Еңбек күшінің жіктеуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси - экономикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.

Бүгінгі күні елімізде еңбек нарығы жаңғырып экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік- экономикалық, ұйымдастырушылық - инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, тұрғындары жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау.

Халықты жұмыспен қамту, еңбек нарығында жұмыссыздықты реттеу ең маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің бірі. Себебі толық жұмысбастылық пен жұмыссыздық деңгейі макроэкономикалық дамуы мен қоғамның тұрақтылығының көрсеткіш-индикаторлары болып табылады.

Н. Ә. Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Халқына Жолдауында: жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіруде-деп атап көрсетті [1] .

Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен оның халықаралық қауымдастыққа кіруі, бір жағынан, жұмысбастылық мәселесін аймақтық дәрежеде емес, экономиканың әлемдік глобализация дәрежесінде шешуді талап етеді. Екінші жағынан, жұмысбыстылық саясаты мен концепциясын, басымды бағыттарын республиканың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық аймақтық ерекшеліктерін ескеруде.

Елбасы өзінің Қазақстан Халқына жолдауында: Біздің мемлекеттік әлеуметтік сая­са­ты­мыздағы басты басымдық халықтың жұмыс­пен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұ­мыссыздық деңгейі 5%-дан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-дан аспайтын болсын деген міндет қоямын - деп атап көрсетті [2] .

Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 ел қатарына кіруін қамтамасыз етуді көздеген бұл қадам, әлеуметттік-еңбек саласындағы бірқатар міндеттерді шешуге де септігін тигізбек. Ол - еңбек нарығын жаңғырту. Алғашқы кезекте, өзіндік тұрғыда еңбекке орналасу мен жекеменшік іс ашу үшін еңбек ресурстарының біліктілігін арттыруға мүмкіндік аясын кеңейткен жөн деп санаймыз. Отандық еңбек нарығын жаңғыртудағы маңызды құрамдас бөлік, үйлесімді көші-қон саясаты болуда.

«Жұмыспен қамту - 2020» және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары алдағы жылдардың негізгі басымдығы болады. Бағдарламалар мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы ортадан жоғары деңгейдегі елге айналды.

Еңбек нарығын басқару мен ұйымдастыруда, оны дамыту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке тарту, еңбек нарығын жаңғырту қазіргі бәсекеге қабілетті экономикада өте өзекті. Сонымен тақырыптың өзектілігі негізделеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты : еңбек нарығына теориялық сипаттама, және оның экономикадағы ерекшеліктері мен қызметтеріне, еңбек нарығын басқару мен ұйымдастыру, мемлекеттік реттеу саясаты мен бағыттарына мінездеме беру. Еңбек нарығын басқару мен ұйымдастыру және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша кейбір ұсыныстар жасау болып табылады.

Аталған мақсаттарға сәйкес дипломдық жұмыстың міндеттері:

- еңбек нарығын басқару мен ұйымдастыру мен халықты жұмыспен қызметтерінің ерекшеліктерін қарастыру;

- еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;

-халықты жұмыспен қамту бағдарламасының қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын негіздеу.

Зерттеу нысаны . Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып отырған экономикалық қатынастар.

Зерттеу пәні болып еңбек нарығын ұймдастыру және басқару, халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары таңдалды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде еңбек нарығын жетілдіру мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.

Практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыста жасалған қорытындылар мен ұсыныстар мемлекеттік басқарудың құқықтық органдарымен аймақтық жұмысбастылық саясаты мен жалпы еңбек нарығын басқару мен ұйымдастру механизмін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыс барлығы 73 бетті қамтиды.

1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫН БАСҚАРУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Еңбек нарығының мәні, құрылымы, қызмет ету механизмдері және ерекшеліктері

Нарық экономиканың қалыптасуы мен дамуында жетекші рөлді еңбек нарығы атқарады. Еңбек нарығы арқылы өте манызды ұлттық ресурс - еңбек аймақтар, салалар және фирмалар бойынша бөлінеді. Дәл осы жерде оның бағасы анықталады.

Еңбек нарығы ‑ жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыс күші мүдделерінің үлесімді қоғамдық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығының қызмет етуінде бір қатар принципиалды жағдайларды белгілеу керек. Біріншіден, еңбек нарығындағы еңбек күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы. Екіншіден, түрлі экономикалық және әлеуметтік мүдделер мен қызметтердің қиылысу орны. Үшіншіден, кәсіпорындар көзқарасынан - оның қызметкерлерінің қарым-қатынастар алаңы, яғни потенциалды немесе нақты жұмысшылар, бірақ фирма ішінде жаңа жұмыс орнына өтуді көздейтін тұлға [3] .

Еңбек нарығының мәні мен құрылымын қарастыру үшін, нарықта не сатылатынын және не сатып алынатынын анықтау қажет. Ол «еңбек күші» мен «еңбек».

Еңбек - материалды және мәдени құндылықтарды жасауға бағытталған адамдардың мақсатты әрекеті. Еңбек адамдардың өмір сүруінің негізі мен алғы шарты. Қоршаған ортаға ықпал ету, өзгерту және оны өз қажеттіліктеріне бейімдеу арқылы адамдыр өзінің өмір сүруімен қатар қоғамның дамуы мен прогресіне жағдай жасайды.

Еңбек процессі - күрделі және көпаспекті құбылыс. Оны іске асыру формалары ретінде адам энергиясын пайдалануы, жұмысшының өндіріс құралдарымен байланысы (еңбек заттар мен еңбек құралдары), жұмысшылардың өндірістік өзара байланысы (горизонталды - жалпы еңбек процессіне қатысу, вертикалды - бастық пен қызметкер байланысы) қарастырылады. Қоғам мен адамның дамуында еңбектің рөлі тек қана адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған рухани және материалды байлықтарды өндіруде емес, сонымен қатар жұмысшылардың білімін жетілдірумен, қабілеттерін дамытумен, тәжірибені жинаумен анықталатын жұмысшылардың өздерін дамытады. Еңбектің шығармашылық сипаты қажеттіліктердің дамуына әкелетін энергия, материалдар, өнімніңжаңа түрлері, жетілген және жоғары өндіріс еңбек құралдары, прогрессивті технология, жаңа идеялармен анықталады.

Сонымен, еңбек процессінің нәтижесінде тек қана өнімдер өндіріліп, қызметтер көрсетіліп мәдени құндылықтар жасалмайды, онымен бірге болашақта қанағаттандырылатын жаңа қажеттіліктер де қалыптасады (сурет 1. 1) .

Сурет 1. 1 Қоғам мен аданың дамуындағы еңбектің рөлі

Қоғамның дамуы мен жағдайы негізінен халықтың саны және құрылымымен анықталады. Халық дегеніміз белгілі территорияда, ауданда, қалада, аймақта, елде тұратын адамдар жиынтығы.

Еңбек күші материалды игіліктер өндіруге немесе қызметтер көрсетуге бағытталған еңбек әрекетіне физикалық және интеллектуалды қабілеті бар халықтың еңбекке жарамды бөлігі, яғни еңбек күшіне, бір жағынан экономикада жұмыс істейтін, басқа жағынан жұмыс істемейтін, бірақ еңбекке жарамды адамдар жатады. Сонымен, еңбек күші нақты және потенциалды жұмысшылардан түрады.

Қажетті физикалық және интеллектуалды қабілеттер адамдардың жас шамасына байланысты. Жастар мен ерексектерде олар енді қалыптасып көбееді, ал қарттарда жоғала бастайды. Адамның жас шамасы жалпы халықтың ішінен еңбек күшіне жататындарды анықтауға көмек ететін критерий ретінде қарастырылады.

Еңбек ресурстарын зерттеудің түрлі бағыттардың негізгі түсініктерін қарастыру алдында, халықтың саны мен құрылымын, сан өзгерісін анықтау қажет.

Еңбек күшінің жас шама шегі мен әлеуметтік-демографиялық құрылымы мемлекеттік заңдылықтар мен актілер жүйесімен анықталады. Қазақстан Республикасында еңбекке қабілетті жас шамасы ерлер үшін 18 жастан 63 жасқа дейін, әйелдер үшін 18 жастан 58 жасқа дейін анықталады.

1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы халық құрылымының анықтауда халықаралық жіктеу жүйесін пайдаланады. Бұл жіктеуге сәйкес еңбек күшінің құрылымы (сурет 1. 2) көрсетілген.

Сурет 1. 2 Еңбек күшінің жіктеуі

Экономикалық белсенді халық- тауарлар мен қызметтер өндірісін жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Экономикалық белсенді санын есеп мерзіміндегі жұмысбастылар мен жұмыссыздар санымен анықталады.

Экономикалық белсенді емес халық - экономикалық белсенді халықты анықтауға жас шамасына кірмейтін және жұмыс күшіне жатпайтын халық жатады. Экономикалық белсенді емес халықтың көлемі зерттеліп жатқан мерзімге сәйкес анықталады және оган төмендегі категориядағылар кіреді:

• Күндізгі бөлім студенттері мен оқушылар, курсанттар мен курс тыңдаушылар (күндізгі бөлім аспиранттар мен доктаранттар) ;

• Зейнеткерлік және мүгедектік бойынша зейнет ақы мен басқа түрдегі жәрдем ақы алатын тұлғалар;

• 1, 2, 3 топ мүгедектігі бойынша зейнет ақы алатын түлгалар;

• Ауруға қарайтын, үй шаруашылыгымен айналысатын түлгалар;

• Жұмыс орнын іздеуден үміт үзген, жұмысқа жарамды түлгалар;

• Жұмыс істеуді қажет етпейтін тұлғалар.

Еңбек ресурстарының құрылымы көп түрлі. Оған еңбек ресурсының барлық жақтарын сипаттайтын компаненттер кіреді, яғни жынысы, жасы, білімі, ұлты мен тілі, қоғамдық тобы, тұрғын орны, діні, мамандығы, жұмысбастылық ортасы.

Жоғарыда анықталған «жұмыс күші» немесе «еңбек» сатыла ма немесе осымен байланысты бір қатар теориялар бар. Марксистік нарық қатынастар теориясын қолдаушылары еңбек нарығында еңбек күші, яғни жұмыс беруші пайдаланатын, еңбекке деген қабілет сатылады. Қазіргі заманның экономикалық теориясы еңбек нарығында сатылатын және сатып алынатын еңбек деп дәлелдейді және жалақы сол еңбектің төлем ақысы. Үшінші теорияны жақтаушылар еңбек нарығын ресурс нарығы ретінде қарастырады. Сауда саттықтың негізгі субъектісі ретінде жұмыс беруші -еңбекті сатып алушы, сондай-ақ заңды тұрғыдан ерікті және қорғалған меншік иесі - еңбек ресурсты сатушысы. Соңғысы еңбек күшінің, яғни еңбек әрекетінің белгілі түріне өзінің қабілеттер жиынтығының иесі және оның өзі болып табылады. Бұл еңбек нарығындағы сауда-саттық объектісінің сипатын анықтайтын меншік иесінің физикалық бөлінбеуімен ерекшеленетін айрықша ресурс. Мұнда нарықтық келісім-шарт объектісі белгіленген уақыт мерзімде белгіленген жағдайда нақты сипаты бар еңбек ресурсының құқығы.

Еңбек нарығында еңбек бағасы жұмыс беруші мен жалдамалы жұмысшылар арасында жасалатын келісім-шартта белгіленетін жалақы ставкасы. Бүның негізінде еңбек ресурсының бірлігінің нарықтық бағасы еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс қатынасымен анықталады. Нәтижесінде еңбек бағасы жалақының тепе-тең ставкасы анықталады.

Еңбек нарығының бір қатар ерекшеліктері оның қызмет етуін қамтамасыз етеді:

1. Тауар мен оның иесінің мүліктік құқығының бірлігі. Еңбек жұмыс күшінің жұмсау процесі, оның сауда-саттық процесінде ерекше қатынастар пайда болады.

2. Сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастардың ұзақтығы. Еңбек нарығында жасалатын келісім-шарттар сатушы мен сатып алушы арасында ұзақ мерзімді қатынастардың басталуын талап етеді.

3. Келісім-шарттың ақшасыз әрекеттілігі. Бұл ең алдымен еңбек шарттары, үжымдағы микроклимат, қызмет бойынша болашағы мен кәсіби дәрежесінің артуы.

4. Ерекше түрлі институционалды құрылымдардың көп саны болуы. Оларға: еңбек заңдылығының жүйесі, жұмысбастылықты реттеу қызметтері мен түрлі ұйымдар, еңбек және жұмысбастылық саласындағы мемлекеттік бағдарламалары.

5. Келісім-шарттарының жоғары деңгейінің жекелестілігі. Олар көп түрге бөлінеді, себебі әр бір жұмысшы ерекше болады, ал әр бір жұмыс орны бір бірінен ерекшеленеді және талапкерлерге өзінің арнайы талаптарын қояды.

Еңбек нарығының маңызды бөліктері барлық жалдамалы жұмыс күшін қамтитын жиынтық ұсынысы мен экономикалық жалдамалы жұмыс күшіне жалпы қажеттілігі ретінде қарастырылатын жиынтық сұранысы. Олар жиынтық нарықты құрайды.

Ашық еңбек нарығы жұмыс іздеп жатқан, оқу мен қайта оқытуды талап ететін белсенді халық, сондай-ақ экономиканың барлық секторларында барлық бос жұмыс орындары.

Жасырын еңбек нарығы - формалды түрде экономикада әрекет ететін сонымен бірге өндірістің қысқаруы немесе құрылымдық өзгерістерде жұмыстан босатылған түлғалар.

Жасырын және ашық еңбек нарықтарын талдау жұмыссыздық пен жұмысбастылық құбылыстарымен байланысты.

Еңбек нарығының анықтамасы мен сипатына қарағанда оның негізгі элементтерін анықтауға болады: еңбек нарығының субъектілері, еңбек нарығының субъектілерінің қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер, нарық конъюнктурасы, халықты жұмыспен қамту қызметтері, еңбек нарығының инфрақұрылымы, әлеуметтік қорғау жүйесі т. б.

Еңбек нарығының негізгі субъектілеріне жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар жатады.

Жұмыс беруші -меншік қатынастарының заңды құрылымына байланысты түрлі «тұлға» ретінде бола алалатын жалдаушы. Оларға мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, қоғамдық ұйымдар, жеке кәсіпорындар, шаруашылық ассоциациялар, кооперативтер, біріккен кәсіпорындар, жеке жалдаушылар, т. б. жатады.

Жалдамалы жұмысшылар - жеке ұдайы өндіріспен өмір сүру құралдар маңызды көздері болып табылатын жалдамалы жұмысында қызмет ететін азаматтар. Жұмыс берушілер үшін олардың жынысы, жасы, кәсібі, мамандығы әлеуметтік статусы бір қатар әлеуметтік ерекшеліктер (жауапкершілік, тәртіптік, іскерлік т. б. ) бойынша түрлі құндылықтары бар.

Еңбек нарығындағы қатынастар жүйесі үш негігі компоненттен тұрады (сурет 1. 3) :

Сурет 1. 3 Еңбек нарығындағы қатынастар жүйесі

• Жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы қатынастар;

• Еңбек нарығының субъектілері мен өкілді үйымдары (кәсіподықтар, жұмыс беруші ассоциациясы, жұмыспен қамту қызметтері) арасындағы қатынастар;

• Еңбек нарығының субъектілері мен мемлекет арасындағы қатынастар. Еңбек нарығының барлық элементтерінің қарым-қатынастары оның қызмет етуін қамтамасыз етеді. Еңбек нарығы бір қатар қызметтер атқарады:

- жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар кездесулерін ұйымдастыру;

- жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар арасында бәсекені қамтамасыз ету;

- еңбек ақының тепе-тең ставкаларын бекіту;

- халықтың жұмысбастылық мәселелерін шешу;

- халық шаруашылығының салалары мен өндіріс орталар арасында жұмыс күшін қайта бөлу арқылы жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету және жұмыссыздарды жұмыспен қамту.

Нарық коньюктурасы - еңбек нарығының барлық құрылымдық бөлімшелерінде сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас. Нарық коньюнтурасы экономиканың жағдайынан (жандану немесе құлдырау) ; шаруашылықтың салалық құрылымынан; техникалық базасының даму деңгейінен, халықтың әл-ахуатынан (халықтың табыс деңгейі) ; тауарлар, қызметтер, түрғын үй, бағалы қағаздар нарығының дамуынан; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайынан; көпукладты экономиканың даму деңгейінен; интеграциялық байланыстардың (салалық және территориалды) даму дәрежесінен тәуелді. Одан басқа оған демографиялық, саяси, экологиялық, этно-әлеуметтік, т. б. факторлар әсер етеді [4] .

Еңбек нарығының маңызды бөлігі - оның қызмет ету механизмі . Кейде еңбек нарығының механизмін еңбек нарығының өзі ретінде қарастырады, алайда бұл олай емес, өйткені механизм еңбек нарығы сияқты қатынастардың бүкіл шеңберін қамти алмайды.

Еңбек нарығының механизмі - бұл еңбек бағасы өзгерген түрде қабылданған ақпарат негізінде жалданып жұмыс істегісі келетін, еңбекке қабілеті бар халық пен жұмыс берушілердің әртүрлі мүддесі бір-бірімен әрекеттесуі және бір арнада тоғысуы. Оның құрамына мыналар кіреді: еңбекке сұраныс, еңбекке ұсынысы, еңбек бағасы және бәсекелестік.

Еңбек нарығында сұраныс дегеніміз - экономикадағы сұранысқа сәйкес тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажет жұмысшыларға жұмыс берушілердің қажеттілігі. Жұмыс күші ұсынысы - жұмысбасты жалдамалы жұмысшылар мен өз уақытын қолдану мүмкіндігі мен қолда бар табысын есептегендегі нарық принциптеріне негізделе отырып жұмысқа кірісе алатын және жұмыс істегісі келетін еңбекке қабілетті халықтан құралады [5] .

Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың әрекеттесуі 1. 4 - суретте көрсетілген.

Еңбек ұсынысы қисығы 1. 4 - суретте жоғары бағытталған, өйткені қызметкерлер жалақы өскен жағдайда, көп жұмыс істеп өзінің бос уақытын жұмсауға дайын, яғни еңбек ұсынысы өсіп жатыр (басқа жағдайлар тұрақты деп алсақ) . Бұл тәуелділік еңбек ұсынысы заңының әсерін білдіреді.

Керісінше, 1. 4 - суретте сұраныс қисығы төмен бағытталған. Жалақыны өсіру нәтижесінде өндіріс шығындарының артуы, қосымша еңбек шығындарына әкеледі, өнімнің бағасы жоғарылап, пайда азаяды. Мұндай жағдай жұмыс берушілерге тиімсіз, сондықтан олар жұмысқа қабылдауды қысқартады. Бұл кері тәуелділік еңбекке сұраныс заңы әсерін білдіреді. Еңбек бағасы жұмыс берушілерді де, жұмыс күшін сатушыларды да қанағаттандыратын жағдайды нарық тепе-теңдік жағдайында орналасқан деп атайды. 1. 4 - суреттегі сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі, сатушылар мен сатып алушылар жоспары сәйкес келетін мұндай жалғыз баға бар екенін көрсетеді. Бұл тепе-теңдік еңбек бағасы немесе жалақы сәйкесінше, тепе-теңдік баға - бұл жұмыс күшіне сұраныс пен жұмыс күші ұсынысы көлемдерінің тең болатын еңбек бағасы.

Еңбектің бағасы (W)

Сурет 1. 4 Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс

1. 4 - суретте көрсетілгендей еңбек бағасы W 0 деңгейіне тең болған жағдайда жұмыс берушілер барлық бос жұмыс орындарын толтыру мүмкіндігіне ие болады, ал жұмыс алғысы келетін жұмысшылар оны табады. Жалақы деңгейі W 0 деңгейінде болған кезде, нарық тепе-теңдікте болады. Тепе-тең жалақы нарықта басқа жұмыс күшіне баға жоқ дегенді білдірмейді. Олар пайда болады. Егер кейбір факторлардың әсерінен жалақы W 0 -ден жоғары орналасса, мысалы, W 2 деңгейіне жетсе, онда еңбек ұсынысы S 2 деңгейіне дейін жоғарылайды, ал сұраныс D 2 деңгейіне дейін төмендейді. Қызметкерлер арасында жұмыс орны үшін бәсекелестік пайда болады. Ұсыныстың сұраныстан артып кетуі, бәсекелестік жалақыны төмен ығыстырады. Жұмыс берушілер оларды төмендетеді. Нәтижесінде жалақы тепе-теңдік (W 0 ) деңгейіне дейін төмендейді.

Егер жалақы тепе-теңдік бағадан төмен болса, мысалы, W 1 - ге тең, онда жұмыс күші жетіспеушілігі пайда болады (сұраныс D 1 - ге, ал ұсыныс S 2 тең) . Жаңа жұмысшыларды тарту үшін, сұраныс жұмыс берушілерді сыйақы мөлшерін жоғарылатуға итермелейді. Соңында жалақы деңгейін қайтадан W 0 деңгейіне дейін жоғарылайды. W 0 деңгейіндегі жалақы басымды, жалпы қабылданған, қызметкерлер де, жұмыс берушілер де санасуға міндетті жалақы деңгейі болады. Мұндай жалақы деңгейінде толық жұмысбастылыққа (берілген деңгейде) қол жеткізіледі. Бәсекелі нарық механизмі осылай қызмет етеді.

Сұраныс пен ұсыныс механизмдерінің әсерінен еңбек нарығы келесідей қызмет атқарады:

- еңбек нарығының сұранысы мен ұсынысын реттеу; жұмыс күшін сатушымен сатып алушы (жұмыс беруші) арасындағы жұмыс күшін өндіріс қорларымен біріктіре отырып келісім - шарт жасау мақсатында кездесулерді ұйымдастыру;

- жұмысшылар арасында жұмыс орны үшін бәселестілікті қамтамасыз ету; жұмыс берушілер арасында жұмыс күшін жалдауда;

- тепе-теңдік бағаны орнату;

- толық, бірақ экономикалық тиімді жұмысбастылықты қалыптастыру.

Сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынасқа байланысты еңбек нарығының коьюнктурасының үш түрге бөледі:

• еңбек тапшылды, еңбек нарығында еңбек ұсынысы аз болғанда;

• еңбек молшылды, еңбек нарығында жұмыссыздар саны және сәйкесінше еңбек ұсынысы артық болса;

• тепе-теңдік, еңбек сұранысы мен еңбек ұсынысы тең болғанда [6] .

Қазақстанда еңбек нарығындағы ағымдық коньюнктурасы жұмысшылардың кәсіпорындар мен экономика секторлары арасындағы жылжуы еңбек сұранысы мен еңбек ұсынысының диспропорцияларымен сипатталады.

Бәсеке - еңбек нарығындағы тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың көп саны және олардың нарыққа кіруі мен шығуына еркін мүмкіндігі, кез келген нарықтың механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады. Таза бәсекелі нарықта нақты еңбек түрін жалдауға байланысты бәсекеге түсетін сатып алушылар (фирмалар) саны көп болады; көп деген жұмысшылар бір біріне тәуелсіз еңбегін ұсынады; еңбек ақы ставкасына не фирмалар, не жұмысшылар әсер ете алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоцияның физиологиялық механизмдері
Наубайханалық ашытқы
Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімді болашағын анықтайтын маңызды жәйті еңбек ресурстарын пайдалану
Әйел жыныс ағзаларының түсуі
Өндіріс факторлары және өндіріс ресурстары
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қысқа мерзімді актив
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz