күресі, өмірінің соңғы сәттеріндегі талайлы тағдыры жан-жақты баяндалады. Ә.Қара Мұстафа Шоқай өмірін баяндай отырып, оның атқарған қызметтері туралы мағлұмат береді. Оның ішінде, Орта Азияда қазақ, қырғыз, түрікмен және өзбек халықтарының бір шаңырақ астында біріктіретін Түркістан мемлекетінің идеясы.
Ұлттық тарих ғылымына жаңашыл көзқарас орнықтырған профессор М.Қойгелдиевтің Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай [10] атты еңбегінде Мұстафа Шоқайды еске алу, оның өмір жолы мен қызметін баяндай отырып, ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық және әлеуметтік қайта жаңғыру үшін басталған қозғалыстың нәтижесі ретінде Түркістан автономиясын қарастырады. Қойгелдиев М. Ресей империясының идеологтары Еділ мен Жайықтың шығыс жақ бетіндегі түркі халықтарын өсіп өркендеу жолына түскен дербес этникалық қауым, саяси және мәдени күш ретінде көргісі келмеді, керісінше, оларды империяның күшеюі барысында өздеріне тән табиғи ерекшеліктерінен айырылған және біртіндеп орыстануға тиіс тұрғындар қатарына жатқызады деп атап көрсетеді [10, 28 б]. Бұл кеңестік билікке қарсы ұлттық тәуелсіздік туын көтерген Түркістан автономиясының рөлі ерекше болғандығын мойындайды.
Х.Тұрсын Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және Түркістан Мухтарияты тарихи, саяси және ұлттық аспектілері [11] атты монографиясында Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыс барысында орнаған тұңғыш ұлттық-мемлекеттік құрылым - Түркістан автономиясының құрылуы мен күйреу тарихы ұлттық мүдде тұрғысынан жан-жақты қарастырылған. Сол сияқты сабақтас саяси құбылыс ретінде Түркістан және Алаш қозғалыстарының ортақ белгілері, ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне талдау жасалып, баға беріледі және осы қозғалыстардағы ұлттық элита өкілдерінің қызметі сипатталады.
М.Қойгелдиев ұлт-азаттық қозғалыстың дамуын уақыт және кеңестік шеңберінде саралайды. Сөйтіп, қазақ жерінде патшалық империя мен орыстық зорлыққа қарсы шын мәніндегі мақсатты, ұлттың әлеуметтік күштерін қамтыған саяси қозғалыс 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде басталды. Осы жылдың ортасында Алаш партиясының, соңына қарай Түркістан автономиясының (Қоқанда), ал оның артын ала Алашорда үкіметінің (Орынборда) құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын дейді [12, 67 б]. Ол кеңестік тарихнамада Түркістан автономиясының тарихи маңызы төмендете көрсетіліп келгендігін айта келіп, шын мәнінде Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясы мен Түркістан Уақытша үкіметі өлке үшін ең негізгі мәселе - жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын мойындауда ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойған Ташкендегі жаңа билікке балама есебінде өмірге келген жалпыөлкелік саяси құрылымдар еді [12, 67 б] деп баға береді.
Зерттеулердің арасынан С.Ағзамходжаевтың [13] еңбегін ерекше бөліп атауға болады. Кеңес Одағы тарқағаннан соңғы тәуелсіздік шеруі С.Ағзамходжаевқатарихи тақырыпты ұлттық мүдде тұрғысынан батыл қарастыруда кең мүмкіндіктерге жол ашқан. Тақырыпты ашудың жаңа мақсаттары мен жалпыадамзаттық құндылықтарға бағыт ұстаған тың зерттеу тәсілдері негізінде жазылған еңбек тарихи процестерге баға берудегі жаңашылдығымен, теориялық, танымдық, ой-тұжырымдарының сонылығымен ерекшеленеді. Автордың Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалысты органикалық бірлікте қарастыруы өте құптарлық ниет. Әйтсе де ол бірлік, ол тұтастық қозғалыстың көпұлттық емес, моноұлттық сипатын негіздеу арқылы тарихи құбылысты тар ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру тенденциясы орын алған. Өлкедегі қазақ, қырғыз, түрікмен халықтарының Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына тартылуы туралы сюжеттердің қарастырылмауы, осы халықтардың тақырыпқа қатысты бұрыңғы-соңғы дереккөздерінің, зерттеу жетістіктерінің пайдаланылмауы таным аясын барынша шектеген. Осыдан келіп, Түркістан автономиясы біріңғай жәдитшілік қозғалыстың қол жеткізген түпкі нәтижесі ретінде түркістандық, аумақтық бірегей құбылыс ретінде дараланады. Еңбекте жәдитшілік қозғалыстың шығыстық шығыстық (араб, парсы) ықпалына баса көңіл бөлініп, Қырым, Қазан жәдитшілерінің ықпал, әсері жан-жақты тәптіштеледі де, іргелес Алаш қозғалысымен байланыс мүлдем назардан тыс қалады.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысында қарастырылып отырған мәселені ашып көрсету мақсатында, жарияланған құжаттық материалдар жинағы, ғылыми еңбектердің мәліметтері, сол тарихи кезеңде шығып тұрған баспасөз материалдары және ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметіне атсалысқан қайраткерлердің естеліктері дерек көзі ретінде ғылыми айналымға тартылды.
Зерттеу жұмысында Қазақ, Бірлік туы секілді ұлттық басылымдардың беттерінде жарық көрген материалдар кеңінен қолданыс тапты. Түркістан аймағындағы ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы мен қызметін зерттеуде бұл басылымдардың мағлұматтарының орны ерекше. Әсіресе, Бірлік туы газеті беттерінде сол кездегі Түркістан аймағындағы өңірлерде құрылған қоғамдық-саяси ұйымдардың Уақытша үкімет жағдайында халықтың саяси белсенділігін арттырып, Жетісу босқындарына көмек көрсету, жер мәселесіне қатысты жергілікті халықтың талап-тілектерін қанағаттандыру, халықты Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлауға даярлау бағытында атқарған жұмыстары көрініс тапқан. Сондай-ақ Бірлік туы газеті беттеріндегі материалдар ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың өзара қарым-қатынасын және олардың кеңестік билікке байланысты ұстанымдарындағы ерекшеліктерді әрі олардың Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметіне деген көзқарастарын
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, әр тарау бірнеше мәселені қамтиды, қорытынды, қосымшалар, қысқартулар және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының әдістік-әдістемелік бағытын қалыптастыруда бірқатар әдіс тәсілдер қолданылды. ХХ ғ. басында құрылған Қоқан автономиясы:құрылу тарихы, қызметі, күйреуі туралы материалдары, ғылыми зерттеу еңбектерін салыстыра қолдану жұмыстың құнды негізі болмақ.

1.1 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі жалпы Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал
Қазақ өлкесінің ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында Ресей империясы тарапынан саяси-әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани жағынан отарлануы оның метрополияға толықтай тәуелділікке түсуін одан әрі жеделдетті. Бұл өз деңгейінде отар елдің метрополияға қарсы наразылығын күшейтіп, қазақ халқының ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында саяси және әлеуметтік белсенділігінің артуына, ұлттық сана-сезімінің оянуына, тәуелсіздік пен азаттық күрес жолындағы жаңаша қоғамдық ой-пиғылдардың пайда болуына жол ашты. Ғасыр басындағы Алаш зиялыларын ұлы істерге жұмылдырған, қоғамдық-саяси, шығармашылық ізденістеріне негіз қалаған ұлттық идеяның бастау бұлағы, біріншіден, туған халқының жан төзгісіз ауыр халы, екіншіден, қайшылыққа белшесінен батқан Ресейде либерализмнің күшеюі, үшіншіден, әлемде ұлт-азаттық қозғалысының жандануы болса, мәні мен міндеттері 1905-1907 жылдарғы бірінші орыс революциясы тұсында жүйеленді. Сол бір кезеңді Ә.Бөкейхан былайша сипаттаған екен: Вся степь была вовлечена в сферу политики и захвачена потоком освободительного движения. Началась оживленная переписка о нуждах киргизского народа. Указ 17 апреля о веротерпимости еще более приподнял настроение. Весной 1905 года, с наступлением привольной жизни, в степи на летних стоянках начались съезды, на которых обсуждались местные нужды и нужды всей киргизской народности. Все больше степные ярмарки этого года стали ареной киргизских политических съездов, где киргизы обсуждали и подписывали, поданные потом на Высочайшее имя, петиции. На этих же съездах были избраны делегаты, уполномоченные лично подать эти петиции. Религиозные и земельные вопросы стояли у киргиз впереди вопросов политической свободы. Әрине, Сырым, Исатай-Махамбет, Кенесары басқарған ілгерідегі ұлт-азаттық қозғалыстары зая кетпегені рас. Бірақ оларда нақты практикалық іс-әрекет, өңірлік шектелу басым түсіп жататын. Енді іс-әрекет бүкіл сайын даланы қамтыған саяси-теориялық ой-сананың сапалы жаңа биікке көтерілуімен, ұйымдасуымен, дәуірінің үдесінен шыққан партияны құруға талпыныспен толықты. Бұл орайда 1905 жылғы маусым айында қабылданған Қарқаралы петициясы мен желтоқсан айында бес облыс зиялыларының басын қосқан Орал сьезінің маңызы ерекше. Академик К.Нұрпейісовтің пікірінше, Оралдағы басқосуда Алаш партиясының бастау көзінде тұрған қайраткерлер кадеттердің қазақстандық филиалын құруды мақсат еткен жоқ, олар кадеттер үлгісіндегі жалпыұлттық саяси партия құруды көздеді. Оған дейін әлі де 12 жылдай өмір жолынан өту керек болды. Ал Қарқаралы петициясына келсек, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Ж.Ақпаев дайындаған бұл құжатта Ресей үкіметінің алдына экономикалық, мәдени-рухани, әлеуметтік талаптармен қоса алғашқы саяси талаптар да (земство беру, орыстандыру саясатын айыптау) қойылды. Кейінде М.Әуезов айтқандай, ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған [3,18-23б]. Қазақстан халықтарының 90 пайызынан астамы ауылдық жерлерде тұрды. Жергілікті тұрғындардың басты кәсібі ежелден көшпелі мал шаруашылығы болатын. Ал ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі кәсібіне айналды. Онымен қоныс аударушы шаруалардан басқа қазақтар да шұғылданды. Қазақстанның Ресейге түгелдей басыбайлы болып қосылуы, өндірістік кәсіпорындардың дамуы, сауда жүйесінің кеңеюі, қалалардың қалыптасуына біршама барынша ықпалын тигізді. 1897-1917 жылдары қала халқы бір жарым есе өсті [7, 250 б].
Қазақ халқының арасында әлеуметтік белсенділіктің артуына, саяси-идеялық ахуалдың жақсаруына жағдайдың туғандығы жөнінде академик С.З.Зиманов өзінің Ленин и национальная государственность в Казахстане еңбегінде былай дейді: Сыртқы жағдайлар тұрғысынан XX ғасырдың басында Ресейдің артта қалған аймақтарының өзінде, соның ішінде сол кездегі Қазақстанда ұлттық сананың оянуына және ұлт-азаттық қозғалыстың дамуына ең оңтайлы сәт туды гуманизмның және бостандықтың, тиранияға және қысымшылыққа қарсы күрестің, халықтар теңдігі мен таптар бірлігінің идеалдары өздерінің жақтаушылары мен жалғастырушыларын тауып, Ресейдің ең шеткері өңірлеріне таралып жатты.
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы үмітінен күдігі басым өзгерістер мен қайшылықтарға толы еді. Ұлтты ұйыстыратын мемлекеттіліктің орнын отарлау миссиясын көздеген әкімшілік басқару органдары басты, қазақ халқының иелігінен алынып, мемлекеттік меншік деп жарияланған жер әкімшілік-аумақтық бөліске түсті, дәстүрлі шаруашылық-мәдени типі капиталистік қатынастарға азды-көпті бейімделгенмен империялық өктемдікке құрылған бәсекеге төтеп бере алмайтыны белгілі болды. Жат қолына түсу ел мен жердің тағдырын тәлкек қылатынын көрегендікпен болжай алған Абылай, Бұқар сынды тұлғалардың ХҮІІІ ғасырда-ақ айтқандары, Шоқан мен Абайдың, Шортанбай мен Дулаттың ХІХ ғасырдағы ескерту - зарлары айнымай алдан шықты [6,6-7 бб].
Бұл барша әлемнің қайта бөліске кірісіп кеткен дәуірі еді. Кешегі кеңестік тарихнамада ол капитализмнің жоғарғы сатысы-империализм ретінде түсіндірілетін. Сөйтсек еуропоцентристік пайымның осал тұстары бар екен. Әлділер әлсізді бөрідей талаған, қазақтың халық ретінде сақталып қалатын-қалмайтыны беймәлім ғасырлар тоғысында әлеуметтік ілгерілеу атаулыны қоғамдық-экономикалық формациямен, пролетариаттың тап күресімен, социалистік революциямен байланыстырушы ілім - тарихқа материалистік көзқарас өмір ақиқатынан алшақ жатқанын әшкерелеген құбылыс қазақ даласында дүниеге келді. Қоғамдық-экономикалық формациясының - егер оның бары шын болса-дамуы тежелген, пролетариаты халықтың бір пайызын да құрамайтын, социалистік революциядан ауылы алыс қазақ елінің көшбасшысы міндетін марксшілер айтқандай қаналушы тап емес, ұлт зиялылары мен оқығандар өз мойнына алды. 1905 жылы Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалаларында шерулер, митинглермен жиналыстар болып өтті. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқарылыдағы, Павлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан және қазақтардан шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды[7,258б].
Патша өкіметі 1905 жылы 17 қазанда елдегі революциялық қозғалысты басу мақсатында арнайы манифест қабылдады. Бірақ бұл жоғары мәртебелі манифест жұмысшы қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, қайта кейбір жерлерде күшейте түсті. Әсіресе, темір жол жұмысшыларының ереуілі өрістеді. Мәселен, Орынбор - Ташкент темір жолындағы поездардың жүрісі: солтүстік бөлігінде (Орынбордан Қазалыға дейінгі) 1905 жылғы 14 қазаннан 20 қазанға дейінгі, ал оңтүстік бөлігінде (Ташкенттен Қазалыға дейінгі) 15 қазаннан 2 қарашаға дейін тоқтатылды. Мұнда жұмысшылар ереуілдерін Перовск революциялық комитеті басқарды [8, 26 б].
Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін теңдік бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды. Баянаул және Кереку уездерінің шаруалары ірі феодал Шормановтардың жерін тәркілеуді және оны жері жоқтарға бөліп беруді талап етті. Мұндай бой көтерулер Алтай округінде, Семей облысының - Қарқаралы, Торғай облысының - Ырғыз, Сырдария облысының - Шымкент, Әулиеата, Жетісудың - Жаркент уездерінде кең өріс алды. Патша әкімшілігі бұл аудандарға әскери отрядтар жіберіп басты [8, 14 б].
1905-1907 жылдарда болған революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстанда жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылардың кәсіподағы 1905 жылы қараша айында құрылды, оған Н.Смуров, Н.А.Покатилов және Н.И.Ульянов басшылық жасады. Оралда басқа да бірқатар кәсіподақ ұйымдары қызмет етті. 1906 жылы Орынбор - Ташкент теміржолшылардың кәсіподағы ең ірі ұйым болып саналды. Оның 6 мың мүшесі болған. Жалпы Қазақстан бойынша бірінші орыс революциясы жылдарында теміржошыларды қоспағанда, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалпы санының шамамен 3,5 пайызын біріктірді [8, 32 б].
Патша өкіметі халықты революциялық қозғалыстан бөліп шығару үшін олардың өкілдері қатысатын Мемелекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазақ сайланды. Олар: Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов, А.Қалменов, Б.Құлманов. І Думаның көптеген депутаттарының патша үкіметінің саясатына қарсы шығуымен байланысты 1906 жылы 8 шілдеде ол қуып таратылды. Сол жылы ІІ Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оның алтауы қазақ халқының өкілдері болды [6, 42 б].
Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына, Ресей алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады. Содан ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі отаршылдықтың күшеюі ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуіне әсер етті. Бұл кезде қазақ ұлт-интелегенциясы өкілдерінің арасында Петербор, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы, Орынбор жоғарғы оқу орындарын бітіргендерден либерал-демократиялық қозғалысы қалыптасты. Оның басында ірі саяси қайраткер, Алаш партиясының негізін қалаушы Ә.Бөкейхан тұрды.
Ұлттық қозғалыстың Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал-демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. Олар патша өкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды, Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды талап етті.
1905-1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Ресейде реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3 маусымда Екінші Мемелекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Заң бойынша қазақтар мен өлкені мекендеген басқа шағын халықтар сайлау құқынан айырылды. Социал-демократиялық фракцияның мүшелері тұтқынға алынып, сотқа тартылды және жер аударылды. Олардың қатарында Қазақстан еңбекшілерінің депутаттарына А.К.Виноградов пен И.Ф.Голанов та болды [8, 16 б].
Осы кезде революциялық ұйымдар мен қозғалысқа қатысқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп еңгізілді. Полиция социал-демократиялық ұйымдарды, олардың мүшелерін аяусыз жазалады.
Патша өкіметі тек қана қудалау жасаумен ғана шектелмеді, сонымен қатар жергілікті бай кулактардан деревняда берік тірек жасауды жөн көрді. Сөйтіп, шаруалар қауымын күшпен ыдырату саясатын жүргізе бастады. 1906 жылы 9-шы қарашада Столыпин шаруаларды қауымнан хуторға бөлу туралы жаңа жер иелену заңын шығарды. Бұл заң, әсіресе, жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар (кулактар) үшін өте пайдалы болды.
П.А.Столыпин 1906-1911 жылдары Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде өзінің аграрлық реформаларын әзірледі. Оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П.А.Столыпинның аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл жоғарыда айтылған Сенаттың қарауына берілген 1906 жылғы 9 қарашадағы Шарулардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы жарлық. Ол ІІІ Мемлекеттік Думада 1910 жылы 14 маусымдағы Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгерту мен толықтырулар туралы заң етіп қайта қаралып толықтырылды [7, 264 б].
1911 жылғы 29 мамырда Жерге орналастыру туралы заң қабылданды. Аграрлық реформалар бойынша шараларды жүргізу оның барысында шаруалардың көшіп қонуына еркіндік берілді, нәтижесінде олардың шет аймақтарға, соның ішінде Қазақстанға жаппай көшуі кеңінен өрістеді. Тек 1906 жылдан 1915 жылға дейін өлкеде 580587 отбасы көшіп келді [7, 264 б]. Егер 1893 және 1905 жылдар аралығындағы, яғни 12 жылда Ресейден қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4 миллион десятинадан астам жер алынса, одан кейінгі 7 жылда (1906-1912 жж.) 17 млн. десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлық әдісі қазақ шаруаларын қатты күйзеліске ұшыратты.
1910-1911 жылдарда жаңа экономикалық өрлеуге байланыста Қазақстанда ереуілдік қозғалыстар жандана түсті. 1911 жылдың мамыр айында Перовск және Түркістан станциялары теміржол шеберханаларының жұмысшылары, Атбасар мыс рудалары акционерлік қоғамы рудниктеріндегі кеншілер ереуілге шықты. Бұл ереуілдерге жалақыларын көбейтуді талап еткен 300-дей адам қатысты.
1912 жылы Ресейдің жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Сәуір, мамыр айларында Лена өзені бойындағы алтын өндіру өндірісіндегі жұмыскерлерді атуға байланысты елде болған саяси толқулар бүкіл өлкеге жайылды. Сол жылғы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қорыту зауытында басталған ереуіл 1913 жылдың маусым айына дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартысында Ембі мұнайшыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу кезінде Қазақстанның Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қол жеткізді. Өлке жұмысшыларының ереуілдері патша өкіметіне қарсы шаруалар толқуларының артуына, ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті.
1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың [7, 265 б] адам келіп қоныстандырылды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-казак жерлерін (казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында ресейлік отарлаушылар Қазақстанның 45 миллион десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда, ең құнарлы 16 пайыздай бөлігіне иелік етті, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
1917 жылы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен ресейлік қоныстанушылар (негізгі орыс ұлттарының өкілдері) сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 пайызын құрды [3, 30 бет].
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады. Халықты тілінен. Дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды.
Бұл жөнінде Міржақып Дулатов Қазағым менің, елім менің атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: ...Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады...өздерің көз жазбай байқап отырғандай...чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді... Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдеп-ғұрыптарымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды... Енді бұл чиновнитер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін еркін иемденуде...Бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде... [14, 211 бет].
ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында бұрыңғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс поселкелерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз және т.б) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ-қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік соғысқа жалғасты. Бұл бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан зор жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары тек Түркістаннан майданға әскерлердің қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пұт ет, 473.928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе [13, 26 б] күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, бай-кулақ шаруашылықтарына жалдап жұмыс істеу күшейді. Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор-Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық-зомбылығы 1916 жылғы 25 маусымда патша өкіметінің Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже қабылдануына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе 3 ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша көндіріп алуға кесетін болды. Азық-түліктің 2-3 есе қымбаттауы да наразылықты күшейтті.
1916 жылғы 25 маусымдағы қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын қара тізімге қосты, ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25-30 жастағы бай балалары 50 жастағы болып жазылды [4, 148 б].
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу-ыза әрекеттері кең өріс алды [8, 28 б].
Бұл қозғалыс ұлт-азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал-байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалысты еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейтқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда - Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтов, Жетісуда - Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов және т.б басқарды. Көтерілістің біріңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды. Көптеген аудандарда көтеріліс антифеодалдық сипат алды. Алайда, көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда тұрақты жеткілікті біріккен басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана-сезімін арттыруда зор рөл атқарды. Көтеріліс патшаның малайлары ретінде феодалдық рулық жоғары топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп, ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері еді. Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық интеллегенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұңғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан ұлттық сипатта ие болды.
Сонымен, 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында аса көрнекті орын алады. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Россия империясының езгісіне қарсы жойқын күреске шықты. Жаңа тарихи кезеңде, империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов және басқа халық батырлары кезінде, Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар көтерген бостандық үшін күрес туын қайтадан өз қолдарына алды. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін 1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстандық сипатқа ие болып, ұлан-ғайыр Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Көтеріліс ең алдымен отарлыққа қарсы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz