Археологиялық Тарихи Сәулет өнері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1
Кіріспе бөлім
3
1: 1. 1
Кіріспе бөлім: Қазақстан жеріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама
3: 3
1: 2
Кіріспе бөлім: Негізгі бөлім
3:
1: 2. 1
Кіріспе бөлім: Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
3:
1: 2. 1. 1.
Кіріспе бөлім: Ұлы Жібек жолы: Сырдың төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалар
3:
1: 2. 2
Кіріспе бөлім: Батыс Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
3:
1: 2. 3
Кіріспе бөлім: Шығыс Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
3:
1: 2. 4
Кіріспе бөлім: Солтүстік және Орталық Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
3:
1: 3
Кіріспе бөлім: Қорытынды бөлім
3:
1: 3. 1
Кіріспе бөлім: Тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі
3:
1:
Кіріспе бөлім: Қорытынды
3:
1:
Кіріспе бөлім: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3:

1 Кіріспе бөлім

1. 1 Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама

Ескерткіш дегеніміз - ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіш, әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де осы - көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады. Өлген адамға ескерткіш орнату дәстүрі ерте заманда-ақ пайда болған.

Ескерткіш

Археологиялық Тарихи Сәулет өнері

Сурет 1 - ескерткіш түрлері

Ескерткіштердің кең таралған түрлері - мүсіндік ескерткіштер. Олар әдетте тарихи орындарға, саябақтарға, тарихи тұлғалардың туған жерлеріне орнатылады.

Өлген адамдарға ескерткіш қою дәстүрі ежелден пайда болған. Мысалы, Грекияда аса беделді адамдардың құрметіне, Римде императорларға ескерткіштер қойылған.

Қазақстанда ескерткіш орнату XX ғасырдың 40-жылдарынан кейін кең өріс ала бастады. Алғашқы ескерткіштердің бірі - Алматыдағы “Амангелді Иманов”, белгілі мүсінші Х. Наурызбаевтың “Абай” және “Шоқан Уәлиханов” (екеуі де Алматыда), “Жамбыл Жабаев” т. б. мүсін ескерткіштері Қазақстандағы алғашқы ескерткіштердің ең көрнектілері болып табылады.

Тарихшыларымыздың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай - бұлақ, өзен, көл және үңгір тұрағы деп бөлінеді. Мысалы, сол дәуірдің қоныстарының елді мекеніндегі құрылыстар өте тығыз және біріне-бірі жалғаса орналасқан. Құрылыстың осындай түрі Қазақстанның солтүстік өңірінде әлі күнге дейін сақталған.

Алтын адам табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Обаның диаметрі - 60 м, биіктігі - 6 м. Ортадағы қабір ашылып, таланған, бүйірдегі қабір сол күйінде сақталған. Сақтар мәдениетіне байланысты тағы бір құрылыс - Қызылорда облысындағы Сырдария бойынан табылған “Шірік Рабат” қонысы. Ол егін егіп, мал баққан сақтардың тұрақты бекінісі болған. Біздің заманымыздың VI - VII ғасырларында Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам, Отырар, Сығанақ сияқты ірі қалалар және Ақыртас, Баба Ата сияқты бекіністер болған. Кеңгір, Сарысу өзені бойынан X - XI ғасырларда өмір сүрген 60 қа жуық қала орындары табылды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары сол кездегі сәулет өнерінің дами бастағанын көрсетеді. Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі және Қожа Ахмет Иасауи кесенелері Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Қазақ халқының сан ғасырлық өмірлік тәжірибесінің, табиғатпен қарым-қатынасының арқасында сәулет өнерінің жүйесі пайда болды. Сәулет өнеріндегі өзіндік ерекшелігі бар ғимараттар, күмбезді құрылыстар және басқа халық жете алмаған жылжымалы баспананың үлгісін бабаларымыз мұра етіп қалдырып кеткен.

2 Негізгі бөлім

2. 1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер.

Оңтүстік Қазақстан облысы көне тарихи ескерткіштерге бай. Себебі бұл өңірдегі қалалар біздің заманымыздың VII ғасырынан бастап өмір сүріп келеді.

Сурет 2 - Айша Бибі кесенесі

Айша Бибі кесенесі - Қазақстандағы сәулет өнері ескерткіші. XII ғасырда салынған. Жамбыл облысындағы Айша Бибі ауылында орналасқан. Күмбезді Қарахан салдырған, бірақ кесенені салған сәулетші туралы мәлімет жоқ. Кесене ортасына құлпытас орнатылған. Айша Бибі кесенесіндегі бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…” деп жазылған. Айша Бибі кесенесіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Кесене құрылысынан Әмір Темір дәуіріндегі сәулет өнерінің дәстүрі айқын аңғарылады. Ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.

Сурет 3 - Бабаджа Хатун кесенесі

Бабаджа хатун кесенесі - Қазақстандағы X - XI ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған. Ескерткіштің қас беті мен екі қапталы бір-біріне ұқсас, кірпіштен мәнерлеп қаланып, күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есігі шығыс жақ қабырғасында орналасқан. Қабырғалардан сегіз қырлы барабанға ауысатын белдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Бірін-біріне қаптай салынған қос күмбез ескерткіштің ұзақ сақталуына себепші болған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Кесене сыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен ерекшеленеді.

Сурет 4 - Арыстан баб кесенесі

Арыстан баб кесенесі - Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынғын ескерткіш. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешен XII ғасырда салынған. Кесене 20-ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып қайта жөнделді. Кесене мемлекет қорғауына алынған. Арыстан бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласының маңында орналасқан. Арыстан бабқа зиярат етушілер, соның басына барып түнейді.

Сурет 5 - Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі - Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салуды Әмір Темір Мәулен Убайдуула Садырға жүктейді. Кесене аса үлкен порталды -күмбезді құрылыс, оның ені - 46, 5 метр, ұзындығы - 65 метр. Орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. XVI ғасырдан бастап кесененің жекелеген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Онда Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Жәнібек хан, Әйтеке би және т. б. белгілі адамдар жерленген. Кесене ЮНЕСКО-ның қызыл кітабына еңгізілген.

2. 1. 1 Ұлы Жібек жолы: Сырдың төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалар

Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениетін жасаған тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған, Қытайдан бастауын алған сауда жолы, Орта Азия арқылы бүкіл Еуропаға тарағаны белгілі. Жібек Жолы алғашында Қытайдың Орта Азия халықтарымен достық байланысты нығайту үшін салынған жобасы делінеді. Аты айтып тұрғандай, керуен жолымен бүгінгі Қазақстан территориясына негізінен жібек маталары әкелінген. Сауда айналымы артып, керуен қатары өскен сайын жолдың бағыты да өзгере берді.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған.

Ұлы Жібек жолы Батыстан Шығысқа дейін бірнеше тармақтар бойынша өтеді. Оның едəуір бөлігі - Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының Сырдария жəне Арал теңізі арқылы өтетін тармақтары. Қазақстанның белгілі археолог-ғалымы Карл Байпақов Ұлы Жібек жолының Қазақстан жəне Сыр өңірі бойынша өтетін тармақтарын төмендегідей бағыттар бойынша анықтайды. Қазақстанның оңтүстігі арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының бір тармағы Испиджаб (Сайрам) қаласына дейін келді. Одан əрі оның бір тармағы Сырдарияның жоғары ағысына қарай, ал екінші тармағы Сырдарияның орта жəне төменгі ағыстары бойынша кетеді. Сырдарияның орта жəне төменгі ағысы бойынша кететін жол Испиджабтан Арыс жағалауындағы Арсубаникетке, Отырар - Фарабқа жəне одан əрі Сырдария өзенін жағалай отырып Арал теңізі алқабына қарай жетелейді. Бұл - Ұлы Жібек жолының Сыр бойымен өтетін тармақтарының бірі.

Ұлы Жібек Жолымен бірге Еуропаға тек сауда тауарлары жеткен жоқ, сондай-ақ, Азия халықтарының мәдениеті де қоса келді. Керуен жолының жандануымен қазақ даласындағы халықтың біразы отырықшылыққа өтіп, өңірде жаңа қалалар пайда бола бастады. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор болған. Ал, Сығанақ, Асанас, Жент, Сортөбе, Күйккескен, Жанкент, Заңғарқала сынды үлкен шаһарлар сол уақытта гүлденіп, елдегі маңыздылығын арттыра түскен. Сауда жолының бойында орналасқандықтан аталмыш қалалар тез өркендеді, ондағы халықтың саны да күрт артқан болатын.

Енді осы қалаларға шолу жасап өтсек . . .

Сығанақ қаласы туралы алғашқы дерек Х ғасырдағы парсы шығармасы «Худуд әл-Әлемде» кездеседі. «Сығанақ - қыпшақ даласының айлағы», «Сығанақ - аймақтың солтүстік жағындағы жер жәннатының шеті», «Сығанақ мыңжылдықтар қаласы», «Сығанақ - қазақтың алғашқы ордасы»- бұл теңеулер тарихи қаланың құдіреттілігін, киелілігін көрсетеді. Х ғасырда Сығанақ - ғұндар мен қаңлылар тайпасының, ал ХІ ғасырдың екінші жартысында әлемге әйгілі қазақ халқының құрылуына ұйытқы болған қыпшақтар мемлекетінің Шығыс бөлігінің астанасы. Сығанақ қаласы ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақтардың Сыр бойына келуіне байланысты олардың орталық қаласына айналды. Сауда орталығы, керуен жолының маңызды қаласы. Парсы саяхатшысы ибн Рузбихан Исфахани: «Сығанақ қаласы аймақтың солтүстік жағындағы жер жаннатының шеті» - деп сипаттаған. Сығанақ кезінде Дешті Қыпшақтың шекаралық сауда бекеті ретінде ғана емес, аумағының кеңдігімен, қауіпсіз әрі тыныш болуымен де даңқы шыққан. Қала өзінің 2000 жылға жуық тарихында қаңлылардың, қыпшақ хандығының (ХІ-ХІІғ), Ақ Орданың (ХІІІ-ХІҮғғ. ), Әбілқайыр хандығының (ХҮғ. ) астанасы болды. Сауда қатынасының, мемлекет арасындағы экономикалық қатынас, сяси жүйе, төзімділік, хандық, ұлтаралық достастық және ұлттық бірігейліктің нышаны іспеттес бұл қаланың қазақ халқы үшін маңызы зор.

Ортағасырлық құнды ескерткіш - Жент қалашығы. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 115 шақырым жерде Жаңадарияның оң жағалауында орналасқан. Қалада ислам дінін ұстанған түркі тайпалары қоныстанған. Жазба деректерінде қаланың оғыз-қыпшақ иелігінде, 1138-1152 жж қараханидтер билігінде болғанын жазады. Тарих беттерінде «Худу әл-Алам» атты еңбекте Жентті Х ғасырмен мерзімделелетін оғыз қаласы ретінде көрсетеді. Бұл - селжүктер династиясының алғашқы көтерілу кезеңінде және хорезм-оғыз қатынастарының тарихында басты рөл атқарған қала. 1220 жылы қаланы Моңғол әскері жаулап алған, біраз уақыт Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ордасы болады.

Саудагерлер пайда табу мақсатымен келетін базары болғанын, ХІ ғасырда Арал теңізі Жент теңізі аталып, мұнда Анадолы түріктерінің атасы Селжүк жерленгені айтылған. Ортағасырлық жазба деректерде және археологиялық қазба нәтижелері Женттің ірі сауда орталығы болғанын, этномәдени саяси байланыстарда маңызды рөл атқарғанын көрсетеді.

Сырдария өңірінің үлкен зерттеушісі, этнограф ғалым С. П. Толстов алғаш рет 1946 жылы Жент қаласының орнын көрсетіп, үстіңгі бетінен жинаған деректер бойынша, оның жасын ХІІ-ХҮІ ғғ. деп тұжырамдады. Оның пікірінше ХІІ-ХІІІғғ Жент Хорезм мемлекетінің қаласының бірі болған. Кейін 1958 жылы Б. В. Андрианов, 1961 жылы С. П. Толстов ескерткіш орнында зерттеу жұмысын жүргізді.

Моңғол шапқыншылығынан кейін Жент қаласы қайта жанданып, Сыр өңіріндегі ірі мәдени-экономикалық орталыққа айналды. Қалада ақша сарайы жұмыс істеп, күміс және мыстан соғылған теңгелер шығарылды. «Моңғол шапқыншылығына дейін Жент үлкен қала болатын. Қаншама зобалаңға ұшыраса да ол сауда-саттыққа қолайлы қала болып қала берді. Бұл жерде әлі күнге дейін сауда орны жұмыс істейді. Саудагерлер өз саудаларын мақтап, табысты екендеріне бәсекелеседі. Қала базарлары көл-көсір. Ол жерде ылғида таразы басы құбылып тұрады», - деп жазды ХІІІ ғасырдың тарихшысы Жамал Қаршы

Заңғарқала - көне қала орны. Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Байқожа темір жолы бекетінен 12 шақырым жердегі Кеңтүп елді мекені маңында орналасқан. 1868 жылы құрылған Заңғар болысы 1920 жылға дейін осы атаумен аталған.

Сырлытам қалашығынан солтүстік-шығыс бағытта 3 км қашықтықта орналасқан. Қалашық Сырлы там қаласымен бір уақытта тіршілік еткен. Заңғар қаланың да төртбұрышты цитаделі, диаметрі 300 м болатын дөңгелек қалашықтың солтүстік жағында орналасқан. Ескерткіштің барлық қабырғалары су ағынымен бұзылған.

Оғыз тайпаларының Сырдария жағасындағы ең атақты қалаларының бірі Жанкент қаласы. Жазба дерекетрде Жанкент алғаш рет араб тарихшысы Ибн-Рүстемнің еңбегінде аталады. Сондай-ақ араб географы Ибн-Хаукал «Оғыздардың басты қаласы Жанкент болды, оны ирандықтар Нау - Керде, арабтар Әл-Харият, сарматтар Дахи Нау деп атаған», - дейді. Жанкент атауның өзі Янкикент-Жаңакент-Жанкент деген мағынаны білдіреді. Жанкент тарихы ғасырлар қойнауында жатыр. Қаланың гүлдену дәуірі ІХ ғасырдың ІІ - жартысы мен ХІ ғасырдың алғашқы ширегі Жанкент шаһары- 15-20 гектар, егіншілігі, саудасы мықтап өркендеген қала болды.

Қала маңындағы суландыру жүйесі егіншіліктің шаруашылықтың негізгі басты саласы болғандығын дәлелдейді. Ол кезеңде Арал теңіз маңынан үлкен тұз көзін тауып, Қытай, Иран, Үндістан елдерімен сауда қатынастарын жасаған.

Әрбір жұма күні шаһар орталығындағы базар алаңында сауда қызу жүріп отырған. Жанкенттің шығыс пен батысты жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолы бойындағы тоғыз жолдың торабына орналасуы қаланың географиялық, экономикалық маңызын арттыра түсті. Қытай жібектері, Үнді маталары мен жемістері, араб елдерінің құрмасы, науаты осы қалада сатылымда болған. Жанкент қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орта ғасырларда дамыған қала.

Ұлы Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, Жібек жолы біртіндеп екінші орынға түсіп, кейін өзінің өмір сүруін тоқтатты.

2. 2 Батыс Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер

Шопан-Ата жер асты мешіті - Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған мерзімінемеңзеді.
Қараман - Ата ескерткіші - Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман - Ата Шопан - Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М. Мендіқұлов Қараман - Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман - Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.

Махамбет мазары - Ескерткіштің уақыты 1846 ж. Ескерткіштің мекен-жайы Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен оңтүстік-шығысқа қарай 40ш. Мазардың жалпы биіктігі 12 метр. Мазардың авторы Көпбол Демесін.

Қазақ әйелдері арасындағы тұңғыш коммунист Алма Оразбаева ескерткіші

Ескерткіш Жәнібек ауылында орнатылған. Екі сатылы іргетасқа тұрғызылған, жоғарғы жағында -бес бұрышты жұлдыз бекітілген. Ескерткіш тігінен бір сатылы 2 аумақтағы сөрелермен бөлінген. Төменгі аумағы куб пішіндес, жоғарғысы-пирамида пішендес. Тұғырдың алдынғы жағына «Орда поселкесінде қазақтың тұңғыш әйел-коммунисі, Қазақстанда Кеңесөкіметін орнатуда еңбек сіңірген белгілі қоғам қайраткері Алма Оразбаева дүниеге келді. 1898-1943ж. » деген жазуы бар тақтатас бекітілген. Ескерткіш 1967 жылы орнатылған.

2. 3 Шығыс Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер

Семей- Қазақстанның ірі және әдемі қалаларының бірі. Ол 1718 жылы І Петрдің жарлығымен құрылған. Дегенмен қаланың нақтылы жасы одан да көбірек. Себебі оның қазіргі орнында Доржнкент деген көне қала болған. Доржынкент қазақ - жоңғар қақтығыстры кезінде әлсіреп, жойылып кеткен. 1606 жылдың өзінде Михайыл патшаның грамотасында Доржынкент қаласының аты аталды. Онда бұқа стилінде салынғын әдемі сарайлар екені жазылғыан. ХІХ ғасырдың орта тұсында Ресейдің Азия бөлігіндегі керуен жолдары тоғысқан ірі сауда орталығына айналды. 1851 жылы қаланың елтаңбасы бекітіліп, 1854 жылы Кереку және Өскемен уездерінің басын біріктірген үлкен орталық облыс болып құралды. Кейбір ғалымдар “Семей” сөзінің түптөркінінің “ырысы сол, нұрлы жол” мағынасынын білдіретінін айтады. Бүгінгі күні Семей еліміздің рухани және мәдени орталығы ретінде белгілі.

Семей дегенде, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы Федор Достоевский, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әміре Қашаубаев, Галина Серебрякова, Всеволод Иванов және тағы да басқа ұлы тұлғалардың есімдері еске түседі.

Сурет 6 - Абай кесенесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Е. Массонның Орта Азия мен Қазақстан археологиясына қосқан үлесі
Жұмыстың мақсаты Қазақстанның жеті кереметімен танысу
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.
Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция ғалымдары
Жетісу аумағының сәулет ескерткіштері
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Ортағасырлардағы тайпалардың материалдық мәдениеті
Қ.А.Ясауи кесенесі
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz