МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мемлекеттік сектор ұйымдарындағы есеп және ішкі аудит ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.2
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ АКТИВТЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

1.3
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТӘРТІБІ

2
ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2.1
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ЖАСАУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

2.2
ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ТЕХНИКО ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

2.3
ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

3
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЕСЕП ПЕН ІШКІ АУДИТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ІШКІ АУДИТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3.2
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЕСЕП ПЕН АУДИТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ТІРКЕМЕЛЕР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік сектор ұйымдарын-дағы есеп бүгінгі таңда бюджеттік классификациялардың шоттар жоспарымен интеграциялануы мен бюджет орындауының қазынашылық жүйеге өтуіне байланысты қайта өрлеу жағдайында. Сондықтан, мемлекеттік сектордағы салалық есеп стандарттарының болмауы бюджеттік есептің қайта құрылуына бөгет келтіріп отыр.
Мемлекеттік сектор ұйымдарында бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары есепке алынатын объектілерді есепке алу және бағалаудың балама әдістерінің барлығының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтиды, олардың ішінен бюджеттердің барлық деңгейлерінің барлық мемлекеттік сектор ұйымдары үшін бірыңғай болып табылатын, тәжірибелік қолдануға міндеттілерін есеп саясаты анықтайды.
Міне, осыладар жиыны мемлекеттік сектор ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру қажеттілігін туындатады. Қазақстан Республикасының Түркістан қаласы бойынша Тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық бөлімі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйелерінде қалыптасатын ақпараттардың шұғыл және нақтылық деңгейі оның саясатын жетілдіру бағытын айқындауда аса үлкен теориялық және тәжірибелік мәнге ие.
Міне осы жағдайлар, зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның тәжірибелік мәнін анықтайды.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі. Бухгалтерлік есеп пен есептіліктің теориялық негіздері мен негізгі мәселелері келесі шет елдік авторлардың еңбектерінде қарастырылады: А.Смит, Л.Пигу, А.Маршалл, Дж.М.Кейнс, П.Самуэльсон, , Р.Эренберг, Р.Смит және т.б
Бұл мәселелер бір қатар қазақстандық авторлардың еңбектерінде де қарастырылған, олар: А.Қ. Шәріпов, Б.С. Мырзалиев, Ә.А. Асанова, Ж.С. Толпаков, Р.С. Әбдішүкіров, Ө.Қ. Шеденов, Б.М. Дандаева, Р.И. Ерманкулова, Қ.К. Кеулімжаев, Н.А. Құдайбергенов, Қ.С. Сыздық, М.А Мұзрапов, Ш.А Данбай, С.С Әбдішүкіров, Ө.Ж Жамшаев, А.А. Адамов, Д.О Абленов, Д.Д Әбле, Д.Д Смағұлов, Д.Д Абленова Д.А Абленова, Б.Ж Бодыбаева, М.А Кулбаева, А.А Сапарова, А.Р. Қалымбетова, Т.А Абдрашитова, А.А Сатмурзаев, С.Т Миржакыпова, А.К Абитов, А.К Канабекова, Л.З Бейсенова, М.А Молдашева, Н.Ж Шайтова, С. Жақыпбеков, К.Ш Дүйсембаев, В.П Проскурина, Р.К Айтманбетова, Г.Н Аппақова, Б.Ж Акимова, С.С Сапарбаева, Б.Л Аленова, Н.Е Аханова, Л.А Попова, Д.Р Әбдішүкіров және т.б.
Мемлекеттік сектор ұйымдарындағы бухгалтерлік есепті, экономика-лық талдауды және аудитті ұйымдастыру мен жетілдірудегі көптеген маңызды мәселелер әлі де жеткілікті зерттелмеген және мемлекеттік сектор ұйымдарынға қатысты кейбір арнайы зерттеулер мүлдем жүргізілмеген. Осы айтылғандар дипломдық жұмыстың мақсаты мен мәселелерін таңдауды анықтайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты мемлекеттік сектор ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Аталған мақсатқа сәйкес диплом жұмысын жазу барысында келесідей міндеттер қойылды:
- Мемлекеттік сектор ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру-дың теориялық әдістемелік негіздерін талдау;
- Түркістан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік мекемесінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- Түркістан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік мекемесінің есеп саясатымен танысу;
- Мемлекеттік сектор ұйымдарында бухгалтерлік есептің қазіргі жағ-дайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау;
- Мемлекеттік сектор ұйымдарындағы есептілікті дайындау және ұсыну ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу нысаны Түркістан Қаласы Әкімдігінің Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі болып табылады.
Зерттеу пәні мемлекеттік сектор ұйымдарының қызметіндегі бухгалтерлік және аудит есептілігінің элементтері болып саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі отандық және шет елдік ғалымдардың бухгалтерлік есеп пен есептілік, экономикалық талдау мәселелеріне қатысты еңбектері, заңдылық және нормативтік құжаттар, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің халықаралық стандарттары болып табылады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады және 13 кестені қамтиды.
1 МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛК НЕГІЗ-ДЕРІ
1.1 МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Мемлекеттік сектор ұйымдардына бухгалтерлік есепті ұйымдастыру-дың Республикалық және жергілікті бюджеттердің көзінен бөлінетін мем-лекеттік ұйымдарды және де жекелеген мемлекеттік мекемелер бойынша орталықтандырылған есепке алу міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларды, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша қаражатын түсімдер мен жұмсау, Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша қаражатын есепке алу және олардың есебінен жұмсау, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен ақша қаражаты есебінен есепке алу мен жұмсау жоспарларын құрайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалар оларды өтеу немесе белгілі бір шарттарда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берген ақша қаражатын шетел валютасындағы операциялар үшін шетел валютасындағы шотқа және республикалық бюджетте тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны және оларды жұмсау түрінде бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына аударуға байланысты операцияларды есепке алады.
Мемлекеттік сектор ұйымының басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін лайықты жағдайлар жасайды, есепке қатысы бар мемлекеттік сектор ұйымдарының барлық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің құжат-тар мен мәліметтерді есепке алу үшін рәсімдеу мен ұсынудың тәртібіне қатысты талаптардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етеді.
Бас бухгалтерді атқаратын қызметінен босатқан кезде (жұмыстан босатылған, басқа лауазымға тағайындалған) бас бухгалтер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке, ал соңғысы болмаған жағдайда-мемлекеттік сектордағы ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге тапсырылады.[1]
Мемлекеттік сектор ұйымдарында бухгалтерлік есепті оның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік қызметі немесе бас бухгалтер басқаратын орталықтандырылған бухгалтериясы жүзеге асырады.
Бухгалтерлік қызметтердің басшылары өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыру басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді басшылыққа алады.[2]
Мемлекеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.
Мемлекеттік сектор ұйымдары дегеніміз бұл ұйымды қаржыландыру барысында бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік мекемелер. Осы мемлекеттік мекемелер мемлекет атынан заңды құқықтық қатынастардың тарабы болуы қажет. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп мемлекеттік мекемелерде толық әрі нақты және шынайы ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қаржыландыру жоспарының орындалуына, мемлекеттік мекемелермен есептесуді сонымен қатар, ақша қаражатының, материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.[3]
Бухгалтерлік қызметтердің басшылары өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыру басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді басшылыққа алады.
Бюджеттік мекеменің бас бухгалтері лауазымына басшы тағайындайды және босатады және мемлекеттік мекеменің басшысына тікелей бағынады. Бюджеттік мекеменің бас бухгалтері барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп шотында көрінуі мен бақылануын, шұғыл операцияның ұсынылуын, қаржы есептілігінің белгі-ленген мерзімде жасалуын қамтамасыз етеді.[4]
Бас бухгалтер мемлекеттік ұйым басшысымен бірлесіп, банктік құжаттар мен олардың негізінде материалдық құндылықтар мен ақша қаражатын, сондай-ақ қаржылық міндеттемелер мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт.
Бас бухгалтер мемлекеттік мекеме басшысымен бірлесіп банк құжаттарына және материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын қабылдау мен беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржы міндеттемелеріне қол қояды. Мемлекеттік мекеменің басшысы бас бухгалтердің ұсынымы бойынша банк құжаттары мен бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығын уәкілетті тұлғаларға беріледі. Осы өкілеттіктер мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары негізінде беріледі. Бас бухгалтердің немесе оны алмастыратын тұлғаның қолтаңбасыз құжаттар жарамсыз болып есептеледі және орындалуға қабылданбайды.
Бас бухгалтер мен істі алатын қызметкердің істерді беруі және қабыл-дауы мемлекеттік мекеме төрағасының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Қосымша бухгалтерлік қызметті жеткізу мерзімін қабылдайды және анықтайды, бірақ екі аптадан аспайды; клиент пен сатып алушыға төлем. Тапсырыс сіз істі қабылдаған және орналастырған кезде және сатып алушыға қол қою құқығы тіркелгенге дейін қол қоюға кімнің құқығы бар екенін көрсетеді, құжаттар сатып алушының бақылауымен келісілуі және істің салымшысы қол қоюы тиіс.
Операцияларды ұсыну процесінде мемлекеттік сектор ұйымындағы бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жай-күйі туралы деректердің дұрыстығы анықталады, ал істерді қабылдау мен беру сатып алушының жауапкершілігін шектеуге қатысатын жұмыстардардың барлығына акт түзіледі.
Меншік иелігінің кез-келген түрлері, нарықтық әрекетке түсуші заңды тұлгалар,ұйымдар мен мекемелердің барлығында бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Меншігінде қаражаттары мен мүліктері, қорлары мен капиталы, алған міндеттемелері, өндірілген дайын өнімдері, тауарлы материалдық құндылықтары, негізгі құралдар мен айналым қаражаттары, сатып алу мен сату өрісі, шаруашылық жүргізу үрдісі бар шаруашылық жүргізу үдерісі бар шаруашылық ұйымдарда бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесі экономикалық қатынастардың басты мәселесіне жатады. Экономикалық қатынастардың барлығы да есепке алыну керектігі бухгалтерлік есепке тән мән мен мағына, алғы шарт және міндетті түрде орындалуға нақтылы үрдіс болып табылады.[5]
Істерді тапсырушы бас бухгалтердің және істерді қабылдаушы қызметкердің істерді тапсыруы және қабылдауы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Бұйрықта бухгалтерлік қызмет істерінің қабылдау-тапсыру мерзімі, бірақ екі аптадан аспауы тиіс; тапсырушы мен қабылдаушының еңбекақы төлеу тәртібі көрсетіледі.
Бұйрықта сондай-ақ істерді қабылдау-тапсыру кезеңінде қол қою құқығы кімге берілетіні көрсетіледі, бұл ретте қабылдаушы тұлғаның қол қою құқығын рәсімдегенге дейін құжаттарға қабылдаушының бақылауымен істерді тапсырушы қол қоятыны келісілуі тиіс.
Істерді тапсыру процесінде осы Бюджееттік мекемедегі бухгалтерлік есептің жағдайы және есеп мәліметтерінің дұрыстығы анықталады, бұл ретте істерді қабылдаушы мен тапсырушының жауапкершілігін шектейтін істерді қабылдау-тапсыру актісі жасалады.
Бухгалтерлік қызмет істерін тапсыру соңғы ұсынылған баланстың негізінде жүргізіледі. Қабылдап алу-беру актісінде істерді беруді жүзеге
асыру күні көрсетілуі тиіс.
Бұдан басқа, қабылдау - беру актісінде:
oo бухгалтерлік есепте бухгалтерлік ұйымның болуы (персонал, штат,
міндеттерді бөлу, жұмыс орындарын анықтау, бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша басшы материалдардың болуы, кітаптарды ұсыну, есеп және есептілік нысандары), бухгалтерлік есеп жүйесін қалыптастыру;
oo бастапқы бухгалтерлік құжаттардың жағдайы, қаржылық есептілігі;
oo бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті ұйымдастыру үшін қажетті
іс-шаралар;
oo құжаттарды тіркеу мен сақтаудың дәлдігін, мұрағаттың мәртебесін
көрсетеді.
Мемлекеттік сектор ұйымдарында бухгалтерлік қызметтер көрсетуді, мемлекеттік ұйымдардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жай-күйіне, мемлекеттік мекемелерді қаржыландыруды іске асыру жоспарының, ұйымдардың, мемлекеттік ұйымдар мен жеке тұлғалардың толық және дұрыс ақпарат үшін Қазақстан Республикасының заңнамасының дұрыс сақталуын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтарының сақталуына бақылау жүргізу үшін ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік ұйым бухгалтерлік есептің мемориалды-ордерлік нысаны бойынша бухгалтерлік есепті жүзеге асырады.Мемлекеттік сектор ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу үшін басшылық құжаттарды ұсынуды бюджеттік бағдарламаларға жауапты тұлғалар жүзеге асырады.
Есептілік - бұл бухгалтерлік есеп әдісінің қорытынды элементі. Бух-галтерлік есепті дайындау - бұл тек қана бухгалтерия емес, кәсіпорынның басқа экономикалық және техникалық қызметтерінің де шаруасы, өйткені ес-ептілікті түзу кезінде жұмыстар қорытындыланып, кәсіпорын қызметінің барлық аспектілері бағаланады. Есептілік ағымдағы есептің барлық; бухгал-терлік, статистикалық, шұғыл-техникалық түрлерінің негізінде түзетіледі.[6]
Бухгалтерлік тіркемелердегі жазбаларды, операцияларды көрсету негізі транзакциялар мен оқиғалардың шынайылығын құрайтын бастапқы құжаттар болып табылады. Бастапқы құжаттар транзакциялар немесе оқиғалар кезінде дайындалуы тиіс, егер бұл мүмкін емес болған дағдай, транзакциялар мен оқиғалар, операциялар аяқталғаннан кейін бірден жасалуы тиіс. Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойы жазбалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар арқылы ғана орындалады.
Бастапқы құжаттарда мынадай міндетті мәліметтердің болуы тиіс:
oo құжаттың атауы (нысаны);
oo дайындық күні;
oo ұйымның атауы, оның ішінде құжаттың кімге тиесілі сол
тұлғаның аты-жөні;
oo операцияның мазмұны;
oo операцияның немесе оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және ақша
кредит);
oo транзакцияның дәлдігі (оқиғаны растау) және оның жасалуына
жауапты тұлғалардың, аты-жөні және қолы.
Бастапқы құжаттың электрондық нысаны қағазда көрсетілген бастапқы құжат секілді күшке ие. Электрондық қол қою электрондық қолдарды пайдалануға және қол жеткізу құқығына байланысты қажетті шаралар мен басқару элементтерін айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен есептіліктің саласындағы заңдардың негізгі мақсаты ұйымның қаржылық жағдайы мен қызметінің қаржылық нәтижелері туралы толық және дұрыс ақпаратты бір-келкі қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады.[7]
Мемлекеттік сектор ұйымдары операцияны орындау кезінде басқа тұлғалар үшін негізгі, бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп жазбаларын электронды түрде дайындайды, мұндай құжаттардың көшірмелерін қағаз жүзінде де жасалуы қажет. Бастапқы құжатта мынадай қосымша мәліметтер көрсетілуі мүмкін: құжаттың нөмірі, мемлекеттік сектор ұйымының мекен-жайы, құжатталған транзакцияға негіздеме, құжатталған транзакциялардың сипатымен анықталатын басқа да мәліметтер.
Қазақстанның бухгалтерлік есепке алу саласының негізгі проблемасы - білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қалыптасқан салт-дәстүрі, мықты кәсіби қауымдастығы, мамандандырылған білімді жинақтайтын және тарататын қалыптасқан жүйесі, көпшілік мақұлдаған сертификаттары бар дамыған бухгалтерия институының болмауы.[8]
Материалдық жауапты тұлғалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының 442 альбомы түрінде құжаттарды беру тізіліміне түскен кезде тауар-материалдық құндылықтардың түсуі және тұтынылуы туралы бастапқы құжаттарды екі данада ұсынады (келіп түсетін және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылады), олар екі данада жасалады. Активтер мен тауарлы материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты және бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік жазбаларды, қаржылық есептерді, жазбалар мен мұрағаттың қауіпсіздігін мемлекеттік сектор ұйымының бас бухгалтері қамтамасыз етеді.
Шоттардағы жазбалардың негізін құрайтын құжаттар бухгалтер жасаған және мемлекеттік сектор ұйымының басшысымен бекітілген есеп қызметіне ауыстырылады.
Бастапқы құжаттар, бухгалтерлік жазбалар, баланс, қаржылық есептер берілгенге дейін Бухгалтерлік есеп бөлімінде бухгалтердің Құзыретті тұлғаларының жауапкершілігімен жеке бөлмелерде немесе шкафтарда сақталуы тиіс.
Баланс шаруашылық құралдар мен олардың пайда болу көздерінің жағдайын көрсетеді. Олар әрдайым өзгеріп отырып, қозғалыста жүреді. Осы қозғалыстар шоттардың көмегімен екіжақты жазбада тіркеледі.[9]
Мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік мұрағатында жағдайлардың номенклатурасы жолымен белгіленген белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақталады. Бастапқы құжаттар жоғалған немесе жойылған кезде мемлекеттік сектор ұйымының басшысы тергеу органдары өкілдерінің қатысуымен күзеттің және мемлекеттік өртке қарсы бақылаудың бұйрығы бойынша жоғалу немесе жойылу себептерін тексеру жөнінде комиссия тағайындайды.
Комиссия жұмысының нәтижелері комиссия мүшелері қол қойған және мемлекеттік сектор ұйымдарының басшысы мақұлдаған құжатпен(кез келген нысанда) орындалады.

1.2 МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ АКТИВТЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

Актив деп кәсіпорынның ақшаға бағаланатын игіліктері мен құқық-тарын, мүліктерін айтады. Олар ұйымның өткен уақыттардағы қызметінің нә-тижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі ак-тивтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда табыс табуы үшін пайдаланады.[10]
Активтерге өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік сектор ұйымының бақылауындағы ресурстар жатқызылады, олардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеует күтіледі. Тұрғын - үй коммуналдық шарушылық бөліңмі мемлекеттік ұйымының активтеріне ақша қаражат-тары, қорлар,негізгі құралдар, материалды емес активтер және өзге де актив-тер жатады.
Ақша қаражаттары - әр түрлі төлемдер жасау үшін қажет болады. Бұл қаржылар жәрдемімен кәсіпорынның жеткізушілерімен есеп айырасады, қыз-меткерлерге еңбекақысын төлейді, әртүрлі жарналар мен мемлекеттің табысы есебіне аударулар жасайды.[11]
Активтердің бухгалтерлік есебі мемлекеттік мекеме иелігінде бар бар-лық активтердің бар болуын, жылжуын және есептен шығуын, дұрыс құжатқа еңгізіліп, уақтылы есеп регистрларына еңгізілуін, сонымен қатар активтердің сақтығын және дұрыс қолданылуын қадағалауды қамтамасыз етеді. Активтарға келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер участоктары, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық орнатулар және тағы басқа жермен тығыз байланысты объектілер), транспорт құралдары, құрал жабдықтар, шаруашылық және өндірістік мүлік, арнайы құралдар және тағы басқа активтер. Активтерге сонымен бірге жерді жақсартуға кеткен капиталды салымдар және жалға алынған ғимараттар, құрылыстар, құрал жабдықтар және басқада активтерге қатысты объектілер жатады. Көпжылдық орнатулар жерді жақсартуға, жаңартуға салынған капиталды салымдар жылдық шығын-дар соммасындағы активтерге қосылады да, қолданысқа қабылданған аудан-дарға жатқызылады (жұмыстың барлық комплексының аяқталуына қарамас-тан). Жалға алынған активтер бойынша аяқталған капиталды-шығындар, жалға алушының меншікті активіне кіргізіліп, нақтылы шығындар сомасына (егер де келісіммен басқадай қарастырылмаған жағдайда) жатқызылады.
Мемлекеттік сектор ұйымдарында ақшалай қаражаттарды қолдану қатаң мақсатты тағайындау бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылы-ның 31 желтоқсанының аяғына дейінгі мерзімді қоса алғандағы қолданыл-маған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады. Мемлекеттік сектор ұйымы тура əдісті қолдана отырып, қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік сектор ұйымының ақшалай қозғалысы туралы есепте операция-лық қызметтен ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді ұсы-нады.
Мемлекеттік мекемеде ақша қаражатын жəне олардың баламаларын есепке алу тəртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің Ақша қаражатын жəне олардың баламаларын есепке алу тəртібі бөлімінде анықталған.
Қорларды есепке алу материалдардың атауы мен жауапты тұлғалар бо-йынша сандық жəне сома түрінде жүргізіледі. Қорларды есепке алудың негізгі міндеттері:
oo барлық материалдық құндылықтардың дұрыс қолданылуы мен
қозғалысын бақылау жəне сақталуын қамтамасыз ету;
oo қорлар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау,
oo белгіленген тəртіппен сатуға жататын, қолданылмайтын
материалдарды уақытылы анықтау;
oo мемлекеттік мекемелердің қоймасындағы қалдықтар туралы нақты
мəліметтерді алу болып табылады.
Бухгалтерлік қызмет жүйелі түрде қоймадағы материалдық құндылықтар-дың түсімі мен жұмсалуына түгендеу жүргізеді, сондай-ақ қоймада (қамбада) жүргізілген жазбалармен материалдарды есепке алу жөніндегі өз жазбалары-мен салыстырады.
Түгендеу келесідей жүргізіледі:
oo іс жүзінде қолдағы барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыс-
тыру арқылы іс жүзінде қолда бар активтерді, материалдық запастарды, ақшаларды, қатаң есептегі іс парақтарын анықтау, сондай-ақ олардың сақта-луына бақылау жасау;
oo пайдаланылмаған материалдық құндылықтарды анықтау;
oo материалдық құндылықтар мен ақшаларды сақтаудың қағидалары мен
ережелерін орындау;
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі нысаны бойынша негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі жасалады, оны мемлекеттік сектор ұйымындағы басшы бекітеді. Негізгі қүралдар ретінде ұйым үшін оларды қолдану тікелей экономикалық пайда әкелмейтін, бірақ басқа объектілерді (қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен қорғауын қамтамасыз ету үшін сатып алынатын негізгі құралдар қолданудан пайда алу үшін қажет объектілер танылады. Резервтік жабдықтаудың бір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылатыны күтілетін қосалқы бөлшектері, сондай-ақ тек негізгі қаражаттардың объектілеріне байланысты қолданыла алатын қосалқы бөлшектер мен көмекші жабдықтаулар негізгі құралдар ретінде танылады және ескеріледі. Инфрақұрылымдық активтер төмендегі сипаттамалардың біреуі немесе бірнешеуі болған кезде негізгі құралдардың объектілері ретінде танылады:
oo жүйенің немесе желінің бөлігі болып табылады;
oo арнайы сипаты бар және баламалы қолданысы жоқ;
oo жылжымайтын болып табылады;
oo сатуға белгіленген шектеулер болады;
Жолдардың желілері, кәріздеу жүйелері, су және электр жабдықтаулар жүйелері және коммуникация желілері инфрақұрылымдық активтер болып табылады. Экономикалық пайданы тура көбейтпейтін, бірақ мұндай пайданы негізгі құралдардың басқа объектілерінен алу үшін қажет қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін активтер негізгі құралдардың объектісі ретінде танылады. Осы бөлімнің ережелері жылжы-майтын мүлік ретінде келешекте қолдануға қайта жаңартылатын инвестиция-лық жылжымайтын мүлікті есепке алу үшін қолданылады. Құрылыс жұмыс-тары немесе қайта жаңарту аяқталған сәтте жылжымайтын мүлік инвестиция-лық жылжымайтын мүлік болады және мемлекеттік сектор ұйымы осы Ереженің Инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алу тәртібі бөлімінің ережелерін қолданады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі дұрыс кұжатты ресімдеуді және
мемлекеттік мекеме ішінде олардың ауысуының түсімі мен шығуын есепке алу тіркелімдерінде уақытылы көрсетуді, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, жиынтықтың) сақталуы мен дұрыс қолданылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Материалдық емес активтерді есепке алу тәртібі қарапайым жүйеге ба-ғытталған. Материалдық емес актив анықтамасына жауап беру үшін ол материалдық емес активті тану өлшемдеріне, яғни сәйкестендірімділікке, ресурстарды басқаруға және болашақ экономикалық пайданың болуына жауап беруі тиіс. Материалдық емес актив егер: оны уйымнан бөлу мүмкін болса, яғни егер ұйым оны жеке не онымен шарт бойынша тығыз байланыс-ты активпен немесе міндеттемемен бірге сатуға, жалға беруге немесе айыр-бастауға құқылы болса; немесе ол заңды құқықтардан туады, олардың беріле-тіндіктері немесе мемлекеттік мекемелерден бөлінетіндіктеріне қарамастан, немесе басқа құқықтар мен міндеттемелерден туады. Бақылау мынаны білді-реді: материалдық емес активті пайдаланудан болашақта экономикалық пай-да және қызмет әлеуетін алу құқығы. (заңдық құжаттармен ресімделген құқ-ық - патент, лицензия); материалдық емес активті пайдаланудан түсетін пай-даны басқалардың пайдалануына шек қою мүмкіндігі. Материалдық емес ак-тивтердің бухгалтерлік есебі дұрыс құжаттамалык ресімдеуді және ұйым ішінде олардың ауысу түсімдері мен шығып қалуын есепке алу тізілімдерінде уақытылы көрсетілуін, сондай-ақ әрбір материалдық емес активтердің сақ-талуын және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Материалдық емес актив мынадай:
oo осы активтің қолданылуына қатысты болашақ экономикалық табыстар
және қызметтер әлеуетінің ұйымға келетіні ықтималдылығы болса;
oo активтің құны сенімді бағаланған болса танылады.
Міндеттемелер дегеніміз - белгілі бір тұлғаның басқа бір тұлғаның, яғни кредитордың пйдасына белгілі бір іс әрекет жасау міндеттемесі. Мысалы, мүлікті беру, жұмысты атқару, ақша төлеу және басқалар. Міндеттемелер кәсіпорынға жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде пайда болады және алынған тауарлы материалдық қорлардың немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.
Міндеттемелер төмендегідей 3 белгі арқылы анықталады:
1. Кәсіпорынға міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиіс деп есептегенде;
2. Активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;
3. Міндеттеме анық болуға тиіс.
Міндеттемелер орындалу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:
1. Ағымдағы міндеттемелер
2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Есепті кезең ішінде, яғни 1 жыл ішінде қайтарылатын қарыздарды ағымдағы міндеттемелер деп атайды[12]
Мемлекеттік сектор ұйымдарының қаржы инвестициялары деп мемлекеттік мекемелердің банктік депозиттерге бағалы қағаздарға мемлекеттік пайыздық облигацияларға жəне жергілілікті қарыздарға квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын толтыруға бюджет қаражатын салу.
Мемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы инвестициялары - мемлекет-тік ұйымдарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғам-дарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемле-кет болып табыла-тын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық ком-панияларға, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес олармен аффилиирленген болып табылатын еншілес, тəуелсіз жəне өзге де заңды тұлғаларға бюджет қаражатын салу.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған инвестициялардың сомаларын қалпына келтіру мынадай екі тəсілді: негізгі жəне баламалы тəсілдерін қолдана отырып жүргізіледі. Қолданылатын тəсіл 2013 жыл үшін қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасында негізделуге жатады.
Қаржылық міндеттемелер бастапқы танылған кезде мəміле бағасы болып табылатын əділ құны бойынша бағаланады.
Қаржы нəтижесіне тану арқылы əділ құны бойынша ескерілмейтін қаржылық міндеттемелер бастапқы тануда, оларды сатып алуға немесе шығаруға тікелей қатысты мəміле бойынша шығындарды қосқанда əділ құны бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік сектор ұйымымен бастапқы танылғаннан кейін қаржылық міндеттемелер пайыз мөлшерлемесінің тиімді өлшемі əдісін қолдана отырып, əділ құны бойынша қаржылық нəтижеге бағытталған қаржылық міндеттеме-лерді есептемегенде, амортизациялық құны бойынша бағаланады.
Мемлекеттік сектор ұйымы қаржылық міндеттемені (немесе қаржылық міндеттеменің бөлігін) ол толық өтелгенде, яғни шартта көрсетілген міндеттеме орындалғанда, жойылғанда немесе қызмет ету мерзімі өтіп кеткенде есептен шығарып тастайды.
Қаржылық міндеттемелерді есепке алу тəртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің Қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерін есепке алу тəртібі бөлімінде анықталған.
Мемлекеттік мекеме салықтар мен басқа да төлемдер сомаларын есептеуді Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сəйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің басшысы Есеп айырудың түгендеу актісі деби-торлармен жəне кредиторлармен Есеп айырудың актісіне анықтама сондай-ақ Түгендеу комиссиясының хаттамасы негізінде кредиторлық берешекті есеп-тен шығару туралы бюджеттік бағдарламалардың əкімшісіне ол туралы 10 күннің мерзімінде хабарлай отырып шешім қабылдайды.
Түгендеу комиссиясының актісіне сəйкес мемлекеттік мекеме басшысының қабылданған шешімі негізінде мемлекеттік мекеме есеп жылының соңында өндіріп мүмкін емес кредиторлық берешекті есептен шығарады:
oo кредитор жойылған жағдайда;
oo егер қарыздан босату туралы шешім кредитор мүлігінің иесімен
немесе соған уəкілетті тұлғамен қабылданған жағдайда кредитормен берешек кешірілгенде;
oo мемлекеттік мекемеден өндіріп алудан сот бас тартқанда, оның
ішінде талаптың мерзімі өтіп кету себебіне байланысты.
Кредиторлық берешекті есепке алу тəртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің Дебиторлық жəне кредиторлық берешектерді есепке алу тəртібі бөлімінде анықталған.
Мемлекеттік мекеме есеп жылының соңында қызметкерлермен қолданылмаған демалыстар бойынша резервті таниды.
Резерв мөлшері ағымдағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша демалыстың қолданылмаған күндері үшін демалыс ақысы сомаларын қайта есептеу жолымен анықталады.
Қызметкерлер алдындағы кредиторлық берешекті есепке алу тəртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің Қызметкерлермен айырысуды есепке алу тəртібі бөлімінде анықталған.
Бағалау міндеттемелері жыл соңында қайта қаралады жəне ағымдағы ең жақсы есептеу бағасын көрсету үшін түзетіледі. Егер бағалау міндетте-мелері тану талаптарына жауап бермесе, онда бағалау міндеттемелері жойы-лады.
Мемлекеттік мекеме бағалау міндеттемелері мен шартты активтерді та-нымайды, қаржылық есептілікке олар туралы ақпаратты түсініктеме жазбада береді.
Бағалау міндеттемелерін есепке алу тəртібі Бухгалтерлік есеп ереже-сінің Бағалау міндеттемелерін, шартты міндеттемелерді жəне шартты актив-терді анықтау бөлімінде анықталған.
Мемлекеттік мекеменің өзге активтеріне берілген аванстар, болашақ кезеңдердің шығыстары мен өзге де активтер кіреді.
Мемлекеттік мекеменің өзге міндеттемелеріне алынған аванстар, болашақ кезеңдердің кірістері мен өзге де міндеттемелер кіреді.
Мемлекеттік мекемелер өзге активтер мен міндеттемелерді есепке алу тəртібін Бухгалтерлік есеп ережесінің Өзге активтер мен міндеттемелерді есепке алу тəртібі бөлімінің қағидаларына сəйкес жүзеге асырады.
Ұйымның өзге активтер мен міндеттемелерді есепке алуы үшін мынадай шоттар арналған:
1410 Берілген қысқа мерзімді аванстар;
1420 Алдағы кезендердің шығыстары;
1430 Өзге қысқа мерзімді активтер;
2810 Өзге ұзақ мерзімді активтер;
3410 Алынған қысқа мерзімді аванстар;
3420 Өзге қысқа мерзімді міндеттемелері;
4310 Алдағы кезеңдердің кірістері;
4320 Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелері.

1.3 МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТӘРТІБІ
Мемлекеттік мекеменің сенімді бағалана алатын, болашақ экономикалық пайда немесе сервистік əлеует алу мүмкіндігі болса, кіріс танылады. Мемлекеттік сектор ұйымдары кірісті есептеу əдісімен таниды.
Кірістер - есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсім немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.
Шығыстар - есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеліп соғады. [13]
Мемлекеттік мекеменің кірістерін есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1. 6000 Айырбас емес операциялардан алынатын кірістер
6010 Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер;
6020 Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер;
6030 Трансферттер бойынша кірістер;
6040 Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін
кірістер;
6050 Демеушiлік жəне қайырымдылық көмектен алынатын кірістер;
6060 Гранттар бойынша кірістер;
6070 Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер;
6080 Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер;
6090 Қаржыландыруды бюджетке қайтару;
2. 6100 Айырбас операциялардан алынатын кірістер
6110 Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алы-натын кірістер;
3. 6200 Активтерді басқарудан алынатын кірістер
6210 Сыйақылар бойынша кірістер;
6220 Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер;
4. 6300 Өзге кірістер
6310 Əділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер;
6320 Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер;
6330 Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер;
6340 Бағамдық айырмадан түсетін кірістер;
6350 Шеккен зиянды өтеуден алынатын кіріс;
6360 Өзге кірістер
Айырбасталмайтын операцияларды жүргізу кезінде мекеме ресурстар алады жəне қандай да бір нысандағы өтемақыны айырбастауға бермейді.
Айырбасталмайтын операциялардан түсетін кірістер белгілі шарттармен шектелмеген айырбасқа шамамен тең құнды тікелей ұсынусыз активтердің артуын білдіретін мемлекеттік мекеменің алуына жататын немесе алынған экономикалық пайдалардың немесе сервистік əлеуеттің жалпы түсімін білдіреді.
Мемлекеттік мекемелердің кірістері:
oo ағымдағы қызметті қаржыландыру;
oo трансферттер мен субсидиялар алу;
oo демеушілік жəне қайырымдылық көмек алу;
oo гранттар алу;
oo өзге айырбасталмайтын операциялар сияқты айырбасталмайтын
операциялардан қалыптастырылады.
Айырбасталмайтын операциялардан кірістердің жалпы белгісі ақша қаражаты бір заңды тұлғадан басқаға айырбастау кезінде бағасы бірдей құнды қамтамасыз етусіз аударылады жəне салықтар болып табылмайды.
Мемлекеттік мекеме операция нəтижесінде алынған активті ресурс-тар үстінен бақылау алғанда таниды (тəуекелдер мен пайдалар) ол актив анықтамасымен жəне тану өлшемдерімен келісіледі.
Мемлекеттік мекеме айырбасталмайтын операция нəтижесінде активті та-ныса, сондай-ақ міндеттемені тану талап етілмесе, сондай-ақ актив сомасына балама, сатып алу мерзіміндегі нақты құн бойынша бағаланған кіріс те танылады.
Айырбасталмайтын операциялардан түсетін кірістер есебі
Жоспарлы қаржыландырудың бөлінуі 1081 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары, 1091 Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары, 1083 Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жос-парлы тағайындаулар, қосалқы шотының дебеті жəне 6010 Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер шотының кредиті бойынша көрсетіледі
Ұзақ мерзімді активтің амортизациясын есептеумен бір мезгілде ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға күрделі салымдарды қаржыландыру осы ак-тив жататын топтың амортизация мөлшеріне есептелген сомада күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынудан кіріске есептен шығарылады жəне мынадай тізбекпен көрсетіледі: 5010 Күрделі салымдарды қаржыландыру шоты қосалқы шотының дебеті жəне 6020 Күрделі салымдарды қаржы-ландырудан алынатын кірістер шотының кредиттеледі.
Басқа да шығыстар - төмендегі шоттармен:
7470-(1110-1150) - Дт Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, Кт 5610-7470 Кт [14]
Кестеде Өзге кірістер есебінің құжат үлгісі көрсетілген. Ол төмендегідей бағандардан тұрады.
010 Айырбас емес операциялардан алынатын кірістер жолы бойынша
011, 012, 013, 014, 015, 016, 017-жолдардың сомасы көрсетіледі.
020 Айырбас операциялардан алынатын кірістер (6110) жолы бойын-ша тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан келген кірістер.
030 Активтерді басқарудан алынатын кірістер жолы бойынша 031 жəне 032 жолдардың сомасы көрсетіледі.
040 Өзге кірістер (6330, 6350, 6360) жолы бойынша активтерді, залалдардың өтемақысын өтеусіз алудан түскен кірістер мен өзге операция-лардан алынған кірістер көрсетіледі
050 Залалдардың өтемінің сомасы көрсетіледі.
060 Активтерді жоюдан түсетін сома көрсетіледі.
070 Артық шығындар бойынша кірістер көрсетіледі.
080 Кінəлі адамдардан активтер жетіспеушілігінен өтелген сома көрсе-тіледі.

Кесте 1 - Өзге кірістер есебі

Көрсеткіштер
Жол коды
Есепті кезеңде
Алдыңғы кезеңде
1
2
3
4
Əділ құнының өзгеруінен
010

Ұзақ мерзімді активтерді есептен шығарылуы бойынша
020

Өтеусіз қабылданған
030

Бағамдық айырмадан
040

Залалдардың өтемінен
050

Активтерді жоюдан түсті
060

Артық шығындар кіріске алынды
070

Кінəлі адамдардан активтер жетіспеушілігін өтеуден
080

Барлығы

Ескерту: Нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде құрастырылған
Қазіргі уақытта пайда және залал туралы есеп деп аталатын кіріс пен шығыс туралы есепте елеулі өзгерісер орын алды. Жалпы кіріс деп атала-тын бап бұл қазір Жалпы пайда деп аталады. Негізгі қызметтен түскен кіріс (залал), Негізгі қызмет еместен түскен кіріс, Кәдімгі қызметтен са-лық салынғанға дейін түскен кіріс(залал), Кәдімгі қызметтен салық салын-ғаннан кейін түскен кіріс(залал), Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (зал-ал) және Таза кіріс(залал) сияқты әр түрлі кіріс баптары жоқ.[15]
Мемлекеттік сектор ұйымдарының кірістерінің құжаттық рəсімделуі ол кірістерді құжаттамалық ресімдеу алғашқы есеп құжаттарының негізінде жүзеге асады.
Тексерілген жəне есепке қабылданған құжаттар операциялардың жасалу күніне қарай жүйелендіріледі (хронологиялық тəртіппен) жəне 14-мемориалды ордерде Нысандар альбомының 406 нысанды балаларды күтіп-ұстағаны үшін ата-аналарымен есеп айырысу жөніндегі жиынтық ведомостерде ресімделеді;
15-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409 нысанды айырбасталмайтын операциялардан түсетін кірістерді есептеудің жиынтық ведомосі;
16-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409-а нысанды тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) іске асырудан түсетін кірістерді есептеудің жиынтық ведомосі;
17-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409-б нысанды активтерді басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жиынтық ведомосі;
18-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409-в нысанды өзге операциялар бойынша кірістерді есептеудің жиынтық ведомосі.
Кірістердің өзге түрлерін есепке алу Нысандар альбомының 283-нысанды көп бағанды карточкаларында жүзеге асырылады.
Шығыстар активтің азаюымен немесе міндеттемелердің ұлғаюымен байланысты, сенімді өлшене алатын экономикалық пайдалардың төмендеуі немесе сервистік əлеуеттің төмендеуі туындағанда танылады.
Мемлекеттік сектор ұйымдары шығындарды есептеу əдісі бойынша таниды. Мемлекеттік мекеме бекітілген қаржыландыру жоспарларында көзделген мөлшерге жəне нысаналы мақсатына қатаң сəйкестікте бюджеттік қаражаттарды жұмсауға міндетті. Бюджет бойынша шығындарды есепке алу Шоттар жоспарының Активтерді басқару бойынша шығыстар мен Өзге шығыстар кіші бөлімдерінің шоттарында ескерілетін шығыстарды қоспа-ғанда, мекеме, бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша жəне бюджеттік жікте-лімнің ерекшеліктері бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік мекеменің шығын-дарын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
7000-7100 Операциялық шығыстар
7010 Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар;
7020 Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар;
7030 Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар;
7040 Əлеуметтік салыққа арналған шығыстар;
7050 Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар;
7060 Қорлар бойынша шығыстар;
7070 Іссапарларға арналған шығыстар;
7080 Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар
7090 Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар;
7110 Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар;
7120 Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар;
7130 Жал бойынша шығыстар;
7140 Өзге операциялық шығыстар;
7200 Бюджетке төлемдер бойынша шығындар
7210 Трансферттер бойынша шығыстар;
7220 Зейнетақы мен жəрдемақы төлеу бойынша шығыстар;
7300 Активтерді басқару бойынша шығыстар
7230 Субсидиялар бойынша шығыстар;
7240 Субвенциялар төлеу бойынша шығыстар;
7310 Сыйақылар бойынша шығыстар;
7320 Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар;
4.7400 Өзге шығыстар
7410 Əділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар;
7420 Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар;
7430 Бағамдық айырма бойынша шығыстар;
7440 Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар;
7450 Резервтерді құру бойынша шығыстар;
7460 Өзге шығыстар
Мемлекеттік мекеменің операциялық шығыстары Шоттар жоспарының 7000-7100 Операциялық шығыстар бөлімі шоттарының қосалқы шотында танылады жəне еңбекақы төлеуге, стипендия төлеу бойынша, қосымша белгіленген зейнетақылық жарналарға, əлеуметтік салыққа, міндетті сақтан-дыруға, қорлар бойынша, іссапарларға, коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша, ағымдағы жөндеуге жəне ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша шығыстар кіреді
Кестеде берілген мәліметтерге байланысты мемлекеттік мекеме шығыстарының есептелуін төмендегідей корреспонденциялармен көрсетеді:
- еңбекақы төлеу бойынша: 7010 Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар шотының дебеті жəне 3241 Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек қосалқы шотының кредиті;
- мемлекеттік оқу орнында стипендия төлеу бойынша: 7020 Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар шотының дебеті жəне 3230 Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек қосалқы шотының кредиті;
- қосымша белгіленген зейнетақы жарналары бойынша: 7030 Қосым-ша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар шотының дебеті жəне 3142 Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек қосалқы шотының кредиті;
- əлеуметтік салық бойынша: 7040 Əлеуметтік салыққа арналған шы-ғыстар шотының дебеті жəне 3122 Əлеуметтік салық бойынша қысқа мер-зімді кредиторлық берешек қосалқы шотының кредиті;
- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мін-детті əлеуметтік сақтандыруға, Қазақстан Республикасының қолда-ныстағы заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік мекеме қызмет-керлерін мемлекеттік міндетті жеке сақтандыруға міндетті төлемдер бойын-ша: 7050 Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар қосалқы шотының дебеті жəне 3143 Өзге де міндетті жəне ерікті төлемдер бойынша өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек қосалқы шотының кредиті;

Кесте 2 - Операциялық шығыстар есебі


Операцияның мазмұны
Дт
Кт
1
Еңбекақы бойынша
7010 Еңбекақы
3241 Еңбекақы төлеу

компенсациялық
төлеуге арналған
бойынша қызметкерлерге

төлемдерді жəне
шығыстар
қысқа мерзімді

шығыстарды есепке алу

кредиторлық берешек
2
Шəкіртақыны есепке алу
7020 Шəкіртақылар
3230 Стипендианттарға

төлеу бойынша
қысқа мерзімді

шығыстар
кредиторлық берешек
3
Қосымша белгіленген
7030 Қосымша
3142 Жинақтау

зейнетақы жарналарын
белгіленген зейнетақы
зейнетақы қорына

есепке алу
жарналарына
зейнетақы жарналары
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау және алдағы уақытта қр-да есеп пен қаржылық есептілікті жетілдірудің бағыттары
Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу
Қаржылық есеп беру
Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары
Мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемін анықтау
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Пәндер