Адам өлтірудің субъективтік белгілері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . І. Адам өлтіру - жеке адамдарға қарсы қылмыс ретінде.1. 1 Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері . . .
1. 2 Адамның өмірі - қылмыстық заңмен қорғалатын объекті ретінде . . .
1. 3 Адам өлтірудің түсінігі. .
ІІ. Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.
2. 1Адам өлтірудің объективтік белгілері.
2. 2Адам өлтірудің субъективтік белгілері . . .
ІІІ. Адам өлтірудің түрлеріне және ұғымына құқықтық талдау.
3. 1. Адам өлтірудің жай түрі . . .
3. 2 Адам өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері
3. 3 Адам өлтірудің жауаптылықты жеңілдететін түрлері
3. 4 Адам өлтіруді өмірге қол сұғумен ұштасатын басқа қылмыстардан ажырату
Қорытынды .
Пайдаланылған қайнар көздер тізімі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ:
КСРО-Кеңестік Социалистік Републикалар Одағы ;
БОАК - Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің) ;
Қазақ КСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы;
ҚР - Қазақстан Республикасы;
ҚРК - Қазақстан Республикасының Конституциясы;
ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі;
ҚР ҚПК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік Кодексі;
РФ- Ресей Федерациясы.КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. “Адам өлтіру”-күнделікті өмірімізде қаншама рет естиміз?! Бұрынғы замандардан бері адам өлтіру үшін түрлі жазалар ойлап табылған. Мысалға, Тәуке ханның Жеті Жарғысынан : «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін», «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс». Мемлекет дамыған сайын жаза түрлері де өзгеріп отырды, яғни бұрынғыдай тек ақсүйектер мен белгілі адам өлтіру үшін ғана емес қарапайым шаруаны өлтіргені үшін де жазаға тартатын болды.
Адам өлтіру - Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығында арнайы сауалдар шеңберінде өте кең дискуссиялы мәселені қозғайтын тақырыптардың бірі.
Адамға қарсы жасалынатын қылмыстардың ең қауіптісі - адам өлтіру.
Кез келген мемлекет адамның өмірін, денсаулығын және олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзінің басым міндеттері ретінде қояды.
ҚР Конституциясының 15-бабында айтылғандай: “Әркімнің өмір сүруге құқығы бар”; “Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ”, бұдан түсінетініміз, өмір сүру құқығы адамның өз ерік-жігерін, еркін танытып, өз мүддесіне, талап тілегі мен нанымына, құнды қасиеттеріне сәйкес тіршілік ететін әрбір адамның табиғи мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді деген сөз. Ешкімде өмірден еріксіз айырылуға тиісті емес. Конституция бұл құқықты қорғайды. Адамды өмірінен айыру - қылмыс болып саналады.
Осы функция әртүрлі құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық нормалармен де жүзеге асырылады.
Бұл саланы зерттеуді - оқу барысының қорытындысы ретінде қарауға бола ма? Қазіргі кез үшін оны қаншалықты өзекті (актуалды) және түйінді мәселе ретінде қарауға болады? Неліктен оған баға беруіміз керек?
Бұл сауалдарға жауап ретінде айтатыным: Адам өлтіру - қылмыстық құқық пәнінің жүйелік институты және маңызды саласы болып табылады.
Біз үшін бүгін бұндай тақырыпты зерттеудің маңызы неде? Біз - жас мемлекетпіз, бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең сын сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біз бұны неге сүйеніп айтып отырмыз? Егемендігіміз, аумақтық тұтастығымыз халықаралық деңгейде танылып, кепілдік берілді. Қазақстан әлденеше ұйымдардың мүшесі болып табылды [1, 5б. ] .
Әдебиеттерге шолу және ғылыми проблеманың заманауи шешілуі. Қылмыстық құқықта адамды өлтіру мәселесі көптеген заңгер ғалымдарды назар аудармай қоймады. Оның кейбір бөлек аспектілерін мынадай көрнекті авторлар: С. М. Рахметов, С. В. Бородин, Н. И. Загородников, Ю. И. Ляпунов, В. И. Ткаченко және тағы басқалар зерттеген болатын. Бұл ғалымдардың еңбектерінде ғылыми негізделген және тәжірибелі тұжырымдарды табуға болғанымен, кейбір аспектілері біздіңше әлі дискуссиялы (даулы), себебі қазіргі кезбен (немесе қазіргі менталитетпен) салыстырғанда ары қарай ғылыми зерттеуді қажет ететін сияқты. (Ол үшін Қылмыстық заңнамаларды кәзіргі таңмен жетілдіруді ескере отырып жүргізу керек) .
Зерттеудің объектісі болып адам өлтіруді сотта және сотқа дейінгі тергеп-тексеруде адам өлтіруді саралауды жүзеге асыру кезінде қалыптасатын құқықтық қатынастар және сотта, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында олардың айқындалуының айрықша белгілері табылады.
Зерттеудің пәні болып адам өлтірудің саралауы, құрылымы және құрамы, сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында, сотқа дейінгі тергеп-тексеруде дәлеледемелерді бағалауды реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасының даму тенденциялары табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жаңа қоғамдық қатынастар қалыптастыру оңай шаруа емес. Оны қоғамдық өмірдің түрлі қырларынан көруге болады.
Нарықтық қатынастарға байланысты көрініс тапқан жұмыссыздық, көптеген қала мен дала тұрғындарының өмір сүру дәрежесінің төмендеуі біршама келеңсіз құбылыстармен байланысып жатыр.
Осының бір ерекше белгісі - қоғамдық және құқық тәртібін бұзу, оның ең қауіпті түрі - қылмыстылық.
Қазақстан Республикасында ауыр және аса ауыр қылмыстар, оның ішінде әсіресе ұйымдасқан сыбайлас іс-әрекеттер көбеюде. Солардың ішінде адамды өлтіру іс-әрекеттері де аз емес. Біздің мақсатымыз бен міндетіміз: адам өлтіруді саралау барсындағы салғыртырттықты және қателіктерді азайту; заңнамаға толықтыртулар енгізу; екі тараптың дәлдемелері негізінде істің мәні бойынша істі толық және анық қарауды ұйымдастыру.
Адам өлтірген кезде дүниеде бір-ақ рет келетін адамның құнды игілігі - өмірінен айырады. Адамның өмірі - оның дүниеге келуінен бастап, өзіне тиесілі бөлінбейтін ажырамас негізі болып табылатындығы мәлім. Біздің міндетіміз осы адамға бір рет берілетін өмірін қорғау және адам өлтірудің алдын алу.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Барлығымыз байқағандай, қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңды анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңды түсінігі берілген. «Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру» деп ҚК-тің 96-бабында тура көрсетілген. Сонғы қабылданған Қазақсатан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес адам өлтіру 99-бапқа сәйкес келеді. Осыған орай абайсызда адам өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы (абайсызда адам өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтаған кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі - биологиялық өлім.
Қылмыстық Кодекс бойынша топтық объекті тұрғыдан жеке адамға қарсы қылмыстар маңызды орын алады. Тікелей объектісінің ерекшеліктіріне қарай жеке адамға қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар, денсаулыққа қарсы қылмыстар, жеке адамның бас бостандығына қарсы қылмыстар, жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар, жыныстық қылмыстар.
Өмірге қарсы қылмыстар: адам өлтіру (99-бап. ) ; жаңа туған баланы анасының өлтіруі (100-бап. ) ; аффект жағдайында болған адам өлтіру (101-бап. ) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру (102-бап. ) ; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезіңде жасалған Адам өлтіру (103-бап. ) ; абайсызда қазаға ұшырату (104-бап. ) ; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-бап. ) .
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам - бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (99-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрам (99-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезіңде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекетіне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру -ҚК-тің 99-бабының 2-тармағында козделген. Кылмыстык кукык теориясында бул жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мундай жағдайда бөлу өлшемі әр түрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе кылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
Қылмыстық Кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, атап айтканда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа катысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа және субъектіге катыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабында қалай орналастырылған болса, сол бойынша карастырылады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік құндылығы.
1 адам өлтіру - жеке адамдарға қарсы қылмыс ретінде.1. 1 Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.
Жеке адамға қарсы қылмыс - объектіге қол сұғушылықтың аса қауіпті қылмыстарының бір түрі. Адамның жеке азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады [2, 127 б. ] .
Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конститутцияның 1 бабында «ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Өзге құқықтар мен бостандықтар өмір сүру құқығына қатысты басқа да маңызды актілерде жинақталған [3, 3б. ] .
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, ҚР-ның Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Осы жоғарыда айтылған баптың екінші бөлігіне сәйкес, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам қоғам немесе мемлекет үшін қаіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді [4, 2 бап] .
Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Тікелей объектілерінің ерекшелігіне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:
- Өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (99-бап) ; жаңа туған, баланы анасының өлтіруі (100-бап) ; аффект жағдайында болған адам өлтіру (101-бап) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған Адам өлтіру (102-бап) ; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезіңде жасалған Адам өлтіру (103-бап) ; абайсызда қазаға ұшырату (104-бап) ; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-бап) .
- Денсаулыққа қарсы қылмыстар: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106 бап) ; денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (107 бап. ) ; қинау(110 бап) денсаулыққа аффект жағдайында зиян келтіру (111-бап) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-бап) ; қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (113-бап) ; денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114-бап) ; қорқыту (115-бап) ; адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (116-бап) ; Соз ауруын жұқтыру (117-бап) ; адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру(118-бап) ; қауiптi жағдайда қалдыру (119-бап) .
- Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: Адамды ұрлау (125-бап) ; бас бостандығынан зансыз айыру (126-бап) ; психиаторлық статционарға зансыз орналастыру (127-бап) .
- Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: Жала жабу (130-бап) ; қорлау (131-бап) .
- Жыныстық қылмыстар: Зорлау (120-бап. ) ; Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (121-бап) ; Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау(122-бап) ; Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап) ; жас балаларды азғындық жолға түсіру (124-бап) .
Енді осыларға қысқаша тоқталып кететін болсақ, біріншісі өмірге қарсы қылмыстар деп аталған. Бұл жеке адамға қарсы қылмыс түрінің негізгі зерттеу объектісі болғандықтан жалпылама тоқталуды жөн көрдік. (Келесі тарауларда (параграфтарда) осы мәселеге қатысты тереңірек сөз болмақ) . Мысалы, жоғарыда келтірілгендей, өмірге қарсы қылмыстар қатарына адамды өлтіру (99 бап) жатады [5, 25б. ] . Байқап қарасақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам - бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (99-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрам (99-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезіңде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекетіне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру -ҚК-тің 99-бабының 2-тармағында козделген. Кылмыстык кукык теориясында бул жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мундай жағдайда бөлу өлшемі әр түрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе кылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
Қылмыстық Кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, атап айтканда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа катысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа және субъектіге катыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабында калай орналастырылған болса, сол бойынша карастырылады.
Екінші түрі, денсаулыққа қарсы қылмыстар деп аталады. Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы [6, 124б. ] .
Осы арада «денсаулық» деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам организмінің әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекетпен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі - оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқада арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау - тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туыстары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туыстарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдік залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. ҚР ҚК адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататынын нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
- Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103 бап) ;
- Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап) ; Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) ;
- Ұрып-соғу (106-бап) ;
- Азаптау (107-бап) ;
- Денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап) ;
- Кажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап) ;
- Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап) ;
- Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап) ;
- Қорқыту (112-бап) ;
- Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алуға мәжбүр ету (113-бап) ;
- Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап) ;
- Соз ауруларын жұқтыру (115-бап) ;
- Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап) ;
- Заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы) ;
- Науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап) ;
- Қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап) ;
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар бойынша, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады [7, 67б. ] . Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабының 2-тармағынында тура көрсетілген. Сондай-ақ Республика Конституциясында адамның жеке басына - өміріне, қадір-қасиетіне қол сұғылмауына кепілдіктер берілген.
Азаматтардың бостандықтары, қадір-қасиетін, ар-намысын қорғау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады, соның ішінде жеке адамның бостандығына қол сұғатын әрекеттерге қарсы күрес жүргізуде Қылмыстық заңның маңызы ерекше. Осыған орай Қылмыстық кодекстің көптеген баптарында адам бостандығын қорғайтын заң нормалары бар.
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстардың жеке құрамдары ҚК-тің 125-129-баптарында тікелей көрсетілген. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі адам мен азаматтың бостандығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстардың жеке құрамдары ҚК-тің 125-129-баптарында тікелей көрсетілген. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі адам мен азаматтың бостандығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың тікелей объектісі нақты жәбірленушілердің заңмен белгіленген бостандығын реттейтін қоғамдық қатынасы болып табылады.
Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстарға жоғарыда айтылғандай жала жабуды (129-бап) және қорлауды (130-бап) жатқызғанбыз, әр қайсысына тоқталар болсақ. Қылмыстық кодексте жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату - деп көрсетілген.
Қылмыстың тікелей объектісі адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті, беделі.
Қылмыстың заты көрінеу жалған мәліметтер.
Қылмыстың жәбірленушісі болып кез-келген адам, оған есі дұрыс емес, кәмелетке жасы толмаған, өлген адамдарда жатады.
Объективті жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы басқа адамның ар-намысымен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жолымен жүзеге асырылады. Тарату деп осындай жалған мәліметтерді өзінен басқа кем дегенде бір адамға, бірнеше адамға, белгісіз адамдар тобына айтуын немесе баспа сөзде жариялауды, радио, теледидар арқылы, сондай-ақ көншілік алдында сөйлеген сөз арқылы жеткізуді айтамыз.
Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс жалған мәліметтерді таратқан уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Мұндай мәліметтер: біріншіден шындыққа жатпайтын жалған болуы; екіншіден адамның ар-намысымен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін болуы керек. Мысалы, жәбірленушіні соз ауруымен ауырады деп бөтен адамға айтса немесе ол үнемі притон ұйымдастырады деп көп адамның арасына сөз таратса.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz