Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Көп жылдар бойы бағалау ісі оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар:

− педагогтерге, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;

− педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды;

− оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы;

− қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқыту- дың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды;

− оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді [1] . Қазақстанның PISA-2009 нәтижелерін талдау ұлттық білім беру жүйесін, ҚР Білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім саясатындағы басым бағыт ретінде бағалау жүйесі және білім сапасының мониторингін жетілдірудің өзектілігін көрсетуде.

Критериалды бағалау технологиясының қолданысы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруды көздейді, әлдебір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, әлдебір практиалық дағдының қаншалықты қалыптасқанын анықтап, әр білім алушының жалпы дайындығы деңгейіндегі өзгерістерді де, оның түрлі танымдық аяларындағы табыстары динамикасында тіркеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық практикада қазіргі күні жиі қолданылып жүрген бес балдық жүйемен бағалау әдістемесі қарапайым да, үйреншікті екені сөзсіз. Бірақ ол саралауға қабілетсіз және бағалардың объективтілігін қадағалауға мүмкіндік бермейді, өйткені оның білім алушылармен өз жетістіктерін өздігінен бағалауын қолдайтын және дамытатын, сонымен қатар, білім беру үрдісінде білім алушы өзінің сәттіліктері мен сәтсіздіктері туралы ақпаратты меншікті жетістіктерін жақсарту үшін ұсыныс түрінде алып отыратындай, кері байланысты жүзеге асыратын нақты және анық критерийлері жоқ.

Критериалды бағалау жүйесінің білім беру үрдісіндегі қолданысы білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жеке пәннің мақсатты нұсқауларымен байланыстыруға, сонымен қатар білім алушылардың орта мектептегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін белгілі параметрлерді (өлшемдерді) қолдану арқылы анықтап, көтеруге мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісінде қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады.

Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;

2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және біріңғай бағалау механизімін қалыптастыру;

3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру;

4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;

5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;

6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру;

7. Объективті, үздіксіз және нақты:

- білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;

- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

- ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;

- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратты беру;

8. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру ақпараттар ұсыну үшін қолдану;

9. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;

10. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін, талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.

Пәндер мен сыныптарға байланысты бағалаудың ұсыныстары қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалау жинағында, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда қосымша берілген.

Жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарады. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Бүгінгі күнгі жаңартылған білім беру бағдарламасына сай критериалды бағалау мен кері байланыс орнатуды анықтау жұмысымның өзектілігі болып алынады.

Жұмыстың тәжірибелік мәні: жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі бағалау жүйесі - критериалды бағалау.

Жұмыстың мaқсaты : «Қысым» бөлімін оқытуда 7 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау критерилерін құрастыру тиімділігі. Осы мақсатқа жету жолында келесі міндеттер тұрады.

Жұмыстың міндеттері:

- физика сабағында оқушылардың білімін критериалды бағалауды анықтау.

- дұрыс бағалауды жолға қойып сынып ішінде кері байланысты орнатуды айқындау.

- білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын-ала белгілі өлшемдермен салыстыру арқылы, әлдебір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, әлдебір практикалық дағдының қаншалықты қалыптасқанын анықтау.

Жұмыстың практикалық маңызы: Орта мектеп 7 сынып «Қысым» тақырыбына қалыптастырушы, ішкі және сырттай бағалаудың әртүрлі жолдарының келтірілуі жұмыстың практикалық маңыздылығын көрсетеді.

Жұмыстың зерттелу нысаны: жалпы білім беретін орта мектепте физиканы оқыту үдерісі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тaрaудaн, қорытынды және пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеті, тақырыптың өзектілігі, мәні, практикалық маңызы, зеттелу нысаны және де жұмысқа жалпы сипаттама жазылады. Жұмыстың көлемі және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жаңартылған бағдарлама

1. 1 Жаңартылған білім беру мазмұны

Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып, әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық курсын таңдады. Бүгінде Елбасымыз алға қойған, дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» - баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді. Соның ішінде:12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектепте оқытудың стандарттарын жаңғырту, білікті мамандар даярлау.

Ел болашағы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені баршаға аян. Бірінші елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің дамуының барлық стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Ел болашағына бағыт-бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тірелетіні белгілі. Сондықтан да, дамыған елдердегідей Республикамызда білім беру жүйесі сапасын дамыту ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың тұлға ретінде қалыптасуына, үйлесімді дамуына ұстаздардың жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеруінің, кәсіби дамуының маңызы зор. Бұндай талапқа сай қызмет істеу үшін әрбір ұстаз үздіксіз ізденуі, сонымен бірге кәсіби білікті маман болуы тиіс. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады. Білім беру мазмұнын өзгерту не үшін қажет? Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін маңызды салаларда өзгерістер орын алды:

-экономика;

-адамдардың өзін-өзі басқаруы;

-қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы;

-еңбек нарығының құрылымы;

-шекарамыздың ашықтығы;

-оқыту мен үйретудің нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларға тоқталар болсақ, олар:

- әлем стандартына сай білім беру;

- бәсекеге қабілетті тұлға дайындау;

- тәжірибелік дағдыларды дамыту;

- функционалдық сауаттылықты арттыру;

- ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай? Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:

1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі;

2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі;

4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;

5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;

6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;

7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;

8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу) .

Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:

1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым)

2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау)

3. Шығармашылық ойлау дағдысы

4. Логикалық ойлау дағдысы

5. Сыни ойлау дағдысы

6. Алгоритмдік ойлау дағдысы

7. Критикалық ойлау дағдысы

8. Проблемалық ойлаудағдысы

9. Технологиялық ойлау дағдысы

10. Тілдік құзіреттілік дағдысы

11. Оқушылардың дамыту.

Бағдарлама аясында мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ: Мұғалім шебер сұрақ коюшы болуы қажет, себебі?

Ықтимал себептері оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;

Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;

Бағалау үшін;

Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;

Тақырыпты қайта қарау үшін;

Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;

Күрделендіру үшін;

Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;

Түсінуге көмектесу үшін;

Бағамдау үшін.

Білім берудің жаңарту жолдары біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Бағалау жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтті. Критериалды бағалауда оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар тоқсан бойы жүйелі түрде жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Білім берудегі жаңартылған бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Қорыта келе айтарым, ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін, әрбір ұстаз тынымсыз еңбектенуі тиіс. Міндет ауыр, мақсат айқын. Әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жететініміз сөзсіз.

«Жаңартылған білім мазмұны бұл- мүлде жаңа бағдарлама, оқулықтар, стандарттар және кадрлар» (Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н. Ә. Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндігі атты Қазақстан халқына жолдауынан) .

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді?

Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз. Баланың білім алуына мұғалім маңызды роль атқарып келді. Дегенмен де білім беруде балаға не білу керектігін түсінсек те оны қолдана алуды қалай үйрету керектігін білмей қиналып жүрген шақтарымыз болды. Заман ағымына ілесе алатын, мол ақпаратты меңгерте білетін әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту -басты міндет болып табылады. Яғни Ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы». Бұл ұстанымнан «Шәкірт өздігімен үйрену керек», -деген түсінік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз еңбегінің маңызын төмендетпейді. Мұнда мәселе -ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде. Педагог -білім тасушыдан -білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс.

Сонымен Жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс:

- педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,

- тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,

- рухани дамыған,

- толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

Ұстаздарға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу керек деп тұжырымдауға болады. Бұл бағытта мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру -басты мақсат болып табылады.

Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек болуы - өмір сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру- ұстаздардың міндеті екені даусыз.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты үш апталық курс бағдарламасын және «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренері курсын аяқтап былтырғы оқу жылынан жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқытудамын.

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау - ұстаздың басты міндеті деп білемін.

Орта сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай еркін айтады. Мақтау сүйгіш, мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруге тура келеді. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде мұғалім оқушыға үнемі шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап көрсетсе, онда балалардың өздері де ізденіске түседі.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.
Мен де өз әріптестеріммен қатар бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін. Орта сыныптарға сабақ беруде әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып сөйлете білу менің міндетім деп түсінемін. Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін белсенді ету - басты мақсатым. Ойланып, толғанған оқушы, әрине, сөйлей де біледі, тыңдай да біледі, тұжырымдап пікір де айта алады.

Өзім осы бағыттағы тәжірибемде оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде. Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын.

Әлем елдері соның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде орын алған топтық жұмыс XXI ғасыр оқушысын өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі өмірге бейімдеп оқытуда маңызды болуға тиіс деп ойлаймын. Топтардағы бірлескен жұмыс сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия екендігі бізге мәлім. Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық болуымыз керек. Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметттелетін, ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін, ұжымдасу арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуге негізделетін оқыту мен оқу тәсілі ғой.

Жаңашылдық, өзгеріс керек екені деңгейлік, тренер, жаңартылған бағдарлама бойынша өткен курстардан маған түсінікті болды десем, осы тәжірибені өзімнің мектебімде іс-тәжірибемде қолдануға толық негіз бар деп ойлаймын.

Қазір топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс-тәсіл болып табылады.

Бүкіләлемдік тәжірибеде білім беру саласында білімнің де дағдының да маңыздылығы кең. Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі- білімді алып қана қоймай, оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Топтық жұмыс барысында оқушының бойында оқушылық кезеңіне ғана емес, кейін де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым- қатынас дағдысы, проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады. Қазір осы мәселе төңірегінде әріптестеріммен іс- тәжірибе алмасып, оқушылармен жұмыс жүргізіп жатырмын. Оқу үдерісінде топпен жұмыс жүргізуге оқушылар қалыптасып, дағдыланып қалды. Тапсырма топқа беріледі. Тапсырма орындау барысында топтың әрбір мүшесінің жеке үлесі ескеріледі. Топпен жұмыста күшті оқитын оқушы әлсіз оқушыға көмектеседі де, басқаларды тыңдағанда ол білімін арттыра түседі, бір сөзбен айтқанда ынталанады.

Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім - баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Жобалау мен шығармашылық
Болашақ педагог-психологтың менеджерлік құзіреттілігін қалыптастыру
Педагогтың құзырлылығының компоненттері жалпы педагогикалық дағдылар
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Мұғалімдердің өздігінен білім алу жұмыстары - олардың педагогикалық құзіреттілігін жетілдірудің негізі
Білім беру ұйымдарында мұғалімдердің кәсіби даярлығын дамыту
Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру технологиялары
Мультимедиялық технология бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейту құралы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz