Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті дайындау және ұсыну

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Ақша қаражаттары мен олардың қозғалысының теориясы ... ... ... ... .
0.1 Ақша қаражаттарының экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 Ақша қаражаттарының мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.3 Ақша қаражаттарының қозғалысының және ақпараттарының мәні, мазмұны және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.4
2 Ақша қаражаттары туралы есептілікті дайындау және ұсыну ... ... ... ... ...
2.1 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
2.2 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік ... ... ... ... ... ... .. ...
2.3 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті дайындау мен ұсынудың кезеңдері және әдістері ... ..
2.4 ҚЕХС бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілікті ұсыну мен сәйкестілігінің мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

1 Ақша қаражаттары мен олардың қозғалысының теориясы

1.1 Ақша қаражаттарының экономикадағы рөлі

Ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін , жалпыға балама
айрықша тауар.
Ақшанын объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бул тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір - бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай - ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
oo жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
oo айырбас құнының дербес формасы;
oo еңбек өлшемінің эаттай (материалдану) формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген
материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы - аверс және жаны гурт деп аталады.
Толық құнсыз ақшалар - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:
oo құнның металдық белгілері - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
oo құнның қағаздан жасалған белгілері.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметіне мыналар
жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы;
5. дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемінің қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері сондықтан олардың құнын өзіндік құны нақты ақшалар өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен
анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдық баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі:
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті қашаннан алтынға жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады.
Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1.Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ депозиттік шоттардағы сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2.Банктегі халық салымдарында облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

1.2 Ақша қаражаттарының мәні және түрлері

Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша - қаражаттары, сондай-ақ фирма қарекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.
Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.
Өндірістік - коммерциялық цикл - ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады.
Пайда алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады.
Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар ақша қаражаттары ағымы деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді.
Отандық және шетел әдебиеттерінде бұл ұғым (түсінік) түрліше түсіндіріледі. Американдық ғалым Л.А.Бернстайнның айтуы бойынша ақша қаражаттарының ағымы терминінің тікелей мағынасы жоқ. Кәсіпорындарда келіп түсетін ақша қаражаттары (яғни, ақшалай түсімдер) және шығатын ақша қаражаттары (ақшалай төлемдер) болады. Сондай-ақ бұл ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы түрлі қызмет салаларына байланысты болуы мүмкін - өндірістік, қаржылық немесе инвестициялық. Аталған қызметтердің әрқайсысына тиесілі ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын анықтауға болады. Бұл айырмашылықтарды ақша қаражаттарының таза түсімі немесе таза шығысы деп қарастырған жөн. Осыған байланысты ақша қаражаттарының таза түсімі берілген кезең бойынша ақша қаражаттары қалдықтарының өсуіне негізделеді, ал таза шығыс есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдықтарының кемуімен байланысты болады. Көптеген авторлар, ақша ағымын түсіндіргенде, шаруашылық қызмет негізінде қалыптасатын ақша қаражаттарын айтады.
Өзге американдық ғалым Дж. К. Ван Хорнның айтуы бойынша фирманың ақша қаражаттарының қозғалысы үздіксіз процесс болып табылады. Фирма активі - ақша қаражаттарының таза қолданысы, ал пассив - таза көздері. Ақша қаражаттарының көлемі уақыт бойынша сату көлемінен, дебиторлық қарыздар инкассациясына, капиталды шығындарға және қаржыландыруға байланысты өзгереді.
Германиядағы ғалымдардың түсіндірмесінде бұл термин Cash-Flow (қолма-қол қаражаттар ағымы) деп қолданылады. Олардың айтуы бойынша, Cash-Flow жылдық шығынның, амортизациялық аударымның және зейнетақы қорына салымдардың сомасына тең. Cash-Flow арқылы кәсіпорын өзінің бүгінгі және болашақтағы капиталға сұраныстан анықтай алады.
Ресейде ақша ағымдары түсінігі маңызды мәнге ие. Мұны, 1995 жылы бухгалтерлік есеп беру құрамына енген қосымша №4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп атты есеп беру түрінің енуі түсіндіреді. Бұл қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолдану және тартудағы мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.
Көптеген ғалымдар ақша қаражаттары ағымы астарында белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынға келіп түсетін және төленген ақша қаражаттары арасындағы айырмашылықты түсінеді: олар оны пайдамен салыстырады. Пайда - кәсіпорынның тиімді қызметін көрсететін және оның жұмысының үздіксіздігінің көзі болып табылады.
Ақша қаражаттарының пайдадан айырмашылығы: түсім - берілген кезеңдегі өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен есепті кіріс. Бұл ақшалай және ақшалай емес түрде болады.
Кәсіпорын және корпорация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпорацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару - қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.
Кәсіпорындағы жүйелік есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Ақша қаражаттары ағымын басқарудың негізгі бағыты - кіріс көлемінің баланстылығы және ақша қаражаты төлемі негізінде корпорация немесе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін келесі үш көрсеткіш маңызды:
- тауарды (өнім, қызмет көрсету) сатудан түскен түсім;
- пайда;
- ақша қаражаттарының ағымы.
Осы көрсеткіштердің шекті көлемі және жыл ішіндегі өзгеру динамикасы белгілі уақыт аралығындағы (жыл, тоқсан, ай) оның жұмысының нәтижелілігін көрсетеді. Алайда, төлемсіздік шарттарында, кәсіпорынның түрлі қызметтерінен түсетін ақша қаражаттарының ағымы маңызды орынға ие. Төлемдер бойынша ақша қаражатының түсімі артық болған жағдайда кәсіпорын ағымдағы және болашақ даму үшін бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Яғни бұл артықшылықтар, кәсіпорынның бос ақша қаражаттарын қосымша пайда табу мақсатында, өзге де кірісті бизнес аясына немесе қызмет түріне салудан көрінеді. Сондай-ақ, қажетті сомадағы тұрақты ақша қаражаттарының бар болуы ағымдық төлемқабілеттілікті қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады:
Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім - бұл, шоттарда сатылым және өзге де кірістер мен шығыстар есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.
Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.
Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.
Ақша ағымдарының шығысы - ағымдық операциялық және инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде, эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.
Ақша қаражаттарының таза кірісі - ақша қаражаттары бойынша барлық түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Соңғы есептік кезеңдегі кәсіпорын балансындағы ақша қаражаттар қалдығының өсуі немесе кемуі, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда актив пен пассив құнындағы өзгерістерден тәуелді. Баланс активіндегі кез-келген мүлік бабының құнының өсуі - коммерциялық банктер шотындағы ақша қаражаттарының азаю факторы болып табылады. Керісінше, баланс пассивіндегі қаржыландырудың меншікті немесе тартылған көздерінің өсуі ақша қаражаттары қалдығының өсу себебі болып табылады.
Мұндай саясат нәтижесі болып:
- банктегі шоттарда және кассада қажетті ақша қаражаттарының болуы;
- кәсіпорынның жыл бойы несиеқабілеттілігін, төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін баланстың актив пен пассив құрылымын қалыптастыру.
Ақша ағымдары дегеніміз - бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі.
Алынған пайда сомасы және келіп түскен ақша ағымының көлемі арасындағы айырмашылық келесідей: пайда, кәсіпорынмен белгілі бір уақытта (жыл, тоқсан) алынған таза кірісті түсіндіреді. Ол анық келіп түскен ақша қаражатымен сәйкес келмейді. Оны ақша қаражаттары келіп түскеннен соң емес, сату процесі аяқталған соң мойындайды. Бұл кәсіпорынның есептік саясатында белгіленген. Пайда есебін жүргізгенде, өндіріске кеткен шығындарды сатылған кезінен бастап емес, оны өткізу кезінде мойындайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, есептік кезең бойынша кәсіпорынға келіп түскен пайда мен ақша қаражаттарының бір нәрсе еместігін ажырата білген жөн. Пайда авансталған құнның өскендігін көрсетеді, бұл кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көрсетеді. Алайда, пайда көлемінің өсіміне баға факторлары, есептік саясат тәрізді өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ пайданың болуы кәсіпорында бос ақша қаражаттарының бар екендігін білдірмейді.
Нарық заманының экономикасында ақша қаражаттары өте дефицит болып табылады және көп жағдайларда кәсіпорынның табысқа жетуінде басқарманың ақша қаражаттарын тиімді пайдалану қабілеттілігі ескеріледі.
Ақша ағымдарын басқару өзіне келесі аспектілерді қосады:
- ақша қаражаттарының қозғалысы есебі;
- қолма-қол ақша ағымын талдау;
- ақша қаражаттары қозғалысының бюджетін құрастыру;
- ақша қаражаттары қозғалысы бюджетінің жүзеге асырылуын қадағалау.
Бұл, кәсіпорын қызметіндегі, айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын қоса алғандағы басты бағыттарды қамтиды.
Кәсіпорын үшін ақша ағымын басқару келесі себептерге байланысты маңызды болып табылады:
oo баланс өтімділігін реттеу;
oo қаржылық салымдардың, дебиторлық қарыздардың, қорлардың, айналым активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру;
oo уақытша капитал шығындары және оларды қаржыландыру көздерін жоспарлау;
oo экономикалық өсуді жоспарлау.
Жоғарыда көрсетілген себептерді тиімді басқару кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сурет 1. Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы

Жоғарыда тұрақты қаржылық жағдайдағы, негізгі ақша қаражаттарын ағымдық қызметке бағыттаған кәсіпорынның байланыс схемасы көрсетілген. Ақша қаражаттарының қозғалу бағыты бойынша екі ақша ағымын көрсетуге болады: келіп түскен және шыққан. Келіп түскен ақша ағымы - кәсіпорынға белгілі бір уақыт аралығында келіп түскен ақша қаражаттары ретіне қарастырылады, ал кеткен аша ағымына аналогиялық уақыт периодындағы (тоқсан, жыл) пайдаланылған (төленген) ақша қаражаттары жатады.
Жүзеге асырылу түрлері бойынша ақша ағымын қолма-қол және қолма қолсыз деп бөлеміз. Қолма-қолсыз ақша қаражаттары - бухгалтерлік есеп шоттарында жазылу арқылы жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша қаражаттары - қолда бар ақша қаражаттын алу және жұмсау түрінде жүзеге асырылады.
Айналыс аясына байланысты ақша ағымы ішкі және сыртқы болады. Сыртқы ақша ағымы кәсіпорынның конрагенттерінен келіп түскен және оларға төлеуге жұмсалатын ақша қаражаттарын құрайды. Бұл операциялар кәсіпорын шотындағы ақша қаражаттары қалдықтарының ұлғаюына немесе кемуіне әкеледі.
Ішкі ақша ағымы кәсіпорынның ішіндегі айналысты құрайтындықтан, (мысалы, материалдарды өндірістен қоймаға қайта өткізу, қалдықтарды қайта тіркеу, материалды құндылықтар бағасын төмендету және т.б.) ішкі ақша ағымы қалдық ақша қаражаттарына әсерін тигізбейді Қосымша Б.
Ақша қаражаттарының түсіміне және жұмсалу көлеміне байланысты артықшылықты, оптималды және дифицитті ақша ағымдары болып бөлінеді. Артықшылықты ақша ағымы ақша қаражаттар түсімінің, олардың ағымдық қажеттілігінен жоғары болған жағдайда қалыптасады. Оптималды ақша ағымы ақша қаражаттарының төленуі мен келіп түсуінің арасындағы баланстылықты (теңділікті) бейнелейді. Олардың қалдығы ағымдық қаржылық міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болады. Ал керісінше жағдай туындағанда, яғни төлемдердің түсімдерден көп болуы дифицитті жағдайға әкеледі.
Жоспарланған ақша ағымын болжап, оны ақша қаражаттарының қозғалысы бюджетіне алдын ала кіргізуге болады. Кәсіпорында жүйесіз пайда болған ақша қаражаттарының қозғаласын жоспарланбаған ақша ағымы деп түсіндіріледі.
Қалыптасудың үздіксіздігіне байланысты тұрақты және дискретті ақша ағымы қарастырылады. Тұрақты ақша ағымы қарастырылып отырған уақыт аралығындағы бөлек интервал бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін білдіреді. Өзге де жағдайларда, бірегей қаржылық операциялар бойынша дискретті ағым пайда болады.
Көлемді есептеу әдісі бойынша жалпы және таза ақша ағымын көрсетуге болады. Біріншісі, қарастырылып отырған уақыттағы түскен және төленген ақша қаражатының жиынтығын көрсетеді. Таза ақша ағымы бойынша қарастырылып отырған уақыттағы түсім және төлем арасындағы айырмашылық қарастырылады.
Бірдей уақыт аралығында жүзеге асырылатын ақша қаражаттарының түсімі немесе жұмсалуы бірқалыпты уақыт интервалындағы тұрақты ақша ағымын білдіреді, әлемдік тәжірибеде бұл аннуитет түсінігіне сәйкес келеді.
Ақша ағымдарын тиімді басқару үшін келесілерді білген жөн:
oo анықталған уақыт бойынша олардың көлемі (ай,тоқсан,жыл);
oo олардың негізгі элементтерін;
oo ақша қаражаттарының ағымын қалыптастыратын қызмет түрлерін;
oo қарастырылатын кезең бойынша ақша ағымының жалпы көлемінен басқадай түрлерін бөлек интервал бойынша қарастыру;
oo ақша ағымының қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы маңызды факторлар.
Кәсіпорынның өтімді ақша қаражаттарының ағымы - кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығындағы таза несие ұстанымының өзгерісін білдіреді.

1.3 Ақша қаражаттарының қозғалысының және олардың ақпараттарының мәні, мазмұны және түрлері

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айыру белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр.
Ақша қаражаттар қозғалысы - шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ол капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшалар айналысы - нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар қызмет етеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айнасы - қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы. Оған: чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір қозғалыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.
Мысалы, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
Бір операцияға әртүрлі жіктелген ақша қаражаттарының қозғалысы кіруі мүмкін. Мысалы, несие бойынша ақша қаражаттарын өтеудің құрамына пайыздарға қоса борыштың негізгі сомасы кіретін жағдайда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін.
Операциялық қызмет. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері ұйым операциялары несиелерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендттер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ұйымның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және шығынды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:
1. тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден түскен ақшалай түcімдер;
2. рояльти түріндегі түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және табыстың басқа да түрі;
3. тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;
4. қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер;
5. сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;
6. егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын салық үшін өтемақы;
7. коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісімшарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.
Бір өндірістік нысанды сату сияқты кейбір операциялар танылған пайда немесе залалға қосылған пайданың немесе залалдың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты операциялар инвестициялық операциялардағы ақша қаражаттарының қозғалысынан болады. Алайда, 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ҚЕХС-ның (IAS) 68А тармағына сәйкес басқаларға жалға беруге және әрі қарай сатуға арналған активтерді өндіру немесе сатып алу үшін ақша төлемдері операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады. Жалға беруден және осындай активтердің одан кейінгі сатылулары да ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады.
Ұйымның коммерциялық немесе сауда мақсатында бағалы қағаздары мен қарыздары болуы мүмкін, бұл жағдайда олар арнайы қайта сату үшін сатып алынған босалқы ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйтіп, коммерциялық немесе сауда бағалы қағаздарын сатып алуға және сатуға байланысты туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызмет ретінде жіктеледі. Осыған ұқсас, қаржы ұйымдары беретін ақша аванстары мен қарыздары де әдетте операциялық қызмет ретінде жіктеледі, өйткені олар қаржы ұйымының кіріс келтіретін негізгі қызметіне жатады.
Инвестициялық қызмет. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатына арналған шығыстарды айғақтайды. Танылған активке ықпал ететін шығындар ғана қаржылық жағдай есебінде инвестициялық қызмет ретінде жіктеле алады. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының мысалдары мыналар болып табылады:
1. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер. Оларға капиталдандырылған әзірлеу шығындарына және меншікті өндірістің негізгі құрал-жабдықтарына байланысты төлемдер жатады;
2. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;
3. басқа ұйымдардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған төлемдерден басқалары);
4. басқа ұйымдардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан алған ақшалай түсімдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған ақшалай түсімдерден басқалары);
5. басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен қарыздар (қаржы ұйымдары берген аванстық төлемдер мен қарыздардан басқалары);
6. басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы институттарының аванстық төлемдері мен кредиттерінен басқалары);
7. фьючерстік келісімшарт, форвардтық келісімшарт, опциондар мен своп келісімшарттар бойынша болған ақша төлемдері келісімшарт коммерциялық немесе сауда мақсаттарында жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде топтастырылатын жағдайынан басқа;
8. фьючерстік келісімшарт, форвардтық келісімшарт, опциондар мен своп келісімшарттар бойынша болған ақша түсімдері келісімшарт коммерциялық немесе сауда мақсаттарында жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде топтастырылатын жағдайынан басқа.
Келісімшарт белгілі бір позицияны хедждеу ретінде ескерілген кезде, ол бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы хеджделетін позиция бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы сияқты бағаланады.
Қаржы қызметі. Қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл ақпарат ұйымға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажетті. Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары ағындарының мысалдары мыналар болып табылады:
1. акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан түскен ақша түсімдері;
2. ұйымның акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін акция иеленушілеріне ақшалай төлемдер;
3. қамтамасыз етілмеген облигациялардан, қарыздардан, вексельдерден, қамтамасыз етілген облигациялардан, кепілдік және басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттерден ақшалай түсімдер;
4. кредиттік сомаларды ақшалай өтеу; және
5. қаржылық жалдау бойынша берешекті азайту үшін жалға алушының ақшалай төлемдері.

1.4 Ақша қаражаттарын басқару модельдері

Ақшалай қаражаттарға қажеттілікті анықтауда бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Бұлар:
oo ақша қаражатының жалпы көлемін және оның эквивалентін бағалау үшін;
oo ақша қаражатының қандай бөлігін есептік шотта, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық есеп берудiң экономикалық мазмұны
Айналым капиталының (қаражатының) мәні, құрылымы, айналысы, қалыптастыру көздері және талдауы
Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
Ақша қаражатының түсінігі
Ақша қаражаттары
Ақша қаражаттарын басқару саясаты
Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы
Оңтүстік жарық транзит ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары
Инвестициялық және қаржылық қызметтерге байланысты ақша қаражатының қозғалысын анықтау
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру
Пәндер