Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Аринова А. У.

Х. Досмұхамедұлының саяси-құқықтық көзқарасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011400 - «Тарих» мамандығы

Қарағанды 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

т. ғ. к., доцент Қ. С. Өскембаев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Х. Досмұхамедұлының саяси-құқықтық көзқарасы»

5В011400 - «Тарих» мамандығы

Орындаған: А. У. Аринова

Ғылыми жетекші,

оқытушы Ж. К. Абдукаримова

Қарағанды 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 6

1 Халел Досмұхамедұлының туып - өскен ортасы, азаматтық көзқарасықалыптасуы және еңбек жолының алғашқы кезеңі

( 1883-1917ж. ж ) . . . … . . . 10

1. 1 Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы . . . 12

1. 2 Халел Досмұхамедұлы - Алаш қозғалысының

көрнекті қайраткері . . . 25

1. 3 Халел Досмұхамедұлы - Батыс Алашорда басшыларының бірі

2 Халел Досмұхамедұлы - Ағартушы - Ғалым, мемлекет

қайраткері . . . 47

2. 1 Халел Досмұхамедұлының Қазақ педагогикалық

иститутындағы ұстаздық және Түркістандағы дәрігерлік қызметі . . . 52

2. 2 Халел Досмұхамедұлы қоғамдық - ағартушылық және мемлекеттік қызметте . . . 57

2. 3 Халел Досмұхамедұлы саяси қуғын - сүргін құрбаны . . . 59

Қорытынды . . . 61

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 64

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс ХХ ғасырдың басындағы ұлтазаттық қозғалыстың бастауларында тұрған, қазақтың біртуар азаматы Халел Досмұхамедұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге арналған. Зерттеу жұмысында Х. Досмұхамедұлының саяси құқықтық көзқарасы қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамы ұлтазаттық күрестің жаңа кезеңінде тұрды. Ресейлiк әскери-монархиялық басқару жүйесi, қазақ жерiнiң орыс мемлекетiнiң меншiгi етiп жариялануы, осыған орай iшкi Ресейден қоныс аударушылар легiнiң күрт өсуi, қазақ бұқарасынының зорлықпен егiншiлiкке жарамды жерден ығыстырылуы, дәстүрлi қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көрiнiстерi едi. Сол кездегi қазақ қоғамы дамуының күн тәртiбiнде қазақ халқының ұлт ретiнде жоғалуы, не өзiн-өзi сақтауы үшiн күреске шығу мәселесi тұрды. Ұлттың азаттығын сақтау жолында қазақтың ат төбеліндей аз ғана оқыған, халқының қамы үшін өз басын құрбан еткен күрескер ұлдары аянбай еңбек етті.

ХХ ғасырдың басында өлкеде демократиялық ойлардың бастау алуы, ұлттық сана сезімнің қалыптасуы саяси аренада көптеген көрнекті тұлғалардың шығуына әкелді. Ұлтазаттық қозғалыс идеяларын насихаттай отырып, олар саяи күресте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді. Кеңестік билік орнаған күнінен бастап теңдік мен ұлттардың өзін-өзі басқару құқығын беру туралы жариялағанымен, іс жүзінде жеке дара басқаруды көздеді. Қазақ зиялыларының 1917 жылы қазақ жерінде құрған ұлттық автономиялары кеңес үкіметі тарапынан қолдау таппай, құлатылған кезеңде де Алаш зиялылары қазақ халқының азаттығы жолында күресін тоқтатпады. Ұлттық мемлекет құру жолында күрес жүргізген Алаш зиялыларының бірі, саяси күрескер, публицист, ғалым ­ Халел Досмұхамедұлы.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Большевиктік ұрандар мен социалистік идеяны қабылдамаған, азамат соғысы жылдары кеңес билігіне қарсы тұрған Алаш зиялыларының өмірін, қоғамдық-саяси қызметін, жалпы Алаш партиясының тарихын зерттеуге кеңестік дәуірде мемлекеттік деңгейде тыйым салынды. Бұл 1930 жылдардан 1980- жылдардың соңына дейін сақталды. Сталиндік қуғын-сүргін жылдары қазақ зиялыларының «халық жауы» деген жаламен сотталып, тіпті сотсыз атылғаны тарихта мәлім. Сондықтан Алаш зиялылары туралы, қатарында Халел Досмұхамедұлы болған жетекші қайраткерлері туралы жазуға, зерттеуге болмады, олар туралы шындық айтылмады. Халел Досмұхамедұлы 1958 жылы толық ақталғанынан қарамастан, бұл жағдай ұзақ уақыт бойы сақталып келді, тек тәуелсіздік алған жылдардан бастап көптеген арнайы зерттеулер жарық көрді. Қайта құру кезеңінде қайраткер туралы алғашқы жазылған, 1984 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген «Алғашқы қазақ дәрігерлері» (құрастырушылары -

А. Әлжанов, Ә. Шөкин, Ә. Досаханов) атты шағын кітапша жарыққа шықты. Алайда дәрігер Халел Досмұхамедұлы туралы аз - кем дерек берілгені үшін бұл еңбек дүкендерден жиналып алынған болатын. Қоғамдағы саяси қыспақ аз да болса бәсеңдегенімен, Халел Досмұхамедов сияқты қазақ зиялыларының еңбектері сонда да жарыққа шықпай, 1980 жылдардың аяғына дейін кітапханалардың арнайы қорында (спецфонд) құлып астында ұсталды. Тіпті қайраткердің туғанына 100 жыл толған мерейтойлық кезеңде де ол туралы жазу мүмкіндігі болмады. Әрине, Қазақстан тәуелсіздік алып, өз алдына ел болғаннан кейін Х. Досмұхамедовтің туған жерінде ескерткіш қойылып, Атырау университетіне, Алматы мен Атырау қалаларындағы көшелерге есімі берілді.

1991-1992 жж. Халел Досмұхамедовтың кезінде өзі дайындап, басып шығарған «Исатай-Махамбет», «Аламан» атты жинақтары қайтадан басылып шықты. 1993 жылы Алматыда, 1994 жылы Атырау қаласында Халел Досмұхамедұлының туғанына 110 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. Бұл шаралардың барлығы Халел Досмұхамедұлының ғылыми мұрасын зерттеуге, дәріптеуге арналған алғашқы маңызды шаралар болды.

Көрнекті ғалым туралы алғашқы ғұмырнамалық дерек 1996 жылы жарыққа шықты, авторлары К. Нүрпейісов, М. Құлкенов, Б. Хабижанов, А. Мектепов [1] . Бұл еңбектің құндылығы сонда, зерттеушілер Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағатынан, Досмұхамедовтар әулетінің жеке мұрағатынан, Қазақстан Республикасы Медицина және денсаулық сақтау тарихы мұрағатынан, Санкт-Петербург, Мәскеу, Ташкен қалаларындағы мұрағат қорларынан деректер алып, Халел Досмұхамедұлының өмірі мен қызметі, ғылыми мұрасы туралы деректерді ғылыми айналымға енгізген.

Қайраткердің ғылыми мұрасын халықпен таныстырудағы келесі бір маңызды қадам 1998 жылы Ғ. Әнестің құрастыруымен «Ана тілі» баспасынан Халел Досмұхамедұлының таңдамалы кітабының басылып шығуы болды. [2] . Кейіннен таңдамалы шығармаларының орыс тіліндегі нұсқасы да жарық көрді [3] .

Қазіргі уақытта саяси қуғын-сүргін мәселелеріне және жалпы туған өлкенің тарихына әлеуметтік қызығушылық артты, сондықтан осы тақырып саласындағы ғылыми зерттеулер жанданды. Сондай-ақ, бірнеше онжылдықтар бойы барлық кеңестік қоғамды қудалаған осы саяси репрессияның себептері мен ерекшеліктерін анықтау маңызды. Көптеген бұрынғы ГУЛАГ тұтқындары, атылған және лагерлерде болған зиялылардың балалары мен немерелері әлі күнге дейін барлық шындықты біле алмайды. Тарихи дәуірдің халық үшін белгілі бір ауыр кезеңінде, тарих сахнасына ұлт болашағы үшін аз ғана күрескерлер тобы шығады. Олар өздеріне халық бұқарасын тартып, соңынан ілестіріп, күрес жолына түседі. Бұл оларды біріктіруге, күресуге, жасауға, құруға мәжбүрлейді. Тарихымызда мұндай мысалдар көп. Бұл адамдарға Алаш партиясының көшбасшыларын да жатқызуға болады. Интеллигенцияның рөлі барлық уақытта өте маңызды болды, ол XX ғасырдың басында өте маңызды болды. Бұл мәселені қазақстандық тарихшылар белсенді зерттеді; ол К. Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» [4], М. Қойгелдиев [5], Аманжолова Д. А . «Казахский автономизм и Россия: история движения Алаш», «Партия Алаш : История и историография [6-7], М. Құл-Мұхаммедтің [8], Л. Д. Кудеринаның [9], Ж. Тілепов [10], С. Өзбекұлы [11], С. Аққұлұлы [12], А. Ісмақованың [13], Т. Омарбековтың [14] және т. б. ғылыми еңбектерінде жарық көрді.

Сонымен қатар, Н. Мартыновтың құрастыруымен жарыққа шыққан құжаттар жинағы [15], Алаш қозғалысы тарихына арналған құжаттар жинағы [16], Алашорданың батыс бөлімінің тарихына арналған жинақтарда [17-18] Халел Досмұхамедұлының қоғамдық-саяси, ғылыми қызметіне қатысты мәліметтер кездеседі.

Халел Досмұхамедов-ХХ ғасырдың басындағы демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының жарқын өкілдерінің бірі. Ол белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ұлы ғалым, педагог-ағартушы, Қазақстан мен Түркістандағы Білім және ғылым, денсаулық сақтау саласындағы дарынды ұйымдастырушы болды. Латын, араб, парсы, түрік, орыс, неміс және француз тілдерін меңгерген, осы тілдерде еркін оқып, сөйлей және жаза білетін. Өзінің жан-жақты, әмбебап білімдерінің арқасында Халел Досмұхамедов биология, зоология, медицина саласына да үлкен үлес қосты. Халел Досмұхамедовтың түрлі ғылым салаларындағы еңбектері кандидаттық диссертациялардың зерттеу тақырыптарына арқау болды. Мысалы, Батыс аймақтағы ұлттық интеллигенция мәселелерін зерттеген Д. Сүлейменованың [19], Т. ғ. к. Р. С. Абдрахманованың «Батыс Қазақстанның халық білім беру ісінің қалыптасуы мен даму тарихы (1841-1945 жж. ) » [20], еңбегінде онда білім беру ортасындағы қуғын-сүргін мәселелері қаралды. Жаханша Досмұхамедовтың қызметіне арналған Р. С. Мажитова; М. Н. Сдыковтың «Қазақстанның саяси өміріндегі Бақытжан Қаратаевтың рөлі мен маңызы» еңбегінде «Ғылым және мәдениет саласындағы саяси науқандардың мәселесі» Г. Б. Сүлейменовамен «Қазақстанның мәдени өмірі: тәжірибесі мен мәселелері (1945-1985 жж. ) » диссертациялық жұмысында Х. Досмұхамедовтың қызметі де қарастырылады. Алаш Орда Батыс бөлімшесінің көшбасшылары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жаханша және Халел Досмұхамедов болды.

Қазақ облысының автономиясын құру, жер көлемiн анықтау, халыққа бiлiм беру, рухани-дiни мәселелер, сот, әйелдер мәселесi, құрылтай жиналысын шақыру және оған дайындық жайы, қазақ саяси партиясын құру, Жетiсу облысындағы оқиғалар, Киевтегi бүкiлресейлiк федеративтiк кеңеске және Петроградтағы халыққа бiлiм беру жөнiндегi комиссияның жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер қаралды.

Делегаттар ұлттық автономия мәселесiне, жер мәселесi шешiлуiне, құрылтай жиналысына әзiрлiкке және саяси партия құруға баса назар аударды. Олардың «қазақ халқы өзiнiң еншiлi жерiне орнығып болғанша қазақ жерi ешкiмге берiлмесiн» деген. Осындай дұрыс ой-пiкiр күнi бүгiнгi дейiн күшiн жойған жоқ. Съез шын мәнiнде қазақтың ұлттық саяси партиясы Алаштың съезi болып айқындалды. Ал, 1917 жылдың 5-13 желтоқсанда өткен II жалпықазақ съезде Алаш автономиясын, Алашорда деп аталған үкiметiн құрды. Онда ешқандай ұлтқа бөлiнушiлiк болмағаны үкiметтiң құрамындағы 25 адамның 10-нын басқа ұлттардан құрылған жазған ұсыныс көрiнiп тұрды.

Алашорда жетекшiлерi күрделi кезде бiр жағынан елдi аман сақтап қалу үшiн «Уақытша халық кеңесi түрiнде» билiк құрды, екiншi жағынан кеңес үкiметiмен байланыс жасауға тырысты. Ленин, Сталиндермен келiссөздер жүргiздi.

Қазақ автономиясының мәдени мұқтажына Орталықтың көмегi, бүкiл қазақ құрылтайын шақыру, өлкеде азаматтың бiтiмге келу туралы уәделер болды. Кешiкпей үлкен елде азамат соғысы басталды: Алашорданың ұстанар бағытын айқындау қажет болды. Олар өлкеде әлеуметтiк-саяси негiзi жоқ, кеңес үкiметiнiң көптеген көзқарастарымен келiспедi. Олар ең алдымен таптық күрес, ел iшiнде саяси қырқыс емес, ұлттық мүдденi көздедi. Сондықтан кеңес үкiметi оларды буржуазияшыл-ұлтшылдар деп атады. Олар шын мағынасында қазақтың «ұлтшылдары» емес, ұлтжанды азаматтары едi.

Ұлт мүддесiн ойлайтын азаматтар әр кезде де, әр елден де табылыды. Саяси көзқарасы үшiн қуғындауды тоқтату мақсатында оларға кеңес үкiметi қысым жасамауға уәде берген едi. Көптеген Алаш партиясының азаматтары кеңес үкiметi кезеңiнде де саяси жағдайлар мүмкiндiк бергенше ұлт мүддесiне қарай жұмыс iстедi. Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте Ф. И. Голощекиннiң келуiмен республиканың қоғамдық-саяси өмiрi күрт өзгерiп кеттi. Республикада «кiшi қазан» төңкерiсiн өткiзуге идеологиялық негiз жасалды. Нәтижесiнде күшпен ұжымдастыру, куғын-сүргiн қазақ халқын зор қайғы қасiретке ұшыратты. 1928 жылы осы айыппен 44 адам - «буржуазиялық-ұлтшылдар» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов бар бұрыңғы Алашорда қайраткерлерi тұтқындалса, 1930 жылы М. Тынышбаев, Х. Досмұхамбетов бар тағы да 40-қа жуық адам түрмеге жабылды. 1937-1938 жылдары жылдары бұл үдерiс жаппай сипат алды. Қуғын-сүргiнге ендi тiптi большевиктерге мүлде қарсы болмаған Т. Рысқұлов, О. Исаев, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгiров, С. Асфендияров, т. б. қазақтың бетке ұстар азаматтары ұшырап, барлығы да ату жазасына кесiлдi. Осылайша ұлт үшiн құрбан болған қазақ перзенттерiнiң кiнәсiздiгi тек Сталин қаза болғаннан кейiн, iшiнара ақтала бастады. Алайда, бәрi бiр Алашорданың атын айтуға да болмайтын. «Алашорда» азаматтарының толықтай ақталуы тек 1986 жылдан кейiн ғана мүмкiн болды. Сөйтiп, қазақ халқы А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, М. Шоқай, Ж. Аймауытов, Жанша және Халел Досмұхамедов, Ш. Құдайбердиев, т. б. көптеген перзенттерiмен, оларды шығармаларымен қайта қауышты. Қойгелдиев М. Қ . Алаш қозғалысы еңбегінде көрініс алады. [5, 85 б. ]

Қорыта келе, кеңес және, атап айтқанда, қазақстандық тарихнамада Халел Досмұхамедов және XX ғ. басындағы қазақ автономиялық қозғалысының басқа басшыларының қызметі ұзақ уақыт бойы бір жақты теріс бағаланғаны белгілі. Алайда 1980-ші жылдарының соңынан бастап бұрын жабық мұрағат көздеріне қол жеткізу ашылды, тарихшылар мен публицистердің зерттеу қызметі жандандырылды. Нәтижесінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жаханша және Халел Досмұхамедовтар, Мұхамеджан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай және басқалар сияқты көрнекті өкілдерінің саяси өмірбаянына және тағдырына жаңа жарық түсіретін жұмыстар пайда болды.

Әдетте, жаңа материалдардың негізгі массивін қазақстандық авторлар шығарады, алайда Ресей мұрағаттарында шоғырланған бай және әр түрлі деректер олардың ғылыми айналымға әлі де жеткіліксіз. КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік тарихшылар жұмыс істейтін ақпараттық кеңістіктің үзілуі де сақталуда. Бұған қазақ тіліндегі жарияланымдардың өсіп келе жатқан санын пайдаланумен байланысты, бұрынғы Кеңес Одағы мамандарының орыс тілді көпшілігінің арасында жиі талап етілмеген қиындықтарды қосу қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты- ХХ ғасырдың басындағы көрнекті қоғам қайраткері Халел Досмұхамедұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін, саяси-құқықтық көзқарастарын зерттеу болып табылады. Мақсатқа сай келесідегі міндеттер алға қойылды:

- Х. Досмұхамедұлының өмірі мен қайраткер ретінде қалыптасуының, азаматтық көзқарасының қалыптасуы кезеңін қарастыру;

- Батыс Алашорда басшыларының бірі болған кезеңді сипаттау;

- Халел Досмұхамедұлының ағартушы - ғалым ретіндегі қызметін талдау;

- Халел Досмұхамедұлының қоғамдық-мемлекеттік қызметін саралау;

- Халел Досмұхамедұлы саяси қуғын -сүргінге ұшырау тарихын зерттеу.

Дипломдық жұмыстың деректік негізі. Жұмыстың негiзiне тәуелсіздігімізді алғаннан кейін жарық көрген Халел Досмұхамедұлының еңбектері, жеке зерттеулері және баспасөз материалдары алынды. Сонымен қатар, Алаш партиясының бағдарламасы, Алаш қозғалысына қатысты жарыққа шыққан құжаттар жинақтары, Х. Досмұхамедұлының "»Таңдамалы еңбектері», Алаш зиялылары туралы жазылған тарихшылардың еңбектері, Алашорданың Батыс бөлімшесі туралы мақалалар, арнайы зерттеулер негізге алынды.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін проблемалық, тарихилық, объективтілік, әлеуметтік жүйелеу, талдау, логикалық принциптер мен әдістердің қолданылуы шынайы ақиқатқа жетудің басты шарттары ретінде саналып, еңбекте кең қолданылды. Сонымен қатар, тақырыптың мазмұнын ашуда объективтік принцип басшылыққа алынды.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі тарау: екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Халел Досмұхамедұлының туып - өскен ортасы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы және еңбек жолының алғашқы жылдары

( 1883-1917 ж. ж )

Саяси күрескер, жалынды жаршы ­ публицист, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және белгілі бір мамандықтың, соны саланың бастау ­ көзінде тұрып, ізашар ( pionner ) болу ­ халқымыздың маңдайына біткен осы үркердей шоқжұлдыздардың несібесі. Осындай алып, нар тұлғалардың бірі әрі бірегейі ­ Халел Досмұхамедұлы .

Халел Досмұхамедұлы 1883 жылы сәуірдің соңғы күндері қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмында дүниеге келіп, 1938 жылдың 26 шілдесі күні Реседің Воронеж қаласында үй ішімен айдауда жүрген жерінде НКВД - ның тұтқынына алынады. Одан Мәскеуге, кейінірек Алматыға жеткізіліп, егер сол жылдары өз елін өзі қанқасап қырғынға ұшыратқан Ішкі істер органдарының мәліметтеріне сенсек, 1939 жылы 24 сәуірде " әскери трибуналдың үкімімен атуға бұйырылады", ал 19 тамызда "түрме ауруханасында өкпе туберкулезінен қайтыс болады "[7, 65б] Ия, сол жылдарда тоқтаусыз бас кесіп тұрған сталиндік гильотина ешкімнің ұлтын талғап, жасын таразылаған жоқ. Оның тойымсыз көмейі баршаны-алпыс жетпістегі ақсақалды да, (мәселен, Әлихан, Ахмет сынды арыстар), қырық - елудегі кемеңгерді де, жиырма - отыздағы қыршын боздақтарды да күн - түн демей жұтып жатты. Отбасын ойрандап, жұбайларын АЛЖИР- де телміртті, бала - шағасына " қара таңба " басты . . . Сол бір азалы жылдардың азабын сараптағанда, әрине, ең алдымен, жазықсыз жалаға душар болған шейттердің қасіретті қазасы тілге оралады, әйтсе де, ең бір өкініштісі, жаңадан тәй - тәй тұрып келе жатқан қазақ қауымы үшін, ұлттық асыл мүлде үшін, сорпа бетіне шығар жақсылар мен жайсаңдардың ел, жұрт қамы үшін істер тіршіліктерінің, асыл еңбектерінің шорт кесіліп, зая кеткендігі еді . . . Қаншама айтылмаған сөз, жазылмаған кітап, ашылмаған жаңалық . . . сол бейкүнә кеуделерде мәңгіге өшті десеңші ?! Ондай өкініш табы біз өзіміз сөз еткелі отырған Халел Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығын көктей шолғанда да көз алдында еріксіз көлбеңдейді[8, 76б]

Бар - жоғы 55 - 56 жыл ғұмыр кешкен Халекеңнің қысқа да мәнді тәржіме халін (өмірбаянын), біздіңше, төрт кезеңге бөліп қарастырған орынды:

  1. тұлғалану жылдары ( 1916 - шы дүрбелең жылдарға дейін ) ;
  2. ат үстінде өткен, күрес жылдары ( 1916-1920) ;
  3. ғылыми - шығармашылық қоғамдық - педагогикалық қызметінен айналысқан жылдары (1921 - 1928) ;
  4. қуғын - сүргінге ұшыраған азапты жылдары (1929-1939) ;

Халел - он балалы Досмұхамед отбасының жетінші болып көрген қызығы, ұлдан екіншісі еді. Кішкентайынан ауылдағы молдадан хат танып, одан соң жергілікті орыс - қазақ мектебіне оқуға түседі.

1894 жылы, он бір жасында Халел Орал қаласындағы әскери реальды училищенің дайындық класына қабылданып, онда орыс тілін тез меңгеруімен, зеректігімен танылады. 1902 жылы оны үздік бітіріп, тағы бір жыл дайындық класында оқып, 1903 жылы алыс астана - Петербордағы Императорлық Әскери - медициналық академияға латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түседі . . . Міне, осылайша құмда өскен алаш ұлының шыңға өрлеу баспалдағы басталады. Бұрын да, кейін де санаулы ғана қазақтың басына қонған бақыт - астана Петерборда оқу, ақ түнді қарсылай жүріп білім нәрін жинау Халел Досмұхамедұлы өміріндегі ең бір жарқын, сәулелі жылдар болатын.

Студент Халел академияда оқыған кез (1903-1909) - берісі Ресей, әрісі Еуропа тарихындағы аумалы - төкпелі, аласапырандағы уақыт екені белгілі.

Осы жылдары ол ел ішінде - Орал облысында үгіт жүргізеді, жергілікті "Фикр" ( "Пікір") , " Уральский листок " газеттері бетінде патшалықта болып жатқан саяси толқулар мәнін халыққа түсіндіреді [9, 76б]

1909 жылы академияны " үздік дәрежелі емші " атағымен бітіріп шыққан Х. Досмұхамедұлы офицер ретінде кесімді мерзімге әскери міндетін өтеуге жіберіледі.

Алдымен Пермь губерниясында, онан кейін 2 - Түркістан, 2 - Орал казак атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер міндетін атқарады. Осы жылдары Орал қалалық ауруханасында бір жылдық мамандандыру курсынан өтеді.

Ол осы кезден бастап «Орал», «Пікір», «Қазақ» газеттеріне мақалалар жазады. Мәселен, «Қазақ» газетіндегі «Жұқпалы аурулар» (1914) мақаласында «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дейтін қазақ мәтелін эпиграфқа алып түрлі аурулардан сақтандыру жолдары, әр дерттің өзіне тән белгілері, оларды емдеу әдістері, дәрі-дәрмекті қолдану туралы кеңес береді.

1912, 1913 және 1915 жылдары оба эпидемиясының ошақтарында болып, өз өміріне төнген қауіп - қатерге қарамастан, обамен күрес істеріне түрлі деңгейде тікелей араласады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халел Досмұхамедұлы – мұрат ақын шығармаларын жинаушы һәм зерттеуші
Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ
Халел Досмұхамедовтың еңбектері
Алғашқы жалпықазақ съездері және олардың саяси мазмұны.
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
Х. Досмұхамедовтың туған жері, өскен ортасы
Қазақ жеріне келімсектерді жіберуді тоқтатып, жерді қазақтарға қайтару
Ақпан төңкерісі
Халел Досмұхамедұлының дара жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz