Жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
2
1
ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
6

1.1
Қылмыстылық тарихи - әлеуметтік құбылыс ретінде
6
1.2
Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі мен жүйелілігі

17
1.3
Қылмыстылықтың алдын алу шараларының сипаты мен түрлері

2
ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКАНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА АҚПАРАТ КӨЗІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2.1
Құқытық статистиканың түсінігі

2.2
Құқықтық статистиканың қылмыстылықтың алдын алудағы маңыздылығы

3
ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымша А

Қосымша Б

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып табылады. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі - қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасын ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмыстық құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларды анықтау, қылмыстардың алдын алу және де басқа жағдайлар бүгінгі күні қылмыстық құқықтың басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан қарағанда, оның алдын алған әлдеқайда дұрысырақ. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қылықтың уақытылы анықталуынан ғана емес, сонымен қатар адамдардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты болады. Қарапайым халықтың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады.
Қай қоғам болса да заңсыздық бой көтере бастаса, қылмыс көбейе түсетіні белгілі. Ал заңсыздыққа жол бермеу, оның алдын алу немесе жасалған заңсыздықты анықтап, әділдіктің орнауын қамтамасыз ету прокуратура органдарының тікелей құзіреті болып табылатыны анық.
Әрине, қылмыстылықтың алдын алуда ең алғашқы бірінші жалпы тәрбие, оның ішінде құқықтық тәрбие негізігі құрал болып есептеледі. Сондықтан Қазақстан Республикасы экс-Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1995 жылғы маусымның 24-де шыққан Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы қаулысының негізгі талаптарын іске асырып, жастарға өз дәрежесінде жеткілікті құқықтық тәрбие беруді дұрыс жолға қою үлкен жұмыс. Өйткені құқықтық тәрбие жастар мен жасөспірімдер бойында құқықтық талаптарды құрметтеу сезімін қалыптастырып,азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сезіндіреді, олардың қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстап, әсіресе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Осы орайда, менің тандап алып отырған дипломдық жұмысымның тақырыбы, яғни, Қылмыстылықтың алдын алу: тарихы, теориясы және қазіргі заманғы практика өзекті тақырыптардың бірегейі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ғалымдар мен ойшылдар адамзаттың даму кезеңінде адамдардың мінез-құлқын бақылауды орнату мәселелері туралы ежелден ойлана бастады. Қылмыстың алдын алу қажеттілігі туралы идеяны мемлекет пен заңның алдын алу қызметін зерттеуде алғашқы қадам жасаған Ежелгі Грецияның философтары болды.
Қылмыстың "ежелгі" тарихына қарамастан, іс жүзінде криминологияға қатысы бар еңбектер туралы айтуға болатын алғашқы жұмыстар XVI-XVIII ғасырларда пайда болды. Ғылымдағы криминологиялық бағыт қылмыстық құқықтың пайда болуымен қатар пайда болғаны туралы пікірлер айтылады. Бұл пікір сол уақытта туындаған "мемлекет қызметі тұрғысынан қылмыстарға қарсы күрес мәселесіне назар аудару" қажеттілігімен байланысты. Алайда, осы көзқарасты жақтаушылардың өздері "қылмыстық құқық ғылымы аясындағы криминологиялық көзқарастар бірден пайда бола алмайды, және қылмыстық құқықтың өзі жақын арада оның қазіргі мағынасындағыдай ғылым болған жоқ" деп атап өтті. Шын мәнінде, қылмыстық құқық XVI ғасырда ғылым ретінде қалыптасты. Шынында да, қылмыстарға қарсы күрес жүргізу қажеттілігімен криминологияның пайда болу мәселелерін байланыстырса, онда Протагор аузымен "қылмыстарға қарсы күресте өткен емес, болашақ туралы ойлауды ұмытпауды" ұсынған Платонды да еске түсіруге болады. Платонның криминологиялық болжамға қатысты пікірлері неге ғасырлар өткеннен кейін ғана өзекті болды деген сұраққа әлі жауап жоқ.
Аристотельдің философиялық мәселелерінің контекстінде айтылған қылмыспен күреске қатысты идеяларын көру қиын емес. XVI-XVIII ғасырлар туралы айтатын болсақ, Локк, Гельвеция, Гольбах, Руссо, Мора, Вольтер, Фейербах материалистерінің криминологиялық ойлары бар. Монтескье мен Беккариді ерекше атап өткен жөн. Әрине, біз қарастырып отырған мәселемен басқа да атауларды байланыстыруға болады.
Көрнекті зерттеуші профессор М. П. Чубинский ежелгі грек ғалымы Платон өзінің "саясат" трактатында, жалпы игілік идеясына адал болатын мемлекеттік үйлесім туралы пайымдай отырып, қылмысты қылмыскердің жанының ауруы емес, мемлекеттік биліктің міндетіне жататын мемлекеттің ауруы ретінде қарастырғанын жазды; сондықтан жазалау қызметі мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ететін басқа шаралармен қатар болады және билеушілерге құқықтық тәртіпті сақтау, заңдардың беделін қорғау және мүмкіндігінше оларды бұзуға жол бермеу туралы ұйғарады.
Платонның трактатында," заңдар туралы " бірқатар маңызды қылмыстық-саяси идеялар кездеседі. Ол қылмыстың алдын алу үшін дәлелді түрде айтылған, заң шығарушыға қылмыскерлер жасаған қылмыстардан алшақ болу үшін заңдар жасау қажет деп ойлайды; және жазалау шараларын алдын алу шараларына қосымша ретінде қарайды.
Аристотель өз еңбектерінде сот төрелігін ұйымдастыруды зерттей отырып, ежелгі грек философы мораль саясатқа бағынады. Ол бір нұсқамамен массаны қайырымдылыққа бағыттау мүлдем мүмкін емес деп санайды. Оның пікірінше, адамдардың көпшілігі жаман қылықтардан жоғары ниеттен емес, жазалау алдындағы қорқыныштан қалыс қалады,олар кеңес пен ар-намыс дауысына қарағанда, қажылық пен қарамға көбірек сенеді. Жоғары тәртіптің ынталандыруларын тек аз ғана таңдаулылар ғана басшылыққа алады, сондықтан қоғам өмірі теріс қылықтар үшін жазалаумен жігерлі қатерлермен сүйемелденуі тиіс, себебі көпшілік өз пайдасы мен жалпы игілікке көңіл бөлуі. Сондықтан, заң шығарушы қылмыс бере алатын пайдамен және рахатпен салыстырғанда аса қатал жазалау қаупінің жаман инстинктерін ұстауы тиіс.
Платон мен Аристотельдің қылмыстық-құқықтық мәселелерін тек қана қылмыстармен күрес идеяларын негіздеудің нобайларының нобайларының шағын нобайлары ретінде қарастыруға болады. Мұндай идеялар олардың қылмыстар туралы философиялық пайымдаулары призмасы арқылы көрінеді. Олар қылмысты мемлекеттің ауруы ретінде жасаған адам жанының ауруы ретінде қарастырды. Заң шығарушы (мемлекет) бұл ауруды емдеуге тиіс. Платон, мысалы, белгіленген заңдар қылмыстық іс-әрекеттер мен іс-әрекеттердің итермелейтін бастауларға тежеуші әсер етуі тиіс деп жазды. Ол мемлекеттің сән-салтанат пен кедейліктің пайда болмауы үшін қамқорлық жасау керек екенін атап өтті,өйткені олардың біріншісі қараңғылықты және ішсіздікті дамытады, ал екінші ойлы сезім мен зұлымдықты жасауға тілек білдіреді. Оларға қылмысқа бейім адамдарға психикалық әсер ету туралы ой айтады.
Тақырыптың мақсаты. Қылмыстық құқық саласының ең басты мәселелерінің бірі - қылмыстардың алдын алу тақырыбын жан - жақты зерттеу.
Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
Нақты қылмыстық әрекеттердің себептері мен жағдайларын анықтау және жою;
Алдын алу әсерін жүзеге асыру мақсатында қылмыс жасауға қабілетті адамдарды анықтауға бағытталған шаралардың тізімін жасау.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықты жоятын мән - жайларды анықтау;
Жергілікті атқару органдарының осы тақырыпқа байланысты жасалып жатқан іс-әрекеттерді талдап көрсету;
Қылмыстардың алдын алу тарихын зерттеу.
Зерттеу жұмысының теориялық - әдістемелік негіздері. Диплом жұмысының теориялық - әдістемелік негіздері ғылыми принциптерге негізделген. Жаңа заңнамалық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік, объективтілік, салыстырмалылық сияқты ғылыми таным принциптері негізге алынды. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегіндегі соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен ой-пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алып, зерттеу барысында талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау әдістері қолданылды. Мәселе нақты заңи тұрғысынан қарастырылды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстан Республикасындағы қылмыстылыққа қарсы күрес, қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған іс - шараларының барысы қарастырылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі тақырыпты қарастыратын үш тараудан (бірінші тарау Қылмыстылықтың алдын алудың жалпы сипаттамасы , екінші тарау Құқықтық статистиканың қылмыстылықтың алдын алудағы ақпарат көзі ретінде маңыздылығы , үшінші тарау Қылмыстылықтың алдын алудың қазіргі заманғы мәселелері), қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Қылмыстылық тарихи - әлеуметтік құбылыс ретінде

Қылмыстылықтың Қазақстан Республикасындағы ахуалы туралы сөз қозғау үшін, криминология ғылымының шығу тегі, пәні, алдын алу жолдарына тоқталып кеткен жөн болар. Криминология сөзі екі бөліктен тұрады, латынша crimen - қылмыс және logos - білім. Демек, қылмыс туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл атау аталған ғылымның немен айналысатындығын толықтай ашып көрсетпейді. Себебі, қазіргі таңда қылмыс мәселесін зерттейтін ғылымдар өте көп, оның ішінде қылмыстық құқық та, қылмыстық іс жүргізу құқығы да, сол сияқты қылмыстық психология, социология( құқық социологиясы, қылмыс социологиясы және қылмыстық құқық социологиясы(, статистика ғылымдары тағы да басқа бірқатар ғылым салалары бар. Осы салалардың барлығы қылмыс мәселесімен айналысып отырса да, әр қайсы өз бағытында жұмыс атқарады. Соның ішінде криминология ғылымының маңызы өте зор болып табылады.
Сонымен, қылмыстық құқық қылмыс туралы сұраққа жауап берсе, криминолгияның ең басты мәселесі - қылмыстылық. Адамдар, көбінесе қылмыстылық пен қылмысты бір нәрсе деп ойлауы әбден мүмкін. Тіпті, қылмыстылықтың жасалған қылмыстардың жиынтығы деп те түсінеді. Сыртынан қарағанда солай, қылмыстылық - қылмыстардың жиынтығы. Бірақ негізінде мүлдем олай емес, себебі, қылмыс адам әрекетінің бір түрі ғана, яғни қылмыс - қоғамға қауіпті іс - әрекет. Ал қылмыстылық - бұл құбылыс. Қылмыстылық - қылмыстардың жиынтығынан тұрғанмен де, одан мүлде басқа сапаға ие болған. Бұл жерде диалектиканың саннан сапаға өту заңын еске түсірген жөн. Екі қылмыс қылмыстылық емес, он қылмсы та, тіпті жүз қылмыс та қылмыстылық сапасына ие емес, ол үшін міндетті түрде масса керек, яғни жаппай болуы тиіс.
Яғни, қылмыстық құқық, қылмыстылық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқықтарының ғылымдары қылмыстыәр түрлі қырынан келіп қарастыруға тырысса, криминология ол мәселелерді емес, қылмыстылық деген құбылысты зерттейді. Криминологиялық әрбр зерттеудің түбінде қоғамға келетін пайда - қылмыстылықтың себептерін анықтау қажет. Осы себептерді анықтау нәтижесінде ғана тиімді нәтижелерге жетуге болады.
Криминология жалпы қылмыстың себептерін ғана емес, сонымен қоса, жекеленген қылмыстардың себептерін де зерттейді. Демек, криминология пәнінің үшінші құрамдас бөлігі - жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын зерттейді.
Криминолгияның пәнін құрайтын келесі, төртінші компонент - қылмыскердің тұлғасы. Сондықтан, криминология жәбірленушінің де, мінез - құлқы мен тұлғасын зерттеуді өз мойнына алады және ол криминологиядан басқа ешқандай ғылымның зерттеу пәніне кірмейді.
Криминологияның басты мақсаты - қылмыстылықты болдырмау, яғни оның алдын алу. Қылмыстық құқықтық бағыттағы құқық салалары мен олардың ғылымының да қоғам үшін керегі - қылмыстылықтың алдын алу үшін күресетінлігінде. Қылмыстылықтың алдын алу үшін де белгілі бір әрекеттер жасалуы керек. Соның бірі қылмыстылықты болжау. [1, 15б.]
Сонымен қылмыстылықпен күресуде криминологиялық болжау төмендегі сатыларға бөлінеді:
Қылмыстылық;
Қылмыстылықтың себептері;
Жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары;
Қылмыскердің тұлғасы;
Жәбірленушінің мінез - құлқы мен тұлғасы;
Қылмыстылықтың алдын алу
Криминологиялық болжау
Криминологиялық жоспарлау.
Сонымен криминология дегеніміз - қылмыстылықты, оның себептерін, жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, жәбірленушінің мінез - құлқы мен тұлғасын, қылмыскердің тұлғасын, сондай ақ қылмыстылықтың алдын алу мен болжауды зерттейтін салааралық ғылым. Осыған орай, криминология қылмыстылықты ғана емес, онымен байланысты өздері қылмыстылықты құрамаса да онымен тікелей байланысты жағымсыз құбылыстарды зерттейді. Мысалы, жезөкшелік, өзін - өзі өлтіру, маскүнемдік, нашақорлық және т.б. осылардың барлығы әлеуметтік ауытқулар.
Криминология ғылымының мынандай үш түрлі міндетін атауға болады:
Аналитикалық, яғни зерттеу міндеті. Қылмыстылықты, оның себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез - құлқы мен тұлғасын зерделеп, талдау.
Болжау міндеті - криминогендік құбылыстардың болашақтағы өзгерістері туралы негізді ұсыныстар жасау.
Әр түрлі жолмен тәжірибелендіру. Бұл қылмыстылықтың алдын алуға келеді, сол сияқты вактимологиялық профилактиканы да қолдануды көздейді.
Адамзат дүние есігін ашқаннан бастап көзіне көрінген заттарды санап, қарапайым математиканы, ауырған жерін емдеп, қарапайым медицинаны қалыптастырды. Ал қылмыстылықтың жай күйін, себептерін оның лдын алу мәселелерін зерттейтін ғылым - криминологияның қалыптасқанына бар жоғы бір ақ ғасыр өтті. Ол ХІХ ғасырдың ачғында ғана қалыптасты. Бірақ бұл қылмыстылық мәселелері адамзатты ойландырмады, оның қажеттілігі болған емес дегенді білдірмейді. Әрине, аталған мәселе Аристотель, Платоннан бастап ойшылдарды толғандырды, бірақ оның іргесі қаланған уақыт ХІХ ғасыр деп саналады. Осы уақытта Ч.Дарвин өзінің түрлер эволюциясын жасаса, социологтар, статистика ғылымы, К.Маркс пен Ф. Энгельс осы уақыттарда өз зерттеулерін жүргізгені аныҚ
Криминология ғылымының қалыптасуына төрт түрлі зерттеулер ықпал етті: [2, 15-18бб.]
1. Антропологиялық
2. Статистикалық
3. Әлеуметтік - экономикалық және социологиялық
4. Құқықтық.
Әдетте, антропология адамның сыртқы бет - пішінін, бой - тұрқын ғана зерттейді. Бірақ оның қылмыстылыққа қатысы қанша? Қылмысқа қатысы шамалылығының өзі де жұртты елең еткізген болатын. Елең еткізіп қана қоймай, италияндық антропологтарлың осы уақыттағы толқыны қылмыстылық мәселесінде белсенділік танытты.
Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Қылмыстылық - әлеуметтік құбылыс, өзінше бір организм, қоғамның өзіне бағытталған сырқаты.
Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін анықтауға болады:
-оның салыстрмалы - жаппайлығы
-тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс болып есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-сатарлық әрекеті қылмыс боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы факторлардың бірі.
Қылмыстылықтың өзіне тән мынадай көрсеткіштері бар: деңгейі, қарқындылығы, құрылымы, динамикасы.
Қылмыстылықтың деңгейі - белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың абсолюттік саны.
Қылмыстылықтың қарқындылығын коэффицент арқылы анықтауға болады. Коэффиценттің өзі де фактіге қатысты, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты және сотталғандарға қатысты деп үш түрлі болады.
Өскемен қаласындағы қылмыстылықтың құрылымы - бұл белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт аралығында жасалған барлық қылмыстардың ішіндегі нақты қылмыстылық түрінің үлес салмағы және қылмыстар санының арақатынасы.
Қылмыстылықтың динамикасы - белгілі бір кезеңдегі қылмыстылықтың деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы. Динамиканы анықтауға байланысты үш түрлі есеп жүргізуге болады:
Ағымдағы талдау - 1 жылға жүргізілетін есеп;
Жүйелік талдау - жыл сайынғы, бесжылдық сайынғы, қылмыстылықтың қозғалысын анықтау;
Қылмыстылықтың мерзімдік өзгерістерін талдау.
Осы үш түрлі есеп мынандай үш түрлі әдіспен жүзеге асырылады: базистік, жалғаспалы, интервалдарды біріктіру әдісі.
Базистік әдістің негізгі ерекшеліктері басқа барлық жылдардың көрсекіштері бір жылдың ғана көрсеткіштерімен салыстырлады және сол салыстырушы (базис) жылдың көреткіші 100 пайыз деп алынады.
Келесі, жалғаспалы әдіс адыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл әдісте бір ғана жыл базис деп алынбайды, оның орнына үнемі алдыңғы жыл алынып отырады.
Мысалы, Қазақстандағы қылмыстылықтың қозғалысын 1990 жылдың көрсеткішімен (базистік әдіс) және алдыңғы жылдармен (жалғаспалы әдіс) салыстыру.
Үшінші интервалдарды біріктіру әдісінің бар айырмашылығы - бір жылдың ғана емес бес жылдықтардың, онжылдықтардың немесе елу жылдықтардың көрсеткіштері алынып,жоғарыдағы барлық әдістерді қолдана отырып жүзге асырылады.
Жалпы қылмыстылықтың қоғамға қауптілігіне тоқтала кетсек, ол:
- Әлеуметтік дамуды және экономикалық өзгерістерді тежейді;
- Әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмысын бұзады;
- Әлеуметтік институттардың функциясына ықпал етеді;
- Әлеуметтік тыныштықты бұзады;
- Адамдардың көңіл күйіне, өміріне, жұмысына салқыны тигізеді;
- Елеулі материалдық және де өзге де ресурстық шығындар кетеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуына байланысты күш жұмсауды талап етеді.
Адамзаттың сонау қалыптасу кезеңінен бастап-ақ қылмыстылықты тек қана жазаның көмегімен тоқтатудың мүмкін еместігі белгілі болған. Бас-көз жоқ жазалай беруден гөрі қылмысты ескерту деген ұғым пайда болды. Қылмысты ескерту туралы идея көптеген ғасырлар бұрын ұсынылған. Мәселен, Платон заң шығарушыны қылмыскер болуға бет түзеген адамды қылмыстан жеритіндей жағдайға жеткізетін Заң шығаруға шақырды. Аристотель қылмысты ескерту - бұл бұзылғанойға қайшы келетін әдеттер мен талғамға қарсы күрес деп жорыды.
ХҮІІІ ғасырда Ш.Л. Монтескье өзінің Заңдар рухы туралы трактатында жақсы заң шығарушы қылмыс үшін жаза. Одан гөрі қылмысты ескертуді, жазалаудан гөрі адамгершілікті нығайтуға көңіл бөледі деп жазған. Осы ережені Ч. Беекариа Қылмыс және жаза туралы кеңейтіп және нақтылай түскен. Осы шығармаларға түсіндірме бере келсе, Вольтер, қылмысты ескерту нағыз юриспруденция деген тұжырым айтқан.
Өкінішке орай, 20- жылдардың бас кезінде елімізде бастау алған қылмыстылықты жалпы әлеуметтік ескерту мен қылмыстың криминологиялық алдын алуына бағытталған үрдіс тоқырап қалды. 30-жылдардан бастап болмай қалмайтындығы негізгі, негізгі болмаса да қылмысты ескертде басты мақсат болсын деген қағида үстем болды. Сөйтіп, қылмысты ескерту мемлекеттің саясаты мен практикасының бір бөлігі болып қала берді. 60-жылдарда қылмысты ескерту онымен күрестің басты бағыты ретінде қарастырылды.
Қылмыстылық онымен күресте бүкіл қоғамның күшін талап ететін құбылыс болса, ал қылмысты ескерту - осы күрес нысандарының бірі. Осыған байланысты теория қылмысты ескертуді ең алдымен адамның қоғаммен, адам арасындағы шиеленісті кикілжіңді болдырмас үшін экономикалық, әлеуметтік қатынастармен байланыстырады. 1962 жылы жарық көрген Деятельность органов расследования, прокуратуры и суда по предупреждению преступлений (Г.М. Миньковский, Т.М. Арзуманян, В. К. Звирбуль, И. Кацук, В. И. Шинд) деген кітап, шын мәнінде құқық қорғау органдарының алдын алу жұмыстарының мазмұны мен әдістерін ашатын бірінші оқу-әдістемелік құрал болып табылады. Криминология деген бірінші оқулықта (1966ж.) қылмыстылықты ескерту мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қылмысты жоюға және оларды тудыратын себептерді болдырмауға бағытталған шара деп түсінік берілген болатын.
70-80 жылдары қылмыстылықты ескерту мәселелері монографиялық басылымдар арқылы сипатталды. 1977 жылы Қылмыстылықты ескертудің теориялық негіздері деген монография басылып шықты. 1985 жылы Советская криминология деген курс шығып, онда Қылмыстылықты ескерту деген бөлек тарау берілді. Қылмыстылықты ескерту теориясы елеулі түрде кеңейіп келеді, оның құрамдас бөлігіне криминологиялық болжау мен жоспарлау айналып отыр. Ескерту қызметі қылмыстылық себептерін жою мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің бір амалы ретінде қарастырылады. Ол экономикалық - әлеуметтік, тәрбие - педагогикалық, ұйымдастыру және құқықтық сипаттағы шаралармен байланыстыра жүргізіледі.
Қылмыстылықты ескерту теориясы жалпы және ерекше деп аталатын екі бөлімге бөлінеді. Жалпы бөлімге қылмыстылықты ескерту нәрсесі мен ұғымы, оның субьектісі, жүйесі, міндеттерді шешуге байланысты шаралардың ерекшеоіктері, осы қызметті ұйымдастыру мен басқару, жүйенің даму болжамы, қылмыстың алдын алуды жоспарлау мен үйлестіру және басқалары кіреді.
Ерекше бөлімге қылмыстың жекелеген түрлері мен нысандарын ескерту ерекшеліктерінің криминологиялық сипаттамасы жатады. Ескерту қызмет пен оны бақылаудың нәтижелік деңгейі - өткендегі барлық жүргізілген криминологиялық зерттеулердің тиімділігіне берілетін баға. Криминология теориясында зерттеудің үш аспектісін ерекше көрсетуге болады. Біріншісі - зерттеудің үйлестірушісі немесе тапсырыс берушісі рөлін атқаратын криминологиядағы қылмыстық мәселелері мен қоғамға жат мінез құлықтардың өзге де нысандарын пәнаралық зерттеу. Екіншісі - әсіресе, алдын алу шараларын, мәліметтер мен сараптық бағаларды басқа ғылымдардан алып пайдалану. Үшіншісі - өзінің криминологиялық зерттеуі мен қылмысты ескертуі.
Қылмыстылықты ескерту бір - бірімен иерархиялық байланыстағы міндеттерден тұрады. Оның біріншісі - тұтастай алғанда қылмыстылық динамикасына, құрылымына, себептеріне алдын алушылық әсер ету(әлеуметтік алдын алу). Екіншісі - қылмыстық мінез - құлық түрлері мен нысандарын ескерту, қоғамдық өмірдің белгілі бір салсындағы қылмыстарды ескерту, жекелеген әлеуметтік топтар мен басқалардың қылмыстарын ескерту(криминологиялық алдын лау). Үшінші міндет жеке адамдардың қылмыс жасауын ескертуден тұрады (жеке криминологияық алдын алу).
Жоғарыда атап өтілгендей, криминология тек қана қылмыстық заңментыйым салынған іс-әрекеттерді алдын алу әсерімен шетейтін мәселелерді ғана қарастырады. Аталған өлшемер қылмыстың түрлі нысандары мен түрлерін ескертудің және жеке алдын алудың арнаулы шараларын жасауда криминологиялық зерттеулердің шектерін анықтайды (И. И. Крапец). А.Н. Кудрявцев, Г.М. Миньковский және А.Б. Сахаров қылмыстылықты ескерту міндеттерін шешуге байланысты олардың қоғамдық қатынастары мен заңдылықьарының қызметін анықтайотырып, қоғамдағы криминогендік процестердің қалыптасуы мен әрекет етуінің жолын кесу қызметін жүйе ретінде және осы қалыптасу мен тұлғалардың қалыптасу байланыстарын, тұлға мен қылмыс жасауарасындағы байланыстарды сипаттады. Заңдылықтардың мұндай танымы қылмыстылықты ескерту теориясы нәрсесінің дәні болып табылады. Алдын алу әсерінің шаралары шешілетін міндеттерінің сипатына қарай жалпы, арнайы және жеке болып бөлінеді.
Көрсетілетін нұсқауларға байланысты соңғы кездерде қоғамға жат құбылыстар, соның ішінде, қылмыс мәселелеріне ғылыми-практикалық көңіл аударушылық өсуі заңды да. Алдын алу әлеуметтік қызметтің ерекше түрі екендігіне қарамастан оның тамыры тереңге жайылған, криминологияның көптеген теориялық мәселелері мен оның бірқатар негізгі ұғымына жүйелі енген тұжырымды көзқарастар әлі де дәл айтылып, шешіле қойған жоқ. Шын мәнінде, міне ширек ғасырдан аса мерзімді баспасөздер мен арнайы құқықтық әдебиеттерде ескерту, алдын алу, болдырмау, жолын кесу, сақтандыру деген термин сөздер құқық бұзушылыққа, қылмысқа және басқа да қоғамға жатқұбылыстарға байланысты қолданылып келеді. Оларды құқық қорғау органдарының практикалық қызметкерлері, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстылықпен күрес жүргізу міндеттерін атқаратындар қолданады. Кейбір ведомстволардың оқу орындары жүйесінде көп уақыт бойы Қылмыстың алдын алу деген бөлек оқу пәні жүргізілсе, ІІМ органдары жүйесінде алдын алу қызметі жұмыс істейді.[3, 68-70бб.]
Былай қарағанда, қылмыстың алдын алудың жалпы ұғымына терең талдау мен анықтама берудің қажеті жоқ сияқты. Бұл үстіртін қарағанда ғана, оған басқаша қарайтын болсақ,осы ұғымды тереңдете зерттеуден бас тарту асығыстық болар еді және ол белгілі бір зардаптарға әкеп соқтырар еді. Осы жөнінде А.И. Марцев ... бұл мәселе тегін емес, оның теориялық негіздемесі (сөз қылмыстың алдын алу анықтамасы туралы болып отыр - автордың ескертуі М.И.) қылмыстылықпен күрес жүргізетін мемлекетік органдардың алдын алу қызметі үшін мәнді маңызы бар деп дұрыс атап өткен.[4, 37б.]
Соңғы жылдардағы криминологиялық әдебиеттерде осы туралы ой - пікірлер аз болған жоқ, сөйтсе де оның бәрі әлі де осы ұғымға тұрақты, жалпыға танымды анықтама бере алмады. Срнымен бірге осы жөніндегі жұмыстарда пікірталастар әлі күнге дейін толастамай келеді. Яғни, бұл мәселе шынында да онша куантарлық емес, оның екіұшты шешімі жөнін таппаса, құқық қорғау органдары қызметіне , тіпті, мемлекеттің өзіне белгілі бір дәрежеде зиянын тигізуі мүмкін. Өкінішке орай, осы терминнің өзінде бірыңғай анықтама жоқ, нәтижесінде алға қойылған сұраққа әрқилы емес, тіпті қарама-қайшы жауаптар беріліп те қалады.
КСРО - да қылмысты ескерту мәселесі бойынша жарық көрген еңбектердің бірі - киевтік и.А. Гольфанд пен П.П. Михайленконың Предупреждение преступности - основа борьбы за искоренение преступности деген 1964 жылы бірлесіп шығарған монографиясы. Онда авторлар мәселені терминологиядан бастап ескерту, алдын алу, болдырмау, жолын кесу бұл терминдердің мазмұны бір, бұл жағдайда олар белгілі бір адамның қоғамға зиян келтіретін әрекетін алдымен ескертуді, содан кейін оны болдармаудың мазмұнын білдіретін синоним сөздер болып табылады.[5, 12-13б.]
Басқа авторлар бұл терминдерге әр түрлі мағына береді. Әсіресе, А.Г. Лекарь мен А.Ф. Зелинский болдырмау мен алдын алу сөздерінің арасына айырмашылық қойып, болдырмау нақты бір қылмысқа бөгет жасау десе, ал алдын алу дегенді қылмыстың жасалу себептері мен шарттарын жою деп түсіндіріледі. Олардың пікірінше, сонымен бірге алдын алуға қылмыстылықтың себептері мен шарттардың ашу мен жою процесіне, ал ескертуді ойластырылғанжәне дайындалған қылмыстарға жол бермеуге жатқызады.[6, 4б.]
Г.А. Аванесов көрсетілген бұл терминдердің вһайырмашылығынан жақындығы басым, шын мәнінде бұл қылмыстың алдын алуға екі ұшты мағына беретін бір-бірімен байланысты ұғымдеп атап өтеді. Кең мағынада алдын алу деген сөз бұл нақты бір қылмыстың жасалуына жол бермеу, жекелеген қоғам мүшелерін құқық бұзушылықтан, кінәлілерді құқыққа қайшы қылмысқа итермелейтін әрекеттерден сақтандыру, басқаша айтқанда, бұл құқық нормаларын, әсіресе, қылмыстық құқықнормаларын бұзушылыққа жол бермейтін қызмет. Бұл орайда, алдын алу мазмұны құқық қорғау қызметімен орайласады. Тар мағынада алдын алу сөзін, біріншіден, қылмыстың себептерін, шарттары мен мән - жайларын ашу жөніндегі, екіншіден, қылмыс жасауы мүмкін адамдарды әшкерелеу және олармен қажетті ескерту шараларын жүргізетін қызмет деп түсінуге болады. Бір сөзбен айтқанда, осы автордың ойынша бұл екі ұғым құқықбұзушылықтың алдын алу деген бір ғана мағынаны береді.[7, 339б.]
Алайда, Г.А. Аванесовтың ойынша, осы ұғымды жеке қылмысты ескертудеңгейінде қарастыруда өз ерекшеліктері бар. Әсіресе, жеке қылмысты ескертуге алдын алу, болдырмау және жолын кесу деп санайды, ол бұл жерде алдын алу - қылмыстың болу мүмкіндігін жою, болдырмау - дайындалып жатқан қылмысқа назар аудару, ал жолын кесу - қастандық әрекеттің өршіп қылмысқа айналуына жол бермеу. [8, 340б.]
Осыдан түсінгенім, ескерту , алдын алу және болдырма терминдерін жалпысаяси, заңгерлік және филологиялық әдебиеттерде бір мағынанаға ие болғандықтан сан тарауғатартудың реті жоқ сияқты. Заңнамаларда да осы терминдердің айырмашылықтарынбайқай алмаймыз. Бірақ осы үш термин сөздердің арасынан ескерту орнықты орын алды деп санаймын.
Әрине, қарастырылып отырған терминдер арасына сондай ерекше айырмашылық қоюға болмайды, бірақ олардың өзіндік түрлі таңбалары болуы деген Е. И. Қайыржановтың айтқанын да қарастыруға болады. [9, 340 - б.] . Дегенмен, әлеуметтік қызметтің осы түрі көп аспектілі болғандықтан, оның мақсаты уақытпен нақтыланады деген Г.А. Аванесовтың пікірімен келісуге болады.
Алдын алу терминін адамдардың әл ауқатын жақсартуға немесе мәдениеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу мен оларды жетілдіру жөніндегі жалпы мемлекеттік шараларға, яғни, қылмыстылыққа әсер ететін және онымен күреске жұмылдыратын шараларға үйлестіре пайдаланаған дұрыс;
Ескерту терминін қылмыстылықпен күреске бағытталған бағдарламаларда, тұжырымдамаларда, жұмыс жоспарларында қарастырылған қызметтерге үйлестіре пайдаланған дұрыс;
Болдырмау термині ойластырылып жатқан, дайындалып жатқан қылмысқа алаңдаушылықты немесе қылмыстың дайындық сатысында бөгет жасауды білдіреді, мысалы есірткі шикізаты болып саналатын өсімдіктердің тұқымын себу;
Жолын кесу термині істі насырға шаптырмас мақсатында қылмыс жасауға бетбұрыс сатысына араласуды білдіреді;
Сақтандыру термині қылмысты ескертудің виктимологиялық шараларына қолданылады.[10, 340 - б.]
Сонымен бірге, менің ойымша, жолын кесу терминін ескерту, болдырмау, алдын алу терминдерінен айыра білген дұрыс. Н. Г. Кобец жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесін қарастыра отырып, Құқық бұзушылықты ескерту, жолын кесу ұғымдары бір біріне жақын, бірақ құқықбұзушылықты ескерту, яғни, оның пайда болуына жол бермеуді, ал жолын кесу, яғни, оны үзу, болғалы жатқан немесе басталған қылмысты соңына жеткізбес, толығымен жүзеге асырмас үшін шара қолдануды білдіреді[116 38 - б.] деп орынды көрсете білген.
Ішкі істер органдарының қылмыстың алдын алу және ескерту қызметі ұғымдарының арасындағы байланысты қозғай отырып А. В. Крючков былай дейді: Аталған қызметтердің бірінші түрі адамның қылмыстық жолға түсуіне обьективті негіз болғанда ғана жүзеге асырылады. Қызметтің осы түріқылмыстың алдын алу терминіне сәйкес ұғымды білдіреді. Қылмыс жасауға әрекет сатысындағы және аяқталған қылмыстағы әс-қимылды қылмыстың жолын кесу деген терминмен атау қабылданған.[12, 12 - б.]
Қылмыстылықты ескерту саласын денсаулық сақтаумен салыстыру орынды деп санаймын. Қылмыс - онымен күресу үшін дені сау адамға алдын алу шараларын қолдануды қажет ететін әр түрлі әлеуметтік топтарға тән ілеуметтік дерт сияқты. Осы дертке бейңм адамдарға немесе шалдыққан адамдарға, жедел көмек соның ішінде хирургиялық көмек көрсетпесе болмайды. Алдымен күні бұрын осы терминге байланысты өзіңнің көзқарасыңды біліп алған сон қылмысты ескерту немесе осыған ұқсас алдын алу ұғымдарының анықтамасына көшуге болады.
КСРО - дағы алғашқы Криминология (1966) оқулығының авторлары құқықтық әдебиеттерде қылмыстылықты ескерту ұғымының: белгілі бір құқық бұзушыны түзеп және бір мезгілде екінші бір азаматқа әсер ету; қылмыстылықтың тамырына балта шабу мен оны тудыратын себептерді болдырмау мақсатында мемлекеттік органдар мен қоғамның нақты қылмыстарды болдырмаудың кешенді шараларына енетін арнайы шаралар жиынтығы деген анықтаманы кездестіруге болады. Мұндай анықтама криминологиядағы шаралар кешеніне де мықтап енген.[13, 111 - б.] Шындығына келгенде, 1976 жылғы оқулықтың авторлары қылмысты ескерту ұғымының анықтама бере отырып, былай деген: Қылмысты ескерту - қылмыстың себептері мен шарттарын жоюға немесе бейтараптандыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жиынтығы.[14, 111 - б.]
1979 жылғы Криминология оқулығынан қылмысты ескертудің қылмыстың себептері мен шарттарын жоятын немес оның әсерін баяулататын, сонысымен төмендетуді қамтамасыз ететін, алдағы уақытта жалпы қылмыстылықты түп-тамырымен жоюға бағытаған мемлекеттік және қоғамдық шаралардың жүйесі деген анықтаманы табуға болады.[15, 203,124 - б.] в.Н. Кудрявцев, Г. М. Миньковский, А. Б. Сахаров бұл қызметтің түрін қоғамдағы криминалдық үрдістердің қалыптасуы мен әрекет етуінің жолын кесу жүйесі; тұлғалар мен қылмыстың жасалу жағдайларының арасындағы байланыстар деген сипаттама берді.
Ең соңында Советтік криминология курсы (1986ж.) авторлары Қылмысты ескерту... - кең мағыналы жинақтаушы ұғым. Оған мыналар жатады:
А) қылмыстылықпен күрес ісіндегі экономикалық, әоеуметтік, идеологиялықі мәдени-тірбин тіртібіндегі, құқықтық заң шығару түріндегі көндіру мен мәжбүрлеуді біріктіретін жалпы мемлекеттік шара;
Б) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, әсіресе, ІІМ, прокуратура, әділет, сот органдарының қылмыс жасаудың себептері мен шарттарын әшкерелеу және оларды жою, ашу, тергеу, қылмыскерлерді жазаға тарту, оларды түзеу, бостандығынан айыру орындарынан босап келгендерді қадағалау, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру жазасынсыз сот үкімінен сотталған адамдард немесе қоғамға моральға жат өмір салтын ұстанатын адамдарды тәрбиелеу жолындағы қызмет;
В) нақты жағдайларда жүзеге асыру[16, 22-23 б.]
Сөйтіп, қылмысты ескерту - бұл қылмысты болдырмау шараларын ойластыратын және жүзеге асыратын әлеуметтік қызметтің бір саласы.
Менің ойлағанымдай, қылмысты ескерту мен ескерту шаралары деген ұғымдардың арасындағы тығыз байланысты теріске шығаруға болмайды. Бұл жерде біріншіде жалпы ұғым білінетін болса, екіншісінің анықтамасында оның қылмысты ескертудегі нақты рөлі ерекшелене көрсетіледі. Сондықтан олардың арасына абсолюттік теңдік белгісін қоюға бола ма екен. Қылмысты ескерту қылмысты тудыратын себептер мен шарттарға тиісті мәнде әсер етеді деп ұйғарылады. Сонымен, қылмысты ескерту қылмысқа оның ебептері мен шарттарына, соның ішінде қоғамға жат тұлғаларды қалыптастырушы себептерге әсер ету жөніндегі белгілі бір әлеуметтік субьектілердің қызметі ретінде қажетті құралсыз немесе әсер ету шараларынсыз дәрменсіз болып саналады. Алдын алу шаралары мазмұны жағынан көп әрі әр түрлі.
Алдын алу ұғымының жалпы анықтамасы қылмыстың түрлі санатына (түрлеріне) қолданылғанда алдын алу субьектілерінің ерекшеліктерін жіне әсер ету шаралары мен құралдарын ескере отырып әрбір жекелеген жағдайларда нақтлықты талап етеді.
Өз мәнінде қылмыстлықты ескерту тұжырымдамасы қылмыстық-құқықтық тыйым салшылықтың бұзылуына жол бермейтін, осы қоғамға жат құбылыстарды тудыратын себептер мен шарттарды жоюға ұмтылатын мемлекеттік және қоғамдық қызметтердің негізге алынатын бастауы ретінде көрінетін қағидалардың жүйесі іспеттес. Қылмыстылыұты ескерту тұжырымдамасының орта буыннан демократизм, гумандылық, заңдылық, ғылыми негізділік, кешенді көзқарас пен теңдестіру алады.
Кешенді көзқарас пен теңдестіру өзара байланысты компоненттердің бірлігін көрсететін әлеуметтік құрылым ретіндегі ескерту жүйелерін қарастыру, зерттеу және жүзеге асыру әдістері болып табылады. Іс жүзінде кешенді көзқарас тек қылмыстылыққа ғана емес әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани және оған әсер ететін басқа да факторларға алдын алудың алуан түрлі нысандары, әдістері мен құралдарын пайдалануды талап етеді. Егер кешенді көзқарас назарын қылмыстылыққа сан қырлы әсер етудің бір жағына ғана аударса, ал теңдестіру алдын алу қызметінің немесе онымен қатысы бар факторлар мен үрдістердің жақындастық бірлігін айырып, әр түрлілігіне көңіл аударады. Теңдестіруге қылмыстылықтың түрлері, қоғамға жат құбылыстардың себептік кешенінің пайда болу көлемі мен нысандары, әлеуметтік өмір салалары негіздеме болуы мүмкін.
Қылмыстылықтың алдын алу қоғамның мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтік саласындағы ішкі құрылымдардың күрделілігімен және көп жоспарлылығымен сипатталады. Алдын алудың барлық анықтамаларында басты назар оның негізгі де маңызды белгілері - қылмысқа жол бермеуге, қылмыстылық мінез-құлықты ескертуге, тұлғаның қоғамға жат шеңберден шығып кетпеуіне салынады.
1.2 Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі мен жүйелілігі

Қылмыстлықтың алдын алу ұғымын зерттеу үшін ең алдымен жалпы қылмыстың не екенін біліп алу қажет.
Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.
Криминологияда және құқықтық статистикада -- әрқайсысы үшін қылмыстық жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы. Сонымен бірге қылмыс -- жекелеген қылмыстардын тек қана саны (немесе жиынтығы) ғана емес, бұл белгілі бір заңдылықтарды иеленген құбылыс.
Қылмыс жағдайы заңнамадағы өзгерістер немесе оны іс жүзінде қолдану салдарынан өзгеруі мүмкін. Тіпті заң аясында сот тәжірибесінің ауытқуы да қылмыс статистикасын өзгерте алады. Сол немесе басқа әрекет үшін немесе қылмыстық әрекетті жоятын қылмыстық жауапкершілікті тағайындайтын қылмыстық заңды қабылдау, ол да қылмыс жағдайының әрдайым өзгеріп отыруына әсер етеді.
Қылмыстың құрылымы мен сипатының өзгеруі түрліше әлеуметтік жағдайларға, құбылыстар мен үдерістерге, мысалы, тұрғындардың көші-қон және жас құрамына; аймақтың немесе басқа аумақтың экономикалық жағдайына; қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер және т.б.; қылмыс заңнамасының өзгеруіне, қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс сапасына және басқа факторларға тәуелді болады.
Қылмыстарды саралап, зерттеу үшін оларды бірнеше топтарға бөліп қарасытыру қажет. Сондықтан, алдымен қылмыстың түрлеріне тоқтала кету жөн болар.
Қылмыстар түрлеріне қарай:
Айыптылық түріне қарай:
қасақана жасалған;
абайсызда жасалған;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделген іс-әрекеттің сипатына және қоғамдық қауіптілік деңгейіне қарай жеңіл қылмыстарға (2 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет), ауырлығы орташа қылмыстарға (2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет), ауыр қылмыстарға (5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет) және ерекше ауыр қылмыстарға (10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру немесе неғұрлым қатаң жаза қолданылатын қасақана іс-әрекет) бөлінеді.
Нысанына қарай:
жеке адамға қарсы қылмыс,
отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс,
адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс,
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс,
мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыс,
меншікке қарсы қылмыс,
экономикалық қызмет саласындағы қылмыс,
коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс,
қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс,
адамның денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс,
экологиялық қылмыс,
көліктегі қылмыс,
мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс,
басқару тәртібіне қарсы қылмыс,
сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыс,
әскери қылмыс.

Қылмысы үшін айыпты адам лауазым иесі болса, ал ол жасаған қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік) оның қызмет жағдайымен байланысты болса, оны лауазымдық қылмыстар дейді. Олар: лауазымдық өкілетті теріс пайдаланушылық, лауазымдық өкілетті асыра пайдаланушылық, пара беру, пара алу, қызмет бабын пайдаланып жалған құжат жасау, салдыр-салақтық, т.б.
Халықаралық қылмыстар
Адамзат өркениеті үшін ерекше қауіпті түрде халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын бұзушылық халықаралық қылмыстарға жатады. Халықаралық шарттарда көзделген, бірақ халықаралық қылмыстарға жатпайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет халықаралық сипаттағы қылмыстар деп аталады. Халықаралық қылмыстардан өзгеше түрде мұнда қылмыс үшін мемлекет емес, жеке адам ұлттық құқық бойынша жауапқа тартылады.
Халықаралық қатынастардың тұрақтылығына қарсы қылмыстар (халықаралық лаңкестік, адамдарды кепілге ұстау, әуе көлігіндегі қылмыстар, ядролық материалдарды ұрлау, есірткілерді заңсыз айналысқа түсіру, шетелге рұқсатсыз кету, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
Қарудың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстармен күресудің теориялық проблемаларын анықтау және ІІО қызыметкерлерімен тәжірбиеде күресу тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Бағалы қағаздарға байланысты қылмыстылықтың негізгі себептері
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы, онымен күресудің шаралары
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Абайсызда жасалатын қылмыстардың ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Қасақана зиян келтірудің себептері
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар
Пәндер