Барлыбек Сыртановтың саяси және құқықтық көзқарастары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Ибрахимов А. Е.
Барлыбек Сырттановтың саяси-құқықтық көзқарасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В020300 - «Тарих» мамандығы
Қарағанды 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. к., доцент Қ. С. Өскембаев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Барлыбек Сырттановтың саяси-құқықтық көзқарасы»
5В020300 - «Тарих» мамандығы
Орындаған: А. Е. Ибрахимов
Ғылыми жетекші,
PhD, доцент Ш. А. Ильясов
Қарағанды 2019
Мазмұны
- Барлыбек Сыртанов өскен орта және оның жастық шағы ……… . . .
- Б. Сыртановтың қоғамдық-саяси қызметі . . .
- Барлыбек Сыртановтың саяси және құқықтық көзқарастары . . .
2. 2 Мемлекеттік басқару жүйесі туралы ойлары . . . . . .
2. 3 Б. Сыртановтың «Ынтымақ ережесі» және ел басқару мәселесі . . .
46
52
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Барлыбек Сыртановтың өмірі, қызметі, саяси-құқықтық көзқарастарын зерттеуге арналған. Зерттеу жұмысында қайраткердің қоғамдық-саяси қызметінің қалыптасуы, қазақ мемлекеттілігін құру, басқару жүйесіне қатысты ойлары қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Алаш қозғалысы қазақ халқының тарихи-саяси, рухани дамуында ерекше орын алады. ХХ ғасыр басында ұлттың саясат, мәдениет саласында жаңа сатыға көтерілгенін көрсете отырып, қазақтың өзге елдермен терезесі тең, азат ел ретінде дами алатынына халықты сендіре білген, соңынан ілестіре білген жаңашыл қозғалыс болды. Оның қарқындылығы сонда, қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау кезеңде азаттық ұранын көтеріп, мемлекеттік билік институттары қалыптаспаған қазақ даласында дербес мемлекет құру жолында қызмет еткендігімен түсіндіріледі.
Қиын кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай көшбасшы топ бұл күнге дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы кеңес билігі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы - тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты - ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі - тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек.
Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары - бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің көкесі - Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Алаш идеясы - ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт-дәстүрі,
айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек. Тағылымды істі аманат ретінде қабылдау - алаш баласының әуелгі қасиеті, дәстүрлі жоралғысы десек, Алаштың жолы, Алаш қайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары - бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал.
Алаш қозғалысы - бір жылдың немесе екі-үш жылдың жемісі емес, өзінің бастау көздерін 1917 жылдан әлдеқайда бұрын алатын ішкі эволюциялық жолы бар дайындалған, пісіп-жетілген ұлы қозғалыс еді. Оны Алаш тарихын зерттеген зиялы қауым өкілдері айтып жүр. Алаш қозғалысының басталу кезеңі жөнінде әңгіме болғанда, көбінесе, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы құзырхаты айтылады. Біздің ойымызша да, Алаш қозғалысының өріс алуы осы тұстан басталады. Оның саяси-тарихи себептері ретінде, ең алдымен, осы тарихи кезеңде ұлт мәселесін көтере алатын, оны қалың бұқараға жеткізе алатын ұлттық зиялы қауымның қалыптаса бастағандығын айтамыз. Сондай-ақ оған Ресейдегі буржуазиялық төңкерісті, патша манифесін қосып айтуға болады. Ал жалпы қазақтың басын қосу, сол үшін сиез ашу, белгілі бір ұйым құру мәселесіне келсек, онда бұл мәселеде қазақ өкілдері қатысқан 1905-1906 жылдардағы Бүкілресейлік бірінші-үшінші мұсылман сиездерін, 1906-1907 жылдары Ресейдің бірінші-екінші мемлекеттік думаларына Ә. Бөкейханның, А. Бірімжановтың, А. Қалменовтың, Б. Қаратаевтың, М. Тынышбаевтың, Б. Құлмановтың, Ш. Қосшығұлұлының т. б. қазақтардың сайланғандығын айтуға болады. Міне, осы топ және оған қосылған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары қауымдасып, ортақ мүдде төңірегіне шоғырланды. Осы арада 1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында Ә. Бөкейхан, Ж. Сейдалин, Б. Қаратаев, Б. Сыртанов, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбаевтардың қатысуымен болған бес облыс қазақтарының сиезін айтып өткен жөн. Әрине, бұл сиез, кейінірек өткен сиездер сияқты, іргелі мәселелер көтермесе де, қазақ зиялыларының топтаса алатын мүмкіндігін көрсете алған ең алғашқы басқосу болатын. Ал елдің басын қосып, халықтың мұң-мұқтажын айтуға тиісті және оны шешудің жолдарын айқындамақ сиез ашу мәселесі, әсіресе, 1913 жылдан бастап жүйелі түрде көтеріле бастағандығын байқаймыз. Тарихи деректерге сүйенсек, патша жандармериясының ақпарат хаттарында сиез өткізудің бастамашылары ретінде Жанша Сейдалин, Райымжан Марсеков, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов көрсетіледі.
Туған елдің руханият әлеміндегі табысын күллі қазақ қауымына мәшһүр еткен ұлы тұлғалар тобының ғибратты ғұмырлары - ұрпақ үшін сабақ, қымбат қазына-мұра. Осындай топтың ішіне кіретін Барлыбек Сыртанов еді. Б. Сыртанов идеологиялық тар шеңберге илікпеген талантты шығыстанушы. Оның асқақ тұлғасы, әйгілі есімі қазақ көгінде алтын әріптермен мәңгіге жазылып қала бермек. Ол - біртуар ғажайып, данышпан ғалым. Бүгінгі әрбір ұрпақ оның есімін, еңбегін қадір тұтып өссе - өмірлеріне үлкен өнеге болары сөзсіз. Б. Сыртанов қысқа ғұмырында өзінің атын мәңгілік өшпейтін үлкен еңбектер жасады, үлкен ерліктер көрсетті. Қазақ халқы ұлы азаматтарының рухы өшпейді, олар ұлы аруақтарға айналып өзінің үрім-бұтағын, шәкірттері мен әріптестерін, ел-жұртын қорғап, желеп-жебеп жүреді деп сенеді. Біздің қазақ халқының қазіргі алған тәуелсіздігі Барлыбек Сыртанов сияқты күрескер аға-аталарымыздың, бабаларымыздың рухы бізді қолдағандығы.
Тарихнамасы және дерек көздері. Кеңестік дәуірде идеологиялық қыс жағдайында отаршылдыққа қарсы бағытталған қазақ халқының азаттық күресінің мәселелері тарихнамада жаңаша тұрғыда толыққанды зерттеу мүмкін болмады. Бұл кезеңде XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында өлкемізде болған отаршылдыққа қарсы күресті зерттеуге арналған арнайы монографиялық зерттеулер, анықтамалықтар, мақалалар жарық көрді.
Республикамыздың тәуелсіздік алуы, коммунистік идеологияның қыспағынан арылу, қоғамдық санадағы жаңа құбылыстар патша үкіметінің Қазақ өлкесіндегі отарлық саясатын жаңа талап тұрғысынан зерттеуге жол ашты. Бұл бостандық желінің есуі тарих ғылымында зерттеуге «тиым салынған» тарихи оқиғаларды жаңа деректерге сүйеніп мазмұнын ашуға мүмкіндік туғызды.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының ортасында Барлыбек Сыртановтың алатын орны ерекше. Қазақстанның саяси-құқықтық ойларының даму тарихында Б. Сыртанов қазақтардың тұңғыш конституциясының авторы ретінде ойып орын алады. Б. Сыртановтың өмірі мен қызметін тұңғыш рет зерттеп қолға алғандардың бірі-академик-заңгер Сәкен Өзбекұлы [1] . Зерттеуші Б. Сыртанов туралы деректерді жинақтап, оның мұрасын жинастырып, туған ауылы Арасандағы (Алматы облысы, Ақсу ауданы) орта мектептің Барлыбек Сыртановтың атымен аталуына ықпал етті. Сәкен Өзбекұлының және өзге де жазбалардың баянына сүйенсек, Барлыбек ағамыздың бабасы Қыдыралы көзі тірісінде-ақ қайырымды Қыдыралы би” атанып, көпшілік құрметіне бөленген ықпалды адам болғаны аңғарылады [1, 5 б. ] . Бұл еңбектің құндылығы сол, отандық тарихнамада беймәлім болып келген Б. Сыртанов туралы құнды деректерді қамтыған алғашқы арнайы зерттеу болып табылады. Жалпы, Б. Сыртановтың өмірі мен қызметін зерттеуге С. Өзбекұлы салмақты үлес қосқан.
Б. Сыртановтың саяси-құқықтық көзқарасы туралы зерттеген Ш. В. Тлепинаның көрсетуінше, Б. Сыртановтың өмірі мен қызметін зерттеуді С. Өзбекұлына 1980 ж. С. Зиманов тапсырған [2, 66 б. ] . Б. Сыртановтың қызметін зерттеу Қазақ КСР Ғылым Академиясының Философия және құқық институтының мемлекет пен құқық тарихы мен теориясы бөлімінің зерттеу тақырыбы аясында басталған, оны С. Зиманов басқарды. Жалпы ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы Қазақстанның саяси ойлар тарихын бұл бөлім 1950 жылдардан бастап зерттей бастаған, алайда жұмыс уақытша тоқтатылып, 1970 жылдары қайра жалғасын тапқан. Жалпы С. Зиманов ресейлік зайырлы оқу орындарында білім алған, ағарту ісі мен азаттықтың, гуманизм идеяларымен рухтанған, өлкедегі саяси қозғалыстың жандануына мүдделі болған қазақ зиялыларының көзқарастарын жоғары бағалап, XIX ғ. аяғы-XX ғ. басындағы қоғамдық және саяси қозғалыстың қазақ көшбасшыларының саяси қызметін тыңғылықты зерттеуге мән берген. С. Зимановтың шәкірті С. Өзбекұлының кандидаттық диссертациясы Қазақстанның саяси және құқықтық ой тарихындағы Петербург университетінің рөлін (XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы) зерттеуге арналған, ал оның түлегі Б. Сыртанов болғаны белгілі. С. Өзбекұлы Қазақстан мен Өзбекстанның орталық мемлекеттік мұрағаттарында, І. Жансүгіров атындағы Талдықорғандағы музей қорында деректі материалдарды іздеп тауып, зерттеген. Б. Сыртановтың қызы Ханифа (Қанифа) Барлыбековна Қадырбаевамен (1902 ж. туылған) кездесіп, одан 1981 ж. араб графикасымен жазылған «Қазақ елінің Уставының» қолжазбасын алған. Сонымен қатар, Б. Сыртановтың фотосуреттері және басқа да құжаттарды С. Өзбекұлына қайраткердің немерелері Т. А. Сыртанов, М. А. Қадырқызы, А. А. Сыртанова табыстаған.
Б. Сыртановтың шыққан тегі, өскен ортасы туралы мәліметтер М. Тынышбаевтың жазбаларында да кезедеседі. Б. Сыртановтың әкесі ел ішінде өзінің турашылдығымен, өткірлігімен көзге түскен батыр адам болған, атасы Қыдыралы би туралы да мәліметтер береді [3, 23-32 бб. ] . Одан басқа егер деректерге сүйенсек, тұстастары көзі тірісінде-ақ Қазақ елінің тұңғыш Жарғысын (Конституциясын) жазған Барлыбек Сыртановқа өз бағаларын да, құрмет-ілтипатын да айрықша сезіммен білдіріп баққан екен. Мәселен, замандасы болған ірі қоғам қайраткері, ағартушы демократ, қазақ зиялыларының білімпаздарының бірі Бақытжан Қаратаев оған жазған бір хатында: “Меніңше жалғыз сен ғана халықтың сеніміне ие болдың. Жалғыз сенің ғана “халық үшін еңбек еттім” деп айтуға қақың бар” [4, 43-53 бб. ] деп жоғары бағалағанын аңғарамыз деген екен.
С. Созақбаевтың «Барлыбек Сырттанов» атты мақаласында қайраткердің өмірі мен қызметі, тұлға ретінде қалыптасу кезеңдеріне тоқталып өтеді [5, 215-223 бб. ]
«Алаш мұраты - отандық білім мен ғылым негіздеуші күш» атты еңбегінде Дихан Қамзабекұлы Барлыбек Сыртановты ұлт лидерлері қатарына қосып, «Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Барлыбек Сырттан, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі, бүгінгі тілмен айтсақ, мемлекет басқаруға қабілетті Президенттей еді» деп бағалайды [6, 56-63 бб. ] .
Ербол Тілешов «Алаштың» жолы атты мақаласында Барлыбек Сыртановтың есімі 1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында Ә. Бөкейхан, Ж. Сейдалин, Б. Қаратаев, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбаевтардың қатысуымен болған бес облыс қазақтарының сиезінде айтылуы туралы айтып өту қажеттігін айтады. Тарихи деректерге сүйенсек, патша жандармериясының ақпарат хаттарында сиез өткізудің бастамашылары ретінде Жанша Сейдалин, Райымжан Марсеков, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов көрсетіледі. Осындай бірнеше құжатта сиезді ұйымдастырушы ретінде Жанша Сейдалиннің есімі жиі кездеседі. 1913 жылы «Айқап» журналында сиез шақыру жөнінде Ж. Сейдалин «Азып-тозып кетпеске не амал бар?» атты үндеу іспетті хатын жариялайды. Бұл хатта сиез шақыру мәселесінде Б. Қаратаевтан, Б. Құлмановтан, Ә. Бөкейханнан, А. Байтұрсынұлынан, Р. Марсековтен, М. Тынышбаевтан, С. Лапиннен, Х. Досмұхамедұлынан, Ә. Алдияровтан, М. Сералиннен, Жанайдаровтан, М. Дулатовтан, Б. Есмахановтан, З. Сейдалиннен, Б. Сыртановтан, Ж. Ақпаевтан хат күтетінін жазады [7, 3-6 бб. ] .
Дипломдық жұмыс жазу барысында тақарып бойынша тиісті деректерге сүйендік, олар "Қазақ" газетіндегі Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Б. Қаратаевтың Б. Сыртанов туралы жазған мақалалары және Б. Сыртановтың жазған қазақ елінің уставы (Конституциясы) "Ынтымық ережесі"сонымен қатар С. Өзбекұлының зерттеулеріндегі мұрағат деректерін қосымша пайдаландық. Сонымен қатар, Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлардың қалыптасу тарихына арналған арнайы зерттеулерді де қолдандық [8-9] .
Мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты қазақ халқының бір туар азаматы Б. Сыртановтың өмірі мен саяси-құқықтық көзқарастарының қалыптасу кезеңдерін, қызметін зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста бірнеше міндеттер қойылды:
- Б. Сыртановтың өмірі мен қызмет жолын, заңгер болып қалыптасуына ықпал жасаған жағдайларға талдау жасау;
- Барлыбек Сыртановтың белгілі тарихи оқиғаларға баға берген көзқарастарын талдап, сараптама жасау;
- Б. Сыртановтың басты еңбегі «Қазақ елінің Уставына» тоқталу;
- Б. Сыртановтың қазақтың ежелгі әдет-ғұрыптық заңдарын зерттеудегі ұстанымдарын анықтау;
- Б. Сыртановтың өз көзқарастары үшін патша өкіметі тарапынан қуғынға ұшырағанын көрсету.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Хронологиялық шеңбері. Жұмыстың хронологиясы ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басын қамтиды.
1 Барлыбек Сыртановтың қоғам қайраткері ретінде саяси көзқарасының қалыптасуы мен дамуы
1. 1 Барлыбек Сыртанов өскен орта және оның жастық шағы
Барлыбек Сыртановтың ғұмыры мен әр саладағы атқарған қызметі қазақ тарихындағы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталып, XX ғасырдың басқы кезеңіне тұспа-тұс келген еді. Тарихтың шындығына жүгінетін болсақ, қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік өмірінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ірі тарихи өзгерістер бола бастады. Атап айтсақ, XIX ғасырдың 60 -шы жылдарында Қазақстанның Ресей құрамына қосылу процесі неше түрлі қарама-қайшылықтарына қарамастан заң жүзінде бекітілумен аяқталды. Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуы патша өкіметінің субьективтік мақсаттары мен мүддесіне және жүргізген отарлық саясатына қарамастан қазақ халқының тағдырына прогрессивтік ықпалын тигізді: Қазақстан демократиялық және революциялық Ресейдің экономикалық, саяси-құқықтық және бай мәдени өміріне тартылып, қоғамдық профессивтік ой-пікірінен сусындауға қолы жете бастайды.
Қазақстанның экономикалық дамуына Ресейде 1861 жылы крепостниктік құқықгың жойылуы тікелей әсерін тигізді. Бұл үлкен мәні бар процестен кейінгі уақытта Ресейде капиталистік қатынастардың дамуына серпіліс берілді, рынокты ұлғайтуға толығынан мүмкіндіктер туды.
Ресей капитализмінің кеңістік шеңберінде өсуі Қазақстанда тауар айналымының күшеюіне тікелей жағдайлар туғызып, қазақ қоғамының өзінде капиталистік қатынастардың дамуына ықпалын тигізді. Әрине, бұл процестің прогрессивтік ықпалы болды. Жалпы алып қарағанда Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясаты негізінен үш бағытпен жүзеге асырылды:
1. Қазақ жерінің шекараларына әскери-стратегиялық маңызы бар бекіністер салу және оларға Орталық Ресей мен Сібір аймағын мекен еткен қазақтарды шоғырландыру.
2. Саяси-құқықтық реформа жасау арқылы қазақ халқын өзін-өзі басқару, билік жүргізу процесінен айырып, патша өкіметінің отарлық саясатын тиімді түрде іс жүзіне асыратын басқаруды енгізуі.
3. Экономикалық саясатпен, яғни салық салу жүйесі арқылы жергілікті халықты қанау.
Қазақ топырағына Ресей капиталының енуі негізінде сауда және өсімқорлық капиталдың кең өріс жаюы арқылы іс жүзіне асырылды. Орыс көпестері мен капиталистері қазақтардан малдың терісін, жүнін және басқа өнеркәсіп шикізаттарын өте төмен бағамен сатып алып, ал қазақ қоғамына Орталық Ресейдің өнеркәсіп орындарының өте төмен сападағы тауарларын жоғары бағамен өткізіп, пайдаға кенеліп жатты [10, 12-21 бб. ] .
Патша өкіметі саналы түрде Қазақстанды экономикалық, мәдени жағынан төменгі сатыда ұстап бағуға барлық саясатын іс жүзіне асырып отырды, сондықтан жергілікті өнеркәсіптін дамуына ешқандай жағдайлар жасамады. Ал, қайсыбір жеке адамдар тарапынан өлкеде өнеркәсіптік орындарды ашу хақында өтініш болғанда жергілікті патша өкіметінің органдары мен басшылары үзілді-кесілді қарсылық білдіріп отырды. Мысалы, Түркістан генерал-губернаторының атына осы аймақта тоқыма фабрикасын салуға рұқсат беруді өтінгенде қағаздың бұрышына мынадай бұрыштама қойған: "Түркістанда тоқыма фабрикасын салуға рұқсат берілмесін, неге десек, ол Ресейдің Иваново-Вознесенска, Москва және т. б. фабрикаларымен қажетсіз бәсекелес болады [10, 43-47 бб. ] . "
Бұл өлкеде негізінде техникалық жағынан әлсіз және тек қана ауылшаруашылық өнімдері мен пайдалы қазбаларды өңдейтін, жыл мезгілімен ғана жұмыс істейтін шағын жұмысшылары бар орындар құрылды. Мысалы, Қазан төңкерісіне дейін бүкіл Қазақстанда орыс империясының 0, 7 процентін құрайтын мекемелер болып, онда небары 0, 2 процент жұмысшылар болған және олар өнеркәсіп өнімдерінің небары 0, 3 процентін ғана шығарды [11, 18-23 бб. ] .
Саны жағынан өте аз болған жұмысшылардың тұрмыстық жағдайлары өте ауыр жағдайда болды. Олар қатал және адам шыдағысыз отарлық-шовинистік езгіге ұшыраған еді. Кейбір зерттеулердің қорытындысына жүгінсек, жоғарыда көрсетілген орындарда жұмыс уақыты 17-18 сағатқа дейін жетіп отырды [11, 21-34 бб. ] . Жұмысшыларды қанау барысында қазақтардың еңбегі ұлттық кемсітушілікке ұшыраудың нәтижесінде өте төмен ақымен бағаланды. Қазақ қоғамын зерттеуде құнды еңбектер жазып қалдырған орыс зерттеушілері былай деп жазды: "Бір жұмысты орындағандары үшін орыстар қазақтарға қарағанда екі, үш есе артық ақы алады" [12, 6-15 бб. ] . Ал, Барлыбек Сыртановтың қоныс тепкен елінде - Жетісуда жергілікті тұрғындардың еңбегі орыстарға қарағанда 7 есе кем бағаланғанын тілге тиек етіп, айта кеткен жөн.
Патша өкіметі көшпелі қазақ халқының тұрмыстық жағдайларын салық салу арқылы одан бетер ауырлата түсті. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ ауылының әрбір түтіні жеке меншігіндегі қойдың әрбір басына 50 тиын көлемінде салық төлеп отырған [11, 12-24 бб. ] . Ал, ол кезде бір жасқа толған ісек немесе тұсақ қойдың құны 1, 5 - 2 орыс рублімен бағаланған болса, қазақтың аянышты хал-ахуалын айтпай-ақ түсінуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz