Махмұд Қашғари еңбектеріндегі түріктер туралы тарихи мәліметтер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті

Оразбай Е.Ж.

Махмұд Қашғари еңбектерінің деректік құндылығы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011400 - Тарих мамандығы

Қарағанды 2019
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасының
меңгерушісі т.ғ.к., доцент
________Ускембаев Қ.С.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Махмұд Қашғари еңбектерінің деректік құндылығы

5В011400 - Тарих мамандығы

Орындаған: Оразбай Е.Ж.

Ғылыми жетекші
т. ғ. д., профессор Жұмашев Р.М.

Қарағанды 2019

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

1 Махмұд Қашғаридың тарихи - мәдени дүниетанымының қалыптасуы
1.1 ХІ ғасырдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени жағдайлар ... ... ... ... .14
1.2 Махмұд Қашғаридың өмір жолы және дүниетанымының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

2 Махмұд Қашғари еңбектері -тарихи дерек көзі
2.1 Диуани лұғат ат-түрк жайлы тарихи деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.2 Махмұд Қашғари еңбектеріндегі түріктер туралы тарихи
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.3 Махмұд Қашғари-тұңғыш картограф және топономист ... ... ... ... ... ... . ..58

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

Пайдаланылған деректер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу - барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі, оның тарихы ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл, тарих емес. Оның өзіне тән шыққан тарихы бар. Бүгінде қазақ ғалымдары дәстүрлі тарихпен бірге жеке тұлғалар туралы да жазуды қолға алуда. Оның бір себебі - орыстанған халықтың жастары өз тұлғасын емес, басқа елдің жұлдызсымағын қадірлейтін, тіпті соларға табынатын жағдайға жеткен уақыт болды. Адасқан ұрпақтың бетін бері қаратуымыз керек. Екінші себебі - единица болмаса, не болады өңкей нөл деп Абай атамыз айтқандай, тарих доңғалағын алға жылжытатын қалың тобыр емес, жекелеген дара тұлғалар екенін мойындағандықтан, түсінгендіктен. Бүкіл адамзаттың білімі мен ғылымын, өнері мен мәдениетін жасаған сол кемеңгер тұлғалар, ал миллиард-миллиард болып бұл дүниеге келіп-кетіп жатқан қара халық өкілдерінің өркениет дамуына қосқан үлесі шамалы. Олай болса, кез-келген халықтың ұлылығы сол халық санының көптігімен өлшенбейді, біртуар тұлғаларының көптігімен ерекшеленеді. Олай болса, әр қазақты дара тұлға деңгейіне өсіруге ұмтылуымыз аса қажет. Мақсатқа жету үшін жас ұрпақты ұлы адамдардың өмірінен үлгі-өнеге алуға үйретуіміз керек.
Ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне ерекше мән беріп, халықтың рухани әлемін өздерінің білімнің түрлі салаларындағы ізденістерімен байытқан тұлғалар өткен тарихта аз болмады. Солардың бірі Диуани лұғат ат-түрк (Түркі Тілдерінің Сөздігі) атты еңбегімен танымал ғұлама ғалым Махмұд Қашғари. Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мәңгілік еткен данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз Махмұт Қашқари шамамен 1029-1030 жылдары туған деген болжам бар [1; 2]. Оның әкесі Құсайын ибн Мұхаммед Қараханид мемлекетінің әмірі Насыр ибн Әлидің мұрагері болған, Ыстықкөл көлінің жағалауында орналасқан Барсхан (Барсған) қаласында туған. Құсайынның ұлы Махмұт та құнарлы Талас, Шу топырағында, Барсхан (Барсған) қаласында дүниеге келген. Қаланың аталуы туралы ғұлама былай деп жазады: Барсған - Афрасиабтың ұлының есімі. Барсған қаласын салдырған сол. Бұл Махмұдтың атасының шаһары. Бағзы біреулер ұйғыр хақанының Барсған есімді ат бағары болушы еді. Осы жердің ауасы жақсы болғандықтан, жылқыны сол жерде бағушы еді, кейін келе соның есімі осы жердің атағына айналған деседі. Сөйтіп, Барсған аталып кетті дейді [3,155 б.]. Барсхан Шу өзенінің жоғары ағысындағы, осы күнгі Қырғызстанның Тоқпақ қаласының жоғарғы жағында, Ыстықкөлге баратын тас жолдың бойындағы ортағасырлық ескерткіш [4,42 б.]. М.Қашқаридің ата тегі туралы ғалым Әмір Наджип өзінің Исследования по истории тюркских языков ХІ-ХІV вв. деген еңбегінде: Оның Қашқари деген лақап аты Қашғарда дәріс алып, сонда тұрғандығын ғана аңғартады.
Тарихқа танымал Түрік қағанаты заманынан түйдегімен жеткен тарихи тұлғалардың құнды еңбектері, оның ішінде Жүсіп Баласағұнның Құтты білігі, Махмұт Қашқаридың Түрік сөздігі, Қожа Ахмет Ясауидің Даналық
кітабы, Ахмет Иүгінекидің Ақиқат сыйы секілді ұлы шығармалары, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Фарабидің бұған дейін біршама игерілген ғажайып мұралары тұғырлы тарихтың, ұлы мәдениеттің, мол біліктің мәңгілік мәуесіндей. Біз осы дүниелерді парақтай қарап отырып, осыларды жазған ғұламалардың ойының айқындығына, сөздерінің орнықты да сенімді шығатынына, жалпы жұртқа ұғынықты қарапайымдылығына таңданамыз. Ұлылық, білім кеңдігі деген осы-ау деп ойға кетеміз. Бұлар - ұлағатты үлкен мәдениеттің, терең тарихи танымның мектебі. Халқымыздың рухани жаңғыруы осындай ғылыми, көркем ой-санамыздың шығу тегін танудан басталуы тиіс. Көненің көзіндей болып жеткен осындай асыл қазыналар халық игілігіне жаратылып, жаңа заманның адамдарын тәрбиелеуге қызмет етуі қажет. Үлкен тарихы бар елге - үлкен мәдениет, биік таным, терең білім керек деген болатын [5].
Сонымен Түркі тілдерінің сөздігі - ХІ ғасырдағы түркілердің өмірі: олардың материалдық мәдениеті, бұйымдары, тұрмыс-жайлары, этнонимдері мен топонимдері, қызмет адамдарының дәрежесі, тағам, сусын түрлері үй жануарлары мен аумағындағы жабайы аң-құстар, мал шаруашылығы, өсімдіктер мен дәнді дақылдар, астрономия терминдері туралы, күнтізбелер, ай, апта, күн аттары, ауру түрлері, дәрі атаулары, анатомиялық терминология, минералдар мен металдар туралы, әскери, спорт және әкімшілік терминология, түрлі тарихи және мифтік қаһармандардың есімдері, діни және этникалық терминология туралы, балалар ойындары мен ермектері және басқалар туралы бірден-бір деректеме болып табылады .
Осындай ұлы еңбекті Махмұт Қашғаридай ғұлама бұдан мың жыл бұрын жалғыз өзі жазған. Яғни, бұдан шығатын қорытынды, тарих дөңгелегін алға жылжытатын, Абай айтқандай, тобыр емес, жекелеген тұлғалар.
Махмұд Қашғаридың атақты сөздігі табылғаннан кейін түркология ғылымында беймәлім болып келген көптеген мәселенің басы ашылды. Ең бастысы, түркі тілдерінің тарихи даму ерекшелігі басқаша бағыт алды. Ол сөздігінде берген әлем картасы арқылы түркі мәдениетіне әсерін көрсетті.
Бізді біріктіретін құрал - Тіл мен Тарих. Уақыттың ауыр соққыларынан ашық сабақ алған Түріктің тілі мен тарихы. Яғни, адам баласының қайдан шыққаны, қандай жағдайда тұрғаны және қай бағытта дамитыны туралы мықтап ойланып-толғануына жеткізетін таза ғылым мен білім бастаулары.
Олай болса, әрқайсымыз Махмұт Қашғаридың ортақ тұлғаларымыздың Түркі сөздігі сияқты ұлы тарихи еңбектерін оқып, зерттеу біздің міндетіміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ғалымның өмірбаянына байланысты нақты мәліметтер тым аз болғанымен, соңына қалдырған үлкен еңбегі - Диуани лұғат ат-түрк сөздігі аз зерттелген жоқ.
Түркі әлемінде теңдесі жоқ ұлы еңбекті түрколог ғалымдарды ерте бастан-ақ қызықтырды. Олардың Диуани жайлы пікір айтпағаны, зерттеу мақала, еңбектер жазбағаны кемде-кем.
Түрік ғалымы К.Рифат 1915-1917 жылдары Стамбул қаласында Диуанды алғаш рет баспаға әзірлеп, жариялағаннан бастап, қазіргі күнге дейін әлемде Махмұт Қашқари мен оның Диуаны туралы мыңнан астам еңбектер, мақалалар жарияланған екен. Махмұт Қашғари Сөздігінзерттеу, басқа тілдерге аудару, кітап етіп шығару ісі осы кезден бастап қолға алынды. Олардың көпшілігі - түркітілдес халықтар өкілдерінің өз тілдерінде және орыс тілінде жариялаған зерттеулері. Сонымен қатар неміс, ағылшын және араб тілдерінде жарияланған еңбектер бар. Диуанды кең көлемде зерттеген ғалымдардың ең алғашқысы - түрік ғалымы Басым Аталай. Ғалымның Түркия түріктері тіліне аударған аудармасы-нағыз ғылыми аударма болды. Ол Диуани лұғат қазіргі тілінде тәржімалап, жүйелеп, 1939-1941 жылдар аралығында 3 томы мен индекс сөздігін-жарыққа шығарды.
Бұдан кейін 1960-63 жылдар аралығында Ташкентте сөздіктің үш томдығы өзбек тілінде жарық көрді. Аударып баспаға дайындаған-Салық Муталлибов, ал 1981 жылы ұйғыр тіліндегі аудармасы Қытайда Үрімші баспасында жарық көрді.
Зерттеулер ішінде Диуанды түркі тілдерінің түсіндірме сөздігі ретінде орта ғасырлардағы түркі тілінің грамматикасы тұрғысында қарастырған, Диуан тілін қазіргі түркі тілімен салыстыруға арналған еңбектер бар. Сөздікті тек лингвистер ғана емес, әдебиетшілер мен философтар да зерттеген.
Қашғари және оның ғылыми қызметі жайлы нақты деректер өзбек әдебиетінің негізін қалаған А. Фитрат еңбегінде жоғары баяндалады [6]. Махмұд Қашғаридің Сөздігі және ол жайлы түсінікті кеңейтуде Х.Хасанов[7], А.Н. Кононов [8], Т.А. Боровкова [9], Х.Г. Нигматов [10], И.В. Стеблева [11], А.Б. Халидов [12], Э.Н. Наджип [13] зерттеулерінің алатын орны ерекше. Араб лингвистерінің арасынан мысырлық академик Махмуд Фаһми Хижази кең көлемде мақалалар жариялады. М.Қашқариды ең алғаш зерттеген қазақ ғалымы Халел Досмұхамедұлы (1883-1939) еді. Ол 1923 жылы Шолпан журналының 7-санында Диуани лұғат ат-түрк атты мақала жариялады. Х.Досмұхамедұлының бұл мақаласы кейін еңбектерінде қайта жарияланды [14].
1971 жылы Ферғанада Түркі Тілдері Сөздігіне 900 жыл толғандығы атап өтіледі. Баку қаласында шығып тұратын Советская тюркология журналының 1971 жылғы №1 саны түгелдей осы конференция материалдарына арналады. Махмұт Қашғари еңбегінің түркі тілі мен әдебиеті, тарихы мен географиясы, этнографиясы және тағы да басқа түбірлі мәселелерін зерттеу үшін теңдесі жоқ ғылыми еңбек екендігі, бұл ескерткішті тереңдей зерттеудің ауқымын кеңейту, тездету жайлы конференңия шешімі де осы басылымда жарияланған [15, 156-157 бб.].
М. Қашқариды зерттеген бүгінгі ғалымдар қатарында А. Құрышжанов[16], Г.Г. Мұсабаев [17], Н.Ысқақова [18], А.Т. Қайдаров [19], М. Томанов [20], Қ. Өмірәлиев [21], X. Сүйіншәлиев [22], А. Оразбеков [23], Ә. Қоңыратбаев [24], Қ.Аманжоловтарды [25] атауға болады.
Профессор Х.Сүйіншіәлиев Диуани лұғат ат-түрктегі өлең - жырларды зерттесе, сөздіктің қазақ тіліндегі толық аудармасын жасаған ақын А.Егеубай Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірдегі көркемдік жүйесі атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Бұл автордың түркі халықтардың басқа да көне мұраларын аударып, халыққа ұсынғаны баршаға мәлім. Біз осы диплом жұмысын жазу барысында осы аударманы негізге алдық. Автор қазақша аудармасында М.Қашғари сөздігіндегі тілдік белгілерді, олардың құрылым, бітімін дәл беруді көздеген. Қазақ ғалымы А.Егеубай оны Түрік сөздігідеген атпен 1997-1998 жылдары оқырман қауымға ұсынды. Бүкіл түркі әлемінің алтын қазыналарының бірі саналатын осы кітаптың жарыққа шығуына ҚР Президенті Н.Назарбаев сәт сапар тілеп, кіріспе сөз жазды.
Ал Қ.Бекетаев, Ә.Ибатов Диуандағы Орта Азия мен Қазақстанға қатысты мағлұматтарды сүзіп, сөздіктегі мақал-мәтелдер мен өлең-жырларды аударып, Түбі бір түркі тілі деген кітап шығарды. Профессорлар Ә.Құрышжанов пен Ә.Дербісәлиев Махмұт Қашқари тілін зерттеуде үлкен еңбек еткен. Ал түркітанушы ғалым В.У.Махпиров Диуандағы ономастикалық атауларды зерделеп, бірқатар құнды пікірлер айтқан. Б.Атабай Диуанның лексикасын зерттеп, бірнеше мақалалар жариялады.
Махмұт Қашқари - түркі лингвистикасы, түркі лексикографиясы дамымай тұрып, теориясынан бұрын тәжірибесін іске асырған адам. Яғни ғұламаның ортағасырда жазылған сөздігінде қазіргі лексикографияға қойылатын талаптардың барлығы толығымен, тіпті артығымен орындалған. Сөздікті жазудағы мақсатының бірі түрік тілін араб тілді ортаға таныстыру десек, автор ол мақсатына толықтай жеткен. Мен сөздікті арабтанушы ретінде зерттедім. Сондағы түсінгенім, ғалымның әр сөздің мағынасын барынша терең, жан-жақты ашып бергені соншалық - арабшасын оқып отырған жанда ол сөзге байланысты ешқандай сұрақ та, түсінбеушілік те туындамайды. Түркі халықтары ниеттенсе, Қашқаридың осы сөздігін негізге ала отырып, баршамызға ортақ тілді қайта тірілтіп алуға болады деп есептеймін [26].
Қарағанды қаласының ҚарМУ баспасында 2008 жылы ғалымдар Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. М.Қашқари педагогикасы атты оқу құралын бұқара халыққа ұсынды [27]. Бұл оқу құралында М.Қашқаридің педагогикалық мұрасына қатысты материалдар бірнеше тақырыптарға бөлініп қарастырылады. Сонымен қатар әрбір тақырыптың соңында оқырмандарға, студенттерге арналған бақылау сұрақтары, тапсырмалар және қолдануға ұсынылатын әдебиеттер берілді. Өзін-өзі тексеруге тест сұрақтары, өз бетімен білімді жетілдіруге және ғылыми шығармашылықты дамытуға бағытталған реферат тақырыптары мен шығармашылық тапсырмалар ұсынылды.
Қашғари мұрасымен танысу автордың тәрбие мен білім беру мәселелерін жан-жақты қозғап, ол жайында құнды идеялар көтеріп қана қоймағанын, бұған қоса Сөздік түркілер наным-сенімдері, тарихи дәстүрлері, өмірлік құндылықтары мен идеалдары, өмір сүру салты жайлы мәліметтер қазынасы екендігін көрсетті. Түркілер мінез-құлқының өзіндігі, ерекшеліктері, бала тәрбиелеу дәстүрлері жөніндегі Қашғари мәліметтері аса қызығушылық туғызады. Сөздік авторының мәселені бұлайша қоюы қазіргі педагогика және психология , тарих ғылымдары үшін де маңызға ие екендігін атап өтуге тура келеді. Сөздіктің осы тұрғыдағы ерекшеліктеріне педагог ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев [28, 418 б.], Ө. Әлеуов [29, 122 б.] орынды назар аудартты.
Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы [30], Қазақ психологиясының тарихы [31]), История школы и педагогической мысли Казахстана [32] оқу құралдарына Махмұд Қашғаридың еңбегі тарихи-педагогикалық, психологиялық мұра ретінде енгізілген.
Түркі Тілдері Сөздігі заманының бірегей туындысы десек, ол күні бүгінге дейін ғалымдар назарын аударумен келеді. Сөздікті зерттеу, мәтіндерін жариялаумен И.И. Умняков, А.Фитрат, С.Е.Малов, С.Муталлибов, А.М. Демирчизадзе, Н.А. Баскаков [33] және басқа белгілі ғалымдар айналысты.
М.В. Стеблева [34], А.О. Хайметов, X. Усманов зерттеулері Махмұд Қашғари шығармашылығының поэтикалық ерекшеліктерін көрсетуге, X. Хасанов, А.М. Хачатрян, О.Караев еңбектері Сөздіктің географиялық, топономикалық, тарихи-географиялық мәліметтерін талдауға арналған [35].
Әдебиеттерді оқып үйрену Қашғари мұрасының түркі тілдері тарихын тереңнен зерттеуде Н.А. Баскаковтың және М. Щербактың т.б. еңбектері сенімді дерек көзі болып келетіндігін көрсетті [36]. Махмұд Қашғаридың өмір жолы, шығармашылығы, дүниетанымының бастау арналарымен кеңірек таныстыруда Э.И. Фазылов, С.Г.Кляшторный, А.Н.Кононов сондай-ақ зерттеулерінің көмегі зор [37].
Мәселен, көрнекті түркітанушы ғалым А.Н.Кононов Қашғари еңбегінің өзіндік ерекшелігі, энциклопедиялық мән-мағынасы жайында айта келіп, Сөздік XI ғасырдағы түркілер өмірі жайлы мәліметтер беретін бірден-бір туынды деп жоғары бағаласа, М.В.Стеблева Махмұд Қашғаридың Диуан лұғат ат-түрк атты шығармасы түркі халқы фольклорының және әдебиетінің үлгісінде құрылған, шығарма тексті исламға дейінгі кезеңде жазылғанымен, мұсылмандықтың ықпал әсеріне де ұшыраған деп осы кезеңде түркілер арасына кеңінен тарала бастаған исламдық көріністерге жақындатады [38,97 б.].
Шығыстанушы ғалым, Орталық Азияның интеллектуалды тарихы жөніндегі ең ірі мамандардың бірі Зифа-Алуа Әуезова Голландияның Хертоген Бос қаласында тұрады. Амстердам университетінің Еуропа оқулары институтында ғылыми жұмыспен айналысады. Ол Махмұд Қашқаридың Диван лұғат ат-түрік шығармасының орыс тіліне аударған. Бұл түркі мәдениетінің жәдігері бұрын аударылмаған ғой. Махмұд әл-Қашғаридың Диуан Лұғат ат-түрік атты шығармасының 1200 беттен асатын ғылыми аудармасын жасады. Алматыда 2007 жылы басылып шықты. Махмұд Қашғаридың бұл еңбегі - тіл мамандары, фольклоршылар мен әдебиеттанушылар үшін бүгінгі заманда да аса құнды дүние. Ол - XІ ғасырдағы Орта Азия өркениетінің тарихын сипаттайтын қайнар көз. Қашқаридың бұл еңбегін 1960-1980 жылдары тек лексикографиялық тұрғыдан бағалап келді. Алайда бұл туынды анағұрлым кең мәселелерді қамтиды. Түркі тайпаларының ұлттық санасы мен мәдениеті жөніндегі деректерге толы. Диван түркі тайпаларының тілі мен мәдениетінің байлығын, поэтикалығын көрсетеді. Кітап ағылшын, француз, түрік және басқа тілдерге аударылған, бірақ орыс тіліне тұңғыш рет аударылып отыр. Аударма кітаптағы түркі сөздерінің түсіндірмесін жазған - арабтанушы ғалым Роберт Ермерс.
Сонымен қатар елімізде әдеби аудармасы жасалып, лексикалық қорына байланысты бірен-саран ғылыми диссертация жазылды. Ал әлем түркологиясында көптеген зерттеулер мен аудармалар жасалануда. Махмұд Қашғаридың 1000 жылдық мерейтойына орай әзірбайжандық ғалым Рамиз Аскер 1000 библиографиялық жинақ шығарды. Күн өткен сайын сөздіктің құндылығы артуда және жаңа зерттеулер үшін тың дерек ретінде пайдаланылуда. Бүгінге дейін негізінен тіл, әдебиет, тарих, география салаларының зерттеу дерек көзі ретінде танылса, қазіргі таңда гуманитарлық ғылым саласының толық зерттеу нысаныныа айналған.
Алайда қарастырылып отырған мәселе бойынша әдебиеттерді талдау өзінің зерттеушілік-педагогикалық қызметімен Қазақстандағы педагогикалық және этнопсихологиялық ой-пікірлердің бастауында тұрған көрнекті тұлға Махмұд Қашғари мұрасының осы уақытқа дейін арнайы зерттеу объектісіне айналмай келетінін көрсетті. Осы орайда Махмұд Қашғари тарихи-педагогикалық мұрасы және оны зерттеу, жүйелеу тәжірибеде пайдалану деңгейі арасында кайшылық бар екендігі айқындала түседі. Бұл қайшылықты шешуге ықпал ететін педагогикалық жағдайларды анықтау біздің зерттеуіміздің проблемасын құрады.
Мәселенің тарихи-педагогикалық әдебиетте жеткілікті өңделмеуі, Махмұд Қашғаридың тәлім-тәрбиелік мұрасын арнайы талдауға алған зерттеулердің жоқтығы қарастырылып отырған проблеманың өзектілігін көрсетеді және зерттеу тақырыбының таңдалуына негіз болды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Махмұт Қашғари еңбектеріндегі түріктер туралы тарихи мәліметтерді талдау, сипаттама беру және олардың дерек көзі екенін дәлелдеу.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
- ХІ ғасырдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени жағдайларға сипаттама беру;
- М.Қашғаридың өмір жолы мен тарихи-мәдени және дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуын және негіздерін анықтау;
- Диуани лұғат ат-түрк жайлы деректермен танысу;
- М.Қашғаридың
- М. Қашқаридың түркіше-арабша түсіндірме сөздігіне талдау жасау;
- М.Қашғари еңбектеріндегі түріктер туралы тарихи мәліметтерді зерттеп саралау;
- М.Қашғаридың тұңғыш картография және топонимика саласына қосқан үлесін көрсету т.б.
Зерттеудің деректік негізі: Махмұд Қашғари еңбегінің толық және негізгі үш томдық қазақша басылымы, орыс және қазақ тілдеріне аударылған жекелеген бөліктері, Сөздік жайлы мәліметтер және оның авторы жайлы өмірбаяндық мағлұматтар баяндалатын тарихи деректемелер, Махмұд Қашғаридың шығармашылық қызметінің, қоғамдық-саяси, философиялық көзқарастарының түрлі мәселелерін қарастыруға арналған ғылыми еңбектер, Қазақстан Республикасының ресми материалдары мен нормативтік құжаттар ғылыми айналымға алынды. Махмұд Қашғаридің есімі әрі қарай түркітанушы ғалымдар К.Броккельман, М.Кепрюлюзаде, Б.Аталай, И.И.Умняков, С.Е.Малов, С.М. Муталлибов, А.М.Демирчизаде, Н.А.Баскаков зерттеулері мен аудармалары арқылы танымал бола түсті. Сондықтан біздер диплом жұмысты жазу барысында осы еңбектерден алынған деректерді де пайдаландық.
Зерттеу әдістері: Махмұд Қашғаридың өмірі мен шығармашылық қызметіне арналған еңбектерді зерттеу, талдау; өмірбаяндық деректерді салыстыра талдау және қорытындылау; Қашғари мұрасына талдау жасау, оларды тарихи дерек ретінде қарастыруда тарихи-әдіснамалык қағидаларды тірек ету, тарихи-салыстырмалық, тарихи-жүйелілік әдістері пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Махмұд Қашғаридың тарихи-мәдени дүниетанымының қалыптасуы.

1.1 XI ғасырдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени жағдайлар

М. Қашқаридің ұлы тұлға болып қалыптасуына отбасы тәрбиесі мен Қараханидтер дәуірінің ықпалы зор болды. Ол бек тұқымы бола тұра, әскери және әкімшілік қызметтен бас тартып, күрделі жолды - білім-іліммен шұғылдануды таңдады. Қараханидтердің басқару кезеңі ғылым, мәдениет және ағарту саласының біршама дамыған уақыты болды.
Түркі халықтары өмірінің энциклопедиясы атанған Махмұд Қашғаридың Диуани лұғат ат-түрк (Түркі Тілдерінің Сөздігі) Орта Азия, Жетісу және Қашғар жерінде Қарахандар билік құрған тұста жазылған мұра.
X ғасырдың орта кезінде жоғарыда аталған аймақта әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды.
Қарахандар мемлекетінің жайы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының өткен тарихының маңызды кезеңі ретінде зерттеушілер назарын аударып келеді. Ізденістер нәтижесінде олардың қоғамдық өмірі, әлеуметтік-экономикалық жағдайы [39], тілі, діни нанымдары [40; 41], мемлекетті басқарушылардың шығу тегі [42], билік құрған уақыты, қамтыған территориясы [43] мәдени белгілері [44] жөнінде мол ғылыми мәлімдемелер мен фактілік материалдар жинақталған.
Жаңа бірлестікті құруға X ғасырда қарлұқтармен бірге Жетісуды, Нарынның тескейін мекендеген, ал кейінірек XI ғасырда Іле өзені алқабын қоныс еткен яғмалар мен осы алқапқа Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан көшіп келген чигілдер де бірігіп атсалысқан болатын.
992 жылы қарахандар шығыста Хотанды, батыста Бұқарды қосып алып, 999 жылы Мауараннахрда табыстарға жетеді. Осыдан екі ғасыр бойына олардың иелігі батыста Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығыста Жетісу мен Қашғарға дейінгі кең байтақ аймақты қамтып, көсіліп жатады.
Мемлекет құрылған кезде оның қарамағына бұрынғы қарлұқ қағанатының иелігінде болған аумақтың барлығы қарады.Мемлекет астанасы Баласағұн қаласы болды.
Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан иеліктерге бөлінді. Жоғары өкімет билігі хаканның қолында болды және ол мұрагерлікке қалып отырды. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілді. Мемлекеттегі жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери-үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілді. Үлеске берілетін жердің мөлшері әскери қызметкердің дәрежесіне, қоғам алдындағы беделіне байланысты болды.
XI ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында мемлекет екі әкімшілік басқару жүйесіне бөлінеді: біріншісі, орталығы Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мауараннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі, қамтуына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн кейде Қашғар қаласы болған.
ХІІІ ғасырдың басында қарахандықтар тәуелсіздікке ұмтылды. Осыны пайдаланған Хорезм билеушілері қарақытайларға қарсы жорық жасайды. Алайда қарақытайды жеңген хорезмдіктер батыс қарахан билеушісін өлтіріп мемлекетті біржолата құлатады. Ал шығыс хандық наймандармен болған күрес нәтижесінде өз тәуелсіздігін жоғалтты. Қарахан мемлекеті 1212 жылы толық күйреді [45, 235 б.]. Мемлекет ішіндегі айтыс-тартыс, жекелеген удельдер мен жайылымдар үшін талас, кейбір шекаралық бөлінушіліктер елдің тұтастығына қауіп төндіріп отырғанымен, жалпы алғанда, Қарахандар билік құрған дәуір елеулі экономикалық, әлеуметтік және мәдени алға басулармен ерекшеленеді.
Қарахан мемлекеті Орталық Азияның ұлан-байтақ аумағын қамтыды. Өзіне деген түрік қағандықтарынан негізгі айырмашылығы қарахандардың қалалық өңірге жақындығында еді. Мемлекет құрамына бірқатар ірі және орта қалалар енді. Қыр өңіріндегі тайпалар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты [45, 236 б.]. Жартылай көшпелі мал шарушылығы Шығыс Түркістан, Оңтүстік Қазақстан өңірінде басым болды. Бұл кездегі шаруашылықтың басым түрі мал өсіру болған. Оның ішінде қой, жылқы, ірі қара мал өсіру басты салаларға айналады. Сиыр негізінен жартылай отырықшы және отырықшы мал өсірушілерде болды. Маусымды жерлерді пайдаланудың ру-тайпалық, көшіп-қону жүйесі ертеден-ақ қалыптасқан еді. Мал басын көбейту, жайылымды жерлерді тиімді пайдалану мақсатымен мал өсірушілер жаз Бұлғар (Волгада), қыста Баласағұн өлкесін қыстап, жайлап тіршілік етті.
Еңбек өнімі ретінде барынша көбейтілген мал айырбас пен сауданың дамуына жағдай жасады. Қала халқы жылқы, ірі қара мал, жүн, тері, киіз, сүт өнімдерін сатып алып отырды. Сауда көшпелі жұртпен шектесіп жатқан қалаларда (мәселен, Сауранда, Жаңакентте ) көбіне жәрмеңке сипатта болған.
ХІ-ХІІ ғасырларда түркі тайпаларының біразы егіншілікпен айналысуға көшіп, қала мәдениетімен араласа бастайды. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының егіншілікпен байланысы ұлғайды. Отырықшылық салт Сырдария алабында, Қаратау маңында, Талас, Шу өңірлерінде және Жетісуда бұрынғыдан анағұрлым тез дамиды. Бұл саладағы табыстар жер суландыру жүйесі арқасында мүмкін болды.
Егіншіліктің, отырықшы шаруашылықтың дамуына байланысты саудаға арналған қолөнер бұйымдарын өндіру ісі ұлғайды, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі айқындала түсті.
Қолөнер кәсібіндегі ілгерілеулер жеке қоныстардың заттық бұйымдардың нақтылы бір түрлерін өндіргендігінен, елдің ішкі саудасының өсуінен, қолөнер өнімдеріне сұраныс өзге елдерден болғандығынан да байқалады. Мәселен, Қытайға жібек және басқа тауарларға айырбас үшін шыныдан жасалған заттар шығарылған.
Бұл кезеңде керамика қолөнері де айтарлықтай алға басады. Ерте ортағасыр кезеңімен салыстырғанда, қолмен жапсырып, сылап-сипап жасайтын ыдыс-аяқтар үлесі төмендеп, құйма керамика өмірге келеді. Шыны бұйымдар жасау ісі жаппай таралды. Мұндай бұйымдардың кең жайылған түрі - графиндер, құмыралар, кеселер, зерендер, саптыаяқтар, шөлмектер болған.
Ол заманның шеберлері бейнелеу өнері жөнінен айтарлықтай дәрежеге жеткен. Шеберлік өнерінде үлкен орын алған нәрсе металдан жасалған әшекейлер болды. Жәй металл мен асыл металдарды өңдеу ісі айтарлықтай дамыды. Түсті металдардан үй-жиһаз заттары, тәжірибелік, сәндік маңызы бар скульптуралық бейнелер жасалды. Ал мыстан мүліктер жасайтын орындар қалалардың бәрінде де болған, өйткені мысты түсті металдар Қаратаудағы, Қырғыз, Талас, Іле, Жоңғар Алатауларындағы қала орталықтарына жақын кендерден өндірілетін еді [46, 58-98 бб.].
Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің қаншалықты дәрежеде дамығанын байқататын бірсыпыра архитектуралык ескерткіштер біздің заманымызға дейін келіп отыр. Жетісу өңірі мен Сырдария алқабында сақталған Айша бибі мазары, Аяққамыр, Алашахан күмбезі, Тараз қаласындағы Әулие ата Қарахан мазары, Бабаджы-Хатун күмбезі - міне осындай көркемдік талғамының жоғарылығымен көңіл аудартатын тамаша ғимараттар халық арасынан шыққан құрылыс шеберлері қолымен жасалған.
Құрылыс кәсіпшілігі мен архитектураның дамуы қалалардың өсуіне байланысты болды. Ірі-ірі қалаларда керуен-сарайлар, моншалар, әсіресе, медресе, мешіт сияқты құрылыстар салуға көбірек көңіл бөлінген. Мұндай үйлердің салынуы сол кезеңнің талаптарына, әсіресе, исламды таратуға жігерлене кірісіп, оны мемлекеттік дінге айналдыруға тырысқан қарахандықтардың мүдде-тілектеріне сай келіп отырған.
Бұған дейін маңызды сауда орталығы болған Тараз қаласының X- XII ғасырларда сәнді архитектуралық құрылыстарымен аты шықты. Оның күйдірген кірпіштен салынған қоғамдық моншасы, су құбырлары болған. Қала тұрғындарының елеулі бөлігі қолөнершілікпен айналысты. Олардың арасында ұсташылық, зергерлік, тоқымашылық, былғары илеушілер, қыш құмыра жасау сияқты кәсіп иелері аз болмаған.
Жалпы бұл тұстағы аралық сауда мен қолөнер өндірісінің орталықтары болған қалалар тұрмысының ілгерілеуі қарқынды еді. Әкімшілік орталық және оның маңындағы басқарушылардың үйлері, сауда орны, ірі базарлар, тауар дайындайтын, өңделетін колөнер шеберханалары қала маңы аймақтарымен ұласып өсіп жатты. Қалалар халқының саны, қолөнершілердің қатары, егіншілікпен айналысушылық, отырықшылық, қаланың үстем тап өкілдеріне жұмысқа жалдану, түркі тайпаларының малы жоқ кедейлері мен кедейленген шаруалардың қатарынан артып отырған. Бұл процесс Орта Азиядан ауып келген соғдылықтардың арасында да болып жатты [47, 86 б.].
Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Испиджаб бұрынғысынша аса ірі сауда орталықтары болып қала береді. Олардың қатарына теріскей шығыс Жетісудың Қойлық, Екіоғыз сияқты қалалары қосылады. Бұлардың көршілес аймақпен, даламен саудасы қанат жайды. Даладан келіп түсетін тауарлар - қой мен ешкі терілері, елтірілер, ұлпандар болса, көшпелілер айырбасқа мата, астық, ыдыс-аяқ алып тұрды.
Сауда ісінде барған сайын ақшаның маңызы арта түседі. Теңгелердің табылған жерлеріне қарай, зерттеушілер олардың тек қалалардағы саудада ғана қолданылмай, сонымен бірге жалпы мемлекеттік айналымда болғандығына назар аудартады. Мәселен, Тараз бен Испиджаб сарайларында құйылған күміс теңгелер Орта Азияның көптеген аудандарында және одан тыс жерлерде кездессе, Арыс өзенінің орта сағасындағы Қарахандар заманының құлаған қаласы көмбесінен Алмалықтың, Тараздың, Отырардың, Самарқандтың, Бұхардың, Ходженттің, Шаштың, Қашғардың және басқалардың құйған ақшалары табылған.
Х-ХІІ ғасырларда ескі діни ғұрыптар мен туа бастаған жаңа діни ғұрыптардың арасында күрес басталғанымен, көшпелі және отырықшы халықтар идеологиясында ол кезде ежелгі түркі сенімдері әлі де күшті болатын.
Оның барлық тайпаларға тән негізгі формасы көкке табыну - тәңірі болып табылады. Мұның негізі - табиғатқа ену, түркілер өмірінің онымен үйлесімділігінде болды.
Мал баққан көшпелілер арасында ата-баба аруақтарына сыйынып, оның атына құрбан шалып отыру бұрынғысынша сақталған. Отқа табынушылық кең тараған. Көктің (тәңірінің) күші найзағайда, отта деп білді; күн күркірегенде ерекше бір ырымдар жасады; жасыл түскен жерге құрбан шалып, оны от жағып, қымыз құйып тазалады.
Отпен тазалау ғұрпы әр түрлі реттерде: бір жерден екінші жерге көшерде, жауынгердің, жолаушылардың алыс жолдан қайтып келгенінде қолданылып отырды.
Мал өсірушілер су мен жер аруақтарына және ұрпақ қамқоршысы - ру анасына да (ұмай) табынған [48, 152 б.]. Сыйынатын аруақтарынының атына құрбан шалып, оларға ерекше орын (шоқ тал, төбе, үңгір) арнаған. Жыл тәулігіндегі алғашқы мереке - көктемге арналып, ол көктемдегі күн мен түннің теңелуі күні және алғашқы көктің қылтиіп шыққан күні өткізілген, басқалары - жаз ортасында және күздігүні өткізілген. Құрбан әдетте өзен бойына немесе бір ескерткіш құрылыстың (ғибадатхана, ата-баба моласы) басына апарып шалынған [49, 114 б.].
Түркі тайпаларының едәуір бөлігі әлі де шамандықты ұстанып, күнге, айға, жұлдыздарға табынды, сонымен бірге ислам біртіндеп кіре бастады. Алайда жергілікті халық жаңа дінді бірден тани қоймады. Қазақстанда бұл процесс ұзаққа созылды, солтүстік аудандарда ол оңтүстік аудандарға қарағанда баяу тарады. Исламның орныға бастауы түркілердің әлденіп келе жатқан ақсүйектеріне тиімді еді. Олар жаңа дінді халық бұқарасын бағындыру үшін пайдалануға тырысты. X ғасырда исламды қарахандықтардың бір бөлігі, алдымен ел билеушілері қабылдайды. Оңтүстік Қазақстан қалаларында мұсылман дінін ұстаушыларға арнап құрылыстар салынып арнайы вакфтық жерлер бөлініп отырған. Бұл жерлерден мемлекет пайдасына алым-салық төленген жоқ.
Исламды ұстанатын халық санының өсуімен байланысты Жікіл, Баласағұн, Фараб, Сүткент, Барысхан, Атлақ, Мерке тағы да басқа үлкенді- кішілі қалаларда мешіттер мен медреселер пайда болады. Мемлекетке дінбасылары мен сауатты адамдар аса қажет еді.
Ислам дінінің енуі қарахандықтардың мәдениетіне де біршама әсерін тигізді. Әсіресе, қала мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Сөйтіп түркілер Ислам әлемінің шаруашылық мәдени кешеніне енді. Ең алдымен араб жазуы Қазақстан жеріне кең тарай бастады. Ислам дінінің әсерімен Оңтүстік Қазақстан жерінде Қарахан, Айша бибі сияқты кесенелер салынды. Бұлар Қарахан дәуірінің ерекше сәулет өнерінің үлгісін қалыптастырды. Қарахан дәуірінде әдебиеттің дамуы да қарқын алды.
Жергілікті дін басқарушылары, имам және молда бір мезгілде бастауыш мектеп - мектебе оқытушылары қызметін атқарды. Ірірек мешіттерде медресе құрылды. Мұнда түрлі дәрежедегі дін қызметкерлері болашақ дінбасылары мен заң мамандарын ислам даналығына үйретті. Ислам, оның тарихы, қағидалары, қасиетті текстер білгірлері қатары осылайша толықты. Олардың арасынан дінбасылары (имамдар), қатардағы дін қызметкерлері мұғалімдер (молдалар), әкімдер мен қазылар, заң мамандары және тағы басқалары шықты.
Қазақстанның оңтүстік өлкесінің исламдандырылуы, мұсылман дінінің көшпелі ақсүйектер ортасына терең тамыр жаюы нәтижесінде ежелгі түрік руна жазулары ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік жазуы қалыптаса бастайды [46, 106 б.]
Түркі халықтарының көптеген ұрпақ үшін рухани баю көзі болған көрнекті ғалымдар мен мешіттер жанынан ұйымдастырылған мұсылман мектептерінің қатары артады. Бұл мектептердің негізгі мақсаты халық арасына ислам сенімін тарату болғанымен, олар ұлғая келе, өздеріне ірі ғылыми орталықтарды біріктірген рухани оқу орындары қызметін қоса атқарды.
Самарқанд, Бұқара, Шаш (Ташкент), Ясы (Түркістан), Фараб (Отырар), Сайрам, Тараз, Қашғар және басқа да көптеген қалалар медреселерінде ғылыми еңбектері ғұламалар өмір сүрді, қызмет етті. Мұхаммед Хорезми, Әбу Нәсір әл Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан Бируни, Ибрахим Исхақ бин Ибрахим әл Фараби, Аббас Жауһаридың ізін қуушылар шықты. Құтадғу біліг (Құтты білік) [46], Диуани лұғат ат-түрк (Түркі тілдерінің сөздігі) [30], Диуани хикмат (Даналық кітабы) [51], Хибатул-хақайық (Ақиқат сыйы) [52] секілді қоғамдық-философиялық ойды байытуға өзіндік үлес қосқан бірегей туындылыр дүниеге келді. Бұл еңбектер Қарахандар дәуіріндегі мәдени-қоғамдық жағдайлар әсерімен жазылғанымен, идеялық үлгі болған замана ғұламаларының рухани мұралары еді. Солардың ішінде ғалымдар асқан ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Нәсір әл Фарабидің алатын орнын ерекше бөліп атайды. Философия, математика, логика, тіл және әдебиет, музыка, астрономия, әлеуметтану, этика, медицина, психология, педагогиканы зерттеп, дамытумен айналысқан ғылымдардың тізімі осындай.
Ол кездегі оқымыстылар ұмтылыстарының ауқымы түрлі ғылымдар проблемалары енетін аса кең болатын. Тек белгілі бір бағытқа бейімделу ғана ғалымның философ немесе табиғат зерттеушісі, математика маманы немесе тарихшы ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Осыдан шығарып XI ғасырдағы беделді тұлға, қоғам қайраткері, Құтадғу білік атты еңбектің авторы Жүсіп Баласағұниды энциклопедист ғалым деп атаумен келісуге болады [53, 97б.]. Ол Қарахандар мемлекеті астаналарының бірі болған, өзі Кұз-Орда деп атайтын Баласағұн қаласында 1015 жылы дүниеге келеді. Түркі, парсы - тәжік және арабтық негіздер енетін жақсы білім алады.
Көпті көріп ысылған, өмір тәжірибесі мол Баласағұни өзінің атақты шығармасы Құтты білікті жазып шығады. Бұл түркі тілінде жазылған алғашқы туынды болып табылады. Терең білімді, ана тілін аса құрмет тұтушы оған Хасс-Хаджиб, яғни Бас кеңесші деген атақ беріледі. Алайда Құтты білікті тек саяси трактат деп қана қарау жеткіліксіз. Мұнда сол дәуірдің әлеуметтік және мәдени өмірінің әралуан салалары сөз болады. Өмірдің мәні, адамның тағдыры, оның табиғат пен қоғамдағы орны мен ролінің дүниетанымдық проблемалары кеңінен қарастырылады [53, 68б.], тәлім-тәрбиелік ой-толғамдарға елеулі орын беріледі.
Бұл кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің қалыптасуына үлкен үлесі бар ұлылардың келесі бірі Махмұд бин Әли Тарази (туған жылы белгісіз -1135), Ол алғашқы білімді туған мекені Таразда алған. Тараз осы тұста жақсы жабдықталғандығымен аты шыққан танымал қалаға айналған болатын. Ол бір жағынан Ұлы Жібек жолының бойындағы негізгі буын болуымен қатар, қағанның әкімшілік орталығы болды. Мұнда малшылар мен диқандардың, былғары илеушілер мен қолөнершілердің жемісті бірлескен тіршілігі тез қалыптасты. Тұрғындардың белсенді әрекеті, олардың араласуы халықтардың сіңісуіне жағдай туғызды. Осының нәтижесінде Тараз және оның маңының біртұтас түркі тілдес тұрғындары калыптасты. Қарахандар тұсында мұнда тұрғын-жай құрылыстары, діни және қоғамдық үйлер, бекіністер тұрғызылды. Сондай айшықты өрнегімен ерекшеленген құрылыстың бірі - Махмұд оқыған, кейін өзі де ұстаздық еткен медресе болатын. Тараз өлкесін ежелден мекендеген жергілікті дулат тайпасынан шыққан Махмұд өз шығармаларын осы тұста ғылыми тілдің ролін атқарған араб тілінде жазды. Мұсылман заңының білгірі, озық ойлы қайраткер сол кездегі оқу орындарының бірін басқарды деген болжам бар [54, 154 б.].
Халық арасында сый мен құрметке бөленген ғалым 1135 жылдары қайтыс болады. Жетісу, Шығыс Түркістан, Мауараннахрды мекендеген ру-тайпалар мен халықтардың Х-ХІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің қол астына бірігуі олардың саяси, экономикалық және мәдени дамуын тездетті. Әлеуметтік негіздердің нығаюына сондай-ақ халықтар мәдениетіндегі озық үлгілердің қабылдануы, білім беру ісіне көңіл бөлудің артуы үлкен ықпал етті. Оқыту мазмұны оқу, жазу және санауды енгізумен ғана шектеліп қойған жоқ. Грамматика, әдебиет, әдептілік ережелері оқып үйретілді. Пәндер, әдетте, екі циклге: дәстүрлі және рационалистік (оймен аңғарлық) болып бөлінді. Бірінші циклге ең алдымен діни пәндер (құран түсіндірмелері, Мұхаммед пайғамбардың өмірі жайлы әңгімелерді түсіндіру, мұсылман құқығы, дін ілімі) енгізілді. Екінші циклге көркем жазу, логика, математика, астрономия, тәртіп ережелері жинағы, медицина және басқа жаратылыстану ғылымдары кірді.
Білім беру орындарында оқытудың негізгі әдістері әр түрлі әдебиеттерді оқу және түсіндіру болды. Шәкірттер мұғалімнің басшылығымен сол не өзге пәндер бойынша беделді шығармаларды оқып үйренді.
Араб тілі мен әдебиеті, дін тарихы, құран мен сунна салаларының білгірі Отырарлық ғалым Бурхан ад-дин Ахмад Әл Фараби (XI ғ.) өзінің Заллат әл-Қари (Оқу үстіндегі қате) атты еңбегін пәндерді оқыту, әсіресе, Құранды дұрыс оқи білу жолдарын ашып көрсету мәселелеріне арнады.
Түркілердің ислам мәдениетінің маңызды белгілерін оған өзіндік ерекшелік енгізе отыра бір ізге салуы сәтті болып шықты. Оқыту жүйесі біртіндеп кеңейе түсті, Дін ілімі, грамматика, заңтанумен қатар көптеген мектептерде, әсіресе, орта оқу орындары мазмұнына жаратылыстану, математика, медицина енгізілді. Орта ғасырларда негізі қаланған оқу орындарының бұл бірегей дәстүрі Қазақстанда XX ғасырдың басына дейін сақталды және олар осы замандар бойы ғылыми білімнің шоғырланған жері болып келді. Самарқанд, Бұқара, Шаш, Испиджаб, Баласағұн, Қашғар қалаларындағы мектептер мен медреселерде жан-жақтан келіп білім алушылар аз болмады. Әсіресе, Отырар қаласының мәдениеті ерекше болатын. Мұндағы ірі кітапхана қолжазбалары мен кітап қоры жағынан дүние жүзіне әйгіленді. Әбу Нәсір әл Фарабидің ой-өрісті тәрбиелеу, идеяларынан күш алған Қарахандар дәуірінің рухани мәдениеті жаңа табыстармен байи түсті. Астрономия, география, жаратылыстану және өзге салалар бойынша халықтық білімдер ғылыми трактаттар түрінде қайта жабдықталды [55, 92 б.]
Күлтегін, Тоныкөк, Онгүн жазуларында да, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари еңбектерінде де өзекті бір рухани желі бар. Ол Түркі елі, түркі өркениеті. Руна жазуларында елді сақтау, мемлекетті түзу, кеңейту, нәсілдің құрып кетпеуі қысқа, нақты ой түйіндерімен жетсе, кейінгі XI ғасырдағы әйгілі жазбаларда сол рухты ұстанып әрі қарай гүлдену мақсатын өнер мен ғылым тілінде толғайды. Кейінгі шығармаларда елдік дәстүр, халықтық рух, өнер-білім, білім мұраттары айқындала түскен [26, I, 9 б.] деген зерттеуші А. Егеубаев пікіріне толық қосыламыз.
Қарахандар мәдениетінің өкілдері ғылым-білім кеңістігін түркі тілдерін, әдебиетін, әдет-ғұрыптарын, халық психологиясын, педагогикалық тәжірибесін зерттеп білумен толықтырды. Егер бұрынғы дәстүрде, ең алдымен араб тілі құрметтелсе, енді білімді таратушы ретінде алдыңғы орынға түркі тілдері шыға бастайды.
Сонымен, Қараханид дәуірінде мемлекеттің көп бөлігінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістер орын алды. ХІІ ғасырдағы қарақытайлардың (қидан) жорықтары және ХІІІ ғасырдың басында наймандардың қоныс аударуы мемлекеттің күйреуіне әкеп соқты. Дегенмен Қазақтанның оңтүстік аймақтарында қалыптасқан жаңа этникалық жағдай, дәстүрлі рухани-мәдени ағымдар өз қалпында қалды. Кейіннен оны өзгерту ешкімнің қолынан келмеді [45, 236 б. ]
Осылайша біз Х-ХІІ ғасырлар Қазақстан тұрғындарының материалдық және рухани мәдениетінің гүлденген дәуірі болғанын көреміз. Материалдық мәдениет табиғи ортаға бейімделу талаптарына мейлінше ыңғайланды және тіршілікті қамтамасыз ету мен материалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдеріне байланысты зерттеулер
Оғыз мемлекеті жайлы
Ежелгі түріктер туралы
Ежелгі түріктер
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
Оғыздыр мемлекеті
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Махмұд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат турк» еңбегінің мектепте оқытылуы
Махмұд Қашқари өмірі
Пәндер