Әлеуметтік медициналық сақтандыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Сейтбек Мырзабек Нұрланбекұлы
Медициналық мекемелерде әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуде мемлекеттік саясат мониторингінің рөлі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы
Түркістан 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Қорғауға жіберілді»
«Мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламасы» жетекшісі
магистр-оқытушы
Д. Н. Ергалиев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Медициналық мекемелерде әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуде мемлекеттік саясат мониторингінің рөлі
5В051000-мамандығы - «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
Орындаған Сейтбек М.
Ғылыми жетекшісі,
э. ғ. к., доцент Ерманкулова Р. И.
Түркістан 2019
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕНУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Әлеуметтік кызмет көрсету- бұл әлеуметтік қолдану, әлеуметтік- тұрмыстык, әлеуметтік- медициналық, психоло- педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық кез-келген материалдык көмек көрсету болып табылады. Аталған көмек пен жәрдемақылар өмірдің киын кезеңдеріндегі адамдар мен отбасыларына көрсетіледі. Әлеуметтік кызмет көрсетудің негізгі мазмұны:материалдық көмек; стационарлыкжағдайда әлеуметтік қызмет көрсету; әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде бір тәулік ұйымдасытыру; консультациялык көмек; азаматтардың, отбасылардыи әлеуметтік патронажы. Қазақстан Республикасының заңнамалары жеке әлеуметтік топтарға кызмет көрсетуді толықтырып, оның мазмұныны кеңітті. Заңнамалық негізде әлеуметтік қызмет көрсету өрісіндегі қарт адамдардың, мүгедектердің қатынастарың реттеуге бағытталған. Бұл халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып саналады.
Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу концепциясы «Мемлекеттік құрылыстың нақты 100 қадамы» институционалдық реформалар жоспарына, Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ келешек» Қазақстан халқына Жолдауына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылға 24 сәуірдегі № 396 қаулсымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін Әлеуметік дамуы концепциясына сәйкес әзірленді. Осы концепция Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің көрінісін, негізгі қағидаттарын, бағыттарын және кезеңдерін айқындайды[1] . Оның негізінде «Ұлт жоспары -бес институтциональдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудыңу қажеттілігі айқын аталған болатын [2] .
Әлеуметтік кызмет көрсету бір қатар принциптерге негізделеді: атаулы, қол жеткізу деңгейіндегі, еріктілік, кайырымдылық, өмірдің қиын жағдайларындағы қарт адамдарға, мүгедектерге басымдылык жағдайда, бірінші кезекте көмек көрсету, конфеденциалдык принципі, алдын-ала көмек көрсету, адамнын және азаматтың құқықтарын сақтау, әлеуметтік кызмет көрсетудің барлық түрлерін беру, олардың жалғасып жатуы. «Әлеуметтік қызмет көрсету термин сиякты мінсіз жоғары дәрежеде калыптаскан деп санайды. Бұл объект көптеген жүйелерге кіретін элементтерден тұрады. Формальды тұрғыдан қарағанда әлеуметтік кызмет көрсету- бұл клиенттерге әлеуметтік кызмет түрлерін беретін әлеуметтік жұмыстың түрі.
Сондықтан да әдістемелік түрғысынан қарағанда «Әлеуметтік кызмет» ұғымының мәнін түсіну, танып білудің практикалық маңызы арта түседі. Отандык әдебиетте «әлеуметтік қызмет» әдетте әлеуметтік жұмыстың ұйымдастыру түрі ретінде құрастырылған.
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері -медициналық мекемелерде әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуде мемлекеттік саясат мониторингінің рөлін зерттеу болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:
- әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуде мемлекеттік саясаттың теориялық негіздерін жүйелеу;
- әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетудегі мемлекеттік саясаттың орнын және халыққа әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетудегі мемлекеттік саясатты қалыптастырудың шетел тәжірибелерін зерделеу;
- Қазақстанда тұрғындарға әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетудің бүгінгі таңдағы жағдайына талдау жасау;
- Қазақстанда әлеуметтік және медициналық қызметті жетілдіру бағыттарыбойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу пәні болып медициналық мекемелерде әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуде мемлекеттік саясат мониторингінің рөлін қалыптастыру мәселелері болып табылады.
Зерттеудің нысаны жалпы медициналық мекемелерде әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуде мемлекеттік саясат болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері болып отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі іргелі және қолданбалы тұжырымдамалары, салалық әдістемелік материалдар, заңдық-нормативтік актілер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы және Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы және ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «100 қадам» Ұлт жоспарын әлемдік бағдарламасы, ҚР «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы және басқа материалдар қолданылды.
Практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыста жасалған қорытындар мен ұсыныстар медициналық мекемелерде әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуде мемлекеттік саясатмониторингінің рөлінжетілдіруге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы : кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қатар дипломдық жұмыста 7 кесте, 6 сурет орын алған.
1 ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Халыққа әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетудің маңызы, мәні
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі. Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін таңдаған: әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі; экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны; азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т. б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.
Әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі - жұмыс берушілердің және мемлекеттің қолдауымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандырылған қорлардан қаржыландыру, яғни әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналарынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:
- мемлекеттік көмек берудің дәстүрлі нысаны (әлеуметтік көмек) ;
- әлеуметтік жеңілдіктерді қоса халықтың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жиынтығы;
Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар, олар:
міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады.
Екі түрі бар, олар: міндетті жалпы сақтандыру және міндетті кәсіптік сақтандыру. Міндетті жалпы сақтандыру еңбек шартымен немесе келісімшартпен жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қолданылады. Міндеті кәсіптік сақтандыру жарақаттану қауіпі жоғары, ерекше қауіпті және еңбек етуге жағдай қолайсыз жұмыстарда істейтін тұлғаларға қолданылады. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады. Адам және бүкіл қоғам үшін барынша мәнді қажеттіліктерді қанағаттандырудың мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізі болып табылады[1] .
Әлеуметтік сақтандыру деп әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №886 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасында Халықты әлеуметтік қорғаудың тұжырымдамасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың мүмкін болатын әлеуметтік қатер туған жағдайда халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудағы бағыттарын айқындап берді. Рыноктық экономика жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі әлеуметтік сақтандыру болып табылады [2] .
Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне 2004 жылдың 27 ақпанында мамандандырылған институт - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы себеп болды.
Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объекті жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген.
Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе - әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.
Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілеттігін уақытша немесе үнемі жоғалтқан азаматтар үшін сақтық әдісін қолданумен қорды қалыптастыруға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды білдіреді. Бұл ретте жұмыс істеген немесе уақытша ауру себепті жұмыс істемейтін азаматтардың контингенттерін ойға алу; сөйтіп, әлеуметтік сақтандырудың маңызды ерекшелігі сол, оның бүгінгі немесе бұрынғы жұмыскерлердің еңбек қызметімен тікелей байланысты болып табылатындығы.
Әлеуметтік қамсыздандыру еңбек ету қабілеттігін немесе оған иелік етуден айырылған азаматтарды қолдау үшін, яғни барлық азаматтар үшін еңбек қызметіне олардың қатысуына қарамастан қорлар қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қатынастарды білдіреді, бұл үшін айтылған қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі пайдаланылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері бірінің - жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен - еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:
- ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;
- әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.
Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
- зейнетақымен қамсыздандыруга мемлекеттік монополия;
- әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
- жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.
90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауына да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілер мүдделігінің болмауы да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөрістің ең төменгі деңгейіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индекстеп отыру қажеттігін тудырады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттьің іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады:
- зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
- зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін күнкөрістің ең төменгі денгейін сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
- зейнетақы жинақақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
- зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
- еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі; · 6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
- қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
- зейнетақы жинақақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру - зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылады.
Қорланымдардың ынтымақтастық негізіндегі жүйесінен дербес қорланымдар жүйесіне өтпелі кезең зейнеткерлердің еңбек сіңірген зейнетақыларын алу құқықтарын сақтау қажеттігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жасы келген азаматтардың көбінің мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан зейнеткерлер болғандарға мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақылары мөлшерінің сақталуын мемлекет кепілдендіреді. Зейнетақы реформасы басталғаннан кейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың мемлекеттік зейнетақылырының мөлшері олардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде мүмкін болған қатысуының жылдар санына үйлесімді түрде қысқартылады.
- Әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетудегі мемлекеттік саясаттың орны
Әлеуметтік кызмет көрсету- бұл әлеуметтік қолдану, әлеуметтік- тұрмыстык, әлеуметтік- медициналық, психоло- педагогикалық, әлеуметтік-құқықтык кез-келген материалдык көмек көрсету болып табылады. Аталған көмек пен жәрдемақылар өмірдің киын кезеңдеріндегі адамдар мен отбасыларына көрсетіледі.
Әлеуметтік кызмет көрсетудің негізгі мазмұны:
- материалдық көмек
- стационарлык жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету
- әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде бір тәулік ұйымдасытыру
- консультациялык көмек
- азаматтардың, отбасылардыи әлеуметтік патронажы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары жеке әлеуметтік топтарға кызмет көрсетуді толықтырып, оның мазмұныны кеңітті. . Заңнамалық негізде әлеуметтік қызмет көрсету өрісіндегі қарт адамдардың, мүгедектердіц катынастардың реттеуге бағытталған. Бұл халыкты әлеуметтік қорғаудыц бір түрі болып саналады.
Әлеуметтік кызмет көрсету біркатар принциптерге негізделеді.
1) атаулы
1. 2) қол жеткізу деңгейіндегі
1. 3) еріктілік, кайырымдылық
2) Өмірдің киын жағдайларындағы қарт адамдарға, мүгедектерге басымдылык жағдайда бірінші кезекте көмек көрсету
3) конфеденциалдык принципі
4) алдын-ала көмек көрсету
5) адамнын және азаматтың құқықтарын сақтау.
6) әлеуметтік кызмет көрсетудің барлық түрлерін беру, олардың жалғасып жатуы. «Әлеуметтік қызмет көрсету термин сиякты мінсіз жоғары дәрежеде калыптаскан деп санайды. Бұл объект көптеген жүйелерге кіретін элементтерден тұрады. Формальды тұрғыдан қарағанда әлеуметтік кызмет көрсету- бұл клиенттерге әлеуметтік кызмет түрлерін берегін әлеуметтік жұмыстың түрі .
Сондықтан да әдістемелік түрғысынан қарағанда «Әлеуметтік кызмет» үғымының мәнін түсіну, танып білудің практикалық маңызы арта түседі. Отандык әдебиетге «әлеуметтік қызмет» әдетте әлеуметтік жұмыстың ұйымдастыру түрі ретінде құрастырылған. Кейбір авторлар әлеуметтік қорғау қызметінің ішінде көптеген жүйелердің, элементердің барлығын айырыкша атап көрсетеді. Олар әртүрлі функционалдық жүктемелерді көтереді, өзара күрделі іс-әрекетте болады. Әдебиеттер келесідей қызмет түрлерін ажыратады:
- Отбасындагы әлеуметтік қызмет көрсету
- Әлеуметтік- медициналық қызмет көрсету
- Психологиялык көмек көрсету қызметі
- Әлеуметтік қамтамасыз ету кызметі
- Құкыктық комек көрсету кызметі
- Экологиялык қызметтер
- Жұмыспен камту кызметі
- Балалардың әлеуметтік кызметтері
Екінші жагынан аймақтық әлеуметтік кызметтер-ведомствааралык, муниципалдық әлеуметтік қызметті ұйымдастыру проблемасы, аймақтық сондай-ақ ведоствааралык позиция тұрғысынан қарастыру қажет. Бірақ әртүрлі министрліктер мен ведомствалардың әлеуметтік торабының ажыратылмайтын компоненті болып табылады. Әлеуметтік қызметкерлік мекемелері екі жақты әкімшілік бағыныштылықта болып келуі және қаржыландырудың көптеген көздерін иеленуі жекелеген ведомствалардың қарамағында жұмыс атқаратындағы атап керсетеді. Мысалы: ведомствалардың құрамында ішкі істер органдарында әлеуметтік кызмет көрсетудің мәні келесідей проблемаларды ажыратып көрсету арқылы аныкталады.
- Әлеуметтік кызмет көрсету түрлері мен тәсілдері
- Халыкка әлеуметтік көмек көрсету кызметінің және мекемелерінің құрылымдары
- Аймақтық және ведомствалык әлеуметтік кызметтін компоненттері мен элементтері
- Мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық, діни жеке мекемелер
- Әлеуметтік кызмет көрсетуді ресурстармен қамтамасыз ету: мүліктік, қаржылық, кадрлық, ғылыми- әдістемелік, ақпараттық. Әлеуметтік кызмет көрсетудің жоғарыда аталған компоненттері мен элементтерінің құрылымы бұл жүйенің тұрақтылығын сапалық жағынан анықталғанын сипаттайды.
Шын мәнінде әлеуметтік қызмет көрсетудің мәні осы өрісте жұмыс істейтін мекемелердің әлеуметтік жұмыстарының әртүрлі субъектілерін талдау арқылы айқындалады.
Әлеуметтік кызмет көрсету проблемаларын зерттеушілср осы жүйе функциясының екі тобын ажыратады.
- мәндік қызметтегі функциялар: алдын-ала көмек көрсету, әлеуметтік - реабилитациялық қызмет, әлеуметтік қорғауга бейімделу, әлеуметтік патронаж.
- рухани - қайырымдылық функциялар: жеке адамдарға қайырымдылык, әлеуметтік кызмет көрсету
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz